UF

ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚ ӨНЕРІНДЕГІ ТАРИХИ МҰРАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҚСАТЫ

 

Халық өнерін зерттеу және ұлттық өнердегі ғылыми мұраларды игерудегі тарихи деректер

 

Казақ халқының қол өнері қандай бай, ғажап зор десеңізші. Оның тұңғұйық түпсіз тереңіне сүңгу, өлшеусіз кеңдігі мен ерен байлылығын, сан қырлы даму заңдылықтарын терең зерттей отырып, оны келешек ұрпаққа қалай үйретудің жолын іздестіру ұстаз қауымның үлкен парызы.

Өнерді жасаушы халық. Қазіргі біз қолданып жүрген халық өрнектері көптеген ғасырлар бойы қалыптасып: ұзақ уақыт сынынан өткен. Оның мазмұнын шыңдай түсуге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, тарихы, философиялық ой түсінігі жұмсалалы десеңізші. Сондықтан да ол бүгін өте әсем де әдемі, ойлы да жатық көрінеді. Құрамы кең де әрі қарапайып жинақы. Рет-ретімен ал да керегіңе жарата біл. Сондықтан да халқымыздың төл өнерін қадірлеу, оның әсемдігін, байлығын сақтап, құпия сырын үйренумен қатар келешек ұрпаққа үйрету де ұстаз алдына қойылар үлкен мақсат болып табылады.

Халқымыздың замандар бойында жинақталған бай тәжірибесін, ақыл-ой тілегін, әдемі рәсімін, инабаттылық сабақтарын жеткіншек қауымға дарыта алмасақ, осының өзі тәлім-тәрбие мәселесінде өтелмеген үлкен парыз болып қалмақ.

"Халық өнерінің мұрасы" деген ұғым көп мәселені қамтитын, әсіресе, халқымыздың ұлттық өрнек өнерінің дәстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу - осы арқылы өнерге қатысты барша мекемелер мен зиялы қаумның ортақ мақсаты.

Әзірше халқымыздың қолөнері толық мағынасында жоғары оқу орындарының оқу процесіне толық енбей отыр. Қазақстанның көптеген педагогикалық институттарының жекелеген көркем сурет-графика факультеттерінің халқымыздың осы өнер дәстүрін ерекше қолға алып, арнайы мамандықтарға кең көлемде дәріс беретін мезгіл жетті. Қандай мәселенің де баян табуы жақсы ұйымдастырыла білген бағытқа байланысты. Мәселен, орыс тіліндегі небір жақсы, сапалы оқулықтар, ғылымда бетбұрыс жасаған жаңа еңбектер-жоқ емес, әйтсе де олар мүлде аз және мұндай еңбектердің аудармасы кездейсоқ кездесетін , шындығын айтсақ, қолға түсе бермейтін тапшы дүние.

Ғасырлар бойы сараланып қалыптасқан халық өнерінің өз заңдылығы бар. Ол беталды бұра тартуды көтермейді, сондықтан да халық өнерінің осы заңдылығы, озық туындылары үлгі етілмесе және де ана тілімізде төл еңбектер көптеп жазылмаса халқымыздың осы өнер дәстүрін қалай ғана жалғастырып дамытпақпыз.

Халық мұрасындағы өрнек өнеріне жас ұрпақты бала- бақша, мектеп қабырғасынана баулығанда гана олар осы арқылы өнердің терең сырын меңгере алады.

Суреті ықшамды, өрі жинақы ыргағы, түсі жөиінен осем де үйлесімді, сансыз түстердегі алуан өрнектер олемі- қазақтың халық орнегіне тән ерекше ұлттық қасиет. Ою- өрнектёр әлемінде халықтың дүниетанымы, өзін қоршаган орта және сұлулық туралы түсінігі терең бейнеленген.

Біріншіден, халқымыздың дәстүрлі ұлттық қол өнерін, оның эстетикалық талғамын келешек ұрпақты тәрбиелеудегі аса зор әсерін түсіндіру және өнердің даму тарихы мен болашағына бірсыпыра ортақ белгілерді жүйелі түрде талдау.

Екіншіден, халық өнерінің өзіндік ерекшелігінің молдығына, оның жасалу, орындалу және сақталуында ерекше халықтық сипат басым болғанына назар аудару (Өйткені педагогикалық зерттеу еңбектерінің көбі осы қолдаңбалы ұлттық қол өнер түрінде ғана атап өтіліп, тәрбиелік ерекше мақсаттарын жете анықтамай келеміз).

Үшіншіден, халықтық-ұлттық мұраның дәстүрлі, арнасы мен оның жаңа қырларының өнерлік өзгешелігін ашып, жанды да дәйекті мысалдарымен дәлелдеуді қажет етеді. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық қол өнерінің тәрбиелік мәні, оның тәжірибесі мен даму бағытын түпкілікті зерттеу қазіргі заман талабына сай кезек күттірмейтін міндет болып отыр.

Төртіншіден, халқымыздың қолөнер мұрасы тек тарихи қазына болып қоймай, бүгінгі педагогикалық тәрбие саласында, жалпы көркемдік, дамуға айрықша үлес қосып жалғаса беретінін ерекше айтпақпыз.

Халқымыздың ұлттық өнерінің басты бір саласы - қазіргі өскелең өміріміздің талғампаз талабына Сақадай сай келетін өрнек өнері.

Қазақстанның әр өлкесінің тарихында мәдени дәстүріне байланысты қалыптасқан ұлттық қол өнер мектептері болған. Бүкіл халқымызға танымал болған қолданбалы қол өнер саласының тағы бір арқауы - осы өрнек өнері.

Халқымыздың осындай арқылы өнерінің тәрбиелік мәнін кеңінен насихаттап, дер кезінде ыждаһаттылықпен көңіл бөліп, кейбір үздік өрнек үлгілерін үйрене білуіміз қажет-ақ. Өткен заманның қаншама халық таланттарының асыл мұрасы біздерге құпия болып қала берді. Сондықтан да бүгінгі күнге жеткен халқымызды ұлттық өнерін жас ұрпақты тәрбиелеуге, келешекке насихаттауға арнаған жөн.

Әрбір халықтың көркемдік дамуына өзіне тән ерекшеліктері болады. Өрнек өнерінің көп жанрлы, нақышты әрі түстерге мейлінше бай болуы қазақ халқының рухани мәдениетінің ерекше бір сипаты.

Халқымыздың ұлттық өнерін қызықтаушы көрермен қауымға аса құнды болуының қаншама себептері бар. Қоғамдық өмірдің де, жеке адамның тағдырының да алуан түрлі сырлары мен құпия қырларына терең үңілу, әлеуметтік қайшылықтары мен құбылыстарын кең қамтиды. Халқымыздың көркемөнер мұрасынан ләззат алу - міне мұның барлығы халық өнерінің әсерлі қызығы мол сарқылмас ұлттық қазынасы. Сондықтан да халық онерінің, оның ішінде ең басты саласы ұлттық өрнек өнері - талапкерді өнер өріне жетелейтін қадамын ұштап тәрбие беретін теңдесі жоқ мектеп болып табылады.

Халық шеберлерінің жасаған бұйымдарының аса құндылығы ескіден қалған көнелігінде ғана емес, шебер де нәзік, күрделі өрнектерді қиюын келістіріп шебер қиюластырып, өзара шешімін тауып беру арқылы ғана өз өнерінің әсерлігін таныта алады. Сондықтан да өрнек атаулының ажары, көнермес көркі тосыннан табылған шеберлігінде, бояуы, бедерлі бейнелілігінде, ұрымтал тұсты дер кезінде дәл тауып, батыл тұжырым жасай алатындығында. Ал дарын иесінен тәлім алу - халқымыздың ұлттық мұрасын көздің қарашығындай қадірлей білуге ұстаз кауымның ұдайы ескеретін ұлы қағидаларының ең бастысы болып табылыды. Демек, халық мұрасының бойында өткен заманның ұғымдары ғана емес, болашақтың да қажетіне жарайтын эстетикалық сипаттар да жеткілікті.

Ертеректе есімдері беймәлім саусағынан өнері тамған бесаспап өнер иелері Қазақстанның әр жерінде-ақ болғанын тарихи мәліметтерден білеміз. Ал бізге жетпегені қаншама десеңізші. Бұл - өнер үшін орны толмас өкінерлік хал екені барған сайын айқындала бермек. Жержүзі алдында мақтаныш тұтарлық ғажайып өнеріміздің көп ретте кейбір түрлері ғана мұражайларда сақталып, орындаушылардың осы бұйымдарды жасау, өмірге келтіру әдістері, қалпына келтіру мәнерлері ерте ұмыт болған.

Біздің байқауымызша бұл күндері қол онерді сол бұрыңғы ғасырларда қалыптасқан өз мақамымен (технологиясымен) жасайтын істерлер өте сирек.

Халық мұрасындағы ұлттық қолөнер шығармаларының туу процесі, сақталу заңдынықтарын анықтап зерттеудің, яғни көңіл бөлудің, тағы бір тәрбиеліқ мақсаты халық өнерінің көне қалпын бағдарлауға халық мұрасының ұмыт болған тәсілдерінің қалпына келтіруге жетелейді.

Халық мұрасы ғасырлар бойында қалыптасып жүйеге түскен ұлттық, көркемдік, эстетикалық принциптерден көрініс табады. Сұлулықтың объективтік заңдылықтарына сәйкес келетін мұндай принциптер аса бағалы. Халық өнеріндегі түрлі ұлттық қолданбалы зергерлік шығармалардың өміршеңдігінің тағы бір себебі оның елеулі көркемдік құндылығында. Бұл туындылар халықтың рухани талабы мен қажетіне ұзақ қызмет етеді, идеялық және эстетикалық мақсатын әйгілейді. Осы айтылған жайлар халық өнерінің дәстүрлігі мен ұлттық қолөнер бұйымдарының белгілі дәрежеде тұрақты болып келушілігінің сырын ұқтырса керек. Осы ұғымдарды нақтылы біліп, түсіну халық өнерінің тарихи ерекшеліктерін тануға жол ашады.

Халықтық өнердің алғашқыда өмірдің практикалық қажетінен туып, кейін келе эстетикалық міндет көтеретіні, қай заманда да халық өнері - адамдардың рухани қажетін өтеу мақсатынан пайда болатыны да, мазмұны да материалдық жағдайлармен байланысты көрсетілген.

Халық өнерінің мұрасы оның ішінде дәстүрлі қолданбалы ұлттық қолөнердің алуан түрлері мен мүмкіндіктері көп ретте қайта жаңара бастауы қуанарлық жай. Өйткені өнер атаулының ұлы мақсаты ең алдымен, заманалық эстетикалық талаптарға жауап бере алатындағында, тәрбие мен сананың жаңа тәжірибесін қорытып, көркемдік шындықты көре білгендікте. Ал халық мұрасының құдыреті бәрінен-бұрын тарихи өткен құбылыстардың естелігі, теңдесі жоқ ескерткіші болуында екені мәлім. Қазіргі заман талабына лайық келу үшін халық мұрасы мен ұлттық дәстүріне тиісті «жаңарулар» керек болатыны осыдан. Бұл, әрине, тәрбие саласында тереңдеп тексеретін, өз алдына жеке зерттеулер қажет ететін тақырып болып саналады.

Халық мұрасы, оның ішінде қазақтың ежелден келе жатқан қолданбалы қолөнері - көптеген өзгеше өрнектері мен ерекшеленетін рухани әлем. Сол үшін де тәрбие саласының алдыға қояр мақсаты мен нысанасы көп белгілермен өзінше ерекшеленеді.

Халық мұрасы - жалпы өзінің болмысында күрделі ұлттық «қолданбалы» өнер, оның шығармаларында көп жағдайда үлгі, ою-өрнектерінің элементтері (жеке бөлшектері) бірлестік тауып жүйеленіп отырады. Осындай ерекшеліктер халқымыздың түрлі тарихи дәуіріндегі өнері мен салтынан терең мағлұматтар алуға жәрдемдеседі. Халық мұрасын өнертану, этнография, тарих ғылымдары өз тарапынан зерттеп отырса, біз педагогика тәрбие саласында осы өнердің түрлерін қалай үйреніп-меңгеру жағын қарастырамыз.

Халық мұрасындағы қолөнер шығармаларының өзіндік нақышы орасаң мол. Бұл - олардың көркемдік жинақтау принциптерінен де, құрлысынан да, түрлі тәсіл амалдарынан да айқын корінеді. Ұлттық қолөнер шығармаларында кездесетін оқиғалық бейнелік, түрлі өрнектердің тіркестік қайталанулары, қиялғажайып әсерлеудің кең орын алатыңдығында және жасалған шығармалардың соншама қарапайым көрінетіндігі т.б. - осы айтылғандарға бірден-бір мысал.

Халық шығармашылығының ерекше қасирті табиғилығында. Оның бойында ешқандай да жасандылық жоқ. Халық шығармашылығындағы шеберлікті, көркемдікті әсемдік пен эстетикалық сұлулықты қабылдаудың шегі жоқ екенін білеміз.

Іздену мен көркем шығарманы қабылдау мақсатын халық мұрасын қабылдай білудін іздегеніміз жөн. Ал ізденудің түпкі мақсаты халық мұрасының қамы, соны қалай және қайткенде жетілдіріп, жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысында болғаны мәлім.

Ата-бабамыздан мирас болып қалған шын мәніндегі халық ескерткіштерінің ең қомақты бөлігі - қазақтың ұлттық өрнек өнері.

Мұндай ескерткіштер тек қана қолданбалы өнер емес, сұлулық пен тарихтың тоғысып, өнерге құштар барлық халықтарымыздың мәдени мұралары жатады. Оның тәрбиелік мәнін зерттеу, жинау және қорғау қасиетті борыш. Талай ғасырларға куә болған халқымыздың асыл мұрасын, эстетикалық талғамы биік бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жарату - педагогика ғылымдарының алдында тұрған үлкен мақсат болмақ.

Біз халық мұрасының, оның ішінде ұлттық өрнек өнерінің тәрбиелік мақсатына қатысты проблемаларды сөз еттік. Бұдан әрі халық өнерінің көркемдік дамуы, орындаушылық шеберлігі туралы ой қозғауымыз қажет.

Халықтың творчестволық шығармаларында бейнелеу, бедерлеу елестері тек қана өрнектер арқылы беріліп қана қоймай, сол құбылыстардың мазмұны да өзара байланысып жатады. Мәселен, қазақтың ұлттық өрнектерінің көптеген түрлері малға, малдың ізіне, сүйегіне, денесіне, өсімдіктерге, жәндіктерге, түрлі аңдарға тікелей байланысты болып келеді (қосымшаны қараңыз).

Халық шығармашылығы негізінде адамдардың өмірлік ұмтылыстары мен әлеуметтік көзқарастарын табиғи ортаға деген қарым-қатынасын бейнелейді. Халқымыздың өрнек өнері ұлттық және әлеуметтік сананың оянуына күрделі қызымет атқарады.

Халық мұрасындағы өрнек өнерінің эстетикалық мәнділіп түрлі өрнектердің небір әдемі үлгілерді ұсынатындығында, мұндай ерекшеліктер шығарманың құрлысынан да, түстердің өзара үйлесімділігінен де, реңдердің шырайлылығынан да, келісті көркем бейнелер таратумен де танылады. Халық өнерінің туындыларында қиял, ғажайып, символ, тәмсіл күрделі орын алады.

Ұлттық өнеріміздің түрлері көптеген ғасырлар елепнен өтіп, мейлінше жетілген болып келеді. Сондықтан олар түрлі өрнектердің, ырғақтың, ұйқастың, форманың жарасымдылығының, мөлшерлі сәйкестігін сезуге үйретеді. Халық шығармашылығының көптеген туындыларында эстетикалық өсемдік пен үйлесімділік, жарасымын тауып, шындық пен қиял суреткерлік бірлестік табылып, бірімен бірі жымдасып жатады.

Халық мұрасының көне ескерткіштері өзінің танытқыштық тәрбиелік және эстетикалық қырларымен үлкен қоғамдық мәнге ие. Белгілі бір елдің, халықтың тұрмысы мен салты, дүниетанымы мен психологиясы, қоғамдық қатынастары халық өнерінде кеңінен бейнеленетіні оның танытқыштық қасиетін белгілейді. Өмір, қоғам, табиғат құбылыстарының жалаң көшірмесі ғана болып қоймай, көркем типтендірілген (стилизацияланған) көрнісі болуы халық өнерінің қоғамдық мәнін күшейте түседі.

Халық мұрасының тегі, жанрлары, түрлері осылайша бірте-бірте қалыптасады; көркемдік формалар, бейнелеу құралдары, оқиғалық жүйелер, құрылыстық қалыптар, олардың өзара сәйкестігі мен байланысы анықталып, бертін келе дәстүрлі өнер жолына айналады.

Халық мұрасындағы өнер шығармаларын терең зерттеп оны келешек жас ұрпаққа ұсыну, жас талапкер иесін өмірде күнделікті кездесетін біріңгай сыңаржақ күйбеңнен арылуға, өнер құдыретін терең түсінуге, қажыр қайратын шыңдай түсуге тәрбиелейді, өнерде эмоциялық серпіліс әпереді. Бұл көптеген өнер құдыретіне байланысты көркем сана саласында мерейі үстем ұлағатты өнерге тән салтанат. Мұны жасаушылардың басы-қасында халық мұрасының баға жетпес туындылары көркемдік құрал, зиялылық пен қайрымдылықтың болашаққа бой ұрып, өмірді түсінудің құралы болып тұр.

Ұлттық көне мұраларымызды қазіргі заман талабына сай марқаюымыздың, оқып үйрену мен тәрбиенің жанды бөлшегіне айналдыру, оны нақтылы ғылыми зердемен тану, әсіресе педагогикалық-эстетикалық қасиеттерін аша түсу кемелденуіміздің өзекті шарты болмақ.

Халқымыздың ұлттық қолөнері ескі заман тарихымен ғана емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтары қолөнерімен де ұштасып жатады. Қазақ халқының тарихы басқа халықтардікі сияқты өндірістік қатынастар дамуының шежіресі. «Қазақстан тарихы - бұл ең алдымен материалдық байлықтарды өндірушілердің тарихы, еңбекші бұқараның тарихы, олардың әлеуметтік және езушілердің езілшілерге қарсы күресінің тарихы.

Міне сондықтан да қазақ халқында қолөнердің қалыптасу кезеңдерін Қазақстан тарихымен байланыстыра сөз еткен дұрыс.

Арада мыңдаған жылдар өткенде адам сүйек, мүйіз, ағаштан құрал-жабдықтар: қанжар, жебе, түйреуіш, біз, шанышқы, ине т. сондай сондайларды жасап үйренеді. Сүйек, мүйіз тағы басқа заттарды әшекейлеу және өрнектеу де нақ осы шамада.

Сақтар жазда киіз үй тігіп, қысқа шикі кірпіштен салынған жылы үйлерде тұрған. Үй мүліктерінің көбін олар ыңғайлы, сынбайтын материалдардан: көннен, жұқа теріден, киізден тігіп істеген, ал кейбір ыдыстарды балшықтан құйған құмыралар болған.

Құрал, қару-жарақ, ыдыс-аяқ және басқа нәрселеріне үй хайуанаттары мен жабайы аңдардың: қошқардың, текенің, аюдың суреттерін салып әшекейлеген. Олар өздерінің аңшылық өмірін бейнелеп, тау жартастарына таутеке, бұғы, жылқы т.б. жануарлардың бейнелерін салып қалдырған. Сондай жартастарға салынған бейнелер Қазақстанның бірқатар аудандарынан кездеседі.

Сақтардың кейін Қазақстан территориясын үйсін, қаңлы тайпалары мекендейді. Тайпа одақтарының құрылған кезі барлық жерде бірдей темірден жасалған бұйымдардың таралған кезі болады. Бұл кезде қарапайым тоқу станогі - өрмек пайда болады, ағашты өңдеу кең өріс алады, қолөнер туа бастайды.

Қоладан, мыстан, алтыннан істелген бұйымдарға бұрынғыша хайунаттар суреттері бедерленеді.

"Есік" обасынан табылған сақ ақинақ-қанжары өте-мөте шебер жасалған. Оның сабының жоғары екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген. Олардың бірінде жұқа бедермен он екі, екншісінде - тоғыз жатқан күйіндегі аңдар бейнеленген. Олардың арасында жылқының, түлкінің, қасқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, қоянның шагын мүсіндері бар. Бұлардың барлығы ерте кезең өнеріне тән болған статикалық кейіпте бедерленген.

Бұдан біздің территориямызды мекендеген халықтардың бірінен-бірі өнеге ала, бірінің өнерін бірі мұра тұта дамытып отырғанын көреміз.

Негізінде Халқымыздың ұлттық қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, керамика мен түсті металға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектер мен әшекейлеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.

Тарихи жазба ескерткіш мен археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың шығармалары арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған.

Республикамыз әр жерінде қазіргі кезде кездесетін күмбірлеген күмбез, төрт құлақ сағана ескерткіштер мен ғимраттар өздерінің әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашық та айшықтылығымен бүкіл бір архитектуралық ансамбль ретінде айрықша сүйсіндіреді. Бұлардан жекелеген өнерпаздардың шеберлігін ғана емес, күллі бір сәулетшілік үрдісті, архитектуралық мәдениетті көреміз. Торғай, Қорғалжын өңіріндегі, маңғыстау, қаратау төңірегін, Орталық Қазақстан мен Талас, Шу, Сағыз, Жетісу, Сыр бойын жайлаған өлкеден Тарбағатай, Алтайға дейінгі ғимрат нұсқаларының әсем үлгілері қазақтың сонау ертеден-ақ өресі биік, өрісі кең өнері, мәдениеті болғандығын дәлелдейді.

Соңғы кезде ежелгі мәдениет орталығы Отырар орнын қазу барысында табылып жатқан заттар, қолөнер кәсібі мен айналысқан шеберлердің қолынан шыққан әсем бұйымдар қазақ халқының мәдениетін жаңа мәліметтермен байытуда.

Қазақстан жеріндегі бұл ескерткіштердің барлығы дерлік мемлекеттік қамқорлыққа алынып, арнайы зерттеулер жүргізіле бастауы халқымыздың тарихы мен этнографиясына айтулы үлес қосары сөзсіз.

Сонау Сақ дәуіріндегі мәдени мұралар мен кейбір материалдық байлықтың қалдықтарынан қазақ халқы ертедегі сақтардың бірден-бір мұрагері екендігін көрсетеді. Бұл туралы Грек, Рим саяхатшыларының еңбектерінде, парсы, араб жылнамаларында талай рет айтылған, тіпті бертіндегі белгілі зерттеуші С.В.Руденко бірқатар орыс ғалымдары сақтардың мұрагері қазақ халқы екенін дәлелдеп те берді.

Тарих ғылымдарының кандидаты К.Ақышев ашқан Іле бойындағы табылған алтын киімді адам мен М.Қыдыров тапқан тасмола қазындысы туған жеріміздің топырағында болған ата-бабаларымыздың қолөнер мәдениетін корсететін теңдесі жоқ соны жаңалық.

Қазақ ССР Министрлігі "Қазақ ССР-інде халық көркем қолөнерін одан әрі дамыту шаралары туралы" 1975 жылғы наурыздың 25-дегі қаулысында халықтың дәстүрлі көркем қолөнерін одан әрі дамыту мәселесіне совет және қоғам ұйымдарының, шығармашылық одақтардың, министрліктер мен ведомстволық мекемелердің назарын баса аудару қажеттілігі айрықша көрсетілді.

Өнерді құрметтеген халық осы өнердің шеберлерін де ізгі ілтипатпен елдің құрметті адамдарының қатарына қосты. Жалпы өнер мәселелерінде халықтық көзқарас суреткер ингеллигенция жөніндегі сергек ықыласты, оның шығармашылық ізденістеріне көмек көрсетуді принциптілікпен ұштастырып отырады. Қандай да болмасын шығарманың қоғамдық мәнін бағалаудың басты өлшемі өнерде, оның идеялық бағыты болып келеді және солай болып қала бермек.

XX ғасырдың алғашқы жартысында-ақ басталған бірқатар негізінде методологиялық жағынан зерттеудегі жіберілген кемшіліктер қазақ қолөнерінің шығармашылық даму мүмкіншілігін дұрыс бағаламады. Кейбір зерттеушілер мен шығармашылық қызметкерлері қазақтың қолөнерінің маңызын кетіріп, қолөнердің ою-өрнектің т.б. негізгі ұлттық қорын жоқка шығарады. Мәселен, С.М.Дудин, Е.Р.Шнейдер: "Қазақ ою-өрнегі иран мәдениетінің тек бір бөлігін ғана көрсетеді, қазақ халқының ұлттық өнеріне жатпайды", - деп топшылайды. Тек советтік дөуірде Г.В.Григорьев, А.Н.Бернштам, М.П.Грязнов, Ә.Х.Марғұлан, Т.Бәсенов, А.Қ.Жұбанов т.б. зерттеушілер бұл өнерді жан-жақты түсіндіріп құнды деректер жариялады.

Ерте кедегі авторлардың (Геродот, Ктесий, Страбов) айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеген, тіршілік еткен, сақтар мен масагаттардың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған.

Мәселен, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімдері әшекейлі өрнектермен көмкерілгені.

Геродот: "Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Бас киімі мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан істелген. Сондай-ақ ат омырауындағы өмелдірітер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы т.б. бөліктері алтын мен әшекейленіп безендірілген", - деп жазды.

Тек қана XIX ғасыр ортасында Қазақ халқының Россияға қосылуымен қазақ мәдениетінің орыс мәдениетімен қоян-қолтық араласуы, қазақ өнеріне жаңа элементтер кіргізді. Түрі жағынан қазақ қолөнерінің бейнелеу амалы байыды. Орыс мәдениетінің осындай жемісті үлгілері әсер етсе де қазақтың ұлттық өнерінің дамуын, патша самодержавиесі мен жергілікті ат төбеліндей байлардық көңіл аудармауы кері әсерін тигізді. Сол себепті халық қолөнері қосалқы жұмыс есебінде өз алдына ескерусіз қала берді. Мысалы, орыс императорының География қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің жазбаларында жарияланған, Павлодар уезіндегі қазақтар жайлы айтылған мақалада: "Қазіргі кезде Баянауыл мен Көкшетау округінде қазақтары етікшілік өнерінен мәсі-кебіс тігуде, Бұқар мен Ташкент етікшілерінен бірде-бір кем емес, қайта сұлулығы жағынан, біріктігі жағынан асып түсуі мүмкін", - деп жазған. Бұл Қазақстанның сол кездегі барлық аудандарына тек етік тігу өнеріне ғана емес, қолөнер кәсібінің басқа да түрлеріне қатысты.

М.А.Леваневский: “Қазақтың қай кәсіпке болмасын табиғатынан қабылеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтардың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы", - деп жазады.

Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында әр түрлі көркемдік сипат алған. Қ.Ақышев: "Қазіргі қазақтар мен андроновтық тайпалар арасын үш мың жылдан астам уақыт шымылдығы бөлір тұр. Орталық Қазақстанның үлкенді-кішілі Нұра, Талды, ІІІерубай өзендерінің жағалауларынан андроновтық тайпалардың мекен-тұрақтары табылады. Антропологтардың қазақтардың нәсілдік сыр-сипаты апдроновтық негізгі қалыптасты деген тұжырымдары да осыны айтады", - деп қорытыды.

Ұлан байтақ қазақ жеріндегі тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы болған кейбір ғимраттар бізге үлкен ой салады. ЮНЕСКО-ның тізімінде тұрған Қожа Ахмет Ясауидің сағанасы бізге бүгінгі дейін таңдантыратын жай ма? Аяққамыр сағаналарын, Сырлы там, Қармақты-Ата, Жүзден, Торгқара, Қарашаш-ана күмбездерін мемлекет қарауға алғаны қуантады.

Көп дүние қирады десек те, ескі жұрттын коріп, қираған қалпында жатқан ғимараттарды зерттей келе, алып бейнелерді көзге елестетеміз. Жобамен айтқанда республикамызда он мыңнан астам ескерткіштер бар екен. Бұлардың бәрі көлем-орнымен, үйлесім-өлшемімен, әрбір болшегінің өсемдігімен, түр-түсімен, инженерлік шеберлігімен қымбат.

Айтса айтқандай, біздің мемлекетіміздің көне ескерткішке бай екенін, әлі де талай қазылмаған обалар, табылмаған қалалар барын көп адам біле бермейді. Бұрыннан белгілі дегендердің өзін талдау жасап, олардың дүние жүзі мәдениетіндегі орнын атап көрсете алмай келеміз.

Халықтағы өнербұлағының қайнар көзі ешбір толастаған емес, ата-бабамыздың нөсер шабытынан, ұшқыр қиялынан, шебер қолынан пайда болған өнер туындылары Отанды сүйуге үйретеді, жас ұрпақты туған өлкеге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көмектеседі. Мәселен, Қазақстанның облыс орталықтарындағы және аудандарындағы өлкетану музейлеріндегі қолөнер бұйымдары ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан дәстүрлі нәзіктікті, әдемілікті, асқан шеберлікті насихаттайтын бірден-бір мәдениет орны.

Осы жағдай келешек жас ұрпақты саналы тәрбиелеуде ұстаздарды да катты ойландыруға тиіс. Сондықтан да тек қана жоғарғы оқу орындарында ғана емес, орта мектептерде түрлі дайындықтар арқылы бейімі бар, қабылетті, өнерлі балаларды тәрбиелей білімуіз керек-ақ. Тағы бір жәйт, қазақтың қолөнерін оқыту, оны насихаттау алда тұрған ғылыми проблемалардың бірі.

Әсіресе Қазақстанда қол өнер мәселесімен тікелей шұғылданып, оны ықшамдап, мектеп бағдарламаларына еңгізген материалдар, оқытушы қауымды қызықтыратын көкейтесті мәселелерге арналған қомақты зерттеулер мүлдем аз.

 

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің дәуірге сай жалғасы және тарих сабақтастығы

 

Уақыт өткен сайын өмірімізде болып жатқан тарихи шешімдердің маңызын, оның саяси-қоғамдық және рухани өмірімізде атқаратын қызыметін айқын түсіне бастағандаймыз.

Осыған орай халық мұрасының атқарар міндеті ең алдымен сурет, бейне жасау, адамның көңіл-күйімен өнерге деген ынта-жігерін білдіру, жер, су, табиғат құбылыстарын адамның шығармашылық әрекеттерімен шынайы жеткізе білу, жалпы халық мұрасының оның ішінде өрнек өнерінің қалыптасуы, белгілі нормалы сипаттарға ие болуы, халықтың өнеріндегі тарихи әлеуметтік бетбұрыс жағдайларға байланысты. Халық мұрасында шек жоқ, оралымдылығы өз алдына, мейлінше сырлы, бейнелі, өте бай.

Халық өнерінің байлық қоры халықтың ежелден бермен тірлігінде, талшық етіп келе жатқан ата кәсібінің характеріне, дүниетанымына, тарихи болмысына, мәдени тұрмысына, салт-санасына тікелей байлаысты. Ол халықтың жасампаз істері мен қоғам дамуының қайшылықтарында, еңбекпен өткен күндердің қаһармандығы мен үйреншілігінде, жеңістер мен сәтсіздіктерде, яғни өзінде, оның бүкіл алуан қырлылығында, драматизм мен ұлылығын-да.

Адалдықты мұрат тұтып, ұлттық өнердің сырлы жұмбағын ашуға талпынған адамның айналысындағы өзгеріп жатқан дүниеге қарап жүйелі зерттеу жүргізу заңды құбылыс. Осы ретте халық өнеренің адамдардың жан дүниесіне тереңдеп баруы, түрлі сеземдік, ақыл-ой, толғаныстарына талдау жасауы, тәрбиелік мақсаты, біздін қоғамымыздың даму сатысы талабынан, педагогикалық, психологиялық ғылымдарының жана қырының көріну талабын ай туындып отырғаны даусыз.

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің дәуірге сай жалғасы жаңадан басталған, әлі де жаңара түсіп ұзақ істермен жалғаса беретін процесс. Сондықтан да жаңа дәуір кезеңіне байланысты жас ұрпақты өнерге баулу, яғни ұлттық тәрбие мәселесі де аз мерзім ішінде іске аса қоймайды. Оның тиімді қорытындысы ұлттық ана тілімізде жаңадан жазылған, мазмұны терең, биік талаптарға жауап беретін әдістемелік нұсқаулар, халық өнерін оқытудың тиімді әдістері мен арнайы жолын көрсетудің оқулықтар ғана ақтылы шешімін таба алады.

Халық өнеріндегі ұлттық мұраны жинау, жариялау, насихаттау, зерттеу, туысқан халықтарымыздың басқа тілдеріне аудару - жаңа қоғам орнатып жатқан барша еліміздің ұлы мұратына сәйкес жұмыс. Ендеше осындай еңбектердің жазылуына жағдай жасау. Қиындығы мен ауыртпалығы мол осы проблеманы өз мойнына алып, еңбек жазып жүрген, сол еңбектерін шығаруға талпынып жүрген ұстаздар мен ғалымдарға үлкен қамқорлық жасау - бүгінгі күннің басты міндеті.

Халықтың ұлттық қолданбалы қолөнер шығармаларының шығу тегін, даму тарихын, жанрлық, көркемдік ерекшелігін түсіну мен қабылдаудың, тәсілдері өте мол. Халық шығармашылығының өзіне тән өзгешеліктері мен ұқсастықтарын анықтаудың қызғылықты да жемісті жолдарының бірі - түрлі елдер мен халықтардың ескерткіштерін бір-бірімем салыстыру, олардың желісін, орайлас үндестігін қарастыра отырып жас ұрпаққа тәрбие беру тұрғысынан қарастыру болып отыр.

Бүгінгі кезеңде ұлттық сипаттарды анықтап айтсақ - көркемдік әдіс-тәсілдердің түрленуі, жанрлық-композициялық құрлымның соны мүмкіншіліктерін іздеп табуға деген тынымсыз талап толассыз қарбалас еңбек қажет. Сонымен қабат, әсіресе, псилогиялық талдаулардың тереңдеуі мен мазмұнының, түрінің құбылуы, проблемалық күрделілігі мен өткірлігі, бейнелеу құралдары мен шығармашылық мүмкіндіктердің молаюын айтар едік.

Атам заманнан бері халық шебері киіз, кілем әзірлеп, түрлендіріп ши ораумен, өрмек тоқумен, безендіріп кесте тігумен, тері ұқсатудың небір әдістерімен айналысып келеді.

Олар тастан, ағаштан, сүйектен түйін түйген, сондай-ақ бармақтарынан бал тамған зергер, ұста болған.

Қандай заманда болмасын, өзінің елі мен жерінің қан перезеңті санаған, айбарына, айдарына балаған суреткер шеберлердің көтерер жүгінің жеңіл болған тұсы жоқ.

Мұны айтып отырған себебіміз, идеялық жай-сарындардан құлан-таза да, идеологиялық жүктердің қандайын болмасын көтеріп кететін қара нар бола алатын халқымыздың ұлттық қол өнері, әлем өнерлерін зерттеуші сүйексал өнер адамдарына ғана емес, азаматтығы мен айтары мол, келешек жеткіншектеріміздің қамын ойлап, тереңнен ой тартып, осы өнердің болашағын ойлаған ұстаздарға мейлінше зәру.

Байтақ еліміздің халқының өз мәдениеті, өзіндік ұлттық өнері бар. Ұлт мәдениетінің өзіндік сипатын әңгіме еткенде халық мәдениетінің осындай бұрынғы дамуының жиынтығынан келіп шығып қалыптасқан ұлттық дәстүрлер маңызды роль атқаратынын айтпай кетуге болмайды.

"Ұлттық дәстүрлер - деген болатын М.Әуезов, - көркемдік шеберліктің халықтар жинаған мол қазынасын ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафета іспетті. Бірақ олар ұлттық өнердің нәтижелерін міндетті түрде қамтиды. Сонымен қатар қоғамдық өзгерістердің және халықтық ұлттық характері дамуының нәтижесінде, ұлттық дәстүрдің кейбір түрлері күн асқан сайын құри береді. Дәстүрлер шебер суреткердің жаңашылдық ізденуі арқасында толысып, түрленігі отырады. Жаңа дәстүр туады.

Өз тілінің, өз ұлтының ғана емес, еліміздегі басқа да халықтардың мәдениетін игеру - өнерге бой ұрған талапкерлердің абройлы парызы, білімін байытудың бірден-бір жолы.

"Жалпы хас өнерді айтып жетқізуге болмайды, оны көру керек, тыңдау керек, оқу керек", - деп түйіндейді жазушы әрі ғалым А.Сейдімбеков, осы пікірде ұлағатты түйін бар. Ойға көп нәрсені алдыратын ойландыратын түйін-ау.

Үлгі, өнеге - үлкен нәрсе. Оны аттап кете алмаймыз, ал өз ұлтының өнерін жете зерттеп оны өрі қарай дамыту атадан балаға мирас болып келе жатқан қол өнерді жалғастыру біздерге кедергі жасамайды, қайта қанатымызды қатайтып, буынымызды бекітуге көмектеседі. Бұл жағдайда қазақ халқының ұлттық қолөнері мен мәдениетінің тәжірибесі-теңеуі жоқ бай және құнды қазына. Тек оны шебер пайдалана білу керек.

Халық шеберлерінің өнегесі мен тәрбиесін үйрене, оның тамыры терең кеткен алып байтеректей тұлғасына сүйене отырып, ұлттық өнерге теңелуге тырысуымыз қажет. Міне осылай еткенде ғана алға басуға, шеберлік шыңына көтеруліге болады. Келешек ұрпақты арқылы онерге баулуда кемел жаңалыққа, өзіндік ерекшелікке апаратын бірден-бір жол осы.

А.Сейдімбеков - өз шығармаларында "ғасырдан ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи әлеуметтік, қоғамдық практикалық болмыс-білім, қасиетті дәстүр сабақтастығы болмаса, азаматтық прогресс ге болмас еді. Ұрпақтар сабақтастығының айғағын бүгінгі гүлденіп-көркейген Қазақстанның тарихи болмысынан айқын аңғаруға болады”, - деп жазды.

Ендеше алыс замандардан бастап бүгінгі күнімізге дейін бізге жеткен халық өнерінің оның ішінде ағаш өңдеуідің, киіз басудың, ою-өрнек салудың, киім тігудің ғажайып мол тәжірибесін жинақтап жеткізеді десек, артық айтқандық емес. Халқымыздың осынау қасиеті арқылы аса бай ұлттық қолөнерін бүгінгі күні жас ұрпаққа тәрбие беруде мол тәжірибесін ілгері дамытып, кәдемізге жаратудың тарихи зор маңызы бар игілікті іс.

Қандай заманда болмасын халықтың ұлттық қол өнеріне қойылатын негізгі шарттардың бірі оның тәрбиелік сипатқа ие болуы, келешек ынтасы мол халық өнерінің жолын қуған талапкер санасына рухани әсер етіп, этикалық, эстетикалық сауалдарға көркемдік жауап бере білуі.

Халық қолөнерінің табиғи процесі өте тереңде жатыр. Халық қол өнер шеберлерінің шығармаларын қарастыру заңдылықтары да осыдан келіп туындайды. Қолөнердің даму процесінің идеялық-эстетикалық дәрежесі тек ірі, ауқымды өнер тұрлері арқылы танылады. Құбылыс болған сон оның ішкі, сыртқы заңдылықтары, тіршілік-тынысы, белгілі дәрежеге әсер ететін ықпалы және бар.

Біздің айтарымыз, көне өнер тарихының жұрт білмейтін деректерін айттық демейміз. Мұндағы басты мақсат-келешек ұрпақтың халықтың ұлттық қолөнерінене жалғасқан дәстүрін еске алу. Өйткені халықтық ойдың парасаты кез келген қоғамның ілгері дамуы үшін міндетті түрде тарихи сабақтастық болу керек деп үйретеді. Мұнсыз өзіндік дара өрнегі бар рухани мұра жасалмақ емес. Халық онерін өрі жалғастыру тіршілік диалектикасының бұлтартпас шындығының өзі осында.

Дүниежүзілік мәдениетте жасалған не жақсының бәрін өз бойына жинақтап алып, онан әрі дамытушы халықтың мәдениеті - адамзаттың мәдени дамуындағы жаңа, жоғары саты. Мәдениет қоғамның рухани өмірінің барлық алуан түрі мен байлығын, жаңа дүниенің жоғары идеялығы мен адамгершілігін өз бойына жинақтай отырып, тың тұжырымдар жасау - бүгінгі таңдағы рухани танымның алтын қазығы.

Ал өнер өмірдің танымсыз тіршілік тынысы, дамылсыз басқан қадамы тәрізді. Өмірдің нөрі, танымы - адамзат қоғамы.

А.Сейдімбеков өз шығармасында халық өрнегін "даналық өрнегі" - деп тамаша атаған. Содан болар, біз халық өрнегі деген ұлағатты ұғымды айтқанда, ең алдымен оның бейнелеп тұрған кесек тұлғасын көз алдымызға елестетеміз.

Қазақтың ұлттық көне қолөнерінің негізгі материалдары - алтын, күміс, қола, жез, ағаш, былғары өсіресе киіз, мүйіз, болып келеді. Осы заттар арқылы бейнеленетіндері айрықша әдеттелінген сәттердегі жан-жануарлардың бейнесіне, ізіне байланысты, жәндіктердің түрлеріне және оймышты әсем әсер беретін әсемдік тектес өрнектер осылардың барлығы халық өнерінде айшықты өрнектерге айналған (қосымшаны қараңыз).

Халық қолөнеріндегі оның ішінде ұлттық өрнек өнерінің тарихы мен құпия сырларын, түрлі әдістері мен тәсілдерін үйрене отырып, қазіргі кездегі халқымыздың көркем мұрасын қолданбалы қол өнер түріне әкелу - бізге тағы бір тағлым.

Халық өнерінің игі дәстүрін терең зерттеу мен тың ізденістер табу - тың көркемдікке апаратын жол сапарлар, болжаулар. Казіргі қолөнеріміздегі тың ізденістердің біз байқаған кейбір қырлары міне осындай. Ендеше, қазақ өнерін оның ішінде ұлттық қол өнерін бүгіңгі ұрпақ зердесше жеткізіп, әлем жұртшылығы танитын кәдеге жаратам деп жүрген өнер иесі немесе ғалым және ұстаз қаумы болса, айрықша ынта мен қазақ ою өрнегіне, жалпы ұлттық өнеріне деген талабына дән риза болар едік.

Халықтың көне ұлттық өнері әрбіреуі жеке жазылған көлемді шығармаға тең әлеуметтік үлкен де маңызды мәселелерді көтереді.

Халық өнерінің ұлттық тағлымды туындылары ішінде шоқтығы биік тұрған өңердің бірі - өрнек өнері. Осы онер тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия халықтарының қолөнерімен де ұштасып жатады.

Көлемі жағынан шағын, айтары мен өнегесі айқын, көркемдік бояуы ажарлы да өте қызықты өрнек өнері, қазақтың қолөнері тарихын, әсіресе казіргі онерімізде тән өзінің тиісті орнын көркейтіп тұрары анық.

Бабаларымыз қалдырған ұлттық мол өрнек өнері туралы, халқымыздың қасиет болмасы туралы ғылыми баға емес, осы өнерді жалғастыруға келешек ұрпақтың санасына жеткізуді мейлінше зерделі талғаммен қарауды қажет етеді.

 

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің дәстүрлі өнегесінің негізгі үлгілері

 

Тәуелсіз республикамыздың бүгінгідей аса жауапты кезеңінде кемел келешекке негіз жасау үшін біліктілігі мен білімі мол, кәсіптік даярлығы мен шеберлігі нарық талабымен үндесетін жас кадрлер даярлау аса қажет. Дүниежүзілік қауымдастықтың оң тәжрибелері мен игі қадамдарынан дәріс алған, халықтық ерекшеліктер дәстүрлі ұлттық өнерімен, кең байтақ жеріміздің ен байлығын ұқсатып, қарышты қадаммен алға басуға қабылетті жастар тәрбиелеуге бсы бастан қам жасау-аса жауапты әрі маңызды міндет.

Демек, еліміздегі ұлттық мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету қазіргі заманымыздың қажеттілігіне негізделетін жанды мәселе болып отыр. Сондықтан ол әрқашан кунделікті тәжірибеде сығылып, көпшіліктің ой- пікірінен туындап отыр. Оқитын шәкірт, оқытатын ұстаз сыртында қалың көпшіліктің коз қиығы жататынын ескерер болсақ; онда осы жоғарыда айтылған халық өнері жайында арнайы оқулық жасау міндетінің қиын да абыройлы екенін жете аңғарар едік. Осы тұрғыдан келгенде өнер туралы ғылыми-зерттеулер, әсіресе, ұлттық өрнек өнерін оқытудың тиімді әдістері туралы жаңа ізденістер қажет.

Халық өнерін өркендетудің оның әрбір жаңа шығармаларына өз ой-өрісінің көлемінде пікір айтып, ұлттық өнерін тануға септігін тигізіп отыратын шағын шығармалар мен мақалалар бұл кезде баршылық. Бұл процесс халық өнерін тани түсуге эстетикалық көркем талғамды тереңдете түсу қажеттілігін аңғартса, екінші жағынан жалпы оқырман қауымды ұлттық өнер туралы шөкірттердің ой-пікірлерін ұштауға жетелейтінін көрсетеді.

Орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттеріне халық өнерінің тарихи жолдарынан тиянақты білім беру, өнерпаздың өмір және өнер жолымен таныстыру, шығармашылық бағыттар мен шеберлік тәсілдердің алмасу процесін түсіндіру, ертеде дарын иелерінің сіңірген еңбектері мен шығармаларын қастерлеу, олар жасаған өнерпаздық дәстүрдің үлгісін бүгінгі күннің қәдесіне жарату сияқты қажетті мақсаттарды шешуің өзі ұлттық өнердің тарихи саласын айрықша өркендетеді. Болашақ оқулықтар мен әдістемелік құралдардың алдына қойылар талап осындай мұқтаждықтардан туындайды.

Екінші бір ескерер жай, әдетте, біз қай мәселені қарастырсақ та бүгінгі күннің талап-тілегі тұрғысынан қараймыз да, қол жеткен жетістіктерімізден гөрі, жетілдірер жаңалықтарды ауызша жариялап болашақ міндеттерге көбірек назар аударумен ғана тынамыз. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ұлттық өнер туралы қазақ тілінде арнайы оқульғқтардың осы уақытқа дейін жарық көрмеуі - осының айгағы. Әрине, халықтың ұлттық онерінен нәр алсам, үйренсем деп, оның құпия сырына үңіле білген жас талапкерлерге, әсіресе өмірде тәжірибесі аз болашақ ұстаздар үшін де осындай еңбектер өте қажет. Мұндай процесс қалыптасып келе жатқан ұлттық өнеріміздің жеке түрлерінің де көсегесінің көгеруі үшін әбден керек дүние.

Ендігі бір мәнді мәселе - халық өнерін оқитын үйренетін дарынды әрі талапты ұстаз кадрлардың тапшылығы. Өнер тарихын жасау проблемасы және оны оқытудың педагогикалық тиімді мәселелерін шешу процесі көптеген ғылыми зерттеу еңбектерінің жарық көруіне, ғалымдар жасағының құрылуына байланысты шешіледі.

Бұған дәлел соңғы жылдардағы халық өнері туралы жазылған ғылыми, теориялық диссертациялардың игілікті ықпалы аз жыл ішінде көріне бастады.

Халық өнеріндегі өрісі биік әсемдікті, мол шығармашылық шеберлікті, талай теориялық-әдістемелік жаңалықтарға көз сала бастаған халық өнерін оқытып үйретудің әдістемелік, ғылымда, өзіне тән ой өрнегімен, ойлау жүйесімен танылып жүрген Асылханов Е.С., Әлмұхамбетов Б.А., Әмірғазин К.Ж., Қомаков Ә.Ө. сияқты ғалымдарды атап кетуге болады.

Халық онерін зерттеп жүрген аға буын ғалымдарымыз жасаған және жасап келе жатқан ғылыми дәстүрлерін, олардың ізін басып келе жатқан орта және жас ұрпақ жастарға берері мол. Әрине, алдағы ағлардың жазғандары мен зерттегендерінің бәрі маржан, кем-кетігі жоқ деген пиғылдан аулақпыз. Олардың салған сүрлеуін давғылға айналдыру, қазіргі өмір талабына сай өркендете дамыту айтпаса да түсінікті жағдай.

Адамдарға қажетті ілім көлемі күрт және тез өсіп отырған қазіргі қезеңдерде белгілі бір мағлұматтар жиынтығын игеру ғана басты міндет болып қала беруі мүмкін емес. Байқасақ баланың көзі көріп, құлағы естімейтін құбылыс жоқ. Ол үйінің, мектебінің аясынан әлдеқайда арғыны, тіпті әлемде болып жатқан күнделікті құбылыстарды естігі, көріп, біліп сұрақ жаудырып жатады.

Ал осы оқушылардың отбасындағы жағдайларына келсек, ата-ана, үлкендер тарапынан бала сұрағына мән беріп, уақиғалар мен құбылыстардың, халық онерінің астарлы сырларын ақтара-төңкере бала түсінігіне шағындап жалықпай ұғындырып жататындары кемде-кем кездеседі. Оның үстіне жағымды көрініп тұрған кейбір сиқырлы уақиғалардың сырын біле беру де, халықтың ұлттық өнерін түсіне беру де әрбір ата-ананың қолынан келе бермейді.

Сөйтіп обьективтік заңдылықтар мен материалистік пайымдаулардың, оларды пелагогика тұрғысынан өлшегі-пішіп, өнер бойына сіңірудің ауыр жүп мектепке, ұстаздарға түседі.

Өнерді үйрету пәндеріндегі бір сарындылық оқушыны жалықтырады, олардың өнерге деген ынтасын кемітеді. Осыдан келіп өнерге қызықпаушылық, басқа ойға берушілік алаң болушылық туады. Ал оқушылардың өнерге, әсіресе ұлттық өнерге қызығу ерекшеліктері ұстаздың ерінбей-жалықпай жұмыс істеуіне байланысты. Аса көрнекті ұстаздардың бірі Сухомлинский "Кіші мектеп жасында, әсіресе оқытудың алғашқы жылдарында бала бір нәрсеге назарын жұмылдыра алады. мұғалім балалардың ынта назарын билеп алуы, психологияда еріксіз ынта қою деп аталатыиды оята білуі тиіс" - дейді .

Мұгалімдерге шәкірттер назарын билеп алу оңай шаруа емес. Өнерге баулу сабақтарында балалардың белсенділігін арттыру, өзіндік жұмысты орындату қабілеттерін күшейту, оларға қорытынды шығару, халық өнерінің озық үлгілерімен қоса ұлттық өрнектердің қарапайым элементтерімен таныстыру сияқты жұмыстарды көрнекті құралдармен жүргізгенде ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.

Қазіргі қоғамда халық өнерін оқытып үйретуде мектеп ролінің күшейуі оның педагогикалық-мақсаткерлігіне қойылатын осындай талаптарды күшейтуді көздейді. Халық өнеріндегі тарихи методологияны жете меңгерген, оқылатын ғылым мен онер негіздерінің жағдайын және ұлтгық өнерінің тарихын терең білетін, педагогика мен психология мәселелерін жетік пайымдайтын, балалардың және өзінің мамандығын сүйетін, педагогикалық шеберлігін ұдайы жетілдіретін, ой өрісі кең мәдениетті ұстаздар ғана мектепте табысты жұмыс жасап, өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, тәрбиелей алады.

Түбінде өнерге баулу саласында қандай да болмасын қат-қабат қаулы қабылдап, сан-салалы шаралар белгілегенмен іс түйіні сайып келгенде ұстазға келіп тіреледі. Үйткені оқушыға ой салатын, оны ғылыми еңбектерге жаттықтыратын да өнерге баулитын да, бүкіл болмасын қалыптастыратын да ең алдымен - ұстаз.

Мектептегі әдістемелік бірлестік яғни оқытып үйретудегі іс тәжірибені алмасудан бастап, аудандағы әдістемелік бөлме, облыс, республика көлемінде жұмыс істегі жатқан әдістемелік мекемелер, педагогикалық баспалар халық ағарту орындары мен педагогикалық ғылыми мекемелер мұғалімге қызымет істейді, жәрдем көрсетеді, басшылық береді, сүйеу болады. Дегенмен осыншама күштерден өз керегін кезегімен алуды, бар күшті дұрыстап пайдалануды ұйымдастыратын - тағы да ұстаз қауым. Дәл қазір жас ұрпақты өнерге баулу мәселесі алға шығарылып отырғанда өнерді үйрету жүйесіндегі әлгіндей еңбектер талап дәрежесінен табылып отыратын тапқырлардың ісі.

Көрінген шәкірт суретші, мүсінші, спортшы немесе композитор бола қоймайды. Бірақ шәкіртті өнерге баулудың жан-жақты қалыптастырудың рухани мүшесі тағы да ұстаз.

Ғылым мен техника дәуірінде адамдардың әсемдікке жетік болуы қажет. Ол сурет сала алмаса да өнерпаздың шеберлігін, сәнін, мәнін, қоғам өміріндегі ролін түсінуге міндетті. Әсемдікке әуес адам өмірге, еңбекке, өнерге құштар келеді. Сол сияқты халық өнерінің мазмұнын ұға, түсіне білу - әркімнің азаматтық қасиеті.

Ел өмірінде ұстаз қосатын үлесте баға жоқ. Ол елдің ертеңгі иелерін өсіріп, өнерпаздар қатарын толықтырып жатады. Ол осы жолда орасан мол күш жұмсайды, күнде ізденеді, тәжірибесін байыта түседі, құбылта түрлі амал қолданып, әрбір шәкірттің болашағы үшін теориямен практиканы ұштастыра отырып, аға ұрпақтың жасампаз өнер дәстүрін бойына сіңірген парасатты мұрагер өсіреді.

Жалпы қолданбалы қол өнердің әсіресе көне дәуіріміздің көркем мұрасы болып келген ұлттық өнердің үлкен бір қасиеті оның қабылдауға жеңілдігінде, қиялға ұшқырлығында. Қандай да болмасын, қол өнердің құпиясы адамзат қиялының, арманының жемісі ретінде ғой. Адамдар жете алмаған тіршілік мұқтаждықтарына арман-қиялмен жеткен. Өздерінің қиялынан ғажайып әңгімелер аңыз ертегілер арқылы ауыр тіршілігін жеңілдеткен, өмірдің әр түрлі азабынан құтылғандай болып өзге бір әсерге, рахатқа бөленіп рухани азық алған.

Халық өнерінің асыл мұралары, үлгілері - адамзатты мәңгі рухтандырар көркем шығармашылықтың, шабыттың қоусар бұлағы. Бұл - көптен зерттеліп келе жатса да, кейбір құпиялары әлі ашылмаған мол тақырып.

Халық өнерінің көркемдік, әсемдік мүмкіншіліктерінің өте мол және мейлінше жетік сапалық белгілері бүгінгі күнге дейін суретшілер ізденістерінде ерекшероль атқарып келеді.

Халықтық көркем ұлттық қол өнерінің қайталанбас үлгілерінің мол әсері, сол өнердің кейбір жанрлық түрлерінің пайда болуына, әсіресе фольклорлық және дәстүр тықыр кілемнің (гобеленнің) дамуына ерекше ықпал жасады.

Әр халықтың өзіне тән ғасырлар бойы жасаған, бойына әбден сіңірген мәдениетті, ұлттық өнері, дәстүрі бар дедік. Бұларды білмеу, елемеу, менсінбеу сол халықты қорлау болып табылады, Ал ұлттық колөнер негізінен тақырыпты халықтан алады, халық үшін жасайды.

Туған халқының тарихын, салтын, әдет-ғұрыпын, не бүгінгі немесе бұрыңғы көркемөнер дүниесін білмейтіндер, білгені шала дүмбілездер үлкен төрінен орын ала алмайды.

Көркемөнердің бағалығы заттардың сонылығы мен алуандылығында ғана емес, сол жасалған көркем шығарма, көркем құндылық қасиетіне ие бола ала ма - көрермен қауым соған қарайды, сонымен бағалайды. Солардың бірі - суретшілеріміздің заман талабына сай жаңа әдістемені іздеп табуда жаңа талартар мен кажыр қайраттарды қажет етеді.

Ұлттық қолөнердің ізденіс жолдары да қилы-қилы. Қолданбалы өнердегі белгісіз халық шеберлерінің ғажап шығармашылық терең тапқырлығы өнерді байыту, жаңғырту, көріктендіруде ерекше орын алады. Ізденістер қашанда көркемдік шығармашылыққа әкеп саяды. Мұндай көзқарастар төл өнеріміздің ішкі мүмкіншіліктері мен көркемдік құпиясын жіті зерттеу арқылы ғана өнер иесі өз халқының дәстүрін, салт-санасын, арғы-бергісін, ұнғұл-шұңғылын қапысыз білуге тиіс, қалтарыстағы тығулы қазынадай тың кұпияларын таба білу парыз. Тағы бір табысты, өнікті жол - күнге-күнгі өнердегі жалпы білім, көркемдік білім көтеру жолында, сан сапалы ұғымдарды қамтитын халық өнеріндегі дәстүрлі әдістерді кәдеге асыру. Шебердің көркемдік қорына неғұрлым молшылық сезімге, бейнелелік ырысы да солғұрлым молаятыны да белгілі құбылыс. Орыны табылып қолданылған әрбір жаңа әдіс жаңа шығармашылық туындыларды өмірге әкеледі.

Шебер шығармашылығының өнер жолындағы үлкен бір қыры - халықтың ұлттық қолөнер байлығын шебер меңгеру. Халық өнері - түпсіз дария. Тереңіне сүңги білсең ғана тамашасын көріп қуат аласын. Халық өнеріндегі осы терең дәстүрді неғұрлым жетік білетін өнер иесі ғана, осы дәстүрді еркін қолданып өз шығармаларындағы халықтық дәстүрді шыңдай алады.

Әр шығарманың өзінің алдына қойған мақсаты көтерер жүгі бар. Шебердің міндеті - халықтың дәстүрін неше құбылтып, жігін білдірмей суреттей білу. Әрине, өнер иесінің ойға алған қаншама мол жоспарлары болары сөзсіз. Соның барлығын жүзеге асырады деп осы өнер жолын қуган ешбір жан астамдық жасай алмас еді. Ал шеберлік кілті қолға оңайлықпен түспейтіні әбден -белгілі. Әсіресе бұл - халықтың ұлттық өрнек өнерін дамытудағы ерекше күрделі процесс. Ол үшін түрлі ізденістерді бастан кешіруге тура келеді.

Халықтың ұлттық қолданбалы қол өнерін, оның ішінде зергерлік, ұсталық, немесе киіз басып, сырмақ ойып, кілем тоқушылар шығармарының авторлары қай-қайсы да халық көркемнерінің көп ғасырлық көркем тәжірибесін мұрагерлік жолмен шебер пайдалануға күш салады. Халық мұрасының игі дәстүрінен терең үлгі алудың тиімділігінің жоғары екендігіне - ерекше ден қояды.

Халық қолөнер шебелерінің еңбегі - ерен еңбек. Сол еңбек шебердің бойында ұдайы болуға тиіс, себебі оның жұмысы бір-екі қүннің күйкі тірлігі емес, өмір бойы таусылмайтын тауқымет. Ол әрқашан бір ісін қайтадан бастайтын, қайта бастаған сайын күрделене түсетінін сезіне түседі.

Жалпы қазақ шеберлерінің шығармашылық іс-әрекеті, шеберлік сапа процесі күні бүгінге дейін сыр ашпай әркімге еміреуін білдіре бермей, бар құпиясы мен жұмбағын қат-қабат қыртыстарына жасырып жатқан аса қиын, аса тылсым тұйық құбылыс болып келеді Оны зерттеу жалғыз ғана өнер заңдылығын зерттей біліп, сонымен ғана өлшеп-пішу аздық етеді. Асылы қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан соны да сом дүниесін қарапайым деп қарамай, түбегейлі дұрыс түсінгісі келген ниеті түзу өнер сыншысы, не қатардағы көрермен, не өнер жанкүйері сол шебердің өмірдегі келелі, өркеш-өркеш күрделі кезеңдер мен қоса, екінің бірі мән бере қоймайтын кішігірім, кейде тіпті өте ұсақ, бөлымсыз құбылыстардың өзін көңіл назарынан сырт қалдырмауға тиіс.

Демек, суреткер қолөнер шеберінің әрбір туындысы өмірдің жалаң көшірмесі емес, құрғақ қайталануы емес, үлкен зерттеулердің, терең толғанудың, бейнелі ойдың бедерлі көрінісі болмақ.

Осы тұста тағы да бір өнер адамы, әрбір өнер зерттеуші өмірді терең ұғына біліп, жалықпай ізденуге тиіс деген ақиқатқа жүгінеміз. Кейде ел аралап өнер шеберлерімен кездескенде, малшылармен мажіліс құрғанда, көне көз қарттармен қауышып, марқасқа мамандар мен кең отырып мәжіліс құрғанда, олардың өнер хақында өміршең пікір айтып, өзекті ой қозғайтындарына дән риза боласың.

Ал қазақтың ұлттық қолөнер шеберлерінің көркем мұрасына шеберлігіке келетін болсақ, оған бұл күнде айғар шек жоқ. Ешкім де оның шыңырау шынына көтерілем деп айта алмайды. Халық мұрасындағы көркем дүниенің шымырлығы, ғажап өрнектердің бірінен бірі туып, шиыршық атып жатуы, көркемдік құралдарының асқан талғампаздықпен дәл қолданылуы, ой мен сезімнің, мінез бен әрекеттің үйлесімділігі, стильдік жағынан бірде бір артық сызықтар мен бояулардың болмауы - осынык бәрі де сап шеберлікке келіп тіреледі.

Қорыта айтқанда, қазақ қолөнер шеберлерінің ұлттық өнер жолын саудыратып тізіп шығу емес, жас өнерпаздарға терең білім, үлкен мәдениетті игеру үшін барлық мүмкіншіліктерді сарқа жұмсап еңбек ету керек деп айту.

Алға басу арқылы ұлттық өнерді игеру үшін де ең алдымен бұрынғылардың не істегенін жақсы біліп ой елегінен өткізіп отырған дұрыс. Талғам мен мәдениеті жоқ дәлдүріштердің ұлттық өнерге балап жүрген арзан бұйымдарын жинап тастап, кең толғана білуімізді қолға алып шыңдауымыз керек.

Ешқашан өзіңе, өзіңнің істеген жұмысыңа қанағаттанбау - нағыз суреткер шеберге тән қасиет. Бұл үшін әрине, бәрінен бұрын еңбекқорлық пен мәдениеттілік қажет.

 

Халық мұрасындағы ұлттық өнердің мазмұны мен табиғатын оқытудың сапасын арттыру және оның тиімді әдістері

 

Ұлттық қолөнер - ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан халықтық мұра. Данышпан ғалымдарымыздың сөзімен айтқанда, өмірдегі сұлулықты тек табиғат қана емес, сол сұлулықты таңдап, талғаушы адам да оны жасаушы да адам. Ал өнер дегеніміз өмірді көрсетуші, бейнелеуші ғана емес, сонымен бірге ол өмірдің нақ өзі де. Демек адам баласы сонау есте жоқ ерте дәуірден бастап өмірін, тұрмысын көрікті де сәнді етуге айрықша көңіл бөлген. Тұтынған бұйымдарын, киім-кешек, төсек-орындарын қалайда жақсы, ою-өрнекті, әшекейлі әсем етуге тырысқан.

Мәдениет пен өнер де осы процестен тыс, өзінен-өзі келген жоқ. Ғасырлар бойы көшпелі жағдайда өмір сүріп, жартылай отырықшылықпен кәсіп еткен ертедегі ата-бабамыз үшін баспана салып, азық-түлік қамдауыдың, жүн түтіп, арқан есіп, жіп иірудің, тері илеп, текемет басудың, сырмақ сырудың, алтын, күміс, асыл тас, маржан моншақтардан ұқсатып бұйымдар жасаудың, ағаштан, темірден түйін түйіп, тас қашаудың маңызы грекше.

Сондай ақ, бізге жеткен құсмұрын жүзіктер мен құдағи жүзіктер, алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен үзбелі сырға, шашбаулардың, кемербелдік, қол дорба, ер-тұрман жабдықтары мен үй мүліктерінің сирек кездесетін үлгілері ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қөлдырған мұрасы екені жыл өткен сайын дәлелдене түсуде.

Халқымыздың тұрмысын одан әрі көркейту, еңбек ету мен өмір сүру жағдайын жақсартып, олардың ұлттық мәдениетін көтеру - қәзіргі бетбұрыс кезеңде алға қойылған міндеттердің ең негізгілерінің бірі. Бұл міндеттердің көздеген мақсаты ұлттық өнерді халық игілігіне асыратын жоғары сапалы бүгінгі күннің эстетикалық талабына сай заттарды өндіру ісін кең жолға қою. Осындай үлкен істің басы қасында болар, сол істі тындырар адамдардың бір тобы - сәндік онер, дизайн және қолөнердің кәсіпқой профессионал майталман шеберлері.

Адам қолымен дүниеге келігі жатқан заттар әлемі өнерпаздың шебер суретшінің ой елегінен бір өтпей әсемдік сипат ала алмайды.

Сәндік қолөнердің бұйымдары күнделікті айналамыздағы қоршап керегемізге жарап, демалсақ жұмсақ орындық, ас ішсек әсем де ыңғайлы ыдыс, тоңған бойымызды жылытып, бойжеткеннің керкіне сән қосар тамаша киім болады. Қысқасы бізді қоршаған "екінші табиғат" - заттар әлемінің бүгінгі өмірді суреттеуі қиынға түскен болар еді.

Иммануил Кант осы заттар әлемін "екінші табиғат" - деғен екен. Сөз мағынасында ой жүгіртсек, шынында ауыл сырғында сылдырлаған бұлақ пен мүлгіген орман бір де, тұрғын үйдің немесе жұмыс орнының, күнделікті өмір сүрген орта өзінше бір табиғат. Адам өмірі мен тұрмысы үшін екеуінің де қажеттілігінде дау жоқ. Қажеттілігі соншалық адамдар екеуіне де аса ілтипатпен көңілмен қамқорлық жасайды. Көркейтуге тырысады. Мәселен, ергедегі біздің кошпелі ата-бабалармыз аң аулап, садақ тартып, қылыш сермеп, жауға шапқан құралдарын қалай безендіргенін, қаңтардың қақаған аязы мен шілденің аптаған ыстығына сапа болған киіз үйдің ою-өрнегі, сүйек құрлысын айтатын болсақ, халқымыздың ғаламат ақыл-ойының шығармашылық парасаттылығын көруге болады. Ал енді осы заттарды өнер иесінің, ягни шебердің қаншалықты өз өнерінің белгісін қалдырды немесе белгілі бір зат өзінің қажеттілік қасиетті сақтай отырып шебердің шығармашылық еңбегінің нәтижесінде қандай әсемдік дәрежеге жетті деген сұрақ туады. Әрине, заттар тек қана қажеттілік тұрғысынан ғана емес, әдемілік, әсемдік зандылығы бойынша дамиды. Сондықтан әшекейлі заттар мен сандік бұйымдар көптен жасалатыны хақ. Осыған байланысты сұлулыққа деген көзқарас ғасырлар бойы өзгеріп, екшеленіп отырады.

Сонымен жоғарыда айтылған сарағымызға жауап іздесек, кез келген заттарды әсемділік мәнін өсірем деп өшекейлей беруге болмайды. Әсіресе еңбек құралдарын жасаған кезде қалай да пайдалы тиімді жағына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Мысалға, атауыз ғаламат сұлу болып жасалып шегені тістемесе оның ұстага керегі шамалы. Олай болса осы сияқты құралдарды қажеттілік тұрғысынан қарап, жасаған жөн екен де мүмкіндігінше әсемдік беру қажет.

Осы айтқандарымыздың мынадай үш түрлі негізгі затқа байланысты бір-бірінен ұштасып, бірақ өз алдына түсінік беруді қажет етеді.

Бірінші - зат жасалған белгілі бір конструкциядан (құрлымнан), сүйек құрлысынан тұрады да, соған байланысты ықшам да тыянақты формаға ие болады. Ертеде ата бабаларымыз атқа мініп шаба жөнелу үшін қамшы ойлап тапты. Торт таспадан бастап он екі таспаға дейін өріліп, тобылғы сапқа бекітілген қамшы екі бөліктен құрастыралады да ат жүргізуші құрал болып шыға келеді. Өнер тілімен айтқанда құрастыру жасалады. Ал бұл құрастыру станоктік өнерімен монументтік өнер композициясынан өзгешелеу. Мұнда нақты пайдаға асатын зат жасалады. Шеберліктен гөрі конструкторлық яғни құрастырушылық қызмет көбірек атқарылады. Ендеше бұл іс ғылыми тілмен айтқанда «дизантты» өнеріне жақын. Себебі "дизантты" деген ағылшын тілінен алынған «сызу», «кескіндеу» деген және әсем деп те аударылып жүрген сөздерден алынған. Соңғы жиырма шақты жыл шамасында ауызға іліккен бұл сөздің өрісі жыл дан-жылға кеңейіп өз алдына өнер, ғылым дәрежесіне көтерілді.

Екінші - сырт пішін бейне, түр-түстің үйлесімділігі ою-өрнектің дәлдігі. Сонымен, жаңағы төрт таспадан бастап он екі таспаға дейін өрілген қамшы иесін бірте-бірте өзіне қызықтырып, таспалардың ирек-ирек тиімді оны жаңа шеберлік ізденістерге итермелейтіні әбден ықтимал нәрсе. Енді адам яғни шебер қамшының сабына да ирек-ирек таспа орап, келе-келе басын шашақтап, сабына асыл металдар қондыруды тапты. Сөйтіп ою-өрнектер адам мен жануарлардың бейнесін садақтың жебесі, найзаның ұшы немесе әр түрлі өсімдіктердің жапырақтарына ұқсас сызықтар болды. Оны біздер археологиялық қазба заттардан білеміз қазіргі қазақ ою-өрнегіндегі "қошқар мүйіз", "түйе табан" деген өрнектер содан қалған болуы керек.

Бірте-бірте олар жалпыланып әр түрлі геометриялық нұсқаларға айналады. Әдетте ол нұсқалар жазықтықты сақтап, белгілі бір ритмді қайталап отырады да заттың бойына жанай жапсырыла орналасады (тігілген кесте, сырмақ т.б.).

Үшіншіден - нақты симметриялы құрастырулардан тұратын және осы формаға жарасымды ою-өрнекті, шығармашылық образды заттар жасалады. Мұндай жағдайларда шебер өнерпаз өз ойын синтездеу арқылы ойындағысын жүзеге асырады. Сонымен айтылған екі қағида бірге жұмсалады.

Осындай қағидалар арқылы көркемдік сапасы жоғары, пайдалылығынан әсемдігі басымдау, эстетикалық құны өте мол сәндік (декоративтік) өнердің туындысы дүниеге келеді. Бұл туынды уақыты мен дәуіріне қарай, өмірінің ұзақтығына орай эстетикалық құны арта береді де пайдалылық қасиетінен айырылады. Әрине, сәндік өнерге жоғарыда айтылған дизайн өнерінің талаптары да қойылып, өз шешімін тауып жатады. Дегенмен ол жеке шебердің өмірге көзқарасы мен эмоциялық көңіл-күйін бейнелейді, адамға деген жылылық әсер береді.

Сәндік өнерді өз дарынына немесе шеберлігіне арқау еткен шебер ғана шығармасына нәр боларлық гүл шоғын әрқашан табиғаттан, өмірден іздейді. Табиғат болса өге бай қазына. Міне осы нәрді тапқан шебердің шығармасы ғана адамға аз да болса көңіл сергітер қуаныш өкелген болар еді. Сондықтан да болар соңғы жылдарда халық сәндік өнер туындыларын аса зейін қоя қызықтайды, ал өнеріміз тұрмыс төрінен орын тауіп, халық игілігіне қызымет етеді.

Қазақ ою-өрнегі, сөз жоқ ұлттық туынды. Ол ұлттық тар шеңберде қалып қоймайтын, дүниежүзілік мәдениетпен үндесетін бай мұралардың біріне жатады.

Халқымыздың қолданбалы сәндік өнерін пайдалана отырып, оқушыларға әсемдік туралы тәрбие беруде мектеп алдына қойылып отырған талаптарды дұрыс шешу үшін мұғалімнің теориялық, әдістемелік және практикалық дайындығы болуы қажет. Сондықтан да мектеп мұғалімдерінің өз білімдерін жетілдіріп, халық өнерін үйренуі және оны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық даму дәрежесіне қарай тәрбие беру мақсатына қолданған жөн.

Қазақ халқының ұлттық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бедерлеу сияқты шеберлік өнер жиынтығын айтады.

Шын мәнінде осы өнер түрлерінің әрқайсысының өз алдына талай ғасырлық тарихы бар. Халық өнері мен тарих аралығында мәңгілік байланыс жатыр, әсіресе бұл қолөнер тарихында кездеседі. Ал өрнек өнеріндегі түрлі құпиялар мен жұмбақ сырлардың ерекшеліктерін бала жанымен, бала өмірімен сабақтастыра алсақ, бұл біз үшін ең маңызды да қызғылықты іс. Сондықтан ғасырлардан бері сұрыпталып біздің дәуірімізге жеткен және сақталып келе жатқан жауһар қазыналардан үйреніп таным алуымыз қажет. Танымдық мәні бар өнерді үйренуде халықтан асқан ұстаз да, өнерпаз да жоқ.

Халқымыздың тарихына, мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек, ерте заманда он саусағынан өнері тамған ісмер, шеберлердің, қолөнер шеберлерінің әсем бұйымдары мен елін қорғаған батырлары үшін қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман жасалғаны өз алдына бір шежіре.

Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білген.

Бұдан біз халық шеберлерінің шығармаларының қандай түрі болса да хаЛық өмірімен, сол халықтың қогамдық тари- хымен тыгыз байланысты екенін көреміз.

Бұл жөнінде арқитектор Т.К.Басенов: “Халықтың өнерге тұрмыс-салт жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегін (кереге, уық, шаңырақ), ағаш керует, кебеже, сандық жасау, кілем тоқу, киіз басу, жіп есу, көннен және иленген теріден қайыс таспа тілу, өрімдер өру, әр алуан ыдыстар жасау т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарынан жасап, түрлі нақыштармен ашекейлейтін болған. Қолөнердегі көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданылган әдістер (сәулет өнерінде) де архитектурада кеңінен орын алып келеді", - дейді.

Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды керек ететін түрі - киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі.

Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе, өзен жағалауында өсетін әр түрлі талдардан жасалады. Тал халық тәжрибесі бойынша, киіз үй сүйегін жасауға қолайлы бірден-бір ағаш түрі деп танылған.

"Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсініп, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй туралы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шанырағына дейінгі әрбір бөлшектері өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған", - деп жазды А.Сейдімбеков.

Сөйтіп қазақ халқындағы үйшілер өнері сонау көне замандағы көшпелі өмір салтына байланысты қалыптасып, ғасырлар бойы даму, өрлету процесінің нәтижесінде халықтың шынайы өнер дәрежесіне жеткен.

Қазақтардың сол кездегі шаруашылығы және мәдениет жайлы XVI ғасырдың бірінші жартысында жазған тарихшы Рузбехон кезінде былай деген: "Бұл елдің кейбір ағаштары өте қатты болады, олардан үлкен шеберлікпен төрт доңғалақты және күркесі бар мықты арбалар жасайды”.

Осы Рузбехон айтқан арба үстіндегі күркелер жол жүрген жолаушылар үшін жауын-шашыннан қорғанатан баспана, күннен көлеңке болған. Кейінректе арба үстіне күрке тігу дәстүрі ауақтты бай адамдардың қыз-келіншектеріне арналған күймелі арба ретінде сақталады. "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қамбар-батыр" сияқты эпикалық жырларда осы күйме жайы жақсы сипатталған.

Міне осындай халық шығармашылығының сипаты әлі де коп уақыт өмір сүріп біздерді осы жайларға мықтап сендіреді. Халық шығармашылықтарының бір саласы фольклор өзінің даму мүмкіншіліктерін әлі де сарқыр емес, сарқылуы мүмкін де емес. Қайта ол барлық жанрлармен жымдасып жаңарып кең өріс алу.

Қазіргі фольклор халық шығармашылығының барлық түрімен және қолөнері, өрнек өнерінің кейбір ұлттық түрлерімен де аралас күйде дамуда.

Адам баласының өмірі - ұлттықөнердің негізгі мазмұны. Айналдағы дүниенің шындығы сол өмірге байланысты алынады. Осы қағида заманымыздағы бейнелеу өнерін, оның ішінде халық өнерін, оқушыларға оқытып үйретуде негізгі үлгі болып табылады.

Сондықтан да сол өткендегі адам баласы жасаған өнер табыстарын өзіміздің мирасымыз, мұрамыз деп қарайтын болсақ, оларды терең түсінбей тұрып ешуақытта жаңалыққа - дұрыс қадам жасай алмаймыз.

Осындай бай қазынаның ішінен ұлттық өрнек өнерін сөз еткенде ұста, шеберлер, зергерлер тілге тиек болады. Осындайда шығармашылығына, оның ішінде өрнек өнеріне, айрықша көңіл бөліп, шебер ұйымдастырылған жақсы іс- тәжрибелердің ғана нәтижелі көрніс табатынын көреміз.

Әңгіме мақамы халық өнерінің, оның ішінде ұлттық өрнек өнерін, жаңа дәуірдегі қолайлы жағдайда жас жеткіншектерді өнерге баулу, оқыту процестері нендей жеміс береді, қандай бағыт алып отыр, деген мәселеде болып отыр. Бұл сауалға жауап беру мектептегі бейнелеу өнері пәнінің өзекті арнасын, оның терең заңдылықтарына бет алған бағыт-бағдарын танып-білу болып табылады.

Сондықтан бұл мәселені тек қана таным мақсатында ғана көздемей, бүгінгі шындық және шеберлік, халықтың дәстүрлі өнерін үйрене білу тұрғысынан алып отырамыз.

Халық өнерінің, оның ішінде өрнек өнерінің жеке бөлшектерін (элементтерін) оқушы өзінше бейнелегенде ерекше сезіммен қабылдайтындай болуы керек. Ондай шеберлік бейнелеп отырған нәрсесін оқушы алдымен өзі жақсы қабылдағанда мүмкін шаруа. Егер ол ойындағысын анық та айқын бейнелей алмаса, онда оның тақырыпты немесе өнер түрін шын ықыласпен меңгере алмағандығы. Оның басты себептерін тізіп көрсек, олар мыналар: біріншіден, өрнек өнері туралы балаға қысқа да ұғымды, қарапайым әңгімелер мүлдем жоқ, нанымсыз алынған немесе айтылған ұзақ әңгіме көп жай өйткені ол балаға өте күрделі ұғына алмайды. Екіншіден, халық өнері туралы ықшамды өрі анық, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дара шыққан оқулықтарды таппаймыз. Үшіншіден, оқушыларды жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайымдылықтан, күрделілікке баулитын көркем де тартымды көрнекті құралдар жоқ.

Осыған орай айта кететін тағы бір жай: халқымыздың ұлттық қолөнері туралы белгілі атаулар мен ғылыми терминдер мүлдем қалыптаспаған.

Міне осы жағдайлардан кейін ұлттық халық енерін үйрету тапшылығына еш қандай мін тануға болмайды.

Көркемдік талабы өскен қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған заманында, оқушыларға сапалы білім мен өнерге баулып, көркемдік шеберлігін шын дауда, халық өнерінің озық үлгілері мен тәрбиелі ұстаздардың осы іске жұмыла қызымет етуі қажет.

Сайып айтқанда, заманымыздың талабына сәйкес еліміздің туындап отырған басты бағыт жас жеткіншектеріміздің көркемдік шеберлігін шыңдауда - "халық өнерінің дөстүрін танып білуді нығайту, тарихи шындықтың байлығы мен алуан түрін шыншылдықпен, асқан көркемдікпен бейнелеу" болса, көркемдік шеберліктің де міндеті осыдан туындайды. Ұстаздар алдына қойылатын басты бағыт та міне осы болмақ. Бұл ұстаздарымыздың шеберліктері мен білімдерін заман талабына лайық ұдайы жетілдіре де шыңдай білуді және өрбір оқушының өзіндік шығармашылық мүмкіншіліктерін өрбітуді қажет етеді.

Қазақ халқының ұлттық өрнек өнерінің нақты формасын сөз ететін болсақ, әрбір өрнек баяғы бір шеңберден шыға алмай қатып қалған нәрсе емес, тарихи тұрғыдан өзгеріп, жаңарып отыратын, барған сайын жаңа сапарларға молыға түсетін құбылыс. Сөз жоқ, бұл өзгерістер өзінен-өзі пайда болмайды, тарихи қалыптасқан, өміршең ұлттық - эстетикалық дәстүрдің өзіне мирас етіп, оны алға қарай дамыта отырып, өзіне жалғастыру арқылы жүріп жатады. Бүгінгі күн талабына қарағанда халық өнерінің дәстүріндегі бай тәжрибені жинақтап бір жүйеге келтіру, оның әлі болса жетіспей жатқан жақтарын ашумен бірге, оқыту-үйретудің әдістемелік сапасын арттыру жолындағы күрделі мәселелер сырын аша түсуге септігін тигізеді.

Дәстүр мәселесі тек қана ұлттық дәстүрді пайдалану ғана емес, басқа да туысқан халықтар өнерлерінің жақсы жақтарын терең меңгере отырып, шынайы жаңалықтарға жете беруі үшін қазақ халқының ұлттық қолөнеріндегі, оның ішінде өрнек өнерін, емін-еркін пайдалану.

Сонымен қазақ мектептерінің бастауыш және орта сынаптарындағы сәндік сурет және еңбек сабақтарында халық шығармашылығымен жете таныстыру және пайдалану процесін ықшамдап, оқушылардың ұлттық өнерді танып білу кезеңдерін төмендегіше даралап көрсетуге болады.

Бірінші кезеңі: Халық өнері шығармаларын оқушылардың үлкен әсермен қабылдату.

Екінші кезең: Оқушылардың халықтың ұлттық шығармашылығындағы заттардың көркемдік сапасын танып білуі.

Үшінші кезең: Оқушылардың халықтың ұлттық өнері шығармаларының көркемдік және мәдени, тарихи бағасын түсіну.

Төртінші кезең: Оқушылардың халақтың ұлттық өнерін түсініп қана қоймай өздерінің шығармаларында пайдалана білуін үйрету, ұйымдастыру.

Пайдаланған әдебиет:

Жүрсін Балкенов. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек рең. /ҚарГУ. -Қарағанды, 1996. -Б.49-81.

Қосымша

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-12-08 15:04:44     Қаралды-18789

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »