UF

Тақырыбы:  «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық  негіздері»

 

1. Кіріспе.

 

1. Спорттық физиология қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы.

Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.

Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.

Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру – машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру  және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.

2. Зерттеу әдістері.   

Спорт физиологиясы – спорттық жаттығу негізінде жүретін, бұлшық ет қызметінде қалыптасатын мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттеуге бағытталған адам физиологиясының арнаулы бөлімі. Ол жаттығу процесін қалыптастыра отырып, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге негізделген.

Спорт физиологиясы дене тәрбиелеу мәдениеті институттары мен университеттерінің дене тәрбдиелдеу факультеттерінде ғылыми ілім есебінде оқытылады. Бұл негізінен енді дамып келе жатқан жас ғылым және педагогикалық ілім.

Спорт физиологиясы  - ғылыми және оқулық ілім ретінде ХХ – ғасырдың 30-шы жылдарында қалыптасты. Физиологияның бұл арнаулы бөлімі бойынша алғашқы оқулық пен момнографияны В.Ф. Лесгафт атындағы дене тәрбиелеу мәдениеті институттың \Санк-Петербург\ физиология кафедрасының оқытушысы А.Н. Крестовников жазды. Бұл институттың ең алғашқы кафедрасы еді. Л.А. Орбели оны ұйымдастырып, 1919 жылдың 1927 жылға дейінгі аралықта меңгерді. Ал А.Н. Крестников болса, оны әрі қарай дамытып, 1955 жылға дейінгі жоғарыда айтылған кафедраны басқарды.

Бұл ғылымның дамуына және жетілуіне Е.К. Жуков, Н.В. Зимкин, В.В. Васильева, В.С. Фарфель, Я.Л. Коц т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.

Спорт физиологиясының жалпы физиологиядан айырмашылығы – ол тек адамдарға ғана жүргізілетін зерттеулерге негізделеді. Физиологияның классикалық әдістерін адамдарды зерттеуде қолдану мүмкін емес. Сондай-ақ зерттеулер белсенді қозғалыс кезінде жүргізілуі қажет, өйткені оның өзі де жұмысты қиындата түседі. Алынатын мағлұматтар көбірек қызығушылық тудырса да, жарыс кезінде зерттеулерді жүргізу іс жүзінде аса қиын.

Спорт физиологиясының мақсаты мүшелердің, мүшелер жүйесінің және адам ағзасының қимылға дейін, қимыл кезінде және белсенді қимылдан кейінгі функциональды күйін зерттеу болғандықтан, ағзадағы бұлшық ет белсенділігін анықтап, соған сәйкес өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін арнаулы әдістер жасалынуда. Қазіргі кезде осы мақсаттармен эрго өлшеудің 4 түрі пайдаланылады. Олар: электрлік және механикалық велоэргометрлер, тредбан \жүгіретін жол\ степэргометрия. Сондай-ақ қан айналымның, тыныс алу және ағзадағы функциялық ауытқуларды анықтауға мүмкіншілік беретін электрокардиограмма \ЭКГ\, электроэнцофалограмма \ЭЭГ\, электромиография \ЭМГ\ және т.б. әртүрлі жабдықтар қолданылады.

3. Спорттық физиологияның дене тәрбиесі және спорт теориясы мен практикасы үшін маңызы.

Физиология спортының денсаулығын сақтай отырып, оның спорттық іс-әрекетінде үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін білімнің негізін құрап, дене тәрбиесі мен спорт ілімінде маңызды орын алады. Спорт физиологиясы негізінен: қимыл әрекеттерін қалыптастыру механизмдерін; машыққандығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді; машыққандығын дамытатын механизмдерді; спортшы ағзасының физиологиялық резервтерін зерттейді.

Келешек бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары спорт физиологиясынан мемлекеттік емтихан тапсырып, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары өз білімдерін жаңартуымен айқындалады. Бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары үшін спорттық әрекеттің физиологиялық заңдылықтарын білу мынадай мақсаттарда қажет:

  1. Машықтанушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу;
  2. Машықтану процесін сапалы құру \құрылысы бойынша қатаң емес\;
  3. Машықтану процесінде зорықтырмау, зорығу қалған жағдайда машықты тоқтату;
  4. Жауапты жарыстарға спортышыларды іріктеудің негізі;
  5. Машықтану процесін жетілдіру үшін спортшы ағзасында машықтану және жарыс кезіндегі қызметтік жағдайды түсіну;
  6. Адам ағзасында машықтану және жарыс кездерінде өтіп жатқан өзгерістерді өз шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, өзінің тапсырмалары мен ұсыныстарын дәлелдеу.

Спорт физиологиясының заңдылықтарын білу бапкерлермен дене тәрбиелеу оқытушыларының өзіндік іскерлігі мен жеке мақсаттардағы көзқарасын кеңейте түседі және ұжымда өзіндік бедел алады.

 

2:  Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері. Дене жаттығуларының ағзаға әсері, адамның қозғалыс-қимылдарын басқару. Қимыл дағдылары дамуының физиологиялық механизмдері.

 

1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері.

Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:

І\ бұлшық еттің 1\3 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар \садақпен ату\; 2\ аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 1\2 бөлігіне шейін қатысады. \қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар\; 3\ бұлшық еттердің 1\2 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.

ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1\ изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар \жүкті ұстап тұру\; 2\ ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.

ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1\ жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді \секіру,\лақтыру; 2\ бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар \ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу\.

ІҮ. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне байланысты: І\ жеңіл; 2\ орта; 3\ сылбыр; 4\ ауыр; 5\ өте ауыр жаттығулар.

Ү\ Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: І\ анаэробты; 2\ аралас; 3\ аэробты.

2.Бұлшық ет жұмысы кезіндегі қимыл жаттығуларының әсерінен қан айналым, қан, тыныс алу, биоэнергетикалық, зәр шығару, эндокринді жүйелердің өзгеру ерекшеліктері.

Бұлшық ет қызметін энергиямен қамтамасыз ететін жүйе. Глюкоза сүт қышқылына дейін ыдырап, 20 секундта 57 ккал энергия береді. Негізгі энергиямен қамтамасыз ету субстраттармен тотығу кезінде жүзеге асады. 2\ аэробты жол: Тотығу көмірсулар мен майлардың жасушаларының митохондриясында жүреді де, 2-5 минуттарда максимумына жетіп, 5 кал\кг\сек энергия жұмсалады. Осыған байланысты жаттығуларды мынадай түрлерге бөледі. Анаэробты жаттығуларда энергия 75%-тен 95 %-ке дейін анаэробты жолмен түзіледі. Бұл жаттығуларды орындағанда негізгі физикалық сапа күш пен тездік болып табылады. Аэробты жаттығуларда энергия өнімділіктің аэробты механизмі басым болғандықтан, оның негізгі физикалық сапасы төзімділік болып табылады.

Тотығу кезінде оттегі қолданылатындықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын оттегін пайдалану деңгейімен бағалайды. Егер оттегін пайдалану мөлшерін, оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жеткізсек, онда жаттығудың қарқындылығын салыстырмалы аэробты қуаттың деңгейімен сипаттауға болады. Бұлшық еттердің 50 % -тен көбірегі жұмыс істегенде жоғарғы мөлшерін талап етуін – оттегінің барынша қажеттілігі дейміз. Оның мөлшері машықтанбағандарда 2,5-3,5 л\мин. Болса, машықтанаған адамдарда 5-6 л\мин болады.

Оттегінің барынша қажеттілік мөлшері қан және қан айналымы  жүйесінің бұлшық етке оттегін тасымалдауына, сондай-ақ қолдануына байланысты. 18-20 жаста оттегінің барынша қажеттілігінің көлемі өте жоғары болады да, жасы ұлғаюына қарай төмендейді. 70 жастағы адам 20 жастағы оттегі қажеттілігінің 60%-ін ғана құрайды. Сүт қышқылының пайда болуы мен ыдырауы негізінде қалыпқа келу процесі өтетін болғандықтан, жұмыстың қарқындылығын сүт қышқылының деңгейімен анықтауға болады. Ол жүрек етінде энергия көзінде айналып, глюкоза синтезделеді. Жұмыс қарықынын сүт қышқылының деңгейімен анықтау үшін анаэробты алмасудың табалдырығы деген түсінік енгізілген.

Бұл қандағы сүт қышқылының мөлшері 36 мг%-ке жеткендегі жүк қарқындылығының деңгейі болады. Сүт қышқылынығ деңгейі анаэжробюты алмасудан төмен болса, жаттығулардың қарқындылығы аэробты жаттығулар болып саналады. Егер сүт қышқылының деңгейі 37 мг%-тен 80 мг%-ке дейін ауытқыса – бұл аралас жаттығулар, ал 80 мг%-тен жоғары  болса анаэробты жаттығулар бөлінеді. Жүктеменің қарқындылығын бағалау үшін жүректің соғу жиілігінің  көлемі анықталады да, мынадай себептерге байланысты тексеріледі. Бұл кезде оттегінің қажеттілігі артып, жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді де, жүректің соғу жиілігі ұлғаяды. Жүректің соғу жиілігінің көлемі 140 сағ\мин-тен аспаса, олар аэробты жаттығуларда жатады. Егер жүректің соғу жиілігі 175 соғ\мин-тен жоғары болса анаэробты спортты жаттығулар болады.

3. Қимыл бірліктері және дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері.

Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты \стеротипті\ және стандартсыз \ситуациялы\ болып екіге бөлінеді.

Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда белгілі реттілікпен пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде қалыптасады. Стандартсыз жаттығулар қарсыласы мен серігінің әрекеті арқылы сипатталады.

Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы, соған тете үлкен және сылбыр деп бөледі.

Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5-тен 30 сек-ке дейін созылады. 60,100,200,400 м жүгіру. 25,50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10м\с болады да, олар АТф, КФ және 3% глюкоза көмегінің қатысуы мен анаэробтың жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді де, жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190 соғ\мин-ке жетіп, артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180-200 мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.

Субмаксимальды қуат аймағында – жұмыс қарқыны 40 с-тен 3 мин-ке дейін созылады. 400,800,1500 м жүгіру, 100,200,400 м жүзу, 1,2,3 км велосипед тебу. Жүгіру жылдамдығы 7-9 м\с-ке жетіп, жұмыс ағзаның шеткі мүмкіншілігінде анаэробты жағдайда атқарылады. Энергия көбінесе АТФ, КФ және гликолиз арқылы анаэробтық жолмен пайда болады.  Түзілген сүт қышқылы қанға өтіп мөлшері 200-200мг\%-ке көтеріліп, сілтілі қышқыл ph 7,0-ге жетеді де, оттегінің қарызы 20-22 л-ге жетеді. Жұмыс кезінде анаэробты процестерден басқа 1,0-1,5 мин аэробты процесстерде қосылады. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің қызметі күшейеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин, систолалық қысым артады, қан айналысының минөттік көлемі 25-30 л болады. Қандағы қышқыл өнімдерінің шоғырлануы несепке өтеді. Ішкі ортадағы ығысулар шаршауды дамыта түседі. Жасушалардағы және ұлпалардағы, әсіресе орталық жүйке жүйесінде алмасу процестерінің бұзылуына сілтілі қышқылдың ph арқылы күшейеді.

4. Спортшының жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауы кезіндегі кері байланыстың қуат жұмсалуын үнемдеу.

Бұлшық еттерден келетін импульстердің нәтижесінде орталық жүйке жүйесінде тежелу дамиды. Бұлшық еттерде жиналған өнім алмасуы осмостық қысымды көтеріп, қан плазмасының шығуына мүмкіндік жасайды.  Бұл тер бөлінумен бірге қанның қолданылуына әкеп соғады. Жұмыс қабілеттілігінің төмендеуін оттегін тасымалдау, жүрек-тамыр және т.б. өзгеруінен ферментті жүйелердің белсенділігі төмендеп, алмасу процестері бұзылады.

Үлкен қуат аймағында жұмыс қарқыны 3-5 мин-тен 20-30 мин-ке дейін созылады. 3,5,10 км жүгіру, 1000-1500 м жүзу, 5-10 км шаңғы, коньки және 10-20 км велосипед тебу. Энергияның пайда болуының 70-80%-і аэробты жолмен өтеді де, қалғандары АТФ пен КФ және гликолиздің ыдырауының салдарынан болады. Оттегінің қарызы 12л қанның құрамында эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобин көбейеді. Жүректің соғу жиілігі 3-4 мин-де 180-200 соғ\мин-ке жетіп, жұмыстың соңына дейін осы деңгейде сақталады.

Стандартты жаттығулар сапалы жасалған жұмыспен сипатталады: Бұлар – акробатика, суға секіру, мәнерлеп сырғанау, көркемдік және спорттық гимнастикалар. Атаулы спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылардың көру тепе-теңдік және кинестатикалық анализаторларына ауыртпалық түседі. Энергияның жұмсалуы АТФ және КФ есебінен жүріп, жұмыс динамикалық айналымда атқарылады.

Стандартсыз жаттығуларға спорттың жекелей түрлері \бокс, күрес, семсерлесу\ және спорт ойындары \волейбол, баскетбол, футбол, хоккей\ т.б. қозғалыстар, кростар \марфон, шаңғы тебу\ жатады. Қозғалыстың күрделілігі жағдайдың өзгеруі мен уақыттың жетіспеуіне байланысты өтеді. Қимыл әрекеттерінің ылғи өзгеріп тұруы сезім мүшелері мен ми сыңарлары қабықшасын шаршауға соқтырады.

 

3. Бұлшық ет қызметіне, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделу және ағзаның қызметтік қорлары.

 

1.Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларға бейімделу туралы түсінік. Ұзақ бейімделудің түрлері. Бейімделудің жеке түрлері. Ұзақ бейімделу және құрылымды жүйелі іздің қалыптасуы.

Бейімделу дегеніміз – ішкі және сыртқы факторларға ағза реакциясының қалыптасуы немесе жауап беруі.

Стандартты ұзақ жұмыстың орындалуы кезінде жүрек-тамыр жүйесі әрекетінің өлшемдерінде біртіндемелі өзгерістер жүреді. Оның ішіндегі негізгілері мыналар: 1\ Жүректің соғу жиілігінің қанның минөттік көлемінің өзгеруінсіз біртіндеп және үздіксіз жоғарылауы; 2\ Жүректің соғу көлемінің үздіксіз кемуі; 3\ Қан қысымының прогрессивті құлдырауы. Бұдан басқа, біртіндеп оттегінің қолданылуы және оттегі бойынша салыстырмалы – көктамырлық айырмашылық ұлғаяды. Жұмыстың алғашқы минөттерінде айналымдағы қанның көлемі 5-10%-ке кемиді, бірақ ұзақ жұмыстың басқа уақытында ол өзгермейді. Бұдан шығатын, ұзақ уақыт жұмыс бойғы негізгі өзгерістер айналымдағы қан көлемінің кемуіне қатыссыз жүреді.

Ортаның жоғары температурасы жағдайында ұзақ жеңіл жұмыс жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына және жүректің соғу минөттік көлемінің екі-үш л мин-қа біртіндеп ұлғаюымен жүреді. Тыныштық күйде адамның ыстық ортада болуы тері қан – ағымын 7,8 л мин\ке дейін барынша жоғарылата алады. Тері тамырлы аймағының соншалықты үлкен сыйымдылығын ескерсек, ортаның жоғары температурасы жағдайында тері аймағының сәйкес  вазоконстрикциясы жүретіндігі анық.

Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.

Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.

2. Ағзаның қызметтік қорлары және олардың жіктелуі. Дене жүктемелеріне жедел және ұзақ уақыт бейімделуі және ағзаның қызметтік қорларының іске қосылуы.

Ағза резервтері – ағзаның жетілуімен өсіп, қартайған кезде төмендейді. Олар спорттық жаттығу процесінде артады.

Адам денсаулығын нығайту үшін, қызметтің барлық түрінің өнімділігін арттырып, соның ішінде спорттық нәтижелердің деңгейін көтеру үшін, ағзаның  потенциалды мүмкіншілігін білу қажет. Физикалық жаттығулар физиологиясының маңызды міндеті ағза физиологиясын терең үйреніп, адам игілігіне пайдалану болып табылады.

Физиологиялық резервтерді қосу ішкі секреция бездері қызметінің шартсыз және шартты рефлекстер механизмдерінің белсегділігімен өтеді. Спорттық жаттығу процесінде нейрогуморальді механизмдер жүйесінің физиологиялық резервтерінің қосылуы қалыптасады. Бұл кезде олардың жұмылдырылуы баяу өтеді. Физиологиялық резервтердің механизмін жедел жұмылдырғанда, олардың қосылуы сезім – билеу болып саналады. Төзімділіктің көп механизмдерінің көмегімен артуы мүмкін. Оны құрайтын физиологиялық резервтер: 1\ гомеостатикалық жүйе қуатының шегі; 2\ ағзадағы энергетикалық заттардың қоры және оны пайдалану мүмкіндіктері; 3\ ағзаның аэробты және анаэробты қуаттылығының өрісі; 4\ ішкі секреция бездері қызметі деңгейінің өрісі.

Физиологиялық резервтер жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Алғашқысы физикалық сапа қызметінің барлық түрлері арқылы өтеді. Екіншісі – арнайы дағдылану арқылы \спорттың түріне байланысты\ өтетін төзімділік пен шапшаңдық және күш.

3. Бейімделудің негізгі қызметті тиімділігі, үнемдеп іске қосу, қорлардың мүмкіндіктерін жоғарылату, қалпына келтіру, тұрақтылық, қызметтердің сенімділігі. Бейімделу өзгерістерінің қайтымдылығы.

Бейімделу кезеңі тұсында жүректің соғу жиілігіндегі және тері температурасы арасындағы өзгерістер тығыз байланыста болады: дене температурасының күннен-күнге біртіндеп төмендеуі жүректің соғу жиілігінің төмендеуімен және жүректің соғу көлемінің ұлғаюымен жүреді.

Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында жұмыс кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі әрекетіндегі біршама айқын өзгерістер жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерден келетін рефлекторлы әсерлердің және термореттегішті рефлекторлы әсерлердің жинағын көрсетеді. Бұдан басқа, қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайындағы жұмыс кезінде салатамырлық қысымның төмендеуі барорефлекстердің қосымша әсерлерін тудыру мүмкін.

4. Дене жүктемелерінде жедел және ұзақ уақыт бейімделудің сапасы және тиімділігін физиологиялық бағалаудың ұстанымдары.

Ұзақ уақыт жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйелері өлшемдерінің өзгерістері өз орнығуы бойынша орталық немесе шеткі  шығу тегін ала алады. Жүрек бұлшық еттерінің шаршауы механикалы соғу ұзақтығының ұлғаюымен, ұзақ уақыт жұмыс соңына қарай соғу жиілігінің өсуіне қарамай, жүректің көлемінің ұлғаюымен айқындалады.

Субмаксималді орындау кезінде жылу бөлуді ұлғайту үшін күшті тері қан ағынымен қажет ететің жылу өнімінің күшеюі жүреді. Сондықтан, жұмыстың бас кезінде байқала алатын тері вазоконстрикциясы, оның жалғасуы дененің температурасы жоғарылауымен жойылады және вазодилатациямен алмасады. Бұндай жағдайда басқа белсенді емес аймақтардың вазоконстрикциясы негізінде біртіндеп күшейетін тері вазодилатациясы жалпы шеткі тері кедергісінің прогрессивті  кемуіне әкеп соғады.

Сонымен ұзақ уақыт бойы ауыр жұмыс кезіндегі жүрек – тамыр жүйесі әрекетіндегі өзгерістер, бірінші ретте дене температурасының жоғарылауы арқасында жүретін жылу реттегішті өзгерістермен байланысқан. Әсіресе, ауыр жұмыс ауаның жоғары температурасы кезінде жүргізілетін болса, жүрек-тамыр жүйесіне жоғары талаптар қойылады. Бұл жағдайда осы жүйе бір уақытта бұлшық ет әрекетінің жоғары метаболиттік және күшейтілген жылу беру сұраныстарын қанағаттандыру қажет. Бұл екі мәселе – бұлшық ет және тері екі үлкен тамырлы аймақтарда, олардың қанның минөттік көлеміне деген таласын тудыра отырып, біруақыттық вазлодилатациясын талап етеді.

 

4. Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасы аэробты және анаэробты өнімділік. Дене жаттығуларының физиологиялық жіктелуі және сипаттамасы.

 

1. Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасы. АҮФ-ның қайта түзілуінің анаэробты және аэробты жолдары. Анаэробты және аэробты өнімділік.

Дене жаттығуларының энергетикалық сипаттамасында оттегіге деген қажеттіліктің артуы – аэробты, ал оттегіге қажеттіліктің төмендеуі анаэробты жаттығулар деп екіге бөлінеді.

Тұрақты күй үлкен және сылбыр қуат аймағында жұмыс атқару кезінде бабына ену процесі аяқталған соң пайда болады. Жұмыс басталар алдындағы күш-қуаттың анаэробтық кездерінің басымдылығы; 3. Функциялар күшеюінің тепе-теңсіздігі; 4. Бұлшық еттердің әр түрлі жұмыс кезіндегі бабына ену бағамының өзіне тәндігі; 5. Бабына енудің шапшаңдығы жұмыстың қарқындылығы мен оның машықтанған дәрежесіне байланысты болады. Ол оттегін пайдалану деңгейін бірқалыпты ұстаумен сипатталады. Сөйтіп, ол нақтылы тұрақты және тұрақсыз болып екі түрге бөлінеді. Нақтылы күй оттегінің сұранысы мен оның пайдаланылуы тепе-тең болуымен сипатталады. Жұмысты тотығу процестерімен қамтамасыз ету үшін оттегін пайдалану қажет. Бұл күйде қимыл және вегетативтік жүйелер қызметінің үйлесімі байқалады. Сүт қышқылы шамалы мөлшерде шоғырланады. Сілтілі қышқыл күйінің реакциясы өзгермейді.

Нақтылы тұрақты болып көрінетін күй оттегін пайдалану тұрақтылығымен сипатталады. Алайда, оттегінің сұранысы оттегіні пайдалануға қарағанда анағұрлым жоғары болады да оттегінің қажеттілігі артады.

Оттегінің қарызы бұлшық ет қызметіндегі пайда болған алмасу өнімдерінің тотығу үшін қажет оттегі мөлшерімен өлшенеді. Жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин, қан айналымының минөттік көлемі 25-35л, тыныс алудың минөттік көлемі 120-140л-ге жетіп, вегетативтік жүйе қызметі шегінде болады. Бұларға қарамастан ағзада сүт қышқылы жиналып, сілтілі қышқылы ph төмендейді де, энергия өнімдерінің анағұрлым бөлігі анаэробты жолмен өтеді.

Бұл кезде тер бөлінуі күшейе түседі. Екінші тыныс алудың пайда болуына жұмыс қарқындылығының төмендеуі мен өкпе желдеткішінің еріксіз кеңеюі ықпал жасайды. Дегенмен, бұлардың ешөайсысын, не жаттығуға, не жарысқа ұсынуға болмайды. Спортшы қанша машықтанған болса, өлі нүктенің пайда  болу мүмкіндігі соншалықты аз болады.

2. Спорттық жаттығулардың және қимылдардың жіктелуінің биохимиялық құрылымның қызмет жағдайына бейімделу спорт түрлерінің жіктелуі.

Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылуы нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиореспираторлары жүйенің дамуымен артады.

Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор қуатты күші лабораториялық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын тоқпен әсер еткендей ерекше күшпен анықталады. Сондықтан барынша зор еркін күш бұлшық етті құрайтын бұлшық ет талшықтарының санына және оның қалыңдығына байланысты. Барынша зор еркін күштің бұлшық еттің физиологиялық көлденең еніне қатысты – бұлшық ет күшінің шегі деп аталып, ол 4-тен кг\шаршы см-ге дейін тербеледі. Динамометрдің көмегімен адамның барынша зор еркін күшін өлшеуге болады. Осынау еркін күшке бір кезекте бірнеше бұлшық еттер қатысады.

3. Әртүрлі салыстырмалы тізбекті қозғалыстардың сипаттамасы механизмдері және жұмыс қабілеттілігін шектеу факторлары

Барынша еркін күштің көлемі бұлшық еттердің шеткі және жүйке факторларына байланысты. Шеткі факторларға бұлшық еттің физиологиялық көлденең ені, оған жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасы, бұлшық еттің алғашқы ұзындығы мен әрекет рычагы жатады. Жүйке факторлары ішкі бұлшық ет үйлестілігін және бұлшық еттердің өзара үйлестілігін анықтайды. Одан басқа барынша еркін күш зерттелуінің көңіл-күйіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Барынша қуатты күш пен барынша еркін күштің арасында өзгешелік бар, оны күштің жетіспеуі деп атайды. Күш жетіспеуінің көлемі бұлшық еттермен еркінше басқару, сыналушының психологиялық күйі және бір мезгілде бұлшық еттер жиырылуы сандарының жетілуіне байланысты. Өлі нүкте және екінші тыныс алу күйі өткен ғасырдың 90 жылдарда ұзақ қашықтыққа жүгіретін спортшыларда байқалады.

Өлі нүкте – спортшының бұлшық ет аппараты қызметі мен бұлшық етте өттегін және қоректік заттарды жеткіліксіз қамтамасыз етуінің арасындағы сәйкес келмеуі кезінде спортшы көңіл-күйінің нашарлауы нәтижесінде пайда болады. Бұлшық ет ауырып, бас айналып, өкпе қуысы тарылады да, спортшы субъективті қалыпта жүреді. Объективті көзқарастан демікпе, не болмаса көмір қышқыл газының бөлінуі және оттегіні пайдалану артады да, сілтілі қышқыл ph төмендейді. Лажсыз зорығудың жұмыс жалғаса берсе, өлі нүкте күйі тыныс алудың жеңілдеуімен алмасады, сондықтан оны екінші тыныс алу деп атайды. Тамырдың соғуы кеңейіп, тыныс жиілігі бәсеңдейді. Сілтілі қышқылдың деңгейі көтеріліп, жүректің соғу жиілігі төмендейді.

 

5. Тақырыбы: Спорттық қызмет кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы.

 

1. Спорттық қызмет кезіндегі ағзаның күйі. Сөре алдындағы күй.

Бұлшық ет қызметін сөре алдында, жұмыс уақытында және қалыпқа келу кезеңдерінде бөлуге болады. Бұл кезде физиологиялық қызметтердің деңгейі өзгереді: 1\ физиологиялық тыныштық қалпы, 2\ сөре алдындағы кезеңде физиологиялық көрсеткіштер өседі, 3\ физиологиялық қызметтер басына ену кезеңінде артады, 4\ жұмыс деңгейі, 5\ жылдам қалыпқа келу кезеңі, 6\ баяу қалыпқа келу кезеңі \марафонға жүгіргеннен кейін 3 күнге созылуы мүмкін\.

Сөреден алдыңғы реакциялар шартты – рефлекторлы көңіл – күйдің бір түрі болып табылады. Жарыстың уақытына, өтетін орнына және оның дайындығына шартты тітіргендіргіштер қызмет етеді. Тыныс алу тереңдеп, жүректің соғуы жиілене бастайды, салатамырлық қысым мен қандағы глюкозаның мөлшері көбейіп, өкпенің тыныс алуы кеңейеді. Олар симпатоадреналар жүйенің ми қабығындағы гипоталамус және лимбия жүйесінің белсенділігі артуына мүмкіндік береді. Бұл күй өзіне тән және тән емес ерекшеліктерінің өзгерістері арқылы сипатталады. Өзіне тән емес өзгерістер – алдағы болатын қозғалыс қызметтеріне тікелей байланыссыз, зат алмасу, жүрек – тамыр жүйесінің функционалды күйінің өзгеруінен болады. Бұлшық еттің нәзіктігі мен қызуын арттырып, жұмыстың нәтижесін анықтайтын өзгерістер - өзіне тән деп аталады. Ағза сөре алдында өтетін ығысулардың жұмыс деңгейіне, функционалды процестердің жақындауына жұмыс басталғанға дейін мүмкіндік береді.

А. Пуни болжамы бойынша сөре алдындағы көңіл-күй үш түрге бөлінеді: І. Жауынгерлік дайындық – орталық жүйке жүйесінің, қозғалыс аппаратының нәзіктігі мен қозуын арттырып, вегетативті қамтамасыз ететін жүйелер. 2. Сөре алдындағы дірілдеу күйі кезінде орталық жүйке жүйесінде қозу процесі басым болғандықтан, тітіркендіргіштер қызметінің бұзылуына соқтырып, кейбір қимылдардың нәтижесіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ұзын қашықтыққа жүгіргенде қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің қызметі жақсарады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігінің артуы да, төмендеуі де мүмкін. 3. Сөре алдындағы бейқамдық \апатия\ кезінде орталық жүйке жүйесінде тежелу байқалып, вегетативті жүйелер қызметі бәсеңдиді де, спортшының көңіл – күйі тұнжыраңқы болып көрінеді. Шектен тыс кідірістің байқалуы – сөре алдындағы бейқамдық деп аталады.

Сөре алдындағы көңіл-күй мынадай факторларға байланысты реттеледі: І\ Жарыс алдында спортшының мінез-құлқын қалыптастыру керек. 2\ жаттығулармен қарқынды бой жазу қозғалыс анализаторлары қызметінің артуына мүмкіндік жасайды. Сөре алдындағы дірілдеу күйінде бой жазу баяу тыныс жиілігімен анықталады. 3\ массаж жасау барлық жүйелердің қызметін арттырады. 4\ психикалық қобалжуды жою үшін алдағы іске берілетін нұсқау әсері.

2. Бабына ену. Қызметтердің бабына енуініңі физиологиялық заңдылықтары және механизмі.

Бабына ену  деп физиологиялық жүйелер қызметтерінің өсіп – дамуымен сипатталатын ағзаның жұмыс қабілеттілігінің біртіндеп артуын айтады. Бұл кезжде барлық жүйелердің қызметі күйшейіп, ағза жаңа өмір сүру деңгейіне бейімделеді. Бұлшық етпен, әсіресе қарқынды, не сылбыр жұмыс атқару кезінде физиологиялық бағамдар дамуының үш кезеңі байқалады: 1\ бабына ену кезеңі, 2\ тұрақты күй кезеңі, 3\ қалыпқа келу кезеңі. Бұлар шартты рефлекторлы механизмдермен, симпато – адреналдық жүйенің белсенділігі мен жүйке орталықтарының қызйметтік күйін арттырады.

Бабына енудің заңдылықтарын сипаттайтын шарттар: І. Әр түрлі жүйелер функциялары күшейтілуінің уақыт жағынан тұрақсыздығы; 2. Жұмыс басталар алдындағы күш-қуаттың анаэробтық кездерінің басымдылығы; 3. Функциялар күшеюінің тепе-теңсіздігі; 4. Бұлшық еттердің әр түрлі жұмыс кезіндегі бабына ену бағамының өзіне тәндігі; 5. Бабына енудің шапшаңдығы жұмыстың қарқындылығы мен оның машықтанған дәрежесіне байланысты болады.

3. Бой жазу – сөре алдындағы реакцияларды жетілдіру және бабына ену қызметін жетілдіру және бабына енудің қызметін жетілдіру факторлары ретінде.

Бой жазу дегеніміз – ағзаны алдағы қызметке дайындауға қажетті жаттығулардың жиынтығы яғни бабына ену процестерін қамтамасыз етеді. Бой жазу кезіндегі симпато – адренал жүйесінің қозуы ағзаны біршама ығыысуға ұышратады. Катехоламиндер формациясы арқылы қыртыс орталықтарының қызметі күшейеді. Қанда эритроциттердің саны өсіп, қандағы оттегінің сыйымдылығы артады. Жүректің соғу жиілігі мен систолалық көлемі өседі де, қанның минөттік көлемі мен жиілігі өседі. Жұмыс атқаратын бұлшық еттерде жылу шығару бағамдары ұлғаяды. Соның нәтижесінде биохимиялық түзілістер жылдамдығы мен бұлшық еттер қозуы артып, олардың котоидтарының тұтқырлығы төмендейді, ішкі үйлесімде күш-қуаттың бөлінуі азаяды. Дене қызуының көтерілуі тері тамырларында симпатикалық қозғалуларды төмендетеді. Тамырлар кеңейеді, тері қызарады, тер шығару бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі артып, тер шығуы көбейеді. Тердің шыға бастауы жылуды реттейтін бөліктердің жұмыс атқару даярлығын сипаттайды, сондықтан ол жазылу тиімділігінің көрсеткіші ретінде қолданылады. Жазылу уақытының ұзақтылығы 10 мен 30 мин аралығында өтеді. Жазылу жалпы және арнайы деп екіге бөлінеді. Алдағы орындалатын жұмы пен жазылу арасындағы уақыт аралығы 10-15 мин, бірақ спорттың әр түрі үшін, оның мөлшері 3 мин-тен 20-30 мин аралығында болады.

Жалпы бой жазу орталық жүйке жүйесінің қозуын арттырып, қимыл және вегетативтік қызметтердің интеграциясына мүмкіндік туғызады. Арнайы бой жазу тірек – қимыл аппараттарының белгілі бір бөлімдерінің жұмыс қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Ағза резервтері дегініміз - өзінің қызметін тыныш күймен салыстырғанда анағұрлым күшейтетін қабілеті. Ағза резерві сыртқы ортаның жағдайына байланысты өзгеруімен бейімделуін қамтамасыз етеді. Оларды морфологиялық және функциональды резервтерге бөлуге болады. Морфологиялық резервтің негізінде артық элементтердің құрылымы жатыр. Мысалы, адамның қанындағы протомбиннен 500 есе көп. Адам күнделікті өмірде 35%-тей ағза мүмкіншілігін пайдаланады. Шұғыл жағдайда 50%-ке жуық. Ағзаның абсалюттік мүмкіншілігі 65%-тен аспайды.

4. Шаршау. Шаршаудың анықтамасы және физиологиялық маңызы. Шаршау механизмдері туралы қазіргі кездегі көзқарастар.

Шаршау дегеніміз – мүшелердің немесе тұтас ағзаның жұмыс қабілеттілігінің уақытша төмендеп, демалудан кейін жоғалуымен сипатталады. Субъективтік жағынан шаршаудың алдында шалдығу пайда болады. Жергілікті физикалық жүктен шаршаудың пайда болуы-орталық жүйке қызметтің өзгеруіне, жүйке-бұлшық ет жылжуының бұзылуына, сонымен қатар бұлшық еттердің өздеріндегі ферменттер белсенділігінің азаюына және т.б. өзгерістерге байланысты.

Бұлшық ет қызметіндегі шаршау:

  1. Қимыл актілерін реттейтін жүйелер орталығында;
  2. Жүйке-бұлшық ет шеткі жүйелер мүшесінде;
  3. Бұлшық ет қызметін қамтамасыз ететін жүйелерде арта түседі.

Жұмыс кезінде шаршаудың себептері жүйке орталық жүйесі қызметтерінің өзгеруімен дамиды. Жүйке жасушаларында энергиялық қорлар таусылады. Бұлшық етте энергия көздерінің ресинтезі бұзылып, зат алмасу өнімдері шоғырланады. Сонымен қатар ацетилхолен медиаторларының қоры таусылып, оттегінің қажеттілігі азаяды.

 

6. Тақырыбы: Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері.

 

1. Дене (қимыл) сапаларын арттырудың физиологиялық механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар.

Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді: бұлар – күш, шапшаңдық, төзімділік және ептілік. Олар кез-келген қимыл қызметінде бір-бірімен байланыста болады. Бірақ нақтылы қызметтің жағдайына қарай әр түрлі дәрежеде байқалады. Штангистерде ең алдымен күш, ал марафоншыларда төзімділік пайда болады. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылу нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді. Төзімділік кардиореспираторлары жүйенің дамуымен артады.

Күштің даму физиологиясының механизмдері. Күш-бұл бұлшық етті қозу күйінде дамытатын кернеу немесе адамның сыртқы кедергілерге қарсы әрекеті. Түрлері: 1\ статикалық күш; 2\ динамикалық күш; 3\ жарылыс күш.

2. Статистикалық максималды бұлшық ет күші, максималды ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші.

Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор қуатты күші лабораториялық жағдайға жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талдшықтарын қоздыратын тоқпен әсер еткендей ерекше күшпен анықталады. Күштің өсу кезеңі 14-15 жаста басталып, барынша даму шегіне 20 жаста жетеді де, әрі қарай машықтануына байланысты дамиды. Барынша еркін дамуы факторларының әр түрлілігі.

  1. Қимыл бірліктерінің көп санын рекрутироват етуі.
  2. Серпіліс жиілігінің 10-12 имл\с-тан 40-60 имп\с-ке өсуі бұлшық ет қызметін оқшауланып жиырылудан тетаникалы жиырылу тәртібіне өткізеді.
  3. Қимыл бірліктерінің синхронизация қызметі
  4. Бұлшық ет аралығы үйлестігі дамиды
  5. Ретикулярлы формация тонусын көтеретін катехоламин, ол болса қимыл орталықтарының қызметін белсендіретін әсершең күйге байланысты дамиды.
  6. Бұлшық ет құрамына кіретін бұлшық ет талдшықтардың генетикалық құрылысы мен қалыңдығына байланысты дамиды. Ал бұлшық ет талшықтары күштің сапасына ықпал етеді.
  7. Бұлшық еттердің жекелей ерекшеліктеріне байланысты \бір бұлшық ет салмағы 100-120 мг\.

Бұлшық еттің динамикалық күші қызметтің изотониялық немесе ксотоникалық режимдері жағдайында дамиды. Динамикалық күш оның шапшаңдық көлеміне немесе бұлшық ет қысқарып, яки ұзарған кездегі салмақ қозғалысының баяулауына байланысты анықталады. Бұлшық еттердің динамикалық күш концентрикалық жиырылу экцинтрикалық жиырылу кезіндегі сол бір бұлшық еттің статикалық күшінен аз болады.

Жиырылыс күші бұлшық ет күшінің тез пайда болу қабілетілігін сипаттайды. Жарылыс күшінің көрсеткіші граддиент болып табылады, күштің барынша пайда болуы мен жоғары нәтижеге жету қатынасын анықтайды. Градиент күші спорттың жылдамдық күш түрлері өкілдерінде басым болады. Жарылыс күші шеткі факторларға: бұлшық еттің физиологиялық енінің көлеміне: оның алғашқы ұзындығы, бұлшық ет күшін иық рычагының әсеріне; бұлшық еттегі жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының қатынасына байланысты. Қуатты күш пайда болуының орталық жүйкенің факторларына, жылдам бұлшық ет талшықтарының қозуына, оның тегіс тетанусты тәртіпте жұмыс істеуіне жағдай туғызатын мотонейрон серпілістерінің жоғарғы жиілігі жатады.

Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді.

3. Шапшаңдықтың айқындалуының арнайылығы (ациклды қимылдар, сөрелік үдеу, арақашықтық шапшаңдық, ауыспалы тәртіп).

Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді. Қарапайым түріне қимылдық реакцияның жасырын уақыты, оқшауланып қозғалу жылдамдығы және уақыт бірлігіндегі қозғалу бірлігі, жылдамдықтың жинақы түріне спорттық қызметтің арқылы түрі жатады \спринтті жүгіру, жүзу, соққы беру\. Жылдамдық көпшілік жағдай нәсілдік қасиеттерге де байланысты болады.

Шапшаңдықты анықтайтын, қозғалыстың нейро-гуморальді реттелуінің физиологиялық механизмдеріне, орталық жүйке жүйесі тарапынан қозымдылық және жүйке орталықтарының функциональды қимылы, қозу және тежелу процестерін тез ауыстыру жатады. Бұл, атап айтқанда, бұлшық еттің жұмысқа тез қосылуына қарай ықпал етсе, оның тез босаңсуына да солай ықпал етеді. Еркімен қозғалу кезіндегі жүйке процестерінің жоғары үйлесімділігі бұлшық ет жұмысын қамтамасыз ететін вегетативті қызметтің уақытылы қосылуына себепші болады.

4. Төзімділікті анықтау. Төзімділіктің, шаршаудың және жұмыс қабілеттілікті өзара байланыстары.

Төзімділік – ұзақ уақыт тиімділікті төмендетпей жұмыс істеу қабілеті. Ол адамның қажып шаршау мүмкіншілігін болдырмау бейнелейді. Төзімділік жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы төзімділік – бұлшық еттердің үлкен тобындағы мамандырылмаған жұмысты ұзақ уақыт қолдау қабілеті. Арнайы төзімділік-қозғалыс әрекетінің белгілі бір түрінде жұмыс қабілеттілігінің ұзақ уақытқа қолдаудан көрінеді. Сондықтан төзімділік статикалы, динамикалық, күштік, жылдамдық, анаэробтық және аэробтық болып бөлінеді. Жүйкелік гуморальдық механизмдерді жетілдуру қызметін, қуаттылығын, сондай-ақ ішкі орта параметрлері өзгерген кезде жұмысты орындау қабілетін жетілдуру – төзімділіктің физиологиялық механизмдері болып табылады. Төзімділіктің биохимиялық механизмдеріне энергияны қамтамасыз ету жүйесінің аэробты және анаэробты мүмкіншіліктері жатады. Бұлшық еттің композияциясы мен дене құрылысының ерекшеліктері төзімділіктің анатомиялы негізі болып табылады. Төзімділік жасқа, жынысқа және жеке дара өзгеше түрге бөлінеді. Ол тұтасынан алғанда тұрақты, қайталама және барынша жеткілікті бұлшық ет жұмысы кезінде көбейетін ағза қоры көлемімен анықталады.

Ептілік қимылдық міндеттерге сай үйлесімді қозғалыстарды тез де, дәл орындау қабілетімен сипатталады. Ептілік сезім мүшесінен түсетін ақпаратты өңдеп, қозғалысты бағдарлайды. Қозғалыстың дәлдігімен белгілі дәрежеде анықтайтын кинестатикалық сезімге үлкен мән беріледі. Ептілік – күшті, шапшаңдықты және төзімділікті дамытып, қимылдық дағдыларды молайтады да, оның қорын жаңарту кезінде нығая түседі. Жаттығу әсерінен ептілік тезірек өседі. Оның дамуына спорттық ойындардың элементі бар қозғалыс – қимыл ойындары себепші болады. Ептіліктің анағұрлым дәрежеде өзіне тән ерекшелігімен оқшауланатынын ескеру қажет. Жаттыққан футболшы биіктен суға секіргенімен, футбол алаңында аса ептілік таныта алмайды.

Икемділік – буындардағы қимылыдар дәрежесіне, буын үстінің ерекшеліктеріне, бұлшық еттердің серпімділігіне және сіңір – қоспа аппаратына байланысты болады. Ол қозғалыс аралығында көрініп, гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларда, диск лақтыруда спорттық нәтижелерді көтеруге мүмкіндік береді. Икемділік белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді икемділікке өзіндік бұлшық ет күші арқылы жетеді, ал енжар икемділік – сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Ер балаларда икемділік 7-ден 14 жасқа дейін жетіліп, 15 жаста ең жоғарғы  дәрежеге жетеді.

Онтогенез процесінде арқилы кезеңдер болады, ол арқылы ағзаның неғұрлым қарқынды дамуы өтеді. Осы кезеңде белгілі бір жүйені дамытуға және жетілдіруге бағытталған педагогикалық ықпал жоғары нәтиже береді. Сондықтан бұл кезеңде дене тәрбиелеу ілімінде сенситивті деп аталады. Сонымен 7-8 жастан 9-10 жасқа дейінгі балаларда аэробты энергоөнім жүйесі жоғары қарқынмен жетіледі. Бұл уақытта аэробты мүмкіншіліктің дамуына бағытталған физикалық жүктер аэробты мүмкіншілікті 35-45%-ке қосымша өсіреді. Физикалық сапаның біреуін мүмкіндігінше терең жетілдірсек, басқалары тежеле бастайды.

 

7. Тақырыбы: Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабілеттілігіне әсері.

 

1. Спорттық жұмыс қабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы. Биіктік ауруы. Спортшылардың орта биіктікте болғанға дейінгі және одан кейінгі жұмыс қабілеттілігі.

Адам тірі материяның бір бөлігі бола отырып, өзіне жан – жақты әсер ететін өзгерістерді қоршаған ортамен тығыз байланыстырады.

Орта және жоғары биіктіктің ғазаға әсері мынадай топтарға бөлінеді:

  1. төменгі биіктік – 750м-ден 1000 м-ге дейін,
  2. орташа биіктік – 100 м-ден 3000 м-ге дейін
  3. жоғары биіктік – 3000 м-ден жоғары болып саналады.

Барлық спорттың түрлері 2500 м биіктікке дейінгі деңгейде жүргізіледі. 1500 м-ден 3000 м биіктіктер аралығында адам ағзасына мынадай факторлар әсер етеді: 1) атмосфералық ауа тығыздығының төмендеуі. Адам ағзасына атмосфералық қысымның сынап бағанасының деңгейі 760 мм-ге жеткенде, қысым ісер етеді. Егер сынап бағанасы жоғары көтерілсе қысым төмендейді де, тығыздық кемиді. Мысалы, 1500 м биіктікте атмосфералық қысым 680 мм сынап бағанасына тең болады. 2) оттегінің сыбағалы қысымы төмендейді; 3) ауаның ылғалдылығы кемиді де 2000 м биіктікте ауыз қуысы құрғайды; 4) температура төмендейді; 5) Ньютонның заңы бойынша гравитация төмендегендіктен нәтиже жоғары болады. 6) шуақты реакцияның көбеюі.

Адамның жоғары биіктікке 30 минөтке шейін бейімделуі жедел бейімделу деп аталады. Бірнеше аптаға дейінгіні қысқа уақыттағы және биіктіктегі акклиматизацияны – тұрақты бейімделу дейміз.

Жедел және қысқа уақыттағы бейімделу оттегінің жеткіліксіздігіне бағытталған. Ауада сыбағалы қысым төмендеуінің нәтижесінде ағзада оттегінің жетіспеушілігі дамиды, оны гипоксия және гипоксемия дейміз.

2. Адам ағзасына сулы ортада әсер ететін факторлар. Судағы талдағыш жүйелерінің қызметі.

Ағзаның биіктікке бейімделуіне қанда болатын өзгерістер үлкен роль атқарады. Жедел бейімделу кезінде қанның деподан келіп түсуіне байланысты эритроциттердің саны көбейеді. Қан айналым мүшелерінде жүректің соғу жиілігі, систолдық және қанның минөттік көлемі артады да, қан қысымы аз өзгереді.

Орта биіктіктегі жұмыс кезінде өкпенің желдеткіші, қанның оттектік сыйымдылығы және қанның минөттік көлемінің артуы ағзадағы оттегінің жетіспеуін толықтыра алмайды, сондықтан анаэробты энергияның түзілуі байқалады.

Жоғары биіктікке ұзақ уақыт бейімделу механизмдері жеке ерекшеліктерге, атап айтқанда: 1) тыныс алу, қан-тамыр жүйесі мүшелері қызметінің өзгеруіне; 2) анаэробты энергияның түзілуінің жоғарылауына; 3) өкпенің  сыйымдылығы мен көлемінің артуына байланысты өтеді.

Реакклиматизация ерекшеліктері таудағы 2-3 апталық гипоксиялы тұрақтылықтың өсуі төменгі жазықтыққа түскен соң 1,5-2 айға дейін сақталады. Орта биіктіктерді жарыстарға дайындық кезеңінде пайдаланады, сондықтан 2-3 айдан кейін биіктікке бейімделу процесі өтеді, бірақ бұл кезеңде ескеретін жай ағзадағы толқындалған процесс жүреді. Осыған орай таудағы жаттығу процестері тек қосымша әдіс ретінде жазықтықтағы жаттығулармен бірге жүргізілуі қажет. Орта биіктіктегі жаттығулар төзімділік негізгі сапа болатын мамандықтарға сай келеді.

3. Адамның биологиялық ырғақтары. Бейімделу және ырғақтар. Тәулік бойы жұмыс қабілеттіліктің өзгеруі. Көп тәуліктілік ритмдер.

Биологиялық ырғақтар: ағзадағы өтетін барлық процестер ырғақтылық сипатта жүреді. Ол тірі жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін ассимиляция және диссимиляция процестерінің бірлігімен анықталады. Сондықтан ырғақьылық тірі жүйенің ішкі қасиеті болып табылады. Мысалы, электроэнцофалограмма, электрокардиограмма ырғақтары. Ырғақтар – тәуліктік, айлық, мезгілдік және жылдық болып бөлінеді. Бұлардың барлығы тіршілікке бейімделуге жағдай жасайды.

Циркадты ырғақтылық – геофизикалық және метеорологиялық факторлардың адамға әсері. Бұл ырғақтылық туылғанда байқалады да, түс көргенде қайталанады. Түнгі уақыттарда, жеке әрекеттерді көп қателіктер өріс алады. Қимыл бұлшық ет әрекеті және дене температурасы 0,8 градусқа төмендейді. Мұндай құбылыстар парасимпатикалық жүйке жүйесіне байланысты өтеді. Тәуліктік ырғақтылық эндогендік қасиетке ие. Егер адамдармен қараңғыда көрмей хабарласатын болсаң, тәуліктік ырғақтылық 23-25 сағатқа тең болады. Жүректің соғу жиілігі, тыныс жиілігі, қан қысымы және дененің температурасы 13-14 сағаттарда үдемелі шегіне жетіп, таңғы 2-3 сағаттарда төмендейді.  Айлық ырғақтылыққа ішкі және сыртқы факторлар үлкен әсер етеді. Айлық ырғақтылық тұрақты емес, сыртқы факторлармен анықталады.

Мезгілдік ырғақтылық – бұл жердің күнді айналуы, қысқы ұйқы, құстардың қайтуы. Адамдарда оттегін пайдалану қыста жоғарылап, қан қысымы артады. Сондықтан спорттық нәтижелердің ең жоғары көрсеткіштері көктем және жаз мезгілдерінде байқалады.

Биологиялық ырғақтылықтар  тіршілік жағдайларына бейімделуге жағдай жасап, бір плюстан екінші плюсқа тез ауысқан кезде қызметтің бұзылуына себепші болады. Бұл кезде жаңа белдеулік уақытпен циркадты ырғақтылықтың келіспеушілігі өтеді. Ырғақтылықтың бұзылуы пайда болады, оны десинхроз дейді. Ол жылдам – күш және спорт ойындарының түрлерінде айқын байқалады да, ұйқы бұзылып, тәбет төмендейді. Бейімделудің жаңа жағдайларға 6-10 тәулікте ауысуына байланысты, жарыс өтетін жерге 10-15 күн алдын ала келу қажет.

 

8. Тақырыбы: Сауықтыру дене жаттығуларының және салауатты өмір сүру салтының физиологиялық негіздері.

 

1. Еңбекті, тұрмысты және тынығуды тиімді үйлестірудің физиологиялық негіздері. Үзбей дене белсенділігімен шұғылданудың физиологиялық негіздері. Санитарлық – гигиеналық талаптарды сақтаудың физиологиялық негіздері.

Адамзат қоғамның барлық даму кезеңдерінде адам өмірі әртүрлі аурулармен күресумен өткен, олар ол кезде сауығу жолдарын іздеу арқылы ғылыми және халық медицинасын дамытқан. Қазіргі клиникалық медицина денсаулық дегенді тәннің саулығы ретінді қабылдаған, көбіне ауру себептері мен емдеу әдістеріне бөлген.

Әлеуметтік гигиенаға тән СӨС мен денсаулықтың алғы шарттары практикада қолданылуда.

2. Дұрыс тамақтанудың физиологиялық негізі – салауатты өмір сүру салтының негізі ретінде. Шынығудың физиологиялық негіздері. Экологиялық орта тазалығының салауатты өмір сүру салтындағы маңызын физиологиялық негіздеу.

Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын қалыптастырудың барлық кезеңдеріне сәйкес критерйлері жасалуда. Мұндай критерийлерді негізінен дәрігерлер, педагог-валеологтар, социол-гигиенистер, биологтар, психологтар және т.с.с. жасау қажет.

Жаңа өз бетінше дамып келе жатқан адам денсаулығын сақтап, нығайтуға арналған ғылымның қалыптасу жолдары мен тәсілдері қажет екендігі мәлім болды. Бірақ та салауатты өмір салты жайлы білім әртүрлі халықтың дәстүрлер мен тірлігі ұлттық медицинадағы ерекшеліктері эмпирикалы болды, яғни ұзақ жылдар бойы оның ғылыми негіздемесі болған жоқ.

СӨС – биәлеуметтік категория. Ол интегративті түрде қалыптасады және адамның іс әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, өзгені жамандамау, шағыстырмау, өзін ақылды деп, өзгені ақымақ санаудан т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз – тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті дамуының көрсеткішінің категориясы.

СӨС жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

3. Қартайған ағзаға әртүрлі дене жаттығулары (жүру, сауықтыру, жүгіру, жүзу, шаңғы тебу, велосипед тебу, ырғақтылық және атлетикалық гимнастика) әсерінің физиологиялық сипаттамасы.

Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес СӨС біркелкі болмайды. Өйткені әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол атадан балаға «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Соған байланысты СӨС 3 категориясы болады:

  1. Салауатты өмір сүрудің деңгейі;
  2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
  3. Салауатты өмір сүрудің стилі;

Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық рухани қажетілігі толығымен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз - әлеуметтік категория – үй іші, қызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз - әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін-зі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүруі.

СӨС деңгейі мен сапасы эквипотенциалды борлғандықиан, адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал, СӨС тарихы және ұлттық дағды, дәстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ тұлғаның бейімділігіне де байланысты болады.

Жер шары халықтарына әлеуметтік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орасан көп құжаттарды талдай келе, ДДСҰ мынадай тұжырым жасаған: « Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамның салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Яғни адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетте әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи құбылыс, оны мөлшерден тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресе тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиғи экологияны үнемі бұзып жіберіп отыр. Ал 18-22% тұқым қуалайтын себептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты » - деп қорытынды жасалыпты. Қорыта айтсақ, СӨС көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның және отбасының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталған.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі физиологиялық және әлеуметтік принциптері.

  1. Биологиялық принциптерге жататындар:

а) СӨС адамдардың жас ерекшелігі.

б) СӨС энергетикалық принциптері.

в) СӨС эстетикалық қызметі

г) СӨС ритмикалық үрдістер.

д) СӨС денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

2.  Әлеуметтік принциптерге қатыстылар:

а) СӨС және эстетикалық қызмет;

б) СӨС рухани түрде жеткіліктілігі;

в) СӨС еркіндігін дамыту;

г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы;

 

9. Тақырыбы: Дене шынықтыру және оқыту жаттығу сабақтарының физиологиялық негіздері.

 

1. Дене шынықтыру және оқыту, жаттығу сабақтарының физиологиялық негіздері. сабақтың кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері.

Дене шынықтыру мен оқыту жаттығу сабақтарының ең басты физиологиялық қағидалары: қайталау – шартты қимыл рефлекстерін істеп шығару және бекіту, сондай-ақ динамикалық стереотип қозғалысын реттеуүшін қажет. Жүкті біртіндеп барынша арттыратын болсақ, алғаш бұлшық ет қызметіне жедел, сонан соң ұзақ уақыт бейімделуіне мүмкіндік жасайды және физиологиялық резервтерді жұмылдырады. Бұған кері байланыс әсер етіп, қимыл әрекетінің жетілуіне мүмкіндік береді.

Жаттығу процесі үздіксіз жүреді, себебі үзілістер шартты қимыл рефлекстерінің қатысуына әкеп соғады. Одан басқа ұзақ созылған жаттығудан кейін ұзақ мерзімді бейімделу құрылымы созылады.

Жалпы және арнайы дайындықтардың бірлігін сақтау. Арнайы жаттығу үшін әртүрлі физикалық дайындықтың негіззгі қызметі бастама береді.

Циклді қағидасына байланысты жаттығу процестерінің мазмұны мен құрылымы кезеңімен өзгеріп отыруы керек. Бұның себебі, ағза жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейіндегі күйін және спорттық бабын ұзақ уақыт ұстап тұруы мүмкін емес.

2. Дене жаттығуларының бағыттылығы, жан-жақты үйлесімді дене дамуы. Қимыл дағдыларын қалыптастыру.

Денсаулықты дамыту, қимыл дағдыларын жетілдіру, жұмыс қабілеттілігін арттыру, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын арттыру мақсатында, жаттығудың тиімділігі негізінен жүктеменің көлемі мен энергияның бірдей жасалуымен анықталады. Жаттығумен екі сағат шұғылданатын адамдарда оттегінің барынша қажеттілігі 0,4л, ал 4 сағатта -0,5л болады. Күшті төзімділікке жаттықтырудың әсері аз немесе керісінше болуы ықтимал. Ол сыртқы, ортаның жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, спортшы жаттыққан кезде температураның көтерілуіне және төмендеуіне немесе тегіс және таулы жағдайға байланысты бейімделеді. Сондықтан жаттығулар жарыс өтетін жердің ауа райына ұқсас, жақындау жерде өткізіледі.

Жүктеменің деңгейі төмендеген сайын жаттығудың тиімділігі біртіндеп кемиді де, жаттығуды тоқтатқан соң біржолата жоғалуы мүмкін. Бұл кезде ұзақ мерзімдік бейімделу біртіндеп жойылады. Дене шынықтырумен тұрақты шұғылданғандарда жаттығуды тоқтатқан соң екі аптадан кейін көрсеткіштің сапасы төмендейді. Қимыл дағдысы қалыптасуы қимыл сапалары қалыптасуымен бір уақытта жүреді. Қимыл сапасының дамуы әртүрлі жүйелердің қайта құрылуы нәтижесінде өтеді, бірақ әртүрлі сапалардың дамуы кезінде белгілі бір жүйелерде басымдылық айқын байқалады. Бұлшық еттің өсуі мен күштің дамуы бірге жүреді. Жүйке бұлшық ет аппараты нәзіктігінің өсуі шапшаң жаттығулар жасауға мүмкіндік береді.

3. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда денелік тәрбиелеудің физиологиялық ерекшеліктері.

Мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларда денелік тәрбиелеудің физиологиялық ерекшеліктеріне қарай жаттығу жүктемелерінің жиілігін, ұзақтылығын және қарқындылығын физиологиялық дәлелдеу. Кез-келген бұлшық ет жүктемелері жаттығу тиімділігін бере бермейді. Ол физикалық жүктеме бұлшық ет қызметіне бейімделген деңгейден асып кетсе ғана байқалады. Сондықтан оны физикалық жүктеменің табалдырығы арқылы анықтауға болады. Оның көлемі тек қана жаттығудың деңгейіне емес, ағзаның күйіне және басқа факторларға да байланысты. Жаттығу тиімділігі табалдырықтан жоғары жүктемелерді ғана береді. Жүктеменің көлемін анықтайтын негізгі мөлшері жұмыстың қарқыны мен ұзақтығы және жиілігі болып табылады. Жұмыс қарқынын анықтау үшін төзімділікке жаттыққанда тікелей әдіспен оттегіні пайдаланудың жылдамдығын және жүректің соғу жиілігін жанама көп болса, жүректің соғу жиілігі соншалықты көп болады. Бұл кезде жүректің соғу жиілігінің бастапқы, орташа және жоғары көрсеткіштері пайдаланады. Алғашқы көрсеткіші анықтау үшін жүректің соғу жиілігінің барынша жиырылуын есептейміз де одан адамның өз жасын айыра аламыз.

Жүректің барынша соғу жиілігі 60-70%-ке тең болған кезде жүгіруді бастауға болады. Жүректің соғу жиілігі жоғарылағанда үрей – реакциясы салдарынан катехоламиндер көп мөлшерде шығарылып, зат алмасу күшейеді, глюкоза пайда болады, жүрек бұлшық етінде қоректің жетіспеуі өзгереді. Бұлардың барлығы тәжірибе жүзінде анықталған нәрселер.

4. Мектеп оқушыларының аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін дамыту. Денсаулықты дамыту, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын арттыру.

Жұмыстың қарқынын анаэробты алмасу табалдырығы арқылы да анықтауға болады. Анаэробты алмасу табалдырығы сапалы болғанда сүт қышқылының қоспасы 37 мг%-ке тең өседі. Сүт қышқылы қоспасының деңгейі 37 мг%-тен төмен болса, аэробты жүктемелер артады. Егер сүт қышқылының деңгейі 37 мг% және 80 мг% аралығында болса, аэробты – анаэробты жүктемелері өседі. Анаэробты жүктемелерде сүт қышқылы қоспаның деңгейі 80 мг%-тен жоғары болады. Жаттығу тиімділігінің дамуына кейбір жаттығулардың ұзақтығы, тұтас жаттығу циклінің ұзақтығы үлкен роль атқарады. Жаттығу кезінде жаттығу ұзақтығының сапасы әр алуан болады. Мысалы, күшті дамыту үшін бұлшық етке саны жағынан күніне 3-5 минут аралықта бір рет қайталап жиырылу жеткілікті. Ал төзімділікке жаттығу үшін 10-16 апта уақыт қажет. Жаттығу жүктемесі оның қарқындылығы, жиілігі, ұзықтықтағы және көлемі арқылы анықталады

 

10. Тақырыбы: Дене шынықтырудың кәсіби-қолданбалы түрлерінің физиологиялық негіздемесі.

 

1. Кәсіби – қосымша дене дайындығын, оның құралдарын және құрылуының әдістемелік негіздерін физиологиялық негіздеу.

Кәсіби қосымша дене дайындығын, оның құралдарын және құрылуының әдістемелік негіздерін физиологиясын жекелей қарастырғанда, жоғары температура жағдайындағы жұмыс кезінде құрсақтық қан ағымының кемуі қалыпты температурадағыға қарағанда маңыздырақ. Кәсіби қолданбалы дене дайындығында жалпы арнайы қабілеттілікті арттыруға бағытталады. Жаттығулар физикалық сапаның морфологиялық және функционалды ығысулардың жетілуі мен дамуы.

Жарыс кезеңінде спортшылардың жарысқа қатысуына байланысты жаттығу мен дем алу тәртібі жаттығудың деңгейін көтеруге және спорттық бапты ұстап тұруға бағынады. Жаттығу жүктемелерінің жиілігін, ұзақтылығын және қарқындылығын физиологиялық дәлелдеу. Кез-келген бұлшық ет жүктемелері жаттығу тиімділігін бере бермейді. Ол физикалық жүктеме бұлшық ет қызметіне бейімделген деңгейден асып кетсе ғана байқалады. Сондықтан оны физикалық жүктеменің табалдырығы арқылы анықтауға болады. Оның көлемі тек қана жаттығудың деңгейіне емес, ағзаның күйіне және басқа факторларға да байланысты. Жаттығу тиімділігі табалдырықтан жоғары жүктемелерді ғана береді. Жүктеменің көлемін анықтайтын негізгі мөлшері жұмыстың қарқыны мен ұзақтығы және жиілігі болып табылады.

2. Еңбектің ауырлық дәрежесі бойынша бағалаудың топтастырылуы мен өлшемдері. Орталық жүйке жүйесінің қызметі, еңбек қызметін кортикалық реттеу.

Жұмыс қарқынын анықтау үшін төзімділікке жаттыққанда тікелей әдіспен оттегіні пайдаланудың жылдамдығын және жүректің соғу жиілігін жанама көп болса, жүректің соғу жиілігі соншалықты көп болады. Бұл кезде жүректің соғу жиілігінің бастапқы, орташа және жоғары көрсеткіштері пайдаланады. Алғашқы көрсеткіші анықтау үшін жүректің соғу жиілігінің барынша жиырылуын есептейміз де одан адамның өз жасын айыра аламыз.

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдерден тұрады. Омыртқалы жануарларда  алғашқысының қатарына жұлын мен ми, ал екіншісінің қатарына – жұлын түйіндеріндегі және ғазалар ішіндегі нейрондар жатады. Ағзалар ішіндегі жүйке вегетативтік жүйесінің нейрондары, ал жұлын түйіндері тұлғалық жүйке жүйесінің сезгіш жасушаларынан тұрады. Орталықтағы нейрондардың денесі мида немесе жұлында орналасқанмен, олардың ұзын талшықтары жұлыннан, мидан шығып шеткі ағзаларға барып таралады. Мұндай жүйке өсінділерін орталықтағыдан айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды. Омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі-жұлын. Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Жұлынды көлденең кескенде сұр заттың бейнесі көбелектің қос қанатына немесе «Н» әріпіне ұқсайды. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді.  Жұлынның сезгіш нейрондарына  афференттік жүйкелер тері, ет, сіңір, ішкі ағзалар қабылдағыштарынан серпіністер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға , қанқа еттеріне жеткізеді. Сеззгіш және қозғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Сондықтан жұлын мидың қатынасынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады. Дегенмен біртұтас организмде жұлынның қызметі ми қызметіне бағынышты. Ет талшығының жиырылуы үшін мотонейроннан мионевральдық синапсқа импульс келіп жетуінен әрекет потенциалы туып, сарколеммада теріс заряд пайда болады.

3. Кәсібтік қолданбалы дене дайындығын (ККДД) физиологиялық тұрғыдан негіздеу оны құрудың тәсілдік және әдістемелік негіздері. Еңбек процесі және еңбектен тыс дене шынықтыруды физиологиялық негіздеу.

Бірыңғай салалы еттің көлденең жолақты етке қарағанда қозғыштық қасиеті төмен, хронаксиясы, қозу табалдырығы жоғары, абсалюттік рефрактерлік кезеңі ұзақ, лабилдігі төмен болады. Қозу процесі бірыңғай салалы ет арқылы өте баяу таралады. Мұның себебі бұл етте пайда болған ӘП-ның жылдамдығы тканьге әсер еткен тітіркендіргіштің күшіне және тітіркендіргенде бірден қозатын ет талшығының санына байланысты. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бірі оның қозғыштығы, екіншісі – қозу процесін өткізу. Қозу процесінің жүйкеден өтуін және өту ерекшеліктерін зерттеу үшін көбіне жүйке ет препараты қолданылады. Жүйкелердің қозуды өткізу механизмі мен ерекшеліктері олардың құрылысына байланысты. Жүйке талшықтары миелинді (майлы қабықты) және миелинсіз (майлы қабықсыз) болып екіге бөлінеді. Сезгіш, қозғалтқыш жүйкелердің көбі миелинді талшықтардан тұрады, ал вегетативтік ганглиден кейінгі постганглилік талшықтардың көбі миелинсіз болады. Қозу процесінің жүйке талшығы бойымен жылжуы, яғни серпіністің өтуі аксолемманың қызметі. Майлы қабық изолятор ролін атқарады, оның электрлік кедергісі жоғары. Сондықтан жүйке талшығын миелинді тұсынан микроэлектродтар арқылы тітіркендірсе ол қозбайды. Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса, кессе, кептірсе оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозу процесін өткізбейді.

 

11. Тақырыбы: Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері.

 

1. Спорттық машықтанудың және жаттығуды дамытудың физиологиялық принциптері.

Спорттық машықтану дегеніміз – жалпы және арнайы жұмыс қабілеттілігін арттыруға бағытталған педагогикалық процесс. Физиологиялық көзқарас бойынша спорттық жаттығу – физикалық сапаның морфологиялық және функционалды ығысулардың жетілуі мен дамуы. Сондай-ақ, бұлшық ет қызметіндегі қимыл әрекеттері шартты және шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасатын процесс. Педагогикалық және биологиялық қағидаларға – белсенділік, дәйектілік, беріктік, көрнекілік және жүйелілік жатады. Биологиялық қағидалар – қайталау, машықтық, жүктемені біртіндеп барынша көтеру, үздіксіздік пен циклдік, арнайы және жалпы дайындық.

2. Көп жылдық дайындықтың және оның жеке кезеңдерінің ұзақ уақытты бейімделу қалыптасуының процесі ретінде физиологиялық негіздеу.

Жаттығу циклдері үш кезеңге бөлінеді: І. Дайындық кезеңі – бұл екі сатыдан тұрады: 1\ физикалық сапалар мен қимыл дағдыланып дамуын жалпы физикалық дайындықтың негізгі міндеті деп санаймыз. 2\ таңдап алған спорттың түрінде қимылдардың әрекеті мен тәсілін одан әрі спорттық бапқа жетілдіру міндеті. Дайындық кезең спортшының машықтанған деңгейіне, жекелей ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты 3-4 айға созылады.

ІІ. Жарыс кезеңінде спортшылардың жарысқа қатысуына байланысты жаттығу мен дем алу тәртібі жаттығудың деңгейін көтеруге және спорттық бапты ұстап тұруға бағынады. Бұл кезең 4-5 ай уақытты қамтиды.

ІІІ. Өтпелі кезең. Бұл – жарысқа қатысу тоқтаған соң басталады. Жаттығу жүктемелері төмендейді. Бұл кезде белсенді дем алу қажет, оның ұзақтығы 28-42 күнге тең. Спорттың түріне қарай жаттығу циклі әртүрлі уақытта өтеді. Күнделікті жаттығу екі оң тиімділікке алып келеді: 1\ ағзаның функционалды мүмкіндіктері өседі яғни физиологиялық резервтері көбейеді. Ол максималді жүктеме кезінде байқалады. Максималды анаэробты қуатпен максималды анаэробты сыйымдылықтың ұлғаюы ағзаның анаэробты жұмысқа бейімделуін айқын сыйпаттайды. Оттегінің максималды қажеттілігі көбейген кезде аэробты жұмысқа бейімделеді. 2\ бұлшық еттің үнемділігі өсетін болса, оның тиімділігі артады. Машықтанған спортшыларда стандартты жүктеме орындағанда жүректің соғуы, тыныс жиілігі, тыныстың минөттік көлемі жоғарғы деңгейіне жетпейді. Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді.

Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді. Қарапайым түріне қимылдық реакцияның жасырын уақыты, оқшауланып қозғалу жылдамдығы және уақыт бірлігіндегі қозғалу бірлігі, жылдамдықтың жинақы түріне спорттық қызметтің арқылы түрі жатады \спринтті жүгіру, жүзу, соққы беру\. Жылдамдық көпшілік жағдай нәсілдік қасиеттерге де байланысты болады.

3. Жоғары температура және ылғалды ауа жағдайындағы спорттық жұмыс қабілеттілік. Жылуға бейімделудің физиологиялық сипаттамасы. Салқын сумен шынығудың ағзаға әсерін физиологиялық негіздеу.

Спорттық жаттығу спорттық баптың, белгілі бір уақытта жоғары нәтижелерге жету қажеттілігінің есебімен құрылады. Спорттық бап-бұл ағзаның үдемелі нәтижеге жетуіне оңтайлы дайындығы ретінде сол адамдар үшін физиологиялық қимыл жүйелері қызметтерінің даму деңгейін қамтамасыз етуге себепші болады. Спорттық бап 2-3 айдан 5 айға дейін ұсталып тұрады. Жаттығу процестің тиімділігіне байланысты ағзаның машыққандық деңгейі төмен, орташа және жоғары болуы мүмкін. Машықтанған деңгейі ағзадағы морфофункционалды өзгерістерге байланысты физиологиялық, дәрігерлік және педагогикалық әдістермен зерттеледі. Көрсеткіштерді физиологиялық тыныштық күйде, стандартты және үдемелі жүктеме кезінде анықтайды.

4. Қоршаған ортаның төменгі температура жағдайындағы спорттық жұмыс қабілеттілік. Осы жағдайлардағы ғаза қызметінің өзгерістері. Температура өзгерістеріне бейімделу.

Тыныш күйдегі машықтанғандық көрсеткіштері: 1\ машықтанған жануарлардың салмағы өседі, жүйке процестерінің қозғалысы мен төзімділікке жаттығудағы теңдігі артады. 2\ сүйек жуандайды, бұлшық ет өседі, энергия, қылтамырлар және митохондриялар көбейеді, физикалық сапа артады. 3\ тыныс бұлшық еттері дамиды, өкпенің статикалы көлемі мен сыйымдылығы ұлғаяды, оттегіні пайдалану коэффициенті өседі. 4\ жүрек-тамыр жүйесінде жүректің үлкейіп кетуінің бір түрлі – синус ырғақты қимылдың бұзылуы байқалады. 5\ эритроциттердің көбеюі есебінен қанның айналыс көлемі мен оттектік сыйымдылығы артады.

Ағзаның машықтанған деңгейі жаттығу процесінің деңгейіне байланысты төмен, орта және жоғары болады. Ағзаның машықтанғандық деңгейі морфофункционалды өзгерістерге байланысты болып, физиологиялық, дәрігерлік және педагогикалық әдістермен зерттеледі. Оның көрсеткіштері физиологиялық тыныштық күйде, стандартты және максималді жүктеме кезінде айқындалады.

 

12. Тақырыбы: Әйелдер спорттық жаттығуының физиологиялық негіздері.

 

1. Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегетативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробты және анаэробтық мүмкіншіліктері.

Әйел кісілердің ағзасында ай сайын циклді өзгерістер өтеді. Өйткені жыныс бездерінде жұмыртқалар пісіп жетіледі. Олар эстроген бөлетін фолликулда піседі де, 13-14-ші күнде фолликул циклі ашылып, жұмыртқа – жасуша жұмыртқа жолы арқылы жатырға келіп түседі. Фолликул орнында сары зат түзіліп, ол прогестинді істеп шығарады да, басқа фолликулдар мен жұмыртқа жасушалардың дамуын тежейді. Жұмыртқа жасушаның шығуы овуляция. Овуляция дегеніміз – аналық жасушаның аналық безден бөлініп шығуы. Цикл 21-35 күнге дейін созылып, орташа 28 күнде қайталанып тұрады. Циклдер ай сайын 1-14 жастан 45-50 жасқа дейінгі аралықта өтеді. Еттеккір қанның мөлшері 150 мл-ге дейін жетеді. Оның бөлінуі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйдің қанағатсыздануы пайда болып, сезім мүшелерінің сезімталдығы нашарлап, жүректің соғу жиіліктері артады. Жұмысқа қабілеттілік төмендеген кезеңде физикалық жүктемені азайту қажет. Сондықтан статикалық жаттығуларды жасауға және секіруге болмайды. Бұл уақытта, жаттығу кезінде техникаға көңіл бөлу керек.

Жүктілік кезінде алғашқы 3 айға дейін жаттығуға болады. Кейінгі 3 айда жүктеменің дейгейін анағұрлым төмендетіп, қалған 3 айда жаттығуды тоқтату қажет. Нәресте емшектен шыққан соң жаттығуды қайта жалғастыруға болады.

Жас спортшы қыздарда физикалық жүктемеден еттеккір циклінің бұзылу және тоқтауы мүмкін. Кейбір жыныстық жетілу жүктемеге байланысты болады.

Стайор қыздарда майдың азаюымен бірге ағзада эстрогендердің түзілуі азаяды да, циклдің бұзылуы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шабуыл кезде Филиппин әйелдерінің барлығында аменорея байқалды.

2. Арнайы биологиялық циклдың әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормональды белсенділігі және қызметі күінің қайта құрылуы.

Физикалық тәрбиелеуде және спорттық жетілдіруде әйелдер ағзасының ерекшелігін ескерген жөн. Әйелдердің ер кісілерден айырмашылығы – бойының кішілігі және салмағының кемдігі. Ішкі мүшелерінің қызметі мен құрылыстарының айырмашылықтары да анықталады. Әйелдерде жүректің соғу жиілігі тыныш күйде ерлерге қарағанда жоғары, бірақ қанның систолдық және минөттік көлемдері төмен. Оған жүректің салмағы мен оның қуысы көлемінің кемдігі. Жұсы кезінде тамыр соғу лүпілі жоғары болғандықтан, қалыпқа келу процесі ұзаққа созылады. Бұл жүйке орталықтарының қозғыштығының айғағы. 3. Овариальды – менструальды циклдың әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмыс қабілеттілігіне әсері: менструальды, менструальден кейінгі овуляторлы, овцляторлықтан кейінгі және менструальды алдыңғы кезеңдер.

 Әйелдерде өкпенің өмірлік сыйымдылығы, тыныс алу мен шығару резервтері және өкпенің жалпы сыйымдылығының көрсеткіштері ерлермен салыстырғанда 26-36%-ке төмен. Кіші жамбас мүшелері, әсіресе жатырдың кесін өсінділері сезімтал жүйкелерге бай. Ол қыз балаларда әлсіз болады да, жыныстық жетілу кезеңінде күшіне ене бастайды. Физикалық дайындығы жоқ қыздарда оқыс қимылдардан, соқтығулардан бірқатар қолайсыз рефлекторлы реакциялар пайда болып, физиологиялық қызметтің қалыпты өтуін бұзуы мүмкін. Физикалық жаттығулар кезінде жыныс бездерінің өзгеретінін және етеккірінің циклінің жүруін ескеру керек. Күнделікті спортпен шұғылданатын әйелдерде, машықтанбайтын әйелдермен салыстырғанда бірталай өзгешеліктер болады: жүректің көлемі, өкпенің өмірлік сыйымдылығы, қанның жалпы мөлшері артады да, қанның құрамындағы гемоглобин, оттегінің барынша қажеттілігі, жүректің соғу жиілігі өседі.

4. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі.

Әйелдерде спорттық жетілу процесінде қимылды басқару, ырғақты сезіну, мәнерлі қимыл мүмкіндіктері көтеріліп, қимылдық сапа, күш, шапшаңдық және төзімділік артады. Физикалық сапаның өсуі тірек-қимыл аппаратының морфофункционалды қайта құрылуымен қамтамасыз етіледі. АТФ ресинтезінің жылдамдығы мен белсенді ферменттердің жүйесі артып, энергетикалық субстраттар шоғырланып, жүйке процестерінің ептілігі өседі. Барлық функционалды жүйелердің резервті мүмкіндіктері артады. Төзімділік ағзасының аэробты және анаэробты мүмкіншіліктерімен анықталады. Аэробты мүмкіншілік жоғары шапшаңдықпен оттегін пайдаланып, оны ұзақ уақыт ұстап тұрады. 7 жастан 15 жас аралығында оқушы қыз балаларда аэробты мүмкіншіліктер азаяды. Оттегінің барынша қажеттілігі өзгереді. 8-9 жастағы қыз балаларда, сол жастағы ұл балаларға қарағанда оттегінің барынша қажеттілігі 1кг салмаққа 20-24%-ке, 10-нан 13 жасқа дейін 12-18%-ке тербеледі.

Әйелдерде аэробты мүмкіншіліктердің өсуі көбінесе бұлшық ет митохондриясының саны мен көлемінің өсуіне, ферменттердің белсенділігіне, көмірсулар мен майларды толықтыру қажеттілігіне байланысты өтеді.

Спорттық жаттығу әйелдердің функционалды мүмкіншіліктерін анағұрлым арттырып, функционалды резервтердің өсуіне мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.

 

13. Тақырыбы: Дене тәрбиесі физиологиясының жастық негіздері.

 

1.Дене тәрбиесі физиологиясының жастық ерекшеліктері бойынша негіздері. Спорттық дарындылықтың мәселелері.

Жас спортшылардың қызметтік өзгерістерінің ерекшеліктері: 1) алдын ала дайындықтың; 2) бастапқы спорттық мамандық; 3) терең дайындық кезеңі; 4) спорттық жетілу кезеңі болып бөлінеді.

Хрущев С.Б., (1960) бойынша жас ерекшеліктері:

  1. 7 жасқа дейін – мектепке дейінгі то,
  2. 7-ден 11-ге дейінгі – кіші топ,
  3. 12-ден 15-ке дейінгі – орта топ,
  4. 16-дан 18-ге дейінгі – жоғары топ.

Биологиялық жас жылдам және баяу дамумен сипатталады.

Балаларда ересек адамдарға қарағанда қызметтік ерекшеліктер бар; 1) физиологиялық резервтердің салыстырмалы диапазоны үлкен емес (вегетативті метобализм); 2) вегетативті қамтамасыз ету тиімділігі аса жоғары емес; 3) жұмыстың анаэробты – гликотикалық деңгейі салыстырмалы жоғары емес.

Спорттық қабілеттіліктің өсу ерекшеліктері. Жас спортшылардың аэробты және анаэробты мүмкіншіліктері. Спорттық қабілеттілік мынадай факторларға байланысты бағаланады: қимыл жылдамдығы, жүгіру қарқындылығы мен ұзақтығы және қуаттылығы бойынша артуы. Жас ұлғаюымен қатар адамның жұмыс қабілеттілігі артады да, жас спортшылар қаншалықты өссе, олардың жұмыс қабілеттілігі де соншалықты арта береді.

Спортшы және спортшы еместердің арасында бірінші айырмашылықты 8 жаста байқап, нақтылы айырмашылықтарын 14-15 жаста көруге болады. Егер 10 жастағы юалаларда PWC 170 316 кгм\мин құрайтын болса, 15 жаста 2 есе өседі. Ал жас өспірімдерде (18-19 жас) ересек адамдардан айырмашылығы жоқ. Жоғары топтағы спортшыларды 7-8 жылдық стажбен вегетативтік жүйесінің қызмет жағдайы жетіліп, есейген спортшылардың спорттық жұмыс қабілеттілігінің жетуіне мүмкіндік береді.

Жастың өсуіне қарай аэробты өнімділік те артады. Жас спортшыларда аэробты өнімділіктің өсуіне байланысты абсалютті оттегінің барынша қажеттілігі шұғыл өседі. Ол 8-9 жаста 1,5 д\мин-ке, ал 14-15 жаста 3 л\мин деңгейіне жетеді. Спортрен шұғылданатын 10 жастағы балаларда спортпен шұғылданбайтын балаларға қарағанда жұмыс қабілеттілігі 14%-ке артады. 16-17%-ке өседі. Ал 13-14 жастағы балаларда бұл қажеттіліктің жылдық өсімі 1100 мл тең.

2. Мектепке дейінгі (4-тен 6-7 жасқа дейін), бастауыш мектеп жасындағы (6-7 ден 10 жасқа дейін), жас өспірімдердің (11-15 жас), жоғары мектеп жасындағы (16-18 жас) егде жастардың, морфофункциональды ерекшеліктері.

Анаэробты өнімділік. Балалардың анаэробты жағдайларға жұмыс қабілеттілігі нашар бейімделген. Сондықтан оттегінің қарыздық өлшемі негізгі көрсеткіш болып табылады. 9-10 жастағы балаларда оттегінің қарызы 1 л-ден көп, 14-15 жаста 2-2,5 л-ге жетеді. Ересек адамдарда 16 л-ден жоғары. Екніші бір көрсеткіші сүт қышқылының концентрациясы болады. Сүт қышқылы концентрациясының деңгейі қанша жоғары болса, энергиямен қамтамасыз етілуі соншалықты жоғары болады. Сүт қышқылы концентрациясының мөлшері 7-8 жастағы балаларда 80 мг%, 14-15 жаста – 100мг%, ересек адамдарда – 112 мг%.

Жүгіру дегеніміз – қимылдық әдет, ұшу кезеңінің ұзаруына және сүйініш кезінің төмендеу нәтижесінде орындалады, 3 жастан 10 жасқа дейін шапшаңдық, қадам жиілігі және жүгіру жылдамдығы артады да, ұшу кезеңі екі еседен де көп өседі. 10-11 жастағы балаларда жүгіру жылдамдығы -5,4 м\с болса, 14-15 жастағы балаларда 6,0 м\с, ал 17-18 жастағы балаларда 8 м\с болады.

Секіру – бұл кезде қимылдық әдет 3 жастан бастап қалыптасады да, 12-13 жасқа дейін өсіп, одан әрі қарай төменде         й бастайды.

Күш – кернеумен өлшенеді де, бұлшық етті қозу күйінде дамытады. Ол физиологиялық (нейро – гуморальды реттелудің жетілуі), морфологиялық (бұлшық еттердің биохимиялық құрамы, АТФ, КФ және ферменттердің пайда болуы, олардың ыдырауы) факторларға байланысты. Күш – статикалық бұлшық ет күші, динамикалық және жарылыс күші болып бөлінеді.

Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады.

3. Физиологиялық бақылау дене шынықтыруды және спорттық дайындықты тиімді басқарудың құрамды бөлімі.

Бұлшық еттің динамикалық күші қызметтің изотоникалық немесе ауксотоникалық режимдері жағдайында дамиды. Динамикалық күш оның шапшаңдық көлеміне немесе бұлшық ет қысқарып яки ұзарған кездегі салмақ қозғалысының баяулауына байланысты анықталады. Бұлшық еттедің динамикалық күші концентрикалық жиырылу экцентрикалық жиырылу кезіндегі сол бір бұлшық еттің статикалық күшінен аз болады.

Жиырылыс күші – бұлшық ет күшініің тез пайда болу қабілеттілігін сипаттайды. Жарылыс күшінің көрсеткіші градиент болып табылады, ол күштің барынша пайда болуымен жоғары нәтижеге жету қатынасын анықтайды. Градиент күші – спорттың жылдамдық – күш түрлері өкілдерінде басым болады.

4. Дене тәрбиесі мен спорттық жаттығу сабақтарындағы физиологиялық күйлердің жасқа байланысты қалыптасуы, мектеп жасындағы спорт қызметінің физиологиялық ерекшеліктері.

Дене тәрбиесі мен спорттың физиологиялық жүйелерге әсері өте тиімді. Мектеп жасында осы спорттық қызметпен байланысты адам бойында қалыптастыру қажет. Дене сапаларын жетілдіру керек. Шапшаңдық – адамның қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол – қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейро-гуморальды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты.

Төзімділік – ұзақ уақыт тиімділікті төмендетпей жұмыс істеу қабілеті. Ол адамның қажып, шаршау мүмкіншілігін болдырмауды бейнелейді. Төзімділік жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы төзімділік – бұлшық еттердің үлкен тобындағы мамандандырылмаған жұмысты ұзақ уақыт қолдау қабілеті (жүзу, шаңғымен жүгіру). Арнайы төзімділік қозғалыс әрекетінің белгілі бір түрінде жұмыс қабілеттілігін ұзақ уақытқа қолданудан көрінеді.

Балаларда тұрақты күйді ұстап тұру қабілеттілігі ересектерге қарағанда төмен. Олар жылдам оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейіне жетеді.

Шаршау – жас спортшыларда орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тез дамиды. Ішкі тежелу процесі, әсіресе дифференциалды және кешігу тежелулер тез бұзылады.

 

14. Тақырыбы: Бақылаудың және іріктеудің физиологиялық негіздері.

 

  1. Бақылаудың түрлері. Функциональдық дайындалудың көрсеткіштерін бақылау, оны машықтану процесін басқаруда және спортпен шұғылдану үшін қолдану.

ХХ – ғасыр шектен тыс жоғары әлеуметтік – психологиялық ырғақтылықпен сипатталады. Физикалық жүктеменің көлемі төмендеді. Қазіргі заманда адамдарында қимыл белсенділігі кенет төмендеп, гиподинамия мен гипокинезия көбейеді.

Бергтің есебі бойынша бұдан 100 жыл бұрын бұлшық ет қызметі 96% болса, қазір бір болғаны 1%-ке тең. Өте аз өзгеретін биологиялық процестердің сипаттамасын еске алған дұрыс. Мысалы, физиологиялық және биологиялық процестердің деңгейі бойынша бұрынғы адамдар кроманьонцтар (физикалық белсенділігі өте жоғары болған адамдар деңгейінде). Ал қазіргі адамдарда бұл белсенділік жоқ. Физиологиялық белсенділік пен қанағат арасында қарама – қайшылық пайда болып, ол гиподинамия ауруына әкеп соқтырады. Бұл ауру тірек-қимыл аппаратын өзгертеді. Сонымен қатар бұлшық ет жасушаларында белок ыдырауы күшейіп, олардың мембранасы арқылы амин қышқылдарымен ферменттер жеңіл өтеді. Гиподинамия кезінде жүрек-тамыр жүйесінде жүрек бұлшық ет массасы мен қуыстардың пішіні тарылады. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі мен диастолалық қысым көтеріліп, систолалық қысым артады. Ол ұйқыға, селқостыққа және енжарлыққа жетелейді. ІІІ – ғасырдағы ұлы ойшыл Аристотелдің айтуынша ағзаны жұмыссыздықтай ештеңе бұза алмайды.

2. Спорттық жұмыс қабілеттіліктің тұқымқуалаушылығының гинетикалық көрсеткіштері. Жоғары дәрежелі спортшылардың физиологиялық модельдері. Физиологиялық модельдік мінездеме мен спорттық іріктеу. Іріктеудің биологиялық өлшемдері.

Ағзада барлық жүйелердің қызметін іске қосатын, бұлшық ет белсенділігі кезінде энергияның күшті генраторы болып табылады да, қаңқа бұлшық еттері 40% құрайды. Дене тәрбиесімен үнемі шұғылданатын адамдарда негізгі зат алмасу 5-20%-ке көп болады.

Проприорецепторлардан келіп түскен афферентті импульстер орталық жүйке жүйесін жандандырады да, жүйке орталықтарының үйлестігін жақсартады. Аэробты жаттығулар психикалық және дене саулығын реттейді. Бұл кезде спортшының өзіне сенімділігі күшейіп, қатар қимыл компоненттеріне қарағанда белсенді, яғни үйреншікті жұмыс кезінде қабілеттілігі артады.

Бұлшық ет қызметі қорғаныс факторы болып табылады да, нәтижесінде көңіл күйлер қан қысымының көтерілуіне әкеп соғады. Тамақтану тәртібін сақтағанда дене салмағының бір қалыпта тұруын байқауға болады. 0,5 кг-ға салмақты азайту үшін 1000ккал энергия жұмсау қажет. Дене тәрбиесімен шұғылдану үлкен әлеуметтік рөл атқарады. Дене шынықтыру болдырмауға мүмкіндік жасайды.

Тірек-қимыл аппараты арқылы жүзеге асады. Жастық шақта сүйек ұлпалары жақсы қатайып дамиды. Егде жаста сүйек нәзік те мөрт келеді. Қандағы эритроциттердің саны мен оттегінің сыйымдылығы біртіндеп артады. Ас қорыту процестері жақсарып, аэробты мүмкіншіліктер өседі.

3.Спорттық іріктеу әдістемесі. Спорттық дарын проблемалары. Морфологиялық және спорт физиологиясында статистикалық әдістерді қолданудың ерекшеліктері.

Айқасқан тиімділіктер: бұл кезде резервті мүмкіншіліктердің деңгейі өседі. Денсаулықтың деңгейін өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің функциональды мүмкіншіліктері бойынша, не болмаса жүрек-тамыр және тыныс жүйелері арқылы өлшеуге болады деп тұжырымдайды. Оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның көрсеткіші соншалықты маңызды болып, ағза қолайсыз факторларға қарсы тез бейімделеді. Ол денсаулықтың өлшемі болып табылады.

Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздеу. Ол бұлшық еттерден афферентті импульстер түсіп орталық жүйке жүйесін жандырады да, оның жұмыс қабілеттілігін шұғыл арттырады. Күнделікті шұғылдану тірек-қимыл аппаратына, жүрек-тамыр, тыныс жүйелеріне және ас қорыту мүшелеріне тиімділік жасайды. Таңертеңгі гимнастика ағзаны шынықтыруға тиімді ықпал етеді. Өндірістік гимнастика жұмыс басталар алдында кіріспе түрде өткізіледі. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырып, қан айналым, тыныс алу қызметтерін көтеріп, ағзаны жұмысқа дайындайды.

Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады.

Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді.

Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді.

 

15. Тақырыбы: Спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.

 

1. Жеңіл атлетиканың физиологиялық негізі, жеңіл атлетикалық жүгіру. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының қуат жұмсалуының сипаттамасы. Тыныс алу және қан айналу, қанның құрамы, жылу түзілуі.

Жүгіру кезінде жекелей ұшу кезеңімен кезектесіп отырады. (секіру сериялары). 100 м қашықтыққа жүгіру жоғары, 800-1500 м-ге субмаксималді және 42 және 194 м (марафон) қашықтыққа жүгіру бірқалыпты қуат аймағында орындалады. Тегіс жолмен жүгіргенде орталық жүйке жүйесінде ерекше жүктемелер байқалмайды. Максималді және субмаксималді қуат аймағында анаэробты, ал үлкен және бірқалыпты қуат аймағында аэробты процестер басым болады.

Энергияның жұмсалуы және тыныс алу. 100 м-ге жүгіргенде өкпенің желдеткіші 14-19 тыныс, қалыпты тереңдікте 8 л, оттегінің мұқтаждығы 7-13 л болады. Орта қашықтыққа (800-1500м) жүгіргенде өкпенің желдеткіші 150 л\мин-ке, оттегіні пайдалану 4-5 л\мин-ке жетуі мүмкін.

Тыныштық күйде ұзақ және аса ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде қан айналым брадикардиясы байқалады. Жүгірген кезде жүректің соғу жиілігі бі минөтте 170-190 соғ\мин, жылдамдатқанда және сөреге келгенде 200-220 соғ\мин болады. Систолалық қысым 180-220 мм-ге, соғу көлемі 180-200мм-ге, қанның минөттік көлемі 35-40 л-ге дейін артады. Ал дистолдық қысым төмендейді.

Қанда сүт қышқылының көбеюі (200-250 мг\ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру) және лейкоцитоз байқалып, сілтілі қышқыл ph орта төмендейді. Ұзақ және аса ұзақ қашықтыққа жүгіргенде қанның құрамында глюкоза азайып, тердің көп бөлінуі байқалады. Тердің бөлінуіне байланысты дене салмағы 4-5 кг-ға дейін азаяды. Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде дененің температурасы көтеріліп, қызу 40 С градусқа жетуі мүмкін.

2. Гимнастика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы. Жұмыс сипаты, қимыл құрылымы. Талдағыштар жүйесінің қимыл аппаратының қуат жұмсалуының сипаттамасы. Қалпына келтіру бойынша іс-шаралар.

Балмен бағаланатын барлық жаттығулар үшін күш, шапшыңдық және төзімділік қажет болғанмен қимыл үйлестігі басты рөл атқарады. Қалыптасқан элементтерді барлық уақытта қайта құруға тура келеді. Қарқыны бойынша бұл жаттығулар жоғары және соған тете қуатқа жатады.

1) спорттық гимнастика адамның физикалық жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Гимнастарда оттегінің барынша қажеттілігі – 4,0 л\мин, оттегіні пайдалануы – 2 л\мин.

2) көркемдік гимнастика жоғары жазықтықта қимыл анықтығын (шеңбер және доппен жаттығулар) сонымен қатар икемділікті талап етеді. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\ мин болады.

Спорттың жеке түрлерінде қуат, тәсіл және энергияны жұмсалу үзіліссіз өзгеріп отырады. Бокс – штанга және күрес сияқты барлық салмақ категориясы бойынша өткізіледі. Осыған орай боксшылар мен күресшілер кезең сайын өз салмақтарын кемітеді, кейде бұл өте қысқа уақыт аралығында істелінеді. Бұл көңіл-күйдің нашарлауына және жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне соқтырады.

3. Шаңғы табудың физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы, жылу өндірілуі.

Шаңғы тебу – қозғалыс сипаты бойынша адымдап жүру сияқты. Қозғалыс циклдігі салыстырмалы. 5 және 10км қашықтыққа үлкен, ал 15,30,50 одан да ұзаққа жүгіру бірқалыпты қуат аймағындағы жұмысқа жатады. Шаңғы тебу жалпы және шапшаң төзімділікпен бірге күшті де талап етеді. Бұлшық еттер аэробты және анаэробты жұмыстарға бейімделуі керек. Орталық жүйке жйүесі қозғалыс үйлестілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі керек. Қозғалыс көру және тепе-теңдік сезім мүшелерінің аса үлкен маңызы бар. Тыныс алу қозғалыс ырғақтылығына бейімделеді. Тыныстың минөттік көлемі 120-150 л\мин болса, оттегіні пайдалану 4-5 л\мин. Оттегінің барынша қажеттілігі әйелдерде 60-75 мл\мин кг болса, ерлерде 75-80 мл\мин кг болады. Тегіс жерде оттегіні пайдалану оның барынша қажеттілігінің 80 –ін, жоғары көтерілгенде 90-95 –ін, төмен түскенде 60-ін құрайды. Шаңғышыларда жүгірушілерге қарағанда оттегінің мұқтаждығы көбірек болады. Себебі көптеген бұлшық ет топтары жұмыс істейді. Оттегінің қарызы, 8-12 л. Қанның құрамындағы сүт қышқылының мөлшері, эритроциттер, лейкоциттер және гемоглобиндер көбейеді. Алмасу өседі. Энергияның жұмсалуы 4000 ккал-ға жетеді. Қозғалыс кезінде жүректің соғу жиілігі 170-180 соғ\мин.

Коньки тебу субмаксималді (500-3000 м қашықтық) және үлкен (5000-10000 м қашықтық) қуат аймағында орындалады. Орталық жүйке жүйесі қозғалыс үйлестігін жақсы қамтамасыз етеді. Бұлшық еттер динамикалық және статикалық тәртіпте жұмыс істейді. Коньки спорты да қозғалыс, тепе-теңдік және көру сезім мүшелеріне жоғары талап қойылады. Тыныстық минөттік көлемі 180 л\мин, оттегіні пайдалану 5 л\мин, жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин. Оттегінің қажеттілігі 75-80 мл\мин\кг.

4. Спорттың ойындарының физиологиялық сипаттамасы. Футболдың, волейболдың, баскетболды, теннистің физиологиялық сипаттамасы.

Спорт ойындарын физиологиялық сипаттау құбылмалы қуатты жұмысқа жатады. Ойынның арасында барынша жоғары, соған тете және үлкен қуат байқалуы мүмкін. Спорттың бұл түрі үшін шапшаңдықтың, секірудің, жалпы төзімділікпен мәре жылдамдығының үлкен маңызы бар. Ойындардағы негізгі қимылдарды алдын ала түзуге болмайды, әріберіден кейін тәсілдің өзі ойын кезінде өзгеруі ықтимал. Осы кезде ойындар спорттың жекелей түрлеріне жақындайды. Қимыл белсенділігі мен тәсілді қайта құру – ақпаратты тез істеп шығару, жүйке процестерінің ширақтылығын талап етеді. Бұл – сезім мүшелерінің қимыл реакцияларын жақсартып, олардың жасырын уақытын қысқартады. Қимылдық әдеттер әртүрлі болуы керек. Олардың элементтерінен жағдайға сәйкес қимыл актілері қалыптасады. Барлық спорт ойындары аралас типті қимылдық күш қимылымен сипатталады. Спорт ойындары күштің, шапшаңдық, икемділіктің және арнайы төзімділіктің дамуына мүмкіндік жасайды. Көру, есту, кіре - беріс және қозғалыс сезім мүшелеріне жоғары талап қойылады. Сондай-ық құбылмалы қуат пен үзіліс мүмкіндіктері де қалыпқа келу процестеріне үлкен талап қояды. Бірқатар ойындарда жұмыстың үлкен қарқындылығына байланысты ойыншыларды алмастыруға бір минөттік үзіліс беріледі. Бұл кезде жүректің соғу жиілігі қалай өзгерсе, тыныс жүйесі де солай өзгереді. Оттегіні пайдалану 4,0-4,5 л\мин, оттегінің қарызы 7-8 л, қан айналымының минөттік көлемі 20-25 л\мин болады. Тердің бөлінуі байқалады.

5. Коньки тебу спортының физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы.

Конькимен мәнерлеп сырғанау, конькиде жылдам жүгіру, көркемдік гимнастика, акробатика және хореография элементтері сай келеді. Бұларға да қимыл үйлестігі, қозғалыс, көру және тепе-теңдік сезім мүшелерінің жақсы жұмысы қажет. Міндетті бағдарламаны орындағанда энергияны жұмсау мен вегетативті ығысулар аса байқалмайды. Еркін бағдарламаны орындағанда (4,5 мин) вегетативті ығысулар мен энергия жұмсау жоғары болып, олар шегіне жақын көрсеткіштерге жетеді. Соңынан оттегінің қажеттілігі туады.

6. Велосипед тебу спортының физиологиялық сипаттамасы. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының, қуат жұмсалуының сипаттамасы.

Велосипед тебу кезінде аяқ бұлшық еттері динамикалық, қол бұлшық еттері статикалық жұмыс атқарады. Еңкейіп отырудың өзі тез шаршатады. Жұмыс 4 қуат аймағында атқарылады. Тас жолда велосипед тебу үлкен және бірқалыпты қуат аймағындағы жұмысқа жатады. Тыныс жиілігі педальдің айналу жылдамдығына байланысты. Қозағылыс, тепе – теңдік, көру сезім мүшелеріне және жүрекке ауырлық өте көп түседі. Жүректің соғу жиілігі жұмысқа байланысты болып, 170-200 соғ\мин-ке жетуі мүмкін. Тыныш күйде бұл көрсеткіш төмендейді. Қанның құрамында эритроциттер мен гемоглобиндер көбейеді. Тердің көп бөлінуі байқалады 1,8 кг-ға дейін салмақ жоғалтады.

Ауырлық көтеру өзіндік – күш қозғалыстарына жатады. Бұлшық еттің зорлануы – көлденең ені мен штанганың салмағына тура пропорциялы.

Қозғалыс үйлестігі туралы негізгі ақпарат қозғалыс сезім мүшелерінен келеді. Диск пен балғаны лақтырғанда тепе-теңдік сезім мүшесінің күйі жақсы сақталады.

Бокс – құбылмалы қуаттағы жылдам орындалатын күштің динамикалық жұмысын көрсетеді. Раундтар арасында үзілістерде қалыпқа келу өтпей тұрып, оттегінің  жетіспеу жағдайында жұмыс қайта басталады. Ол күштің дамуына, сергектікке және арнайы төзімділікке мүмкіндік туғызады. Көру және қозғалыс анализаторларына жоғары талап қойылады. Бұл уақытта өкпенің желдеткіші 80-100л\мин, оттегіні пайдалану 4 л\ми, жүректің соғу жиілігі 180-200 соғ\мин-ке дейін жетеді. Нокаут пен нокдаун сананың бұзылуына байланысты.

Күрес – бұл өзіндік күшпен кезектесетін динамикалық жылдам жұмыс. Бұл күшті, шапшаңдықты, икемділікті және арнайы төзімділікті дамытатын спорттың бір түрі болып саналады. Проприорецепторлардың сезімталдығы жоғары. Айқас кезінде тыныс ырғағы тұрақты болмай, күшенгенде тежеледі. Оттегінің барынша қажеттілігі 4,6 л\мин. Жүректің соғу жиілігі 170-200 со\мин-ке жетеді.

Сайысу қимыл үйлестігінің күрделілігімен сипатталады. Бұлшық ет жылдам динамикалық жұмысты орындайды, бірақ денені ұстап тұру статикалық күш салуды қажет етеді. Сайыс кезінде бетіне киген қорғаныс пердесі тыныс алуды едәуір тежейді. Оттегінің барынша қажеттілігі – 4,2 л\мин. Жүректің соғу жиілігі жаттығу кезінде 120-150 соғ\мин болса, жарыс кездерінде 190-195 соғ\мин-ке жетеді. Киім жылу алмасуын қиындатады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца. М.,ФиС,1986
  2. Физиология мышечной деятельности: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца.-М., ФиС, 1982
  3. Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.
  4. 4.Физиология спорта и двигательной деятельности (перевод с анг) Олимпийская литература, 1997, 307с.
  5. Спортивная физиология. Руне федман. Перевод со шведского. С.К. Елисеевой. – М., ФиС,1980
  6. Спортивный отбор. В.М. Волков, В.П. Филин.-М., ФиС,1983
  7. Психология физического воспитания. Е.П. Ильин.-М., Просвещения,1980
  8. Физиология спорта и движений, Уилмар Дж.Х. Костил Д.Л. – Киев. Олимпийская литература,1997
  9. Физиологияческое тестирование спортсмена высокого класса.\под.ред. Дункан Дж, Мак Дугала и др.-киев, Олимпийская литература, 1998
  10. Платонов В.Н. Общая теория подготовки спортсменов в Олимпийском спорте. Киев, 1997
  11. Верхошанский Ю.В. Основы специальной физической подготовки спортсменов М.:ФиС, 1988
  12. Психофизиология физического воспитания. Е.П. Ильин.-М, Просвещение, 1980

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-21 17:40:31     Қаралды-112639

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »