ҚЫРЫҚҚҰЛАҚ
Категориясы: Өсімдікті
Қырыққұлақ - жапырақтары тілімденген сәндік өсімдік. 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 35-ке жуығы кездеседі. Кейбір түрлері тамыры арқылы, кейбірі жапырағында пайда болатын өнім бүршіктерімен көбейеді. Қыранның қанатына ұқсас жапырағындағы қызыл түсті бүршігі түн ортасында жан-жағына жарық шашады. Қырыққұлақ гүлдемейді. Бірақ осы бүршік жылына бір рет алаулаған гүл ашады, сол гүлді кімде-кім жұлып алса, бәле-жаладан құтылып, бақытты ғұмыр кешеді деген ұғым бар. Қырыққұлақтың кейбір түрінің жаңа шыққан жапырағын тамаққа, дәрі жасауға пайдаланады.
Жарияланған-2015-11-26 14:30:59 Қаралды-5944
ТАСШҮЙГІН – ЖҮРЕК ҚАТТЫ СОҚҚАНДА ЕМ ҮШІН ПАЙДАЛАНАДЫ
Тасшүйгін – биіктігі жарты метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темір
БАНКНОТАЛАРДА ҚАНДАЙ ЗИЯНКЕСТЕР ӨМІР СҮРЕДІ?
Бірнеше жыл бұрын Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізді.
ІЛЕ
Іле өзені бастауын Қытайдағы Текес және Күнгес өзендерінің қосылар жерінен алып, Балқаш көліне құяды. Ұзындығы - 2385 км. Қазақстандағы ұзындығы - 740 км. Жетісу аймағындағы ең ірі өзеннің бірі. «Іле» сөзі моңғол тіліндегі «ил, илә» деген сөзге жақын, яғн
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА
Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.
ҚАПШАҒАЙ ТАҢБАЛЫ ТАСЫ
Қапшағай таңбалы тасы - Алматы каласынан солтүстікке қарай 100 км жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Қапшағай жазу-таңбалары біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың XIII ғасырлары аралығында ойып салынған.