UF

ҚАНТ АЛЫНАТЫН АҒАШТЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

Категориясы: Өсімдікті


Біздің түсінігімізше қант - қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді. Солардың ішінде қант уйеңкісі деген түрі Солтүстік Американың шығыс бөлігінде өседі. Үйеңкілердің ішіндегі ең биігі (биіктігі 40 м). Бұл үйіңкінің жапырағы канадалықтардың  ұлттық рәмізі (символы) болып саналады. Ол сол елдің туында, спортшыларының киімдерінде бейнеленген. Қант үйеңкісі (клен сахарный) ең алғаш Американы мекендейтін  байырғы тұрғын халықтар (аборигендер)  мен Америкаға қоныстана бастаған ақ нәсілдерге қант көзі болған Қант үйеңкісінен қант, сыра, сироп (жеміс суы) алу өндірсі Канадада XIX ғасырда дамыды. Үйеңкінің діңінде шырын ақпан-наурыз айларында өте қарқынды қозғалады. Қант үйеңкісінің діңінің  жуандығы 1,5 метрге жетеді. Бір ағаштан ағызып алынған шырыннан 2-4 кг дейін қант жасайды. Шырынның құрамында 20%-ға дейін қант болады. Шырынды темірденжасалған шелекке немесе күбіге ағызып алады. Алынған шырынды қайнатып қант дайындайды. Канада мен Америка Құрама Штатында үйеңкі шырынынан жылына шамамен 4000 тонна қант дайындайды.         

  Жарияланған-2015-12-08 12:36:41     Қаралды-4359

Мәлімет сізге көмек берді ма

МАРҚАКӨЛ ҚОРЫҒЫ

...

1976 жылы 4 тамызда Марқакөл қорығы ашылды. Марқакөл қорығы Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Негізгі мақсаты - ормандарды, өзендер мен сұлу көлдерді табиғи қалпында сақтап қалып, онда өмір сүретін терісі бағалы жануарлард

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

...

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТТІ БОЯУМЕН САЛУДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

...

Бізге дейінгі мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген ертедегі суретшілер үңгірдің қабырғасына, жартастарға... сонан соң өз денелеріне сурет салған екен

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЙГЛАХ

...

Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »