ХАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

Халық мұрасындағы ұлттық өнерді оқытудың тиімді әдістері

 

Оқушыларды көркемөнерді қабылдауды қалыптастыру кезінде халық өнерін қолдана білудің атқаратын қызыметі өте күрделі. Бұл жерде ұстаздардың халық өнерін көркемдік тұр жағынан ғана емес, мазмұн жағынан да бұрыңғы дәстүрді кеңейтіп сәтті қолдана білуінде, әдістемелік шеберлігі мен іс тәжрибесіне тікелей байланысты. Бейнелеу өнерінің оқытушысы әрбір сабақ тақырыбының түп негізін, халық өнерінің дәстүрлік үлгілерін шебер пайдалана отырып, көркемдік тұрғыда көздеген мақсаттарына жетуге тырысады. Мысалға, халық өрнектері бір жағынан балалар ұғымында бұрыңғы қалыптасқан ұғым-түсініктерді жаңғыртатын болса, екіншіден сол жаңғырған білімді күнделікті өмірмен байласыстыра отырып жаңа мағлұматтар тың мазмұнмен едауыр кеңейтіп, бекіте түседі. Эстетикалық қызметі, даралығы жағынан бұл нұсқаулар халықтың ұлттық өнеріндегі игі дәстүрді оқытуға кең дәрежедегі көркемдік әдістемелік құбылыс болып табылады.

Дәстүрді осылайша игеру, оны ұлттық өрнек өнерінің заңдылықтарымен, оның жеке элементтерімен ұштастыру, оқушылардың шығармаларына жаңа көркемдік сапа берумен қатар, сол оқушылардың өрнек өнерін қабылдауын әсерлі де көңілге қонымды етіп ынталануын жарасымды дамыта түседі.

Халық өрнегі оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тусінігіңе лайықты, ықшам мөлшерде алынған жөн.

Ал ой мен идеяның берілуі, бір жүйеге түйінделуі, баланың сол өрнекті айналадағы өмірмен байланыстыру заңдылықтары аясында жүзеге асады. Әсіресе әрбір өрнектің формалары бөлшектері (элементтері) мейлінше сәтті берілуі шарт.

Әрине, бұл жерде ұстаздардың сұрақ-жауап әдісін таңдап алуының да атқарар қызметі өте үлкен. Ал енді осы формаларға ерекше көңіл бөлген жағдайда ғана ұлттық өрнектің балалар көкейіне ұғымдылығы да, қонымдылығы да, соншалықты айқындық сипат алған болар еді. Ал мұғалімдердің осындай амал-әдістерін қолдануда ерекше формаларды таңдауында, тағы да дәстүрлі халық өрнек өнерінің әсері жатқаны даусыз.

Бүгінгі кезенде ұлттық мектептерде откізілетін бейнелеу өнері сабағында мұғалімнің ертегі, аңыз, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, мысал, халық күйлері мен әндері және де басқа осындай халқымыздың дәстүрлі фольклорлық мұрасымен тығыз байланыста құра білуіне негізделеді. Бейнелеу өнері пәндерінен дәріс берудің мұндай әдіс тәсілдері оқушыларга халық өнерінің ішкі және сыртқы жартылысын, мазмұндық мәні мен құрлымдық (структуралық), формалық жетілу жолдарын айқындай түседі. Халық ауыз әдебиетінің көрнекті дәстүрі болған ертегі, аңыздар, жұмбақ, мысалдар балалар шығармашылықтарына дәнекер болудың озық үлгісі. Бұл бүгінгі күннен тақырып таппаған шарасыздық емес, халық дәстүрін, салтын, халықтың шығармашылық қуатын саналы түрде бала шығармашылыгына қолдана білудің басты проблемасы.

Ал шығармашылық (творчество) балалық шақ осерінен басталады. Шығармашылық өмір сабағынан, тарих сабағынан, айналамызды қоршаған табиғат сырын оқытып үйретуден басталады. Оқушылардың табиғат аясында тәрбиелеудің маңызы өте үлкен. Табиғат аясында тәрбие алмаған, оның құпия сырларымен таныспаған, жан жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер тіршілігінен бейхабар болып өскен баланы өнерге баулу өте қиын.

Табиғат пен адам арасында мәңгілік байланыс барын, әсіресе балалардың табиғатты оқып, табиғатқа деген құштарлықты дұрыс қалыптастыру қажет. Табиғат, жануарлар тіршілігі мен өсімдіктер мен жәндіктер ерекшеліктерін бала жанымен, бала өмірімен, баланың ұғымымен сабақтастыра алсақ, баланың өнерді қабылдауы әлдеқайда жоғары сапада дамиды.

Бүгінгі күнде оқушыларды бейнелеу өнеріне тәрбиелеу саласында барымен базар деп қанағат етпей, халық дәстүрінің жалғасы ретінде ұлттық өнер тұрғысынан қарасақ көптеген көлеңкелі жайларға көз сүрініп, олардың орнын алу себептерін іштей іздестіруге тура келеді.

Жас ұрпаққа эстетикалық әсемдік тәрбие беруде халықтың ұлттық өнерінің атқарар міндетінің шексіздігін толассыз мойындасақ та, шеберлік шыңдау, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, оқып-үйренудің педагогикалық әдістемелік, дидактикалық жүйелі жолдарын табуды, сөйтіп теориалық негізін қалыптастыруды әлі күнге қалпына келтіре алмай жатқанымыз соның бір айғағы. Өйткені өмір шындығын халқымыздың ұлттық өнерін бала психологиясына, қабылдау түсінігіне лайықтап бейнелеу, айтылар ойдың тек образдан туындауын жүзеге асыру - тәжрибелі ұстаздар мектебін қажет етеді.

Алайда жыл өткен сайын жинақталған тәжрибе өнерге қойылатын талаптың ортақтығын, ұстаздар халықтың ұлттық өнерінен іздесе, балалардың шығармашылық қиялын дөп басып, сол өрнектерді оқушылардың өздері де жасай алатын болады.

Демек, ұстаз қауымы оқушыларға биіктен қарап білгірсімей, бала талабын көзімен көріп, солардың ұлттық өнерге деген көзқарасымен баяндау керек. Сонда ғана өрнек өнері өз нысанына дарып, ұстаздың жеткізбек болған ойын, жасайын деген ықпалын эстетикалық әсермен, көркемдік қуатымен бала көңіліне ұялатады.

Тәжрибелі әрі ұлағатты ұстаздар үшін бұдан былайғы әдістемелік, шығармашылық процесс - балалар психологиясын зерттеу, олардың өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасын, әр түрлі құбылысқа, әр түрлі оқиғаға байланысты түйетін ой, істейтін әрекеттерін сарапқа салып, соның мұратты жақтарын жатық та ұғымды тәсілдерін тауып бере білу.

Қәзіргі кезеңде жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу жөніндегі күрделі міндеттерді орындау мектеп оқушыларының өздеріне де үлкен талаптар қоятыны табиғи жағдай.

Бұл жағдайда педагогика мен психологияның және де басқа да ғылымдардың ғылыми талаптарын міндетті түрде есепке ала отырып жүргізудін айрықша маңызы бар. Ал арнайы ұйымдастырылган әдістеме саласы шығармашылыққа қалыптасудың мазмұнын белгілейді, оның жалпы ғылыми жоспарын оны жүзеге асырудың қағидалары мен әдістерін жасайды. Ғылым, оқушылардың адамгершілік, оқыл-ой, еңбек жөне эстетикалық тәрбие жүйесіндегі түрлі әдіс-тәсілдерге жаттықтырудың сан алуан түрлерімен танысуға септігін тигізеді. Сонымен қатар оқушыларды өнерге тәрбиелеу, шығармашылық қабылетін дамыту жөніндегі жұмыстардың ойдағыдай болуы үшін психологиялық процестермен де кең түрде танысу қажет. Психологиялық процестерге таным, эмоция (сезімталдық) және ерік, қабылдау, елестету, қиялдау, ойлау көмегімен оқушылар өздерін қоршаған дүниені, өнердің құпия сырларын танып біле алады.

Халық өнерінің дәстүрі арқылы оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу, бұған: адамгершілік мұраттары мен сенімдерін қалыптастырып, қандай жағдайда да осы істі табандылықпен жүзеге асыру; баланың бойындағы ізгілік пен копшілдік (коллектившілдік); сурет салуға жауапкершілікті сезіну, еңбек сүйгіштік, адалдық пен турашылдық сияқты парасаттылық қасиеттерді дамыту жатады.

Халық өнерін оқытудың ізгі мақсаты өнер дәстүрі арқылы мағұлыматтар ғана беру емес, оқушылардың эстетикалық талабын өтеу әсемдік әлеміне, өнердің айрықша қасиетіне дағдыландыру.

Сөйтіп бүгінгі халық өнерінің дәстүрін көркем туындысын ұлттық өнер ескерткіші ретінде танып, сол өнер иесінің шеберлігі тұрғысынан да, сонымен қатар оның өнердегі тәсіл айласын танып білу ретінде де шамалау қажет.

Жалпы оқушыларды бейнелеу өнері сабағында дәріс берудің тиімді тәсіл-әдістеріне төмендегілер жатады:

  1. Оқушыларды халық өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып үйрету (бұған дүниетаным, мұрат-мақсат, сенім, ұлттық өнерге деген тұрақты қызығу енеді).
  2. Ұлттық өрнек өнерінің салыну, жасалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру (бұған іскерлік, дағды, әдет, білім қоры жатады).
  3. Халық өнерінен үлгі-өнеге алу және еліктеу (бұған эстетикалық адамгершілік, патриоттық тәрбиелер жатады).
  4. Оқушылардың шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту, ойлау мен танымдық қабылетін қалыптастыру (бұған қабылдау, зейін, ойлау, ес, ерік, сезім ерекшеліктері жатады).

Соңғы уақытта оқушыларға бейнелеу өнері пәнінен дәріс беруде балаларды өздерінің түрлі қылықтары мен шығармашылықтарына сүйсіне отырып баулудың өзі сырттай қызығуға қарағанда, немесе бірқалыпты (стандартты) сабақ өткізуге қарағанда әлдеқайда ұтымды да қызықты, әрі тиімді тәсіл екені байқалып жүр. Оқушылардың өздері жасаған өнерді сезінуден туған осы тамаша бірден-бір кепіл берер факторға айналуы мүмкін. Мұның өзі оқушылардың әжептауыр өсіп, өресі биік өнерге қадам басатындығын дәлелдесе керек.

Оқушыларға түрлі өрнектердің шығу тарихы, оқиғасы оте қызықты, динамикалы, ашық та айқын өрнектердің айрықша ұнайтыны белгілі. Тарқала туындап, табиғилықпен, қарапайымдылықпен жалғасатын сөйтіп өзінің атауына байланысты көп жағдайлардан хабардар қылатын тартымды өзек, желілі оқиға ретінде әр алуан тақырыптарға мысалдар ретінде "гүл“, "қошқар мүйіз, "түйе табан", "тайлақ", "ит" (1-7 суреттер, қосымшаны қараңыз) атты өрнектердің тақырыбына қарай өрнектерге айналу әдептелу (стилизациялану) жолдарын ұсынып отырмыз.

Әдептеу (стилизация) - дегеніміз өрнектің атауына, жанрына, түріне, эстетикалық мақсатына және "өрнек образы" деген ұғымға сол өрнеқтің ундес келуі. Ең алдымен айтамын дегеніміз өрнек өнерінің шығу тариқы, сол өрнектің атауына байланысты қарапайым әдептеліп халық дәстүрін, өрнек дәстүрін шығармашылықпен дамытуға баулу екенін көреміз. Сондай-ақ түрлі өрнектердің атауы арқылы әдептеу халық өнерінің өзекті шындығын тануға деген талапқа жетелейді (қосымшаны қараңыз).

Өте қызықты әрі тартымды сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін оқиғалар мен күрделі характерлер, зәрулік (мотивизация), шама (пропорция), қолайлылық, түсініктілік қағидаларын мейлінше сақтау балалар қиялын шынықтыра және шыңдай түсуге қалайда өзіндік себебін тигізбек.

Оқушылар осы әдептеуді меңгере алмайды деп айтуға ауыз бармайды, неге десеңіз керсінше олар өрнек сырына көп үңіліп, өздерінше құбылтып, түрлендіріп қолдануға талпынады. Сонан соң өрнектерді қарапайымдылықтан дейін әдептей білу дегеніміз түптеп келгенде, әрбір өрнектің қалай шығу тарихын, сол өрнектің атауына байланысты үйлесімділігін, нәзік нақышын, нәрі мен әрін, биязы бояуын жас ерекшеліктеріне байланысты терең түсініп, өз ойларын меңгеріп шығармашылықпен жеткізе білу.

Мұндай тәсілдердің ұтымдылығы - алдымен бала бойына, патриоттық ұлттық, этнографиялық сипаттар тез жатталып енеді. Сонан кейін халық өнерінің дәстүрі жайлы ой пікір жалаң айтылмай, оларға жете таныс әдеп-дәстүрлік әңгімелерді қосалқы сюжет етіп пайдалану арқылы астарлы жеткізіледі.

Біріншіден өрнектерді әдептеу сабағының композициялық құрлымы кәдімгі сабақ өткізу жүйесіне негізделіп жасалады. Сабақ барысында халық музыкасы, күйлер, халық өндері мен өлеңдерінен үзінділер, тақпақтар және түрлі ойындар арқылы өтеді. Өйткені балалар шығармашылығының өзі, екінші сөзбен айтқанда, ойын ғой.

Екіншіден сабақтың өту жоспары тақырып таңдауға тікелей байланысты. Сабақтың тақырыптары: хайуанаттар, өсімдіктер әлемі, түрлі құстар, аңның іздері немесе жандіктер т.б. болып келеді (қосымшаны қараңыз).

Үшіншіден әрбір сабақтың бір-біріне ұқсамайтын жаңадан шығармашылықпен өтуі оқушылардан терең білімділікті, халық әндерін қадірлей білуге, шешендік сөздерді меңгеруге, ана тілінде шебер тартымды сөйлей білуге дағдылануға, еңбексүйгіштікке баулиды.

Халық онерінің дәстүріне тәрбиелеуде балалар шығармашылығына деген осы жаңа козқарастар халық онерін үйретудің әдістемелік, тәжірибелік жолмен орнығуы оның көркемдік сапасының кемелденуіне бірден-бір фактор ізденіс көзін ашып, тың талаптарға жетелейді.

Халық дәстүрін оқытып-үйретуде баяндалар ой, айтылар оқиға қаншалықты қызғыдықты, әсерлі болғанмен оқушылардың өрнек элементтерін орындаудың әдіс, айла тәсілдерін немесе қарапайым техникалық процестерін мүлтіксіз орындамаса, кішкентай талапкерлер жүрегіне тәжірибелі ұстаздардың өзі де жол таба алмайтыны белгілі шындық.

Сәби санасына табиғат құбылыстары, қоршаған орта, оқушылардың әр түрлі мінез-құлқы, аң-құстар, жәндіктер, өсімдіктер әлемі т.б. толып жатқан тақырыптардың сондай керек жақтарын кішкентай өнерпаздың қиялын қанаттандырып, көкірек көзін ашатын тұстарын таи басып ұстау, жаңылмау көре білу. Назар аударарлық тағы бір жай, бейнелеу өнері пәнінен дәріс беру кезінде қызықты да күтпеген оқиғалар, сосын шешімдердің пайда болуы, оларды тапқырлыққа, жігерілілікке баулып, шығармашылық қиялын қалыптастырады. Тек қана балалар ойынында жасалатын әрбір образ, жайдақ сюжеттерге ғана құралмай, табиғи тіршілік шеңберіндегі шындықты суреттеуден шығармашылық бағытты сезінуден туындауы қажет.

Сайып келгенде, осының барлығы кез келген құбылысты бала көңілімен қабылдап, оны бейнелей білуге себеп боларлық сәттерін ұстаздық аңғарымпаздықпен көре білудің, жанды жерлерін дәл басып ұстай білудің нәтижесі.

 

Сыршырай өнерінен дәріс беруде ұлттық реңдерді қолданудың түрлері мен тиімді әдістері

 

Бейнелеу өнері сабағында түрлі реңдердің оқушы сезіміне эстетикалық әсері мектепте дұрыс түсіндіріліп жоспарлы түрде кең ұғымда қолданылғанда ғана мүмкін болады. Басқа өнер түрлері сияқты, түрлі ұлттық реңдерді саралай білудің мәнділігі реңдердің атауларын үйренуде емес, оның мазмұндылығында қандай мән болатындығына және көркем шығармада қалай қолданылатындығында. Олай болса ұлттық реңдердің бейнелі жақтарын жасау немесе жазылу мақамдарын терең түсіне білуге үйрету - бейнелеу өнері пәнінен дәріс берудегі ең маңызда методологиялық қағидалардың бірі.

Біріншіден, түрлі ұлттық реңдердің мақамын талдау идеялық мазмұнды, образдар жүйесін, тақырыбын, әдептелу, түрлену, сымбатталу, бедерлену, үйлесімлілік табу, нақыштау, жалпы алғанда, идеялық-эстетикалық болмасын терең түсінуге комектеседі. Бұл жағдайлар өз кезегінде оқушының эстетикалық талғамын тәрбиелеп, түрлі реңдерді бұрынғыдан да терең, әсерлі (эмоцияналды) қабылдауға, өзіндік талдаудың дағдыларын қалыптастыруға, сөйтіп талапкер ұрпақтың жалпы мәдени деңгейінің өсуіне үлкен әсер етеді.

Екіншіден, келешек ұрпақтың арнайы бейнелеу өнері пәндерінде алған мағлұматтары бұрыңғыға қарағанда кеңейіп, ана тілімізде түрлі ұғымдар қалыптасып, ұлттық өнеріміздің дамуы туралы түсініктер молайады. Осы жағдайдан келіп туындайтын үшінші міндет - талапкерлердің назарын халық өнеріні жалпы ұлттық өнер түрінде шығармашылық пен пайдалануына, халық өнеріне ерекше бір нәзік сезіммен, асқан жауапкершілікпен қарайтынына өз халқының дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттырады.

Бейнелеу өнері пәнінен дәріс беруде түрлі реңдерді саралай білу дағдысын талдау бірнеше бағытта жүзеге асуы мүмкін: айталық, талапкердің назарын шығармадағы түрлі ұлттық реңдердің бедерлену, сымбатталу, тәсілдерінің және сол реңдердің үйлесімділігі жағынан қандай көркемдік қызымет атқарып тұрғанына ерекше назар аударуға болады.

Негізінде ұлттық түрлі реңдерді саралай білу, оның көркемдігі жағынан бағалай білу үстірт қарағанда оңай сияқты болып көрінгенмен, шыңдығына келгенде оте күрделі ұғым. Тілімізде ұмытыла бастаған, немесе мүлдем жойылып жоғалып кеткен ұғымдар мен сөздерді өмірге қайта тірілтеді, ал кейбіреулерін жаңа қалыпта қайтадан қалыптастырады, оны ұғымдар жасайды. Олардың ішінде қазіргі тілімізде көп кездеснейтін, тек халық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін зипалы реңдерді қолдана отырып, оларды қыры мен сырына талдау жасау, үйрену мақсатында сондай-ақ қазіргі реңдік қорымыздың берік орын алған атауларды да қолданғанымыз жөн.

Бұл арада ерекше ескеретін бірнәрсе әрбір реңнің ой мен сезімге бірдей деп тиіп жатуы, ең үлкен мақсат осында. Бұл байлықты қалай болса солай мақсатсыз пайдалану болашақ ұрпақ үшін, халқымыздың ұлттық өнері үшін үлкен қиянат болар еді.

Дей тұрсақ та, сыршырай өнерінде, оның ішінде түрлі ұлттық реңдерді саралау мәселесін тебірене ойлағанда, қазіргі зиялы қуымының көңіліне күдік түсіретін санасына абыржу салатын, сөйтіп бір бөлек мазасыздық тудыратын себеп те, сылтау да бар ма деп қаламыз. Ия, бар. Ол бейнелеу өнерінде ана тілімізде бұрын соңды өнерге арналған арнайы терминдердің, түрлі атаулардың, сөздіктер мен синонимдердің қалыптаспауы, ал бірең саран қалыптасқан дүниелерді дұрыс та жүйелі түрде пайдаланбай келгенімізде болып отыр. Тіл маманы болмағандықтан өз басым, әрине мұндай күрделі мәселеңің түп тамырына терең бойлап бара алмаймын. Әйтсе де бейнелеу өнерінен жас ұрпаққа дәріс беру өзім уқалап жүрген терінің пұшпағы болғандықтан қазіргі таңда өзімді қинап жүрген бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылықтың түрлері, сыршырай өнері, түрлі реңдерді саралау сияқты кейбір жайттерді ортаға салмақпын. Атап айтқанда:

1. Шығармашылықтың тәсілдері (көріктеу, теңеу, бедерлеу, пайымдау).

2. Әліптеу (долбар, новай, нұсқа, эскиз, нақыш, т.б.).

3. Үйлесімділіктің жалпы шарттары (өрнекті реңдер т.б.).

Көріктеу (образ). Біз айтайын деген ойымызды шығармада бірден оқшау, көзге бірден түсерлік етіп көрсеткіміз келгенде ол нәрсені (немесе образды) айқын корінетіндей бірінші қатарға немесе ерекше айшықты реңдермен көрсетуге тырысамыз.

Көріктеу - болмыс, тіршілік келбетінің, қоршаған орта мен жағдай уақыт және адам арасында туындайтын құбылыс-құпиялардың жинақылық мәнде ие бейнелі көрнісі.

Көрітеу шындығын қамтамасыз етудің жолдары, тәсілдері көп. Көріктеу шындығын айқындауда түрлі тәсілдерді, зипалы реңдерді орнымен жүйелі пайдаланып, тиімді қолдану ретте суретшінің сезімталдығына, азды-көпті қалыптасқан іс-тәжрибесіне тікелей байланысты.

Таным диалектикасының объективті болмысын танып білудеіңнегізгі құралы - сезімдік мақсаттармен қатар объективті ақиқатқа жеткізетін логика, яғни ойлау заңдылықтары. Ал "логиканың заңдары" дегеніміз объективті нәрсенің адам санасында бейнеленуі, яғни белгілі бір мақсатта терең қортынды жасай білуі бағыт сілтеуі екенін біз философия ғылымдарынан жақсы таныспыз.

Теңеу. Көріктеу көркем шығармада айтайын деген ой-пікірімізді айыра көрсетіп, айқын бейнелеуге жарағанмен, нәрсенің немесе басты кейіпкерлердің бейнесін суреттеп айшықты көрсетуге күші жете бермейді. Ондай орында белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп көрнектеп ашығырақ көрстеміз.

Әрине, басты кайіпкер образын тікелей психологиялық суреттеу тәсілі арқылы таңбалап көрсету бұлжымас шарт емес. Шығармадағы зипалы рендердің немесе ерекше сипатталған характерлердің өзара қарым-қатынастары арқылы, іс-әрекет үстінде, теңеудің даму барысында да аңғаруға болады. Теңеулер немесе қолданылған түрлі реңдер негұрлым қуатты болса, солгұрлым бір-біріне сән беріп сәулелендіре туседі. Гәп - оларды қолданудағы табиғи шынайлылығы мен шеберлігінде және логикалық сабақтастығында. Өйткені теңеу, бейнені сомдау процесі бейненің, кейіпкердің немесе түрлі реңк бояулардың табиғатын бірте-бірте таныту, көркемдік - идеялық талдау нәтижесінде тиянақталады, бірақ аяқталмайды. Оның сыры - шығарманың өмірлік негізінде. Ал өмірдің үнемі өзгеріп, есу жанданып- жаңару үстінде болатыны белгелі.

Ендеше сомдалған көркем бейне - шығар шынына шыққан, енді өзгермейтін, демек, диалектикалық түлеу процесі аяқталған тұлға емес, уақыт немесе кезең ерекшеліктерінің суретші шеберліктерін, іскерлік тәжрибесіне сәйкес кейбір реңдердің әсерлі күшін дәл қолдана білген жанды характер. Қысқасы теңеү табиғатымен танымын ашу тәсілдері толып жатыр.

Теңеу екі түрлі: біріншісі - әшейін теңеу. Бұл қарапайым теңеу, реңдер ашықтығы, үйлесімділігі, ажарлығы, көріктілігі, қанықтығы, бәсеңділігі, солғындығы немесе бейнеленетін нәрсе мен кейіпкердің шығармада орындалуына байланысты. Яғни бұл теңеу көріктеуге өте жақын.

Ал екіншісі - әдейі теңеу. Мұндай теңеу шығармадағы кейіпкердің образын оқшау дара көрсетуі.

Сайып келгенде, суреткердің белгілі бір шығармада қойған көркемдік мақсатына да байланысты. Суретшілердің өзі көріп куә болған, яки қолында бар дүниеден ой орбітуі, немесе өзін көптен мазалап жүрген мақсатты бейнелеуге қолайлы өмірлік жағдайды пайдалануы әрқашан да белгілі бір мақсатқа бағындырылады. Яғни дейі теңеу, кейіптеу деп те атауға болады. Мысалға, жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп суреттеу, кейіптеу деп аталады. Мұндай шығармаларды кітапты көркемдеу, безендіру өнерінде жиі кездестіруге болады.

Бедерлеу. Бедерлеу бейнелеуге өте жақын. Бейнелеу де, бедерлеу де екі ұқсас нәрсенің бір-бірімен ажыратылып көрсетілуі.

Бедерлеу көркем шығарманың неғұрлым жарқын, ашық, ұлағатты жинақы, ойнақы келсе, әсем де сәнді көрінеді. Ұлағатында (көркем шығарманың жалпы реңінде) жинақылық, ойнақылық кем болса, бедерлеу әдемі реңк бермей, әншейін көз тартқысыз көрерменнің көңіл-күйін өзіне тарта алмайтын солғын реңді шығармаға айналады. Әсіресе бедерлеу солғын тартып әншейін көз тартқысыз болып көрінуі суретшінің ұлағат жағына толық назар аудармай, тек бейнелеу, немесе нәрсені кейіпкердің ұқсастық жағына ғана ілтипат еткенде ғана сезіліп білінеді.

Әсерлеу. Әсерлеу де шығармадағы бейнеленетін нәрсенің, заның, табиғат көрнісінің және бейненің, нұсқаның, келбеттің әсерін күшейтіп бейнелеуді сомдауды айтамыз. Әсерлеу суретшінің кәңіл-күйінен шығып, көрермен назарына терең ой түсіреді.

Әсіресе, суретшінің айтсам, жеткізсем, бейнелесем деген ойлары қабаттаса жарысқанда, шығарма шырайын ала-құла етіп жібермеуіне, ойлаған ойын шашыратып алмауна, яғни негізгі мақсатты қапысыз, мүлтіксіз көрсетуіне мүмкіндік береді. Көркемдік мұратын айқын сезінбей, белгілі бір нысана көздемей тұрып, көркем шығарма жазу - асығыстық көбіне бір ойды қайталаушылыққа ұрындыратының, талапкер суретшілеріміз ескеруі өте қажет жағдай.

Әсерлеудің негізгі түрлері мынадай болып келеді:

а) үйлесім табу (түрлі реңдердің бір-бірімен үйлесімділігі, көркемділігі, айшықтылығы, қанықтығы, бәсеңдігі, көріктілігі, нақтылығы т.б.)

а) дамыту (шығарманың көркемдік әдістерін жетілдіре түсу).

б) түйіндеу (шығарманың толыққан түрі ойды жинақтау, мақсатқа жету, шығарманы аяқтай білу, тұжырымдау, пайымдау т.б.).

Үйлесім табу. Бейнелеу өнері шығармаларында түрлі рең жағынан болсын, немесе бейнелеу кескіні жағынан болсын екі нәрсе қатар, яки қарама-қарсы келгенде, арасындағы айырмашылық көзге көбірек түседі. Мысалға, биік пен аласа, көрікті мен көріксіз, жарық пен көлеңке т.б. қатар келгенде, араларындағы айырмасын анық байқаймыз. Мұндай көріністі бейнелеу өнерінде қарама-қарсылық деп те атайды.

Дамыту. Суретші пікірін, ойлаған мақсатын көптеген нобайлар, эскиздер арқылы алғашқы ойын соңғы ойынан өзгеше кескінделіп нақышталуы, әрбір қолданылған реңдердің үйлесімділігі бір-бірінен асып құбылып отырса, дамыту болып саналады.

Түйіндеу. Көркем шығарманы кескіндеп суретін немесе түрлі реңдердің үйлесімділігін ерекше назар аударып ықыласпен орындаса, бұрын соңды шығармаларында кездеспеген ерекше көрікпен зерделенсе, мұндай шығармашылық түйдектеу деп те аталады. Түйдектеп орындалған көркем шығармалардағы әсерлі сызықтар, айшықты нақыштар, мен сомдалған, құбылған түрлі реңдердің әсері өте күшті болады. Себебі мұндай шығармалар көрермен көңілін еріксіз тартып, ілтипатқа кебірек айналады.

Көркем шығармаға көрермен назар салғанда біраздан соң ілтипаты ыдырап сирей түседі. Мысалы, көрермен көркем шығармадағы топ адамдарды көргенде, назары бірден топ адамға түседі де еке-жеке қабылданбайды. Сондықтан шығарма бейнеленген көптеген кейіпкерлердің әрқайсынан түр-түсін, киген киімін, мінген аттарының түсін т.б. бірден байқай алмайды. Ал адамның келбеті шығармадагы бейнеленген кейіпкерлердің жүзіне, шырайына, кескін-кейпіне, дидарына т.б. ерекшеліктеріне назар аударып анық байқалады.

Айтылғадарынан шығатын қорытынды, суретші белгілі бір шығармасында көздеген нысанасын, ой мақсатын қандай көркемдік-эстетикалық мақсатпен бейнелесе де, характерлер табиғаты тудыратын әрекеттердің кез-келгені көркем шығарманың пайымдаулық (композициялық) құрлысына әсер етуге ғана емес, жалпы реңдердің сыршырай өнеріндегі көркемдік болмыс бітімімен туындайтын терең ойды да бейнелеуге қабылетті екенін ерекше ескерген жөн.

Әдінтеу (эскиз жасау). Көркем шығармадағы бір оқиғаны немесе образдың тұрпатын, әрін, кескінін, нысанасын, әлібін, нобайын т.б. суреттеу әдептеу деп аталады.

Көркем шығарманың бұл нұсқасын, реңдік ажар-көркін, рәсімін түгелдей тұтас әдіптеуге де болады. Бірақ әдіптеме түрлі кескіндемелерден немесе реңдер арқылы суреттелетін, яки өнер жүзінде назар түсірерлік көрнекі нәрселер ғана.

Әдіптеудің негізгі жолдары:

1. Бір нәрсені әдіптеуден бұрын сол нәрсені әбден анық тану керек, яғни көрнекті болуын көрермен назарын бірден аударарлықтай белгі, ерекшеліктері барын білу керек. Нәрсені әдіптегенде оның ірлі-уақты белгілерінің бәрін түгелдеп жатудың қажеті жоқ, ең бастысы көрнекті ерекшеліктерін, нысананың ажарланып көрінетін көркем реңдерін ғана ескеру керек.

2. Ерекше белгілерін бет-бетіне белгілей бермей, өзіне, орнына, үйлесіміне, мүсін нұсқасына қарай дұрыс тұрпаттап, сыңайына қарай көрерменнің қиял салауатына дәл түсерлік етіп суреттеу қажет.

3. Қажетті жерінде нәрсенің немесе келбеттің, не оқиғаның тигізер әсерін ерекше өңдеп айрықша көрсетуге тырысқан жөн.

Әдіптеудің түрлері. Әдіптеу көзделген мақсатқа қарай екіге бөлінеді. Бірінші заттарды әдептеу суретшінің алдына қойған мақсатына қарай заттардың сыр-сипатын, түрін, реңін т.б. көрерменге танытатын басты белгілері туралы дұрыс ұғым беру үшін жасалады. Ал енді екіншісі, сәнді әдіптемеде қандай да болсын қажетті белгілерді ерекше ықшамдау суретшінің көздеген мақсаты бойынша жасалады.

Сыршырай үйлесімділігі (түрлі реңдердің үйлесімділігі).

Рухани ұлттық онеріміздің ішінен біз сыршырай өнеріне ерекше ден қойып, оның ішінде түрлі реңдердің дара сипаттарын арнайы әңгіме етпекпіз. Мысалға, "Музыканы ұлттық таным-түсінікпен тыңдау, музыканың семантикасын ұлттық сезім тілімен жору арқылы шынайы парқын болжауға болады" - дейді жазушы А.Сейдімбеков.

Сөз жоқ дәл осындай талғамды сыршырай өнерінің реңдік тегін, шығу тарихын, дүниеге келу себептерін білуді, синкретті қасиеттерін саралап тануды қажет етеді.

Сыршырай түрлі реңдерден құралған нәрсе болғандықтан оның ажарлы, көрікті де, көріксіз болып құрылуы мүмкін. Түрлі реңдердің көзге сүйкімді болып көрінетіні сияқты көркем шығармадағы түрлі реңдер де көрерменге көрікті, не көріксіз болып қабылданады.

Сыршырай үйлесімділігі деп нені айтамыз? Үйлесімділік деп рең жайында айтсақ, түрлі реңдердің ішіндегі өнердің көзге көрікті, шырайлы, сұлу да ажарлы болып көрінуін және өзара бір-бірімен үйлесім тауып жұптасуын айтамыз.

Сыршырай үйлесімділігі дегеніміз суретшінің өз шығармасында түрлі реңдердің образ танымын терең саралап бейнелеуі, яғни суретшінің мақсатына, шеберлігіне ғана емес, өмірді қаншалықты терең зерттеп білуіне тікелей байланысты.

Асылы сыршырай үйлесімділігі көркем туындының толайым тұтастығынан туындаған зипалы реңдер мен көркем тұлғаның өзіндік үйлесімділігі бір-бірінен алшақ, керегар келетін ұғымдар емес, қайта бірін-бірі толықтыратын, кемелдендіретін, һәм нұрландыратын, сөйтіп барып суретші нысана сына бейнеленетін нақтылы жүйелер. Мұндай сыршырай үйлесімділігі аспан мен жердің арасында қалқыған астарлы қиял ғана емес, зерделенуге тиісті халық өнерінің айғақты ақиқаты. Ендеше, көркем шығармадағы сыршырай үйлесімділігі зипалы реңдердің көркемдігін, ажар-әлпетін ерекше түрлендіріп, көркемдік астарын ашуды айрықша ескерген абзал.

Осы тұрғыдан келгенде, суреткердің сергектігін сыршырай өнеріне түрлі реңдерді қолдануда дәуір талабына жауап бере талпынуы, оның жеке түрлерін терең зерттеу, басқаша айтқанда, қазіргі заман талабына сай күн тәртібінде тұрған ең жауалты, ең көкейтесті мәселелердің бірі.

 

Ұлттық бейнелеу өнеріндегі келбет жанрын пайымдаудың әдістемесі

 

Бейнелеу өнерінде келбет жанрының қажетті бір көркемдік шарты - форма. Келбет қаншалықты тартымды болғанмен мазмұнына формасы сәйкестеніп жұтынып тұрмаса, көрерменнің қабылдай қоюы қиын.

Суретші ірі тұлғаларды қозғап, үлкен сезімді оятар көрермен көңілімен сәтті шығармашылық тәсіл - саралау арқылы жол ашады.

Суретші келбет тұлғасы арқылы, оның күнделікті тұрмысын бөлек сенім-нанымдары адам көкірегі мен жүрегінде болатын сезімдердің тылсым бастау көздерін ашып береді. Ойлаудың пайымдылық сипатына орай, келбет тұлғасының табиғатына орай шығарманың арқауы ерекше философиялық сапаға ие болады, типтік жағдайдағы ерекше тұлғаға айналады.

Өмірде бейнелеу өнеріне шығармаға өзек боларлық мұндай жеке адам тағдырлары туралы қызықты әңгімелер, жырлар, аңыздар өте көп. Мысалға, халық батырлары, хандар мен билер, атақты ғалымдар, және тарихи тұлғалар т.б. суреткер жете үңіліп, зерттеп, іріктеп, сұрыптап көрерменнің көңілінен шыға алатын сипаттарын көркем шығарма етіп жаза білсе тағылымды еңбек туады.

Жалпы көркем шығармаға тақырып осылай екшеленіп сұруіпталады. Архивтік фактілер, құжаттар, естіген ауызекі әңгімелердің кейіпкер тұлғасын ашады-ау дегендерін іріктеп алып, жаныңнан қосып байытып барып көркем шығарма қазылады.

Егер де шығармаға арқау еткенің тарихи тұлға болған күнде оның өмірбаяндық дерегінің бәрін қамти алмауың мүмкін, кейде аталған жайларды қамтудың да қажеті болмайды. Ондайда ол адамның келбетін өмірінің бар философиясын бір сәттік көрініс арқылы жеткізуге тырысу қажет.

Шығарма кімге арналмасын шынайы болуы керек. Шынайылық - өмірдің өзінен туындайды, егер байқап зер салсаңыз, өмірде елеусіз құбылыс жоқ. Тек сол күнде кездесіп көзғаныс болған, тіпті адам еті үйреніп кеткен қарапайым құбылыстың қызықты, өзіндік ерекшелік сипатын көре білетін көреген көз керек. Әр адамның келбетін жеке тағдыр деп танып, оңың өмірінен ғибратты сыр іздей білу керек. Тапқаныңды жинақтап, тіршілік философиясына айналдырып жаза білу, пайымдай білу парыз.

Өзімізшеше өмір шындығы мен көркемдік шындык, жайында тәтпіштеп айтып отырған себебіміз, біріншіден, келбет жанрында көптеген шығармалар өмірде болған тұлғаларды арқау етеді.

Екіншіден, замандастар, достар бойындағы кейбір қасиеттер арқау болуы мүмкін.

Үшіншіден, ойдан типтендірілген тұлға жасалады. Мұндай шығарма әрине күрделі, кемелденген іс-тәжірибесі мол салиқалы суретшінің ғана қолынан келеді.

Төртіншіден, іс-тәжрибесі мол суретші қашанда өз шығармаларына өзінің бастан кешкен көріп-білгеп өмір сырларын арқау етеді.

Ал енді көшірме - ешқашан көркем шығарма бөлып шықпайды. Бейнелеу өнері үлгісі - он ойланып, тоғыз толғанғанда ғана тумақ. Көркем өнердегі барлық шығарманың ортақ арқауы - автордың пайымдаулық сәтті шешім табуы. Алайда суретшілеріміздің қыл қаламына ілікпеген асыл ойлар сирек кездеседі. Ендеше осындай жазылған тақырыптарға соқпай өту ешбір суретшінің қолынан келмейтін шаруа. Бізге дейін де сан ғасырлар бойында сансыз дүлдүл суретшілер өткен, олар суреттемеген өмір құбылыстары мен келбеттері жоққа тән. Ендеше бұрын бейнелеу өнерінде келбет жанрында жазылған тақырыптарға пайымдаулар жасаудың суретшінің міні деп қарамау керек. Тек сол тақырыпқа деген көзқарастың жаңаша болуы, арқауының асыл болуы, суреттеме құралдарының көрерменді риза етіп, керек десе тамсандырып таң қалдырсын.

Бейнелеу өнерінде суретші өзіне дейінгі жазылған шығармалардың барлық жанрларымен  түгелдей таныс болуы шарт, бұндай біліктің, жіті таныстықтың ерекше пайдасы бар.

Біріншіден, тақырып тұрғысынан алдыңғы суретшілермен, амалсыз жарасуына тура келеді. Сан рет бейнеленген тақырыпты өз жаныңнан соны бейнелер тауып, алдыңғы суретшілердің бәріне де, біріне де ұқсамай бейнелеуге тиіссің, борыштасың.

Екіншіден, бейнелеу өнерінде қандай жанрдың қалай бейнеленгенін жақсы білсең, ненің бейнеленбегенін айрыудың жеңілдей түсуі, қалай бейнелеу, қандай тәсілмен бейнелеу туралы ізденіске мүмкіндік туғызады. Мұндайда талант қана емес, сонымей бірге өз алдына даналық та керек.

Нағыз сыршырай өнерін немесе бейнелеу өнерінің түрлі жанрлары мен әдіс тәсілдерін терең білмек болсаң, дүниежүзілік өнердің ақсақалдарын, олардың жауһар шығармаларына көз тастай отырып, солардың қалай суретші болғаның шығармашылық өмірбаяның терең зерделей біл, солардан үйрен демекпіз.

Бейнелеу өнерінде тек қана келбет жанрында ғана емес, қандай жанрда суретші пайымдау жасағанда ат қоя білудің де зор мәні бар. Шығармаға сәтті қойылған тақырыптың озінен-ақ көп нәрсені аңғаруға, яғни шығарманың мазмұнын корермен қауымның бірден түсінуіне әсер етеді. Мысалға, Нағымбек Нұрмұхамбетовтің "Әкең келе жатыр" атты шығармасына назар аударсақ, шығармада кішкентай сәби мен ана бейнесінен басқа ешқандай артық көрініс жоқ. Біз тек қана сәбидің әкесін танып алға ұмтылған қимыл әрекеті мен ананың жүзіңдегі балаға деген мейрімділікті көреміз. Ал келе жатқан әке тұлғасын көрермен өз көңілінде қалыптастыру керек.

Пайымдау - Қ.Телжановтың шығармаларындағы көркемдік ойды ашатын басты құралдардың бірі. Шебер суретші пайымдаудың беріктігін, сындарлылығын көздейді, ішкі жігер-қуттылығымен кенелтуді көздейді. Кеңістіктегі өзара байланыс, суреттеудегі сәйкестігі серпінді, жігерлі айқын ырғақтарға негізделген. Бұлардың әсерлілігі көркем бейне жасаудағы маңызды бөлікке (компонентке) айналады.

Қ.Телжанов шығармаларында тарихқа қазіргі заманның көз-қарасы тұрғысында бейімделуі, оның өткендегі күндер мен бүгінгі күндер туралы ой-толғамдары мен тығыз байланысты.

Ұлттық салт-сана туралы ой толғағанда ұлттық психологияның, үрдіс-дәстүрдің, мінез-құлақтың нышандары айқын байқалады. Сан ғасырлар бойында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық ойындарында ұлттық сипаттың өзгеше-ерекшеліктерінің мол көрнісі бар.

"Жамал" деп аталатын шығармасын алсақ, суретші шеберлігінің жарқ етіп, өзгеше танылуы, оның туған жерге деген ерекше көзқарасын танытқандай. Жамал келбеті ұлттық табиғилығымен тұлғаланады. Шығарма өзінің сыршылдығымен, бейқұт та тылсым толғанысымен де тартымды. Қазақ әйеліне тән сыпайылықты айқындауда суретқер тұлға мен негізгі түс арақатынасын асқан шеберлікпен таба білген.

Мейлінше ықшам пайымдалған тұрмыс бұйымдары "жер ошағы, қазан, желқазықтар" алыстан соншалықты көзге әрең шалынатын, алдында бір огар қой бар шопан бейнесі, көрермен назарын бірден аудара қоймаса да, негізгі „тақырыпты айқындай түскендей. Шығарма тұтас бір тылсым тыныштыққа бөгіп тұрғандай. Көкжиектің кең аумағы және суретте соны қайталатын пайымдылық сызықтар едауыр дәрежеде тепе тең үйлесімділікті танытарлықтай әсер туғызады. Жасыл және көгілдір түстердің үйлесімі шығарманың реңдік құрылымына арқау болған. Сол үйлесілімдіктен көктемдегі дала көрністері бейнелеген де сарғыш жасыл түспен көгілдір түстері нәзік ирімдер құрайды.

Бұл туындыдан поэтикалық бастау айрықша көрніс тапқан. Суретші күнбе-күнгі тіршіліктен, өмірдің бір ауқымды табиғи құбылысынан ғажайып сұлулықты да, кемеңгер даналықты да көре білген.

Бейнелеу өнерінде шешуші сәт деген ұғым бар. Шешуші сәттің өзі елеулі жетістіктер болып табылады. Көлемі шағын, пайымдауы айқын, айтары мен өнегесі мол, көркемдік бояу ажары да тартымды шығарма, өзіне тиісті орнында көркейіп тұрары хақ.

Ең алдымен сол шешуші сәттердің кез келген жағдайда шыға бермейтін себептерін жіктей, саралап айтар болсақ, олар төмендегідей жетімсіз кемшіліктерден тұрады:

1. Әлі де болса келбет өнерінде замандастарымыздың бейнесін жасай түсуімізде шеберліктің жетіспей жататындығы;

2. Шығармадағы пайымдаулардың қарабайырлығы;

3. Таптаурын таныс тәсілдерге орала беретіндігіміз, қайталауларға ұрынатындығымыз;

4. Әрбір тәсіл-айла, ой, мақсат, негіз, пайымдау т.б. мән мақсат көзделмейтіндігі, олардың үнемі кенеулі ойға, сарбаз сезімге құрылмайтындығы;

5. Тақырыптық желілердің шашыраңқылығы, оған керекті-керексіздің кейде не болса соның тықпалана беретіндігі;

6. Пайымдаулардың жұтаңдығы.

Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнерінде пайымдаудың атқарар міндетінің шексіздігін талассыз мойындасақ та, қәсіпқойлық дәрежеге көтерілгенде дейінгі жөргемді жолын арқау ете отырып, жүйелі әдістемесін жасауды, сөйтіп ұлттық тілде теориялық негізін қалыптастыруды әлі күнге дейін назардан тыс қалдырып келе жатыр.

Өйткені өмір шындығын бейнелеп, айтылар ойдың тек тұлғадан туындауын жүзеге асыру - үлкен суреткерлікгіен бірге сүрлеу соқпағы көп тәжірибе мектібін де қажет етеді.

Екіншіден, ол білімділік, оқу, жалықпай үйрену арқылы қалыптасады.

Үшіншіден, бейнелеу өнерін қадірлеп, түрлі жанрларын терең меңгеруге, өз бетімен шығармашылыққа дағдылану.

Төртіншіден, еңбек сүйгіштік. Ол кез келген сәтте денесін жалқаулыққа үйретпеуге, жан рахатымен достаспауға, өзінің шығармашылық тәсілі еркіндікті өз ырқына бағындыруға тырысуы қажет.

 

Ұлттық бейнелеу өнеріндегі терминдер мен ұғымдарды дұрыс қалыптастырудың түрлері

 

Ғасырларға созылған тарих кипінде жұртта қалып бара жатқан ұлттық бейнелеу өнеріміздің шашылған жүгін түгендеп, оны келешек ұрпаққа жеткізу қамы-аға ұрпақтың басты мақсаттарының бірі. Бейнелеу өнері терминологиясын қалыптастыру жайында да, әрине, осыны айтуға болады. Бұл саладағы сөз айналымында қолданылатын аз ғана үйреншікті тіркестермен ғана шектеліп жүрміз. Әркім өз ойын бейнелеу өнерінің түріне қарай бұқаралық ақпарат құралдары деңгейінде ғана қалыптастырған. Бұл мәселенің шешімі әсіресе терминологиялық сөздерді халықтық өнерге байланысты, кәсіптілік тіл ретінде өнер образын ашуға пайдалану, тіркес жүйесін табуға ұмтылу, өнерзерттеу, өнертану, өнерді оқыту, бейнелеу өнерін қабылдау теориясында да ұстаздар мен суретшілер үшін де ауадай қажет. Сондықтан бүгінгі жұртшылық назары қазақ тілінің әлеуметтік қызмет әдісін кеңейту шарасында шығып жатқан терминдер сөздіктеріне бағыттауда, бір сөзбен айтқанда, өнер терминологиясының өткені мен келешегі дегендерді жиірек әңгіме ете бастадық.

Біздің айтпағымыз ұлттық бейнелеу өнерін қабылдау теориясының табиғатына тән кейбір жалпы да нақтылы заңдылықтар жайында болмақшы. Олай дейтініміз ұлттық бейнелеу өнері де өзіндік қыры мен сыры мол сала. Белгілі бір пайымдауда құрылатын қимыл-әрекет, уақыт-мерзім шеңберімен шектелетін оқиға ішкі толғаныс тағы басқалар осының бәрі бейнелеу өнерінің кәсіптік тілімен астарласып келетін образдық көрністер. Осы айтылғандар көркем шығарманың жан дүниемізге рухани нәр беріп, әсерлі де әсем сезім ұялататын сиқырлы сыры мен оның эстетикалық қызметіне байланысты. Осы тұста көркем шығармаға байланысты кәсіптік терминдерді қолданудың сан алуан әдіс-тәсілдері мен шынайы шешендіктің өнегесін біз, міне, осы тұста айқын кореміз. Басқаша айтқанда әрбір суретшінің шығармасына талдау жасағанда әр қырынан көрінетін, өзгеден дара өзіндік сөз өнері топ жарған таланттың сарапқа салынар кезі кәсіптік тілдің осы қызметіне байланысты.

Басты мақсат - кең өріс алып отырған ұлттық өнердің, әсіресе, кейінгі жылдардағы үрдісіне келіп қосылған таланттар мен талапкерлердің шығармалары өзіндік ерекшелік, бояу-нақышымен, талғам-танымдарымен көзге түсу. Сондықтан да қалың көрермен қауым өнер танудың өзекті мәселесін бейнелеу өнерінің арнайы тілі төңірегінен ой тербетіп, ұлттық тілде ағынан жарылып айтар пікірімізді ортаға салуды күтеді.

Әрине, жоғарыда айтылғандардан бейнелеу өнеріндегі түрлі ұғымдар мен терминдердің қыры да, сыры да мол дүние. Әрбір суретшінің, өнер қайраткерлерінің табиғи талантын, дүние танымын, қабылетін, білім дәрежесін былай қойғанда бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы, бояуды қолдану тәсілдері, тақырыпты пайымдау мәнер-реңкі бар.

Мәселе бүгінгі таңның талабына сай қойылатын бейнелеу өнеріндегі ұлттық терминдерді қалыптастыруда болып отыр. Сайып келгенде мақсат - ұлттық бейнелеу өнерінің мән-жайын ашып көрсетуде терминдер мен ұғымдарға ұлттық үлгі жасап, ұлттық дәстүрімізді жаңғырта отырып, оны жаңа белестерге көтеруге, сөйтіп ұлттық терминдердің дамуының бүгінгі тенденциясын бағыт-бағдарын анықтай түсу. Ал бұл мәселенің түп мақсаты - ұлттық бейнелу өнеріміздің жарқын болашағы мен ана тілімізде қалыптасқан терминдердің ертеңгі болашағы. Өйткені оның бүгінгі қалыптасуы - ертеңгінің кепілі, оның бүгінгі көтерілген биігі, оның соңғы межесі емес. Оның уақыт өткен сайын шыңдалып қалыптасып жетіле беретіндігі бәрімізге де белгілі.

Әрине, ұлттық бейнелеу өнерінде ана тілімізде жаңа терминдерді қалыптастыру жақсы-ақ. Ал сол терминдер мен ұғымдардың парқы мен астарын, мазмұны мен мәнін, сапа салмағын жетік білу, оларды саралап келіп, өз орнында дұрыс жұмсау, барлық бояу-нақышымен, дәл де әсерлі етіп қолдана білу одан да маңызды.

Ал, терминдердің, бейнелеу өнеріндегі ұғымдардың, түрлі атаулардың қызмет болса, ол халықтық өнердің рухани қазынасын бойына мол сіңіріп, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік мұра етіп жалғастырып отыратын қасиетіне байланысты. Ендігі кезеңдегі бейнелеу өнеріне байланысты шығып жатқан терминдік ұғымдардың кемелдене түсуіне, бірден көркейіп кетпесе де біртіндеп қалыптасуына белсене кіріскен жөн.

Терминология әлеміндегі тағы бір құбылысқа назар аударсақ, ол мынау. Бір ұғымның терминдік атауымен қатар кейде оның екінші бейнеді атауы да болады. Ең алдымен бейнелеу өнері өнер туындысы болғандықтан, ол туралы ұғым да шеберлік тұрғысынан сөз болуы керек. Көркем шығарма мазмұнын әңгіме ету шын мәнінде өнер иесінің суреткерлік шеберлігін, эстетикалық талапты өтеу мүмкіндіктерін талдау деғен сөз. Дәлірек айтқанда, суретші өз шығармасының поэтикалық деңгейіне сай бейнелеу өнері құралдарына жүк арта ала ма, әрбір түстер мен реңдердің құдіретін дұрыс танып, көркемдеуші қызыметі үстінде оларды барынша шебер жеткізе біле ме, деген жайыттар осы әңгімеден ұшқындаса керек.

Сөйтіп, бүгінгі бейнелеу өнерінің тілі терминдерінің әлеуметтік қауымның назарына ілініп, арнайы талқылауды тудырып отырғаны тегін емес.

Бұл күндер де бейнелеу өнері туралы көптеген сөздердің қазақша баламасын ұсынып жатқандар кірме сөздердің осындай бір тұста терминдік, екінші тұста жай ауыспалы мағынада қолданылатын сырын жақсы айырмай, оның тек бір мағынасына қарап қазақша атауды бере салатын тәрізді. ("Ана тілі" №29. 1991, №42. 1992 т.б.) Қазақтың көркем бейнелеу өнері туындыларының тілі ұлттық бейнелеу тіліміздің дәстүрлі ұғымдары мен нормаларын тұрақтандыруда, жаңаларын белгілеуде, соны сипаттарға ие болуда, қысқасы, терминдердің сапалық дамуын ұйымдастыруда негізгі ұйтқы, үлгі, және тәжрибе (эксперимент) майданы болып, өзгерістер мен сонылықтар қоймасына айналып отыр.

Ең алдымен бейнелеу өнері ұғым терминдерінің стилдік белгілері толыға, айқындала түссе дегіміз келеді. Мысал ретінде пайымдау ұғымын алайық. Пайымдау дегеніміз шығарманың тақырыбына, жанрына, эстетикалық мақсатына және “автор образы" дегенге (ягни автордың идеясы, козқарасы, позициясы) ойының үндес келуі.

Пайымдаудың кейбір көрністерін өнердің табысы ретінде танудан гөрі, оларға іздену жемісі деп қараған да жөн болар еді... Бірақ бұл орайда да бір нәрсені есте қатты сақтау керек. Біздіңше бейнелеу өнеріндегі ұғымдарды тұрақты нормаға айналдыруға зәрулік (мотивация), шама (пропорция) және қолайлылық түсініктілік қағидаларын мейлінше сақтау қажет.

Ұлттық бейнелеу өнері шығармаларына байланысты терминдік ұғымдар жөнінде көкейтесті мәселелерді бірден шешіп тастамасақ та (ол әрине мүмкінде емес) бейнелеу өнерін зерттеуші, немесе өнер тарихынан дәріс беруші ұстаздар үшін терминдік ұғымдардың кемелдене түсуіне, бәрі болмаса да, бірер мәселеңің дұрыс бағдарлануына себебін тигізуі сөзсіз.

Қай елдің болмасын, қай халықтың өнерінің бастапқы кезеңі белгілі қалыптасқан көркемдік, ұлттық дәстүрімен тығыз бірлікке болатындығы - табиғи заңды құбылыстар.

Жалпы айтқанда, халықтың ұлттық өнерінің қарапайым түрлерінен бастап күрделі формалары келешек жас ұрпақтың зердесіне терең бейнеленіп, сонымен тікелей тұспалданса, ал басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады. Осы екеуінің жігін ажыратып зерттеу - педагогика, психология, философия т.б. ғылымдар саласының білімпаздарының міндеті.

Ал ұлттық көне мұраларымызды қазіргі кезеңдегі марқаюымыздын жанды бөлшегіне айландыру, оны нақтылы ғылыми зердемен тану, әсіресе философиялық - эстетикалық педагогикалық және әдістемелік тәрбиелік қасиеттерін аша түсу кемелденуіміздің өзекті шарты болмақ.

Халқымыздың ұлттық өнерінің тәрбиелік мақсаты қазақтың мәдени-экологиялық, ұлттық психологиялық, этикалық және эстетикалық мәні бар проблемалардың шешімін табу тұрғысынан қарастырғанда ғана әсемдікке тәрбиелеудің қаншалықты өркендей бастағанын, қандай өреге қол созғанын анықтай аламыз.

Сөйтіп халқымыздың ұлттық өнерінің тәрбиелік мақсаты - болашағынан үлкен үміт күттіретін жемісті рухани бағытымыз, қасиетті асыл мұрамыз, жас ұрпақты өнерге баулуды тәрбиенің мәуелі берік бұтағы.

Басқа өнер түрлеріне қарағанда осы уақыттқа дейін арнайы пікір айтылмай, зерттелмей келген өнер халқымыздың ұлттық ауыз әдебиетіндегі кездесетін реңдерді саралай білу өнері (цветоведение). Ал бүгінгі ғылыми зерденің, әсемдікті қабылдаудағы эстетикалық танымның өзекті міндеті, сол тарихи әлеуметтік бітімінің ұлттық реңдерді қабылдау сезімдерінің жалпылық және ерекшелік қасиеттерін саралай танып, ілгері дамыту жолында төлтума бейнелеу өнеріміздің сақталуы үшін бағдаршы бола білу қажет. Түптеп келгенде, мұндай көзқарастардың өзі ұлттық бейнелеу өнеріміздегі толықсуымыздың өзекті мәселелерінен туындайтын міндеттер.

Қалауымыз бойынша емес, қажеттілік болып алдымыздан шыққан мұндай мәселені іпешуге жұмыла кіріспесек, жалпы рухани талғамымыздың қалыптасуын, оның ішінде ұлттық реңдердің қалыптасуы туралы түсінігіміздің жөн жосығын тану қиындайды. Дәлірек айтсақ, ғасырлар бойғы өмір салтымыз қалыптастырған рухани - мәдени тегіміздің болмыс-бітімін танып түсініп, қазіргі замандағы өзіндік орнын, бүгінгі мен ертеңгі тағдырын болжаудың сара жолы - міне, осы.

Демек, түр мен түстер туралы халық жасаған бай мәдени мұраны зерттеу, оны халық пайдасына асыру, эстетикалық таным-біліктіліктің мәнді арнасы деп тану, оның озық үлгі-өнегесімен дәстүрінен үйрену тез арада сабасына түсіп шешімін таба қоятын мәселе емес. Сол себепті де әсемдік немесе ұлттық реңдер жөніндегі ұғым атаулы да алуан-алуан көрністер беріп, әр халықтың өзге тән көркемөнер категориялары қалыптасып, соған лайық өнер түрлері дүниеге келмек.

Міне осындай тың ізденістер қазақтың бейнелеу өнеріндегі ұлттық реңдердің алатын орнын және рухани процесіміздегі өзіндік ерекшеліктерін, тарихи әлеуметтік және ұлттық өнерімізбен шектестіре қарап, көркемдік эстетикалық мән-мағынасын болжап бағдарлауға болады.

Осыдан барып халқымыздың түрлі ұлттық реңдер арқылы тұлға танытқан рухани болмысы әрекетке түсіп, ұрпақ бойында төлтума талғам қалыптастырыла бастайды.

Сонымен қорыта айтқанда, біздің мақсатымыз көзден таса халық тілінің қалтарысында жатқан орсаң мол түрлі ұлттық реңдердің мол үлгілерін жарыққа алып шығып, жүйелі түрде орайымен, өз мақамымен кәдеге асырудың мән-жобасын көрсете білу.

Еш уақытта ешбір елдің ұлттық өнері, томаға-тұйық қалыпта ұлттық шеңбердің ішінде ғана өсіп жетілген емес. Ғасырлар бойы қалыптасып ұлттық дәстүрде халық өнері басқа халықтардың озық, асыл қазыналарынан нәр алып байығанда ғана өркен жаймақ. Бейнелеу өнерінің интернационалдық сипаты дегеніміздің өзі - көптеген халықтар өнер тәжрибесін қорыта отырып байлам, тұжырым жасайтын теориялық мәні бар, күрделі проблема.

Негізінен ұлттық фольклор үлгілерінен нәр алып, арқау етіп, европалық классикадан үйрене отырып шыңдалған жанр - қазақ бейнелеу өнерінде жаңа образдар - жаңа дәуір адамдарының жаңа түрпаттағы қаһармандарының сом тұлғалы келбеттерін бейнелеу ең негізгі нысана.

Қорыта айтқанда, бейнелеу өнері пәнінен дәріс үйретуде баланың жас ерекшеліктеріне қарай қазақ халқының тарихи дәстүрін, салт-санасын, әдет ғұрпын, өмір сүру салттарын, алғыр ақыл-ойын, ерлік, батырлық бейнесін, өмірге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін, яғни жан сұлулықтарын тәрбиелей білсек, алда қойылар ұлы мақсат осы болмақ. Сондықтан да халық өнерінен бастау алып ұлттық рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағынан сусындай берейік.

Сайып келгенде, осының барлығы кез келген құбылысты бала көңілімен қабылдап, оны бейнелей білуге себеп боларлық сәттерін ұстаздық аңғарымпаздықпен көре білудің, жанды жерлерін дәл басып ұстай білудің нәтижесі.

Осы тұрғыдан келгенде, суреткердің сергектігін сыршырай өнеріне түрлі реңдерді қолдануда дәуір талабына жауап бере талпынуы, оның жеке түрлерін терең зерттеу, басқаша айтқанда, қазіргі заман талабына сай күн тәртібінде тұрған ең жауапты, ең көкейтесті мәселелердің бірі.

 

Пайдаланған әдебиет:

Жүрсін Балкенов. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек рең. /ҚарГУ. -Қарағанды, 1996. -Б.49-81.

 

Қосымша