UF

 

Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан аумағындағы эндемикалы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері»

 

МАЗМҰНЫ

     бет

 

 

КІРІСПЕ.............................................................................................................

 

1

ӘДЕБИ – деректерге шолу.................................................................

 

1.1

Оңтүстік Қазақстан облысында эндемикалы өсімдіктердің таралуы мен биологиялық ерекшеліктері....................................

 

1.2

Оңтүстік Қазақстанның эколого-биологиялық жағдайы............

 

2

ЗЕРЗАТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ...................................................

 

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ..........................................................................

 

3.1

Эндемикалы өсімдіктердің таралуы............................................................

 

3.1.1

Таулы  аймақтарда кездесетін эндемикалы өсімдіктер және олардың биологиялық ерекшеліктері...........................................

 

3.1.2 

Далалы аймақта кездесетін эндемикалы өсімдіктер және олардың биологиялық ерекшеліктері............................................

 

3.2

Эндемикалы өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызы..............................................................................................

 

3.3 

Эндемикалы өсімдіктерді қорғау...................................................

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................

 

          

 

 

КІРІСПЕ

 

 Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның  флорасында  5700-ге  жуық  түр  бар, оның  арасында  1000-ға  жуығы [18]  сирек кездесетін өсімдіктер. Соңғы-лардың біразы реликті (көне қалдық) өсімдіктер. Реликті өсімдіктер жасыл  әлемнің тарихы мен эвлоциясының куәсі. Сондықтан сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау және көбейтуге үлкен мән беріледі. Олар біздің кең байтақ республикамызда да кездеседі. Бетпақдала шөл даласында және Сырдария  Қаратаудың сілемдерінде – Шренк тобылғысы (Spireanthus  schrenkianus), Іле  Алатаудың жапырақты орманында Мүшкетов түйесіңірі (Atraphaxis muscketowii), Шу–Іле тауларында өте көне – Niedzwodzkio comirotohoekia өсімдігі кездеседі. Осы өте  сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға аса мән берілмей келеді. Бұлардың түрінің жоғалуы адамзат үшін орны толмас ағаттық. Өсімдіктерді қорғау жұмыстары, бірінші кезеңде, тізім жасаудан басталады [1]. Қазақстанның ғылыми-зерттеу Ботаника институты және Бас ботаника бағы «Қызыл кітап» [2] баспадан шығарған еңбектерінде 306 өсімдік енгізілген. Бірақ тұқымы, түрі жойылып бара жатырған өсімдіктерді қорғау өз деңгейінде емес. Бұлай дейтініміз, соңғы жылдары қорғалатын өсімдіктердің тағы 100-ден асатын түрлері белгіленіп отыр.

Жерімізде өсетін жабайы өсімдіктер генофондында мәдени дәнді дақылдарға туыстас арпа, қара бидай кездессе, бағалы тағамдық жемістерден сирвес алмасы, өрік, қарақат, таңқурай, қой бүлдірген, жабайы жүзім секілді өсімдіктер де өседі. Ал шипалы өсімдіктердің түрлері болса, олар 500-ге таяу. Қазіргі медицинада соның тек 30-дан астамы ғана пайдаланылады. Шырғанақ, дәрмене, қырықбуын, қылша, қара андыз сияқты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс жылдан жылға артып отыр [3].

Солай бола тұрса да жерімізде толып жатқан себептерге байланысты реликті өсімдіктер аймағы, олардың көптеген түрлері жойылып кетуінің қаупі бар. Оларға: жетісу инкарвиясы, сексеуіл, регель қызғалдағы т.б. жатады. Міне, осындай сан алуан өсімдіктер дүниесін қорғаудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңызы ерекше болғандықтан, біздің таңдаған тақырыбымыздың өзектілігі айқындала түседі.

Жоғарыда көрсетілген жағдай Оңтүстік Қазақстан  облысынжа да орын алады. Сирек кездесетін өсімдіктердің жоғалуына көптеген факторлар кері әсерін тигізуде. Сондықтан реликті өсімдіктерді тек «Қызыл кітап»-қа енгізіп қоймай, қорықтар ұйымдастырудың маңызы бар.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстан  облысында кездесетін эндемикалы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін анықтап, қорғау шараларына ұсныстар беру болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

1. Оңтүстік Қазақстан  облысында сирек кездесетін өсімдіктердің түрлеріне ботаникалық, биологиялық, экологиялық сипаттама жасау.

2. Сирек кездесетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызды-лығына талдау жасау.

3. Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік мәнін ұсыну.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Оңтүстік Қазақстан  облысында сирек кездесетін өсімдіктердің жойылу қаупі, маңыздылығы, қорғау әдістерін анықтау.

Осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз жұмысты мынандай бағытта жасауды ұйғардық:

а) Оңтүстік Қазақстан  облысының климаттық жағдайы.

ә) Оңтүстік Қазақстан облысында  кездесетін эндемикалы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері және таралуы (дала және тауда кездесетін өсімдіктер түрлері).

б) Эндемикалы өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік маңызы.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы. Реликті өсімдіктердің экологиясын, биологиялық ерекшеліктерін, нәсілдік информациясын зерттеу барысындағы мәліметтер жойылып кетуге қаупі бар түрлерді қорғауға, көбейтуге септігі тиеді деген сенімдеміз.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, әдеби деректерге шолудан, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Диплом жұмысының көлемі 63 бет, 50 әдебиет пайдаланылған. Жұмыс 3 кестемен, 6 суреттермен көркемделген.

 

 

 

1 ӘДЕБИ-ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

 

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысында эндемикалы өсімдіктердің

таралуы мен биологиялық ерекшеліктері

 

   

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер [4].

Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын – Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36-58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26-35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13-25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан [5].

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – респуб-лика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, Өскеменнен жоғары Көкшетау мен Петропавл қаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi – қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған [6].

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i – эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн – бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем – күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ – жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 – 2800 түр бар, олардың iшiнде 200-215 түрi – эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстан-ның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi – эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiм-дiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер – аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән [7].

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4-5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шама-ланады. Оның iшiнде 540-570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165-170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктер-дiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiру-шiлiк 700 - 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар [8].

Бірқатар  өсімдіктердің  түрлерінің  жойылуына  ауа  мен  су  ластануы, топырақтың өз құнарлығы жоғалуы, биологиялық жүйесінің тұрақтылығы бұзылуы жол ашады. Мал жайылымының кеңейтілуі, жерді ешқандай бақы-лаусыз жырту  СКӨ - дің  құрып  кетуінің  бірден-бір себебі. Сондай-ақ үлкен  қалалардың төңірегінде серуен, демалыс орындарының өріс алуы кезеңінде, ортасына көрік берген әсемдік өсімдіктердің азаюына әкеліп соқтыруда.  Олар-дың қатарына түрлі қызғалдақтар (Tulipa greigii, T.kolpakowskiana, T.schrenkii), бәйшешектер (Crocus  alatavicus, N.korolowii)  және  басқа  өсімдіктер  түрлері  кіреді. Тіпті кейбір  түрлерді  республика  көлемінде  кездестіру  мүмкін  емес (Juno aimaatensis, Schrenkia iachnantha, Ferula suga–tensis). Бұл өсімдіктердің  үздіксіз іздестіру ешқандай нәтиже бермеді. Жоғарыда айтылып кеткен  өсімдіктердің  көбі «Қызыл  кітаптарға» енгізілген [9].

СКӨ-ді қорғау мәселесінде эндемдер (басқа жергілікте кездеспейтін өсім-діктер) маңызды орын алады. Олардың саны 800-ге  шамалас, бұл  өсімдіктер  антропогендік  факторларына өте осал және құрып кету қаупі бар. Эндем  қатарына өте сирек өсімдіктер (ӨСӨ) кіреді: Thesium minkwitzianum, Bergenia  ugamica, Ikonnikovia kaufmanniana, Eromostachys zenaidae, Lepidolopha karata-vica, Jurinea eximia, J.robusta. Эндем өсімдіктердің арасында ерекше  мәнді 10 туыс өсімдік көрсетілген: Physandra halimocnemis, Rhaphidophyton  regelii, Botschantzevia karatavica, Pterigo–stemon spathulatus, Niedzwedzkia  semiretshen-skia, Pseudoeremostachus т.б. [10].   

Қазақстанның ботаник ғалымы Қ.Ж.Сабанбековтың «Жабайы өсімдіктер сыры» [9] деген еңбегі бар. Бұл кітабында  автор жабайы өсімдіктердің табиғатты, адам өмірінде, шаруашылықта да маңызы зор екендігін баяндайды, олар туралы көпшілікке белгісіз қызықты деректер келтіреді. Жабайы өсімдіктерді қорғау, оларды қолдан өсіру мәселелеріне қатысты құнды пікірлер айтады.

Кітап Қазақстан таулары мен шөлдерінде, өзен жағалары мен көлдерінде, далалары мен белдерінде өсетін, жабайы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктер жайындағы зерттеулерді өзек етеді.

Автор кітапқа енгізілген өсімдіктерді мына принциптер негізінде таңдап алады: біріншіден, азайып кетуіне байланысты табиғат қорғаудың одақтық «қызыл кітабына» жазылған өсімдіктер екендігін, олардың шипалық, әсемдік, мал азықтық, техникалық маңыздылығы; үшіншіден оқауланған жерлерде кездесетін ғылыми мәні бар әлемдік және көне замандардан сақталған реликті түрлері; төртіншіден халық арасында кең тараған, белгілі өсімдіктер.

Сонымен қатар, бұл айтылып отырған кітапта менің дипломдық жұмы-сымның тақырыбы бойынша сирек кездесетін өсімдіктер туралы айтылған. Мысалы: берқара терегі, қарату ұшқаты, таусағыз, жерсабан, шырыш т.б. [12, 13].

Сондай-ақ биолог ғалым А.Ш. Молдабергеновтың [12] «Атамекен» деген еңбегі бар. Бұл кітапта біріншіден ТМД-ның «Қызыл кітабына [13] енген өсімдіктердің 60 түрі, екіншіден осы кітапқа еңбегі қалған, тек қана Қазақстанда өсетін эндемик өсімдіктер, үшіншіден, бұрын республикада кең тарағанмен, қазір жайылып, сиреп бара жатқан өсімдік түрлеріне сипаттама берілген».

Әсіресе бұл кітаптың 137-150 беттерінде Қазақстанда сирек кездесетін 38 өсімдік туралы, ал оның 20-сы Жамбыл облысы, Қаратау жоталарында кездесетіндігі талдап көрсетілген және оларды қорғау шаралары айтылған.

Қазақ халқы табиғатты қорғау мәселесіне ертеден-ақ мән берген «Елім бай болсын десең, жеріннің бабын тап» деген қағиданы еске ұстаған ата бабамыз жыл мезгілдеріне сай көшіп, орын ауыстырып отырған.

Мұның мәнісі, жердің шөбін қалпында сақтап, қорын азайтпауда жатыр. Ал шөптің шипалық сырын білетін адамдардың өз сырын жариаламауды шөптің өскен жерін көрсетпеуі өзімшілдік емес, ол бағалы шөпті сақтауға байланысты.

Қазақстанда табиғатты қорғау жөнінде алғашқы жазба деректерді Шоқан Уалихановтың Еңбектерінен кездестіреміз. Ол өзінің «Табиғат шығармалары» деген еңбегінде өте ерте кездерде жабайы түйе болғандығын айта келіп, адамдардың аяусыз қырып жоюы салдарынан олардың құрып кеткендігін жанашырлықпен баяндайды.

Сондай-ақ М.С.Байтеновтың [8]  «В мире редких растений» атты кітабын да айта кету керек. Бұл кітапта Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктерге яғни жойылып бара жатқан сирек кездесетін өсімдіктерге сипаттама берген. Негізгі кітап сыры Қазақстанның әр облысының сирек кездесетін өсімдіктерін айта келіп, түрлі түсті бояумен өрнектелген осы сирек кездесетін өсімдіктердің суреттері бейнеленуде болып тұр.

Соңғы жылдарда ғана жарық көрген тоғыз томдық «Қазақстан флорасы» [13] атты кітапта табиғи өсімдіктердің 126 тұқымдасы, 1022 туысы және 5630 түрі сипатталған. Аталған еңбекте пайдалы және сирек кездесетін өсімдіктердің негізгі қасиеттері ашып көрсетілген [1].

Орыс биолог-ғалымдары П.П.Бессчетнов және С.Н.Малызевтердің «Редкие и ценные расстания Казахстана» атты еңбектерінде [14]  Қазақстан-ның сирек және бағалы өсімдіктері; Мысалы: теректер, сексеуіл, шетен, қарағаш, тал т.б. туралы сипатталған.

Осы кітаптарға қоса «Туған жер қазынасы» (құрастырған С.Көшімбаев. – Алматы: Қайнар, 1983ж) деген кітапты да айта кету керек. Бұл кітапта туған жеріміздің жер-су байлығы, жан-жануарлары, сирек кездесетін өсімдіктерді, оларды қорғау мәселелері қарастырылған [15].

Негізгі табиғатты қорғау шаралары жазылған кітап, ол «Зоповедное дело в Казахстане» [16] деп аталады. Мұнда Қазақстанның қорықтары туралы, осы қорықтардың орналасқан жерлері климаттық жағдайы, рельефі, негізгі ландшафты, өсімдіктерді және жануарлары туралы деректер жазылған.

Бұнда бірнеше жыл бұрын жер бетінен жойылып бара жатқан және өте сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау керектігі ескеріліп халықаралық «Қызыл кітап» және ТМД Қызыл кітабы шығарылады. Осыған сәйкес 1978 жылы біздің республикамыздың жерін мекендейтін жануарлардың 87 түрін қорғау жөнінде жазылған Қазақстанның қызыл кітабының бірнеше бөлімі жарық көрген [17].

Сондай-ақ 1981 жылы аталған қауымның негізінде «Қызыл кітаптың» екінші бөлімі баспадан шықты. Онда бірінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан Қазақстан өсімдіктері туралы мәліметтер келтірілген. Бұл еңбекті баспаға Қазақстан ғылым академиясы, Ботаника институты мен орталық ботаника бағының қызметкерлері және республикадағы жоғары оқу орындарында қызмет істейтін ботаник ғалымдар дайындайды.

Кітапта, біріншіден ТМД-ның «Қызыл кітабына» екіншіден осы кітапқа еңбегі қалған тек қана Қазақстанда өсетін экдемик өсімдіктер, үшіншіден бұрын республикада кең тарамаған, қазір жойылып бара жатқан өсімдіктер түрлеріне сипаттама берілген [18].

Олардың жалпы саны – 306. Міне, осы әдебиеттердің барлығы да өсімдіктер соның ішінде сирек кездесетін өсімдіктер туралы сыр шертеді.

 

 

1.2 Оңтүстік Қазақстанның эколого-географиялық жағдайы

 

 Қазақстан - кең өлке. Жер көлемі жағынан 2,7 млн. шаршы км. Қазақстан Европа мен Азия материгінің ортасында орналасқан. Осындай ұлан байтақ аймақтың шекарасы сонау  Жайықтың жағасынан Ертіс пен Алтайға дейін, Каспий теңізінен бастап, қар басқан Тянь- Шаньнің етегіне дейін, Арал теңізінен Орал тауына дейін созылып, батыстан шығысқа қарай 3,500 км, солтүстіктен онтүстікке дейін 1700 км. Жерді алып жатыр. Қазақстан территориясы орманды- дала, шөлейт, шөл, тау белдеулерін қамтиды. Онда жер бедерінің алуан түрлілігіне қарай ауа райы да әрқилы. Мұндай табиғат жағдайлары жан жануарлардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік береді [19].

 Республика территориясының көп бөлігі ұшы- қиырына көз жеткізгісіз жазықтық үлесіне тиеді. Сол жазықтық тек орталық Қазақстандағы ұсақ шоқалы таулы аймақта бұзылады да шығыс пен оңтүстіктегі биік таулы өлкеге барып тіреледі. Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларының басын мәңгі қар басқан шоқалары 4,500 метрлік, биіктікке дейін көтерілсе, республиканың батысындағы Каспий бойы жазықтығандағы теңіз деңгейінен әлдеқайда төмен жатыр. Мәселен, Маңғыстаудың оңтүстігіндегі Қарақия қазаншұңқыры теңіз деңгейінен ең төмен жатқан нүкте болса, республиканың оңтүстік шығысындағы Хантәңірі шыңы (6995) еліміздегі ең биік тау шоқырларының біріне саналады [20].

Республиканың солтүстік-батысындағы Каспий бойы ойпаты, солтүсті-гіндегі Қостанай, Есіл және Ертіс бойы жазықтықтары орталығындағы Арал- Торғай өңірі жазықтығы және оңтүстіктегі Тұран ойпатындағы жазықтықтар Қазақстан жерінің үштен екі бөлігін алып жатыр. Ал қалған бөлігі батыстағы- Мұғаджар, орталықтағы- Қарқаралы, Ерментау мен Баянауыл, шығыстағы- Алтай, Суыр, Тарбағатай, оңтүстіктегі – Жоңғар, Іле, Талас Алатаулары, Қаратау мен Шу-Іле сияқты таулы қыратты өлкелер үлесіне тиеді. Республика территориясының кең аймақты қамту және рельефтің әркелкі болуы климат пен табиғат жағдайларына көп әсерін тигізеді. Жалпы алғанда, Қазақстан территориясының басты көп бөлігі қоңыржай континентальды  климаттық аймақта  жатыр [21].

Жалпы алғанда, Қазақстан территориясының қысы қатаң өйткені арктика-лық суық ауа массалары солтүстіктен оңтүстікке бөгетсіз өтіп кете алады.Жаз айлары болса, оңтүстікте тым ыстық әрі құрғақ келеді себебі мұнде шөлді аймақта қалыптасатын тропикалық ауа массаларының тигізер ықпалы басым. Ылғалдылық мөлшері мен жер бедеріне байланысты республика территориясы бойынша өзен- көлдер торабы біркелкі таралмаған.

Жалпы, рельефтік, климаттық және басқа да табиғи ерекшеліктерінің әсеріне қалыптасқан табиғат белдеулері республика территориясында біршама анық байқалады. Мәселен, солтүстіктен оңтүстікке қарай ендік бағытында табиғаттың орманды- дала, дала, шөлейт және шөл аймақтары бірін-бірі алмастырады. Кең байтақ Қазақстан жерінің табиғаты иқаншалықты әркелкі болса, онда мекендейтін аңдар дүниесі де соншалықты бай, әрі сан алауан [22].

 Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың оңтүстік аймағында Сырдария өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан. Географиялық координаты –40035/ с.е. және 69068/-71016/ ш.ұ. Облыс аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км созылып жатыр. Бұл территорияда ендіктің заңдылығына қарай Иран-Тұрандық шөл облыстары көрініп тұрады. Жаңа схема бойынша ботани-ка-географиялық аудандары (Қазақстан мен Орта Азияның өсімдік картасын-да) облыс территориясы 4 провинциямен шектеседі: Жоңғар-Солтүстік-Тұран, Оңтүстік Тұран, Атбашы-Қырғыз және Алай-Түркістан (Қызылқұмның оңтүс-тік бөлігі) [23].

  Оңтүстік Қазақстан облысы физика-географиялық жағынан былайша жайғасқан: Оңтүстік-батыс бөлігі құмды шөл Қызылқұм, Сырдария өзенінің орта ағыс жазығы, Солтүстік бөлігі Мойынқұм құмы, Шу өзенінің төменгі ағыс жазығы және Бетпақ Дала үстірті, Қаратау жоталары және Оңтүстік Шығыс бөлігі, Батыс Тян-Шань тауының жоталары болып келеді [24].

  Қазақстан мен Орта Азияның шекарасында орналасқан соң Оңтүстік Қазақстан табиғаты мен шаруашылығы жағынан «солтүстік тұран» мен «оңтүстік тұранға» үйлесімді болады, басқа облыстардан ерекшелігі де осында.

Облыстың табиғаты температураның құбылмалылығы, жауыншашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады.

Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа-райы жұмысақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғалда біршама жақсы түседі [25].

 Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5 және 10,5 градус арасында ауытқып тұрады. Ал Солтүстік және таулы аудандарда 6,5-8 градус, орталық аудандарда 9-10 градус шамасында болады.

 Ең суық ай – қаңтардағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудан-дарда минус 5-9, солтүстік аудандарда 12-14 градус. Ал жылдың суық кезенін-дегі ауаның орташа температурасы 3-4 және 7-8 градус суықтық аралығында. Кей жылдары аяз 42-47 градусқа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21-22 градус, ал Бетпақдалада тіпті 26-27 градусқа дейін көтеріледі. Жылдың жылы кезеңінде орташа ауа температурасы таулы аудандар мен облыстың солтүстігінде 15-17 градус, орталық аудандарда 18-19 градус. Ауа ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы шөлді аудандарда 45-47, таулы аудандарда 40-42 градус болады.

Көктемнің алғашқы белгілері март айының екінші жартысында, ал таулы аудандарда марттың аяғы мен апрельдің басында байқалады.

Көктемнің ұзақтығы облыстың жазық аудандарында 40-45 күн, тау бөліктерінде 50-60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады.

Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді,  соның 2000 сағаты (74%) жылдың жылы кезеніне сәйкес келеді.

Жылы кезендегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудандарда 40-45 процент, ал ауаның ең төмен болатындығы (30 процент) июнь – август арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 процентке дейін жетеді.

Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Облыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150 мм, жазықтықта 150-200 мм, тау бөліктерінде 300-400 мм, тау бастарында 450-500 миллиметрге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда жылы кезеңінде неғұрлым мол түседі, оның 30-40 проценті көктемде жауады [10].

Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалындағанда облыстың солтүстігінде 10-нан 20-35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде 15-30, тау бөліктерінде 20-40, тау бастарында 20-40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.

Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда 80-100, оңтүстікте 40-60 сантиметр.

Бұл жерде жаз өте ыстық болып, қысы суық, жылдық және тәуліктік температура айнысалы, өте құрғақ ауа, ылғал түсімі әр түрлі және қар жұқа түседі.

Қыста Қазақстанның оңтүстік аудандарына Сібірден соғатын суық антициклон мен Ираннан келетін жылы ауа массасы аралығында болады.

Көктемде температура тез көтеріледі: оңтүстікте - ақпан айының екінші жартысында, солтүстікте - наурыз айының ортасында. Бұл кездерде циклондар әсерінен сел жауындар болуы жиі кездеседі.

Полярлық фронтқа байланысты оңтүстік бөлікте наурыз айында солтүстік бөлікте сәуір айында жауын-шашын көп болады. Жаз айларында қыркүйек айының соңына дейін ыстық болып тұрады. Бірақ, жаздың бірінші жартысын-да суық жауындар болуы мүмкін, екінші жартысы әдетте құрғақ болып келеді [26].

Күздің ауа райы қолайсыздау болады, солтүстіктен немесе солтүстік-батыстан соғатын арктикалық ауа ағыны күз айының ауа райын тұрақсыз етеді

Жел тәртібі (режим): Оңтүстік Қазақстанның шөл далаларында және Орта Азияның  шөл далаларындағы өсімдіктерге жел кәдімгі экологиялық фактор ретінде күшті әсер етеді. Жел әсерінен қысқы қарлар ұшады, жылы уақытта булану процесі жүріп жердің беті құлазып, жел эрозиясына ұшырайды. М.И.Рубенштейннің мәліметіне сүйенсек [26] Оңтүстік Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан (фен) және оңтүстік-батыс бағыттарда соғады (гармсиль).

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің соғатын күндері Шардара метео-станциясының мәліметі бойынша қарашада - 8, ақпанда 12-16 күн, мамырда - 9 күн, тамызда - 8 күн. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 12 м/сек.

Атмосфералық жауын-шашындар: Жауын-шашынның атмосфералық ерекшеліктері, қысқы және көктемгі жарты жылдықта мол түсуі, ал жазда аз түседі. Бірақ бұл көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік шөл аймақтарында өзгеріп отырады

Жер бедері: Жер бедері жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы негізінен жазық келеді. Көпшілік жерлерін Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. (орташа биіктігі 200 – 300 м). Оңтүстік шығысын және орталық бөлігін Талас Алатауының батыс сілемдері, Қаржантау (орташа биіктігі 2800 м), Өгем (орташа биіктігі 4000 м) жоталары мен Қаратау қамтиды. Геологиялық құрылысы жөнінен облыстың көпшілік жері Тұран плитасының құрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрийлік, девондық, карбондық жыныстардан (Құмтас, Тақта тас, әк тас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (Құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген [30]. Облыс қойнауы пайдалы қазбаларға бай: мұнда полиметал рудалары, қоңыр көмір қабаттары, мәрмәр, отқа төзімді және кварцты құмдар шоғыры, жерасты және грунт суларының қорлары, әртүрлі құрылыс металдары кездеседі. Климатында тым континенттік құбылыстар басым байқалады. Жер бетіне ылғал мөлшері ауаға булану және топыраққа сіңу мөлшерінен кем. Әсіресе солтүстік жағында қуаңшылық жиі сезіледі. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде - 90С, оңтүстігінде - 20С. Қысы қысқа, қар жамылғысы жұқа және тұрақсыз болады. Жылымық құбылысы көбірек байқалады. Шілде айында ауаның орташа температурасы 22 - 240С. Жазы ыстық, қуаң келеді. Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 650 мм: Солтүстігіне ойысқан сайын бұл мөлшер кеми (100 – 120 мм –ге дейін) түседі, тауда 1000 мм –ге көбейеді. Вегетациялық кезең 215 – 265 күндей. Жазық бөлігі сұр және тақырлық, таулы өңірі қоңыр, қара және шалғындық. Орманды алқабы 482 мың га [27]. Табиғи өсімдік жамылғысын және жануарлар дүниесін сақтау үшін Талас Алатауының батыс және солтүстік батыс сілемдерінде Ақсу - Жабағылы қорығы және Сайрам - Өгем мемлекеттік табиғи ұлттық паркі ұйымдастырылған.

Төлеби ауданының ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ресми жотасы бойынша Қаржантау жотасына жатады.

Қаржантау жотасы оңтүстік Батыс Тянь - Шань провинциясына кіреді. Ол Талас Алатауы тау жоталарынан оңтүстікке қарай орналасқан. Қазақстанға Қаржантау, Өгем жоталары және Піскем жотасының солтүстік баурайы жатады.

 Барлық жоталарға палезой жыныстарынан тұратын тік баурайлы терең тілімденген рельеф тән. Ізбес сланец пен кварциттер кең тараған.

 Қаржантау жотасы Келес салаларын Өгем өзенінің аңғарынан бөліп жатыр. Жотаның оңтүстік - батыс баурайы қысқа және өте тік солтүстік батысы жайпақ, Қаржан, Жегірен және т,б өзендердің аңғарларымен бөлінген. Оның орташа биіктігі 2000 м, ең биік нүктесі – Мыңбұлақ тауы – 2834 м. Жотаның қыры жазық келген, шығуға жеңіл.

Қаржантау жотасы Тянь – Шаньның шөлге жақын орналасқан оңтүстік - батыс шеті болып табылады, бұл оның климатының негізгі белгісі – континентальдылықты анықтайды. Ол қыс пен жаздағы, күн мен түндегі ауа температурасының үлкен ауытқуларынан көрінеді.

Батыстан келетін атмосфералық процестер басты ықпал жасайды, ал Талас Алатауының биік жоталары желдің солтүстіктен соғуын қиындатады. Жауын – шашын негізінен қыс пен көктем мезгілінде түседі, жазы құрғақ әрі ыстық болып келеді. Тек биік жоталарда ғана жазда жауын - шашын түсу сақталады.

Қысы онша суық емес, қаңтардың орташа температурасы тау маңайында - 3-70С. Қар жамылғысы тұрақсыз, оның қалыңдығы 20 см аспайды. Көктемі жауынды және жылы. Жазы құрғақ және ыстық, ауа температурасы +35 - 400С - қа жетеді. Бұл әсіресе шілде, тамыз айларына тән.

 Батыс Тянь - Шань Тянь – Шаньның ең ылғалды әрі жылы бөлігі. Мұнда жекелеген жоталарда жылына 1000 - 1500 мм жауын – шашын түседі. Жауын – шашынды күндер саны үш айға дейін жетеді, ал іргелес жатқан шөлдерде бұл небәрі 10-15 күнді ғана құрайды. Өңірдің көп бөлігінде қаңтардың орташа температурасы - 150-тан төмен болмайды, орта және төменгі тау белдеуінде - 10 және – 3-50С-тан түспейді. Температура мен ылғалдың салыстырмалы қолайлы режимі органикалық өмірдің алуандығын туғызады.

Таулы және су жайылатын жердегі қылқанды және жапырақты ормандар-дың түр алуандығы Тянь – Шань және осы ендіктегі өзге тау жүйелері үшін теңдессіз. Бүкіл Азияда аумағы жағынан шамалас, бірақ әртүрлі ормандар осылай жақын көрші орналасқан жер табылмайды.

Олардың бірі суық Солтүстік желдерінен жоталар арқылы қорғалып, мұз басу дәуіріне дейінгі кезеңнен, үштік уақыттан бері сақталған. Ормандардың алуандығы мен бұрынғы кезеңдердің өзге де реликтілілері өңірдің тірі табиғатына айрықша өзгешелік береді. Тау түзілуі кезінде бұрынғы жазық жерлердің біртіндеп үлкен биіктікке көтерілуі, бір жағынан, оларды мекен еткен топтардың өзгеруіне, екінші жағынан - жекелеген топтардың белгілі бір концервациялауына, яғни олардың жазықта қалған туыстары мен салыстыр-ғанда дамуының тежелуіне әкелді.

Тау етегіндегі жазықтар мен жоталардың бүгінде елді мекендер, антропо-гендік экожүйелер немесе күшті бұзылған жерлер алып жатыр, бұл Батыс Тянь – Шаньға салыстырмалы оқшау, аралдық сипат береді. Сырдария мен Талас өзендерінің аңғарларынан Тянь – Шаньның таулы ормандары мен қарлы шыңдарына дейінгі табиғи экожүйелердің бұрынғы біртұтас кешені қазіргі кезде жасанды мәдени ландшафтармен бөлінген.

Таулы рельеф ылғал мен қамтамасыз етіп, солтүстік желдерден қорғап ғана қоймайды, сондай-ақ адам әрекетінің табиғат жүйелеріне тигізер әсерінің шамадан тыс өсуін тежейді. Күшті тілімденген рельеф табиғи экожүйелерді сақтаумен сыйыспайтын егіншіліктің дамуын шектейді. Тау ежелден көшпелі мал шаруашылығының жайылымы болып келеді. Көшпелілер көптеген ғасырлар бойы жайылымдарды тұрақты пайдалану тәсілдерін қолданып отырды, сондықтан экожүйелер белгілі бір өзгеріске ұшырағанымен негізінен сақталды. Өңірдің биоалуандығына елеулі қауіп төнген ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында пайда болды, яғни бұл кезеңге қарай бұрынғы көшпелі мәдениет жойылып, мал санымен мал бағу әдісі шөп және орман экожүйе-лерінің сақталуымен сәйкес келмеді. Оның үстіне осы өңірдегі халық санының ерекше өсуі де өз әсерін тигізбей қоймады. Бұл жыртылған жердің, жол желісі-нің, елді мекендердің, көбеюінен, өнеркәсіптің, оның ішінде кен өндірісінің дамуынан көрінді. Нәтижесінде барлық табиғи экожүйелердің жағдайы күрт төмендей бастады.

Оңтүстік-Батыс Тянь-Шаньға кіретін Қаржантау жотасы топырақ қабаты жағынан Тұран фасциясына жатады. Оңтүстік-Батыс Тянь–Шаньның төменгі бөлігін, шамамен 1000 – 1200м биіктікке дейін сұр топырақ алып жатыр.

Тау етегіндегі жазықтарда ашық түсті сұр топырақ тараған. Шамамен 300 – 400 м биіктікте ол кәдімгі сұр топырақпен алмасады, оның өзі 600 -700м биіктікке күңгірт сұр топыраққа ауысады.

Тау бөктеріндегі жазықтардың жоғарғы бөлігін ірі дәнді жарты саваннаның тік аймағы ағып жатыр (600-1200 т.д). Сұр қоңыр топырақ, тек сол топырақ типіне тән белгілер бар [28] .

Таулы және тау бөктеріндегі сирек аршалар аймағындағы бұталар және ірі шөпті жарты саванна (1200-2400 т.д.) Солтүстік беткейде таулы қоңыр топырақтан, оңтүстік және батыс беткейлер таулы сұр-қоңыр топырақтардан тұрады.

Биік таулы далалық-шалғынды субальпілік белдеу (2400-3000 т.д.) таулы далалық-шалғынды субальпілік және далалық-таулы су топырақтардан тұрады. Ал биіктаулы далалық шалғында альпілік (3000-3600 т.д.) белдеуде топырақ жамылғысында биіктаулы далалық-шалғынды және альпілік далалы топырақтар басым келеді.

Биік таулы нивальды аймақта (3600 және одан жоғары т.д.) топырақ    жамылғысы және қиыршық тас үйінділері кездеседі.

Аршалықтардың қоңыр, таулы-орманды қоңыр және биіктаулы шымтезектелген топырақтар таралған белдеулердегі көлбеу және  төменгі ылдыйлы беткейлерде бай топырақтар пайда болады. Бұл топтағы топырақтар  өте күшті қарашірік саласымен және құрамындағы қоректік элементтердің көптігімен ерекшеленеді.

 

Тау аңғарларында және тік беткейлерде топырақтар өзінің қарашірігі аз тасты және өте қиыршық тастылығымен, құрамындағы қоректік элементтердің аздығымен сипатталады.

Топырақ: Қызылқұмның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі өсімдіктердің сирек өсуі және температураның жоғары болуы, ылғалдың аз түсуі және оның бірқалыпты түспеуі топырақ түзілу процесіне әсер етеді.

Қызылқұмның оңтүстік-шығысында топырақ қабаты бірнеше түрден тұрады. Зерттелген ауданда көп кездескен сұр және құм топырақтар. Бұл туралы жан-жақты зерттеп жазған ғалымдар Г.Жихарева, А.Б.Курмангалиева, А.А.Соколов [29].

Берілген  алаңқайдағы зерттеген кезде шығарылған қорытынды, топырақ құрамы құмдақ. Шөл даланың басқа топырақтардан айырмашылығы (тақыр-дан, сұр күлгін топырақ) топырақ құрамында гумустың өте аз мөлшерде болуы (<0,3-0,4%) сіңірімділігі аз (1,5-2,0 мг-экв. 100 г топырақ-қа). Бұл жерде топырақ түрленуі физикалық жел қақатауынан болады. бұл топырақтың ең қолайлы ерекшелігі жақсы құрғақтылығында.

Міне Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайы жоғары-дағыдай болып келеді.

 

 

 

2 ЗЕРЗАТ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

 

Зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құмды шөлді аймақтардағы және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Батыс Тянь-Шань таулындағы өсімдіктер қауымы алынды.

Далалық-экспедициялық зерттеу жұыстары 2010-2012 жылдары маршрут-ты әдіспен жүргізілді. Гербарий жинау және оларды өңдеу жұмыстарына жалпыға бірдей А.К.Скворцов [30] жылы қабылданған гербарий жинау және кептіру әдістемесі бойынша жүргізілді және таксондарды айқындауда салыстырмалы морфологиялық-географиялық әдіс қолданылды. Жиналған гербарийдегі түрлерді анықтау, жүйелеу және олардың конспектісін түзу үшін «Қазақстанның өсімдіктері» [31], «Флора Казахстана» [32], «Иллюстриро-ванный определитель растений Казахстана» [33], «Определитель растений Средний Азии» [34], «Список сосудистых растений Казахстана» [36], еңбектері пайдаланылды [35, 37, 38, 39].

Өсімдіктердің түрлері мен туыстарының латынша атаулары С.К.Черепановтың [40], ал қазақша атаулары С.Арыстанғалиевтің [41] еңбектерінен алынды, сонымен қатар, тұқымдасының тізімі мен конспектісі А.Л.Тахтаджяның  [42] жүйесі бойынша жасалынды.

Тіршілік формаларын талдауда C.Raunkier [43], И.Г.Серебряковтың [44]   еңбектері пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Эндемикалы өсімдіктердің таралуы

 

Жоғарыда айтылғандай, Оңтүстік Қазақстан облысы орналасу жеріне қарай өсімдіктер дүниесіне бай келеді. Соның ішінде дәрілік өсімдіктер, халық шаруашылығында маңызы зор бірақ сиреп бара жатқан өсімдіктер саны көп. Олар осы облыстың әр территорияларында түрліше таралған. Соның ішінде басым көпшілігі далалы жермен таулы аймақтарда. Олар өсу орындарына, биологиялық ерекшелігіне қарай жойылу жолдары әртүрлі болып келеді.

Осындай ерекшеліктеріне қарай, эндемикалы өсімдіктерді екі экологиялық топқа жүйелеп қарастырамыз: 1,2 кестелер.

Осы дипломдық жұмысты зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып жазыл-ды. Мәселен: сирек кездесетін өсімдіктердің алпысқа жуық түрімен танысып, оның әрқайсысын жүйелеп, ерекшеліктерін көрсетіп сараптама жасадым.

 

 

3.1.1 Таулы аймақтарда кездесетін эндемикалы өсімдіктер

және олардың биологиялық ерекшеліктері

 

Құртқашаш – көп жылдық, жер асты сабақты шөп тұқымдас өсімдік.  Құртқашаш бірнеше түп болып орналасады. Жапырағы жалпақ, орақ сияқты, гүл ірі, өрген шаш тәрізді.  Бұл өсімдіктің ерекше бір қасиеті-вегетивті түрде жер асты сабақтарын көбейте алатындығы. Қазақстанда құртқашаштың 21 түрі өседі. Соның ішінде сирек кездесетін екі түрі – касатик Людвига және касатик Альберта. Біріншісі тек Шығым Қазақстан облысында, Бұқтарма өзенінің жағалауында және Нарым жотасының етектерінде, Қатон-Қарағайда кездессе, екіншісі тек Іле-Алатауының жоталарында ғана өседі. Құртқашаш әсем өсімдіктер қатарына жатады.

Бадам (миндаль) – раушан гүлдері тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Қазақстанда бұл өсімдіктің екі түрі – Ледебура және Перунникова бадамдары таралған. Біріншісі Алтай және Тарбағатай тауында кездеседі де, екіншісі Батыс Тянь-Шаньда, Шатқал, Піскем және Өгем жоталарында ғана өседі. Бадам (миндаль) биіктігі екі метрге дейін баратын бұталы өсімдік. Сабақтары бұтақты, бұтақтары қысқа, жапырақтары ірі келеді. Ұзындығы 2,5-7,5, ал көлдеңені 2 см. Мамыр, маусым айларында жапырағы шығысымен гүлдейді.  Гүл қызғылт түсті әсем өсімдік. Шілденің басынан тамыздың орта кезіне дейін жеміс береді. Бадам – жылу мен жарық сүйгіш өсімдік. Қуаншылық пен суыққа да төзімді.

Асаймұса – биіктігі 2-3 метр бұтақты өсімдік. Сабағының қабығы боз, май айында гүлдейді., тамызда жеміс береді. Асаймұса өте әсем  өсімдік. Қазақстанда асаймүса тек Талас Алатауында, Шатқал жотасында және Қаратауда таралған. Бұл бұта көбінесе құрғақ және сортаңдау жерлерде өседі. Асаймұсаның ағашы ұсақ-түйек қажетке жұмсалады.

 

 

 
  _Fantik_1625

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Жер сабын

 

 

Грейг қызғалдағы – Қазақстанда қызғалдақтың 30 түрі кездесетін болса, соның ішінде ең ірісі осы қызғалдақ. Бұл қызғалдақ гүлінің диаметрі әсіресе ашылған кезде 35-40 сантиметрге дейін барады. Сондықтанда Грейг қызғалдағаына кейде қызғалдақтың падишасы деп те атайды. Грейг қызғалдағы Шу-Іле тауларында, Талас Алатауында және Қаратауда кездеседі. Қазіргі кезде бұл айрықша қызғалдақтың түрі сирек кездеседі. Сондықтан да оны қорғау керек. Бұл өсімдікті сақтаудың ең оңай жолы оның пиязшығын және гүлін жергілікті тұрғындарға көктемде қазып алуға рұқсат етпеу қажет. Сондай-ақ, қызғалдақтар сақталған жерді қорыққа алынған деп жариялау керек.

Тасағаш – ильма тұқымдасына жатады. Биіктігі 20 метр, сабағы сұр, көкшіл түкті сүйекті өсімдік. Жемісі сүйекті келеді. Огың діңгегі өте қатты,оны өткір балтамен де шаба алмайды. Тасағаш негізінен Кавказда және Орта Азияда таралған. Қазастанның Оңтүстік шығысындағы таулы жерлердің тек шағын аймағында ғана өседі. Мұнда Іле-Алатауының орталық бөлігінен,

_Fantik_1636 

 

 

Сурет 2. Грейг қызғалдағы

 

 

Алматы қаласының төңірегіндегі Кіші Алматы шатқалынан тасағаштың жиырмаға жуық данасы табылған. Сондай-ақ Іле-Алатауының батысында, Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Қарақұнды өзенінің шатқалында көлемі 877 гектар өзгешелеу, сирек тасағаш тоғайы кездеседі [48]. Бұл орман алқабы 1970 жылы табиғаттың ботаникалық заказнигі деп жарияланады. Тасағаш көбінесе тік жарлар беткейінде, құз түбінде, тас үстінде өседі. Тамыр жүйесі 8-10 метрге дейін барады.

Арша – кипаристер тұқымдасына жатады. Қазақстанда аршаның бірнеше түрі өседі, соның ішінде азайып және құрып кетуге жақыны – қызыл арша. Сондықтан да бұл өсімдік «Қызыл кітап»-қа еніп отыр. Қызыл арша Қазақ-

станның таулы аудандарының ормандарында, әсіресе Алтай, Тарбағатай тауларында өседі. Аршаның  шипалық, топырақ бекіткіш қасиеттерімен бірге әсер ететін осы қош иісті қасиетті өсімдікті бей-берекет пайдаланбай, өсіріп отыру жергілікті халықтың міндеті.

Азайып бара жатуына байланысты адам баласына қорғауды қажет етіп отырған өсімдіктердің бірі.

_Fantik_1626 

 

 

Сурет 3. Арша

 

1- кесте. Таулы және тау етектерінде сирек кездесетін өсімдіктер

 

Туыс аты

Туыс аты

1

Тасағаш

15

Хантау тау сағызы

2

Бадам

16

Түйесіңір

3

Асаймұса

17

Жұмыртқа жапырақ түйесіңір

4

Грейг қызғалдағы

18

Қатты ұшқап

5

Арша

19

Тарғыл құртқашаш

6

Регель қызғалдағы

20

Алатау бәйшешегі

7

Корольков бәйшешегі

21

Корольков бәйшешегі

8

Кушакевич шиқылдағы

22

Кәдімгі тау сағыз

9

Сары лапыз

23

Ет жапырақ бадан

10

Жерсабын

24

Үлкен шырыш

11

Бес мүйіз склеротифия

25

Тянь-Шань шырышы

12

Шу-Іле штубендорфиясы

26

Ақшыл шырыш

13

Вавилов көбекқұйрығы

27

Қаратау түйетабаны

14

Құртқашаш

 

 

Регель қызғалдағы – бұл қызғалдақ өте әсем, сондықтан да ол өзіне ғылыми қызығушылық тудырады. Бұл түрдің ерекшелігі жапырағында болып табылады. Жапырағының бетінде сирек тарақ жүрген жолдай сызықтар бар үлкен жапырақ пластикасы үлкейіп, күн сәулесін қабылдауына көп көмектеседі. Регель қызғалдағы наурыз айында ерте гүлдейтін гүлдердің бірі болып табылад. Қызғалдақтар ішіндегі ең кішісі (жер бетінен орташа биіктігі 5-7 см),  яғни «алғашқы қарлығаш» деп аталады. Пиязшығы майда, ал жапырағы атап өткендей, жатып қалған, жұмыртқа пішінді, жапырағының ұзындығы 5 см, үстіңгі жағы қалың гофрирленген, кейбір түрлерінде кішкене

екінші жапырағы болады, ол жапырақ әлі дамып үлгермеген түрде болады. Гүлінің сабағы шіңішке келеді. Гүл жалғыз, ұзындығы 2.5 см. Ішкі жағы жасыл дақтары бар ақ түсті, сыртқы жағы күңгірт түсті болып келеді. Бұл қызғалдақ таудың тасты жоталарында, мал жайылымдық жерлердеөседі. Сондықтан да бұл Регель қызғалдағы жойылуға жақын түр деп есептеледі [46].

Сары лапыз және Кесселринг лапыз – сирек кездесетін түрлер. Ақпан айының соңында Шымкент облысының оңтүстігі мен Жамбыл облыстарындағы тау етектерінде өте ерте шығатын гүлдер – сары лапыз бен Кесселринг лапызын көруге болады. Бұл гүлдерді жаздың соңына дейін биік таудың жоталарынан да кездестіруге болады. Бұл екі түр бір-бірінен гүл шоғырының түстері арқылы ажыратылады. Мәселен: сары лапызда ол ашық сары түсті, ал Кесселринг лапызында ақшыл көк түсті болады. Олардың пиязшықтары, ұзын түтікшеге жалғасқан сыртын қағаз тектес қабатпен қапталған сияқты болады, жапырақтарының ені 1 см, ұзын сызық тәрізіді келеді. Гүлдерінің саны 1-3 қоңыраудан тұрады. Сары лапыз Орта Азияда, Афганистанда, Пакистанда, ал Кесселринг лапызы Орта Азияда кездеседі. Екі түрде улы, сондықтан да бұлар малға қорек болмайды. Бірақ көбінесе мал жайылым жерлерде өзінің санын азайтқан.

Корольков бәйшешегі – Жерорта теңізі елдері мен Батыс Азияда бәйшешектерінің 80 түрі кездеседі. Орта Азияда 3 түрі мекен етеді: Алатау, Корольков, Михельсон бәйшешектері. Бұл ерте көктемгі, нәзік, сыртқы түрлері ұқсас келетін бәйшешектер түстері бойынша ажыратылады.

Қырғыз Алатауында Алатау бәйшешегі және Корольков бәйшешегі кездеседі. Бұл өсімдіктер көп жылдық, ұзындығы 10-20 см. Жапырақтары ұзын сызықтық, жапырағының ұзындығы 10 см. Гүлшоғыры ашық-сары түсті, ал гүлтұғыры ұзын ақ түкті тәрізді болады. Ақпан, сәцір айларында гүлдейді. Қырғыз Алатауының батысында өседі.

Шу-Іле штубендорфиясы – реликті, эндемикті түрлер қатарына жатады. Көп жылдық, биіктігі орташа есеппен 30 см. Тамырын шіріген жапырақ қалдықтары жауып жатыр, сабағы жалаң, тегіс, ортасынан бастап бұтақталып келеді. Тамыр түбіндегі жапырақтар жұмыртқа, ланцетник тәрізді келеді. Гүлдері ақ, сыпырғыш гүлшоғырларына жиналған. Мамыр айында гүлдейді. Шу-Іле тауының тасты Хантау жотасында өседі. Жойылу қаупі төніп тұрған өсімдік.

 

_Fantik_1627 

Сурет 4. Рауаш

 

Вавилов көбенқұйрығы – жойылу қаупі бар түр. Батыс және Орталық Азияның ең көп тараған тыстарының бірі, морфологиялық құрылымы жағынан әртүрлі 600 түр есептеулі. Бұлардың ішінде ұзындықтары 1,5м мен 70см-ге дейін жететін түрлері бар. Кейбіреулерінің жапырақтарының ұзындығы 50см, нәзік және тікенексіз, ал кейбіреулерінің жапырақтары қатты болып келеді. Бұның, яғни морфологиялық әртүрліліктің бәрі – экологиялық жағдайлардың әсерінен пайда болады [47]. Қазақстанда 60 шақты көбнқұйрықтың түрі бар, осының 1/3-і эндемикті, соның ішінде ерекше қорғауға алынғаны Вавилов көбенқұйрық. Бұл көпжылдық, ұзындығы 40 см, сабағы жіңішке бұтақталған, жапырақтары жұмыртқа пішіндес, жапырақтарының ұзындығы 20см, жапырақтарының шеті тілімденбеген, сабағындағы жапырақтары майда болады.

Жұмыртқа жапырақ түйесіңір – бұл түрге  белгілі ботаник М.Г.Быков сипаттама [48] жазады да Қазақ ССР Ғылым академиясының ботаника бағының тұқымдық қорына «Пизопирум теретифолиум» деген латынша атпен енгізеді. Ал 1937 жылы академик В.Л.Коморов латынша атын өзгертіп «Атропаксис теретифолия» деген атпен «ССР флорасының» алтыншытомына енгізеді. Бұл биіктігі 5-20 см келетін жатаған өсетін, ыстыққа төзімді бұта немесе жартылай бұта тектес өсімдік. Иректеліп өсетін қысқа бұталарының сырты қоңырқай қабықпен қапталған. Жұмыртқа тәрізді етженді жапырақ-тарының ұзындығы 1-2,5 см, көлденеңі 1-2 см. Түсі ақшыл-жасыл, жиектері ішіне қарай оралып жатады. Езын гүл сабағына бекитін гүлдері бір жылдық бұтаққа шығады. Гүл қоршауы бес гүлжапырақтан тұрады, түсі күлгін, көлденеңі 4-5 мм. жетеді. Қарақоңыр түсті жаңғақ жемісі үш қырлы жұиыртқа немесе қандауыр тәрізді пішін бар. Бұл түр де аз жерге өседі. Негізінен Бетпақдаланың азғана жеріне тарағн. М.Г.Поповтың [49]  көрсетуі бойынша үштік дәуірден сақталып қалған реликт өсімдіктер қатарына жатады. Бұл да аздығына байланысты өскен ортасын қорғауға алып, тараған жерлерін игеруге тыйым салмаса, құрып кету қаупі туып тұрған өсімдік.

Түйесіңір. Табиғатты бағалайтын қауымға жаз кезінде Алматы қаласына барғанда Қ.А.Тимирязев атындағы көшенің бойында, тау жақ беткейге орналасқан Қазақ ССР ғылым академиясының Ботаника бағына міндетті түрде соға кетуіне сәйкес бергіміз келеді. Бақтың орталық қақпасынан кіргеннен кейін қарсы алдыңызда жасыл түсті газондық шөптермен безендірілген аллеялар, түрлі-түрлі раушан гүліне малынған гүлкөмбелер шығады. Қызметкерлер бақтың бір бұрышын «Америка» деп атайды. Себебі ол тоқымайды жерге Америка өсімдіктері топтасқан. Оны аралап өткен соң Тянь-Шаньормандары кездеседі. Яғни, сіз бар болғаны бірнеше минуттың ішінде «Америкадан» асқар Алатауға жетесіз. Оқырман енді байқаған болар, бақта жер шарының әр түкпірінің өсімдіктеріне деке орын берілген.

Тянь-Шань экспозициясының ашық алаңынан көзге алыстан барлық бұтақтары солғын күлгін түске малынған бір бұта кездеседі. Бұл тарандар тұқымдасына жататын түйесіңір өсімдігі. Бұл туыстың Қазақстанда 14 түрі өседі. Оның төртеуі эндемиялық. Ал Мушкетов түйесіңірі өте аздығына байланысты табиғат қорғаудың «Қызыл кітабына» енді. Жұмыртқа жапырақ түйесіңірі де республикалық деңгейде қорғауды өте қажет етеді.

Тарғұл құртқашаш (ирис тигровый). Бұл жер өрмелеп өсетін тамыр сабағы бар, биіктігі 20см-ге жететін түр. Жапырақтары өркенінің түбіндегі шоқтарға бекиді. Тік өсетін сабағынан қызыл көк немесе сарғыш көк түсті жалғыз гүл шығарады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Табиғатта тұқымы арқылы көбейеді. Қазақстанда тек Алтай тауының беткейлерінде, негізінен Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Ащыбұлақ және Аққаба өзендерінің арасында кездеседі. Бұл таралу ареалы кең болғанымен өте сирек өсетін түр. Өскен жерлерін игеруден таралу ареалының өзі таралып келеді. Қыста мал жаюда бұл түрдің азаюына әсер етеді. Себебі мал тарпудан ашық қалған тамыр сабағы үсіп кетеді. Бұл түрді сақтап қалу үшін өскен жерінде заказник ұйымдастыру керек. Тарғыл құрқашаш әлі айтылған себептерден азайып табиғат қорғаудың одақтық «Қызыл кітабына» ендіріліп отыр. Қорыта айтқанда осы айтылған түрлерді құрып кетуден сақтау керек. Мұндай шараның жоғарыда айтылған құртқашаштың жүздеген тамаша сорт-тары мен формаларының болашағын үзбеуде, олардың генетикалық қоймасын сақтауда үлкен мән бар. Табиғат бұл түрлерге белгілі ашық реңдерді жинап берген.

_Fantik_1632 

 

Сурет 5. Қаратау жуасы

 

Ұшы қатты ұшқат. Қыста орманда өсіп тұрған бұталарды мамандар болмаса бір-бірнен айыру қиын. Жапырақтары селдірген бұтақтар өте ұқсас. Мамандардың өздері де туыстарды айырмаған түрлерін айыра алмайды. Дегенмен қыстың өзінде де атын жасырмай «мен мұндалап» тұратын бір өсімдік бар. Ол ұшқат өсімдігі. Бұл өсімдікті жыныс орманның ішінен оңай жаңылмай тануға болады. Бұл кезде, әрине жапырағы жоқ. Оның елесіне ақ түсті және басқа ұталарға ұқсамайтын өте жіңішке сидам бұтақтары бірден көзге түседі. Ұшы үшкірленіп бітетін бүршіктері әлі бұтаққа бір-біріне қарама-қарсы жатады. Олар да бұтақ сияқты ақ түсті. Басқа бұтақтардан тағы бір ерекшелігі ұшқат көктемнің келуін басқа өсімдіктерден бұрын сезеді. Қыс кезінде тоқтап қалған өмір нәрін қамтып қалу үшін басқа өсімдіктерден бұрын және тез қимылдап қауырт іске кіріседі. Қар кетер кетпестен жердегі суды сорып алып, бірден бүршігіне жеткізеді. Қыс бойы тыныш жатқан бүршікке тіршілік көзі – су барған соң оның ұшы жасылданан бастайды. Бұл бүршіктегі алғашқы жапырақтардың өсе бастауы. Ерте көктемнің келгенін алғаш сезетін көктем гүлі жауқазын болса, екінші осы ұшқат өсімдігі. Қыс кезінде бүршіктің сыртындағы қатты қабығы оның ішіндегі жас жапырақшаны суықтан қорғап, қымтап тұрады. Ал жапырақ болса бұл жылы тонның ішінде төрт бүктеліп күзден қалған азын-аулақ «жылуын» сақтап қозғалмастан тыныш жатады. Әрине оны қыс кезінде ұйқыға кететін аюдың немесе суырдың денесіндегі жылуымен, сыртындағы қабыршақ тоның аюдың жылы апанымен салыстыруға әсте болмайды. Бүршік ішінде жапырақ сыртқы ортаның жағдайына мәжбүр. Қыс қатты болып кетсеқабыршақ жапырақты үскірік аяздан, әрине қорғай алмайды. Мұндай ерекше жағдай табиғатты көп болмайды. Себебі табиғат пен өсімдік арасында мыңдаған жылдар бірге жүруіне байланысты «келісім» пайда болған. Бұл «келісімді» бейімдеушілік деу дұрыс. Ұшқат өсімдігі белгілі бір ортадағы қаңтардың аязына үсіп, тамыздың ыстығына күйіп кетпейтіндей болып бейімделген. Бұған сыртқы ортаның жағдайы да үйлесімді, шектен шықпай бір қалыпта сақталады.

Көктемнің алғашқы әлсіз жылыуымен бірге өсімдік денесінде су жүру басталады. Бұл кезде алғашқы жапырақ ұйқыдан оянғандай керіліп, көтеріліп, біртіндеп бүктелуін жаза бастайды. Жапырақ өсе келе сыртындағы «тонын» ашып тастап күнге шығады. Күн сәулесінен күш алған жапырақ тез өседі. Аз уақыттың ішінде қарам-қарсы орналасқан ұшқат жапырағы эллипс тәрізденіп өзіне тән бейнесіне енеді. Күн сәулесінің көмегімен өзі өсіп тұрған бұтақтың тіршілігінің жалғаса мойын алады, яғни фотосинтездің әсерінен бүкіл өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді. Жапырақтың жиегі ешқандай кедір-бұдырсыз, теп-тегіс болады. Егер жапырақты саусақпен сипап байқаса аздап жылылық сезіледі. Әдетте ішінде үздіксіз су жүріп жатқан жапырақ салқын алмай ма? Мұның сыры жапырақтың сыртындағысы қолға жұмсақ сезілетін түктерде. Түктер күн сәулесін қабылдап жылу шарпып тұрады да оны саусақ сезеді. Бұл жұмсақ түктер ұшқат жапырағының астында да, үстінде де болады. Сондай-ақ жапырақ сағағында және нәзік сабақтар бетінде бар. Бұл кезде жапырақтың қолтығынан гүл жасайтын бүршік жетіледі. Ол бүршіктен гүл сабағы жасалып,оның ұшында алғашқы кезде өте ұсақ бітеугүл көрінеді. Бітеугүлдер жетілген кезде екіден жұп жасап орналасатындығы белгілі болады. Ұшқаттың басқа органдары сияқты бітеугүлдің бетінде де қысқа және ұсақ түктер бар. Олар лағаш жасыл түсті болса, кейін біртіндеп ағарып, саны да көбейеді. Бітеугүлдерден жұп гүл жасалады. Ұшқатта бұлай жұп гүлдің болуы ұшқат өсімдігіне тән қасиеттің бірі. Ұшқат көктемнің аяқ кезінде ғана гүлдейді. Бұл кезде бұтақтары жасыл жапырақтан жазғы үлгіге арнап сәнді «көйлек» киіп құлпырып алады. Қыстағы сидиған жіңішке шыбықтар танымастай болып өзгереді.

Ұшқаттың ақ түсті, ұсақ гүлінің таңқаларлық ерекшелігі еріксіз назар аударады. Гүлінің бір күлтесі гүлтабаныныа биіктеу және қашықтау орналасса, төрт күлте төменгі жағында топтасады. Бұл аздап адамның қолының саусақтарына ұқсайды. Жоғарғы күлте қолдың бармағы сияқты, басқа гүлдерді бақылаушы сияқты оқшау тұрады. Гүлдің күлтелерінің арасынан бес аталық және жіңішке аналық мойны қылтиып шығып тұрады. Бұл бір үйлі, қос жынысты өсімдік.

Ұшқаттың гүлдену мерзімі онша ұзаққа созылмайды. Біраз уақыттан кейін ақ күлтелер сарғаяды да, көп кешікпей кеуіп түсіп қалады. Бұдан тек аналық түйін ғана сақталып қалады. Ол біртіндеп өсіп, үлкейеді де, жаздың орта кезінде қызыл түсті домалақ жылтыр жидек жетіледі. Өте әсем шырайлы жеміс гүлдері сияқты жұбымен бір-біріне тығыз орналасады. Олар жасыл жапырақтармен бірге лағыл тастан жасаған моншаққа ұқсап ашық және әсем көрінеді. Бұл жемісті құстар жеп, осы арқылы тұқымның басқа жерге таралып, ұққаттың көбеюіне себепші болады. Ұшқат бұтағының қасиеті де басқа бұталарға ұқсамайды. Бұталары жіңішкелігіне қарамастан өте қатты.. Майыстырғанда сына қоймайтын шымыр және ауыр болады. Осы қасиетіне байланысты ұшқаттың бір түрінің аты да қойылып, оны латыншадан аударғанда «сүйек ағаш» болып шығады. Бұрын ұшқат бұтағынан мықтылықты қажет ететін мылтықтың сүмбесі, қамшының сабы сияқты заттар жасаған. Ұшқаттың туыс аты лоницера, XVII ғасырдағы ботаник Адам Лоренцанның құрметіне қойылыпты. Ұшқаттар тұқымдасына жататын биіктігі 1-1,5, кейде 3-4 метрге жететін, әжептеуір көп тіршілік ететін бұта тектес өсімдік. Суықтыққа, ауруға төзімді, декоративтік мақсатта кесінділеуге жақсы көнеді. Сондай-ақ бұл газға да шыдамды. Сондықтан Қазақстанның өндірістік аудандарын көгалдандыруға ыңғайлы. Әсіресе гүлдеген және жеміс берген кездеріндегі жемдік сапасы өте жоғары. Бұл ежелден көгалдандыру және орман шаруашылығы мақсатында пайдаланып келеді. Мұның жеке түптерін де, топтап та және тірі қоршау ретінде де өсіруге болады. Жеке түптерін қазып алып басқа жерге отырғызса жақсы өседі. Бұқ туыстың бұтағының қаттылығына байланысты қазақша «ұшы қатты» деген сөзден «ұшқат» деген ат шыққан болу керек. Жер шарында ұшқаттың 200, СССР-де 50 түрі тараған. Қазақстанда 21 жабайы түрі кездеседі. Қазақстанда ұшқаттардың ішінде аз кездесетін және эндемдік түрлері бар.

 

 

3.1.2 Далалы аймақта кездесетін эндемикалы өсімдіктер

және олардың биологиялық ерекшеліктері

 

Далалы жерлерде бәйшешек сияқты азайып бара жатқан әсем өсімдіктерді де өсіруді қолға алса нұр үстіне нұр болар еді. Мектеп басшылары мен оқытушылары, оқушыларға бұл тамаша өсімдіктің әсемдік мәнінің түсіндіріп, қорғау жөнінде түсініктер беріп отырғаны жөн. Қысқасы бұл өсімдікті халық болып қамқорлыққа алу қажет. Енді бәйшешектің Қазақстанда өсетін түрлеріне тоқталайық.

Королков бәйшешегі (шафран Королков). Бұл Алатау бәйшешегіне қарағанда аз кездесетін түр. Қазақстанның оңтүстігінде, Қырғыз Алатауында, батыс Тянь-Шань және Қаратауда өсетін эндемдік түр. Ол жерлерде аласа қырқалардан бастап аршалы жоталарға дейін көтеріле алады. Өркеннің биіктігі 10-20 сантиметрге жететін шағын өсімдік. Түйнекпиязының түрі сопақша немесе домалақ,сыртқы қабыршағындағы талшықтары параллель немесе аздап тор тәрізденіп шатасып кетеді. Қоңырау тәрізді гүлдерінің түсі ашық сары,

_Fantik_1633 

 

Сурет 6. Жуа

 

 

кейде қоңырқай. Бұл түрдің бір ерекшелігі гүлі күн ашық кезде  ашылады да, бұлтты күндерді және түнде жабылып қалады. Гүл сабағының түбінен жасыл түсті жіңішке жапырақтар шығарылады. Алатау бәйшешегінен кешірек, март, апрель айларында 18-25 күн бойы гүлдеп тұрады. Жапырақтары гүлдерімен бірге немесе сәл кешірек өсіп, гүлдеп біткен кезде толық жетіледі. Алматы ботаника бағында 1969 жылдан қолдан өсіріледі, көп күй таңдамайды. Табиғаттағы жабайы түрлерінің кез-келген өсу фазасында қазып алып, жаңа жерге отырғызуға болады. Тіпті гүлдеп тұрған кезде гүлімен әкеп отырғызса да өсіп кетеді. Құнарлы топырақта вегетативтік жолмен оңай көбейеді бір жылдың өзінде 3-4 түйнекпияз бере алады. Бұл жағдайда гүлдерінің көлемі де ұлғаяды. Тұқымдарын күзде сепсе көктемде жаппай өніп шығады, 3-4 жылдар гүлдейді. Бір егілген жерінде табиғи түрде тұқымдарын шашып өздігінен көбейе береді. Бұл да ерте көктемнің әсемдік сапасы жоғары өсімдігі.

Түйнекпияздарын 100-200-ден топ-тобымен арақашықтығын 7-10 санти-метрден асырмай отырғызу керек.  Түйнекпияздың тереңдігі 5 сантиметр етіп егіледі. Көп өсірілген жерлерінде аналық аузын тағамдарды бояуға пайдала-нуға болады. Бұл айтылған екі түрдің де өскен жерлерін заказникке айналды-

2-кесте. Далалы жерде сирек кездесетін өсімдіктер

 

Туыс аты

Туыс аты

1

Гүлтобылғы

13

Кәдімгі адыраспан

2

Қайың

14

Балқаш түйетабаны

3

Дермене

15

Бетпақдала түйетабаны

4

Кәдімгі пісте

16

Ұлдана түйетабаны

5

Түктігүлді шренкия

17

Риандар

6

Минквиц примуласы

18

Резниченко рианы

7

Крашенинников канкринелласы

19

Бор риан

8

Қызыл жыңғыл

20

Құртқашаш

9

Ұзын жыңғыл

21

Аласа құртқашаш

10

Құм қашқыны

22

Альберт құртқашашы

11

Медуза жүзгіні

23

Қар тесер гүл

12

Итшомырт шырғанақ

 

 

 

рып қорғауға алу қажет. Табиғаттағы жабайы түрлерінен әсемдік сапасы жоғары, жаңа сорттар шығаруда теориялық және селекциялық мәні бар. Аты әлемге әйгілі бәйшешектің жабайы түрлерінен айырылып қалған жағдайда жаңа сорттармен будандар шығару мүмкіндігі азаяды. Сондықтан адам баласына қуаныш әкелуге асығып тұратын бәйшешекті мәпелеп, қорғау көптің ісі болмақ.

Итшомырт шырғанақ. Бұл түрі әлі одақтық «Қызыл кітапқа» ене қойған жоқ. Алайда топ тоғайларының қазір жойылуының тездігіне байланысты республикалық «Қызыл кітапқа» еніп отыр. Алтайдыға Катун және т.б. өзендердің бойынан, Бурятиядан әлі де топ тоғайларын кездестіруге болады. 1975 жылғы есеп бойынша Одақ бойынша шырғанақ 10 мың гектар жерге өседі. Шырғанақ туысының ішінде шипалық, тағамдық мәні зоры итшомырт шырғанақ.Бұл шырғанатқтың піскен жемістері ащылау, оның есесіне алғашқы аязға ұрынғаннан кейін жағымды қышқыл дәмге ауысады. Ертеден Сібіліктер сырттан келген меймандарын шырғанақ жемісінің жасалған тосаппен, тағы басқада тағамдарға қосқан. Қазіргі зерттеушілерде шырғанақ жемісінің тағамдық сапасының өте жоғары екендігін мойындап отыр. Шырғанақ жемісі нағыз витамин қоймасы. Оның мөлшері 900 мг/процент. Одан кейін каротин немесе А витанмині 60 мг/процент. Шырғанақтан өсімдіктерде өте аз кездесетін, адам организмінің ішкі секреция бездерінің қызметін күшейтіп, зат алмасуды реттейтін Е витамині табылады. Бұлардан басқа В6, Ғ, Р витаминдері, фоли қышқылдары барлығы анықталды. Жемісін 8 процентке дейін, май 3,6 процентке дейін қант және 2,6 процент инозит, органикалық қышқылдар, илік заттар, темір, бор, марганец сияқты микроэлементтер де алынады. Жеміс құрамында болатын майдың шипалық қасиеті өте жоғары бағаланады. Оның жағымды дәмі, ашық түсі 8 процент майға байланысты. КСРО Денсаулық сақтау минстрлігінің ғалымдары шырғанақ майымен операциядан кейін жараны, күйікті. Үсікті, дененің ойылуын, тері туберкулезін, құлақтың, тамақтың, мұрынның қабынуын, көз ауруларын т.б. көптеген басқа ауруларды емдеуге болатындығын анықтап отыр. Асқазан рагын сауле арқылы емдеген кезде шырғанақ майы ішуді ұсынады. Шырғанақ майын ауруды бәсеңдету үшін, балалар көбіне ішуден бас тартатын балық майының орнына пайдаланады. Алайда бұқ барлық адамға бірдей пайдалы емес. Мысалы, холецистет және қарын асты бездерінің ауруы бар қартаң адамдарға ішуге болмайды. Шырғанақтың шипалық қасиетін халық ежелден білген. Ертедегі монғолдар мен тибеттер жеміс пен жапырақ қосылған қайнатпа буынның сырқырап ауруына бірден-бір дауа. Косметикада жеміс қайнатпасын шашы түсу қаупі туса ішуге немесе жағуға пайдаланылады. Итшомырт шырғанық шығыс бен Батыс Сібірде тараған, аздап Орта Азияда кезедседі. Бұдан біраз уақыт бұрын Кавказдағы Балқар, Баксон аңғарларында, Азербайжанда Самур өзенінің аңғарларындағы шырғанақ күтімсіздіктің салдарынан құрып кетекн. Шырғанақты көбейтіп, табиғи қорын болашаққа сақтап қалу үшін елімізде бірқатар шаралар жасалуда. Қазір бұқ өсімдікті қолдан өсіріп, табиғи қорын қорғау қолға алына бастады. Бұл мақсатта шырғанақтың жабайы өскен тоғайларын кеңейту, совхоздарда, орман шаруашылықтарында өндірістік плантациялар жасалуда. Сібірде 5500 гектар. Алтайда 2000 гектар жерге шырғанақ қолдан өсірілуде. Қазір Алтайдағы Катун, Чульшман, Чук, Тешкин, Жиде, Селенга, Иркурт, Өзбекистандағы Заравшан, Қырғызстандағы Жерғалат, Қызылұйғыр өзендерінің, Ыстықкөл жағасындағы, Кавказдағы Баксон және Терек өзендерінің аңғарларындағы шырғанақ өсетін тоғайларды заказникке айналдыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Қазақстанда Іле және Алматинка өзендерінің жағасындағы шырғанақ тоғайын заказникке айналдыру көзделуде. Бұл әрине қуанарлық жағдай. Алайда басқа жерлерде өсетін топ тоғайлары да назардан тыс қалмаған жөн. Шығыс Қазақстанның Кендірлік өзені жағасындағы, Талдықорған облысындағы ірі шырғанақ тоғайларын да заказникке айналдыру кешіктіруді күтпейтін мәселе. Алматы облысының ұйғыр нарынқол ауданының Текес, Байынқол өзендерінің аңғарларында, Көмірші, Шибут, Қошқар сайларында әжептеуір шырғанақ қоры болған. Жергілікті халық оны қамқорлыққа алуы тиіс. Жақын жылдардың ішінде шырғанақты коллективтік бақтарда, жекеменшік және мектеп айналасындағы учаскелерде, ауруханалар мен саниторийлердің, демалыс үйлері мен бала бақшалардың ауруладында өсіру қажет. Шырғанақты қандай жерге болса да тұқымдар, тамыр атпалары, сидам шыбықтары арқылы және өркенін қаламшалап өсіруге болады. Шырғанақ әр гектарынан шамамен 2-5 тонна өнім береді. Ал алдыңғы қатарлы шаруашылықтары 21-50 тоннаға дейін өнім жинайды. Шырғанақтың баяу өсетіндігін ескеру керек. Сондай-ақ ол екі үйлік өсімдік екенін ұмытпаған жөн, яғни аталық гүлі бір өсімдікте болса, аналық гүлі екінші өсімдікте болады. Сондымен қатарда 1-5 түп аналық өсімдіктен кейін бір топ аталық өсімдік болу керек. Бұл аналық өсімдіктердің тозаңдануын толық қамтамасыз етеді. Өсірген жерде тек аналық өсімдік болған жағдайда шырғанақ гүлденгенмен тозаңдана алмайтындықтан жеміс бермейді. Есейген кезде көрші тұрған түптер бір-біріне жақындап тиісті тұруы және жерде қалың қара шірік пайда болуы тиіс. Бұқ болашақта шырғанаштың жауы шырғанақ шыбынының көбеюінен сақтайды. Топырақ қопсытылып, арамшөптен тазартылып, өсімдікке жел жақсы тиетіндей болғаны жөн. Жел шырғақтың тозандануын қамтамасыз етеді. Бұтақтың бетінде қотыр пайда бола бастаса, оны кесіп алып өртеп жіберу керек. Шырғанақ суыққа өте төзімді. Оңтүстіктің құрғақ ауасына да шамасы келгенше шыдап бағады. Топырақты көп талғамайды, тіпті құмда да өсе алады. Тамыр атпалары арқылы жан-жағына жабыла өсіп кететіндіктен құлама жарларда, тас және темір жолдарда қазылған орлардың топырағын бекіте алады, құмдардың қозғалуына тосқауыл болады. Шырғанақты тоғайда басқа өсімдіктердің арасынан айыру қиын емес. Жас бұтақтары жылтыр болса кейін қызылқоңыр түске енді. Бұтағының ұшында ұзындығы 7 сантиметрге жететін тікені бар. Қандауыр тәріздес жіңішке жапырақтарының түбі қысқа сабақ арқылы сабаққа бекінеді. Үстіңгі жағы күңгірт жасыл да астыңғы жағы жылтыр және ақ түсті, гүлдері ұқсас. Аталық гүлдері қысқа масақ тәрізді гүл шоғырына біріккен аналық гүлдері қысқа гүлсабақтары арқылы бұтақтардың қолтығына шығады. Ұсақ гүлгін қызыл жемістерінің ішінде жұмыртқа тәрізді сопақша сырты жылтыр және сайлы, қоңыр түсті сүйектері бар. Апрель, май айларында гүлдеп, тамыз, қыркүйек айларында жеміс піседі. Көбіне өзен-көлдерінің, тау-өзендерінің жағасында, тауда жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың шекарасында өседі. Бұқ 30 жылдай тіршілік ететін өсімдік. 11-15 жылда жемісті көп бере бастайды. Одан әрі біртіндеп өнімі төмендейді. Шипалық мақсатта жемістерін қыркүйек, желтоқсан айларында жинайды. Тағам үшін жеміс пісіп, өзіне тән түсіне ие болған кезде жиналады, бұл кезде бұқтың құрамында витамин көп болады. Майын алу үшін кеш жинау керек. Жеміс жинаудың ең ыңғайлы мерзімі алғашқы аяз ұрған қыс кезі. Бұқ кезде ағашын қаққанда жемісі судырап жерге төгіледі. Түбі адам қолы жете алатын жерде болса жемісті қабықтан тоқылған корзинаға, тоқталып тұрған жерлерде берзентті, мата немесе синтетикалық жарғақты жайып, соған жинайды. Бұтақтар қағылған кезде олардың сынбауын қадағалау керек. Жемісті күн ашық кезде жинаған қолайлы. Себебі, күн сәулесінен жемістің қабығы аздап ериді де, жұлынғанда жеміс тісегімен бірге жұмсағының көбі ағашта қалады. Бұдан алынатын майдың біраз бөлігі кемиді. Жемісті таза шырынды немесе қатып тұрған күйінде бөлу керек. Жиналған жемісте піспегендері 1 зиянкестер бүлдіргендері, 1 минералдық қоспалар, 0,5 бұтақ немесе жапырақ қоспалары, 1 мыжылғанмен сөлі сақталғаны 35 проценттен аспау тиіс. Көп жатып қалған, піспеген, қарайып кеткен, құрттап кеткен, басқа исі бар, жентектеліп қалған жеміс пайдалануға жарамайды. Алыс жерге тасымалау үшін шырғанақ жемісі сыйымдылығы 150 метрлік ағаш күбіне салынады. Ол ыдыстардың және өте таза болуы қадағаланады. Ыдысқа жемісті мата дорбамен де тасымалдауға болады. Бір күн тимейтін жерге сақтау керек. Одан даярланған майдың күңгірт қызыл түсі және жағымды исі болады. Шырғанақ жемісінен Бийскідегі витамин заводы дәрі, улан-удэдегі, алкогольсіз сусындар заводы шырғанақ майын және басқа тағамдар жасайды. Шырғанақ өсіру шаруашылығы көп еңбекті қажет етеді. Десекте, Сібірдің бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Барнаулдағы қндірістік шаруашылығы шырғанақтың әр гектарына 961 сом пайда тауып келеді. Бұдан шығатын қорытынды Қазақстан жағдайында да осындай арнайы шырғанақ өсіретін шаруашылықтар ұйымдастыруға болады деген сөз. Оны алдымен Бейск қаласына тасымалдауға жақын және шырғанақтың жабайы тоғайлары бар Шығыс Қазақстан, Семей және Талдықорған облыстарында қолға алған ыңғайлы. Мұндай жағдайда шырғанақтың табиғи қорын көбейтуге мүмкіндік туар еді. Сондықтан да ауыл және орман шаруашылығы министрліктері мен мекемелер бұқ мәселеге тиісті мән беруі керек.

Құртқашаш. Айналадағы күйкі түгелдей ұмытып, бірнеше сағат бойы өлі тасқа немесе гүлге қарап рахаттана, ләззат алып бағдарлап отырып алатын адамдарды Жапониядан көптеп кездестіруге болады. Бестегі баласы мен сексенге келген қарттарына дейін мелшиіп, осылай бір нүктеге қарап отырып алатын ұлт жер жүзінде тек жапондар екен. Клото қаласындағы бақта табиғат ләззатына рахаттанып отырған адамдарды көруге шетелдік туристер де келеді. Июнь айында құрқашаш гүлденгенде жапондықтар жапылама «ханами» ұйымдастырады. Мұның мәне әлгідей гүлге телміріп бірнеше сағат отырып, рахаттану жоралғысы. Мамыр айының бесін жапондар ербалалар күні деп атап өтеді. Бұл кезде ер баласы бар үйдің бәрінің бұйымдарында құрқашаш бейнесі пайда болады. Құртқашаштың жапырағы қылышқа ұқсағандықтан әлгі жоралғы ұл бала ер жүрек, батыр болсын дегенге меңзейді. Сондықтан да құртқашаш жапон тілінде «батыр рухы» деп аталады. Бұрынғы кезде жапондықтар ұл балаларға арналған бесінші мамыр күні құрқашаш гүлінен әртүрлі аурауға ем ертінді дәрі қайнатқан. Құртқашаш гүлдерінің бейнесін шығыс халықтарымен римдіктердің галереяларын, ескерткіштерінен кездестіруге болады. Ондағы гүл өрнегінде үш күлте жапырақшаның жалпақ біреуі тік, шағындау қалған екеуінің ұштары сыртқа қарай иіліп тұрады. Египетте құртқашаш шешендік символы болған. Ал арабияда оған қарама-қарсы үнсіздіктің, қасіреттің белігіс ретінде зираттарға өсірген. Арабтар құрқашашты Солтүстік Африкаға, испанияға, Мексикаға  және Калифорнияға таратқан. Ал құрқашаштың көп таралғандығына қарамастан көп уақытқа дейін олар тек сұрғылт және шұбар құрқашашты ғана білген. 1840 жылға дейін әлгі түрлерден жүзге тарта жаңа сорттар шығарылады. Бұл сорттар клеткасында екі есе көп санды хромосомдары бар диплойдты құрқашаштар болатын. Хросом жиынтығын көбейтуге арналған эксперименттік полиплоидия әдісінің шығуы гүл өсіру шаруашылығының жақсы дамуына жол ашты. Екі еселенген хромосомдары бар құрқашаштарға жабайы түрлерді будандастыру Европада 300-ден аса түрі бар 30000-дай жаңа сорттардың шығыуына мүмкіндік берді. Бұл сорттардың барлығы орман және бақ құртқашаштары деген екі түрге ғана тән. өптеген ғасырлар бойы құртқашаш Флоренцияда көп өсірілген. Бір қызығы «Флоренция» деген сөздің өзі гүл өсіруге байланысты шығыпты. Оның аудармасы «гүлденген» деген мағына берген. Ол жерде құрқашашты өсірудің эстетикалық мәнінен гөрі пайдакүнемдік мақсат басымдау. Ол сұрғылт құрқашаштың тамырсабағында болатын 0,1-0,2 процент эфир майларын парфюмерияда пайдаланады. Флоренциядан құртқашаш шикізаты Франциядағы Грасс қаласына көптеп жіберілді. Парфюмерия өндірісінің орталығы болып саналады, бұл қалада дүние жүзінде аты әйгілі тамаша иіс майлар жасалады. Мұнда флоренция құртқашаштары Францияның өзіндегі Приванс қаласынан және Солтүстік Африкадан да түсіп жатады. Флоренция және Германия құртқашаштары сүйкімділігі жағынан Европадағы ақ мадонна деп аталатын құрқашашқа жете алмайды. Бір өкініштісі ақ мадонна суыққа шыдамсыз. Кейбір елдерде құртқашашты көркемдік мақсатта пайдаланады. Мысалы, пакистанда, АҚШ-та, Жапонияда құртқашаш жапырақтарынан әдемі тоқыма бұйымдар, жіп, щетка, мата, әк тас өңделген гүлдерінен жасыл, сия, көркем сурет және піл сүйегін бояйтын сұйық бояу жасайды. Орыс тілінде кейде құртқашашты кастик деп атайды. Бұл «қымбаттым», «жаным» деген мағына береді. Сондай-ақ орыстар бұл түрді петушок (балапан), бубенчик (сылдырмақ) деп те атайды. Көптеген өсімдіктердің ғылыми аттары, оның түсуіне, шипалық қасиеттеріне, сыртқы пішініне қарап халық қойған аттарына байланысты екенін байқау қиын емес. Сол  сияқты біз әңгіме етіп отырғанқұртқашаш немесе жыланқиақ өсімдігінің «ирис» деген аты грек тілінде кемпірқосақ (радуга) деген түсінік береді. Бұл ат құрқашаштың көк түрінің гүліне толық сай келеді. Олардың гүлдері шындығында әртүрлі әдемі түске еніп кемпірқосақ сияқты құбылып тұрады. Құрқашаштың көгілдір, сары, қызғылт, ақшыл көк, ашық көк, ақ гүлді түрлері бар. Құртқашаш көне заманнан бері әсемдік үшін қолдан егіліп келе жатқан өсімдіктердің қатарына жатады. Оны бұдан төрт мың жылдар бұрын Кіші Азияның, Сирияның, Полистинаның және Ливанның көп жерлерінде қолдан өсіріпті. Одан кейін Испаниядан, Францияда, италияда кең тарап ақсүйектердің кең сарайларының алдарына егілген. XIX ғасырда Англия мен Германияда өте әсем өсімдік ретінде белгілі болып тарап кеткен. Ал 1919 жылы Америкада арнайы құрқашаш өсіретін адамдардың қоғамы құрылып, олар әр он жыл сайын құртқашаштың суреттері бар каталог шығарып тұрған. Ол каталогқа құртқашаш өсіру жөнінде жер жүзі селекционерлерінің жұмыс қорытындылары жарияланды. Осындай адам құрметіне бөленудің арқасында құртқашаш дүние жүзінде мәдени сорттарының саны жағынан басқа пайдалы көпжылдық өсімдіктердің ішінде алғашқы орындардың бірінде тұр. Көңіл қуантарлық бірегей құбылма гүлі бар сорттары бізде де бар. Бұл тамаша сорттарды шығарған Ленинград ғалымы Г.И.Родионенко, Минск қаласының ботаника бағында құртқашаштың 300 түрі мен сортының коллекциясы жинақталған. Құртқашаш Қазақстан бақтары үшін де болашағы мол, көп жылдық әсем гүлді өсімдік болып саналады. Қылыш тәрізді жапырағы және жуан қысқарған тамыр сабағы бар бұл өсімдік әсемдік сапасы жағынан өте жоғары бағаланады. Суды жақсы сіңіреді, жеңіл және орташа топырақтарда жақсы өсе береді. Басқа көп жылдықтарға қарағанда күтімді де онша қажет етпейді, онша күй таңдамайды. Жарақатқа, аязға және ауруға әжептеуір төзімді. Көбейту әдісі де қарапйым, бір орында он жылға дейін тапжылмай өсіп, гүл береді. Күн сәулесі құртқашаштың өсуіне жақсы әсер етеді. Ашық жерде биіктеп өсіп ірі әрі көп гүл береді. Құртқашаштың ерекше әрі ғажап гүлдері архидейлердің гүлдеріне ұқсайды. Гүлдемес бұрын бітеу гүлі сыртынан қабықпен «құндақталып» тұрады. Ол қабық гүлді сыртқы суықтан қорғайды. Күн жылынып гүлге қолайлы жағдай туғанда гүл «құндақты» жарып сыртқа шығады да, бұл кезде қоңыр түске енетін қабық «қдақ» сыдырылып түсіп қалады. Күлтелерінің өте нәзік жағымды қош иісі болады. Құртқашаштың алуан түрлі гүлі бар және әртүрлі мерзімде пісетін сорттарын тандап алып өсірген жағдайда бақта гүлдеп тұру мерзімін мамырдан шілде айына дейін ұзартуға болады. Ол үшін өсіруші әр түрдің немесе сорттың гүлдеу, гүлдеп біту мерзімін біліп алуы керек. Мысалы, бір түп немесе сорт гүлдеп біте бергенде екіншісі гүлдей бастайтындай дәлдікпен отырғызылуы керек. Ол өсіруші адамның қиялына байланысты. Түстері әр түрлі өсімдіктерден неше түрлі көркем суреттер де жасауға мүмкіншілік бар. Қысқасы, құртқашаш адамның айтқанына көнеді, ол одан адамды қуанышқа бөлейтін үйлесімді көріністер жасау адамның эстетикалық талғамына, біліміне, табиғатқа деген сүйіспеншілігіне, қиялына байланысты. Қазақстанда әдемілігі жағынан құртқашаштың мәдени сорттарынан кем түспейтін жабайы түрлері бар, оларды көгалдандыруға болады. Құртқашаш гүлінің күлтесінің жоғары жағы біртіндеп жалпақтанып күлте алақанына айналады. Одан төмен қарай біртіндеп сүйірленіп түтікке айналып бітеді. Күлтелер саны алтау. Мұның бәрінің басын қосып гүл қоршауы (околоцветник) дейді. Гүл қоршауының ішкі үш күлтесі бастарын ішке қарай иіп, ұштарын бір-бірімен түйістіреді де күмбез жасайды, ал үш сыртқы күлтесі ұштарын сыртқа қарай иіп тұрады. Ішкі күмбез жасайтын күлтелерден ерекше болады. Құртқашаш гүлдері мықты және шырынды гүл сағағына бірден орналасады. Кейде ол гүл сағағынан 2-3 гүл шығарып, аз гүлді гүлшоғырын жасайды. Гүлдің төменгі жағын 1-3 орама жапырақтар қоршап жатады. Жапырақтарының пішіні қылыш тәрізді түзу, кейде ол орақ сияқты иіліп кетеді. өсімдік түрлеріне қарай жапырағы жалпақ немесе жіңішке болуы мүмкін. Ол жапырақтар гүлсағағының түбіндегі жапырақ шоқтарына жинақталады. Құртқашаштың гүл шығаратын өркендері жер астындағы жуан және қысқарған тамырсабақтарынан шығады. Жерге көлбей өсетін тамырсабақтың буын аралықтары бір-біріне өте жақын орналасатындықтан өркен шығаратын бршіктерінің де арақашықтығы жақын. Сондықтан бүршіктерден шыққан өркендер өте жиі өседі. Қолдан өсірген құртқашашты дүркін-дүркін сиретіп тұрудың қажеттігі осыдан туындайды. Бақтарда, үй және мекеме айналасындағы гүлзарларда құртқашаштан әртүрлі әсем композициялар жасауға болады. Бұл алуан түсті гүлдері бар көпжылдықтар арасында, гүлзарлардың жиегінде басқа түсті шөптермен жақсы үйлесім тауып тұрады. Сондай-ақ тегіс газондарға селдір отырғызылған гүлді өсімдіктер арасында, бұталар мен қолдан жасалған альпі және лепешіктер фонында да жақсы орын табады. Құртқашаш қай жерде, қай уақытта, қай мезгілде болса да басқа өсімдіктерден ерекше. Гүлі болмаған күннің өзінде жапырағы арқылы оны оңай айыруға болады.

Герман құртқашашы деген түрінің шипалық мәні бар. Оның тамыр сабағынан «шегіргүл тамыр» деген атпен медицинада және парфмерияда қолданылатын зат алады. Тамыр сабағында крахмал көп, аздап фруктоза мен маннозаға ыдырайтын полисахарид табылды. Су құртқашашы деген түрінде емдік заттар бар. Кейбір түрлерінің жапырағы С витминіне бай. Кейбір түрлерінің жапырақтарынан жуан талшықтар алынады, оны сыпыртқы жасауға пайдаланады. Құртқашаштың жемістері антибиотик болып саналады. Тибет медицинасы құртқашаштың тамыр сабағын, гүлін, тұқымын дәрі ретінде пайдаланған. Гомиопат дәрігерлері «шегіргүл тамырын» қорын асты сілекей бездерін емдеуге пайдаланады. Құртқашаш жапырағы оқу процесінде де өте қолайлы метериал болып саналады. Жапырағын мектеп программасында оқылатын жапырақтыңжүйкеленуін анық байқауға болады. Бұдан көлденеңінен кесінді жасауда оңай. Ол микроскоп арқылы дара жарнақты өсімдіктердің жапырағының ішкі анатомиялық құрылысын зерттеуге өте ыңғайлы объект. Түрлері мен сорттарының ерекшеліктеріне байланысты құртқашаш мамыр-маусым айларында пісіп жетіледі. Бұларды көбіне тамыр сабақтарын бөліп көбейтуге ең ыңғайлы уақыт шілде – қыркүйек айлары. Бұл жұмысты жүргізген жағдайда жақсы өсіп кеткенмен бірінші жылы нашар гүлдейді. Тамырсабағын бөліп көбейту үшін бір түпті тамыр сабағымен қазып алады да, оны бөлшектеп кеседі. Кәрі бөлім кесіліп тасталады. Тамырсабақ ірілеу бөлшектенетін болса, ол тез өсіп көп гүл береді. Тамыр сабақты бөлу жұмысы жазда немесе күзде жүргізілсе, суды аз буландыру үшін жапырақтарының көпшілігін қырқып тастайды. Қажет болған жағдайда күрекпен қырқып лауға болады. Мұндай әдіспен бөлген кезде бір жағынан өсіп тұрған өсімдік сиретіліп, жасартылу жүрсе, екінші жағынан жаңа жерге отырғызуға көп көшет алынады. Бөлініп алынған өсімдік қорытылған жұмсақ топыраққа отырғызылып, әбден өсіп кеткенше суарылып тұрады. Осылай вегетативтік жолмен көбейткенде өсімдікте сорттың немес түрдің генетикалық белгілері толық сақталады. Құртқашашты тұқымы арқылы көбейту тек жаңа сорт шығару мақсатында ғана жүргізіледі. Себебі, тұқым сол сорттың генетикалық белгілерін ұрпақтарына  береді. Көп түрлер мен сорттардың тұқымдары өну үшін алдымен бірақ уақыт мұздаудан өту керек. Сондықтан тұқымды қыстың алдында топыраққа немес қардың астында қалатын беті ашық ағаш жәшікке себеді. Одан келесі жылы көктемде өсіп шығады. Ол өскінділер күні бұрын даярланған мөлдектерге көшіріледі. Жақсы күтім болса ол келесі жылы гүлдейді. Бірінші жылғы гүлдері әдетте нашар болады, сондықтан өсімдіктерді сұрыптау жұмысын екінші жылы гүлденгенде жүргізу керек. Жаңа сорт шығаруды тұқымды өздігінен тозаңдағанжақсы сорттардан немесе осы мақсатта арнайы қолдан тозаңдырған сорттар мен түрлерден жинайды. Мұндай жағдайда сұрыпталып алынған жаңа формалардың саны артады. Мысалы, америкада жыл сайын 2,5 млн. Будан көшеттер өсіріліп, олардың 0,2 проценті ғана жаңа сорт ретінде сұрыпталып алынып, 99,8 проценті тасталады екен. Бұл жұмыста сорт жасалып жатқан жерде өсімдіктің жаңа қасиетінің қалыптасуы сол жердің ауа-райының жағдайына мәжбүр болады. Сондықтан әуесқойлар айтылған жағдайды ескеруі тиіс. Құртқашаш топырақта талмағанмен органикалық және минералдық тыңайтқыштар берген қолайлы. Мұндай жерде ол жақсы өсіп көп гүл береді. Ерте көктемде құрқашаш түптерінің айналасына қызған қи төгіп, жаздың аяғында  сұйық тыңайтқыш құйса жақсы нәтиже береді. Қи болмаған жағдайда 2-3 рет минаралдық тыңайтқыш беріледі. Ерте көктемде азот, калий жазда минералдық тыңайтқыштың толық қоспасымен тыңайтылады. Әсіресе ыстық оңтүстік аудандарда құртқашаш жақсы өсу үшін жеткілікті етіп суғарып тұру керек. Алайда судың аса көптігінен де ыстыққа қарағанда тез өліп қалатындығын ескерген жөн. Құртқашаш өзінің әсемдік сапасын 3-5 жыл бойы жақсы сақтайды, бұдан соң түп аралықтары сиретіліп отырылмаса сапасы төмендей бастайды. Сондықтан құртқашашты сиретіп, жасарту жұмысын жүргізіп тұруды да ұмытпау керек. Бізде бірнеше жабайы түрлерді будандастыру арқылы «буданды құртқашаш» деген атпен шыққан толып жатқан сорттар мен формалар бар. Будандастыру үшін бұған дейін негізінен ашық түсті ірі гүлді түрлері пайдаланып келеді. Құртқашаштың көптеген будандық сорттары негізінен ақшыл құрқашашты шұбар құртқашашпен, аласа сорттары аласа құрқашашты жатаған құртқашашпен будандастыру арқылы шыққан. Осы жолмен будандастыру арқылы шыққан құртқашаштың сорттары мен формалары өте көп, оны санау мүмкін емес. Осының өзі құрқашаштың адамға қанша құрметті екендігінің дәлелі болса керек.

Құрқашаштар (касатиковые немесе ирисовые) тұқымдасына жататын құртқаш (ирис немесе косатик) туысының Қазақстан жерінде 21 түрі өседі. Осылардың ішінде тарғыл құртқашаш деген түрі азайып кетуіне байланысты «Қызыл кітап»-қа ендіріледі. Сондай-ақ селекциялық мәнді эндемдік түрлері де бар.

 

 

3.2 Эндемикалы өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызы

 

Осы жоғарыда аталған Жамбыл облысында сирек кездесетін өсімдіктер-дің ішінде де денсаулық сақтау саласында және ауыл шаруашылығында маңызы зор. Әсіресе дәрілік өсімдіктер халық медицинасында өте маңызды. Сондықтан да олардың биологиялық ерекшеліктеріне және пайдалану орнын білу, маңызын білу өте-мөте қажет.

Дермене жусан күрделігүлдер тұқымдасының ішіндегі жусан туысының ішіндегі биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық жартылай бұталы өкілі. Бұтақшалары қызғылт түсті, жалаң әрі жылтыр, жоғары қарай тік өсетін болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сабақ жапырақтары ақшыл-жасыл түсті, тамырға жақын сабағы қоңыр жасыл. Гүлдері де уақ, себебі басына бірнеше себеттер құрып өсетін екі үйлі болып келеді.

Дермене жусан улы өсімдік, сондықтан онымен қалай болса – солай дәрігердің байқауынсыз емдеуге болмайды, кейде кісінің уланып қалу жағдайларда кездеседі.

Алатау бәшешегі (шафран Алатауский). Бұл жазық жерлерде, тау жайылымдарында, бйік таулардың етектерінде өсетін түрі. Негізінен Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарында кездеседі. Биіктігі 10-15 сантиметрдей ғана шағын өсімдік. Домалақ түйнекпияздарының яыртындағы қабықтарында параллель орналасқан талшықтары бар. Сабақтары өте нашар дамыған. Бір сабақтан көбіне жалғыз гүл шығады, қолайлы жағдай туса кейде бірнеше гүл де жетілуі мүмкін. Гүлқоршауы қоңырау тәрізді бөлімі жоғары қарай кеңи келіп алты тілімді күлте алақандарын жасайды, кейде гүл тілімдері алтыдан көп те болуы мүмкін. Гүл қоңырауының ішкі жағы ақ, түп жағы сары, сыртқы беті қара қошқыл, ақшыл көк, қоңыр сары түсті. Табиғатта ақшыл күлгін және ақ түсті түтігінің ішкі жағы ақшыл сары түбі ақгүлдер де болуы мүмкін. Гүлдің осындай алуан түсіне сары түсті аталықтары мен аналық жақсы үйлеседі, оған қайталанбас рең береді. Бұл түр Алматы ботаника бағында 15 жылдан өсіріледі. Олар баққа түйнекпияздары арқылы орын тепкен. Қолдан өсіргенде әжептеуір толғампаз екендігін байқатты. Алатау бәйшешегін гүлдеп бітіп, тұқымы жетіліп келе жатқанда ғана орын ауыстырып отырғызуға болады. Мұндай жағдайда көп тұқым алуға болады. Егер түйнек пиязын гүлдеп тұрғанда көшіріп отырғызса түгелдей өліп қалады. Далада гүлдеп біткен өсімдікті табу үшін, оны алдын-ала гүлдеп тұрған кезде белгілеп қою керек. Бұл өте ерте гүлдейді. Күнгей беттерде қар жаңадан кетіп, теріскей беттерде әлі қар жатқан кезде гүлдеуі басталады. Қыс жылы болса январь айының басында да гүлдей береді. Бұл Қазақстандағы алғашқы көктем гүлі. Кейде бәйшешектің гүлдеу мерзімін анықтау қиын. Себебі азғантай жылылық түсіп, топырақ жыли бастаса январь-февраль айларында гүлдейді. Ал қыс созылып кетсе күннің жылуын күтіп жата береді. Күн жылыса гүлдеуге әрқашан да дайын, басқа өсімдіктер сияқты мерзімнің дәл келуін күтіп тұрмайды.

Таусағыз құпиясы. Атақты саяхатшы Колумб Оңтүстік Американы ашқанға дейін европалықтар каучугті білмейтін еді. Колумб серіктерімен жаңа жерге табан тіреп, жергілікті халықпен байланыса бастаған кезде, олардың бәрі домалақ, өзі жеңіл, жерге құрса қайта серпілетін затпен айналысатынын байқап таң тамаша болған еді. Бұл кәдімгі резина доп болатын. Мұндай допты жергілікті халық бұрыннан білетін болып шықты. Тіпті ондай доптар Мексикада қазбадан да табылды. Бірақ, ол кезде Колумб серіктерін ойыншықтан гөрі тағам, асыл тас, қазба байлықтар көп қызықтыратын. Сондықтан олар доптың арғы сырына үңілмей біраз уақыттан кейін ол ойыншық жөнінде ұмытып та кетті. 1735 жылы француз ғылым академиясы оңтүстік Америкаға экваторлық белдеудегі мридиан доғасын өлшеу үшін арнайы экспедиция аттандырды. Экпедиция мүшелерінің құрамында Шарль де Кондамин деген жас геодезист болады. Ол экспедициямен бірге қайтпай қалып қойып, өзінің тікелей мамандығы геодезиялық жұмыспен бірге Оңтүстік америка флорасын да зерттей жүреді. Ол жергілікті үнділер «ағаш көзінің жасы» деп атап кеткен солді де табады. Бұл экскаватордағы састилоя өсімдігінен алынатын каучуг еді. Алайда Кондамин бұл өсімдіктің систематикалық тегін аша алмады. Бұдан кейін 1775 жылы Обле ғалым «Каучуг Амазонкадағы хевея өсімдігінен табылды» деп қате түсінік жазып жібереді. Кейін ғана бұл өсімдіктің туыс аты састилоя екені дәлелденді. Сөйтіп нағыз каучуг беретін өсімдік састилояға жабсырылған жалған ат осы кезге дейін көп еңбектерде сақталып қалды. Бұл каучугтың алғаш тапқан Кондамин де қатерліктер арасынан шырмалып шыға алмады. Алайда Кондамин Эквадорда үнділердің ағаш қабығына тілік жасап, одан аққан сүт шырындарының күнге шыққанда қарайып кететінін алғаш көрген европалық болды. Үндістер ол шырынды қақтап каучуг жентегін жасайтын. Шарль де Кондамин тағы да мынадай жағдайларды байқады. Үндістер әлгі качуктен ерекше галош жасайтын. Алайда, ол галош қазіргідей өлшеніп пішілмейді, оны аяқтың өзі өлшеп алады. Жұқа каучукті олар аяғына созып киеді, бұдан кейін ол қайтадан тартылып, қалпына келмеген күйінше қала береді. Бір кемшілігі ондай галош ыстық кезде аяққа жабысып қалады. Үндістер әлгі каучуктен бөтелке, пипетка сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Ол үшін үндістер алдымен топырақтан қалып жасайды да, оған дымқыл каучукті жағады. Ол кепкен соң қалыпты тастаса бұйым даяр болады. Бұл көргендерінің бәрін Кондамин Парижға қайтып оралғанда француз ғылым академисына баяндайды. Бұл каучукт жөніндегі алғашқы хабар болатын. Алайда жас ғылымның сөзі ескерусіз қала береді. Тек фотосинтез ғылымының негізін салушылардың бірі, химик Кристлин Кондамин әкелген каучуктің бір түрін қарындашпен жазған жазуларды өшіруге пайдаланады. Сөйтіп алғашқы рет осы кезге дейін пайдаланып жүрген өшіргіш ашылады. 1819 жылы пайдақұмар Макинтож деген фабриканы су өткізбейтін тас көмір өңдегеннен кейін шыққан сұйық қалдыққа каучукты ерітіп матаның сыртына жағады. Ол кепкен соң су өткізбейтін болып шығады. Мұндай матадан ол фабрикасында су өткізбейтін жол плащтарын жасап шығарады. Ол кезде жауыны көп англияға пәуескемен саяхат жасайтын адамдар үшін бұл толтырылмайтын сырт киім еді. Макинтож баюдың жолын осылай табады. Сол кезден бастап «макинтож» деген сырт киімінің аты шығады. Бұған қарамастан XIX ғасырдың аяғында әлгі жолмен жасалған киімінің көптеген кемшілігі бар еді. Ол аязда қаудырап түсіп қалса, ыстықта денеге жабысады, жағымсыз иісі бар және онша мықты емес. 1852 жылы химик Гудаир күкіртке салып өңдеу арқылы әлгі кемшіліктерді жою әдісін тапты. Өз жаңалығын ол «вулканизация» әдісі деп атады. Оның мәні мынада. Каучук қоспасын күкірт ұнтағына араластырып қайнатады немесе каучукті еріген күкіртке малып алады. Бұдан кейін каучук көп заттарда еріметін, ыстықта жабысып және тартылмайтын қасиетке ие болады. Бұдан кейін кептірілген каучук емес өсімдіктен алынған сөлді бірден сапалы каучук алуға қол жетті. Ол кезде Бразилияда хевея немесе састолия ағашының тұқымын сыртқа шығаруға тыйым салатын заң бар болатын.Бұған қарамастан 1876 жылы Генри Уикхем Бразилиядағы Топожос өзенінің жағасынан каучук ағашының 70 мың тұқымын Кью ботаника бағына әкеп өсірді. Оның 2800 тұқымы ғана өсіп шығып, қалғаны өліп қалады. Ол өскінділердің көп бөлігін Цейлондағы Переденик ботаника бағына апарып отырғызады. Осы өскіндерден Цейлонда каучуктің өндірістік плантациясы өркенделеді. Цейлоннан каучук ағашын өсіру Малакк түбегіне және Индонезияға өтеді. Ол кезде каучук ағызып алудың бірнеше әдісі бар болатын. Жергілікті Үндістерден үйренгені бойынша бразилиялықтар ағаштың жоғарғы жағынан бастап бір бүйірінен көлденен тілік жасайды. Сөйтіп ағаштың түбіне дейін жетеді. Одан каучук сөлін ағызып алған соң ағаштың басқа бүйірінен тілік жасайды. Аққан сөл құмнан жасалған құмыраларға төгіледі. Оның бәрін үлкен аузы ашық ыдысқа құяды. Сол жердің өзінде түтінді көп шығаратын заттардан от жағып, ағаш таяқты сұйық сөлге малып отқа айналдыра қақтайды. Ол кепкенде тағы да малып алып, таяқ басындағы каучук жентегі 50 килограммға жеткенше қақтай береді. Каучук ағызудын тағы бір әдісі мынадай. Ағаштың жоғарғы жағынан бастап төмен қарай балтаға ұқсаған кішкене аспаппен көлденені 2см. етіп қабығын сыдырып, ағаштың түбіне дейін сай жасайды. Енді оған жан жағынан қиғаштап, бірнеше сай жасап әкеп қосады. Жанама сайлардан аққан сол орталық сай арқылы төмендегі ыдысқа құйылады. Адам баласы автомобиль жасап, оған резина дөңгелектің қажеттілігі артуына байланысты каучуктің бағасы да күшейе түсті. Күнделікті өмірге пайдаланумен бірге, каучук стратегиялық материалға айналды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі Россияда каучук өндірісі үшін шикізатты сырттан қымбат бағаға сатып алатын. Россияда бірінші резина фабрикасы 1832 жылдан бастап жұмыс істеді. Ол резина галоштарын, тағы басқа бұйымдар жасап оны шетелге сататы. Алайда шикізат өзінікі болмағандықтан Россия бұдан көп пайда түсіре алмайтын. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін резинаға қажеттілік бұрынғыдан да арта түсті. Синтетикалық каучук жасап шығаруды С.П.Лебедьев тапқаннан кейін ғана бұл проблема шешіле бастады. Синтетикалық каучук шықпас бұрын кеңес ғалымдары табиғи каучукты өзімізде өсетін өсімдіктер арасынан іздей бастаған еді. Бұл зерттеулер качук тек қана тропикалық және субтропикалық белдеудегі ағаш немесе бұта тектес өсімдіктерде емес, бізде өсетін шөптесін өсімдіктерде де болатындығын дәлелдеді. Ондай өсімдік күрделі гүлділер тұқымдасына жататын таусығыз «козлец». Бұл өсімдікті 1929 жылы Қаратаудың жергілікті шаруасы М.Дюрбенов алғаш рет табады. Одан соң 1930 жылы ботаниктер С.Ю.Липищ пен Г.Г.Босс сипаттама жасап оны жаңа түр ретінде жариялайды. Таусағыз Орта Азия мен Қазақстанның ыстығына төзімді және көп жыл жасай алатын жартылай бұта. П.М.Жуковский [50] бұл өсімдіктің жүз жылға дейін жасайтын түптерінің кездесетіндігін жазады. Көп жыл жасауын жер астындағы өте мықты, жуан (8-9 см), кіндік тамыры қамтамасыз етеді. Бұл тамырдың жанама бұтақтарынан тамыр атпалары шығады. Ол топырақтардың ортасында аздап иректелген, гүл шығаратын сабақтар болады. Сабақтардан жыл сайын бірден себет (корзина) тәрізді гүлшоғырлары жетіледі. Олар жеміс бергеннен кейін кеуіп қалады. Сары түсті жеке гүлдерінің күлтелерінің арасында күңгірт қызыл жүйелері бар. Айқас тозанданады, жаппай гүлдеуі тұқымнан өскеннен кейін 3-4 жылдары басталады. Жемісте өте ұзақ тұқымдары болады. Таусағыз дүниежүзіндегі құрамында каучугі көп өсімдік. Тамырындағы каучуктің мөлшері абсалюттік құрғақ салмағының 4-40 прцентін қамтиды, жапырағы мен сабағында 0,5-1,5 процент каучук бар. Тамырының орташа салмағы 100-150 гр-ға жетеді. Каучугінің сапасы атақты хевея ағашының каучугінің сапасынанда кем түспейді. Каучук жасауына байланысты таусағыз тамырының анатомиялық ішкі құрылысының ерекшеліктері бар. Тамырыныда каучук сөлін жинайтын сүт жолдары болады. Олар соңғы жасаушы ткань-кобмбиден жасалады. Сүт жолдары тамырда шоғырланып (концентрлі) орналасады, сәулеленіп (радиальды) орналасуы өте аз.

Таусағызда комбийдің бөлінуі арқылы іске асатын соңғы қалындауының болуы көптеген сосуд – талшық шоқтарының жасалуын қамьамасыз етеді. Олардың тін (сыртқы) және сүрек (ішкі) бөлімінің арасына шеңберлік комбий орналасып, бөліп жатады. Комбийдің флоэма мен ксиеманың арасында орналасқан бөлімін шоқ комбий (пучковой), екі шоқтың арасындағы бөлігін шекаралық (межпучковой) комбий дейді. Шекаралық комбийден инсулин және каучук жасалады. Сабақ шеңберінің сыртынан ішіне қарай радильда бағытта созылып жатқан паренхимиялық клеикалардан құралатын сәулелер жасалады. Комбийден сабақтың сыртына қарай жасалатын сүт жолындағы каучук ұйып қалады да біртіндеп қабықтың құрамына еніп кетеді. Сондықтан пайдалануға жарамайды. Тамырдағы каучук мөлшері өсімдік есейген сайын көбейіп отырады. Мысалы, бір жылдық өсімдіктің тамырында каучук мөлшері 6-7 процент, екі жылдықта 8-10, үш жылдықта 12-13, ал көп жылдық тамырда 35-40 процентке жетеді. Таусағыз таулыадалық жерлерде өсетін эндемдік түр. Қарату мен Тлалас Алатауларының тасты қорымды жерлерінде кездеседі. Аздап Помирде, Алайда өсетіндігі жөнінде деректер бар. Таусағыз 1930 жылдан бастап резина өндірісіне пайдаланыла бастады. Ол жылдары бүкілодақтық «каучуконос» бас басқармасы Қазақстанға каучукті іздеп, оның қорын анықтау мақсатында біренеше экспедициялар ұйымдастырды. Бұл экспедиялық зерттеулер Сырдария Қаратауының батыс, орталық және шығыс бөліктерін және Талас алатауының солтүстік беткейлерін қамтыды. Осы кездерден бастап таусағыз шикізаты жинала бастады. Әсіресе соғыс жылдары таусағыз шамадан тыс көп жиналды. Отанның басына төнген бұл қауіп таусағыздың болашағын ойлауға мүмкіндік бермеді. Негізгі мақсат  неміс босқыншыларын жеңуге жұмсалғаны мәлім. Осы сұрапыл кезеңде қазақстандық таусағыздық босқыншыларды жеңуде орасан көп үлесінің болғанын ешкім теріске шығара алмайды. Бұл жылдары соғыстың кесірінен таусағыз қоры Қазақстанда күрт азайып кетті. Осыдан келіп бұл бағалы өсімдікті қолдан өсіру қажеттігі туа бастады. Бұл жұмысты кеңес ботаниктері М.В.Культиасов (1938), П.М.Барановский (1948-1951-1956) жақсы атқарып шықты. Бұлардың зерттеулері таусағыздың Орта Азия мен Заковказьенің оңтүстігінде қолдан жақсы өсетіндігін дәлелдеді. Оның плантациясының әр гектарынан екінші жылы 25 центнер тамыр алуға болады, бұл бір гектар жердегі таусағыздан құрамында 15 процент каучук бар 400 кг. таусағыз жиналады деген сөз бар. Қазіргі кезде синтетикалық каучуктің шығуына байланысты таусағыз Қазақстанда өндірістік мақсатта жиналмайды. Алайда жоғарыда айтылғандай пайдаланудың әсерінен таусағыз қоры азайып кеткендіктен одақтық «Қызыл кітапқа» енді. Ұлы Отан соғыс жылдарында одан алынған каучук әскери техникалық дөңгелектерін жасауды қамтамасыз етті. Басқаны айтпағанда осы қасиетінің өзі таусағызды құрметтеуге тұрарлық. Тіпті таусағызды Отан соғысынан қалған тірі экспонант ретінде сақтаса болашақ ұрпақ рахметін айтады. Сондақтан бұл тамаша өсімдіктің өскен жерлерін заканникке айналдырып, қорғауға алу керек. Ботаникалық бақтарға, парктерге, Отан соғысына қатысқандардың және батырлардың ескерткіштерінің айналасына өсіріп, туристерге, мектеп оқушыларына, жастарға таусағыздың Отан соғысы кезінде атқарған ролін айтып беретін болса, жастарды патриоттыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар.

Табиғаттың бар игілігін дұрыс, әрі ұқыпты пайдалану, оның байлығын сақтау мен қорғау көпшіліктің қатысуымен жүзеге асатын шаралар екенін шығармағанымыз жөн.

Қымыздық (Rumex Acetosa) (Басқа аты – сиыр құмышақ, тай құйрық). Ерекшелігі: Көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі бір метрдей. Тамыры етті, ортасынан жарып  қарағанда сары түсті, сабағы тік әрі жіңішке жарышақты  келеді. Түп жағындағы  жапырақтары ұзын, сағақты, жапырақ алақаны тар, ұзын сопақша формалы, жиегі толқындалғанғ сабағында өсетін жапырақиары жіңішке әрі  ұзын, сабағы қысқа, жапырақ қынапшасы түтікше тәрізді қабық тектес болады. Үлкен шашақты гүлі  шоғырлы, аталығы 6 дана, кішілеу гүлі солғын жасыл түсті болады. Жемісі үш қырлы сопақша келеді.

Өсетін  орындары: Өзен құйылған көлдің жарқабақтарында  көбірек өседі.

Жинау  және өңдеу әдісі. Тамыры дәрі болады. Күз  маусымында қазып алып кептіріп турайды. Шөбі және  жапырағы да дәрі  болады.

Мәтрөшке (Басқа аты – көкбас, шай шөп). Ерекшелігі: Көп жылдық шөп тектес өсімідк, биіктігі 30-60 см. Сабағы тік өскен  бұтақтары болады,  жапырағы өарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа формалы, бүтін жиекті келеді. Жапырақ қолтығынан ұсақ  бұтақшалары өсіп шығады. Шатырша гүл шоғыры жапырақ қолтығында және басында өсіп, топталып шашақталып  тұрады, гүлі кішкене  қызғылт көк түсті болады.

Өсетін  орындары: Тау беткейлерінде, жайлауларда өседі.

Жинау  және өңдеу әдісі. Жер үсті бөлімі дәрі  болады. Жаз мезгілінде гүлі ашылғанда жинап алып, турап кептіреді.

Емдік қасиеті. Ащы дәмді, жылы райлы, терлетіп сыртқы белгілерді емдейді, асқазанның қуатын арттырады, етеккірді ретке салады.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы:

  1. Іш ауруға, құсуға, бойы бұзылуға: мәтрөшкеден 15 г, суға қайнатып ішеді.
  2. Ақ кір көп келуге: мәтрөшкеден 15 г, суға қайнатып ішеді.
  3. Улануды қайтаруға, апиыннан уланғанда: мәтрөшкенің сығып алынған суын балмен араластырып ішеді.
  4. Бөбешік қызаруға: мәтрөшкенің суын сығып балмен араластырып ішеді. Сондай-ақ жел өкпеге пайдалы және зиянды жәндіктер шаққанда уытты қайтарады.
  5. Тіс қақсап ауруға: мәтрөшкені ауызға салып шайнаса тістің қақсап ауырғаны басылады.
  6. Мәтрөшкені шекермен қосып жаншып ішсе,  асқазандағы ыстықты айдайды.
  7. Құлақ қабынуға: мәтрөшкені жаншып, алынған  нілін сүткен араластырып құлаққа тамызады.
  8. Мәтрөшкенің гүлін  сірке қышқылымен қосып шайнап жесе қақырықты босатады. Несепті айдайды.

Істелу мөлшері – 10-15 г.

Басты құрамы. Құрамында ұшқыш май, жұмсартқыш заттар бар.

Меңдуана (Hyoscyamus Niger). Ерекшелігі. Екі жылдық шөп тектес өсімідк, биіктігі 0,5-1 м. Өн бойында ақ түсті түгі бар. Түп жағында жапырақ-тары ірілеу, қысқа және жалпақ сабақты болып топтасып өседі, жиегінде ретсіз, қауырсын тәрізді айрықтары болады. Сабағындағы жапырақтары кезек-тесіп орналасқан, сағасыз, сопақ, ретті түзілген, көбінесе гүлі бір  жағында, жапырақтары бір жағында өседі. Гүлі  жапырақ қолтығында өседі. Гүл сабағы өте қысқа,  гүл  тостағаншасы жуан түтік формалы болып, өз қалпын сақтайды, гүлі солғын сары түсті, қызғылт көк түсті келетін тор тәрізді жүйке сызықтары болады. Көп тұқымды қауашақ жемісі піскенде жарылады.

Өсетін орындары. Ауыл маңында, жол жағалауында, атыз қырларында, ылғалды сай табандарында өседі.

Жинау және өңдеу әдісі. Тұқымы мен жапырағы дәрі болады. Тұқымын піскен соң жинап алып, тазалап сақтайды, жапырағын толық өскенде жинап алып кептіреді.

Емдік қасиеті. Тұқымы тәтті дәмді, жылы райлы, жапырағы  кермек дәмді суық райлы, екеуі де улы болады. Құрысқанды жазады, нервті тыныштандырады, ауырғанды басады.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

  1. Асқазан-ішек кірнесіне: меңдуана тұқымынан 0,3 г-ды талқандап, күніне екі рет қайнаған сумен ішеді.
  2. Құрт жеген тіске:  меңдуана тұқымынан 0,2-ды  талқандап, темекіге орап, түтінімен ауызды ыстайды. Сілекейді жұтуға болмайды.
  3. Шиқан жарасына: меңдуана тұқымын мәлім мөлшерде жаншып  жараның аузына таңады.
  4. Қышыманы басуға: қышыма бөрткенді меңдуана жапырағының түтінімен ыстайды.
  5. Тіс ауырғанда: меңдуана шөбінің тамырын қайнатып ауызды шайқаса тістің ауырғаны басылады.
  6. Құлақ қабынуға: меңдуана жапырағын жаншып, суын сығып алып, сұйық балға араластырып, құлаққа тамызады, нәтижесі жақсы болады.
  7. Емшек безінің қабынуына: жаңа меңдуана жапырағын жаншып омырауға таңса ісікті қайтарады.
  8. Улы жылан немесе зиянды жәндіктер шаққанда, геморрой ісігіне: жас меңдуана жапырағын жаншып, жараға таңса, көрнекті нәтиже береді.

Мұжығын  (Solidaqo Vivqa-aurea). Ерекшелігі. Көп жылдық тік өсетін  шөп тектес өсімідк, биіктігі 30-40 см. Жапырағы кезектесіп орналасқан, түп жағының жапырағы үлкен, ұзын сабақты, жоғары бөлімінің жапырағы кішкене, қысқа сабақты немесе сабақсыздау. Кең қандауыр тәрізді, бүтін жиекті немесе болымсыз ара тісті келеді. Шоқбас гүлі шашагүл шоғырын құрайды, гүлі сары түсті, ернеулі тіл тәрізді келеді.

Өсетін орындары: Жазық және аласа таулы орындардың  егістік арық жағаларында, сай-салалардағы дымқыл жерлерде өседі.

Жинау және өңдеу әдісі. Барлық шөбі емге пайдаланалады. Гүлін жаңа ашылған  кезінде немесе толық ашылған кезінде жинап алып жаңа күйінде немесе  турап кептіріп пайданалады.  Тамыры да дәрі болады.

Емдік қасиеті. Кермектеу ащы дәмі, салқын райлы, усыз. Желді раратады, ыстықты басып, уытты  қайтарады, ісікті қайтарып, ауырғанды басады.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

  1. Жұтқыншақ қабынуға: мұжығыннан 6 г-нан күніне  екі рет ішеді.
  2. Өкпе туберкулезіндік қан қақыруға: мұжығын 60 г, лайықты мөлшерде мұз қантты суға қайнатып, күніне екі рет ішеді.
  3. Ыстық тұмауға: мұжығыннан 30 г, жемжемілден бір жапырақ суға қайнатып ішеді.
  4. Жылан шаққанда: мұжығынның жаңа тамырынан 60 г-ды (кепкені-нен 30 г) жаншып, қайнаған салқын су құйып жағады немесе суға қайнатып, 30 г-дай бал қосып араластырып ішеді.
  5. Саусақ күбірткесінде: лайықты мөлшердегі мұжығынның жаңа шөбін әбден жаншып, ақ араққа салып араластырып, ауырған саусақты бір ретте екі сағат батырады.
  6. Баланың көкжөтеліне: мұжыынның 10-15 г-ын суға қайнатып ішкізеді.
  7. Жоғарғы тыныс жолының жұғымдануына, өкпе қабынуға: мұжығын 9 г, емиллия 6 г, суға қайнатып ішеді.

Істелу мөлшері – 9-30 г.

Ескерту: жүкті әйелдердің арақпен қосып ішуіне әсте болмайды.

Мүсәтір (Salmiacum) (Басқа аты – хлорлы аммоний). Ерекшелігі. Ақ түсті кристалл, түйіршік-түйіршік немесе кесек-кесек жылтыр болады.

Кездесетін орындары. Жанаатаудан атылып шыққан заттардан құралған-дықтан жанарту атылған маңнан табылады. Қазір көбінесе қоспадан алынады.

Емдік қасиеті. Кермектеу сор дәмді, жылы райлы, улы. Бөгеттерді тұзып, түйінді шешеді, қақырықты  босатады.

Жинау және өңдеу әдісі. Қазып алған соң тазалап сақтайды.

Басты ем болатын аурулары  және пайдаланылуы.

  1. Тамақ баспасына, тамақ қызарып ісінуге,  бөбешік қисайып жұтыну  қиындығында: 1 г-дай  мүсәтірді  талқандап, қағаздан шиыршықтап түтік жасап,  талқандаған мүсәтірді ішіне салып тамаққа үрлейді, бірнеше рет жалғасты  үрлесе ісік қайтады, ауру айығады.
  2. Бөбектердің тұмаудан дене ыстығының жоғарылауына, шетпеден іші кепкенде:  мәлім мөлшердегі  мүсәтірдлі суға ерітіп, мүсәтір ерітіндісіне шыланған көк шүберекпен баланы орап, қалың  жауып терлетедә.
  3. Балық қылтаны тамаққа тұрып қалғанда: азырақ  мүсәтірді  шайнап жұтса, қылатны түсіреді.
  4. Кеңірдек қабынудан қақырық түспегенде: 0,3 г. мүсәтірді күніәне үш рет жесе қақырықты ерітіп жөтелді басады.

Ойран шөп  (Rubia Tinctorum) (Басқа аты – жербас) Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімідк, биіктігі 40-60 см. Ұзын әрі қоңыр түсті келе-тін негізгі тамыры бетіне таяған жерінен жоғары бағытталған  көп тамырша шығарады. Әрбір тамырша жер үсті  сабағын қалыптастырады. Сабағында кері өскен кішкене тікендері болады. Жапырағы сағақсыздау, төрт жапырағы дөңгелене орналасқан, ұзын сопақтау, кейде жұмыртқа формалы келеді. Гүлі ақ түсті, кішкене гүлі бес жапырақшалы болады.

Өсетін орындары. Үй маңында, жол жағасында  өседі.

Жинау және өңдеу әдісі. Тамыры дәрі болады. Көктем мен күзде қазып алып, топырағынан арылтып кептіріп, дымдап турайды, жапырағы да дәріге  пайдаланылады.

Емдік қасиеті. Кермек дәмді, суық райлы, усыз. Қанды салқындатады, қан тыяды. Қанды күшейтеді, ұйыған қанды таратады. Жаңа жапырағын жаншып сыртқы жараға жақса іріңді шығарып, ісікті қайтарады.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

  1. Қан түкіруге, қан құсуға: ойран  шөп, аю  балдырған, ақ шұғынық, шикі оймақ глдің әрбірінен 9 г, иісті тамыр 6 г, суға қайнатып ішеді.
  2. Ішек қабынуға: ойран шөптен 30-45 г, суға қайнатып, суымен аяқты күніне үш рет жуады.
  3. Жарақаттанып  зақымдалғанда:  ойран шөп 15 г, мақсары 9 г, шұғынық 12 г, суға қайнатып ішеді.
  4. Ішкі мүшелердің қан шығуға, мұрыннан қан ағуға, етеккірдің мөлшерден көп келуіне: ойран шөп 9 г, тікен қурай 15 г, ақ шығынық 9 г, суға қайнатып ішеді.
  5. Етеккір тоқтауға: ойран шөптен 30 г, суға қайнатып дәрілік сары арақпен ішеді.
  6. Бел ауруға: ойран шөп 9 г, ірі бұошақ қабығы 6 г, суға қайнатып  ішеді.
  7. Жел-құз қоздырған буын қабынуға: ойран шөп 12 г, мақсары 9 г, түйнек қонақ 15 г, өңделген  уқорғасын 3 г, суға қайнатып ішеді.
  8. Сыздауық, шиқан, ушыққан жараға: жаңа ойран шөптің жапырағынан лайықты мөлшерде алып, азырақ тұз қосып жаншып, ауырған жерге таңады.
  9. Жығылып жарақаттануға: ойран шөп 9 г, бақ-бақ 12 г, мақсары 9 г, суға қайнатып ішеді.

Істелу мөлшері. 6-9 г.

Басты құрамы. Ойран шөп қышқылы, қант, алма қышқылы, белок бар.

Өгіз тілі  (Anchusa Aucheri). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімдік,  ьиіктігі 0,6-1 м. Тамыры жуантық, қоңыр сарғылт түсті, ащы дәмді, сабағы тік өседі. Жанама бұтақтары  болмайды, жапырағы жебелі, жұқа қағаз секілді, қандауыр формалы, түпкі жапырағы жалпақтау келеді. Сабақ  басында қалың орналасқан гүлдері болады. Гүлі аталық-аналыққа бөлінеді. Тұқымы жұмыртқа формалы, үш қырлы келеді.

Өсетін орындары. Тау беткейлерінде, жол жағалауларында, теріскей-күнгейде өседі.

Емдік қасиеті. Ащы, қышқыл дәмді, суық райлы, азырақ уы бар. Ыстықты, уытты қайтарады, қан тыяды, үлкен дәретті айдайды, құрттарды өлтіреді.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

(1)  Тік ішек етінің қабынуына:   жаңа өгіз  тіл тамырының 30-45 г, суға қайнатып, шекер қосып, таңертең ашқарында ішеді.

(2) Геморройға: Өгіз тілден 30 г-ды қайнатып буына отырады. Соңынан, су  жылығаннан кейін мақтаны шылап геморройды жуады.

Рауғаш   (Rheum). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі 30-100 см. Жуан тамырының сырты күрең түсті, іші сары түсті, жалғыз сабағының ойық сызықтары болады. Түп  жағында ұзын сабақты жапырағы топталып өседі. Сабағындағы кішілеу жапырақтары кезектесіп орналасқан, дөңгелек жапырағының жиегі кетік болады.  Жапырақ тұғыры қоңыр түсті, қабық тәрізді, сабағын орай орналасады. Шашақ гүл шоғыры басында өседі. Тұқымша  жемісі домалақ, шеті қызғылт көк түсті, тұқымы үш қырлы болады.

Жинау және өңдеу әдісі.  Тамыры және сабағы дәрі  болады. Жер үсті бөлімі қуарғанда күзде қазып алынады. Сыртқы бұжыр  қабығын алып тастап, шикі күйінде арақ қосып қуырып пайдаланылады.

Емдік қасиеті. Кермек  дәмді, суық райлы, усыз. Ыстықты қайтарып, ішті жұмсартады. Ісікті қайтарып, қаңталауды таратады, іріңді ісіктерді жазады.

Рынсын   (Radix Ginsenqi). Ерекшелігі. Көп жылдық томар тамырлы шөп тектес өсімдік, биіктігі 30-60 см. Тұлға тамыры жуантық, етті, ақшыл сары, жұмыр, кейбіреуі қада тәрізді келеді. Ұсақ тамырлары тарамдап өседі, астында  жуантық тарам тамырлары болады, сабаққа жалғасқан тамыр мойыны қысқа, тік өседі. Жапырақтары қандауыр тәрізді болады. Жапырақ жиектері ара тісті келеді. Жапырақтың бетінде аздаған түктері бар. Астыңғы жағы түксіз болады.

Сұлушаш (Portulaca Oleracea) (Басқа аты – семіз шөп, өлмес шөп). Ерекшілігі. Бір жылдық шөп тектес өсімідк, етті келеді. Аяұпен тапталса да өспей қалады, сабағы  жұмыр, көлбей көтеріле өскен, көп бұтақты, өң беті қызыл қоңыр түсті. Артқы бетиі ашық жасыл түсті болады. Жапырақтары етті, ұшы ойықтау. Бүтін  жиекті, бейне жылқының тісіне ұқсайды. Гүлі сары түсті болады.  Қауашақ жемісі жұмырлау, қоңыр түсті келеді.

Өсетін орындары. Егістіктерде, жол бойында, сәйліктерде өседі.

Жинау және өңдеу әдісі.  Жер үсті  бөлімі дрі  болады. Жазда немесе күзде орып алып, көктей немесе қайнап тұрған суға матырып алып кептіріп  пайдаланылады.

Емдік қасиеті.  Қышқыл дәмді, суық райлы, усыз.  Ыстықты басып, уытты қайтарады, ісікті басады.

Басты ем болатын аурулары мен пайдаланылуы. Асқазан және ішек жолының жедел қабынуныа, емшек безінің қабынуына, геморройдан қан шығуға, ақ кірге де істетіледі.

  1. Бактериялы іш өтуге, ішек қабынуға: а) жаңа сұлушашты 3-4 минут біға ұстап, жаншып шырынын сығып алып, бір ретте 50 мг-нан күніне үш рет ішеді. Б) Сұлушаш 60 г, у сарымсақ екі тал, суға қайнатып ішеді.
  2. Лимфа туберкулезіне: сұлушаш 180 г, вазелин 240 г, бал 240 г, сұлушашты қайнаған суға  басып, алып шығып кептіреді. Кептірілген сұлушашты қазанда қоңырсыта қуырып алып, талқандап, ұнтағына вазелин қосып екеуін күйдіреді. Қыздырып араластырады, қазанды жерге алып,  балды қосып тағы да аораластырады. Осылайша қоймалжың дәрің әзірленеді. Жараның аузын сүртіп тазалағаннан соң дәріні таза дәкіге жағып жараның аузына таңады. Екі күнде бір ауысытырады, жара жазылғанша осылай істеледі, аралықта  үзіп тастауға болмайды.
  3. Соқыр ішек шұғыл қабынғанда: сұлушаш пен бақ-бақтың әрқайсысын 60 г алып, суға екі рет  қайнатып, қайнатпаны  қоысп және қайнатып, қоюланып 250 г қалғанда екіге бөліп ішеді.
  4. Қармақ құртты түсіруге: жас сұдушаштан 250г-ды суға қайнатып, қоймалжың болғанда  сірке суынан қосып, бір ретте 50 мг-нан күніне бір рет ішеді. Үш күн бәр емдеу барысы болады. Егер 2-ші, 3-ші емдеу барысын қолдануға тура келсе 10-14 күннен кейін жүогізуге болады.
  5. Асқынған шиқан, сыздауыққа: сұлушаштан 60 г-ды жаншып жараға таңады.
  6. Желке шаш қалтасының қабынуына:  сұлушашты қарайғанша қуырып, талқандап, күнжіт майын қоысп араластырып жағады.
  7. Сүйелге: сұлушаш тамырын талқандап, илеп сүйелге таңса, сүйелді түсіреді.

Істеу мөлшері – 9-12 г.

Басты құрамы. Бүтін шөбінде норадреналин, допамин, аминоэтил, А, В1, В2, РР, С витаминдері бар.

Сүзгі тарақ  (Dryopteris Filixmas). (Басқа  аты – түлкі құйрық). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімідк,  биіктігі  60-100 см. Жер асты тамыр сабағы көлбей өседі. Қатты болады, сындырып қарағанда солғын жасыл түсті болады. Жиі өскен ретті тізілген жапырақ сағағының қалдықтары және қабық  тәрізді қабыршақтары, көптеген шашақ тамырлары бар. Жапырағы жиі топталып ретті орналасқан, жапырақ  алақаншаларының үстінде қоңыр түсті перде тектес қабыршақтары бар. Жапырақтары екі  қайталанған қауырсынды жарама алақанды немесе айырық алақанды, кішкене алақаншаларда ұсақ ара тістері болады. Болымсыз дөңгелек   теңбілдері жапырақтың астыңғы бет жүйкесінің  екі жағына түзіліе орналасқан жалпы тұлғасына қарағанда бейне сүзгі  тараққа ұқсайды.

Өсетін орындары. Таудың ылғалды теріскей  беттерінде, өзен бойындағы орман жиектерінде өседі.

Жинау және өңдеу әдісі. Жапырақ сағағының қалдығы бар тамыр сабағы дәрі болады. Күзде қазып алып, жер үсті бөлімі және шашақ тамырын алып тастап, турап кептіреді. Шикідей немесе қуырып қолданылады.

Басты ем болатын  аурулары  және пайдаланылуы.

  1. Тарқамалы  тұмаудың алдын алуға: сүзгі тарақтан 100 г-ды суға қайнатып ішеді немесе  дәріні дәкіге орап қайнаған суға бұқтырып, шәй орнына ішеді.
  2. Жұқпалы В типтегі ми  қабының қабынуына (менингитке):  сүзгі тарақ 30 г, тікенді ұшқат гүлі 30 г, шырымтал 15 г (балаларға азайтып беріледі), суға  қайнатып, 6-ға бөліп, төрт сағатта бір рет ішеді.
  3. Жатыр қызметінің бұзылуынан қан келуге: сүзгі тарақ тамырын талқандап күніне үш рет, бір ретте 9 г-нан ішеді.
  4. Қармақ құрт, жұмыр құрт, жабасыр құртты  түсіруге: сүзгі тарақ 15 г, айнолла 6 г, асқабақ тұқымы 30 г, суға қайнатып кеште ішеді. Келесі күн таңертең асқарында тазаланған сордан 15 г-ды суға езіп ішеді.

Істелу мөлшері – 6-15 г.

Сүттіген  (Euphorbiaceae). (Басқа аты – сабақты сүттіген). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімідк, биіктігі 50-80 см. Сабағын сын-дырғанда сүт тәріздес сұйықтық шығады. Білеу тамырының сыртқы қабығы қоңыр түсті, тік өсентін жуантық сабағының жоғарғы жағы бұтақты болады. Жапырағы кезектесіп орналасқан,  сағақсыз, ұзын қандауыр тәрізді, бүтін жиекті болады. Қалқанша гүл шоғыры, гүл оранышы сары түсті, қауашақ жемісі жұмыртқа тәрізді болады.

Өсетін орындары. Жазықта, егістік жерлерде, жол жағасында, шаппалық-та өседі.

Жинау және өңдеу әдісі.  Тамыры дәрі болады. Көктем және  күзде қазы алып,  жуып тазалап кептіріп, сірке суын қоысп қуырып сақтайды.

Емдік қасиеті. Кермек дәмді, суық райлы, уы бар.  Жиналған сұйықтықты айдап, үлкен-кіші дәретті жүргізеді.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы:

  1. Тұла бойы ісіп, қуық тұтылуға:  сүттіген тамыры  60 г, кептірілген жемжеміл 15 г, талқандап әр ретте 9 г-нан, үлкен-кіші дәрет келгенге дейін ішеді.
  2. Ішке сулы ісік жүріп, үлкен-кіші дәрет тотап қалғанда: сүттіген тамыры 30 г, мыңбас шырмауық тұқымы 15 г, шылан 5 дана суға  қайнатып ішеді.
  3. Дене  сарғайыпғ ішке сулы ісік пайда болғанда: сүттіген тамыры 30 г, жусан 60 г, қайнаған суға бықтырып ашқарында ішеді.
  4. Лимфа түберкулезіне: сүттіген тамыры 60 г, жұмыртқа         шағылмаған        жеті дана, қосып  үш сағат  қайнатып, әр күні таңертең жұмытрқатан бірді жейді. Жеті күн бір емдеу барысы болады.
  5. Баспаға (тамақ ауырғанда): 1,5-3 г. сүттіген тамырын ауызға салып сорады.
  6. Тіс қақсауға: сүттіген тамырын қақсаған тіске басады.
  7. Көкірек пердесінің жалқақтанып қабынуына: сүттіген тамыры 20 г, шылан  30 дана, суға  қайнатқаннан кейін күнініе екі рет, әр ретте шыланның 15 тал жейді. (қайнатпасын ішуге болмайды).

Істеу мөлшері. 1,5-3 г.

Басты құрамы. Құрамында эупорбон, алкалоид, эупорбия, А, В, жаңа жапырағында С витамині бар.

Торғай шөп (Zcirhospermum Arvense). (Басқа аты – еңлік шөп, торғай жем). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес  өсімдік, биіктігі 25-35 см. Өн бойында ақ түсті түктері бар. Томар тамыры есілген арқан тәрізді. Сыртқы қабығы қаракөк түсті, оралып өседі, жалғыз сабағы тік  өскен немесе түп жағы екі ашалы болады. Төменгі жағына жапырағы топтасып орналасқан, сағақсыз таспа немесе қандауыр тәрізді, бүтін жиекті, сарғыш  жасыл  немесе  қоңыр түсті келеді. Сабағындағы сағақсыз кішкене жапырақтары кезектесіп орналасқан. Теңіз шаянының құйрығы тәрізді  ашалы гүл шоғыры сабақ басында өседі. Гүл кестесі ұзын түтікше формалы, көкшіл түсті немесе солғын көгілдір түсті болады. Сүйекті әрі етті келетін кішкене жемісі жұмыртқа тәрізді, солғын қоңыр түсті болады.

Өсетін орындары. Таулардың күнгей беттерінде өседі. Шинжияңның  барлық жерінде таралған.

Жинау және өңдеу әдісі. Тамыры  дәрі болады. Көктем немесе күзде қазып алады. Жер үстіндегі сабағын алып тастап, топырағын (сумен жууға болмайды) күнге немесе әлсіз отқа кептіріп алады. Пайдаланатын  уақытта  жапырақтап турайды.

Емдік қасиеті.  Тәттілеу сор дәмді, суық райлы,  усыз. Ыстықты басып, қанды салқындатады. Ісікті басып, уытты  қайтарады, ішекті  дымқылдандырып, дәретті жүргізеді.

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы.

  1. Қызылшадан сақтануға: торғай шөп 3 г, қызыл мия 1,5 г, суға қайнатып, науат қосып 3 күн ішеді.
  2. Қызылшаның алғашқы мезгілінде !қызады, түшкіреді, мұрны бітіп, су ағады, көз жасаурап, көздің көру  қуаты нашарлайды, маужырап ұйқы келеді) бөртпе  смрек шыққанда: торғай шөп 3 г, өрік дәні 4,5 г, бақа жапырақ 6 г, бірсалар 6 г, жалбыз 4,5 г, жас қамыс тамыры 30 г, суға қайнатып 3-ке бөліп ішеді.
  3. Әсіре сезімталдық қанталауға: торғай шөп 15 г, аю балдырған 12 г, жыңғыл 10 г, ошаған тұқымы 10 г, сары ағаш 10 г, шөгір тікені 10 г, бәрін қосып, суға қайнатып ішеді.
  4. Қан табақшаларының кеуінен болатын қанталауға: торғай  шөп 6 г, қызыл шылан 10 тал, ойран 6 г, бәрін қоысп суға қайнатып ішеді.
  5. Күйікке: торғай шөп ұнтағын өсімідк майына араластырып 25 проценттік торғай шөп май дәрісі жасалады. Бұған тұндырылған әк суынан  лайықты мөлшерде қосып, таза дәкіні  дәріге шылап, күйік  жарасына таңады.

Падалану мөлшері – 3-10 г.

Томар дәрі (Smilax Glabra Roxb). (Басқа аты – топилин). Өсетін орындары. Еліміздің оңтүстігінде, әсіресе Шинжияңның оңтүстігіндегі өлкелерден шығады.

Жинау және өңдеу әдісі.  Жылдың қайсы мезглінде болса да жинауға болады. Әсіресе күзде соңы, қыстың басында жинау өте пайдалы. Ұршық тамыры дәрі  болады. Сабағын және шашақ тамырларын кесіп тастап тор-пырағынан арылтып, жуып тазалайды. Жас кезінде  жапырақтап турап кептіреді.

Емдік қасиеті. Уытты қайтарады, дымқылдықты құртады, буын ауруларына ем болады.

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы.

  1. Бруцеллезге: томар дәрі 30 г, бірсалар 3 г, бебе, мояу, аю балдырғанның әрқайсысынан 9 г, ұшқат гүлі 12 г, суға қайнатып ішеді.
  2. Теңге қотырға:  томар дәріден 15-30 г-ды суға қайнатып ішеді.
  3. Теңге қотырға, үлкен буын ісінген созылмалы ауруға: 500 г томар дәріні қой  етіне қосып асып, сілікпе болып піскенде етті дәрі  самасымен қосып жеп,  сорпасын ішеді.  Бір мезет осылай жалғастырады.
  4. Тышқан қорыққа (лимфа туберкулезіне): мәлім  мөлшердегі томар дәріні ұсақтап турап немесе ұнтақтап, суға қайнатып қоймалжың дәрі жасап, күніне екі рет ішеді.
  5. Мерез ауруына:  халық емшілері 15-21  күнді шарт етіп, үйді оңаша тігіп, науқасты тома дәрімен емдейді, мәлім мөлшердегі томар дәріні қайнатып күніне екі рет ішкізеді. Ет, сорпа, сүт, айран, шай  қатарлы  азықтармен қамтамасыздандырады. Бір емдеу барысы толғанда аяқтатады. Егер  науқастың сыртқы  денесінде қотыр болса, қайнатқан дәрінің самасын таңады немесе сынаптан былшық дәрі жасап қотырға жағады.

Пайдалану мөлшері. Ішуге 15-30 г.

Басты құрамы. Құрамында санонин, жұмсақ  зат және ағаш  майы бар.

Тошала   (Grosuslaria). Көп  жылдық жапырақ төгетін бұтақ тектес өсімідк, биіктігі 1-2 м. Кезектесіп қайталанып өсетін жүрек жапырақты, бұтақтарының өн бойында ұсақ тікені  бар. Май айында  гүлдеп, август айында жемісі піседі. Жемісі сұрғылт жасыл түсті шар тәрізді, ішінде сарғыш түсті ұсақ тұқымы болады. Жемісі тәтті, дәмді келеді. Малшылар жеміс-жилек  орнында жейді. Қақ қатырып алады. Топталып өскен сабақ астында тік немесе көлбей өскен  қоңыр күрең түсті томарлы тамырлары болады.

Өсетін орындары. Жайлаудың күнгей беттеріндегі жартас астында, қорым жиегінде  өседі.

Емдік қасиеті. Тәтті дәмді, жағымды райлы, усыз. Жемісі мен томар тамыры дәрі болады. Қақырықты босатып, жөтелді тыяды, жел өкпенің  демікпесін тоқтату ролі бар.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы:

  1. Жел өкпе демікпесіне: тошала тармырынан лайықты  мөлшерде алып, суға қайнатып таңертең және кеште екі рет ішеді. Жаз күндері томар қайнатпасының суын сүтке қосып, ашытып ішеді, қосымша ем үшін тошала жемісін 100 г-ға  дейін жейді.

Ескерту: Пайдалану мөлшері тұрақты әрі химиялық құрамы анық емес.

Томаға шөп (Scutellaria). Өсетін орындары. Еліміздің Хыби, Шанши, Ішкі монғол қатарлы райондарында өседі, Шанши өлкесінде көп өсіріледі.

Жинау және өңдеу әдісі.  Көктем немесе күзде қазып алып, сабағы мен тамыр шашағын алып тастап, топырағын тазалап, кептіріп пайдаланады. Немесе кептіріп алып, ыстық суға басып жібітіп турайды. Шикідей  немесе арақпен қуырып пайдаланады, отқа жаққан көміріне де пайдаланады.

Емдік қасиеті. Ащы дәмді, суық райлы, іштегі жалынды басады, дымқылдықты айдайды.

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы.

  1. Балалар қызбасына, түнде орынсыз жылауына: томаға шөп пен рынсынның әрқайсысын 0,3 г-ды ұнтақтап, қайнаған сумен ішеді.
  2. Өкпе қызып қақырық көбейгенде: томаға шөптен мәлім мөлшерде алып, ұнтақтап, сумен илеп оқ-дәрі жасап  күніне 1,5 г-нан екі рет ішеді.
  3. Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына: томаға шөп пен жабайы зығыр-дың әрқайсысынан ұқсас мөлшерде алып, 1,5 г-нан талқандап, ұнтағынан күніне екі рет қайнаған сумен ішеді.
  4. Тыныс жолдарының жұғымдануына және ішек қабынуға: томаға шөпті ұсақтап, төрт еселеп су құйып, төрт сағат шылап, артынан сүзгіден өткізіп, самасына тағы да екі есе су құйып, төрт сағаттан кейін  екі реткі сүзілген суды біріктіріп, оған 20 проценттік ашудас ерітіндісін қосып тұндырады. Төрт сағат тұндырылғаннан кейін сарғыш түстегі тұнған суды төгіп тастап, түбіндегі тұнбаны шүберекке салып кептіреді. Осылай әзірленген дәріден әр ретте 1,5 г-нан күніне екі рет ішеді.
  5. Екі шеке солқылдап бас ауырғанда: томаға шөпті турап, араққа шылап сүзіп алып, кептіріп талқандап,, әр ретте 3 г-нан арақпен немесе сумен ішеді.
  6. Қанды несеп келуге: 120 г томаға шөпті ұсақтап турап, оған 5 кесе су құйып қайнатып, екі есесі қалғанджа үшке  бөліп ішеді.
  7. Іштегі нәресте тынышсызданғанда: бәйжу мен томаға шөптің әрқайсысын алып талқандап, одәрі жасап ішеді.
  8. Көз алмасы ауырғанда: томаға шөпті арақпен қуырып, оған дағұр балдырын қосып талқандап, 6 г-нан шаймен ішеді.

Пайдалану мөлшері – 3-9 г.

Басты құрамы. Байкалелин, байкалин, вегенин, вегенозит қатарлылар  бар.

Толықжапырақты жыланбас (Dracocephalum Integrifolium Bqe). Ерекшелігі.  Көп жылдық шөп тектес  өсімдік, сабағының түп жағы ағаш тектес, көп бұтақты, биіктігі 10-60 см. Сабағы төрт қырлы, хош иісті келеді. Жоғарғы жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, төменгі жапырақ-тары  көбінесе дөңгелене өседі. Жапырақтары қандауыр формалы немесе жұмыртқа формалы, бүтін жиекті, жылтыр, сирек өскен түкшелері бар. Жапырағының ұзындығы 1-3 см, кеңдігі 0,3-0,8 см,  күрделі  шашақ гүл шоғыры, гүл күлтесі қос ерін формалы,  қызғылт көк түсті болады. 4 тал аталығы, 5 гүл  тостағанша жапырақшасы бар, мұның ішіндегі  біреуі үлкендеу келеді де, гүл  жапырақшалары аралығынан ерекше ұзын шығып, көзге анық шалынады.Өсетін орындары. Тау беткейлерінде өседі. Солтүстік Шинжияңда кең таралған.

Жинау және өңдеу әдісі.  Жер асты бөлімі дәріге пайдаланылады. Жазда толық өсіп шыққанда жинап алып кептіреді.

Емдік қасиеті. Ащы дәмді, жылы райлы, усыз. Жөтелді тиып, демікпені басады.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

  1. Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына: 15 г. жыланбасты 100 мг суға  екі рет қайнатып, 30 мг қалғанда суытып, бір ретте 10 мг-нан үшке бөліп ішеді.

Пайдалану мөлшері. 3-6 грамм.

Тырнагүл  (Corydalis Glancescons). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімдік,  биіктігі 10-20 см.  Жер асты  түйнек  сабағы шар тәрізді домалақ, іші сары түсті болады. Жер асты сабағы тік  өседі, жіңішке, әлсіз, өзіне лайық еттілеу келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, 2-3  қайталанған қауырсын айырықты болады. Шашагүл шоғыры басында өседі. Гүлі қызғылт көк түсті, ұшқан құсқа  ұқсайды. Тұқымша жемісі бұрышты болады.

Өсетін орындары.  Аласа тауларда, өзенді сайларда, бұталар  арасында және орман жиектерінде  өседі. Бүкіл  Шинжияңға таралған.

Жинау және өңдеу әдісі. Жер асты түйнек сабағы дәрі болады. Жазда жапырағы сарғая  бастағанда қазып алып, топырағын тазалап, суға 2-4 минут қайнатып алып кептіреді. Көбінесе сірке суфн  қосып, қуырып пайдаланады.

Емдік  қасиеті. Ащы дәмді, жылы райлы, усыз. Желді айдап, қанды күшейтіп, ісікті  қайтарады.

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы.

  1. Көкірек қанаты ауырғанда, асқазан ауырғанда:  тырнагүл  түйнек сабағын сірке суына қуырып талқандап, бір ретте 6 г-нан күніне үш рет ішеді.
  2. Етеккір  шашуына:  тырнагүл 10 г, аю балдырған 9 г,  жабайы ермен жапырағы 9 г, суға қайнатып ішеді.
  3. Жығылып  жарақаттануға, қан ұйып ісіп ауырғанда: 6 г. тырнагүлді суға қайнатып ішеді.
  4. Жарақаттың ісіп ауырғаны мен жарыққа да пайдаланылады.

Пайдалану мөлшері 3-9 г.

Басты құрамы. Құрамында алкалоид, аз мөлшерде ұшқыш май бар.

Тікенді  ұшқат (Lonicera). Ерекшелігі. Күзде жапырақ төгетін бұта  тектес өсімдік(, биіктігі 2 м. Өн бойында жиі өскен  тікендер бар. Сабағы көп бұтақты, көне бұтақтары күміс түсті, теңбілдеу  келеді.  Буыны жуантық, буынында көбінесе екі бүршігі болады. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан. Жұмыртқа формалы немесе ұзынша жұмыртқа формалы, бүтін жиекті, жапырағының бет жағы  қою жасыл түсті, астыңғы жағы  күлгіндеу түсті, гүлі бұтақ қолтығыеда қарама-қарсы өседі.  Гүл оранышы 2 жапырақшалы болып толық өседі, өз қалпын сақтайды. Гүл  күлтесі цилиндр тәрізді, ұзын әрі жіңішке келеді,  күлтеснің алдыңғы бөлімі 4 айырықты, алғаш гүл ашқанда ақ түсті, 2-3 күннен кейін алтындай сары түсті болып өзгереді. Жидек  жемісі ұзыншақ, дөңгелектеу, қызыл түсті болады.

Өсетін орындары. Тау ормандарының етегінде, аңғарларда, бұталар арасында өседі. Солтүстік Шинжияңның таулы  райондарында таралған.

Жинау және өңдеу әдісі.  Гүл шанағы (ашылмаған гүл) дәрі болады. Жаз күндерінде гүлі ашылайын дегенде  үзіп алып кептіреді.

Емдік қасиеті. Тәтті дәмді, суық райлы, усыз. Ыстықты басып, уытты қайтарады.

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы:

  1. Соқырішекке: тікенді ұшқат гүлі 60-90 г, бақбақ 30-60 г, қызыл мия  тамыры 9-15 г, күніне екі рет суға қайнатып ішеді.
  2. Емшек безі жедел қабына бастағанда: тікенді ұшқат гүлі 15 г, бақбақ 15 г, ақ жүрек 9 г, қызыл мия 6 г, ащы қарбыз тамыры 9 г, қызыл  шұғынық 9 г, суға  қайнатып ішеді.
  3. Өкпе зертеңіне:  тікенді ұшқат гүлі  30 г, аю балдырған 9 г, бақбақ 9 г, қара тамыр 7,5 г, суға қайнатып 3-ке  бөліп ішеді.
  4. Өкпенің іріңді  ісігіне:  тікенді ұшқат гүлі 30 г, бақбақ 15 г, тұт тамыр қабығы 12 г, қоңырау гүл 9 г, қызыл мия 9 г, суға қайнатып ішеді.
  5. Тоқ ішек рагына:  тікенді ұшқат  гүлі 60 г, ащы қарбыз тамыры 15 г, тау дәрі 30 г, жер бояқ 15 г, ойран 9 г,  қызыл мия 9 г, суға қайнатып ішеді.
  6. Шиқан, сыздауық және уытты жараға:  тікенді ұшқат гүлі 30 г, сары мия 30 г, жолжелкен тұқымы 30 г, жаужұмыр 12 г, перилла 9 г, суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері – 6-12 г.

Уілдірік (Typha Latifolia). Ерекшелігі. Уілдірік (жалпақ жапырақты қсға) көп жылдық, биік өсетін шөп тектес өсімдік, биіктігі 1-2 м-ден асады. Көген тамыры жуан, көлденең өседі, буындарының шашак тамырлыры бар, жұмыр сабағы тік өседі. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, бір метрдей ұзындыкта өседе, түп жағы қынапшаланып сабақты  тұратындықтан  түтіе тәрізді болады. Гүлі тақ  жынысты,  аталық, аналығы бір түпте өседі. Сары түсті аталық гүлі тостағаншасының жоғарғы  жағында  өсіп масақ формалы болады, аналық гүлі астыңғы  жағында сары-қоңыр түсті  тоқпақ тәрізді, піскен кезде  парафин шамға ұқсайды.

Өсетін орындары. Тұзды, сулы көлдердің шетінде, өзен бойларындағы тоқтау көлшіктерде өседі.

Жинау және өңдеу  әдісі. ТАталық гүл тозаңы (уілдірігі) дәрі болады. Гүлі ашыла басталғанда аталық гүл шоғырын кесіп алып кептіріп, уілдірігін алып  шикідей немесе қуырып пайдаланады.

Емдік қасиеті. Тәтті дәмді, жағымды райлы, усыз. Шикідей пайдаланса қанды күшейтеді, қуырып пайдаланса қан тыяды.

Басты ем болатын аурулар және пайдалануы:

  1. Етеккір  кірнесіне, босанғаннан кейінгі қан ұюдан  іш ауырғанда:  шикі уілдірік 6 г, құралай құмалағы 9 г, тырнагүл 6 г,  суға қайнатып ішеді.
  2. Жатыр қызметі бұзылудан қан келуге: қуырылған уілдірік 9 г, екпе арша (қуырылған) 15 г, сары мия  12 г, қосып  талқандап қайнаған  сумен ішеді.
  3. Қан түкіруге, мұрыннан қан ағуға: қуырылған уілдірік  6 г, мудан  тамыр қабығы 9 г, шикі оймақ гүл  9 г, суға қайнатып ішеді.
  4. Жығылып, соғылып қан ұйып  ауырғанда:  уілдірік 9 г, шаптұл дәні 9 г, мақсары 45 г, суға қайнатып жас баланың (нәресте) бір шыны несебімен қосып ішеді.
  5. 2-ші дәрежелі күйікке, жарадавн қан ағуға: уілтіріктен лайықты мөлшерде алып, кептіріп талқандап себеді.

Пайдалану мөлшері – 3-9 г.

Басты құрамы. Құрамында типастерол, май, ұшқыш май, алкалоид бар.

Шаптұл гүлі (Prunus Persica). Жинау және өңдеу әдісі.  Жазғытұрым гүл ашқанда жинап алып, кептіріп сақтайды.

Емдік қасиеті. Ащылау кермек дәмді, жағымды райлы, үлкен дәретті айдайды, денеге жиналған сулы  ісікті қайтарады.

Басты ем  болатын аурулары және пайдаланылуы.

Сулы ісікке, ішке жиналған суды айдауға, іш қатуға пайдаланылады.

Пайдалану мөлшері 3-6 г.

Шаптұл қағы. Әбден пісіп жетілгмеген шаптұлды сүйегін шығарып тастап, кептіріп алады. Бұл шаптұл қағы делінеді. Құрт түсуден сақтану үшін қақты ауа алмасып тұратын құрғақ жерде сақтайды.

Емдік қасиеті. Ащылау тәтті дәмдіғ ауырғанды басады, терді тоқтатады.

Басты  ем болатын  аурулары және пайдаланылуы.

Асқазан ауырғанда, жарыққа, тер тоқтатуға қолданылады.

Пайдалану мөлшері 9-15 г.

Шашырақты (Cicohorium Intybus). Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімідк, биіктігі 50-100 см. Сабағы тік өскен, қуыс өзекті, көп бұтақты болады.  Сағақсыз жапырағы кезектесіп орналасқан. Төменгі жаында өсетін жапырағы тспа тәрізді,  сабақ түбінен сабақ басына дейін жапырағы  кішрейіп,  формасы өзгеріп отырады. Көк түсті  гүлі сабағын қолтықтай өседі.

Өсетін орындары. Егістіктерде, жол жағаларында, шөптесін жерлерде, сай-салаларда өседі. Бүкіл Шинжияңда таралған.

Жинау және өңдеу әдісі. Жер үсті бөлігі дәрі. Жазда орып алып, турап кептіреді.

Емдік қасиеті. Кермек дәмді, суықтау райлы, усыз. Бауырды тазалап, өт сұйықтығын молайтады. Демікпені басады.

Басты ем болатын аурулары және пайдалануы.

  1. Сары типтегі  бауыр қабынуға:  шашыратқыдан 9 г-ды суға қайнатып ішеді. Сонымен бірге шашыратқыдан лайықты мөлшерде алып, суға қайнатып денені жуады.
  2. Созылмалы кеңірдек қабынуға:  жөтелге,  демікпеге: шашыратқы мен піскен мандарин қабығының әр қайсысынан 60 г-нан суға қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері. 3-9 г.

Басты құрамы. Құрамында шашыратқы  глюкозиді  және алкалоид  бар.

Шерменгүл (Gentian Ellamaerophylla) (Басқа аты – үлкен жапырақты көкгүл)     Ерекшелігі. Көп жылдық шөп тектес өсімідк,  биіктігі 30-40 см. Негізгі тамыры жуан, қоңыр сары түсті, көптеген тамырлары бұрала бірігіп білеуленіп тұрады.  Тік өсетін сабағы жылтыр, түксіз, түп жағында талшық тәрізді жапырақ сағағының қалдықтары бар. Түп жағында өсетін жапырақтары үлкен, әдетте 20 см-ден асады. Ашық көрінетін 6 қатар жапырақ  жүйкесі бар. Сабағындағы  кішкене жапырақтары қарама-қарсы орналасып, түп жағы бірігіп кетеді, глі жоғарғы жағындағы жапырақ  қолтығында дөңгелене топтасып өседі. Гүл тостағаншасы қабық тәрізді, гүлдің ұш жағы 3-5 қысқа тісті болады. Гүл күлтесі цилиндр тәрізді, гүлі  көкшіл түстті болады, тұқымша жемісі дөңгелек формалы, тұқымы сопақтау, қоңыр түсті жалтырап тұрады.

Өсетін орындары. Тау ормандарының дымқыл,  шөпті жерлерінде өседі.  Алтай, Тянь-Шань, Күнлүн тауларына таралған.

Жинау және өңдеу әдісі. Тамыры дәрі болады. Көктем және күзде қазып алып, шашық тамырын, сабақ қалдықтарын алып тастап, кептіріп, жалпақтап турап сақтайды.

Емдік қасиеті. Кермектеу, сор дәмді, жағымды райлы, усыз. Жел-құзды айдайды, әлсіз ыстықты қайтарады, қанды күшейтіп, тарамыстарды босатады.

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы.

  1. Несеп келмей, қуықтың сыздауына: 30 г. шерменгүлге 7 есе су қосып қайнатып, шарын сүзіп тастап, тамақ алдында екіге бөліп ішеді.
  2. Сыздауық, шиқан тектес жаралардың аузы жазылмағанда: шерменгүлді талқандап, жараның аузына сеуіп тұрса, жараның аузы біртіндеп  жазылады.  Бүкіл дене және көз сарғайғанда: 120 г шерменгүлге үш үлес сүт қосып қайнатып, бір үлес қалғанда шарын сүзіп тастап, тазаланған сордан 30 г қоысп ішеді.
  3. Қан тамыр қатаюдың  салдарынан бет-ауыздың қисаюына: сасық қандала шөп, өңделген қызыл мия, шұғынық, рынсынның әрқайсысынан 15 г, шерменгүл, дағұр балдырған, бірсалар, даршынның әрқайсысынан 9 г, талқандап 30 г-нен ішеді. Ұзын сарымсақтан үзбей  5-6 см-дей ұзындықта алып, екі шыны суға қайнатып, бір шыныдай қалғанда шарын сүзіп тастап, тамақ артынан ыстықтай ішеді. Дәріні ішіп болғаннан кейін суық тигізбей тер шыққанша оранып жату керек.
  4. Жел-құз қоздырған буын қабынуға: шерменгүл 9 г, қазтамақ гүл 30 г, суға қайнатып ішеді.
  5. Өкпе туберкулезінің  қызуына, әлсіз  тер шығуға: шерменгүл, жиңми (жатаған күріш),  алақат, көк қурайдың әрқайсысынан 9 г-нан алып қайнатып ішеді.

Пайдалану мөлшері.  3-9 г.

Басты құрамы. Құрамында 3 түрлі шерменгүл сілтісі бар.

 

 

3.3 Эндемикалы өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік маңызы

 

Қандай да болмасын табиғат байлықтары, мейлі ол өсімдіктер дүниесі, не болмаса түз-тағырларының өкілі болсын, олардың өздері бейімделіп тіршілік ететін табиғи ортасынан ажыратпай қорғап, қорын молайту ісі бүгінде күнтәртібінде тұрған көкейтесті мәселелелрдің бірі. Неге десеңіз, адам баласы алғаш жер басып жүре бастаған кезде табиғатпен жекпе-жекке шықты.

Санасы әлі жетіле қоймаған алғашқы адам көзіне көрінген өсімдікті аузына салды. Оның дәмдісін тауып азық етті. Осылайша адам көп жылдық тәжірибеден тағамдық өсімдіктерді пайдаланудың алғашқы қарапйым әдісін үйренді. Бірақ бұл өсімдіктердің азаюына нұқсан келтірмей, табиғат тепе-теңдігі сақталатын. Кейін өсімдіктерді адам қажет етуі күшейе бастады да, аяусыз кейбір өсімдіктер құрып кетті. Ал қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорттың қарқынды қадамы, оларға өзінің ықпалын тигізуде. Олар кері әсер тепеу үшін адамның табиғат қорғау ісін ғылыми-техникалық прогреспен ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет, яғни табиғатта түрлі экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар, небір қайталанбас көркі бар қорықтарды қорғай білуі қажет. Осындай жағдайларға байланысты табиғат қорғау мәселесіне қазір жер бойынша көңіл аударылуда. Жоғарыда айтылып өтілгендей Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлеміне өте бай. Өзімізге белгілі олардың арасында туған өлке топырағына ғана тән өсімдіктердің эндемикалық түрлерімен қатар, сонау мұздық дәуірінен бері бізге жеткен реликті және толып жатқан себептерге байланысты сиреп кеткен түрлер де аз емес. Сондықтан, сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар өкілдерін қорғаудың маңызы зор. Айталық сиреп кеткен өсімдіктердің тізіміне 306 түрі іліккен. Қайткен күнде де олардың жерімізден ғайып болып кетпеуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді. Бізде де бұл мәселеге жете көңіл бөлініп соңғы жылдары көптеген игі істер тындырылды және бұл саладағы жұмыстар келешекте де жалғастырыла бермек. Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінінң көптеген жолдары бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы қорықтар мен табиғи парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуананттар парктерін құру.

Қорықтар бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғары формасы қорық территориясы шараушылық айналымынан босатылып, онда өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аңқұс атып, балық аулау, шөп шабу мен ағаш дайындау сияқты нұсқан келтіретін әрекетке тыйым салынған. Сонымен қатар қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктерін жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғауы қажет.

Қорықтарда тек саны азайып жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтары, табиғат кешендері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан сиреп бара жатқан өсімдіктерді қорғауда қорықтардың алатын орны ерекше.

Шындығында да кең байтақ республкамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Егер елімізде жалпы жер көлемі 70 миллион шаршы километрден алып жатқан 135 қорық бар болса, соның тек оны ғана Қазақстанның үлесіне тиеді. Олар әр жылдары ұйымдастырылған ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Наурызым (1934), Барсакелмес (1939), Қорғалжын (1931) және Марқакөл (1976), Үстүрт (1984), Батыс-Алтай (1992), Алакөл (1998), Қаратау (2004) қорықтары. Бірінде жасыл желегі жайқалған гүлзарлар, жеміс бақтар мен саяси мол еңселі ағаштарға оранған елді мекен жерлер өлкемізде аз емес.

Бұл саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінен ботаникалық бақтар-да жүргізіледі. Мұндай бақтар Қазақстан жерінде Қарағандыда, Алматыда, Бақанасты жұмыс істейді. Сонымен қатар бақта республика көлемінде сирек кездесетін және эндемин өсімдіктердің түрлері геіледі. Қызғалдақтың бірнеше түрі, Жетісу инкарвиясы, Шренк тобылғысы, Қарату піскен жуалары және басқа да «Қызыл кітап»- қа тіркелген өсімдіктер дүниесі мұнда жан-жақты зерттелуде. Тау жусандықтарында эндемиктік түр - қаратау жусаны басым болып табылады. Бұл шала бұтаның нәзік сұр-жасыл жіңішке тілімденген жапырақтары мен жіңішке шашақ гүл шоғыры бар, биік сүректепген көп сабақтарымен ерекшеленеді. Далада бетеге басым, кавказ және қаратау таулары да жиі қатысады. Фриганоидтар немесе тау үсті ксерофиттері - өсімдіктердің ерекше түрі, қүрғақ тасты тіршілік ортасына тән.

Олардың құрамында көп жылдық тікенекті шөптер, шала бұталар мен буташықтар басым. Бұлар - көбіне эндемиктік турлер кемпіршөп, сетен, көбен-қүйрық, Регель тарбақайы және т.б. Далалар мен қаратаулық жусандықтарда осындай фриганондтардың қатысуы қорық өсімдіктеріне ерекше қайталанбас кескін береді.

Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз көлемді алып жатыр, олар ойыс беткейге және шатқал астындағы жерге бейімделген. Мұндай тоғайларда ырғайдың екі түрі - қаратау (жота эндемигі) және басқа түсті, тиынжапырақ үшқаты басым. Анда-санда парсы шетені мен Корольков доланасы кездеседі, Қорықтың сирек өсімдіктер бірлестігіне сонымен қатар тоғайлы ормандар жатады. Өзен арнасы жағалауын бойлай созылған ормандардың осы жіңішке жолақтары шілтерлі жапырақты қалдық согдий шағаны мен ұшар басы нәзік көкшіл аласа талдармен өте тартымды. Кейде олардың құрамында түркістан доланасы, түт, Сиверс алмасы мен Семенов үйеңкісі кездеседі. Үйеңкі шаған сияқты ежелгі үштік дәуір ормандарының тірі жарқыншағы. Дегенмен ол құрғақшылыққа шыдамды, сондықтан қорықта ашық құрғақ баурайларда жиі кездеседі. Оның 10-30 ағаштан тұратын шағын топтары басқа қалдық - Регель алмұрты тоғайларымен кезектесіп кездеседі. Олар орталық Қаратаудың ормансыз баурайларын керемет әшекейлейді.

Сайлардың құрғақ түптері мен баурайлардың төменгі бөліктерінде көлемі 0,01-ден 0,5 га жерлерде жеке топ болып Шренк тобылғытүсі бірлестіктері кездеседі. Бұл Раушангүлдер тұкымдасына жататын ерекше әдемі бута монотилті (бір ғана түрі бар) туыстың өкілі, ол палеоген дәуірінен сақталған (30 млн. жыл бұрын), Қазақстаннын тек екі жерінде - Бетпақдала шөлі мен Қаратау тауында ғана кездеседі. Баялдыр және Қантағы өзендері аңғарларынан ең үлкен даралары белгілі, олардың ұзындығы 2,5 м, ал діңінің жуандығы 15 см. Олардың ұшар бастары шеңбері 3 метрге дейін жетеді, ал гүлдейтін бұтақтар саны 500-800-ден асады. Гүлдеу кезеңі маусым ортасында, бұл бұталар нәзік ақшыл қызғылт шілтерге оранғандай болып көрінеді, онда жабайы бал аралары мен қазғыш аралар тынбай гүілдейді.

Сыртқы келбеті мен флора құрамы Қаратаудың басқа эндемиктері мен калдық түрлерінің - Гомолицкий сетені, қаратау маралтамыры, жалған сорғыштың қатысуымен өзіндік ерекше болып көрінеді. Мыңжылқы көбенқұйрығы бірлестігінде, мысалы, 94 түр белгілі, оның ішінде 30 эндемиктік түр және 8 кызылкітаптық түр бар.

Сонымен, қорықтың жоғары өсімдіктер флорасы шамамен есептеу мәлі-меттері бойынша 400 түрдей болады. Ол жоғары дәрежедегі ерекшелігімен айрықшаланады, өйткені ол ежелгі және жаңа эндемиктік түрлердің жинағынан құралған. Қорықтың қазіргі территориясьшың өзінде қаратау эндемиктерінін, 53 турі, Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның тағы 10 эндемигі бар. Қызыл кітапқа (екінші басылымды есепке алғанда) 42 тур енгізілген.

Қорықта монотипті туыстарды сақтаудың маңызы зор. Жоғарыда айтылған тобылғытүстен басқа тағы төрт өсімдік -Северцов бөгдешөлмасағы, Регель тарбақай, жалған сорғыш және Северцов цилиндр жемісі бар. Тек кана осында сирек түрлер: Турчин жуасы, Тұрлан құмдақшөбі, қырықбуын тәрізді сайсабақ Линчевский кемпіршөбі, Павлов сарыаңдызы, үшкір кекіре, мықжылқы тиынтағы, Пятаева танацетопсисі, мыңжылқы түймешетені, қаратау көкбасы поггуляциялары қорғалады.

Қорықтың көптеген пайдалы өсімдіктері ішінде аты аңызға айналған тау сағыз, тек 1929 жылы ғана аты әлемге әйгілі болған, сонымен 10-15 жыл бойы Кеңес Одағының жабайы өсімдіктер қорының ең танымалының бірі болды. Бұл жартылай шар тәрізді күрделігулділер тұқымдасына жататын онша биік емес шала бұта тасты-шағыл тасты үстірт пен адырларда өседі, олардың тамырларында 40% (орташа 18-20%) жоғары сапалы каучук болады. Әсіресе бағалы болуы сүт шырынында емес, бүкіл тамырына 30-40 см созылып жататын жіп түрінде болады. 1930-1931 жылдары таусағыздың таралуын егжей-тегжейлі зерттеген ботаниктер Н.В.Павлов пен С.Ю.Липшин Қаратау жотасының бірегей флорасының алғашкы ашушылары болды.

 

3-кесте. Ақсу жабағылы қорығындағы қызыл кітапқа енген өсімдіктер

 

Өсімдік аты

 Каз СРО Қызыл кітабы

сиректену категориясы (1991)

1

Борец таласский

Сирек түр, саны азаюда

2

Адиантум венерин волос

Өте сирек түр

3

Аллохруза качимовидная

Сирек түр, саны азаюда

4

Анафалис кистеносный

Сирек түр

5

Лук пскемский

Сирек ареалы азаюда

6

Береза таласская

Сирек ұсақ эндемикалы түр

7

Каркас кавказский

Сирек түр

8

Василек туркестанский

Сирек түр  

9

Безвременник желтый

Сирек түр

10

Кузиния жесткая

Сирек түр эндемикалы түр

11

Щитовник мынжилкинский

Өте сирек, Реликт эндемикалы түр

12

Бересклет Коопмана

Өте сирек, реликтивті

13

Иридодиктиум Колпаковского

Ареал саны азаюда

14

Можжевельник зеравшанский

Сирек түр, саны азаюда

15

Юнона голубая

Сирек, ареалы аз

16

Латук удивительный

Сирек эндемикалы

17

Яблоня Недзвецкого

Сирек эндем түр

18

Яблоня Сиверса

Сирек түр, саны азаюда

19

Люцерна бледно-желтая

Сирек эндемикалы түр

20

Морина кокандская

Реликті түр

21

Остролодочник каратавский

Сирек эндемикалы

22

Остролодочник таласский

Сирек ұсақ эндемикалы түр

23

Первоцвет Минквиц

Сирек, Реликт эндемикалы түр

24

Ложнопустынноколосник Северцова

Сирек түр

25

Ложноочиток каратавский

Сирек, ұсақ эндемикалы түр

26

Рафидофитон Регеля

Сирек, Реликті эндемикалы түр

27

Смородина Янчевского

Салыстырмалы сирек

28

Шренкия Культиасова

Реликті ұсақ эндемикалы түр

29

Щуровския окаймленная

Реликті ұсақ эндемикалы түр

30

Жестковенечник пятирогий

Өте реликті түр

31

Шлемник почтидернистый

Өте сирек, эндемикалы

32

Ленец Минквиц

Сирек, реликті, эндемикалы, жойылуда

33

Тюльпан Грейга

Сирек, эндемикалы

34

Тюльпан Кауфмана

Сирек, ареалы қысқаруда

35

Угамия ангренская

Сирек, жіңішке эндемикалы

36

Унгерния Северцева

Сирек Тянь-Шанның Батысы

37

Медиазия крупнолистная

Сирек

Одан кейінгі жылдары жаңа каучук көзінің бар бұтасы зерттелді, табиғаттағы барлық дарасына есеп жүргізілді, ол 15 млн. болып шықты. Оның тұқымдары жиналып, мәдени түрде өсіру жолдары қарастырылды. Тәжірибе бүкіл Кеңес Одағы бойынша Орта Азиядан Мәскеу мен Ленинградқа дейін жүргізілді. Мәдени түрде өсіру онай шаруа болмады, бірақ 30-шы жылдардың соңында тау сағыздың өнеркәсіптік егістіктері 1 гектардан 400 кг каучук берді. Ұлы Отан соғысы табиғи тұрлерінің дерлік құрып кетуіне себеп болды. 1941 жылы жазда 900 тонна таза каучук беріп отырған табиғаттағы бар таусағыз тамырын қазып алу шарасы қабылданды. Одан кейінгі жылдары арзан синтетикалық каучук табиғи каучукты толық алмастырды, бірақ көктікен тау сағызы қазірге дейін Қазақстан Қызыл кітабы беттерінде сирек кездесетін түр ретінде есептеледі.

Басқа да пайдалы өсімдіктер арасында едәуір есте қалатындары сәндік өсімдіктер, Сәуір соңы мен мамыр басында гүлдейтін Альберт қызғалдағы алаңқайлардың керемет әшекейі, олар сайдың тасты баурайларын толық алып жатады. Топырақ қабаты қалың беткейлерде Грейг қызғалдағы да көп болып өседі. Жартасты жерлерде бұл түрлер жиі қатар өсіп, табиғи будандар түзеді. Бұлардан ерте қысқа сабақты 3-4 гүлден тұратын кішкене шоғырлы Қаратау эндемигі тікаяқ, кызғалдақ гүлдейді, ол жиі жалаңаш жартастар арасында кездеседі.

Ботаника бағы. Адамзат туып-өскен жерін баққа бөлеуді о бостан-ақ құрметті парызым деп білген. Халықтың бейбіт өмірді, бақытты тұрмысты гүлденген баққа теңеп, осы гүлденген бақтар арқылы бейнелегендіктері де сондықтан. Заказниктер – табиғатты, оның өсімдіктері иен жануарлар дүниесін немесе табиғат комплексінің белгілі бір бөлігін қамқорлыққа алудың бір формасы ретінде қорғауға алынған территория. Оның қорық секілді статусы  жоқ.

Сиреп кеткен өсімдіктерді қорғау тұрғысындағы практикалық шарларды жүзеге асыруда «Қызыл кітап»-тың алар орны ерекше. Себебі «Қызыл кітап» атты документте өсімдік жөніндегі мәліметтер, атап айтқанда оның өсетін жері, қоры және қорғау шаралары туралы ғылыми негізіндегі ұсыныстар беріледі.       

Қазақ табиғат қорғау қоғамы адамдардың экологиялық таза қоршалған ортада өмір сүру құқыларын қорғауға шақыратын және бұл мақсатқа жету үшін осыған мүдделі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар басқа республикалардың табиғат қорғау қоғамдары мен шет елдердің қоғамдық ұйымдары және қозғалыстары мен қарым-қатынас жасайтын экологиялық ерікті бұқаралық қоғам ұйымы 1990 жылы 16 қарашада Қазақ табиғат қорғау қоғамының VII съезінде жарғысы жарияланған. Бұл жарғыларда табиғат қорғау мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктер туралы да мағлұмат келтірілген.

Негізінен Ақсу-Жабағылы қорығымен, яғни Шымкент облысымен ұштасып жатқан Жамбыл облысы да өсімдіктер дүниесіне бай. Бірақ соңғы жылдары өнеркәсіптің, транспорттың дамуынан, сондай-ақ ауыл шаруашылығының, соның ішінде мал шаруашылығының дамуынан, яғни көптеген өсімдіктер дүниесіне бай жерлер, қазіргі таңда жай жайылымдық жерлерге айналып кету салдарынан өсімдіктер сиреп, жойлып бара жатыр.

Облыс аумағындағы Ақсу Жабағылы қорығында 1274 гүлді өсімдіктердің түрі бар, олар  470 туыс,  70 тұқымдас, 58 түр қына,  235 саңырауқұлақтан тұрады.

Қорыта кететін болсам, жасыл әлем байлығын заң қағидалары арқылы қорықтар, заказниктер, ботаникалық бақтар ұйымдастыру арқылы сақатп қалуға болады екен.

Бұл шаралардың барлығы да дұрыс шаралар деп ойлаймын. Бірақ ең бастысы табиғат қорғау мәселесінің маңызын әркімнің түсініп, оның дұрыс шешілуі үшін өз тарапынан саналы әрекет жасауы қажет. Сонда ғана табиғатқа мейірімсіз қол көтерушілер саны азайып, керісінше оған камқоршы болар жандар қатары артар еді. Сондықтан ол бастан балабақшаларда, мектеп қабырғасында қоршаған ортаны сақтап қалуға экологиялық тәрбие берудің, табиғат қорғау ісінің маңызын кеңінен насихаттаудың тәрбиелік мәні зор демекпін.

Республикамызда 3 миллионнан адам табиғат қорғау қоғамына мүше.

Қазақстан территориясында сирек кездесетін және эндемин өсімдіктерді, сондай-ақ табиғат ескерткіштерін, әсем жерлерді сақтап қалудың бірден-бір жолы жаңа қорықтар мен заказниктер және табиғи парктер ұйымдастыру. Бұл қорықтарда, табиғи парктерде өсімдіктермен қатар сирек кезедесетін жануарларды және басқа да табиғи ресурстарды қорғау үшін үлкен мүмкіндіктердің туатыны сөзсіз. Сондай-ақ, құрып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктерді ботаникалық бақта тәжірибе станциясында өсіру және ертеде өскен жеріне қайтадан жерсіндіру керек.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Оңтүстік Қазақстан облысы эндемикалы өсімдіктерге бай, олар негізінен таулы өңірлерде кездеседі.

2. Оңтүстік Қазақстан  облысында сирек кездесетін өсімдіктердің генефондын сақтау мақсатында ақпараттық ұйымдар арқылы жарнамалар жасау жағын қарастыру керек.

3. Сирек кездесетін өсімдіктердің ішінде медицинада қолданылатын түрлері де өте көп, оларға: дермене, қарандыз, өгейшөп, шәйшөп, қылша (эфедра), марал оты және т.б. жатады.

4. Сирек кездесетін өсімдіктердің негізгі топтарына мына төмендегі түрлер жатады: , берікқара терегі, регель қызғалдағы, таусағыз, так пісте, түйесіңір, арша, құртқашаш, көбенқұйрық, ақшыл шырыш, қаратау түйетабаны, жер сабын, дермене және т.б. Олар мемлекеттік қорғауға алынған

5. Оңтүстік Қазақстан  облысында ерекше қорғалатын территорияларда (қорықтар, заказниктер, ұлттық парктерде) дәрілік өсімдіктерді  жинауға тиым салу.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Жапарова Н.К., Қазақстанның сирек кездесетін өсімдіктерін қорғау және зерттеу мәселері туралы //Изучение растительного мира Казахстана и его охрана. –Алматы, 2001. -178 б.

2. Қазақ ССР-ның Қызыл кітабы «Жоғалып кету қаупі бар сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар» (2 бөлім/өсімдіктер). –Алматы: Қайнар,  1981.

3. Іскендіров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. –Алматы: Қазақстан, 1982.

4. Банников А.Г. Заповедники Советского союза. –М., 1967.

5. Огарь Н.П. Растительность долин рек семиаридных и аридных регионов континентальной Азии //Автореф. … докт. биол.наук: 03.00.05. –Алматы, 1999. -50 с.           

6. Ботаническая география Казахстана и Средней Азии (в пределах пустынной зоны). –Спб, 2003. -424 с.

7. Байтенов А.Г. Охрана растительного мира Казахстана. –Алма-Ата, 1979.

8. Байтенов М.С. В мире редких растений. –Алматы: Қайнар, 1986.

9. Сыбанбеков К.Ж. Жабайы өсімдіктер сыры. –Алматы: Қайнар, 1986.

10. Винтерголлер Б.А. Редкие растения Казахстана. –Алматы, 1976.

11. Воронин В.В. Тюльпаны степей и горы. –Алматы: Кайнар, 1987.

12. Молдабергенов А.Ш. Атамекен. –Алматы: Қайнар, 1983.

13. Флора Казахстана. –Т.1-2. –Алматы, 1999-2001.

14. Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. –Алматы: Наука, 1982.

15. Көшімбаев С. Туған жер қазынасы. –Алматы: Қайнар, 1983.

16. Быков Б.А., Ковшарь А.Ф. Запаведное дело в Казахстане. –Алматы: Наука, 1982.

17. Красная книга Казахской ССР //Растения. –Ч.2. –Алма-Ата: Наука, 1981. -262 с.

18. Красная книга СССР. Редкие и находящиеся под угрозой исчезнове-ния виды животных и растений. –М.:Лесная промышленность, 1984. –Т.2. -478 с.

19. Хамулло О.Н. Актуальные вопросы лесного хозяйства Казахстана. –Алматы, 1973.

20. Шаров А.Г. Уникальные полеонтологические находки //Наука и жизнь. –М., 1971.

21. Лавренко Е.М. Основные черты  ботанической  географии пустынь Евразии и Северной Африки. –М.-Л., 1962. –С.169.

22. Геоботанические районирование СССР //Сб.науч.трудов комиссии по естеств.истор. районированию (под ред.Лавренко Е.М.). –М.:Л., 1947. –Т.2. – Вып.2.           

23. Раститель Казахстана и Средней Азии. –С.П., 1995. -129 с.

24. Храмцов В.Н. Средемасштабная карта  растительности Чу-Илийских гор и подгорных равнин //Геобатаническое картографирование. –Л., 1985. –С.49-59.

25. Семенова М.И. Природа и хозяйства Южно-Казахстанской области. –Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1959. –С. 143.

26. Рубинштейн М.И. Богарные почвы  предгорных равнин Тянь-Шаня. – Алма-Ата, 1998. –С.5-24.

27. Герасимов И.О. О типах почв горных стран и вертикальной почвенной      зональности //Почвоведение. –М., 1948.

28. Герасимов И.П. О почвенно-климатических формациях равнин СССР и прилегающих стран //Труды почв. ин-та им. В.В. Докучаева. –М.:  Изд.АН   СССР, 1933. –Вып.5.

29. Жихарева Г., Курмангалиева А.А., Соколов А.А. Почвы Чимкентской области. –Алма-Ата: Наука, 1969. –С.411.

30. Скворцов А.К. Гербарий //Пособие по методике и технике. –М.: Наука, 1977. -198 с.

31. Арыстанғалиев А, Рамазанов Е. Қазақстанның өсімдіктері. –Алматы: Ғылым, 1977.

32. Флора Казахстана. –Т.т. 1-9. –Алма-Ата, 1956-1966.

33. Иллюстрированный определитель растений Казахстана. –Т.т.1-2. –Алма-Ата: Наука, 1969-1972.

34. Определитель растений Средней Азии. –Т.т.1-9. –Ташкент: ФАН, 1968-1987. -

35. Тахтаджян А.Л. Система магнолиофитов. –Л.: Наука, 1987. -408 с.

36. Абдулина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. -Алматы, 1999. –187 с.

37. Красная книга Казахской ССР. –Ч.2. Растения. –Алма-ата: Наука, 1981. -262 с.

38. Красная книга Казахской ССР. –Т.2. Растения. –Алматы, 1981.

39. Ибраева Ж., Курбанова Ф., Ибрагимов Т.С. Дермене жусанының қазіргі фитоценотивтік жағдайы //Ұлттық тәрбие мен білім жолында: ОҚПУ-нің 15 жылд. арн. студенттердің аймақтық ғыл. конф.матер. –Алматы: Қазақпарат, 2007. –Б.251-253.

40. Черепанов С.К. Сосудистые растения России и сопредельных госу-дарств (в пределах бывшего СССР). –СПб., 1995. –С.243-292.

41. Арыстангалиев С.А., Рамазанов Е.Д. Қазақстан өсімдіктері. –Алматы, 1977. –256 с.

42. Тахтаджян А.Л. Красная книга //Дикорастущие виды флоры, нуждаю-щиеся в охране. –М., 1975. 

43. Raunkier C. Recherehes statistigaes surles formations vegetales – Overs //Overs det kgl. Danske Vid. Selse. Biol. Medd. -1918. -№1. –Р.3.

44. Серебряков И.Г. Жизненные формы высших растений и их изучение //Полевая геоботаника. –М.-Л.: Наука, 1964. –Т.З. –С.155-189.

45. Соболев Л.Н., Кармышева Х.Х., Утехин В.Д. Ботанические исследова-ния в Казахстане. –Алматы, 1964.

46. Иващенко А.А. Эфемероиды семейства лилейных в Аксу-Джабаглин-ском заповеднике //Изучение и охрана заповедных объектов. –Алма-Ата: Наука, 1984. –С.73-75

47. Утехин В.Д. Заповеденику Аксу-Джабагалы 50-лет. –Алматы, 1973.

48. Быков Б.А. Очерки истории растительного мира Казахстана и Средней Азии. –Алматы, 1979.

49. Попов М.Г. Растительный покров Казахстана //Труды Каз.Филиала АН СССР. –Т.II. Растительность. –М., 1940. –Вып.18. -216 с.

50. Жуковский Г.М. Ботаника. –М.: Высшая школа, 1964.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-07-06 09:36:00     Қаралды-28912

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ПЛАНЕТА КҮНГЕ ЖАҚЫН?

...

Меркурий – «ең ыстық» планета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАНДА ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жұлдыздар галактикалардың негізгі «тұрғындары» болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »