UF

ҚОС АЛУА

Категориясы: Тағам


Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.

Шырынды ашық отқа қойып қайнатқанда ондағы шикізат мөлшері рецептен аспауы керек.

Грек жаңғағы қос алуа үшін ерекше шикізат болып табылады. Сондықтан ол ешқандай жаңғақтармен алмастыруға келмейді.

Шырын қайнату үшін сыйымдылығы шағын мыс қазанға қант салынып, аздап су құйылады. Ол қайнағанша қыздырылады да, сірне қосылып, карамель массасындай болғанша немесе шырынның ылғалдылығы 2 процентке жеткенше 33-40 минут бойы қайнатылады.

Шырынды ашық отқа қойып қайнатқанда оның ақырғы температурасы 135-145 градусқа дейін жетеді. Дайын шырын оттан алынып, оның үштен бірі құйылып алынады да 80-90 градусқа дейін салқындатылады.

Белокты шырын бір мезгілде әрі қайнатып, әрі шайқайтын машинамен, егер ол жоқ болса, қолмен шағын ыдысқа салынып, қалақпен көбік түзілгенше шайқалады.

Қос алуа массасы былай әзірленеді. Көпіршітілген белокқа салқындатылған шырынның үштен бірі жіңішкелеп құйылады. Бұл кезде белок шайқау тоқтатылмайды. Оны солай шайқай отырып, шырынның қалғаны құйылады да 8-10 минут бойы тағы да шайқалады.

Шайқап болғаннан кейін массаға грек жаңғағының тұтас дәндері қосылады да бәрі мұқият араластырылып, дайын масса алдын ала маймен майланып қойылған қаңылтыр қораптарға әрқайсысының салмағы 5-6 килограмм болатындай етіліп құйылады.

Дайын тағамның беті грек жаңғағының сынбаған жарты дәндерімен әсемделеді. Одан әрі салқындатылғаннан кейін тағам қатайып, сынатын дәрежеге дейін жетеді.

Қорапқа салынған қос алуа әбден салқындап қатайып болған соң қораптардың қақпақтары жабылып, ішіне ауа кірмейтіндей етіліп қағазбен желімдеп тасталады.

Бір килограмм қос алуа жасауға 537,8 грамм қант, 322,3 сірне, 59,2 белок, 215,1 грек жаңғағы, 5,8 сарымай, 0,27 ванилин жұмсалады.

Бұл тағамның қоюлығы біркелкі, арасына грек жаңғағының дәндері салынған, түсі ақ, ылғалдылығы 4-5 процент болу керек.

Қос алуа температурасы 16-20 градус, ауасының салыстырмалы     ылғалдылығы 60-75 процент бөлмеде сақталуы тиіс. Мұндай жағдайда әбден бабына келген қос алуа 10-15 тәулік жақсы сақталады. Температурасы төмен, ылғал жерде сақтағанда ол дымқыл тартып, жабысқақ болады, сөйтіп сапасына едәуір нұқсан келеді.

  Жарияланған-2016-02-29 13:52:08     Қаралды-1853

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАДМИНТОН ТАРИХЫНАН

...

Бадминтон - спорт ойынының отаны Индия елі бола тұрып, оның дүние жүзіне мәлім болуы, ағылшын герцогі Бофорттың есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ ОЙЛАСЫ

...

Бұл - қайнатылған жеміс массасы мен жаңғақтан дайындалып, бадаммен және грек жаңғағымен әсемделген тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚШЫ ТҰЙҒЫН

...

Балықшы тұйғын - қарағайлы орманның қарақшысы атанған батыл әрі жыртқыш құс. Ұясын биік кәрі ағаштың бұтақтарының діңге жақын жеріне салады. Сондықтан оны табу өте қиын. Ұясының ішіне жіңішке бұтақтарды төсейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨНДІРІСТЕ ҚАҒАЗДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Бүгінгі күнде қағаз да барлық істе адамдарға машиналар көмектесетін алып комбинатта даярланады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?

...

Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПОРТРЕТ

...

Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда, тек оның бет-әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »