СЕЛ
Категориясы: Соғыс
Сел - тау өзендерінің арнасында кенеттен пайда болатын, су деңгейі күрт көтерілген және құрамында қатты материалдар (тау жыныстарының қираған өнімдері) көп уақытша тасқын. Сел ұзақ жауған күшті нөсер жауын, мұздың күрт еруі нәтижесінде, өзен арнасына тау жыныстарының күтпеген жерден лап құлауы салдарынан пайда болады. Сел тасқындары, әдетте бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады. Жылжып келе жатқан массаның көлемі жүздеген мың, ал кейде миллион текше метргедейін жетеді. Сел үлкен жылдамдықпен - 15 км/сағ-қа дейін жылжи отырып жолдарды, ғимараттарды, жыртылған жерлерді және т. б. қиратады. Селге қарсы күрес жөніндегі басты шаралар: тау беткейлеріндегі топырақ пем өсімдік қабатын әрдайым нығайтып және өсіріп-баптап отыру; бұзып-жарып кету қаупі бар тау су қоймаларын алдын ала ағызып жіберу; тау арналарын тазартып, селге қарсы бөгет жүйелерімен тұрақтандыру. Селді алдын алуда тау өзендері мен су қоймаларын ағызып жіберу, сондай-ақ дер кезінде қауіпті сел ошақтарын анықтау тиімді. Сел қаупі бар аудандарда тұратын халықты дер кезінде хабарландырудыц үлкен маңызы бар. Халыкты күні бұрын көшіріп әкетуге болады. Селді жоюға, жағдайға қарай, азаматтық қорғаныс жасақтары мен халық тартылады.
Жарияланған-2016-02-20 17:55:49 Қаралды-6008
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТАРИХЫНАН
Адам баласының өміріне үнемі жалғас болатын жеңіл атлетиканың негізгі үш түрі бар.
ТҮЙЕ ТІКЕН –
Түйе тікен - биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, жоғарғы жағында бұтақтары көп болады.
ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП КЕПТІРІЛГЕН ШАБДАЛ
Шабдал тазаланып, үстіңгі жағынан дөңгелектеліп ойып алынады да қабығы мен сүйегі алып тасталады. Шабдал мен ойып алынған кесегі күннің көзіне немесе пешке қойып кептіріледі.
СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ
Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.
КӨКПАР
Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.