UF

МИЯМПҰР

Категориясы: Тағам


Інжірден жасалып, арасына грек жаңғағы салынған тағамды шығыста осылай атайды.

Ішіне салатын грек жаңғағының ортасынан қақ жарылып, бөлінгені ғана емес, одан да кішкентай бөліктерінің пайдаланылуы мүмкін.

Інжірді дайындау үшін ол салқын сумен жуылып, табақшаға жабысып қалмас үшін алдымен қағаз төселіп сэлынады. Інжір салынған қаңылтыр табақшалар пешке қойылады. Ол 140-150 градуста 8-10 минут бойы кептіріледі. Жемісті беті құрғағанша, ал өзі жеміс ішінде болатын ылғал буының әсерінен бөккенше кептіреді. Бөккен жемістің көлемі, бірсыпыра үлкейіп, түрі домалана түседі.

Пештен алынған інжір қаңылтырдан түсіріліп, 30-40 минут бойы салқындатылады. Содан соң оны одан әрі бөле беруге болады.

Інжірмен бір мезгілде грек жаңғағы да дайындалады. Оның қабығы аршылып, ішінде бүлінгендері кетіп қалмас үшін жақсылап іріктеледі.

Кептіріліп салқындатылган інжірдің әр жемісі пышақпен бір жерінен тілінеді. Тілгенде одан тек грек жаңғағының жартысы ғана өтетіндей етіледі. Жемістің ішіне грек жаңғағы барынша толтырылып салынады. Бірақ бұл кезде оның сырты бүлінбей, бүтін күйін сақтауы керек. Соған орай жемістің тілінген жерін білдірмей бітеп қоюға тырысу керек. Осылайша бөлу жұмысы аяқталады да тағам дайын деп есептелінеді.

Дайын тағам қағаз төселген ағаш жәшіктерге салынады. Жәшіктің мөлшеріне қарай жемістің таза салмағы 3-5 килограмм болады.

Миямпұр қаңылтыр ыдысқа, тек ерекше жағдайда, онда да құрғақ бөлмеде сақталатын болса ғана салынады.

Бір килограмм миямпұр жасау үшін 540,7 грамм інжір, 470,4 грамм грек жаңғағы жұмсалады.

Миямпұр домалақ немесе сопақ болады. Ылғалдылығы – 15-17 процент. Дайын тағамның 55-60 проценті інжір, 40-45 проценті грек жаңғағы болу керек. Бір килограмында 32-36 данасы болады.

Дайын тағам сақталатын бөлменің температурасы 14 градустан 18 градусқа дейін ғана ауытқуы мүмкін. Ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент аралығында болуы керек.

Осы шарттар сақталғанда дайын миямпұрды 15-20 күн сақтауға болады.

Миямпұрды дымқыл орында сақтаса, көгеріп кетеді, тым ұзақ сақтаса, жаңғақтағы май ашып кетеді.

  Жарияланған-2016-03-10 13:50:30     Қаралды-1736

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТЕМПЕРА ДЕГЕН НЕ?

...

Бұл сөз бояудың атын да, сол бояумен салынған шығарманы да бірдей білдіреді. Темпера дайындалу әдісіне байланысты үш түрге бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

...

Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА

...

Май қантқа қосылып, хош иіс беретін заттармен бірге кастрюльге салынады, ағаш қалақшамен күңгірт тартқанша араластырылып, бірте-бірте бір жұмыртқадан қосып отырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ КІТАП НЕГЕ КЕРЕК?

...

Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы - Қызыл кітабы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕТПАҚДАЛА

...

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, со

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

...

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »