ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Категориясы: Адамдар
Тараз қаласында Жамбыл Жабаев атындағы алаңда 1961 жылы Жамбыл ескерткіші орнатылған. Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған шойын коспасынан құйылып, қола жалатылған. Тұғыры төрт бұрышты биік етіп жасалып, қызғылт гранит тақталармен қапталған. Мүсіннің биіктігі - 5 метр. Сәулетшісі - В.Сощенко, мүсінші - Х.Наурызбаев.
Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен Достық даңғылы қиылысында Жамбылға арналған тағы да бір белгілі ескерткіш орналасқан. Бұл ескерткіш 1996 жылы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығын әлемдік деңгейде атап өту қарсаңында орнатылған. Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында қолына домбыра ұстап отырған ақын тұлғасын бейнелейді. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі - 3 м, тұғырының биіктігі - 1 метр. Мүсіншісі - Б.Әбішев, сәулетшілері - С.Баймағамбетов, С.Фазылов, Т.Ерғалиев. 2008 жылы Ж. Жабаевқа Астанада ескерткіш тұрғызылды. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры граниттен қаланған. Биіктігі - 12 метр (мүсінші - Н.Далбаев, архитекторы - Қ.Жарылғанов).
Жарияланған-2015-11-24 15:36:06 Қаралды-8333
БАЙҚАЛ ЖӘНЕ ҚАРАТАУ ТОМАҒА ШӨБІ
Қояншық ауруын және ревматизмге байланысты ми тамырларының, жүрек бұлшық еттерінің қабынуын емдейді.
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША 4 ТҮРЛІ САЛАТТАР
Жыл мезгілдері аталымы бойынша 4 түрлі салаттар
ТБИЛИСИ ПАХЛАВАСЫ
Арасына жаңғақ салып, майға және балға малынған қамырды қабаттап жасаған тағам осылай деп аталады. Формасы қиғаш төрт бұрышты. Ылғалдылығы 11,5-14,5 пайыз.
АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.
АУҒАН ШӘРБӘТІ
Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.
ӨРІКТЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Жемісінің құрамында каротин (А провитамині), А1, В1, В2, С, Р, РР витаминдері, қант, алма, лимон қышқылдары, 24,9% протеин, 40% май, илік заттары болады.