UF

ҮЙМЕРЕТТЕР МЕН ҒИМАРАТТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

  1. Объектіліерді жаңғыртудың жағдайлары мен дәләлдерін таңдау
  2. Объектінің жаңғыртудың жұмыс өндірісін жобалау
  3. Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспарын және мерзімдік жоспарын жасау
  4. Жұмыс өндірісі жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері
  5. Тұрғын және қоғамдық үймереттерді жаңғырту
  6. Өнеркәсіп объектілерін жаңғырту

 

  1. Объектіліерді жаңғыртудың жағдайлары мен дәләлдерін таңдау

Өнеркәсіп объектілерін қайта жаңғырту кезінде барынша өнімді жоғары механиқаландырылған және автоматтандырылған процестер енгізіледі; өндіріс алаңдарын барынша ұтымды пайдалануға қол жеткізіледі, күрделі қаржыны пайдалану тиімділігі арттырылады.

Қазіргі кезде негізінен жеке жобамен салынған, үймереттері мен ғимараттары құралымдық және көлемдік-құралымдық шешімдері әртүрлі өнеркәсіп кәсіпорындары қайта жаңғыртылуда.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңғыртуға жүрген негізгі, қосалқы және қызмет көрсету бағытындағы цехтар мен объектілерді қайта құру жатады. Тәртіп бойынша негізгі бағыттағы үймереттер мен ғимараттар кеңейтілмейді.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңғырту кезінде жекелеген үймереттер мен ғимараттарды мынандай жағдайларда ғана кеңейтуге болады: техникалық көрсеткіштері жағынан барынша жетілдірілген, өнімділігі жоғары жаңа жабдықты қолданып жүрген үймеретке орналастыруға келмегенде; үйлеспеушілікті жою мақсатымен кешеннің қолданылып жүрген цехтары мен басқа да объектілерін кеңейтіп және қайтадан салып жатқанда; жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның территориясында тех­никалық және экономикалық талаптар бойынша одан әрі пайдалануы тиімсіз деп танылып, бұзылған үймереттер мен ғимараттардың орнына сол бағыттағы жаңаларын салғанда.

Жобалауда, құрылыстың технологиялық процестерін өндеуде, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өндірісінде қайта жаңғыртудың жаңа құрылысқа қарағанда елеулі өзгешеліктері мен өзіндік ерекшеліктері бар. Олар құралымдық және мөлшерлі-жобалау шешімдерінің әр типтілігіне, құрылыс алаңының тар­лығына, әр учаскеден жұмыстың кезеңмен орындалуы қажеттілігіне, кәсіпорынның өндірістік қызметінің құрылыс-құрастыру жұмыстарының орындалуымен үйлестірілуіне, кей жағдайларда ескі ғимараттарды немесе олардың бөлшектерін ажыратуға және басқа жағдайларға байланысты.

Негізгі қорларды жаңғырту деңгейі әдетте жаңғырту жұмыстарын жүргізу көлемімен сипатталады. Осы белгі бойынша қайта жаңғырту түбірлі және шағын болып бөлінеді.

Түбірлі қайта жаңғырту кәсіпорынның барлық өндірісін технологиялық жабдықтарын бөлшектеу, құрастыру және алмастыру, жұмыс істеп тұрған цехтарын қайта құру немесе кеңейту және жаңа өндірістік, қосалкы-жәрдемші цехтар салу (бұзылғанының орнына) арқылы қайта жабдықтау және қайта құру болып саналады. Түбірлі қайта жаңғырту тәртіп бойынша бірыңғай жобамен және смета бойынша жүзеге асырылады.

Шағын қайта жаңғырту түбірлі қайта жаңғыртудан жұмыс көлемімен ерекшеленеді және ол кәсіпорынның жекелеген өндірістерін қайта жарақтандырумен, қайта құрумен байланыс­ты. Бұл түрдегі қайта жаңғырту жекелеген техникалық (техника-жұмыстық) жобалар мен олардың сметалары бойынша жүзеге асырылады.

Өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңғыртуды жүргізу шарттарының күрделілігі мен ерекшелігі құрылыс өндірісін мұқият дайындауды талап етеді. Жұмыстарды орындау әдістері тапсырылған жұмыс көлемін механиқаландырылған жолмен белгіленген мерзімде орындаудың технологиялық мумкін және қауіпсіз варианттарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру негізінде таңдалады.

Жұмыс ұйымдастыру үлгілерінің варианттары қайта жаңғыртылатын аралықтың түріне, оның жұмыс істеп тұрған үймеретпен, ғимаратпен арақашықтығына және қайта жарықтандырылған аралықтағы алаңда іргетастың, жертөленің, техникалық және басқа жабдықтардың алатын орнына қарай белгіленеді.

Қайта жаңғыртуды жүргізудің ұйымдастыру әдістерін таңдауға өндірістік шешімдердің мөлшерлеу-жоспарлау және құралымдық шешімдері ықпал етеді. Бұл орайда үймереттің жоспардағы кескін үйлесімі басты белгі болып табылады, үймереттің кескін үйлесіміне ең алдымен құрылыс-құрастыру жұмыстарынын механиқаландырылу мүмкіндіктері байланысты. Үймереттің күрделі кескін үйлесімі құрастыру крандарын көп мөлшерде қолдануға немесе олардың орын алмастыруларына әкеліп соқтырады. Бұл типсіз, стандартты емес құралымдардың көбеюін туғызады.

Өндірістік үймереттерді қайта жаңғырту кезінде әдетте, типтендіру объектісі типтік технологиялық процестер болады. . Типтік шешімдер үш кезеңге арналып жасалады.

Бірінші кезеңде өнеркәсіптің белгілі бір салаларының объектілерін қайта жаңғыртудың техникалық-экономикалық талдауы жасалады.

Екінші кезеңде барынша тиімді вариант негізінде қайта жаңғырту технологиясын талдау жүзеге асырылады.

Үшінші кезенде қаралып отырған сапаның объектілеріне жұмыс істеп тұрған өндірістік жағдайында барынша сәйкес келетін жұмыс түрлері өндірісінің технологиясы бойынша типтік шешімдер жасалады және жұмыс өндірісінің жобаларын құрастыруға, күрделі қаржыны жоспарлауға, құрылыс машиналары мен механизмдерге, тағы басқаларға мұқтаждықты анықтауға қажетті деректер дайындалады.

Типтік технологиялық карталарды жасаудың алдында объектіні қайта жаңғырту технологиясына тұтастай ішінде осы талданатын карталардың негізінде енгізілетін процестер бойынша жұмыстың қарқындылығы, құрылыс машиналарының жиынтығы, жұмыс өндірісінің кестесі сияқты негізгі мәліметтері бар талдау жаса­лады.

Жиынтық құрамына қайта жаңғыртудың қысаңшылық жағдайында тапсырылған жұмыс көлемін белгіленген мерзімде орындауға қажетті және тұжырымдалатын машиналар мен механизмдер саны мына формуламен анықталады:

 

мұндағы VМ - механиқаландырылған жұмыс көлемі, м3; ӨП -машиналардың пайдаланылу өнімділігі, м3/ал: Т - жұмысты орындаудың тапсырылған мерзімі, күндер; nал - жұмыс алмасуының тәулікпен алғандағы саны; tал - жұмыс алмасуының ұзақтығы.

  1. Объектінің жаңғыртудың жұмыс өндірісін жобалау

Қайта жаңғырту кезінде жұмыс өндірісінің жобалар құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындаудың, олардың сапасын жақсартуға, өзіндік құны мен еңбекті көп қажет етуін төмендетуге, объектілерді қайта жаңғырту ұзақтығын қысқартуға, құрылыс машиналары мен жабдықтарын пайдалану деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін барынша тиімді әдістерін анықтау үшін жасалады.

Жұмыс өндірісінің жобалары әдетте объектіні қайта жаңғыртуға, жекелеген барынша күрделі жұмыс түрлеріне, дай-ындық кезеңіндегі жұмыстарға арналып жасалады.

Өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңғырту кезіндегі жұмыстар өндіріс жобасының құрамына мыналар кіреді: жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары; құрылыстың бас жоспары; күрделі жұмыстардың технологиялық карталары; жалпы құрылыстық жұмыстар (жер қазу, бетон дайындау, құрастыру және басқа), мамандандырылған жұмыстар (электр құрастыру, санитарлық-техникалық, технологиялық жабдықтарды құрастыру тағы басқалар), сондай-ақ дайындық кезеңіндегі жұмыстар; жұмыс істеп тұрған үймереттер мен ғимараттарды бөлшектеу; инженерлік жүйелер мен электр кабельдерін құрылыс жүретін учаскеден шығару, уақытша жолдар салу; уақытша үймереттер мен ғимараттар құрылысы (оның ішінде инженерлік жүйелерді салу бар). Жоба құрамына сондай-ақ түсіндірме, ресурстардың түсуі мен пайдалану тізімі мен кестесі, жұмыс өндірісі қауіпсіздігінің жобалық-технологиялық құжаты қосылады.

Қайта жаңғырту жұмыстары өндірісінің жобасын құруға қажетті негізгі деректер қайта жаңғыртуды ұйымдастыру жобасы, қайта жаңғыртылатын объектіні жобалау алдындағы зерттеу деректері, жұмыс жобасы, сметалар, әртүрлі ресурстармен (жеткізу түрлері, мерзімдер, көлік, жиынтықтау, зауыттың дайындық деңгейі) қамтамасыз ету шарттары.

Түсіндірмеде жайластыру элементтерінің сақталуы туралы шаралар; жұмыс аймағында көліктер мен құрылыс машиналарының қозғалыс тәртібі; құрылыс материалдарының, құралымдардың, жабдықтардың орналастырылуы, өсіп тұрған ағаштарды көшіріп отырғызу, жұмыстың басталар алдында оларды қоршау, топырақтың құнарлы қабатын сақтау тәртіптері, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын қорғау шаралары және басқалар көрсетілуі тиіс.

Құрылыс құралымдарын бөлектеу және бөлшектеу жұмыстары өндірісінің жобасын жасауда ауыстырылатын және қайта жаңғырту кезінде сақталатын үймереттер мен ғимараттар құралымдарының техникалық куәландыру актілері негізге алынады.

Құрылыс құралымдарын бөлшектеу кезінде ағаш қондырғылар мен тіреуіштердің үлгілері жасалуы, сондай-ақ корғау және қоршау төсемелері қарастырылуы қажет.

Үймереттің қондырмасын салу жөніндегі жұмыс өндірісінің жобасында жұмыс істеп тұрған үймереттерге жақын тұста құрылыс жүргізу жағдайы сондай-ақ үймереттің қондырма бөлігінің төзімділігі мен беріктігін қадағалау шаралары ескерілген жұмыстың орындалу әдісі мен жүйелілігі көрсетілуі тиіс. Бұл орайда түсіндірмеде құралымдар элементтерінің қабілеттілігі көрсетілген тексеру есептері келтірілуі қажет.

Жұмыс істеп тұрған үймереттерге жапсарлас құрылыс салынатын жағдайда жұмыс өндірісі жобасында басты назарды үймереттің жаңа бөлігінің бұрынғысымен түйісетін тұсындағы жұмыс өндірісінің әдістеріне аудару керек.

Қайта жаңғырту цех ішінде технологиялық жабдықтар тоқтатылып барып (толық немесе ішінара) жүргізілетін болса, жұмыс өндірісінің жобасы тоқтатылғанға дейінгі және тоқтатылған кезендерге арналып жасалады. Өндірістің тоқтатылу ұзақтығы мен қайта жаңғыртудың техникалық-экономикалық көрсеткіштері осы кезеңдердегі жұмыс көлемі мен құрамының дұрыс айқындалуына тікелей байланысты.

Тоқтатылғанға дейінгі кезеңдегі жұмыстың елеулі бөлігі өндірістің жұмыс істеп тұрған жағдайында жүргізіледі, сон-дықтан жобада жұмыс өндірісінің технологиялары мен жұмыс қауіпсіз жүргізу әдістерін таңдауға баса назар аударылуы тиіс.

Құрылыс-құрастыру жұмыстарын тоқтатылган кезінде жүргізу барынша шапшаң және қысқа мерзіммен сипатталады. Сондықтан жобада жұмыстарды үйлестіру, материалдар мен құралымдарды орналастыру, цехтық кран жабдықтары мен құрылыс машиналарын пайдалану мәселелері айырықша мұкияттылықпен қаралуы керек.

 

  1. Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспарын және мерзімдік жоспарын жасау

 

Құрылыс бас жоспары кешенді немесе жекелеген цехтық қайта жаңғырту белгіленген өнеркәсіп кәсіпорынының жағдайлық жоспары мен бас жоспары негізінде жасалады. Бұл орай­да объектілердің негізгі құрылыс жоспарлары дайындық, негізгі құрылыс және іске асыру-реттеу кезеңдерінің әртүрлі уакытының бөліктеріне арналып құралады.

Құрылыстың бас жоспарлары қайта құрудың әр кезеңінде: дайындық, тоқтатылғанға дейінгі, тоқтатылған кезендерге, сондай-ақ, объектіні қайта жаңғыртудың жекелеген кезеңдеріне: үймереттің негізгі қаңқасын бөлшектеу және құрастыру, ажырату, инженерлік жүйелерді көшіру мен орнату кезеңдеріне арналып жасалады.

Объектінің құрылыс бас жоспарының шешілуіне өз кезегінде өнеркәсіп-саласына байланысты территорияның дайындалуы сипаты елеулі әсер етеді. Бұл әсердің сандық бағасын шығару үшін алаң тығыздығымен сипатталып, төмендегі формуламен айқындалатын коэффициент қолданылады:

кт = (F- f )/ S,

мұндағы F - кәсіпорын территориясының жалпы алаңы; f -үймереттер мен ғимараттар, эстақадалар, көліктер, көшеттер орналаскан алаң; S - жұмыс істеп тұратын кәсіпорынның территориясында жұмыс жүргізу үшін құрылыс ұйымына қажетті алаң. құрастыру машиналары мен механизмдерінің жұмыс істейтін аймағы айрықша бөлінуі және үйлесімді бекітілуі, жұмысшылардың оның ішінде қайта жаңғыртылып жатқан объектінің сыртымен жүруді ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда цехтарды немесе учаскелерді пайдаланатын қызметшілердің жүретін жолдары бөлінуі және бекітілуі тиіс.

Айрыкша тар жағдайда құрылыстың бас жоспарында құрылыс құралымдары мен материалдарын жинайтын, құрылыс жабдықтарын сақтайтын, топырақты уақытша орналастыратын орындар мұқият анықталуы қажет.

Құрылыстың бас жоспарында жұмыс өндірісіне бөлінген учаскелердің шекаралары мен құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің аса қауіпті аймақтары нақтылы белгіленуі тиіс.

Қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстар өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспар қайта жаңғыртуды ұйымдастыру жобасының кешенді торлық графигі негізінде және варианттық жобалау мен объектідегі жұмыс технологиясының экономикалық дәлелдемесіне негіз болады.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары құрылыс жұмыстары мен қайта жаңғыртылатын өндірістің технологиялық процестерін немесе құрылыс-құрастыру жұмыстары жүріп жатқан кезде кәсіпорынның, корпустың, цехтың уакытша тоқтау мерзімдерін үйлестіру тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл орайда жұмыс графигі құрылыс-құрастыру жұмыстарының толассыз ұйымдастырылуын қарастыруды және жұмыстың кеңістік пен уақытқа ұйымдастыру тәуелділігін; қайта жаңғырту жұмыстарының жұмыс істеп тұрған өндіріспен әрекеттестіп, қайта жаңғыртудың құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау үшін кәсіпорындардың көтергіш-көлік жабдықтарын жеткізу мерзімін, жекелеген технологиялық жүйелердің тоқтатылу мерзімі мен ұзақтығын; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын мен құрылыс-құрастыру ұйымының қайта жаңғырту басталғандағы, жүріп жатқандағы және аяқталғаннан кейінгі жұмыс алмастыруларының санын қамтып керсетуі тиіс.

Мерзімдік жоспар әдетте жекелеген жұмыс түрлерінің технологиялық карталары ескеріле отырып, БМБ негізінде есептеледі. Бұл орайда картаға түсірілген еңбекті қажетсіну мөлшерлері мен жұмыстың ұзақтығы, машина уакытының шығындары, энергетикалық және материалдық ресурстарға сұраным пайдаланылады. Объектілерде қайта жаңғыру жағдайлары әртүрлі болатындықтан аталған мөлшерлер өзге объектілердің ұксас жағдайларында алынған нақтылы деректер негізіне белгіленуі де мүмкін.

Өнеркәсіп объектілерінің мерзімдік жоспарында барлық жұмыстар жүйелі үш кезеңге бөлінуі тиіс, олар: тоқтатылғанга дейінгі, тоқтатылған және тоқтатылғаннан кейінгі кезеңдер.

Тоқтатылғанға дейінгі кезеңде негізгі өнеркәсіп өндірісін тоқтатпай жүзеге асыруға болатын материалдарды жеткізу жолдарын дайындау, қажетті құрылыс машиналары мен механизмдерін, жабдықтарды орнату, энергия ресурстарымен қамтамасыз ету және басқа жұмыстар атқарылады. Бұл кезеңде негізгі жұмыстардан қоршауды, резервтегі коммуникацияларды бөлшектеу; жұмыс істейтін жабдықтардың астындағы іргетасын кейін жарылыспен бұзу үшін шпурлар бұрғылап тесу; технологиялық кұбырларды, желдеткіш қораптарын алдын ала дайындау, бақылау және ірілеп жинау; құрастыру сиықтарың орнату және басқа кейбір жұмыстарды орындауға болады.

Тоқтатылған кезеңде тәртіп бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарының және жабдықтарды құрастыру мен іске косу-реттеу жұмыстарының негізгі бөліктері аткарылады. Бұл кезендегі жұмыстың ұзақтығын қысқарту үшін еңбек майданының ресурстармен орынды толықтыруларын, жұмыстың көп алмасулық өндірісін, жұмыстың тек жеткілікті еңбек майданын құру талаптарымен және қауіпсіздік техникасы талаптарымен шектелетін қосарландыруды барынша көбейтуді қамтамасыз еткен жөн.

Учаскені қайта жаңғыртудың тоқтатылғаннан кейінгі кезеңде қайта жаңғыртылып жатқан өндірістің жұмысымен оны іске қосқаннан кейін қосарлана салынатын еденнің таза бөліктерін салу, кейбір өңдеу жұмыстары, құрастыру ойықтарын толтыру, көгалдандыру сияқты жұмыстар орындалады.

Объектілерді қайта жаңғырту кезінде әдетте жұмыс майданының шектелуіне, жұмыс орындарының тарлығына, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге катысты көмекші сипаттағы қосымша жұмыстар мен операцияларды орындау қажеттігіне байланысты жұмыстың орындалу ұзақтығы мен қол еңбегін қажет етуі арта түседі.

Жұмыс көлемінің шектеулігіне, еріксіз тоқтауға, құралымдар мен бөлшектер көлемінің негізгі сипаттамаларға сәйкес келмеуіне байланысты, әсіресе үймереттердің немесе ғимараттардың ішінде жұмыс істейтін машиналардың пайдалану өнімділігі төмендейді.

Кт < 1 мәнінде құрылыс жұмыстары өндірісінің кысылшаң жағдайы орын алады.

Құрылыстың бас жоспарында қолданылып жүрген, бұзылуы, күшейтілуі, арттырылуы тиіс құралымдар мен ғимарат-тар, сондай-ақ косымша тұрғызылатын құралымдар мен ғимараттар көрсетіледі. Онда көтергіш-көліктер және

 

  1. Жұмыс өндірісі жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Қайта жаңғыртудың тиімділігін айқындайтын өндіріс жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіші кәсіпорынның немесе оның бөлшектерінің дайындық жұмыстарынан бастап қайта жаңғыртылған қуаттардың пайдалануға берілген сәтіне дейінгі қайта құру жөніндегі барлық шаралардың жүзеге асырылу уақыты болып табылады. Бүл уакыт қайта жаңғыртудың ұзақтығымен сипатталады.

Жаңа құрылыс сияқты қайта жаңғыртудың ұзақтығы да экономикалық, жобалық, ұйымдастыру дайындықтарының және қайта жацғыртуды жүзеге асырудың барлық кезеңдеріне бастапқы көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Объектіні қайта жаңғырту, немесе техникалық қайта жарақтандырудың дайындық жұмысының орындалуынан бастап, объектінің пайдалануға берілуіне дейін Мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісі бойынша есептеп шығарылады.

.Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғыртудың ұзақтық мөлшері жұмыс істеп тұрған өндіріс кәсіпорындарын қайта жаңғырту мақсатымен сәйкес келетін, құрылыс техникасы мен технологияларының деңгейі, жұмысты ұйымдастырудың озық әдістері мен түрлері ескеріле отырып, құрылыс өндірісі мен қайта жаңғыртылатын кәсіпорынның ұйымдастыру-технологиялық және ресурстық мүмкіндіктері негізінде айкындалатын жұмыстар кешенін орындаудың барынша мүмкін уақыты болып табыла­ды.

Мөлшерлерге мыналар қосылады: жалпы ұзақтығы; дайындық кезеңінің ұзақтығы; жабдықтарды құрастыру, өндірісті тоқтату ұзақтығы.

Дайындық кезеңінің ұзақтығы "Құрылыс өндірісін ұйымдастыру" 3.01.01 -85 ҚМжЕ бойынша дайындық жұмыстарына сәйкес анықталады және ол әдетте қайта жаңғыртудың жалпы ұзақтығының 20-25 пайызын құрайды.

Технологиялық жабдықтарды құрастыру ұзақтығы ескі жабдықтарды қайта жабдықтау уакыты ескерілмей жаңа құрылыс ретінде белгіленеді.

Әр объект бойынша келтірілген қайта жаңғырту ұзақтығы мына формуламен анықталады:

 

Т = Тқұж1·к2·к3 ·к4·к5

мұндағы Т - қайта жаңғырту құрылысын ұйымдастыру жобасының, деректері бойынша объектіні қайта жаңғырту ұзақ-

тығы; К1, ...К» - көлемдік-жобалау шешімдері, құралымдық шешімдер, жұмыс құралымдары, құрылыс алаңының тығыз-дығы, қайта жаңғыртуды ұйымдастыру әдісі факторларының жаңғыртудың ұзақтығына әсері ескерілген түзету коэффициенттері.

Осы формула бойынша белгіленген қайта жаңғырту ұзақтығы түпкі нәтижеде осындай объект құрылысының мөлшерлі ұзақтығынан асып кетпеуі тиіс.

  1. Тұрғын және қоғамдық үймереттерді жаңғырту

Қазіргі кезде қала шаруашылығы техникалық саясатының құрамдас бір бөлігі жекелеген тұрғын үйлер мен азаматтық үймереттерді уақытылы ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу, жаңарту, қайта құру, ескі құрылыстарды бұзу, ертеректе салынған тарихи бағалы үймереттерді сақтау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл орайда тұрғын үй және қоғамдық құрылысты калпына келтіру, жаңарту, қайта құру сипатына мынандай негізгі факторлар әсер етеді: қаланың сипаты; қайта жаңғыртылатын құрылыстың қаланың жобалық құрылымындағы орыны; қайта жаңғыртылатын шағын ауданның, кварталдың, үймереттің сапасы. Бұдан басқа казіргі кезде осыдан бірнеше ондаған жыл бұрын ғана салынған үйлер мен жаңа құрылыстарда да беріктігі жағынан қызмет ету мерзімі 100-125 жылға есептелгеніне қара­мастан қайта жаңғыртуды қажетіне бастауда. Бұндай үймереттерді қайта жаңғыртудың негізгі себебі олардың моральдық жағынан тозуы болып отыр, өйткені олар алғашқы үлгі жобалармен ас бөлмелерінің, ванналарының, кіре беріс бөлмелерінің көлемі кішірейтіліп, ас бөлмеге жататын бөлмеден кіретін етіліп, ванна мен тазалық жүйелері біріктіріліп салынған.

Қайта жаңғырту нәтижесінде жекелеген құралымдардың толық немесе жартылай алмастыру жолымен үймереттің сырттай то­зуы ғана емес, сонымен бірге пәтерлердің ішкі қайта жобалануы мен үймереттің тұтастай жақсылап жабдықталуына байланысты моральдық тозуы да азаяды.

Ішкі қайта жобалау екі түрлі болады, олар: жартылай және толық.

Жартылай қайта жобалау қолданылып отырған отбасылық қолданыстары тазалық жүйелерін, ванналарды, ас бөлмелерді қайтадан орналастыру арқылы, ретке келтіру жолымен жүзеге асырылады. Кей жағдайларда жартылай қайта жобалау пешпен жылытуды орталықтандырылған сумен жылытумен алмастыруға ұласады.

Толық қайта жобалауда пәтер жай көлемі мөлшерлі және жоғары деңгейлі жайлы жабдықталған пәтерлерге жанұясымен қоныстандыру қарастырылған.

Толық қайта жабдықтау тәртіп бойынша қабырғаларының қалануы жақсы үймереттерге жүргізіледі, есік, шатыр аралықтары жаңасымен алмастырылады. Бұдан басқа, жаңа жобаны ұйымдастыру жекелеген жағдайларда басқыш алаңдарының орналасуын өзгертумен, қабат жоспарының құралымдық элементтерін қайта бөлумен, ал кейде үймереттің құралымдық үлгісіне жаңа қабырғалар, діңгектер және басқа элементтер енгізумен қабаттас жүргізіледі.

Жұртка мәлім, күрделі түрғын үйдің негізгі құралымдық элементтері - іргетас пен қабырғалар, сондай-ақ шатыр арқалықтары. Бүл орайда іргетас пен қабырғалар үймереттің алмастырылмайтын бөлігі болып табылады, өйткені олардың толық алмастырылуы ескісінің түгел бұзылып, жаңа үймерет салумен ұласар еді, сондықтан іргетас пен қабырғалардың қызмет ету мерзімі негізінен тұтастай үймереттің қызмет ету мерзімін айқындайды.

Үймереттің техникалық жағдайы мен қайта жаңғырту кезінде оның негізгі құралымдық элементтерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін әртүрлі әдістер, оның ішінде көзбен шолу және механикалық әдістер, жекелеген үлгілердің лабораториялық сынау әдісі, құралымдарды заттай сынау әдісі, радиотехникалық әдіс және басқалары қолданылады.

Негіздің топырағын нығайту. Негізгі нығайту қажеттілігін туғызатын негізгі себептер іргетас табанына түсетін күштің артуы және олардың салмақ көтеру қабілетінің төмендеуі болып табылады.

Қолданыстағы үймереттің негізінің топырағын нығайту үшін цементтеу, силикаттау, термиялық өңдеу мен сары топырақпен толтыру, электрлі силикаттау мен топырақты синтездік шайырмен бекіту қолданылады. Барынша терең зерттелген және сенімді, іргетастар табанының салмақ көтеру қабілетін арттыратын әдістер ірі қиыршықты құмды цементтеу, орташа және үсақ қиыршықты кұмды екі ерітінділі силикаттау мен сары топырақты бір ерітінділі силикаттау болып табылады.

Іргетас табанын нығайту әдісін тандауда топырақтың жер асты суының жылдамдығы мен агрессивтілігі, сондай-ақ, топырақтың мұнай өнімдерімен, шайырмен, маймен және басқа химиялық өнімдермен былғануы маңызды орын алады.

Іргетастарды нығайту. Іргетастарды нығайту әдісін таңдау олардың пішінінің өзгеруін туғызған немесе беріктігінің бұзылу себептеріне байланысты. Іргетастарды нығайту мына әдістердің бірімен жүргізіледі: іргетас қалауын нығайтумен, іргетастардың тірек алаңын кеңейтумен, салмақты топырақтың төменгі қабатына түсірумен, қолданыстағы үймереттің іргетас терендетумен. Барынша тиімді және қауіпсіз әдіс цементтеу болып та­былады.

Іргетастың тірек алаңын кеңейту іргетас табанын алдын-ала тығыздап алу арқылы тұтас темірбетоннан немесе бетоннан, құрамалы темірбетоннан, шой тастан қаланған тиянақ қалып орнату жолымен жүзеге асырылады. Бұл әдістің ерекшелігі табиғи негізді жаңа қосымша алаңның іске қосылуы болып та­былады, сондықтан мұнда жанастыра салынған бөліктердің табанындағы топырақтың алдын ала тығыздалуы мен түйіскен жерлердің қажетті беріктігі мен іргетастардың қаттылығының қамтамасыз етілуі айрықша маңызға ие.

Салмақты топырақтың төменгі қабатына түсіру салмалы қадалар немесе түсірмелі құдықтар орнату арқылы жүзеге асыры­лады. Қолданыстағы іргетастардың көтеру қабілетін арттыруға бұрғылап, кейін бетондау жолымен орнатылатын құйма бетон­нан жасалған салмалы қадалар жақсы нәтиже береді. Түсірмелі құдықтар әдетте іргетастың астына орналастырылады, бірақ одан шеткері орналастырылуы да мүмкін. Құдықтар бетоннан және темірбетоннан жасалады, пішіндері дөңгелек, тік бұрышты, эл­липсоида, текше болады.

Қолданыстағы үймереттің жертөлесін салғанда және кеңейткенде оған жақын жерден біршама терең жертөле немесе кол­лектор, туннел салғанда жаңағы үймереттің іргетастың тек құрғақ және ылғалдылығы төмен топырақта ғана тереңдетуге болады.

Тұтастай инженерлік тәжрибеде іргетастарды нығайтудың бірнеше әдісін үйлестіру жиі қолданылады. Бұл орайды осы әдістердің әрқайсысын тиімді пайдалану саласы қолданыстағы іргетасты техникалық жағдайына қарай айқындалады.

Тұрғын үйлер мен коғамдық үймереттердің жердің бетіндегі бөлігінде негізгі құралымдардан қызмет ету мерзімі тас қабырғалар мен іргетастың қызмет ету мерзімінен кем аралықтар (яғни, ағаш арқалықтар) ғана алмастырылады. Өз кезегінде тозған ағаш арқалықтарды жаңа ағаш немесе құрамалы темірбетон арқалықтармен алмастыруға болады.

Қолданыстағы ескі ағаш арқалықтарды түгелдей жаңасымен алмастырғанда аралық түрі мен оның құралымдық үлгілерін тандау керек. Аркалықтың түрі мен құралымы өз кезегінде үймереттің көлемдік-жоспарлау үлгісіне және үймерет қабырғасының тозу пайызына байланысты қалған қызмет мерзіміне сәйкес қолданылады.

 

  1. Өнеркәсіп объектілерін жаңғырту

Өндіріс объектілерін қайта жаңғыртудың мынандай ерекшеліктері бар: жағдайдың тығыздығы мен көлемінің шектеулігі; материалдарды, құралымдар мен жабдықтарды берудің тасымалдық үлгілерінің күрделілігі; құралымдық және көлемдік жоспарлау шешімдерінің әр типтілігі; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үймереттері мен ғимараттарының, қатынас жолдарының қайта жаңғырту үшін құрастырмалық деңгейінің жеткіліксіздігі мен бейімсіздігі; қол еңбегін көп қажет ететіндігімен және механикаландырудың күрделілігімен (құрылыс құралымдары мен жабдықтарды қайта құрастыру, жекелеген құралымдарды бұзу, құралымдарды қозғалту және жылжыту, құралымдарды күшейту және басқалар) сипатталатын құрылыс жұмыстарының өзгешелігі; жұмыс істеп тұрған цехтарда құрылыс – құрастыру жұмыстарын орындау кезінде техника қауіпсіздігі жөнінде қосымша шаралардың қажеттігі және басқалар.

Объектіні қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстардың технологиялық құрылымы мен көлемдік – жоспарлау сипатының негізінде процестерді уақыт пен кеңістікке барынша сыйылыстыру мақсатымен жалпы жұмыс көлемін технологиялық және құрылыс тораптары мен торап бөліктеріне бөлу, сондай-ақ жаңғыртуды өндірістік жартылай немесе толық тоқтатып жүргізу қажет болған жағдайда тоқтату кезеңін қысқарту жүзеге асырылады.

Технологиялық торап – ішінде технологиялық жабдықтарды қайта құрастыру, іске қосу – реттеу жұмыстарына дайындыққа және агрегаттарды, механизмдер мен жабдықтарды байқап көруге байланысты құрылыс – құрастыру жұмыстары аралықтарын технологиялық жүйелердің құралымдық оңашаланған бөлігі.

Құрылыс торабы – ішінде үймеретті немесе ғимаратты қайта жаңғыртуға және механикаланған құрастыру жұмыстарына дайындықпен байланысты құрылыс – құрастыру жұмыстары жүргізілетін өнеркәсіп үймереті немесе оның құралымдық оңашаланған бөлігі.

Технологиялық немесе құрылыс тораптарын құрау және өзара үйлестіру кезінде қайта жаңғыртудың деңгейін, түрін және әдісін, өнеркәсіп өндірісі технологиясының жағдайы мен ерекшеліктерін ескеру қажет.

Енді өнеркәсіп үймереттерін қайта жаңғырту кезінде жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастырайық.

Жер қазу жұмыстары. қайта жаңғырту жағдайында жер қазу жұмыстарын орындаудың техънологиясын, ұйымдастырылуын және механикаландырылуын таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:

жұмыс істеп тұрған өндірістің алмасулығы жұмыс кезіндегі тәртібін, көліктер және жүк көтеру құралдарының тиеу мен оларды құрылыс қажеттеріне пайдалану мүмкіндіктерін, тоқтату кезеңінің болуын;

өндірістік орта жағдайын (былғануын, шаңдануын, шу мен тербелістің шектелу мүмкіндіктерін) ;

кәсіпорындағы жерасты инженерлік жол қатынастарының жеткіліктілігін;

салмақ түсіп тұрған іргетастарға жақын тұста шпунт қағу мен топырақты ауыр тегістегішпен тығыздау, қазан шұңқыр мен оларды қазу кезінде жұмыс істеп тұрған үймереттер құралымдарының бүтіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін;

жер асты суларының деңгейін төмендету немесе тартып шығарылатын суды зауыттың жалпы су ағатын және селдік канализациясына қосылар алдында тұтандырғышқа құятын уақытша су құбырларын немесе науалар төсеу қажеттігін;

жер қазу жұмыстарын орындау мен технологиясының техника қауіпсіздігін қамтамасыз етумен алдын ала келістірілген қосымша талаптарын.

Қазан шұңқыр мен орлар қазу. Жұмыс істеп тұрған цехтарда жер асты құралымдары мен ғимараттарын тұрғызу кезінде қазан шұңқырлар мен олардың қабырғаларын бекіту мен олардың беріктігіне баса назар аудару керек, өйткені жақын маңдағы салмақ түскен еден учаскелері мен іргетастарға бүтіндігі соған байланысты.

Сулы топырақтан шұңқыр жасаған кезде жер асты суының деңгейін жасанды әдіспен төмендеткен жөн. Су деңгейін төмендету әдісі құрғатылатын қазан шұңқырлардың немесе олардың тереңдігіне және топырақтың сүзгіштік құрамына байланысты таңдалады.

Таршылық жағдайда қабырғаларды бекітуді қазан шұңқырлар мен оларды көлбете қазып, қосымша жұмыстар көлемін қысқарту үшін шығарылған топырақты орнына қайта төгу және еден қабаттарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырған жөн.

Қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға жұмыс іргетасынан төмен деңгейге орлар мен қазан шұңқырлар қазу аталмыш үймереттер мен ғимараттардың қалпы өзгермеуін және толық сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер қарастырылған жұмыс өндірісі жобасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Экскавациялық жабық түрлері қазан шұңқырлар мен орлардың тереңдігіне, шығарылатын топырақтың көлемі мен тобына, қазан шұңқырлар мен орлардың қабырғаларын бекіткіштердің жеткіліктілігіне және жаңғыртылатын үймереттер мен ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты таңдалады.

Қайта жаңғырту учаскесінде жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын қолданыстағы барлық көлік жолдарын бөлшектеу, технологиялық жабдықтарды, үйлердің кірпіш қабырғалары мен аралықтарын бұзу қажет.

Технологиялық жабдықтардың астындағы іргетастарын бұзу. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғырту процесінде бұзылуы тиісқұрылыс құралымдары жұмыс өндірісінің жағдайы мен ерекшелігіне қарай жекелеген құралымдық элементтерін тиісті орындарына пайдалану үшін толық немесе жартылай бұзылатын құралымдарға бөлінеді.

Толық бұзылатын құралымдарға бетон іргетастар жатады. Бұл орайда іргетастардаы бөлшектеу мен бұзу қысылшың жағдайда да, бос алаңда да жүргізіле береді.

Тұтас құйма бетон іргетастарды бұзу үшін бетонды кесектерге, жарықшақтарға бөліп уататын бұзушы жабдықтар қолданылады.

Құрылыс құралымдарын бұзу және бөлшектеу процесі мынандай технологиялық операциялардан тұрады: бұзуға дайындықтан – топырақ пен қоқыстан тазартудан, жапсарлас құралымдардан босатудан, бұзу жұмыстары қамтитын шекаралар мен учаскелерді белгілеуден, шпурлар бұрғылаудан;

материалды бұзудан – жұмыс органын шпурға қосудан, материалға әсер етуден;

материалды бөлшектеуден – материалды уатудан, арматураны жалаңаштау мен одан кейін кесуден, бұзу аймағынан бетонды жинаудан.

Технологиялық жабдықтардың астына туннельдер мен іргетасты орнату. Жұмыстар құрамына мыналар кіреді: қалып орнату; арматура орнату; бетон қоспасын төсеу; жертөле қабырғаларының құрама темірбетон шығырларын құрастыру; туннель аралықтарының темірбетон тақталарын құрастыру.

Қалыптаушы машиналардың астына туннель мен іргетастарды орнату жөніндегі жұмыстар өндірісі басталғанға дейін мынандай дайындық жұмыстары орындалуы тиіс: технологиялық жабдықтарды бөлшектеу; жұмыс істеп тұрған кірпіш қабырғаларды, қоршауларды, іргетастарды, туннель қабырғаларын (бөлшектерін), рельс жолдарын бөлшектеу (бұзу), одан кейін оларды территориядан шығару; құрылыс машиналары мен механизмдері кіретін ойықтар орнату; жер асты жолдарын салу; құрылыс алаңының электр энергиясымен және сумен жабдықталуын қамтамасыз ету; туннель мен іргетастарды орнату үшін қазан шұңқыр қазу; құрылыс материалдары мен құралымдарын қалап орналастыру үшін алаңды тазарту және жоспарлау; алаңға уақытша электр жарығын, өтетін жолдар, т.б. орнату, тиісті белгілер қоя отырып, құрастыру аймағына қоршау орнату; құрамалы элементтерді жеткізу, қалау; құрастыру және такелаждық тетіктерді, жабдықтарды және бұйымдарды жеткілікті мөлшерде дайындау.

Жабдықтардың астына туннель мен іргетастар орнату жұмыстарының құрамында мамандандырылған звенолары бар кешенді бригадамен орындау ұсынылады.

Технологиялық жабдықтардың астына туннель мен іргетастар орнату үшін бірыңғай инвентарлық алмалы-салмалы ағаш металл қалып пайдалану тиімді.

Өндіріс объектілерін қайта жаңғырту кезінде бетондау жұмыстарын НИИСП құралымдары ірі және шағын қалқанды қалыптар пайдаланған тиімді. Оларды қабырға, іргетас, тіреуіш және басқа құралымдарды бетондауға арналған және бірлескен құрастырма ретінде де, бөлек те пайдалануға болады.

Құрылыс құралымдарын нығайту. Темірбетон құралымдарын нығайтудың барынша кең тараған әдістері мыналар болып табылады:

құрамалы және берік темірбетон құралымдарын темірбетон құрсаулармен, үш жақты қабықпен және бір жақты бетонмен бекітіп, қосымша арматура орната отырып бетондау. Нығайту құралымы бетонның класы нығыайтылатын құралымының бетоннан бір класс жоғары болуы, бірақ В15-тен төмен болмауы тиіс, іргетастарды нығайту үшін В12,5 бетонын пайдалануға болады;

шойын элементтермен нығайту: алдын ала темірбетон құрсаулардың тарту қабілетін арттыру үшін екі жақты және бір жақты металл тіректереді; алдын ала тіреуіштердің тарту қабілетін қалпына келтіру үшін құрсауларды; әсіресе, динамикалық және вибрациялық күштер әсер еткенде арқалықтардың тарту қабілетін арттыру үшін металл шпренгельдерді.

Алдын ала ширатылған тіректермен нығайту технологиясы орталық жүктелген бағаналарға арналған, олардың жасанды қабілетін ию әдісін қолданып, 1200кН-ге арттыру үшін пайдаланады.

Металл тіреуіштер құрастыру кезінде жұқа планкалармен қосылатын екі элементтен тұрады. Нығайту бұрыштары ВСт3сп5 маркалы болаттан 8509-86 ГОСТ бойынша, қосу планкалары ВСт3сп маркалы болаттан дайындалады.

Көп қабатты үймереттерде тіреуіштерді нығайтуды төменгі қабаттардан бастау, яғни жұмыс өндірісін төменне жоғары қарай жүргізу керек. Келесі қабатқа материал ашық құрастыру ойығы арқылы тельфермен беріледі.

Аса тар жағдайда құрастыру кезінде металл тіректерді элементтен құрастыруға болады.

Кран астындағы темірбетон арқалықтарын нығайту. Технология ашық кран эскадасының кран астындағы темірбетон арқалығының төменгі белдеуін нығайту жөніндегі жұмысты орындауға арналған.

Кран астындағы темірбетон арқалықты нығайту төменгі белдеуде бетонның үстіңгі қабатын орнатумен тиянақталады.

Төменгі белдеуде бетонның беткі қабатын кран асты арқалығының қалыбы ретінде орнатқанда әдетте аспалы дірілдеткішті ажырамайтын блок-форма қолданылады. Бетон ерітіндісін құралымға қалыптың қабырғалық ернеуіндегі саңылаулар және кран асты арқалығының тік қырлары арқылы қиылады.

Арматуралық жұмыстар сапасы, сондай-ақ бетондық беткі қабаты дайындау және бұрынғы арматураны тазарту жасырын жұмыстар актісімен тіркелуі тиіс.

Тұтас темірбетон жабындарын нығайту. Технология қалыңдығы 120мм қырлы тұтас темірбетон жабындарды олардың төменгі жағына бекітілген металл торлармен ток реттеу арқылы нығайтуды қарастырады.

Жұмыс өндірісі басталғанға дейін: нығайтылытын құралымдарға тым жақын (0,7-1м) өтетін инженерлік-технологиялық коммуникацияларды – металл қаптамалар мен технологиялық жабдықтарды – ағаш қалқандармен берік қорғау; аралықтар арқылы технологиялық құбырлар өтетін тұстарға металл құрсаулар – қалыңдығы 3мм табақ болаттан гильзалар қойып, оларды тіреуге қамыттармен бекітілуі; жұмыс орнын инвентарлық қоршаумен оңашалау және қажетіне қарай технологиялық ойықтарды жабу; жұмыс жүргізілетін аймақта уақытша жарықпен қамтамасыз ету керек.

Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жағдайда тұтас темірбетон жабындар құралымдарын нығайту кезінде жұмыс жүргізуге рұқсат - наряд  алу қажет.

Жұмыс істеп тұрған жағдайда нығайту мынандай технологиялық реттілікпен орындалады:

инвентарьлық ағаштар орнатылады;

темірбетон жабындардың беткі қабаты дайындалады (бетонның коррозиядан бүлінген қорғаныс қабаты берік қабатына дейін тазартылады, қажет болған жағдайда қолданылып жүрген арматуралар тазартылып, тегістеледі); қосымша арматуралардың қосылған тұтастарында арқалықтардың төменгі қырлары 1/2 диаметр ашылады; беткі қабаттың қатпарлығы жеткіліксіз жағдайда кертік жасалады;

арқалықтардың қолданыстағы арматураларының қамыттарына жанасу қырлары бойынша бекіткіш бұрыштар орнатылып, бекітіледі;

жобаға сәйкес қырлы арқалықтардың төменгі бұрыштарына қосымша арматура пісіріп жабыстырылады;

алдын ала дайындалған торлар тірек қырлы бекіткіштердің арасына тартылып, күршектерге бекітіледі; тордың қырлы арқалықтар аралығындағы 10мм-ден артық салбырап тұруын болдырмау үшін ол белдеу – жапсырмалардың көмегімен ПШ-52 құрастыру пистолетінен дюбельдермен атылып, темірбетон тақтаға бекітіледі; бұрыштама фиксаторларға және қырлы арқалықтардың күшейткіш арматураларына арматуралық тор тартылады.

Нығайтылатын құралымдардың беткі қабатын торкреттеу мынандай реттілікпен жүргізіледі: жабын тақтасы – арқалықтардың қабырғалық қырлары. Арқалықтардың төменгі қырларын бетондау алдында торкрет – ерітінді бекігеннен кейін бұрыштық қырларға струпциналармен жұқа асбестті – цемент табақтарынан жасалған қалып қалқандары қойылады. Торкрет – бетон әрқайсысы 15мм-лік қалыңдықпен екі қабат жүргізіледі. Екі қабат алғашқысы әбден бекігеннен кейін салынады. Соңғы қабаттың беті маякпен тегістеліп, ажарланады.    

 

 

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-14 12:45:06     Қаралды-6234

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »