ЖҮЗІМ МЕН ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА
Категориясы: Тағам
Алма жуылады. Ортасындағы өзегі ойылып алынып, бірнеше жерінен тілінеді. Іріктелген сүйексіз жүзім жуылып, жармаланған жаңғаққа қосылады да ет тартатын машинадан өткізіліп, сарымайға араластырылады. Осы масса алманың әлгі қуысына толтырылады. Сөйтіп духовкаға қойып пісіріледі де дастарқанға әкелер алдында үстіне қант ұлпасы себіледі.
Бұл тағамды жасауға 700 грамм алма, 100 грамм жүзім, 100 грамм грек жаңғағы, 90 грамм құм шекер, 50 грамм сарымай, 40 грамм қант ұлпасы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-05 15:53:55 Қаралды-2190
РЕГБИ СПОРТ ОЙЫНЫ
Регби спорты - футбол ойынымен бір күнде бір жылда дүнеге келген спорт.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ
Бұл - әбден қайнатылған бал-шекер шырынымен араластырылған күнбағыс дәнінен әзірленген, төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам.
КЕМПІРҚОСАҚТЫҢ ЖЕТІ ТҮС
Аспан төрін айқара керіп кемпірқосақ орнапты. Оның түсі қандай? Дәлірек айтсақ, онда қанша түс бар? Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, онда да сонша түс бар.
КӨГІЛДІР ТҮСТІ РАУШАНДЫ КӨРДІҢІЗ БЕ?
Жақында баспа бетінде гулдерге қатысы бар жағымды жаңалық жарияланды. Жапонияның «Сантори» деген корпорациясы аспан түстес көгілдір раушан гүлін өсіріп шығарғандығы туралы жазылды.
ТАМИМ ИБН БАХР
IX ғасырдың басында Араб халифатының өкілі Тамим ибн Бахр Кимек (Қимақ) қағандығына саяхат жасайды. Түркі тілдес кимектер Шығыс және Орталық Қазақстан жерін, Ертістің орта алабын мекендеген. Тамим ибн Бахр Ұлы Жібек жолында орналасқан белгілі Тараз қаласы