ЖЕР ҮСТІ РЕЗЕРВУАРЛАРЫ МЕН ГАЗГОЛЬДЕРЛЕРДІ ТҰРҒЫЗУ

 

  1. Резервуалар құралымдарын тұрғыздың жалпы принциптері мен әдістері
  2. Тік цилиндрлі резервуарлар мен газгольдерді құрастыру
  3. Сфералық резервуарлар және газгольдерлерді құрастыру
  4. Темірбетонды резервуарларды құрастыру
  5. Жұмыс өндірісінің әдістерін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жабдықтарды таңдау
  6. Объект құрылыс бас жоспары, жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері
  7. Жерүсті резервуарлар мен газгольдерді тұрғызу саласындағы проблемалық мәселелер  

 

  1. Резервуалар құралымдарын тұрғыздың жалпы принциптері мен әдістері

Мұнай, мұнай өнімдерін, газды сақтау үшін аумағы үлкен жерүстінен салынатын түрлі металл сыйымдылықтар: тік цилиндрлі резервуарлар, изотермикалык резервуарлар, цилиндрлі және сфералық газгольдер және баскалар кеңінен қолданылады.

Әдетте осы аталған жабдықтар көлемі үлкен пісірілген табақша темір құрастырмалардан жасалады. Оларды жасаудың және құрастырудың мәселесі көлеміне, салмағына, кәсіпорынның мүмкіндігіне, тасымалдау жағдайларына карай шешіледі. Индустрияландырудың негізгі мұрағаты металлы ұқсату, құрастыру, пісіру, аппаратураларын бақылау жөніндегі жұмыстардың бәрі дерлік бүкіл процестері жоғары дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған зауыттық жағдайда атқарылуын талап етеді.

Құрастыру алаңында орындалатын жұмыстардың жалпы үлесін азайтудың маңызды бағыты - өнеркәсіп беретін ірі блокты жабдықтарды құрастыру тәсілін практикаға енгізу. Мұндай блоктарға бір немесе бірнеше технологиялык аппараттар іске қосылуы мүмкін.

Толық құрастырылған аппараттарды немесе сыйымдылықтарды жеткізу қиындық келтірген және тиімсіз болған жағдайда, құрастыру, пісіру жұмыстарының көпшілік бөлігі зауыттык жағдайда орындауды қамтамасыз ететін техникалық шешім қолданылады. Осындай тиімділігі жоғары шешім кабылдаудың бір мысалы - аумағы үлкен болат тік резервуарларды оралмалы жалпақтемірлерден түбі мен кабырғаларын зауытта жасаудың отандық технологиясын қолдану.

Технологиялык аппаратураларды, сыйымдылық ғимараттарын жасау мен құрастыру әдістері ұдайы жетілдіріп отырады. Еңбекті және жұмыстың кұнын кеміту, құрылыс мерзімін қысқарту, пісіру жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруға, зауыттық дайындығының құрастыру және тасымал технологиялығын арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Мұндай жағдайда құрастырулық технологияға сәйкестігін жабдықты жеткізу және жобада қарастырылғандай орналастыру, технологиялык линияны жасау және оны пайдалануға бер жөніндегі жұмыстарды аз шығын жұмсай отырып орындаумен сипатталатын жабдықтың сапасын айқындайтын көрсеткіштердің жиынтығы ретінде қарастырған жөн.

Тасымал технологиясы - жабдықты құрастыру объектісіне жеткізілуге жарамдылығын көрсететін дербес категория болып табылады.

Зауыттық дайындық жұмыстардың аяқталғандығын білдіреді, өйткені құрастыру дайындығы құрастыру технологиясының анағұрлым тиімді талаптарына сәйкестігін, яғни жабдықтың тасымалдау, орнату, бүру, құрастыру пісіру жұмыстарын атқаруға, ыстықтай өндеуге және тағы басқаларға арналған құралдармен камтамасыз етілгендігін көрсетеді.

  1. Тік цилиндрлі резервуарлар мен газгольдерді құрастыру

Сыйымдылығы 5-100 мың текше метрлік тік цилиндрлі резервуарлардың, кабырғасының биіктігі 12 және 18 метр, диа­метр! 23-89 метр болып келеді.

Резервуарлар нығыздалған кұм немесе қиыршық тасты тұғырға құрастырылады. Оның түбін тоттанудан сақтау үшін астынғы жағы мазутпен немесе гидрофобты коспамен сіндіріледі де кеспекпен тапталады. Бұдан баска резервуардың табаны ортасынан есептегенде 1-2 пайыз шамасында көлбеулете орнықтырылады.

Құрылысы оралмалы резервуарлар әдетте құрылыс алаңына платформаларға тиеліп теміржол бойымен жеткізіледі. Темір жолдан құрастыру орнына оларды трейлермен апарады.

Құрылысы оралмалы түбін тікелей тұғырға кондырады. Егер түбі бірнеше бөліктен тұратын болса, онда оларды шығырдың, тростың және трактордың көмегімен жылжыта отырып, 40 миллиметрлік темірді дәнекерлеу арқылы жобалық жағдайға келтіреді.

Сыйымдылығы 10-50 мың текше метрлік резервуарларда түбінің айналасы анағұрлым калың жиектік, жеке-жеке келіп түсетін сегменттерден құрастырылады. Олар түбінің орталык бөлігімен сырылып, ал өзара жалғастырыла пісіріледі. Резервуарлардың мұндай түбін құрастыруды жиектік сегменттерден тұратын сақинаны жайып салудан, оларды дөңестендіруден және пісіру арқылы жалғастырудан бастайды.

Түбінің орталық бөлігін жиектік сегменттермен уақытша жалғастырып қояды, бұл түбінің бөліктерін пісіру кезінде еркін орындарын алмастырып отыруға мүмкіндік береді.

Сыйымдылығы 5 мың текше метрлік резервуар корпусы құрастыру алаңына салмағы 45-50 тонналық болып, оралмалы жалпақтемір күйінде бір ғана құрастыру элементімен келіп түседі. Кейде оған түбінің жалпак темірін де бұрап бекітеді. Сыйымдылығы 10 мың текше метрлік және аумағы анағұрлым үлкен әрі корпусының қабырғалары қалың болып келуі оның салмағын арттырып жібереді. Сондықтан да мұндай резервуарлардың корпустарын зауыттарда жасап, құрастыруға әркайсысының салмағы 50 тонналық етіп оралмалы табақша темір түрінде жеке-жеке жіберіледі.

Оралмалы элементтерден тұратын резервуарлардың қабырғаларын мынадай тәртіппен құрастырады: орамды көтеруге дайындау; оны тігінен кою; орамасын жазу, жабу құралымын құрастыру; құрастыру корпусын түйістіру және пісіру, сақиналы таңбалы тігісін пісіру; түбінің орталық бөлігімен жалғастыратын сегменттер жиегінің тігісін пісіру.

Сыйымдылығы 100-700 текше метрлік резервуарлардың оралмалы кабырғаларын өздігінен жүретін жүк көтергіштігі шағын және орташа крандармен орнатуға болады, үлкен резервуарлардың оралмалы қабырғаларын шығырдың бойын айналдыра отырып жүк көтергіштігі үлкен крандармен орындайды, ал кран болмаған жағдайда бүл әдіс шевраның (А-тектес жебе) көмегімен жүзеге асырылады.

Орамды жазу үшін уакытша дәнекерленген сырғалыққа өткізу арқылы трактордың күші пайдаланылады. Бұл жұмысты ұзындығы 6 метр шамасында етіп кезең-кезеңмен аткарады, бұдан соң жоғарғы және төменгі жағын бекітеді. Биіктігі 18 метрлік орамды ұзындығы 1,5-2 метр етіп бөліп-бөліп жазу ұсынылады.

Корпустың төменгі жиегі түбінің жиектері бойына пісірілген шектегіштерге тіреліп, капсырғыштармен бекітіледі. Қажет бол­ған жағдайда корпустың жиегі шектегішке сынаның немесе домкраттың көмегімен қосымша қысылады.

Ал жазылған темірдің жоғарғы жиегін жазылымының ауқымына қарай орнатылатын жаппа қалқаншаларының көмегімен көмкереді.

Қалқаншалар кранмен көтеріліп, корпустың жоғарғы басындағы қапсырғыштарға тіреледі, ал екінші шетімен уақытша қойылған орталық жаппа тіреуіне табан тірейді. Төбесі сфера тектес етіп жабылған сыйымдылығы 10 және 20 мың текше метрлік резервуарлардың қабырғалық жоғарғы жиектерін ішкі тірек сақинасының элементтеріне бекітеді. Қалқымалы қақпағы бар резервуарларда жоғарғы жиектерін бекіту үшін сақиналы аланның сыртқы жағына берік тірек орнатады.

Қабырғаларды құрастырудың соңғы жұмысы - тік құрастыру түйісулерін пісіру. Көлемі шағын резервуарларда олардың қабырғаларына жанаспа темірді пісіру арқылы орындайды. Ал көлемі 10 мың және одан да көп резервуарларда қабырғаларын түйістіре отырып пісіреді.

Буланып ұшуына жол бермеу үшін "мөлдір" өнімдерді сақтауға арналған резервуардың тұрақты қақпағына қосымша понтон қойылады, өйткені олардың бір ғана қалқымалы қақпағы болады. Отандық резервуарларға ойылған понтондар мен қалқымалы қақпақтар құрылысы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Олар қалыңдығы 4-5 милиметрлік жұқа металдан жасалған дөңгелек болып келеді. Жоғарғы жағы ашық немесе жабық сақина тектес қорапшаларының жиегі көмкеріледі. Ал қалқымалы қақпақтарға тек жабык қораптар қолданылады.

Понтонның немесе қалқымалы қақпақтың орталық бөлігін ораулы күйінде жеткізіп, резервуардың бұдан бұрын құрастырылған түбінің үстінде жатады. Құрастыру жалғастыруын дәнекерлеу арқылы орындайды.

Понтонның немесе қалқымалы қақпақтың айналасына сақиналық кеңістікті резервуар қабырғасы мен понтон жиегінің саңылауын жауып тұратын нығыздағыш сұқпа орнатады.

Қазіргі уақытта сыйымдылығы үлкен (50 мың текше метр) резервуарларды құрастыру кезінде қабырғасының төбесі тектес тор көзді кондукторлардың үстінде орамды табақты тегістеп жазу әдісі қолданылады. Тек осыдан кейін барып үстінде жазылған орамы бар кондуктор қабырға бойымен  жобалық жағдайға сәйкес жоғары көтеріледі.

Кондуктор ( сурет) бірнеше тегіс, өзара өтпелермен және байланыстармен жалғастырылған, кеңістікті құрылым іспетті фермалардан тұрады. Фермалардың жоғарғы белдігі - қисық сызықты және резервуар қабырғаларының қисықтығына қарай сәйкестендеріліп жасалынған, ал төменгілері - түзу сызықты болып келеді. Кондуктордың аумағы бір орамнан жазылған жалпақ темірді орналастыруға мүмкіндік береді.

Орамды роликті қабырғаға төсеп, екі шығырдың көмегімен жазады және кондукторға қарай созады. Жалпақ темірдің екі басын түзетіп, түбіндегі орамдардан алынған цилиндрлі қасбетті қырнайды. Кондуктордағы жалпақ темірге жоғарғы сақиналық алаңның және аралық сақина темірлерінің элементтерін бекітіп пісіреді. Құрастыру кезінде жалпақ темірді уақытша кондукторға бекітіп қояды.

Жалпақ темірі бар кондукторды шығырдың көмегімен түбінің жиегінде орналасқан төменгі тірегі бойымен бұрады. Тігінен койылған жалпақ темірді бір жиегінен қабырға бөлігіне күні бұрын құрастырылған тік жиекпен жалғастырады. Жалпақ темірдің төменгі жиегін түбінің шетімен қосарлап тартып тастайды. Жалпақтемірдің тік жоғарғы жиегін уакытша койылған тіреуге бекітеді. Мандайшаны жалпақтемірден ағытып, қабырғаның келесі бөлігін құрастыру үшін түбіне керекті жағдайына сәйкестендіре төсейді. Бұл процесс бұдан кейін де қайталанады.

Осы технология құрастыру және пісіру жұмыстарының елеулі бөлігін жер бетіндегі қолайлы да қауіпсіз жағдайда орындауға, резервуар элементтерін құрастыруды жалпы құрылыс жұмыстарымен үштастыруға мүмкіндік береді.

1-сурет. Кондуктор үстінде сыйымдылығы 50 мың м3 резерруардың қабырға секциясын көлденең қалпына келтіріп жазу үлгісі: 1 - рулон стенді; 2 - кондуктордың қисық сызықты жоғарғы белдігі; 3 -кондуктордың қисық сызықты төменгі белдігі; 4 - айналатын топсалар; 5 -орамды жазуға арналған лебедканың тартпа арқандары; 6 - орам; 7 - ұстап тұратын арқан тартпалары (тракторге немесе лебедкаға); 8 - қысу роликтері

 

Газгольдерлер түрлі газдарды кабылдауға, сақтауға және босатуға қызмет етеді. Қауіпсіз әрі сенімді жұмысты қамтамасыз ететін дымқыл деп аталатын газгольдерлер көп жағдайда кеңінен қолданылады. Бұл осы технологиялық әдіспен дымқыл газгольдерлерді жасауға және құрастыруға: тегіс (түбі) және цилиндрлі (резервуар қабырғаларын, телескопты және күмбезін) элементтерін пісіруге мүмкіндік береді. Сыйымдылығы 30 мың текше метрлік дымқыл газгольдерлерді бірыңғай жоба бойынша тұрғызады.

Газгольдер түбінің және резервуар қабырғаларының, телескопының және күмбезінің оралымды жалпақтемірлерін орамға арналған әдеттегі стенділерде дайындайды.

Бір буынды, сыйымдылығы 1 мың текше метрге дейін жететін газгольдерлердің түбін тұтас жалпақтемір түрінде жасайды. Түбінің, резервуары мен күмбезінің қабырғаларының салмағы мынандай: осы газгольдердің барлық үш жалпақтемірін бір орам етіп оралған күйінде құрастыру алаңына жеткізуге болады. Маңдайшасына алдымен күмбезін, бұдан кейін резер­вуар қабырғаларын, ал сыртынан түбін бекітеді.

Сыйымдылығы 3 мың текше метрлік газгольдерлердің түбін бірнеше бөлік етіп дайындайды және бір дербес орам етіп орайды немесе газгольдердің баска да цилиндрлі элементтерімен косып орайды. Резервуар қабырғаларын әдетте шахталы баспалдақтың маңдайшасына бекітеді. Түбі мен күмбезінің маңдайша ретіндегі орамдары үшін сақиналы белдіктері бар кұбырлы тіреу қолданылады. Осы тіреулердің біреуі сфералық жабу маң-дайшасын құрастыру кезінде қолданылады.

Жиектік сегменттер (жаппаның) жеке-жеке сегменттер түрінде беріледі, бұдан кейін құрастыру алаңында одан әрі қатайып бекітіледі. Орталық бөлігінің табақшалы жаппасын орамтүрінде жасауға болады.

Сыртқы және ішкі бағыттаушы, байланыс ригельдері және басқа құрамдары әдеттегі металл құрамалар түрінде орындалады.

Оралым түрінде дайындалған газгольдерлердің түбін құрастыру резервуар түбін құрастыруға өте ұқсас. Құрылыс алаңына жеткізілген тұтас түпті бірден жобалық жағдайға сәйкес етіп кондырады.Бірнеше бөліктен тұратын газгольдерлердің түбін құрастырып, ең алдымен бүйір бөліктерін, бұдан соң орталық бөлігін бірден жобалық жағдайға келтіреді. Бүкіл темірді жобалық жағдайға келтіруді негізгі тірек бойымен орамды бірнеше рет домалату арқылы жүзеге асырады.

Оралымды құралымнан тұратын газгольдерлерді құрастырудың ерекшелігі сол, оның түбіне екіден беске дейінгі бірнеше орам бірден қойылады.

Телескоп пен күмбездің орамдарын жалпақ темірді жазуды камтамасыз ететін арнайы түғырларға орнықтырады, сөйтіп те­лескоп пен күмбез жобалық жағдайға келтіріледі.

Оралымдарды әдетте крандармен көтереді, бұдан кейін құрастыру үшін газгольдерлердің жаппасы мен басқа да құрамалары пайдаланылады. Оралымдарды орнықтыру үшін шевра (А-үлгілі жебе) қолданылады.

Түбінің ортасына құрастыру кезінде газгольдердің жаппа­сын ұстап тұруға арналған құрастыру тіреуі орнатылады.

Тіреудің жоғарғы бүйіріне тіреу сақинасы бар балак бекітіледі. Бұған бұранда арқылы пісірудің көмегімен жаппа секторының төбесі бекітіледі. Жаппаны құрылыска сәйкестендіре дөңестейді, ол газгольдердің диаметріне қарай 50-ден 150 миллиметрге дейін тең сипатт алады.

2-сурет. Оралмаларды тізбектей (а) және жарыспалы (б) жазу арқылы оралынған құралымдардан ылғалды газгольдерді құрастыру: 1 - түбі; 2 - бағыттаушылары бар резервуар қабырғасы; 3 - телескоп сусұқпасы; 4 - төсеніштер; 5 - телескоп оралмасы; 6 - бұрып жіберетіп блоктар; 7 - арқан; 8 - трактор; 9 - қоңырау сұкпасы; 10 - коңырау оралмасы; 11 -орталық құрастыру тірегі; 12 - коңыраудың жамылғы итаркасы

 

Газгольдердің цилиндрлі каптамасының орамдарын екі тәсілмен жазуға: параллель және біртіндеп жазуға болады (2-сурет). Телескоп пен күмбез қабырғаларын біртіндеп жазу тәсілмен тұрғызған жағдайда бұл жұмысты резервуарда құрастыруға және оған сақиналы алаңды орнықтырғаннан кейін атқарады. Параллель түрінде жазған уақытта резервуар, телескоп және күмбез қабырғаларын құрастыруды бір мезгілде жүргізеді. Жазылған жалпақ темірдің тігінен қойылуын кергішке бекітілген бұрандалы тартпалармен реттейді.

Резервуардың қабырғаларын жазу процесі кезінде сақиналы алаң жасалады. Бұл қабырғалардың жоғарғы жиектерінің дұрыс қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Резервуардың жалпақ темірін жазуға қарай сақиналы алаңды құрастыру арқылы желдің күшіне қарсы қосымша төзімділігі артады.

Телескопты құрастыру тіреу сақинасын төсеуден басталады, бұдан кейін қабырғаларының оралмалы жалпақтемірлерін жазып, оған бағыттаушы роликтер орнатады және жоғарғы гидробекіткіш құрастырылады. Жекеленген сегменттерден тұратын телескоптың тіреу сақинасын сегменттер арасындары құрастыру түйісулерінің жобалық орналасуын ескере отырып қос таңбалы төсенішке кояды.

Телескоп полотносының төменгі жиектерін тіреу сақинасының белгіленген жиектері бойымен электрлі пісірумен ұстатады. Жоғарғы жиегіне резервуардың қабырғаларына пісірілінетін бұрыштардан тұратын радиальды тіреу орнатылады. Олардың ұзындығы резервуар мен телескоп қабырғалары арасындары жобалық кашықтыққа сәйкес келеді. Жазып орнатуына қарай телескоп учаскелерінде ішкі бағыттағыштар құрастырылады.

Гидро бекіткіштерді құрастыру  анағұрлым жауапты жұмыс, өйткені оның тыңғылықты орындалуы газгольдерлердің қалыпты пайдаланылу сенімділігі арттырады. Гидробекіткіштерді кондуктордағы ірілендірілген блоктармен құрастыру анағұрлым тиімді.

Күмбезінің орамасын да телескоп орамасы сияқты жазады. Жазу процесі кезінде күмбездің төменгі жиегін белгіленген жиектері бойымен гидробекіткішке электрлі пісіргішпен ұстатады.

Күмбездің жапқышын құрастыру алдын ала ірілендірілген блоктармен жүргізеді. Блоктың мөлшері жапқыштың құралымына байланысты болып келеді. Жапкыштың кіші блок секто­ры бірін-бірі ұстап тұратын жартылай фермалардан және оларды жалғастыратын тартпалардан тұрады.

 

  1. Сфералық резервуарлар және газгольдерлерді құрастыру

 

Сфералық сыйымдылық ғимараттары   резервуарлар мен газгольдерлер тез тұтанатын сұйықтарды, сұйытылған және сығымдалған газды сақтау, сондай-ақ ішкі қысымы жоғары жекелеген технологиялық процестерді жүргізу үшін пайдаланылады. Бұлардың сфералық қалыпты ішкі артық қысымға төзімділікті және құрылым элементтеріне күштің біркелкі түсуін камтамасыз етеді.

Сфералық каптамасының құрылымдық шешімі мен геометриялық пішіні жекелеген құрамдас элементтерін дайындаудың тәсілі мен мүмкіндігіне байланысты. Қажетті қиыктарының бөлшектері әдетте зауыттарда ыстықтай қалыптау немесе арнайы жаныстау арқылы дайындалады.

Қалыптау тәсілімен қаптаманы дайындау кезінде кескіндеудің: параллельді-меридианалдық, меридианалы-экваторлық, меридианалдық және "футбол добы" тектес үлгілері қолданылады(3-сурет). Қаптаманы тік немесе көлбеу тіреуге, болмаса тіреу сақинасына кояды.

Қалыпталған киықтардан сфералық каптамаларды құрастыру технологиясы құралымына, блоктарының ірілендірілген мөлшері мен тәсіліне қарай мына үлгілер бойынша жүргізіледі: жекеленген немесе блок етіп ірілендірілген элементтерден жобалық жағдайға сәйкес іргетастар құрастырады;

сақиналық кабырғаларда жинастырылған сегменттерден іргетаска каптамасы құрастырылады;

іргетаска жобалық жағдайға орнатылатын жартылай шарлардан құрастыру;

қаптаманы іргетастан тыс құрастыру және тұтас күйінде оны жобалық жағдайға сәйкес орналастыру.

Сфералық каптаманың зауыттық элементтерін олардын мөлшеріне қарай екі төрт элементтерден тұратындай етіп ірілендірілген және блок түрінде екі жағынан автоматты пісірумен жалғастырған тиімді.

Ыстықтай қалыптау тәсілімен дайындалған параллельді меридианалдық пішіндеудің сфералық элементтерін кондукторлардағы құрастыру құрылғыларының жәрдемімен ірілендіріп, тербелмелі қабырғаның төменгі жағындағы флюстің астынан ав­томатты пісіргішпен ұстатады.

Алдын ала ірілендірудің ең аукымды түрі каптаманы жарты­лай шар етіп құрастырғанда кездеседі. Арнайы, алдын-ала тексерілген стендідегі төсенішті айналдыра, резервуар диаметрінен 300-400 миллиметр артық болатындай етіп каптаманың екі жартылай шарын құрастырады. Диаметральды тігісі бар қалыпталған қиықтардан тұратын каптамаларды құрастыру кезінде сфераның ортасына каптаманың тубіне (табанына) бекітілген тіреу орнатылады. Төменгі жартылай сфераны төңкерілген күйінде құрастырады, сондықтан да сараптаманың екі бөлігін құрастырудың тәртібі бірдей.

3-сурет. Шар тәрізді ыдыстардың қабырғаларын пішу түрлері: а - жарыспалы-меридианалдық; б – меридианаль экваториалдық; в - меридианалдық; г - "футбол добы"

 

Қаптаманы одан әрі құрастырудың жұмысы мынадай болып келеді. Төменгі жартылай шарды жылжытып отырады, бұл үшін кран ілмегінің арқаны және тежегіш тартпалардың қапсырмасы кигізілетін құлақ пісіріледі. Бұдан кейін төңкерілген жартылай сфераны сақинаның ішіне құрастырыған манипуляторға кондырады. Манипуляторда каптаманы құрастыру одан әрі жалғастырылып, бұдан кейін соның көмегімен автоматты пісіру жұмыстарын орындау үшін қаптаманы айналдырады. Жоғарғы жар­ты шарды төменгісінің үстіне шығарып, экваторлы тігісінің екі жиегін қаққыштардың көмегімен сәйкестендіріп, құрастыру құралымдарына қосылады. Қажет болған жағдайда қиыспайтын жерлерін капсырмалардың және бұрандалы тартпалардың көмегімен түзетеді. Осыдан кейін тігісін ішкі жағынан пісіреді, құрастыру құрылғыларын алады, ағашын бөлшектейді. Ішіне шихталық баспалдақ және пісіру жұмыстарын жүргізетін ка­бина орнатылады. Сөйтіп қаптаманы автоматты пісіру жұмыстарын орындайды. Бұдан кейін каптаманы манипулятордың көмегімен жобалық жағдайға дейін бұрып, тіреу бағаналарымен жалғастырады. Манипулятордың тіреуішін босата отырып каптаманың салмағын осы тіреулерге түсіреді, бұдан соң манипуляторды бөлшектейді.

Жаншып қаталған қиыктардан тұратын сфералық каптамаларды құрастыру мынадай үлгі арқылы жүзеге асырылады:

алдын ала ірілендірілген блоктар түріндегі жартылай шарлардан;

өсі көлденең орналасқан жеке дайындықтар мен блоктардан;

өсі тік орналаскан жеке дайындықтар мен блоктардан.

Бірінші үлгі бойынша жартылай шарды іргетастан тыс құрастырады, басқа үлгілерде жұмысты іргетас сақинасында, одан тысқары жерлерде орындауға болады. Жаншып каталған киықшалардан тұратын жартылай шарды стендіде шеттері бойынша шектеулері бар рама түрінде жүргізеді. Қарастырылған екі жар­тылай шарды меридиандық сызықтары бойымен өзара беттестіреді. Манипуляторды айналдыру арқылы автоматты пісіруді қалыпталған қиықшаларды дайындау кезіндегідей тәсілмен орындайды.

4-сурет. Көлденең өсінің айналасында айналдыра отырып сфералық қабықшаны құрастыру және механикаланған пісіру үлгіcі: I, II - жапырақтардың ұлғайтылған блоктары; 1 - уақытша тіректер; 2 -жұмыс орны; 3 - стопорлық құрылғылары; 4 - уақытша топса

5-сурет. Өсі тік орналасқан сфералық резервуардың қабықшасын құрастыру:

1 - тірек; 2 - жоғарғы және теменгі түптері; 3 - айналмалы құрастыру бесігі; 4 - ұлғайтылған жапырақтар блогы

 

Өсі көлденең орналасқан жағдайда сфералық  каптаманы құрастыру тірек сақинасында немесе манипуляторда жүргізіледі. Манипуляторды құрастырған кезде блоктар уақытша каптаманың орнықтылығын арттыру үшін жобалық тірек бағаналарына бекітіледі.

Өсі көлденең орналаскан сфералық резервуарларды құрастыруда мезгіл-мезгіл бұрып отыру арқылы каптама қиықтарын құрастыру және пісіру тәсілі қолданылады (4-сурет).

Өсі тік орналасқан каптаманы құрастыруды ортаңғы бағанасын орнатудан бастайды. Өйткені одан жоғарғы және төменгі табандары, сондай-ақ бұрылмалы бесікшесі бар ішкі байқау баспалдағы бекітіледі. Бағана төменгі жағынан уақытша тіреуге бекітіледі, ал оның жоғарғы жағы керме арқан ұстап тұрады (5-сурет).

 

  1. Темірбетонды резервуарларды құрастыру

Халық шаруашылығының кажеттері үшін түрлі сыйымдылық ғимараттарын тұрғызу мақсатында темірбетон құрамалары кеңінен колданылады. Мысалы, суды, сұйык отынды, түрлі химиялық ерітінділерді, өндіріс қалдықтарын сақтау үшін курамалы темірбетоннан тұратын резервуарлар жобаланады және салынады. Мұндай резервуарлар топырақка көмілуі немесе жартылай көмілуі мүмкін.

Типті құрамалы темірбетоннан тұратын цилиндрлі резерву­арлар сыйымдылығы 5, 10, 20 және 30 мың текше метр етіп тұрғызылады. Резервуарлардың диаметрі оның сыйымдылығына қарай 66 метірге, бағанасының ішкі биіктігі 7-10 метірге жетеді.

Жерге көмілген резервуарларды тұрғызу мына үш негізгі әдіс бойынша: қазаншұңқыр қазу, кұдық жасау және "топырақтары қабырға" тұрғызу арқылы жүргізіледі.

Жерге тереңдете көмілген резервуарлардың құрылысын жүргізген кезде дренаждар жасау мен қажетті жағдайда судың шығуын азайтатын шараларды қоса аткаратын жер қазу жұмыстары, кұм төсеніш және бетон төсеуге дайындау, арматуралық жұмыстар мен түбін бетондау; судан қорғау қондырғыларын орнату; құрамалы темірбетон құралымдарды құрастыру; алдын ала сақиналық арматураларды кигізу арқылы қабырғалық панельдердің түйіскен жерлерін бітеу; түбінің қабырғалық бөлігін уакытша қысу және бетондау; қабырға панельдерінің ішкі жағының түйіскен жерлерін торкреттеу; сақиналы ширатылған арматураны тырмалау және резервуар қабырғаларының

Сыртқы жағын торкреттеу; қорғау қондырғысын жасау, топырағын нығыздай отырып, қайталап топырақ төгу және кұлама жасау сияқты құрылыс-құрастыру жұмыстарының бәрі де толық атқарылады.

Сыйымдылығы 30 мың текше метрлік темір бетон резерву­ар мысалы негізінде құрастырудың ретімен танысып көрелік. Ол құрамалы темірбетоннан жасалады, диаметрі 66 және биіктігі 10 метр болып келеді әрі кейіннен топырақпен көмкерілетін жартылай жерге көмілген болып келеді. Іргетас аракашықтығы 6 метрден стакан түрінде құрастырылатындай етіп жобаланады. Айнала төңірегі 3, 9, 15, 21, 27 және 33 метрлік радиусты алады. Бағаналарға арқалықтар төселіп, оларға такталы жапқыштар, бұдан кейіи қабырғалық панельдер қойылады.

Құрамалы құралымдарды құрастыру төмендегідей ретпен СКГ-40 жыланбауыр табанды кран көмегімен орындалады (6-суретті қараңыз). Бағаналар, арқалықтар, жабын тақталары 3, 9, 15, 21 және 27 метрлік ра­диус бойымен ортадан   орнатылады, түбіне кран

кіргізіледі. Сонымен бірге кран және тасымалдау құралдары са­қина бағыты бойымен құрастыру жұмысы кезінде жылжып отырады. 33 метрлік ра­диус бойынша тұлғасы және қабырғаларының панельдері кранның резервуар сыртынан    жүріп тұруы арқылы құрастырылады. Ал құралымдарды жеткізетін көлік бұл жағдайда қазаншұңқырлардың бойымен  қозғалыста болады.

6-сурет. Сыйымдылығы 30 мың т темірбетон резервуарын құрастыру:

I-IV құрастыру жүйесі: 1 - бағаналар -тіректер; 2 - кран жолдары; 3 - жабын тақталары; 4 - құрастырушы жыланбауыр табанды кран; 5 - қабырға панелі

Құрастырылған бағаналарды іргетастардың құрастырғыш ілмегіне және салмағы 4-5 тонналық ауыспалы темірбетон блоктарына бекітілген қамыттардың көрмелеріне бекітіледі. Тақталар мен аркалықтарды жылжымалы мінбелер мен икемделген баспалдақтардың көмегімен орнатады. Қабырғалық панельдер бір-бірімен арматура қоса отырып пісіру арқылы жалғастырылады, бұдан кейін тік қималарын бетондайды.

Қабырғалық панельдерін резервуардың тубіне кранды кіргізу арқылы да құрастыруға болады. Бұл жағдайда панельдерді қабырғалардың құрастырылатын екі жағынан төсенішке етпетінен жатқызады: сырт жағынан  қазаншұңқырдың топырағында, ал ішкі жағынан резервуардың тубіне. Панельді резервуардың сырт жағынан жатқызу үшін қазаншұңқырды 3-4 метрге кеңейтеді. Алайда бұл әдіс жер қазу жұмыстарының ауқымын көбейтуге соқтырады, сондықтан да панельдерді резервуардың табанына тік күйінде арнайы кассеталарға жинастырған тиімді.

Барлық құрама элементтерін құрастыруды аяқтағаннан кейін қабырғаларына сақиналы арматураны орап, оны арнайы ширату машинасының көмегімен тартады. Сөйтіп қабырғаларды, түбін, төбесін сығымдайды. Осыдан кейін резервуардың ішкі және сыртқы беттерін  ерітіндімен өңдейді.

 

5. Жұмыс өндірісінің әдістерін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жабдықтарды таңдау

 

Резервуарларды тұрғызудың негізгі екі әдісі - жекелеген табақшалардан және орамалы дайындамадан салу белгілі. Табақшалы әдіспен тұрғызған жағдайда құрылыс алаңына қақталған табақшалар түрінде резервуарлардың жекелеген элементтері келіп түседі. Түрлі көтергіш механизмдер мен қондырғылардың көмегімен резервуарлардың жекеленген табақшалары жобалық жағдайға келтіріліп орнатады да, өзара пісіріледі. Мұндай әдіс құрастыру алаңында жұмыс келемін көбейтіп жібереді. Сондықтан да қазіргі уақытта біздің елімізде жеке-жеке табақшалардан құрастыру орамалы дайындамаларды жеткізу қиынға соғатын шалғай аудандарда жеке-дара сыйымдылықтар жасау тура келген сирек жағдайларда ғана қолданылады.

Тік болаттан жасалған резервуарларды қазір оралмалы дайындамалардан индустриялық әдіспен құрастырады. Бұл жағдайда резервуардың тұлғасы мен түбі автоматты пісіргіштерді қолдана отырып арнайы кондырғыларда металл құрамаларының зауыттарында дайындап, орамалар түрінде жеткізеді. Сыйымдылығы 10 мың текше метрлік резервуарлардың тұлғасы (корпусы) арнайы сақинамен шегенделген екі орама, сыйымдылығы 3-5 мыңтекше метрліктері шахталы баспалдақпен ше­генделген бір, ал сыйымдылығы 300-1000 текше метрлігі орталық тұғырға шегенделген бір орама түрінде келіп түседі.

Орамалы дайындамадан жасалатын резервуарларды құрастырудың басым артықшылығы бар. Еңбекті азайтуда және ұзақтығы жағынан блокты әдіспен құрастыруды қолданған тиімді. Бұл жағдайда құбырлы өткізгіштерімен, қосалқы құралымдарымен, бастапқы бақылау құралдарымен агретатталған жабдықтар түрінде блок болып жеткізілуі жұмыстың тиімділігін барынша арттырады.

Құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізудің және ұйымдастырудың әдістерін таңдауға объекті құрылысының орналасқан жері және объекті территориясына аумағы үлкен құралымдарды орналастыру елеулі ықпал етеді.

Салынатын объектінің су жолдарына жақын орналасуы құрастыру жұмысының тиімділігін көп жақсартады.

Жекелеген блоктар және бөліктер түрінде ауқымы үлкен құралымдарды жеткізу кезінде оларды құрастыру және ірілендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті мамандан-дырылған құрастыру ұйымының болуы өте маңызды. Өйткені оларды орталықтандырылған түрде жеткізу жұмысын бұларды беруші зауыттар атқарады.

Сфералық каптаманы құрастыруға арналған құрастыру,пісіру жұмыстарының әдістерін таңдауда көптеген факторларға, оның ішінде аппараттың техникалық сипаттамасы мен құралымдық ерекшеліктеріне, пішіндеунің геометриялық үлгісіне, құрастыру мен пісіруге арналған бұйымдар мен механикалық құралдарының объектіге берілу түрлеріне байланысты.

Сфералық резервуарлардың түлғасын құрастыру алаңына сфералық дайындама табакша түрінде келіп түседі.

Сфералық резервуарладың каптамасын құрастыру үшін бірнеше үлгілер қолданылады. Алайда олардың бәрі іс жүзінде табакшалары үлкен немесе кіші мөлшердегі блоктар түрінде алдын ала ірілендіруге, бұдан кейін оларды каптаманың өзінде жобалық жағдайға сәйкес құрастыруға байланысты.

Осы жерде мынаны атап айтқан абзал: өсі тік орналасқан сфералық қаптаманы құрастырудың техникалық-экономикалық артықшылығы бар, ең алдымен өсі көлденең орналаскан кездегі құрастыруға кажетті көптеген ішкі көпіршелер қондырғылары керек болмайды.

Құрамалы темірбетоннан резервуарларды тұрғызуды құрастыру тәсілін оның сыйымдылығын, құрылыс алаңының құралымдық, топырақтық жағдайын ескере отырып таңдап алу кажет. Қазаншұңқырлы резервуарларды ашық тәсілмен тұрғызатын болған жағдайда құрылысты 8 метр тереңдікте жүргізген кезде және су шығуын немесе судан арылтуын қолдан аткдруға бай­ланысты жұмыстар көп жағдайда қымбатқа түсетін болғанда крлданады. Сондықтан да құрамалы темірбетоннан резервуарда тұрғызудың әдістерін таңдау құрылыстың жергілікті жағдайын ескере отырып техникалық және экономикалық жағынан негізделген болуы шарт.

 

  1. Объект құрылыс бас жоспары, жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Жер үсті резервуарлары мен газгольдерлерін тұрғызуға бай­ланысты құрылыс-құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың принципті мәселелерін шешуге салынатын объектілердің орна­ласкан жері және құрылыс алаңдарына аумағы үлкен құрамаларды орналастыру елеулі ыкпал етеді.

Құрылыстың бас жоспарын жасау кәсіпорындарының бас жоспарына сәйкес орындалуы керек. Бұл жағдайда жекелеген бөліктер түрінде келіп түсетін құрамалар блоктарын ірілендіруге арналған алаңшаларды дұрыс таңдауға, салынып жаткан кәсіпорынның қоймасынан ірілендіруге тиісті жабдықтарды оған тасудың ыңғайлы болуына, бұдан кейін орнатылатын жерге жобаға сәйкес тұрғызуға айрыкша назар аударылуы керек. Жабдықтарды жеткізуге арналған уақытша темір жолдар мен авто­мобиль жолдарын сайлау мәселесі де тыңғылықты ойластырылғаны жөн.

Салмағы ауыр, аумағы үлкен жабдықтарды тасымалдау мәселесін жобалау сатысында шешу жабдықты тасымалдау мен құрастыруға жауапты зауыттар дайындаушылармен және ұйымдармен келісу қажет. Сонымен қатар әртүрлі тасымал құралдарын пайдалана отырып жабдықтарды жеткізудің мүмкіндіктерін де қарастырған абзал.

Құрылыстың бас жоспарында ірілендірілген құрастырма жұмыстарын атқаратын алаңшалардан басқа құбырлы өткізгіштер мен құралымдарды сақтауға және ірілендіруге, технологиялық блоктар мен коммуникацияларды жинастыруға, жабдықтар мен құбырлы өткізгіштерді құрастыру мен жеке-жеке сынаудан откізуге арналған жерлер де көрсетіледі.

Осы жұмыстардың барлығы да таскынды әдіспен жүзеге асырылады. Жұмысты жүргізудің мерзімдік жоспарында жалпы құрылыстық және арнайы (механикалық құрастыру, жылу жүгізу, химиялық корғау, электр жабдықтарын құрастыру, сондай-ак бакылап-өлшеу аспаптары мен автоматакасын орнату) жұмыстарды ретін сақтай отырып орындаудың мерзімдері көрсетіледі.

Механикалық құрастыру жұмыстарына: кұбырлы өткізгіштерді және құрамаларды дайындау, технологиялық блоктарды, коммуникациялар блоктарын жинастыру, жабдықтарды ірілендіріп құрастыру, жабдықтарды, құбырлы өткізгіштерді және құралымдарды жұмыс аймағына жеткізу кіреді.

Құрылыстың ұзақтығы мен салыстырмалы варианттарындағы экономикалық тиімділігі негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер болып табылады. Құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындауда, жабдықтарды дұрыс құрастыруда, технологиялық жабдықтардың құрастыруын тиімді ұйымдастыруда жұмсалатын шығынды азайту арқылы анағұрлым жоғары тиімділікке жетуге болады. Бұл жағдайда құралымдарды ірілендіріп құрастыруға айрықша көңіл бөлу керек. Өйткені құралымды ірілендіріп құрастыру едәуір дәрежеде тұтастай алғанда құрылыс объектісінің ұзақтығына әсер етеді, сондықтан да ол жеке таскынды линияға бөлек шығарылуы және жалпы құрылыс жұмыстарымен ұштастырыла атқарылуы керек. Бұл негізгі құралымдар мен технологиялық жабдықтарды құрастыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда атап айтқанымыздай, осы мақсаттарда аумағы үлкен құралымдарды ірілендіріп құрастырудың жұмысын ұйымдастыру мейлінше тиімді. Өйткені олар мамандандырылған құрастыру ұйымдары торапынан орындалады және құрылыс алаңына ірілендірілген күйінде жеткізіледі. Бұл жағдайда ірілендіріп құрастырудың еңбекті көп қажет ететін процесі құрастырудың ұзақтығына әсер етпейді, сөйтіп құрылысты салудың жалпы мерзімін қысқартуға жағдай жасайды.

Құрылыс-құрастыру жұмыстарының ретін дұрыс сақтау мен ұштастыра жүргізу - құрылыстың салыну мерзімі мен еңбек шығынын азайтуға қол жеткізеді.

 

  1. Жерүсті резервуарлар мен газгольдерді тұрғызу саласындағы проблемалық мәселелер  

Жерүсті резервуарлары мен газгольдерлерінің құрылысын-датехникалықдәреженіңжоғары деңгейде болуы керектігі едәу-ір дәрежеде құрылыс өндірісін индустрияландыруға байланысты. Құралымдарды ірілендірген блоктар түрінде құрастырудың тәсілдерін практикаға енгізу арқылы құрастыру алаңында орын-далатын жұмыстардың үлесін азайту маңызды мәселе болып табылады. Аумағы үлкен аппараттарды орнатудың жұмысын индустрияландырудың негізгі мұраты - механизация мен авто­матика процестерін жоғары дәрежеде камтамасыз ете отырып зауыттык жағдайда металды өңдеуге, құрастыруға, пісіруге байланысты жұмыстарды барынша ыкшамдау. Бұл жағдайда тұтас аппаратың немесе оның блоктарыныңтасымалдау технологиясы аса маңызды мәселе болып саналады, өйткені түптеп келгенде жинақтау алаңында орындалатын құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлеміне ықпал етеді.

Сондықтан да салмағы ауыр, аумағы үлкен аппараттарды рұқсат етілген блоктар түрінде су, темір жол және автомобиль жолдары, тасымалдың басқа да ұтымды тәсілдері арқылы тасып жеткізудің түрлі варианттарын қарастыру керек. Сонымен қатар осындай ірі блоктарға байланысты үйлесімді шешімдерде құрастырудың және пісірудіц анағұрлым озық тәсілдері көрініс табуы қажет.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.