ЖАЛАҢҚАТ
Категориясы: Тарих
Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары тұсынан бау, ілгектер арқылы байланады. Жалаңқаттың кеуделік бөлігі әр түрлі бейнелермен, суреттермен әшекейленуі де мүмкін.
Жалаңқаттар кейде қалың теріден де сомдап жасалған. Теріден жасалған сауыттың кеуде және арқа тұстары темір айналармен күшейтіледі.
Жалаңқат жеңсіз және етегі өте қысқа болғандықтан, оған тері, металл тіліктерінен жең және беліне белдемшелер жалғанған. Олардың ұзындықтары әр түрлі жасалына береді. Түркі-қыпшақ жалаңкаттарының мойынды қорғайтын жағалары да болған.
Темірден тұтастай етіп соғылғандықтан, бұл сауыт оқ өткізбес берік болады. Мұндай сауыт түрі көшпелілер арасында моңғолдар шапқыншылығынан кейін жоғалып кеткен.
Жарияланған-2015-11-18 15:25:45 Қаралды-5176
ТАЙГА – ЖАСЫЛ МҰХИТ
Орманның өзі әр түрлі: шырша, қарағай, самырсын өсетіндерін - қылқан жапырақты, ал қайың, көк терек, жөке өсетіндерін жапырақты орман дейді.
ӘЛЕМНІҢ ҒАЖАЙЫП ОРМАНДАР
Орман ішінде қай жағына қарасаң да, небір кереметтерге кенелесің...
ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛҒАН БИСКВИТ
Алдын ала дайындалған негізгі бисквит қамырына қуырылған, ұсақтап туралған, ет тартатын машинкадан өткізілген немесе келіге түйілген жаңғақ (фундук немесе самырсын жаңғағы) қосылады.
ЖҮЗІМ ҚОСЫЛЫП КҮРІШ САЛЫНҒАН АЛМА
Жуылған алманың өзегі арнаулы аспаппен тазаланып, оған фарш толтырылады да духовкаға қойып пісіріледі.
ЖАҢҒАҚ КӘМПИТТЕРІ
Терең табаға қант салынып, жақсы жанып жатқан отқа қойылады. Ол ашық қоңыр түске енгенше қыздырылып, жаңғақ дәндері қосылады да бәрі жақсылап тез-тез араластырылады.
КӨКБҰТА
Бұл - биіктігі 60 сантиметрге жуық, бұтақтары көп, жапырағы мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық, бұталы өсімдік.