UF

АЗЕРБАЙЖАН НАНЫ

Категориясы: Тағам


Қамыр мен помада дайындау әдісі бұқар нанын дайындау әдісіне ұқсас. Одан айырмашылығы қамыр иленгенде сүттің орнына жұмыртқа қолданылады және запыран сығындысы қосылады. Илеп болғаннан кейін қамырдың температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы 21-23 процент болу керек. Қамыр 0,5 килограмнан өлшеп, диаметрі 30-35 миллиметр батон формасына келтіріледі. Содан соң қағаз төселген қаңылтыр табақтарға салынады. Әуелі жұмыртқа жағып, содан кейін температурасы 200-230 градус пешке қойылып пісіріледі. Оған 20-25 минут уақыт кетеді. Салқындатылғаннан кейін батонға екі қабат етіп помада жағылады. Алғашқы қабатының ені 40-45, қалыңдығы 7-8 миллиметр етіліп жағылады да, үстіне одан гөрі енсіздеу - ені 8-19 миллиметр болатындай етіліп екінші қабат жағылады. Помада қатып болған соң батон ені 40 миллиметр болатындай етіліп қиғаштап тілінеді.

Батондар қағаз төселген астаушаларға 3-4 қатар етіліп салып қойылады.

Бір килограмм азербайжан нанын жасау үшін 325,2 грамм жоғары сортты ұн, 162,6 грамм сарымай, 94,3 грамм қант ұлпасы, 78,0 грамм жүзім, 48,8 грамм құрғақ цукат, 104,1 грамм жұмыртқа, 48,8 (бұл 58,5 грамм кептірілмеген лещина жаңғағымен пара-пар) грамм кептіріліп, ұнтақталған лещина жаңғағы, 1,5 грамм аммоний, 0,06 грамм запыран, жағатын 13,0 грамм жұмыртқа, помадаға кететін 243,9 грамм құм шекер және помадаға салатын 24,4 грамм сірне жұмсалады.

Азербайжан нанының формасы қиғаштап тілінген, қою сары түсті, помадамен жылтыратылған, сынғыш, бірақ үгітілмейтін, ылғалдылығы – 10-13 процент болу керек.

  Жарияланған-2016-03-10 14:07:19     Қаралды-2246

Мәлімет сізге көмек берді ма

МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС

...

Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570-518 жж.) - оңтүстік түркі халықтарын басқарған әйел патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУҒАН ШӘРБӘТІ

...

Жеміс шырындарына апельсин мен лимон бөліктері салынып, аздаған су құйылады да бәрі қосылып қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰНДЫЗ

...

Құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Адамдар сияқты бірлесе еңбек етеді. Кейде өзара үндеседі. Қысқа қорек жинайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Су шаңғысы спортымен айналысушыларды кейде толқынмен жарысушылар деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »