МИНЕРАЛДАР
Категориясы: Технологии
Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді. Олар кристалды (пирит, голенит, т.б.), аморфты (опал, пимонит, т.б.) және металикті (сырты кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі.
Табиғатта зерттелген минералдар түрлері 2,5 мыңға жуық. Жыл сайын 30-ға жуық жаңа минералдар түрі анықталады. Әр минерал - өзіне тән құрылымы бар табиғи қосынды. Минералдардың көпшілігінің құрылымы кристалдардан құралған. Әр түрлі қоспалар минералдардың қасиеттерін өзгертеді. Өте қатты минералдар (алмас, корунд, гранит, т.б.) заттарды тесуге, кесуге, өңдеуге пайдаланылады. Ал қатты, әдемі түстілерінен зергерлік бұйымдар жасалады. Қазақстанда табылған минералдардың таңдаулы жинағы Қазақстанның геологиялық мұражайына қойылған.
Минералдардың құрамын, қасиетін, пайда болуын зерттейтін ғылымды минералогия деп атайды.
Жарияланған-2015-11-26 15:43:04 Қаралды-11849
СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ
Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.
БАКУ ПАХЛАВАСЫ
Бұл тоқаш қамырынан жасалатын тағам. Формасы қиғаш төрт бұрышты, ішіне алты қабат жаңғақ салынған және қант-бал шырыны сіңірілген.
АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.
ӨСІМДІККЕ ОРАЛҒАН ЕТ
Қой еті ұсақтап туралып, ұсақ көзді ет тартқышпен тартылады. Оған ұсақтап туралған пияз, зире салынады. Тұздалып, бұрышталады. Жақсылап араластырылады.