ХАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ ДӘСТҮР ЖӘНЕ КЕЛБЕТ ӨНЕРІ

 

Бейнелеу өнеріндегі ұлттық дәстүр сабақтастығы

 

Бастау кезі халықтық онердің бай дәстүрінің мағыналы аңгарында жатқан қазақтың ұлттық бейнелеу өнері күрт көтеріліп, бұрын сонды болмаған жанрлар тез туып, жылдам қарқынмен дамиды. Қашанда өнердің *арыштауы үшін басты ықпал сырт әсер, еліктеу қоғамдық құбылыс қажеттілігі, әлеуметтік фактор зандылығы болса керек.

Қазақ бейнелеу өнерінің алғашқы кезеңін есте күрделі мезгілде қарастырғанда, зерттеп бағалағанда, есте ұстар қағидаларының бірі-дәстүр сабақтастығы.

Ұлттық бейнелеу өнері дәстүр сабақтастығынан нәр ала отырып, қазақтың тарихи тақырыптарын мынадай спецификалық ерекшеліктерге топтауға болады.

1. Күні өтеп бара жатқан ескілік пен енді туа бастаған жаңаның арасындағы екі ұдай идеялар мен құштарлықтар арасынан туатын тартыс.

2. Асыл армандар, биік мұраттар жолында күресу үстіндегі дара тарихи тұлғалар.

3. Бейнелеу өнеріндегі адам мүмкіндіктерінің шегіне жететін тұстарында шығарманың барлық кұрылымдық көркемдік элементтерін шашау шықпас жүйеге келтіру.

4. Ересең психологиялық адамгершілік, көңіл-күйлік әсер күшінің көрерменді ерекше эстетикалық сезіммен баурап, өмірдін тұңғұйық сырларын ұқтырып, жаңғыртып отыратындай ықпалы.

5. Түстердің ғажайып үйлесімділігі, орасан бай рендердің ерекше өрнекті, жұйелі үйлесуі, көркем құнары.

Ұлтық бейнелеу өнерінің дамуындағы негізгі жанрлардың көшбасшысы болған алғашқы суретішілеріміздің туындыларына ғылыми-сыншылдық көзқараспен қарайтын уақыт жетті. Көп уақыт басқа ұлттардың өнер зерттеуштлерінің зиянды, қате концепциясы қазақ халқының бейнелеу өнері тарихын теріс, бабына жетпей, шалғай түсіндіріп келді. Бұл адасудың түп-төркіні қазақтың ұлттық бейнелеу өнері өз тарапынан әлем мәндениетіне еш нәрсе қоса алмайды, олар тек цивилизация кезеңдеріндегі қалған-құтқанды талғау етеді дейтін жалған, нәсілшілдік, шовенистік пиғылмен байланысып жатыр.

Еш уақытта ешбір елдің ұлттық өнері, томаға-тұйық қалыпта ұлттық шеңбердің ішінде ғана өсіп жетілген емес. Ғасырлар бойы қалыптасып ұлттық дәстүрде халық өнері басқа халықтардың озық, асыл қазыналарынан нәр алып байығанда ғана өркен жаймақ. Бейнелеу өнерінің интернационалдық сипаты дегеніміздін өзі-көптеген халықтар өнер тәжрибесін қорыта отырып байлам, тұжырым жасайтын теориялық мәні бар, күрделі проблема.

Негізінен халық өміріндегі жоталы тартыстар, белді оқиғалар бейнелеу өнері шығармаларында сан алуан жанрда бейнеленеді. Бір тақырыпта көптеген суретшілердің шығарма жазуы-бейнелеу өрісін тарылтпайды, қайта мәселені жан-жақты, әр қырынан көтеру ұлттық өнер үшін бағалы олжа болмақ.

Қазіргі кезендегі бейнелеу әнерінде әр түрлі шығармашылық ізденістер, барлаулар, жүріп жатыр.

Негізінен ұлттық фольклор үлгілерінен нәр алып, арқау етіп, европалық классикадан үйрене отырып шыңдалған жанр-қазақ бейнелеу өнерінде жаңа дәуір адамдарының жаңа тұрпаттағы қаһармандарының сом тұлғалы келбеттерін бейнелеу ең негізгі нысана.

Қазақтың дәстүрлі ата-баба мұрасында дәл бүгінгі мағынадағы саналуан бояулар мен зипалы реңдер, құдыретті туындылар іспеттес ой тұжырымына ие болып тұр. Қазақтың эпикалық шығармаларындағы батырлар жырын, билер толғауын, жыраулардың термелерін алсаңыз - дәл осы құбылыстар қайталанып алдыңыздан шығып отырады. Ендеше, қазақтың эпикалық толғауларындағы жиі кездесетін зипалы реңдер, осы реңдердің үйлесімділігі қаһармандардың келбеттері сырттан келген кірме емес, өз топырағында бар, ежелден келе жатқан асыл қазына.

Қазақтың тарихи ұлттық табиғатындағы тұтас жанрлар мен жанрлық түрлердің қазірге дейін ескерусіз қалуының түпкі себебі саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты болса, нақтылы көрнісі олардың жиынтығын бейнелеу өнерінің тұрғысынан зерттейтін мақсаттардан тыс өгейсіп қалуында.

Халық қаһармандарының ұмыт бола бастаған есімдерін қайта жаңғыртып, қазіргі ұрпақпен табыстыру тұрғысында батырларымыз Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Басентиін Малайсары, Шоқай, Ақтамберді, Жоламан, Тайлақ, Қаракерей Қабанбай, Абылай т.б. батырларымыздың қаһармандық бейнесін көрермендерге таныстыруға бағытталған келбет жанырында жаңаша ойланған ұлттық шығармалар жасалынуы қажет.

Ғасырлар бойы екшеленіп, саф алтындай сараланған, өте ықшам және бейнелі, алуан мазмұнды шешендік сөздер нағыз халықтық шығарма. Біздің заманымыздан бұрыңғы дәуірде өткен атақты афиндік шешен Демосфен мен Рим шешені Цицеронды былай қойғанда, біздің қазақ топырағында Жиренше, Қаз дауысты Қазыбек, Сырым батыр, Майқы би, Төле би сияқты жезтаңда, шешендер болғанын мақтанышпен айта аламыз. Ендеше каңа ойлаудың тамыры өткен тарихтың топырағында жатыр, бейнелеу өнеріндегі жаңаша ойлау-адам табиғатын тарихи болмыспен тығыз да тікелей сабақтастықта мейлінше жіті зерттеу қажет.

Ал оның бейнелеу өнерінде әсіресе келбет жанырында ете қажеттілігі қым-қуат дүниеде суреткердің тарихи дәстүрге сенімін арттыруда, өзінің шығармашылық сенімін тереңдетіп байытуда-іскерлік пен шеберлік шарты екенін ескеруде, болашақ бағдарын, ұлттық дәстүрден адаспайтындай, айнымайтындай мүмкіндік, қажеттілік тудырады. Сол себепті жаңаша ойлау жүзеге ойдағыдай асқан жағдайда бейнелеу өнерінің де сапалық тұрғыдан жаңаруына, жаңғыруына бастама болады.

Сан алуан сұмдық қаралы кезеңдерді басынан кешкенде ешқандай еңкеймеген қазақ халқының ер қайраты, зармұңы, психологиясы, отарлық қанаушылықтың қан сорғалатқан қыспағынан туған неше түрлі қаһармандар, адам сезімінің толып жатқан мүмкіншіліктерін, ұлттық теңеуін суреші ғана оның асыл тұлғаларын әсемдік жауһар (шедевр) деңгейінде шығарар мәйек, ерекше қасиет пен сипат таба алады.

Егер бүгінгі кезеңдегі қазақтар өздерін салт атты көшпенділер өркениетінің мұрагерімін деп есептесе, олардың қазіргі таңда көрсете алып отырған бабалары қол жеткізген ғажайып төлтума мәдениетінің мыңнан біріндей журнағы ғана.

Өткен ғасырларда өмір сүрген ата-бабалар өмірлерінің қыр-сырын терең суреттейтін, тіршілік бояуларын мейлінше қанық көрсеткен ғаламат шығармалардың сан алуан көркем қабаттары халқымыздың өткен тарихын, рухани әлемін, әсемдік идеяларын көз алдына алып келеді. Мұндай шығармада атан жілік батырлар, ақылгөй даналар, керауыз билер, жастықтың мөлдір махаббаты, ақын-жыраулар, аталар, аналар сан буынның өкілдері болмақ.

Тарихи қанық емес, көп дүниесі бар болса да жойылып кеткен елдің өткенін бейнелеу шығармашылық мақсаттарды былай қойғанда, толып жатқан қосалықы қиындықтар туғызуы түсінікті жағдай. Ендеше халқымыздың ата-баба мұрасының терең астарына бойлап, қайшылық өзегін ашып, байлам жасамай, болымсыз ұсақ-түйекке шүйлігіп, шыбын-шіркей қуғандай ұсақтап кетуі, шала-жансар шығармалар тудырары хақ. Нағыз шығарма бейнеленген кейіпкер келбетін ұлылығымен, қаһармандығымен, азап-қайғысымен, қуат-қайратымен, арман-тілегімен қат-қабат тартыс үстінде бейнелеп бере алса ғана нағыз өнер. 

Рас, өнеріміз көне, оның тармақтары, тамырлары ғасырлар тереңінде жатыр, бірақ та шындыққа жүгінсек, халықтың басынан кешірғен қилы-қилы нәубеттерін, үлкен идеяларды, кесек характерлерді бүгінгі кәсіпқой бейнелеу онері немесе ұлттық өнеріміз ғана көрсете алмақ.

Заманалар тұманы бетін бүркеген бағзы уақыттардағы ата-бабамыздың қасиетті рухы алдында бас ию аз, оларды өнер тілімен қайта тірілту ләзім.

Қазақ бейнелеу өнерінің осал буыны, жете зерттеліп қолға алынбаған объектісі-стиль. Әсіресе стильді эстетикалық категория тұрғысынан қарастыру қағидасы сирек ұшырасады. Көркем шығармадағы барлық комплекстерді тұтастықта алып, идеялық, эстетикалық талдауда, мазмұн мен түрді бірлікте қарағанда ғана шығарма табиғатын терең зерттеп, нәзік ұғуға болады.

Өнер зерттеушілер әдіс ұғымын әр түрлі түсіндіреді:

а) әдіс - шығарма жасаудағы көркемдік құрылдардың жиынтығы.

ә) әдіс - дәстүрлі көзқарастардың қағидалары.

б) әдіс - болмысқа эстетикалық көзқарасты көрсетеді.

Көркемдік ойлаудың негізгісі болып табылатын шығармашылық әдіс бір суретшінің тәжрибесімен қатар, тарихи дамудың белгілі дәуіріндегі тұтас бағытта да бейнелей алады.

Өнердегі шығармашылық әдіс - тарихи нақты ұғым бір суретшінің қолдауының, тілегінің жемісі емес, әлеуметтік өзгерістердің, қоғамдық дамудың әсерінен тумак. Әдістердің ауысуы тарихи болмысты игеру көкжиегінің кеңеюін көрсетеді. Бейнелеу өнерінің қазіргі өскелең өрісіндегі түсінік бойынша көркемдік әдіс-ойлаудың түрі, болмысты танып, бейнелеудегі суретші белсенділігін анықтайтын категориялардың бірі.

Тарихи белгілі тұлғаларды арқау етіп шығарма тудырудың адам келбетінің небір қажырлы да қайсар рухын дәл, әрі шебер бедерлеп көрсете білуге мүмкіндік тудырады. Бір аул, бір атырап қана білер-білмес есімдер емес, қазақ тарихындағы биік тұлғалар, дара тағдырлар бейнесін суреттеуде шымыр формалы, өткір идеялы, терең ойлы ықшам зипалы реңдік талаптардан шыққан туыңдылар шоғырын бейнелеу өнерінің берекелі олжалары деп тлеміз.

Коптеген өркениетті елдердің кейінгі ұрпағына алтынмен аптаған, күміспен күптеген ғажайып сарайлар, мәрмәр тастан қашалып салынған керемет ғимраттар, отырықшылықтың құдыретінен туған тамаша қалалар жетсе, көшпелі ата-бабаларымыздың қаншама өнері мен дәулеті құмға сіңген судай жұтылып жоғалды.

Қазақ халқының тарихи өмірінде әлі суретелмеген талай тағдырлар бар. Бейнелеу өнерінің кенжелеп дамуы ұлттық тарихымыздан әр түрлі кезеңдерін, оның ішінде атағы жер жарған тарихи тұлғаларды, бейнелей алмай жүргеніміздің себебі секілді...

Әрине, шығармашылық жол үнемі біркелкі болуы, кілең сәтті туындылардың жасала бермеуі мүмкін. Дегенмен, күш - қажыр бар кезде суреткер өзі шығар көркемдік деңгейден төмендеп кетсе- шеберліктің жүдегені, таланттың муқалғандығы.

Қазақтың ұлттық бейнелеу өнерінің ішкі құрылымы, жанырлық формалардың дамуы, озгеруі, жаңғыруы туралы әлі айтылмаған тұжырымдар өте көп. Бейнелеу өнерінде халық өнері бұрын шет пұшпақтап қана бой көрсеткенмен, қиын әрі күрделі тақырыптарды көрсетуіміз қажет.

Жас ұрпақты халқымыздың тарихи дәстүріне, имандылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін, халықтың өткен тарихынан көп мағлұмат беретін күрделі шығарма жазуға талпынған суретші қадамын құптай отырып, біз оның алдында биік идеялық-эстетикалық, көркемдік-образдық қатал талап қоюымыз керек.

Суретші өзі жақсы білетін өмір құбылыстарын, етене белгілі тұрмыстық жағдайларды әбден зерттеп, екшелеп, жинақталған матердалдарды шығармаға арқау еткенде ғана еркін, кең көсілуге мүмкіндік алады.

Ұлттық бейнелеу өнеріміздің терең орнын тауып, жан жақты өркендету процесін өмірдің орасаң зор ықпалымен, заман әсерімен, дәуір екпінімен сабақтастыра қарау керек. Осы процестің ұлттық бейнелеу өнеріндегі сан алуан көрністерін зерттеп бағалау-алдағы күндердің мақсаттары.

Жалпы мәселе-уақыт пен өмір талаптары тұрғысынан ата-баба мұрасын қамту, халқымыздың тарихи дәстүрінің тереңіне үнілу-бүгінгі бейнелеу өнеріміздегі өсу, өркендеу тенденциясын көрсетеді. Бұл арнаның басын халқымыздың рухани қуатынан, қат-қабат сырлары бар көне тарихынан, бүгінгі заманымыздың шындығынан іздегеніміз шарт.

Тарихи тұлға мен сомдалған қабылеттің арасындағы ет-жақындық, суретішінің тақырыбымен өмірене табысуының үстінде жалпы өнер талаптары парасаттылық эстетикалық биік мұрат, рең үйлесімділігі жөне һас сұлулықты қосу керек шығар. Болмыс характер, оның сан алуан құбылыстары ырғақ, бейне, бояу, рең, толыққан күйінде, нақты, жинақы қалыппен суретшінің жүрекжарды сыры болып төгіліп, алмас қылыш жүзіндей жарқ етіп, қалса, бос тыраштанбай лап еткен күнде туындаса ғой.

Мәселе уақыт пен өмір таланттары тұрғысынан ата-баба мұрасын қамту, халқыуыздың тарихи дәстурінің тереңіне үңілу-бүгінгі бейнелеу өнеріндегі өсу, өркендеу тенденциясын корсетеді.

Қазіргі таңдағы қазақ бейнелеу өнерін танып білу ғылымдарының барысы, даму тенденциясы төрт салаға ойысып отыр:

Бірінші, бейнелеу өнерін ұлттық тарихи тұрғыдан барлау бағыты.

Екіншіден, проблемаларды бейнелеу өнерінің негізін айқындау бағыты.

Үшіншіден, бейнелеу өнерінің дамуына әсер еткен көрнекті суретшілердің шығармаларын қарастыру бағыты.

Төртіншіден, көне нұсқаларды, халық өнерінің туындыларын қайта жаңғыртып жаңа ізденістерге жетелеу бағыты.

Бейнелеу өнері шығармаларына арқау боларлық өмірлік материалдарды пайдалану, сюжетке негіз боларлық оқиғаларды сұрыптап таңдай білу кездейсоқ нәрсе емес, ол дүниетаным шеңберіне сабақтас процесс екендігі белгілі.

Ал сюжет проблемасын терең мойындау үшін шығармадағы оқиғалар жүйесін, олардың характерлер мен байланысын тыянақты зерттеу керек. Сюжет дегеніміздің өзі де ықшамдалып шығармада бейнеленген тақырыптың желісі.

Көркем шығармаға қойылар талаптың ішіндегі суретші қауым әсте аттап кете алмайтын, әмәнда ұмытпайтын бір шарт оқиғалар арасындағы себептестікті, өмір құбылыстарының өзара сабақтастық заңдылығын ескеру болса керек. Түптеп келгенде бұл сюжет талдау талаптарына бағынады.

Біздің ойымызша бейнелеу өнеріндегі шығармашылықтың ең басты жанрлық ерекшеліктері:

  • шығарма материалының күнделігі қарабайыр тіршілікке етене жақындығы;
  • кейіпкерлердің белгілі әлеуметтік ортамен байланыстығы;
  • көркемдік формалардың жан-жақтылығы мен сан алуандылығы;
  • саяси-әлеуметтік арқауының (идеясының) ерекше айқындалуы.

Біздің пайымдауымызша, сюжет - әрбір суретші жаңадан жасайтын дүние, ол бір бейнеленген соң екінші рет әсте қайталанбаса керек. Сюжет - шығарма ауқымындағы адамдардың қарым-қатынасы, психологиялық көрнісі, характерлер шарпысуы, яғни тұтас шеңбер десе де болады.

Өмірдегі құжат, хабар, дерек, оқига суретші үшін тек шикі материал ғана, оқиға - фабуланың өзгерген, шығарма озегіндегі жанданған түрі - сюжет.

Ал фабула дегеніміз сюжеттің қаңқасы, жалпы нобайы (схемасы). Мәселеге осы тұрғыдан келсек бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты - адам өміріндегі әлеуметтік қарым-қатынастар ойлы сезіммен сабақтастыра алынған табиғат.

Бейнелеу өнері өз жүйесінде өмір құбылысын терең әрі жан-жақты бейнелейді, адам келбетін сыршырай (живопись) өнеріндей дәл беретін сала олар:

- адам келбетін бейнелеудегі жан-жақтылық;

- әлеуметтік және психологиялық себептіліқ;

- өмірге тарихи көзқарас;

- болмысқа қол артыу;

- суретші қиялының нанымдылығы;

- тұлға (образ) өміршеңдігі.

Ал өнердің даралық сипаты, құдыреті - тұлғада (образда). Ғылымның бүгінгі даму сатысында образ термині әртүрлі қырынан қаралады:

- философиялық ұғымда;

- психологиялық ұғымда;

- өнердегі ұғымда.

Ең алдымен терминдер арасындағы шекараны айрып алмай, олардың мәнін анықтамай, біз көркем тұлғаның, оның ішінде бейнелеу өнерінің табиғатын түсіне алмаймыз. Сондықтан да тұлғаның тармақтарын жеке-жехе саралау қажет.

Философиялық ұғымдағы тұлға-объективті болмысты құбылыс атаулының санадағы көрнісі. Бұл ретте түйсік, сезім, ұғым, жеке фактілердің адам санасындағы сәулесі тұлға. Жалпы тұлғаның ең кең мағынасы философиялық ыңғайда түсіндіріледі.

Психологиялық тұлға-сезімге, адам есіне қатысты бейнелер. Бұл- философиялық ұғымына қарағанда аясы тар, шеңбері шағын термин.

Ал онердегі тұлға-өзіне ғана тән мәні, объектісі бар, болмысты бейнелеудің, танудың айрықша мағаналы құралы.

Көркем шығарма қашанда іріктеуден, тәсіл-құралдарды талдап пайдаланудан басталады.

Сонымен, тұлғаны болмыстың бейнесі деп ұқпаймыз, қайға суретші қиялымен екшеленген құбылыстардың бірін-бірі ерекшелендіру арқылы туған соны әлем деп білеміз.

Тұлғаға бірінші тән қасиет-ұлттық ерекшелік, ұлттық бояу. Олай болса, ешбір суретші ешқашанда ұлттық реңдерге зорлық жасауға тиіс емес. Бұл орайдағы ең шешуші фактордың бірі-суретші қиялы.

Сонымен бірге жалпы тұлға жасаудағы басты себептердің бірі-типтендіру, жинақтау негіздеріне, қағидаларына тоқталайық. Қашан болмасын өмірден терең еш нәрсе жоқ. Бірақ көркем шығармага негіз ету үшін кұбылыстырды суретші іріктейді, сұрыптайды. Бұл процесс тек қана санаға емес, сапаға да қатысты құбылыс.

Көркем шығарманың сапасы, құны, негізгі қасиеті- бейнеленген объектісімен, кейіпкерлер нобайымен оп-оңай айқындалмайды. Өнер құбылыстарын философиялық тұрғыдан терең бейнелеу үшін адам характеріне, мінезге зер салады.

Бейнелелу өңеріндегі характер- адамның белгілі бір жәйтке өзінің қатысын білдіруі, басқаға қарағанда даралық ерекшелігі, жанды, өміршең қалыптағы бөлек сипаты.

Көркем шығармада адамдар арсындағы сан алуан, қат қабат, шытырман күрделі қарым-қатынастар, тұлға мен табиғат арасындағы сала-сала байланыстар жан-жақты бейнеленеді. Болмысты эстетикалық тұрғыдан тануда келбеттік характерлердің маңызы зор. Характер - белгілі әлеуметтік тарихи орта, қоғамдық жагдайлардың әсерінен туып, қалыптасқан адам мінезінің жалпы көрнісі.

Тақырып пен мазмұн шығармашылық психологиясына, әрбір суретшінің өзіндік шеберлігіне тығыз байланысты. Өнер адамын үнемі қинайтын, өткелі қиың, жүгі ауыр асудың бірі - осы. Суретшінің туындысындағы сомдалған тұлға жасауды, оның белгілі бір тұжырымға келуі оның өмірлік жолмен, өз шеберлігімен талпынған талантымен сабақтас.

Мұндай жағдайды ескермеу шығармадағы әр түрлі қоңыр сарындарды, ирім сырларды дәл ұғып, терең бағалауға бөгет жасамақ.

Дүниеге шығарма әкелетін қуатты күш-көзі ашық дүниетанымга сүйенетін суретшінің қанатты қиялы.

Бейнелеу өнеріндегі характер суретшілік қиялдың күшімен, суретші идеалына, шығарма арқауына, мақсатына байланысты өзгеріске ұшырап, нақтыланып, жинақылық мәнге ие болады, Ал ғылым салалары философия, психология, характерлерді даралап қарастырса, көркем өнердегі характер жанды, тірі күйінде бейнелеп, жүрекке ұялап сезімді қозгайды. Эстетикалық әсер береді.

Бейнелеу өнеріндегі адамдар арасындағы сан алуан, қат-қабат, шытырман күрделі қарым-қатынастар, тұлға мен табиғат орайындағы сала-сала байланыстар жан-жақты бейнеленеді. Болмысты эстетикалық тұрғыдан тануда келбеттік характерлердің маңызы зор. Суретші характер жасау үшін әлеуметтік ортада туған кунделікті өмірді бейнелеу өнері шығармаларына сюжет етіп алады. Суретшінің биік мұраты, асыл арқауы жағымды тұлғалар характерін жасаумен сабақтасып жатады. Кейіпкер, қаһарман, тип деген ұғымдар әр дәрежеде көрінген көркем характерлерді сипаттайды.

Характерлерді жанды-тірі күйінде, санқырлы бояулар үлесімділігімен бейнелеу-марқайған, жетілген бейнелеу өнеріндегі реализмнің жемісі. Адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас әуелгі кезде оқиғалар жүйесі, оқыс қимыл, әрекет қақтығысы арқылы бейнеленеді.

Шын суреткер, хас талант кей кезде қоғам құбылыстарын таза ғылыми-философиялық тұрғыдан ұғынбаса да, өмірдегі тартысты көркем образдар арқылы да реалистік бейнелей алады. Бұл орындалуы өте күрделі қағида, өйткені қашанда тұлға объективті дүниенің субъективгі сәулесі, ешбір өнерпаз қоғамнан, әлеуметтік ықпалдан шет қала алмайды. Суретші қиялы арқылы, таланты арқылы өмірді негіз ете отырып, жаңа бір дүние жасайды, ол кемпірқосақ реңіндей алуан түстері жарқыраған, мағаналы соны әлем. Бұл ретте өнер өмірден, оның коп салаларынан ілгері кетеді.

Қашанда жеке бейнелерді талдағанда тұлғаны мазмұндау, мінездеу үмітінде тұлғаны өмір танытқыштық, эстетикалық ерекшеліктерін айрықша баса айту керек. Сұлулық әсемдіктің әлеуметтік мұраттарымен тығыз байланыста екендігін бейнелеу өнеріндегі көркем шығармаларды талдаған кезде анық түсінуге болады.

Бүгінгі таңдағы суретші үшін басты нәрсе - характер адам мінезіндеғі даралық сипат, оның түрлі сезім ирімдері, психологияның көзге шалынбайтын нөзік сәттері.

Шығарманың түп қазық идеясы, мақсаты, эстетикалық нысанасы, көркемдік тұтастық шарттары бейнеленген кейіпкерлер толыққан характер, соқталы образ, типтік бейнелер дәрежесіне көтеру мақсатын алға қойғанмен, шығармашылық тәжрибеде бұл үнемі орындала беретін жағдай емес.

Қоғамдық жаңа қарым-қатынастардың әсерінен психологияда пайда болған соны өзгерістерді, характер құбылыстарын тез аңғартып, жіті бейнелеу үшін суретшінің азаматтық белсенділігі, ізденісі мен тамырын қапысыз дәл басып отыруы шарт. Әдетте социолог, экономист, философ, психолог, тарихшылардың зерттеулері нәтижесінде басқаларға әлі анық көріне қоймайтын дүниелерді суретші бұрын сезіп, шығармаға арқау етуі-бейнелеу өнерінде қайталанып отыратын заңдылықтардың бірі.

Өнер зерттеуші оқымыстылардың әбден мойындаған тұжырымдары бойынша бейнелеу өнері - өмірдің екшеленген, эстетикалық мұраттар тұрғысынан сұрыпталған, көркем тұлғалар арқылы сомдалған әсерлі құбылыстары.

Ал енді сан алуан өмір құбылыстары болса, болмыстың қат-қабат қайшылықтары өнер айнасына түскенде, өзіне лайық, мазмұнға пара-пар түс, рең, кейіп, пішін, келбет таппаса, ондай шығармалардың ғұмыры ұзақ болмақ емес. Әлемдік бейнелеу өнеріне назар салсақ, әсіресе, жанрлардың өзара тоғысуынан пайда болған формаларды жиі ұшыратамыз. Жанрлық ерекшелік тұрғысынан келгенде, бейнелеу өнерінде, өмірде сирек кездесетін немесе кейде тіпті кездейсоқ шығармаға арқау болатынын айта кету керек.

Суретшінің табиғи қабылеті, талант ыңғайына қарай жаңарып қажетті жанр табыуы - үлкен қуаныш. Бейнелеу өнерінің тұрлі жанрларының барлығы да өте тартымды. Әр шөптін басын бір шалып жүріп, түптің түбінде еш нәрсені ұстай алмай қалудан "өкінішті нәрсе" жоқ. Әрине, ерте мамандану, ащы-тұщының дәмін татпай тұрып бойды аулақ салудың да зыянды жағы көп.

Өз мүмкіндігін, бейімділігін, шеберлігін таразыға тартып мөлшерлей білген суреткер алдын-артын ойлап, болашағың ескеріп сапалы түрде жемісті еңбек етпек. Суретшінің айтпақ ойы, шертілмек сыры белгілі жанрдың қалыбына симай жатса, шебер оңды, орынды ретпеп басқа форма пайдаланса, оған қарсылық айту ағаттық болар еді. Біздің айтпақ мақсатымыз - бүгінгі кезеңде бір жанр мен шұғылданып келесі де тағы бір түрімен әуреленіп, көп нәрсені рәсуә ететіндердің кәсібі.

Шеберлік жетіп тұрса, кішкентай ғана эскиз немесе этюд арқылы да әр түрлі паймдарды ақтаруға болатыны хақ.

Мұндай батыл шешімдерге келген эскиздердегі тұлғалар өткір, нұрлы бояулармен, үйлесімді реңдермен жасалып, қалың көрерменнің көңілінен шығатын болашақ шығарманың негізгі арқауы болмақ. Бейнелеу өнеріндегі тағы бір көркемділік-негізгі шығармадағы жинақылық айқын әрекет жан-жаққа шышырамай, бірден көрінуі. Яғни құбылысқа тең емес, кездейсоқ, бір сәтті жайыттарды сыпырып, негізгі, басты арнаны диалектикалық шындық күйінде бейнелеу - реализмнің түп қазығы.

Бір туындыға қайта-қайта оралып, оны әлде неше рет өңдеу дәстүрін әр түрлі кезеңдердегі суретшілердің тәжрибесінен көруге болады. Әр заманда, әр дәуір сол кезеңдердегі өнерден өз келбетін, өз рухын, оз өмірінің тынысын, ағысын көруге құштар. Өмір мен өнер орайындағы бұл сабақтастықты ешбір суреткер аттап өте алған емес.

Талант қуатына байланысты, суретші басынан кешкен өмір соқпағының пәрменді ықпалына орай іштей толығу, пісіп жетілу, рухани өміріне сәйкес, әр суретшінің шығармашылық тағдыры әр түрлі қалыптасады. Біреулер ұзақ уақыт іздену азабымен көп ширыға түсіп, талай тақырыптарға құрық сілтейді, босқа шашылып рәсуә болады, ақыры үлкен арманға жете алмай-ақ өтеді. Ал енді біреулері алғашқы ұмтылыста-ақ ең негізгі туындыларын беріп тастап, кейін сол шығармалардың төңірегінде шырмалатындарда аз емес. Негізінен ізденіс сапарында марқайып, шығармадан - шығармаға өсіп, қара қанаттанып, самғап ұшып кету және бар.

Суретшінің шығармадан - шығармаға марқаюы әр түрлі ыңғайда көрінетін күрделі құбылыс. Бұл өзекті тақырыпты терендей зерделеп, жан жақты қамтудан да, соны шеберлік кестелерінен де, өзге жанрларға ауысудан да байқауға болады. Сонымен, шығармашылық аса бай тәжрибелер жинақтаған, әбден кемеліне келген шағында суреткер ең алдымен, реализм тақырыптарына ерекше ден қойып, өмір шындығын дәл бейнелеуді мақсат етеді.

Қашанда суретші шығармалары арқылы өз интеллектін, өзінің дүниетаным көкжиегін, білім дәрежесін, парасат шамасын ықтиярынан тыс тапытып қоюга мәжбүр болады.

Жалпы өнер табиғаты, түрлі өмір кезеңдеріндегі немесе беймезгіл замандардағы өмір сүрген суреткер мұрасының тағдыры өткен тарих пен болашақ күндерге козқарас - бұл төңіректегі суретшінің ойлары шығармада айрықша көрніс беруге тиіс.

Коркемдік құралдар, бейнелеу өнерінің дәстүрі оп-оңай, тез өзгере садуға ырық бермейді, алайда суреткердің дүниетанымын, тақырыпқа келуі, бейне жасауы - бұл орайдағы құбылыстар, түптеп келгенде, болмыстың өмірдің ағымынан жырылып, томаға тұйық қала алмайды.

Көркемдік құралдарды қарастырып, шығарманы бағаланғанда, орынды қолданылған мәнді тәсілдерді мәнсүқ еткен абзал.   Әсіресе, бейнелеу өнерінде тұлғаны мүсіндеуде, шығарманың арқауын айқындауда мәнді мол құрал, тәсіл, амал атаулыны жай ғана нәрсе деп қана түсінбей, қайта осы арнада құлшына іздену - өсу кепілі.

Суретші шығармашылығына қандай материалдар негіз, болатындығын дәл мөлшерлеп, анық санап бас-басына түгелдеп беруді ешбір өнер иесі мойнына алмайтын шығар... Талант қасиеті, іздену тәсілі, дәстүр ықпалы әр түрлі жағдайда әсер етпек.

 

Ұлттық бейнелеу өнеріндегі келбет жанрының негізгі қағидалары

 

Суретші бейнелеу өнеріндегі сыршырай жанрында құбылысты жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізіп, әр түрлі қырынан алып қараудан туған сан алуан бояу, әр түрлі реңдердің үйлесімділігін, шашыратып жібермес үшін пайымдауға (композицияға) сүйенеді.

Жалпы айтқанда бейнеленген шығарманың мағыналы, яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқы көрерменнің зердесінде бейнеленіп, оның ойымен тікелей тұспалданып бейнеленген оқиғаның арқауына байланысты ойда еліктеу туғызады. Оған әрине сезім шапағатын тигізеді.

Пайымдау - дегеніміз түйінділік, бейнелілік, жинақаялық, түйсік, үйлестік т.б. секілді әсер күші бар ұғымды айтамыз.

Бейнелеу өнері жанрында суретшілерді негізінен үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны келісті, байқағыштық, тапқырлық қабылеті ерекше, бейнелеу онерінің көптеген жанрында, не қайсы бір жеке түрінде бейнелікке, ұнамды теңеулер құруға ерекше бейім келеді. Мұндай суретшілер қандай болғанына да бейнелеу өнерінің сын-сииатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында шығармалары көрермен көзін ерекше қуантып жатады.

Екінші топтағы суретшілер - бейнелеу өнері жанрларымен толық таныс: қандай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысын болсын жетік меңгереді.

Үшіншілердің қатарында түрлі ағымдардағы немесе келелі алдыңғы қатарлы атақты суретшілер шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар бейнелеу мен теңеуде жоғарғылардың ізденістерін дамытып отырса да, осындай суретшілерде қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады.

Қандай топтағы суретші болмысын шығармалары тек табиғи дарынмен, немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы ләзім.

Сонымен бейнелеу өнері шығармашылық ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай қағидалардың пайдасы зор.

Жалпы, белгілі бір ойда жүрген шығарманы жасамас бұрын есте ұстарлық бірнеше қағидалардың бар екені аңғару қажет. Олар шығарма жасауда қатып қалған заң емес, шарттылық қана. Сонымен пайымдау шығарма жасау үшін сол шығармада ең алдымен қандай қажеттіліктер жүзеге асуға тиіс?

Біріншіден, тек бейнелеу өнері шығармаларында ғана өз шешімін таба алатын қоғамдық жайларды түсіне білу, ягни әлеуметтік мәселелер көтере білу керек.

Екіншіден, сол мәселелерге орай өз дәуірінің тілек-мүлдесін сезіне, қалқысыз ұғына білу керек. Бұл - нысананы айқындау деген сөз.

Үшіншіден, айтар ойына сай алғашқы эскиздер керек. Демек, мидың қойнау-қатпарларын өте қажет деген, оралымды, сирек кездесетін, жасырын-жаңарған ойдан шығарылған, жаңа тағы да сол сияқты эскиз, нобайлармен толықтырылып отыруы керек.

Төртіншіден, шеберхананың жағдай-жабдығы мен қажетті құрал жабдықтар және материалдардың сапасы қатты қажет. Бесіншіден, айшықты сызықтар мен түрлі реңдердің үйлесімділігі айқындай алатын тәсілдердің және соған деген икемділігін, жылдар бойы тер төккенде ғана жаңадан сипаттайтын төзімділігін, хас тұлған, шығармаға деген арқауың, түйіндерің, қолтаңбаң т.с. болуы керек.

Хас таланттың шығуы "іштен туа" дейміз "мыңнан дүлдүл, жүзден жүйрік" дейміз, “табиғаттың берген сиы" дейміз, бұл жағын біле де бермейміз. Ал көзіміз жеткен, анық бір ақиқат бар. Суретші болу - ол да мамандық, оған да оқу, машықтану, жаттығу, тер төгу, қиналу, шаршау, түңілу, мәз болу, қайта түлеу - тән заңдылықтары. Өмірдегі барлық заңдылық сияқты суретшілік өнері де қиямет еңбектен ғана туындайтын бір сәттік зейнет. Шеберлік деген тарғыл қүз жартастағы тар соқпақ тәрізді. Биікке көтерілген сайын қарың талып, бойың ауырлап, жүйкең тозып, "әне кеттім, міне құладым" деген сияқты құлап кету қауыпі арға түседі. Құз - жартаста тар соқпақтан суретші шеберлігі деп аталатын қиын шығармашылық жолдың бір айырмасы жеткен жеріңнен қайта төмендеу саған жоқ, соңындағы зорға көтерілген тарғыл соқпақты көрермен деп аталатын сыншы әрі қатыгез төреші қолма-қол жойып отырады. Шамаң жетсе - шың басына өрмелей бер, кері қайтуды шығармашылық тағдыры көтермейді. Міне, шығармашылықтың ауыр азабын осылай түсініп, осындай азапты жеңгендер ғана шығармашылықтың нұрлы шыңына көтеріле алады.

Сондықтан да бұл ізденісті суретшінің алдындағы биік шың дейміз, суретшінің еңбегіндегі шеберлікті шыңдау дейміз. Бұл өзі - шығар шыңы өте биік, айтылар пікір дауы мол азапты мамандық.

Меніңше, талант- табиғаттың адам баласына берген ерекше сийы.

Сол талантты дер кезінде сезініп, оны ұштап, дамытып окету адамның жеке басына және қоршаған ортасына байланысты. Әйтсе де, талантым бар екен деп бос тыртыңдап, бос тыраштана беру де, Абай айтқандай “Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден" - дегендей, босқа шапқылығанның жөні жоқ.

Егер шығармашылық ойдың жүйесіне үңілсек, бұның түпкі мақсатын, себебін түсіну өте күрделі. Ойлап қараңызшы, адамды қашанда сәтсіздікке қарсы ұмтылдыратын шығармашылық күш бір жерде бөгелсе, екінші жақтан өзінің жаңа арнасын танытпай ма? Ендеше сол арнаны халқымыздың тарихи дәстүрінен, мәдениетінен, ықпал әсерінен іздеу қажет.

Ғасырлар бойы сараланып, қалыптасқан ұлттық өнеріміздің өз заңдылығы бар. Ол беталды бұра тартуды көтермейді.

Зерттеушілеріміздің айтуына «драғанда, ол Қазақстанда ата-баба мұрасының тарихи және мәдени ескерткіштерімен шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптаған ыстығы, жеткілікті ұланғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қолөнері, оған тікелей қатысты ою-өрнегі қайталанбас үй жиһаздары, киім-кешегі, қару-жарағы, әуез аспаптары, тіптен қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті, белгілі бір мазмұнга құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, әртүрлі кейіпке өнер көрсететкен жалғыз орындаушыдан тұратын “театры” (Берікбол Көпенов, Шашубай Қошқарбаев, Қалибек Қуанышбаев т.б.) халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік имандылық дәстүрлері исі қазақтың мақтаныш сезімін оятатын құбылыс.

Өкінішке орай, осындай ғажайып ата-баба мұрасының қайсы бір түрлері мен үй есімдері (бөліктері) әр түрлі тарихи себептермен жалпы ағымға, техникалық прогресске, қалалық сәнге т.б. байланысты көпе-көрнеу ескіріп, өткен өмір еншісіне айналған. Киім-кешектен бастап құрал-сайманға, саналуан жиһаздарға дейін дүкеннен немесе базардан сатып алуға болатындықтан, бұрыңғыдай үй жағдайында ағаш ұқсатылмайтын, тері иленбейтін, шекпен тоқылмайтын, киім тігілмейтін болып алды. Табиғи бояуларды шығарудан, желім жасаудан, сабын қайнатудан қалғалы қаншама уақыт өтті десеңізші. Қазақтың құрал-сайманын, қару-жарағын, алтынмен апталған, күміспен күптелген заттарын тек музейлерден ғана көруге болады. Ал қасабаны, қарқараны, мұрақты, сұламаны, күндікті, күдері бешпентті, жарғақ тонды, ішікті, көксусар, шегірен етіктерді, кебіс-мәсіні музейлерден де таба алмаймыз. Оқа зерлі кесте, біз кесте, ілме кесте тігуден, шеркет тоқудан да көз жазып қалдық. Қазақтың қалы кілемінің нұсқалары мүлде жоғалып кетті. Бұрын құрлыс ісінде пайдаланылған қыр оюы, қырма өнерінең қазіргі жұрттың білетіні шамалы.

Дәстүрлі өнердің басқа салаларын былай қойғанда, жыршылықтың, көмекеймен ән салудың, домбыра ойнаудың, іліп қапқа, қара қағыс, шертне қағыс сияқты тәсілдердің ұмытыла бастағаны, бишіліктің тек кәсіби артистердің үлесіне тигені өкінішті-ақ.

Қазақтың дәстүрлі ұлттық өнерінің ұмытыла бастаған түрлері мен үйлесімдерін қайта өрбіту, мүмкіндігінше тұрмыстық ортасына қайта оралта түсу - тәуелсіз. Қазақстан жағдайында кезек күттірмейтін мәселе.

Өнер адамының шығармашылық кәсібі - ерен ерлік. Сол ерлік оның бойында ұдайы болуға тиіс, себебі оның жұмысы бір-екі күннің күйкі тірлігі емес, өмір бойы таусылмайтын тауқымет. Ғаламат бір полотноны пайымдап өз ойыңды аяқтадым-ау деген сәтте ойына кенеттен сап ете түскен тағы бір ойдың басталғаны, сол пайымдаудың құдыреттей көрінетіні, тебірентіп кететін нағыз өнерге тән қасиет.

Барлық бейнеті мен тартқан азабыны, өзіңнен өзің түңіліп, дүниеден баз кеше жаздаған шақтарына оның сол - кенет сау ете қалған пайымдаудың құдыреті ерекше.

Көркем шығармада шеберлікті көрсетудің шегі жоқ екендігін білеміз. Алайда, көрерменге түсініксіз, бейнелеу өнерінің кәдесіне аспайтын қайдағы бір сүреңсіз, сұрықсыз дүниелерді тықпалап өзгеден ерекше көрінуден пайда жоқ. Іздену мен жаңалық ашудың шекарасын дұрыс ажыратып пайымдаудың қамы, соны қалай, қайткенде жетілдіріп, бір ізге салу тұрғысында болғаны ләзім.

Көркем шығарма - көптің мүлкі. Сондықтан да суретші не бейнеленсе де, көпке түсінікті ортақ мақаммен суреттеуге міндетті. Тек көркем бейнелеу көрермен көңілін көншітіп, көкейге ой салады, жүрекке жылу беріп, бүкіл сезім біткенді оятып, эстетикалық талғамды арттырады. Осындай бейнелі шығарма өзінің ерекше пайымдылық қасиетімен көрерменді жан-жақты байытып, жетілдіруге әрдайым себебін тигізіп отырады.

Сонымен қорыта келгенде, ұлттық бейнелеу өнеріміздің бет алысына пікір айтсақ, негізінен үш арнаға келіп саяды.

Біріншіден, біздің байқауымызша қазақтың қәзіргі ұлттық бейнелеу өнері тарихи дәстүр мен жаңашылықтың дәл қилысын жерінде келі тұмсық тіреп тұр.

Екіншіден, тарихи дәстүрсіз өнер жоқ. Ал қазақтың ұлттық өнерінің дәстүрі өте бай, әрі ұлттық топыраққа тамыры терең бойлап кеткен киелі өнер деп білуіміз керек.

Үшіншіден, осы екі талапқа жауап беруге ұмтылу, жас суретшілеріміздің ұлттық шығарма құрлысына, арқауына, тұлғасына, пайымдауына сергек қарап, ұлттық өнердің бір қырынан көріне білуі.

 

Халықтың ұлттық мұрасындағы ертегілердің тәрбиелік сипаты

 

Халықтық фольклорлық шығармаларының бір мол саласы - ертегілер. Бір ертегілерде бейтшыс, өте алыс заманның жай-күйі айтылады да, екіншісінде күнделікті өмір тіршілігіндегі іс-әрекеттің қарапайым бейнесі суреттелген. Сол себепті ертегілер: қиял-ғажайып, хайуанаттар жайындағы және тұрмыстық-салт ертегілер болып үш топқа болінген.

Халықтың ғасырлар бойы екшеленіп арман мүддесі мен қиялынан туған таңғажайып ертегілер жас сәби қиялын ұшкыр ойға жетелейді:       ойлау, қиялдау қабылетін жетілдіреді. Тегінде, ертегі тек ермек үшін ғана айтылмаған, оның белгілі бір тәрбиелік сипаты, пәлсафалық (философиялық) ойлары болған. Оның басты кейіпкерлерінің іс-әрекетері болмыстан, кеңістіктен тыс тұрмайды: ол табиғаттағы өз орнын қалай өлшейді, жаратылыстың сан түрлі дүлей күштерімен қарым-қатынасы қандай болады, қоғамдық-әлеуметтік сатысы қай дәрежеде дамиды міне, осыны тыңдаушы санасына сездіреді, соны аңғартады.

Таңғажайып ертегілердің мазмұнында адам иланбайтын, көңіл сенбейтін сан алуан қызық оқиғалар болатыны рас, бірақ бұған қарап халықтық ертегілердің шығармашылық күштерінде бейберекет, жалған көрністер басым болады деп ойлауға болмайды.

Таңғажайып ертегілердің тағы бір басты ерекшеліктері - өмір үнемі қозғалыста көрінеді. Бір орында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз тауы, ұшқан құс, жүгірген аң, сұлулар еліне жол тартқан жолаушы - бәрі бір нүктеден шығып, екінші бағытқа бет алып бара жатады. Осы қиын жолда адамдар аңдарға, құстарға, табиғаттың дүлей күштеріне тап болады. Олардың арасында жамандық пен жақсылық үшін күрес бір сәтке толастамайды. Өте ерте дәуірде пайда болған ертегілерде адамның сұлуы, құстың әдемісі, сән-салтанаттың сарайы бұлар, көбінесе перілер елінде деп бейнеленеді.

Олардың мекені көбіне жер асты, немесе су асты болып келеді. Осындай жұмбақ елді тауып, ақыры арманына жететін тек қана қарапайым еңбекшіл, бейнетшіл әрі ақылды шаруаның баласы болып келеді.

Халықтың неше түрлі қызық, таңғажайып аңыздарды шығару себебі - бір жағы діни нанымдарға байланысты болса, екіншіден, өзіне жұмбақ жауабын іздеген заңдылықтарға жұмбақтық сипат берген.

Бұлар өте ерте дәуір қоғамының сенім-нанымдары. Олар табиғаттағы әрбір заттардың немесе құбылыстардың екі сипаты бар деп қараған ай мен күн, аспан мен жер, құрғақшылық пен су, құс пен баурымен жоғалаушылар, ақ пен қара т.б. Мұндай көне дәуірдегі логикалық жіктеу жер үсті мен жер асты, онда мекендейтін адамдар мен перілер деп екіге бөлуге асерін тигізген.

Бір ғажабы сол, қиял ғажайып ертегілерде еңбек пен еңбекке құштарлық өте жиі көрсетіледі. Тек қана тынымсыз еңбек еткендер ғана ертегіде дегеніне жетеді, бақыт құсын сол кейіпкердің бөркіне қондырады, асқан сұлу қызды соған жар етіп қосады. Осының бөрі - еңбектің арқасында болатын нәтиже, кімде кім еңбек етсе, сол адам өзін бақыттымын деп санауға болады деген сенімді аңғартады.

Халықтық мифтерде жер бетіндегі жөндіктерден бастап, адамзатқа дейінгі аралықта тіршілік үшін күрестің тоқтамайтын заңдылығы бар. Ол ізгілік пен зұлымдылық, жақсылық пен жамандық, күн мен түн, сұлулық пен сүйкімсіздік.

Көне ертегілердің бірі - хайуанат жайындағы ертегілер. Беймағұлым ерте заманда өмір сүрген адамдар аңдарды жыртқыш күшінің алдында өзін әлсіз сезінгендіктен, оларды кейде киелі деп санаған. Аңдарды айрықша сиқырлы күш иесі деп бағалаудың әсері батырлар жырында, қиял-ғажайып ертегілерде ара-тұра қайталанып келеді.

Мұндай көрністер, өсіресе батырлардың тұлпары туралы баяндағанда ерекше байқалады. Ондайда ат жаудың келе жатқанын күншілік жерден сезеді, немесе жаумен бетпе-бет кездескенде батырмен адамша сөйлеседі, оған ақыл-болжам айтады.

Асылы, ертегідегі аңдар арқылы адамның психологиялық мінез-құлқы туралы түсініктер жасалғанда, әрбір хайунаттардың өзіне тән қайталанбас мінез-құлықтарын дәл суреттейді.

Әрбір аңның айнымас мінездері дегенде: арыстанның озбырлығы, қасқырдың қорқаулығын, түйенің момындығын, түлкінің қулығын, қоянның қорқақтығын айтуға болады,

Мұндай бейнелеу түріндегі көркемдік әдістер: хандардың, бибағландардың бет пердесін әшкерлеу үшін суреттеледі.

Байқасақ, халық ертегілері бірнеше дамудың сатыларынан өткен:     қиял -ғажайып ертегілерде халықтың табиғатқа бағыныштылығы, табиғат құбылыстарының жұмбақ сырын түсінбеушілік, әлсіздігі аңғарылса, хайуанаттар жайындағы ертегілерде қоғамдық қатынастардың таптық сананың оянуы, болашақ бақытты тұрмыс үшін күрес-тартысты көрсетеді.     

Ал ертегілердің үшінші түрі - салт ертегілерінде тұрмыстың өзіндік ішкі заңдылықтарын жан-жақты білуі, оны өмірдегі мақсат-мұраттарға бағындыра бастағаны байқалады.

Тұрмыс-салт ертегідерінің сипаты: ата-аналарының балаларына деген махаббаты, балалардың ата-аналарына деген құрмет, қошеметі, ақылды жігіт, ақылды қыз, қиянатшыл жар, шешенің қастандығы, аға мен інінің достығы, апа мен сіңілінің бауырмалдығы, жақсылық пен жамандықтың бетпе-бет арпалысы, момынның көрген қорлығы, адалдықтың жеңіске жетіп, жауыздықтың жеңілуі түрінде болып келеді.

Мысалға, бұлар "Білгір адам", "Қарттың ұлына өсиеті", "Үш ауыз сөз", “Өнеге", "Алпысқа келгеннен ақыл сұра", "Жақсы әйел", "Аяз би" сияқты ертегілерде кеңінен суреттелген.

Ертегі кейіпкерлеріне еліктей отырып, бала сурет салу үстінде шығармашылық қиялдарға бөлініп бейнелі образдар арқылы бала көкірегі, қиялы мен жүрегінде болатын қасиетті сезімдердің тылсым бастау көзін ашып береді.

Әрине, қазір кез келген жанұя өз балаларына ертегі айтып береді деп айта алмаймыз. Мұның да қилы себептері бар. Қазір осы міндеттің біразын арнайы қоғамдық орындар, балалар бақшалары, қуыршақ театрлары, радио, теледидар, кино алып отыр. Бірақ олардың ертегілері балаларды қанағаттандыратындай жағдайда емес.

Ал жастайынан ертегіге қанған бала, халықтық осы бір асыл қазынасымен, рухани мұрасымен көректенген бала, әдебиетті, тарихты, өнерді, өмірді сүйеді. Маңайдағы өзгерістерді де жіті көреді, тез қабылдайды, байқағыштық қасиеті артады. Тіпті ұсақ көрінетін, біз байқамайтын нәрселердіц бәрін де балалар керемет етіп көрсете алады, міне осы жағына назар аударуымыз қажет.

Олардың жан-дүниесінің тазалығы, қиялының асқақтығы, қабілетінің молдығы, ойларының өткірлігі, сезімдерінің мөлдірлігі, осылай пайымдауға толық мүмкіндік береді.

Оқушылардың ертегінің мазмұнына арнап салған суреттерінде қанық бояулар, ашық түстер, пайымдаудың бейнелі қарапайымдылығы, оқиғаның табиғи өрбуі, бүкпесіз сырласуындай тартымдылықты көруге болады.

Ергегілердегі, аңыздардағы, ғажайып оқиғалары қиялын тербеген жақсылық пен жамандық күресінде әділдік, адамгершілік, мейірбандық жеңетініне сеніп үйренбеген, аяушылық, мейірімділік, имандылық сезімдері оянбаған жас баға жетпес рухани байлықтан мақұрым қалмай ма?

Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ертегінің мазмұны бойынша сурет салдыруда бәрі бірдей нанымды, ықшамды көрінбеуі мүмкін.

Біздің мақсатымыз баланың жас ерекшеліктеріне қарай ертегінің мазмұнын бала уақытында саралай білсе, олардың мүмкіншіліктерін толығырақ зерттеуге бағдар берсе дейміз. Бұл міндеттер қатып қалған жоспарларға бағынышта болып, өз ойынан шықпай қалған кейбір мамандар үшін қатты қажет. Өйткені халық өнерінен басқа салыстыра зерттеу үшін пайдаға асатын бірден-бір көне нұсқа жоқ. Оны іздеп жатқан шәкірттер мен ұстаздар да шамалы. Оған қоса халық өнер-дәстүрін терең меңгеру дегеніміз. Осы күнгі мәдениетімізді терең байыту. Ескірген мақсаттарды, бейнелер мен дәстүрлерді жаңаша оқи білу бізде жаңа ойға итермелейді.

Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушыларға ертегі жанрын оқытып-үйретуде мынадай топтарға бөлуге болады:

Бірінші топ. Хайуанаттар жайындағы ертегілер бала-бақша және даярлық топ - 1-3 снаптар.

Екінші топ. Қиял ғажайып ертегілер, халықтық жыр эпостары. 3-4 снаптар.

Үшінші топ. Тұрмыстық салт ертегілер халықтық жыр эпостары. 4-6 снаптар.

Төртінші топ. Күлдіргі тапқыр әңгімелер. 6-8 кластар.

Бесінші топ. Тұрмыстық салтқа байланысты айтылатын шешендік сөздер, мақал-мәтелдер. 8-9 снаптар.

Алтыншы топ. Саяси әлеуметтік шешендік сөздер, термелер, жоқтаулар. 9-10 снаптар.

Қорыта айтқанда, бейнелеу өнері пәнінен дәріс үйретуде баланың жас ерекшеліктеріне қарай қазақ халқының тарихи дәстүрін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, өмір сүру салттарын, алғыр ақыл-ойын, ерлік, батырлық бейнесін, өмірге деген құштарлығы мен сүйіспеншілігін, еңбексүйгіштігін ягни жан сұлулықтарын тәрбиелей білсек, алдыға қояр ұлы мақсат осы болмақ. Сондықтан да, халық өнерінен бастау алып, ұлттық рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағынан сусындай берейік.

 

Пайдаланған әдебиет:

Жүрсін Балкенов. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек рең. /ҚарГУ. -Қарағанды, 1996. -Б.82-105.