UF

ҚАРАҚАТ ЖИДЕКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Қарақаттың жидегінде, буршігінде, жапырағында, гүлінде С, В1, Р витаминдері және А витамині (каротин) көп болады. Сонымен қатар жидегінде қант, лимон, алма қышқылдары, илік заты және бояу бар, бүршігінде және жапырағында эфир майы болады.

Қара, қызыл қарақатта витаминдердің барлық түрі болады, демек витамин заводы деп атауға да болады. Сонымен қатар қарақатта қант, лимон, алма қышқылдары, пектин, илік, бояу заттары бар. Қарақатты жас күйінде, кептірген, үсіткен, консервілеген күйінде тамаққа пайдаланады.

Қарақаттан тосап, пастила, конфет, мармелад, кисель, шарап, ликер, салқын сусындар дайындалады, шырыны алынады. Бүршігі мен жапырағы әртүрлі кондитер және витамин өндірістерінде кеңінен қолданылады. Қара қарақаттың медицина үшін маңызы зор. Жас жапырағын қайнатып, ыссы күйінде организмі әлсіреген, шаршаған, салқын тиіп ауырған, бүйрегіне тас тұрған, қуығы, буындары ауырған адамдарға, сонымен қатар ревматизм мен құяңды емдеу үшін ішкізеді. Құлағынан бұлақ аққан балаларға да қара қарақаттың жас жапырағын қайнатып, ыссылай ішкізу керек.

Халықтық медицина қара қарақаттың жапырағы мен жидегін цинга ауруын емдеуге қолданады. Қара қарақат жидегінен алынған шырын және сироп тамақ ауруын, көк жөтелді емдеуге асқазандағы және ішектегі жараларды жазуға қолданылады.

Қызыл қарақат жидегін жас күйінде, кептірген, консервіленген күйінде пайдаланады. Қызыл карақатты медицинада да қолданады. Жидегінен алынған шырынды және морсты тамақ іше алмайтын (тамақ сіңіре алмайтын) адамдарға ішкізеді, температураны түсіреді, асқазанның, ішектің жұмыс істеуін жақсартады. Қызыл қарақат гүлінде нәр көп болады. Қарақат өскен 1 га жерде тұрған бал арасының бір семьясы 60 кг таза бал бсреді.

Қарақаттың шырынын алу. Жаңа жиналған жидектерді тазалайды. Ептеп салқын сумен жуып, шөлмекке салады. Оған араластырып құмшекер салып отырады (1 кг жидекке 1,5-2,0 кг құмшекер қажет). Шөлмекті шайқан араластырады, толған кезде үстіне тағы да құмшекер салып, таза мақтаны дәкеге орап, аузын тығындайды да, сыртын жарық түспейтін етіп қара матамен орап, салқын жерге қояды. Қараңғы жерде тұрса витамині жақсы сақталады. Бір қатар витаминдер жарықта жойылып кетеді. Егер шырын аши бастаса, үстіне тағы қант салу керек. Осы әдіспен дайындалған қарақат шырынында барлық витаминдер мен басқа заттар өз қалпында бұзылмай сақталады. Шырынды керек уақытында ішіп, жидегін кисель, компот жасауға пайдалануға болады.

Қара қарақат жидегін табиғи күйінде сақтау. Жидектерді тазалап, жеміс сағағын, піспеген және зақымданғандарын алып тастайды. Салқын суға жуады. Сонан соң үстіне ыстық су құйып 2-3 мин қойып, металл тор үстіне төгіп суын сорықтырады. Жидектерді әзірлеп қойған банкаларға нығыздап салады. Оның үстіне қанттан жасалған ыссы сиропты кұяды (сироп жасау үшін 1 л суға 250-350 г қант салады). Банка аузын бастырып, 0,5 л банканы 8 мин, литрлікті 10 мин стерилизациялайды. Стерилизадияланып болғаннан кейін банканың аузын тез жауып, салқын жерге сақтайды. Бұл әдіспен сақталған қара қарақат жидегін компот, тәтті тұздық, джем жасауға, пирогтарды толтыруға пайдаланады.

Осы әдіспен қарақаттың басқа түрлерінің де жидектерін сақтауға болады.

Қарақатты қантта сақтау. Тазаланған, жуылған жидекке екі есе құмшекер қосып, шыны ыдыста салып құрғақ, салқын жерге қояды. Қерек уақытында шетінен алып пайдаланады. Сонымен қатар қарақаттан кисель, компот, мармелад, пастила, цукат, квас, сусын, шарап жасалады. Міне, сондықтан қарақат адам организмі үшін өте қажет бағалы тағамның бірі.

  Жарияланған-2016-04-11 18:22:15     Қаралды-5904

Мәлімет сізге көмек берді ма

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИЛИТА

...

Бұл тағамды жасау үшін қатты етіліп қамыр иленеді де, 20 тең бөлікке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗ ШАҒЫЛЫСТЫРҒАН ОТТЫҢ ӘМІРШІСІ

...

Пісіргіштің қалай жұмыс істейтінін көрген адам, сірә да, жанарғы мен ауыр баллон арасын жалғап жатқан құлаштай- құлаштай екі резеңке түтікті байқаған болар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕРЕН САУЫТ

...

Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІШІ ҚАБЫРШӨП

...

Кіші қабыршөп – үнемі көгеріп тұратын, биіктігі 60 сантиметрге жететін, аласа, бұталы өсімдік. Сабағы жайыла өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »