UF

ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ ДОЗАСЫ

Категориясы: Соғыс


Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы)  дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Иондаушы сәуле дозасы төмендегіше бөледі: Жұтылған доза - сәуле алған ортаның масса бірлігі жұтқан иондаушы сәуленің кез келген түрінің энергиясы, ол халықаралық жүйе (СИ) бойынша грэймен (Гр-Дж/кг) өлшенеді; ауаның иондалуы бойынша ҚП/кг өлшенетін рентген және гамма-сәуленің экспозициялық дозасы, тірі организмге радиациялық қауіптің биологиялық әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен (Зв-дж/кг) өлшенетін эквивалентті доза; бүкіл сәуле алған масса жұтқан және Гр. к. немесе Дж; өлшенетін интегралды (жиынтықты) доза; шегінде иондаушы сәуле организмде белгілі бір аурудың өзгерістерін тудырмайтын шекті мөлшерлі эквивалентті доза.

Иондаушы сәуле доза уақыт бірлігіне қатысы доза қуаты деп аталады. Дозиметрлік тәжірибеде гамма-сәуле экспозициялық дозасы үшін жүйеде жоқ бірлік – рентген («Р») қолданылады. Бұл рентген немесе гамма-сәуленің мөлшері оның әсерімен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см3 құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады. Эквивалентті дозаның жүйеде жоқ бірлігі, сондай-ақ бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) болын табылады. Бэр - 1 «Р» гамма-сәуледегідей биологиялық эффект туғызатын кез келген сәуленің жұтылған дозасы.

Иондаушы сәуле доза сәуленің мөлшері мен алған уақытқа байланысты. Сәуле алу бір рет және бірнеше рет болады. Кұтқару жұмыстары иондаушы сәуле дозасын және қорғану режимін азаматтық қорғаныс аға бастығы белгілейді. 

  Жарияланған-2016-02-20 15:12:23     Қаралды-7498

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

...

Ұста - әр түрлі металдан, темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен шаруашылыққа қажет құрал-саймандар, қару-жарақтар, т.б. жасайтын адам. Кейде ұстаны «темірші», «темір ұстасы» деп те атайды. Ертеректе ұсталарды қара ұста, ақ ұста деп екі топқа бөлг

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДУАДАҚ

...

Дуадақ - далалы жерде кездесетін ірі құстың бірі. Республикамызда дуадақты шөл және шөлейтті, далалы жерлерде кездестіруге болады. Басы мен мойны сұр, арқасы жирен түсті, бауыры ақшыл, қанаты ақ, қанатының ұшы ғана қара болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕЛПЕК НАНЫ

...

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОШАҒАН - ҚУЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ

...

Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »