UF

Тақырыбы: «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» 

 

Тақырыбы: Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка.

 

1.    Африканың аймақтары

2.    Солтүстік Африка, Орталық Африка

3.    Шығыс және Оңтүстік Африка

 

Геологиялық құрылымы мен рельефінің біркелігі жағдайында Африкалық үлкен кеңістерінде бір сыдырғы ландшафт сақталады, олар климаттың өзгеруіне қарай бірте – бірте өзгереді. Африка материгінде ендік зоналық басым. Солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналардың ауысуы солтүстік жарты шарда айқын байқалады.

Экватордың екі жағында белдеудің ландшафтары басым. Шығыста биіктік белдеулер өте күрделі көрінісімен ерекшеленеді. Оңтүстікте ендік зоналық үнді мұхиттының ықпалымен күрделенеді, бұлар шығыстан батысқа қарай ландшафтың өзгеруіне әкеліп соғады.

     Көрсетілген айырмашылықтар негізінде: Африканы ірі төрт бөлікке бөледі. Солтүстік, Шығыс, Орталық және Оңтүстік. Солтүстік Африка түгелдей  дерлік Сахара плитасының шегінде жатыр. Ол екі облысқа бөлінеді: Сахараның шөлді-тропиктік және суданың совомалық облысы.

     Солтүстік Африкада ерекше орынды. Солтүстік – батыс бөлігі Атлас облысы алады, ол субтропиктік белдеудің оңтүстік шетінде жатыр және Алып қатарлы белдеуінің тау жүйесіне кіреді.

     Атлас облысының табиғат ерекшеліктерінде Жерорта теңізі субтропиктерінен Сахаралық тропиктік шөлдері ландшафтарына өте сипаты байқалады.

     Облыс солтүстігі мен шығысында жерорта теңізімен, ол батысында Атлас мұхиттымен шектелген.

     Атлас тауында Оңтүстік Испания мен Сицилие тауларымен тікелей жалғасы болып табылатын 2000-2500 м. және қатпарлық жоталар бар. Батыстағы Риф Атлас не Эр-риф, шығыстағы Телль - Атлас. Облыстың оңтүстігінде Атлант мұхитынан Солтүстік шығысқа қарай Биік атылас жотасы созылып жатыр. Тубкаль массив – 4165м-ге жетеді. Солтүстік – шығыстағы Атлас Сахараға дейін созылады. Бұл аймақтың климаты құрғақ, ыстық, қысы жұмсақ, ылғалды климат тән. Батыста жауын шашын мөлшері 800 мм. ден астам. Сахель жазығында, Табыс шығанағында 200-300м. дейін төмендейді. Қыс айларының орташа температурасы +120-150с – ге жетеді. Жазда батыстан шығысқа қарай +240с, С-ге дейін жетеді.

 

Сахара.

 

     Тропиктік  шөлдер Африканың солтүстік бөлігін алып жатыр. Шөл және шөлейт ландшафттар Атлант мұхиттынан Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегі мен жерорта теңізі жоғалауынан селегал өзенінің төменгі ағысынан бастап. Год көлі арқылы Нілдегі хортумға дейінгі жерді алып жатыр. Ол эмли км алып жатыр. Нілден батысқа қарай Ливие шөлі үстірті өтеді. Солтүстікте бірте-бірте аласорады, олардың кейбірі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Мысалы қатар ойысы – 133 м –жердегі ең терең құрғақ ойыстардың бірі. Сахараның орталық бөлігін де кристалдың және вулкандық жыныстардан түзілген биік тау қыраттар мен үсттірттер түзілген. Олар: Тибети, Ахаггар, Ифорас. Тибести қаратының ең биік шыңы-сөнген эми-Куси вулканы (3415 м). кратерінің диаметрі 12 км. Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м. биіктіктер жатыр. Солтүстік шығыста Ахаггар тау қыратында Тассилин – Адджар үстіртіне, солтүстігінде Тадемоит үстірті, Аптиатласт. Джебель – Боми таулы үстірті. Сахарадағы дюиалардың биіктігі 300м. жетеді. Сахараның көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған қиыршық тас үйіліп жатыр. Бұларды «хомада» деп атайды. Хомаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан беткейі оқшау үсттірттер – «гара» көтеріліп тұрады. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын-шашынның жылдық жиындығы барлық жерде дерілік 50 мм-ден аз. Сахарада ауа әрдайым құрғақ және таң тұнып тұрады. Оның салыстырмалы ылғалдылығы өте аз, кейде 25% - тен төмен. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалықтығы 6 м. дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды онан сайын күшейте түседі. Тұрақты жазғы желдер – пассаттар солтүсттік – шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмасфералық депрессиялар өте күшті құм және шаң борандар туғызады – Бұл Сахарадағы басты аппатың бірі.

     Жазда күннің ыстықтығы +500с-ге жетеді. Ол шаң мен құм ала келетін тұрақты ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер атнысын қуыра түседі.

     Қыс айларында ауа анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20 – 250 с. шомасында тұрса, түнде қатты шылу қайтару салдарынан ауа 00-ге дейін салқындайды, кейде үсік соғады. Сахараның Атлант мұхитының суық Конар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс шеті шөлдің басқа бір жоғалық типі болып табылады. Қазіргі кезде шөлдің оңтүстікке, саволмаға қарай ілгеріліп бара жатқаны байқалады. Бұл процесс өте жылдам жүруде. Шөлдің шекарасындағы  топрақты малдық топтап тастауды, ағаш пен бұта шабу және өртеу топрақ жамылғысының бұзылуына, құмның көшуіне және су алқаптарының құрғап кетуіне әкеп соғуда. Кейбір деректерге қарағанды, Сахара оңтүстікке қарай шамамен алғанда жылына 1 км жылжиды.

 

Тақырыбы: Солтүстік Америка. Солтүстік Американың тектоникалық құрлысы және жер бедері.

 

1.С.А. полер ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты түгел алып жатыр.

          Материктің солтүстігіндегі ең шеткі нүктесі – Бутия түбегінің Мерчисон мүйісі (солт. Ендіктің 71050)

Батыстағы ең шеткі нүктесі Аляскадағы Принц Уэльский мүйісі (бат. байлықтың 1680 ) шығыстағы ең шеткі Лабрадар  түбегіндегі Сант – Чарльз мүйісі (батыс байлықтың 55040 1 ы) Сол. А. оңт. Қарай солт. Ендіктің 70121-на дейін

 Моркто мүйісі созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңт. Америкамен жалғасады. С.А. ең солт. Аралдың шеткі Гренлндиядағы Моррис – Джасен мүйесі (солт. Ендіктің 830391- ы) Бұл – солт. Жарты шардың полюске ең таяу жатқан құрлық бөлігі.

          Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24250 мың км2, аралдардың көлемі-3890 мың км2.

          Протерозой дәуірінің аяң кезіне қарай қазіргі С.А. материгінің орнында жан-жағынан геосикланальдың (ұзақ уақыт бойы төмен түсумен болған кең алқап) белдеулермен көмкерілген аса үлкен платорорма болған.

          С.А. платформасының жоғары көл аймағы мен Гриляндияның солт. Бөлігі аралығындағы солт. Шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны п.б. Полеозой дәуірінің бас кезінен бастап платформа Канада қадқанынан Оңт. Қарай және Атлантика геос-дық белдеуінің бір бөлігі болған Аппалаг геосииклиналынан батысқа қарай барынша төмен түсіп, оны теңіз суы басқан.

          Кордильер тауларындағы алғашқы фогендік (тау түзілу) процестердің білінуі жоғарғы полезой дәуіріндегі девои кезінің аяғынан бастап п.б.

          С.А. өзінің қазіргі табиғат жағдайларының қалыптасуында маңызды болған үлкен өзгерістерге мезозой дәуірі кезінде душар болған. С.А. платформалық бөлігі кайназой дәуірінің бос кезінде құрлық түрінде болды ол солтүстікте комоске дейін созылып, солтүстік батыс пен солтүстік Шығыста Евразия мен жалғасып жатқан құрлық болған.

          Олиюцен дәуірінен басталып, осы уақытқа дейін созылып келе жатқан жаңа кейінгі альпі дәуірі (В.Е.Хами бойынша)-Коррильердегі орогендік кезең б/п табылады, ол тау жүйесінің түрлі бөліктерінде әр түрлі болады. Сонымен қатар тектоникалық әрекет жанар таулардың өте күшті атқылауынан лаваның асып ағуы түрінде жүріп жатыр. Ол эоцен дәуірінде басталып, миоцен дәуірінде ең жоғары сотыға жетті, сөйтіп АҚШ-ғы сеңгір тауларды, Үлкен Бассейінді, Мексика таулы қыратын, Колумбие үстіртіп, Каскад тауларын қамтыды. Жанар тау әрекеті плиоцен дәуірінде де тоқтаған жоқ, бұл кезде ол Алеут жотасын және Мексиканың жанар тау сырасын қамтыды.

          Қазіргі кезде бұл әрекет едәуір бәсеңдеді.

          Евразиядағы сияқты С.А. – да бірнеше рет мұз басу мен шегінуі б/п өтті. Оның соңғысы, Вискоисин мұз болуы шамамен алғанда осыдан 10-15 мың жыл бұрын аяқталған. Мұз басу Евразиядағы сияқты мұнда да жер бедерінің қалыптасуына өте күшті ықпал жасады.

          Виксонсин мұздығы екі үлкен алапқа – Лобрдар және Киватин алаптарына бөлінгеннен кейін және мұз қабатары біржола жойылғанан кейін материктің сол. Бөліктерінде өсімдіктер мен жануарлар п. да бола бастады, климат едәуір жылы әрі құрғақ бола түсті, сөйтіп бірте-бірте осы күнгі ландшафтар қалыптасты.

          В.Е. Хонның пікірі бойынша, С.А. өзге материки салыстырғанда құрылымының мейлінше симметриалы болуымен және құрылымы мен жер бедерінің мейлінше толық сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді. Материктің орталық, гипсометриялық төмендеуден бөлігі, сонымен қатар. Греиландияның едәуір бөлігі мен канаданың Арктика архипелогының аралдарын қоса қамтитын ежелгі платформадан түзілген.

            Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада Кристалды қалқаны.Оның етегіндегі жер бедерінде Ловрентий қираты жота. Бұл қыраттың ең биік 500 – 700 м. ол төмен жерлерінің би-гі 100-200м.

          Платформаның батыс бөлігінде, Кордимер тауларымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткі бөлігі болғандықтан және Кордильер тауларының  жоғары көтерілуінің әсері тигендіктен қазіргі жер бедер          Платформаның батыс бөлігінде, Кордимер тауларымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткі бөлігі болғандықтан және Кордильер тауларының  жоғары көтерілуінің әсері тигендіктен қазіргі жер бедер  тән.

 

                                    Африкаға жалпы шолу.

 

Жалпы жоғалау сызығы – 30500 км.

Жалпы материктің - 5% пайызын аралдармен, түбектер алып жатыр.

Ең ірі арал – Мадагаскар.

Ең ірі түбек – Сомали.

 

Африканың ашылу тарихы.

 

1.    XXVIII ғ. б.э.д. Хаина деген ғылым (Египеттік) Сомалиді зерттеп ашқан. Пунт жеріне саяхат жасаған.

2.    б.э.д. 600-695 ж. Финикиялық матростар (нехо қызметіндегілер) Африканы айнала жүзген.

3.    1352 – 1353 жылдары ИБИ Баттута Сахараны кесіп өтіп Нигерия өзеніне дейін барып. Кері қайтқан.

4.    1486 ж. Диего Кан (Португалия) Конго өзенін ашқан.

5.    1488 ж. Бартоломеу Днош (Португалия) Доброй Надежды мүйісін ашқан.

6.    1497-1499 Васко да Гома (Португалия) Африканы айналып жүзіп Үндістанға барған, жағалауларды ашуды аяқтаған.

7.    1795-1806 Мунго (Англия) Нигер өзенін зерттеген.

8.    1840-1871 Довид Ливлигстан (Англя) Оңтүстік Африканы кесіп өтіп Конго өзенінің жоғарғы жағын Виктория сарқырамасын ашқан.

9.    1871-1877 ж. Гонри СТ эпли (АСЦШ) Тонганьика және Виктория көлдері айнала Конго өзенінің басынан, сағасына дейін, Когера өзені мен Рувензори массиві зерттеген.

10.            1880-18883 ж. В.В. Юикер (Ресей). Ніл-Конго суайрығын ашқан, зерттеген.

 

Жер бедері бойынша

(Биік шыңдары) – терең ойысы.

 

Аты

Тереңдігі

Орналасқан орны

1.    Афор (Ассаль)

 

2. Каттара

153

 

133

Джибути

 

Ежпет

 

          Рфидула – иісі жағынды, жапырақты кілемі жабысқыш зат бөледі. «Шыбын ұстағыш» деп атайды.

          Африка пілі – дүние жүзіндегі ең үлкен сүтқоректі, биіктігі 4 м, салмағы 12 танна.

          Жираф – ең жануар, 6 м ге дейін жетеді.

Етраус – ең үлкен құс, бойы 2,6м, салмағы 100 кг. Термит – ұсақ жәндік, өте үлкен құрлыстар жасай алады. 12м. биіктігі, екі 3м-ге дейін.

 

Тропикалық  шөл зонасы

 

          Сахара – жер  бетіндегі ең және ыстық шөл. Оның көлемі

7 820 000 км - жылы африканың көлемінің 25% пайызын қамтиды. Солтүстік, Оңтүстікке дейін 1300 ден 2250 км-ге дейін, шығыстан, батысқа дейін 5000 км-ге созылады.

          Оазистар сахараның 3%  алады көлемі – 200 000 км2. Қаңтардың ор. Тем + 109 + 160с. Шілде +260, +380с. Жауын – шашын –50 мм.

          Финиковая пальма – «Хан» ағашы оазистердің ең негізінде ағашы. 20-30м. биікттік, 5 жылдан кеін 100-150 кг. өнімді 100 жыл қатарынан береді. (құрам).

          Вельвичия – Намиб шөлінде, қарша ағашы, биіктігі 30 см, екі 1,2 м. тамыры өте тереңге кетеді 15-20м, жойылып өсетін жапырағы 1м ден 6 м.-ге дейін жетеді.

          Африкадағы жалпы қорықтар мен ұлттық  парктердің саны-392, жалпы көлемі – км2 (немесе, 1,2 %).

          Қорғауға алынған территория көбінесе Кенияда кездеседі. Жалпы 17 жалпы көлемінің 2,1 мм – га алады.

 

Ірі өзендер.

 

Аты

Ұзындығы

Бассейн көлемі

Мың км2

Су шығыны

 м 3/с

Салалары

 

1.Ніл

2.Конго

3.Нигер

4.Замбези

5.Воби –Шибали

6.Оранжевоя

 

 

6671

4320

4160

2660

1950

1860

 

 

2870

3691

2092

1330

Бетпаққа

1020

 

2600

46 000

9300

16 000

сіңеді

345

 

Көкніл, Атбора

Уанги, Луалаба, Касан

Бануэ, Бани

Кафуэ, Куанду

 

 

Воаль

 

Ірі көлдер

 

Аты

Көлемі, км2

Тереңдігі м.

1.    Виктория

2.    Танганика

3.    Ньеса

4.    Чад

5.    Вангвеулу

6.    Рудальф

68000

34000

30800

10000-26000

4000-150 000

8300

80

1470

706

4-7

5

73

 

Табиғат зонасы

 

Ылғалды орман зонасындағы жануарлар дүниесі туралы мәліметтер. Майлы пальма-жаңбырлы мезгілде 15л-ге дейін тәтті сок береді, оны вино және напиток жасауға пайдаланады.

          Голиоф құрбақасы – дүние жүзіндегі ең ірі бақа ұзындығы 35 см, салмағы 3,5 кг. Ахатина – ең ірі улитка (ұлу) ұзындығы 38 см, салмағы 900 г.

Горилла- Ең ірі адам тәріздес маймыл, ұзындығы (бойы) 175 см ж/е салмағы 200 кг.

                              Сованнадағы табиғи зона.

 

Баобаб –ағашы , діңі 55 м-ге дейін жетеді. Оның жұмсақ , жеңіл деңгейінде 120 л. су болады , отқа төзімді. 4-5 мың жыл өмір сүреді. Акация (зонтик) шатырлы өзінен смала бөледі, гуммиарабик – затына  әсіресе маталарға ою салғанда пайдаланады.

 

Тақырыбы: Солтүстік Американың жануарлары, өсімдігі, топырағы, халқы.

 

Қажетті әдебиеттер:

 

1.    Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы А. 1982.

2.    Вопросы географии. Сб. 120 Ландшафтно – геохимическое ройонирование и охр. Среды. М. Мыс. – 1983-206с.

3.    Физическое география материков и океанов. Под ред. А.Н. Ребчикова М. Выс. Нек. 1998.

 

1.С. Африканың басын көпшілігі болып табыладын солтүстік бөлігі галактикалық әлем шеңберіне, ал оңтүстік бөлігі мексиканы және АҚШ-ң қиыр оңтүстігін қоса қамтып, Неотропикалық әлем шеңберіне жатады. Материктерінің солтүстік бөлігінің өсімдігі   Евразиямен байланысты, Оңт. Бөлігі Оңт. Америкаға ұқсас келеді.

С.А.-ң өсімдіктер дүниесінің ішкі өзгешіліктері климатының өзгерісіне байланыстары кайназой дәуірі бойынша да қалыптаса бастады. Солтүстікте ауа райы салқындап, батыста жауын-шашын мөлшері кеми түсті. С.А-ң шығыс және батыс бөліктеріндегі өсімдіктер дүниесінің негізінен арман өсімдіктері басым б/п.

          Мұз көшкіні материктің едәуір бөлігіндегі  өсімдіктер жабынынын жойып жібереді. Бірақ оң-те ауа райы өзгерісі онша қатты болмады деп орман өсімдіктері сақталып қалады.

          Мұз көшкінінен кейінгі климаттың өзгерістері мен қазіргі жағдайлардың қалыптасуы осы заманғы топрақ - өсімдік жамылғысының түзілуіне алып келеді. Тундра, орманды тундра және тайга орманы материктің солт. Жартысында ендіктерге таяу алқаптар бойымен созыла орналасқан.

          Ішкі жазық алабындағы топрақ пен өсімдік дүниесі шығ. Батысқа барған сайын өзгере береді. Далалы жерлердің шығысы және кей – кейде сол. Сұр топрақты орман аралас далаларымен шектеседі. Орман аралас далалар бірте 2 өсімдік құрамы өте бой шалғынды далаларға немесе прерияларға ұласады. Прерияларда дәнді өсімдіктер өседі.

          Прериялар батысқа барған сайын кәдімгі құрғақ далаларға айнала бастайды. Ал, жерлерге сортақ тартқан учаскелері бар қара топрақты және қоңыр топрақты алқаптар тән келеді. Өсімдік жамылғысы әрі сиреп, әлі аласара түседі, әдетте жорта метр биіктіктен аспайды. Кең тараған дәнді өсімдіктер арасынан грам шөбін, бизон шөбін ерекше айтуға болады. Аймақтың оңтүстік – батысында тікенді бұталарды қалың жынысы кездеседі.

2.    С.А.-ң үлкен бөлігінің зоогеографиялық жағдайы Евразияға жақын және Голактикалық зоогеографиялық аймақтың шеңберіне енеді.

Тундрадағы жануарлар әлемінің Евразиядағы тундраның жануарлар әлемімен салыстырғанда да өзіндік ерекшіліктері бар. Құрлықта өмір сүретін ірі сүт қоректілердің ішінде ерекше өзге түсетін – мускус өгізі немесе қойөгіз Ол өте күшті, дүнелі әрі өте күшті, денелі әрі өте төзімді келеді. Қазір (денелі әрі өте олар американың тек қана арктикалық аралдар мен Греиландияда кездеседі деуге болады. Солтүстікте өсетін американдық карбу буғысы едәуір мол таралған. Ол Евразиядағы жобайы солтүстік бұғыларымен біртектес. Қазір бұл бұғының тундарда және орманда өсетін екі түрі бар. Материктің солтүстік жағалауы мен сірескен  мұзды аймақтарда ақ аю кездеседі.

          Кәсіпшілік үшін поляр түлкісінің зор маңызы бар. Кемірушілер отрядынан ақ қояндар, сұр тышқандар жиі кездеседі. Тундраны қыстап қалатын құстардың ішінен әсіресе ақ құр мен тундра құрып ерекше атауға болады. Жылы жаққа қайта ұшып кететін  құстардың арасында Аляска жол құст, ақ үкі, көл жоғалауында батпақты жерлерде жұмыртқалайтын басқа да толып жатқан су құстары кездеседі. Ішкі су көздерінде балықтық көптеген түрі бар.

          Жыртқыш аңдардың да түрлері  көп. Олардың көпшілігі терісі бағалы кәсіпшілік аңдар болып табылады. Мыс: Солтүстік скунсы, калинат, с. американе             сусары, американ бұлғыны, америка қаракүзекі және ақ тышқан. Ірі жыртқыш аңдардың ішінен әсіресе аюды. Қасқырды, сілеусінді, қанды (гну) айтуға болады.

3.Солтүстік Америка халқы (Вест-Индиялы қоса алғанда өзінің шығу тегі жағынан, антропологиялық ерекшеліктері мен саны жағынан бір-біріне ұқсамайтын бірнеше топты біріктіреді негізінен алғанда бойырғы халқы үндістан мен эскимостар, европалық болқыншылардың ұрпағы, Европа елдерінен келгендер, Азиядан келгендер мен негірлер.

          Қазіргі неғұрлым кең тараған пікір бойынша, А-ны осы заманғы тұрпаттағы арамдар шамамен 30-20 мың жыл бұрын, соңғы мұз көшкінінің екінші жартысында, жоғары полеолит дәуірінде мекен еткен.

          С.А-ң байырғы халқының ерекше бір тобы – эксимостар мен олеуттер. Эксимостар қазіргі Американың үш аймағына шоғырланған. Алескада, Маккензи өзенінің бассейінде, Канаданың арктикалық жоғалауы мен Греиландияда тұрады. Эскимостарға жақын алеуттер Алеут аралдарын және Аляска түбегін мекендейді.

 

Тақырыбы: Евразия материгіне жалпы шолу.

 

1.    Евразия материгінің географиялық орнына сипаттама.

2.    Геологиялық құрылымы.

3.    Пайдалы қазбалары.

4.    Климаты.

 

 

      Евразия материгі дүние жүзіндегі ең ірі материк болып табылады, яғни оның жер көлемі (54 млн.), дүние жүзіндегі құрлықтың 37% -ін алып жатыр. Оның жағалауын төрт мұхит шайып жатыр. Материктің шеткі нұктелеріне келетңн болсақ солтүстігінде Челюскин (77°43´с.е.), оңтүстігінде (1°16´с.е) , батысында (9°31´б.б), шығысында (169°40´б.б).

      Материк солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мығ километрге, ал батыстан шығысқа қарай 16 километрге созылып жатыр. Мұхитара мен теңіздер материкке сұғына еніп жатыр, сондықтан оның жағалауы өте қатты тілімденген, әсіресе оңтүстігі мен шығысы өте қатты тілімденген. Евразия материгінің зор көлімділігі соншалық оның ішкі аудандары мұхиттармен теңіздерден мыңдаған километр алыс жатыр. Шығысқы қарай материк кеңейе түседі.

          Евразияның зор мөлшері, оның күрделі құрылымы мен жер бедерң, поляр маңы жіне экватор маңы ендіктер арасындағы орны, мұхиттардың әр түрлі дәрежедегі әсер етуі табиғаттың зоналық ерекшеліктерінің алуан түрлілігін және географиялық қабықтың зоналық құрылымы көрінісінің едәуір айырмашаылығын түзеді. Жер шарындағы ең биік шың, ең терең депрессия осы материкте орналасқан.

          2.  Евразия материгінің күрделі қалыптасу тарихы және оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізеді. Геологиялық жағына қарайтын болсақ, материктің континеттік бөлігінде кембрийге дейінгі бірқатар платформалардың барлығын көрсетеді.. Евразияның ежелгі ядросына палезойдың ортасында пайда болған Шығыс Европа платформасы жатады.. Осы платформаның батыс жартысында қалқан антиклизаларды, барлығын байқатады. Мысалы; Балтық және Украйн қалқаны және синеклизалар Беларус және Воронеж.

          Материктің азиялық бөлігінде бірнеше платформалар бар: Сібір,Қытай, Аравия және Үндістан. Бұл азиялық платформалар қозғалмалы ежелгі платформаларға жатады. Олар үшін теңіз деңгейінен биіктігі сипатты болып табылады. Евразияның негізгі геоқұрылымдыық элементтеріне геосинклиналдық белдеулер жатады.Атланттық геосинклиналдық белдеу құрамына Скандинавия таулары таулары және Ұлы британың солтүстігі кіреді.

          Оңтүстік Евразияның геосинклиналдық бүкіл материк бойымен өтеді, Атлант мұхит жағалауынан Үнді-Қытай түбегіне дейін созылып жатыр. Бұл геосинклиналдық белдеу екі этапттан тұрады; 1-ші этап жоғарғы палеозойда жатыр және көлемді герцин қатпарлығының дамуымен байланысты олып келеді. Олар негізінен Британ аралдарының оңтүстігінде, Пиреней таулары, Францияда, Орта европа аласа тауларында, Орал Тянь—Шаньда созылып жатыр. Ал 2-ші этап альпі қатпарлығының дамуымен байланысты болып отыр.Ең белсенді қозғалмалы белсенді қатпарлықтар Альпі –Гималай геосинклинальдық облысы деп табылады. Сонымен бұл жердегі тау түзілудің әлі бітпегендігі туралы осы жердегі жиі жер сілкіністері және вулкандарды байқауға болады.

          3.Евразиядағы негізгі металдық белдеулер ежелгі геосинклинальдармен интрузиялармен және метаморфизмдерге (платформалық облыстарға) байланысты болып келеді. Каустобиолиттер( яғни тас көмір мұнай және т.б.) платформалар джәне синеклизаларға сәйкес болып келеді. Мұнай және жанатын газдардың миграциялық табиғаты олардың әртүрлі қатпарларда жиналуын көрсетеді. Бірақ қазіргі геосинклиналдық облыстар пайдалы қазбаларға оншща бай болып келмейді (Жапон аралдары).

          Ежелгі платформалардың көтеріңкі жерлеріне металдық рудалардың кен орындары шоғырланған (темір, мыс, мырыш, кобальт және т.б.) Сібір платформасының кристалдық негізінде темір және мыс, никель және полиметалл рудалары шоғырланған.

          Платформаның ойыс бөліктерінде шөгінде пайдалы қазбаларкеңінен тараған: мүнай және газ ( Солтүстік теңіз және Балтық маңы, Сібірдің солтүстік батысы, Солтүстік Шығыс Қытай және т.б.)

4.    Евразия материгінің жер бедеріне жалпы сипаттама айтатын болсақ өте күрделі

 ешқандай заңдылық сақталмаған. Мұнда жер бедерінің барлық формалары кездеседі,яғни ең биік таулар, орта, аласа және биік таулар , жазықтар ойпаттар және қазаншұңқырлар  және т.б.

 

Тақырыбы :  Солтүстік Америка материгіне жалпы шолу.

 

1.    Материктің географиялық орнына сипаттама

2.    Пайдалы қазбалары.

3.    Климаты топырағы және өсімдігі

4.    Жануарлар дүниесі және халқы, физикалық географиялық аудандастырылуы.

 

 

1.Солтүстік Америка материгінің негізгі орографиялық элементтері субмериандық бағытта созылып жатыр. Батыста 9000 км Кордильер тау жүйесі және шығыста Аппалач тау жүйесі созылып жатыр. Солтүстік Америка жер көлемі бойынша 3-ші орындағы материк болып табылады. Жалпы көлемі аралдарымен қосылып есептегенде 24250мың шаршы шақырым. Материктің шеткі нүктелері: солтүстігінде Мерчисон (71°51´с.е.), оңтүстігінде Марьято(7°12´с.е) , батысында  Принц Уэльский (168 б.б), шығысында  Сент- Чарльз (55°40´б.б).

Солтүстік Америка жағалауын үш мұхит шайып жатыр: Атлант, Солтүстік мұзды, және Тынық мұхит. Материктің шығыс және солтүстік жағалауларын теңіздер ішкерілеп кіпіп күшті бқлшектеп жіберген, ал батыс жағалау аз тілімденген.

Протерозой дәуірінің аяқ кезіңе қарай Қазіргі Солтүстік Америка материгінің орнында жан-жағынан геосинклиналдық белдеумен қоршалған аса үлкен платформа болғанОНфы солтүстігінде Арктикалық. Шығысында. Солтүстік шығысыман оңтүстік шығысында Атлантикалық геосинклиналдық белдеумен көмкерілген. Ежелгі Солтүстік Америкаплатформасы жазық жер бедері басым болып келетін тұрақты платформа болып табылған. Платформаның ең тұрақты бөлігінде – канада қалқаны, оның етегінде Лаврентий қыраты жатыр.Қалқанның оңтүстікке қарай жатқан территория Орталық Жазық деп аталады. Платформаның батыс бөләгәнде  Кордильер тауымен шектесіп жатқан Ұлы жазық орналасқан.

2.Платформаның қойнауында пайдалы қазбалардың әдәуір қоры сирек . кездесетін рудаларға бай: мыс, никель және кобальт. Үлкен кқлдер аймағында уран рудаларының қорлары жатыр. Алтын шығатын кен орындары архей дәуірінің граниттері бар жерлдерде Орталық жазық алабында платформаның тұнба шқгәнділерінде тас көмір мен мұнай, қоның көмір кездеседі.

3.Климаты Солтүстік Америка оған жататын аралдарымен қоса солтүстік

ендіктің 83 және 7 градус аралығында жатыр., яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай солтүстік жарты шардың экваторлық белдеуден басқа белдеудің барлығын қамтиды.  Сонымен бірге материктің мейлінше енді және кқлемді бқлігі субарктикалық белдеулерде, ал ең аз бөлігісубтропиктік белдеуде жатыр. Тропиктік және субэкваторлық белдеулер шегінде Солтүстік Американың жіңішкерген оңтүстік бөлігі, ал арктикалық белдеу солтүстік араладарды қамтиды. Климаттың атмосферадағы айналым ағынының жағдайларымен негізгі көрсеткіштердің бөлінуі бүкіл материк көлемінде жыл мезгілдеріне қарай бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Қыстыгүні материк үстіндегі температураның таралуы мұхиттардың мұхиттардың әсекрінен гөрі күн радиациясына көбірек байланысты болып келеді. Орташа температура қыс айларында –12-18°, жауын-шашын қар түрінде түседі . Жауын –шашынның ең көп түсетін жері Тынық мұхит жағалауының  қоңыржай және субтропиктік ендіктері. Жаз айындағы Солтүстік Американың үлкен бөлігі қатты ысиды. Жаз айларының орташа температурасы +18+20°. Жауын – шашын ең аз түсетін Калифорния штатындағы Өлім алқабы. Көп түсетін бөлігі Оңтүстік Панама жағалауы 3000мм дейін.

          Ішкі сулары. Солтүстік Америка ағын судың жылдық жалпы көлемі жөнінен тек өана Австралияны, Антарктиданы және Африканы басып озады. Солтүстік Америка өзендерінің көпшілігі Атлант мұхитына, ал шамалы ғана бөлігі Тынық және Солтүстік мұзды мұхит бассейніне кіреді. Солтүстік Америка өзендері энергетикалық бай, көптеген өзендері мен көлдері транспорт қатынасы үшін маңызы зор. Солтүстік Америка өзендерінің көпшілігіжаңбыр суыменн қоректенеді. Өзендер қыста қатады, жазда толып арнасынан асып кетеді. Көлдер негізінен материктің солтүстік бөлігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінде тұщы су қоры өте мол.

          Солтүстік Америка аса маңызды ірі су жүйесі  - Миссисипи. Оның ұзындығы өзінің ең ірі саласы Миссуриді қоса алғанда 6420км. Миссисипидің су жинау алабының көлемі 3228мың шаршы шақырым. Миссисипи үндістер тілінен аударғанда  су атасы деген сөзді білдіреді. Миссисипидің ағын режиміде өте күрделі. Шаруашылықта маңызы өте зор,20мың км –ге жуық учаскесі кеме қатынасы қолайлы.

          Солтүстік Американың маңызды су жүйесі – Ұлы көлдер мен Әулие лаврентий өзені. Ол бірі кқлдер жүйесінен тұрады ( Жоғарғы, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио).  Мен көптеген шағын көлдерді қамтиды. Олардың жалпы аумағы 246050 шаршы шақырым. Көлдің суы  Атлант мұхитына Әулие Лаврентий  өзені арқылы өзі аттас шығанаққа барып құяды. Өзен ұзындығы 3130км.

          Топырағы және өсімдігі.  Солтүстік Американың басым көпшілігі болып табылатынсолтүстік бөлігі Голарктикалық әлем шеңберіне, ал одан аздау оңтүстік бөлігі Мексиканы және Америка Құрама Штаттарының қиыр оңтүстігін қамтитын  бөлігі Неотропикалық әлем шеңберіне жатады. Голарктикалық патшалық бірнеше аймақтарға бөлінеді: Циркумбореалдық, Атлантика –Солтүстік Америка, Сеңгін таулар және мадре. Неотропикалық патшалық аймақ Кариб теңізі аймағына бөлінеді. Солтүстік Америкада топырақ түрлерінің 29 түрі кездеседі. Табиғи зонаның 26 түрі кездеседі.

          4. Жануарлар дүниесі. Солтүстік Американың үлкен бөлігінің зоогеографиялық жағдайы Евразия жақын және Голарктикалық зоогеографиялық аймақ шеңберіне енеді. Голарктикалық зоогеографиялық аймақжер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты 4 кіші аймаққа бөлінеді. Арктикалық, Циркумбореалдық,3 батыс Америка және Шығыс Америка. Қазіргі түрлері Солтүстік Америкағада, Евразияға да тән тарап кеткен. Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында плиоцен кезеңінен бері қарай пайда болған құрлық арқылы байланыс екі материктің жануарлар дүниесінің неотропикалық бөлігіне жатады.

          Халқы. Солтүстік Америка халқы өзінің шығу тегі жағынан, антропологиялық ерекшеліктері мен саны жағынан бір біріне ұқсамайтын бірнеше топты біріктіреді: негізінен алғанда байырға халқы үндістер мен эскимостар, европалық басқыешылар ұрпағы, одан кейінгілері Европа елдерінен келгендері, Азиядан келгендер мен негрлер.

          Физикалық географиялық аудандар: Артикалық аралдар, шығыс Америка, Кордильер. Орталық Америка, Орталық Жазық.

 

Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгіне жалпы шолу.

 

1.    Географиялық орнына сипаттама.

2.    Жер бедері және пайдалы қазбалары.

3.    Климаты және ішкі сулары.

4.    Топырағы және ішкі сулары.

5.    Халқы және физикалық географиялық аудандастырылуы.

 

1. Оңтүстік Америка материгінің көпшілік оңтүстік жарты шарда

экваторлық және субэкваторлық белдеулер шеңберінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі кіреді. Оңтүстік Американың жер көлемі оған қоса аралдарымен есептегенде шамамен 17850шаршы шақырым. Материктің шеткі нүктелері солтүстігінде Гальинас мүйісі  (12°25´с.е.), оңтүстігінде Горн мүйісі (41°12´о.е) , Париньяс мүйісі (81°20´б.б), шығысындаКабу-Бранку мүйісі (36°46´б.б). Солтүстік Америкамен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Материк төңірегінде аралдар аз. Бұл материк екі шетіне екі мұхитпен шайылып жатыр, яғни Тынық және Атлант мұхиттары. Атлант мұхитына оңтүстік пассат ағысы және Перу салқын ағысы материкке әсері өте күшті байқалады.

          2. Оңтүстік Америкаорографиясында Солтүстік Америкаға ұқсатығы байқалады. Шығыста Атлант мұхиты жағалауында Бразилия және Гвиана таулы қыраттары және Патогония үстірті жатыр. Материктің қиыр батысы мен солтүстік батысында дүние жүзіндегі ұзын Анд немесе Оңтүстік Кордильер 9 мың километрге созылып жатыр. Тау қыраттары мен Анд аралығында Амазонка, Ориноко, және Парагвай-Парана ойпат-жазықтары орналасқан. Оңтүстік Америкаплатформасы Гвиана-Бразилия мегақалқанынан және Пампа – Патогония плитасынан тұрады.

          Пайдалы қазбалары. Платформа алабында әртүрлі пайдалы қазбалардың кен орындары кездеседі. Металлдардың ірі кендері архей-протерозой фундаменттінің жыныстарымен байланысты. Гвиана, әсіресе Бразилия таулы құраттарының протерозой метаморфтық жыныстарында: темір, магнит пен гематиттердің қоры молү Интрузияларда алтын және боксит кендері шоғырланған. Ежелгі үгілудегі марганец рудаларының қоры мол ашылып өңделіп жатыр. Патогония плитасында мұнай кен орындары, қорғасынның, мырыштың және гидротермалық рудалары жақсы таралған. Сонымен бірге күміс, алтын, асыл тастарда тараған. Андының тау аралығы және тау бөктерлері майысуында мұнайға бай келеді.

          3. Климаты.Материк экватордың екі жағында жатыр. Күн радиацмясын өте мол қабылдайды. Материктің жер бедерң климаттың қалыптасуына өте мол әсер етеді. Атлант мұхиты жағына келетін ауа массалары батысқа Анд тауының етегіне дейін еркін енеді. Тыңық мұхиты жағынан келетін суық ауа массалар Анд тауының батыс беткейіне тіреліп материкке ене алмайды. Сонымен қатар атмосфера циркуляциясының аса маңызды типі – пассаттық циркуляция.

          Қаңтарда Оңтүстік Американың экватордан оңтүстікте жатқан бөлігі көбірек қызады. Оңтүстік Атлант антициклоны жағынан қызған материктен муссон сипатында желдер соғып тұрады.

          Шілдеде материктің бүкіл солтүстік бөлігі оңтүстік батыс муссон әкелетін ылғалды экваторлық ауаның және Атлант мұхиты жағынан келетін ылғалдалығы одан кем түспейтін теңіздік тпропиктік ауаның ықпалында болады.

          Жауын-шашын материк бойынша таралуы әркелкі. Материктің солтүстік батысында және солтүстік қиыр шығысында жауын-шашын мол түседі, шамамен5000-7000мм-ге дейін. Жайын-шашын ең аз түсетін аймақ Атакама шөлі.

          Ішкі сулары. Оңтүстік Америка аумағы жағынан кішкентей болғанымен, оның ағынының жалпы көлемі 7500км3. Евразиядан басқа материктерден асып түседі. Оңтүстік Америкада тығыз, жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына материктің климат жағдайлары, даму тарихы, жер бедері қолайлы әсер етеді. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі жаңбыр түріндегі жауын-шашын. Андының оңтүстігіндегі өзендер мұздық суымен толығады.

Оңтүстік Американың ең ірі өзені- Амазонка Өзен бассейінінің көлемі 7миллион шаршы шақырымнан астам, ұзындығы негізгі бастауына 6480км. Амазонканың сушығыны дүние жүзіндегі барлық ең ірі өзендердің шығынынан бірнеше есе артып кетедіӨзеннің транспорттық маңызы зор, су энергиясының қоры мол, бірақ өте нашар пайдаланылады. Оңтүстік Американың екінші ірі өзені Парана өзені, 3-ші өзені – Ориноко өзені. Ең ірі көліне Титикаканы атауға болады. Оның көлемі – 8300км3 ал ең терең жері 304м.

          5.Топырағы және өсімдігі. Оңтүстік Американың топырақ және өсімдік жамылғысының зоналық типтерінің барынша әртүрлі және флорасының ондаған мың түрлерінен тұратын ерекше бай аймақ болып табылады. Материктің солтүстік бөлігі Неотропиктік патшалыққа кіреді. Ал бұл патшалық бірнеше аймақтарға бөлінеді: Кариб, Гвиана таулы қыраты, Амазония, Орталық Бразилия, Анд. Материктің 20-сыншы паралельден оңтүстікке қарай Голарктикалық патшалыққа кіреді.

 Бұл патшалық екі аймаққа бөлінеді: Хуан-Фернандес және Патогония. Топырақтың 24 түрі кездеседі.

          Жануарлар дүниесі. Өсімдік жамылғысы сияқты Оңтүстік Американың жануарлар дүниесіде бай болып келеді. Фаунаның ескәләгә және құрамында эндемик түрлерінің көп болуы осыған байланысты. Сонымен олдарға жақын түрлер басқа материктердеде кездеседі, бұл материктер арасындағы ежелден құрлық байланысының бар болғандығын көрсетеді. Мысал ретінде Австралияда және Оңтүстік Америкада қалталылар отрядының көп кездесуі.

          Халқы. Оңтүстік Американың халқы сирек және әртүрлі қоныстанған. Халық тығыз орналасқан аудандарға Атлант мұхиты жағалауы және Андының кейбір аудандарын жатқызуға болады.Ал ішкі аудандарда, мысалы, орманды Амазонка ойпатында халық мүлде жоқтың қасы.

          Оңтүстік Американың байырғы халқы үндістер. 15-ші ғасырдың 1-ші жартысында мұнда инктер, кечуа, араукан тайпалары мекендеді. Негрлер ішінара ақ және үндіс халықтарымен бірігіп, оның нәтижесінде аралас типтер – бірінші жағдайда мулаттар, екінші жағдайда самбо ұрпақтары пайда болды.

          Физикалық географиялық аудандастырылуы негізінен тектоникалық принципке сүйене отырп жасалған. Материкті екі үлкен субконтиненттерге – Шығыс пен Андыға бөлеміз. Шығыс өзінің ішінде Амазонияға, Тпропиктік жазықтарға, Бразилия және Гвиана таулы қыраттарына және Патогонияға бөлінеді.

 

Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгінің топырағы өсімдігі жануарлар дүниесі және халқы.

 

1. Өсімдігі және топырағының таралу ерекшеліктері

2 . Жануарлар дүниесінің таралу ерешеліктері.

 

Оңтүстік Америкаға топырақ-өсімдік жамылғысының зоналық типтерінің барынша әр т.рлі және флорасымен фаунасыныі ондаған мың түрлерінен тұратын ерекше бай болуы тән. Бұл Оңтүстік Америка материгінің солтүстік жарты шардың субэкваторлық беудеуінен оңтүстік жарты шаррдың қоңыржай белдеуі аралығындағы орнына байланысты болып отыр. Оңтүстік Американыі 40о.е. дейінгі көп жерлері Орталық Америкамен және Мексикамен бірге Неотропикалық флоралық патшалық құрайды. Материктің Оңтүстік бөлігі Антарктикалық патшалық шегіне кіреді.

          Оңтүстік Америка платформасын Африкамен байланыстырып жатқан құрлық алабында екі материкке ортақ саванна мен тропиктік орман флорасының қалыптасу орталығы жайласқан болуы керек. Олардың құрамындаңы өсімдіктердің кейбір ортақ түрлері мен туыстарының болуы осы жағдайға байланысты. Бірақ, мезозойдың аяғында Африка мен Оңтүстік Американың бөлінуі, материктердің әрқайсысында жеке флора мен фаунаның пайда болуына әкеледі, яғни Палеотпропиктік және неотпропиктік патшалықтардың оқшаулануына әкеліп соқты. Неотропиктер флорасы өте бай және онық эндемизм дәрежесі жоғары., бұл оның мезозойдан бастап үздіксіз дамуына байланысты болып отыр.

          Оңтүстік Американың шығыс бөлігінің флорасыны Андының флорасынан анғұрлым ежелгі. Андының флорасы өзінің тау жүйесінің пайда болуына орай, ішінара шығыстың ежелгі тпропиктік флорасының элементтерінен, ал көбіне оңтүстіктен, Антарктика аймағынан және солтүстіктен, Солтүстік Америка аймағынан Кордильерә жағынан келіп кіргке элементтерден қалыптастырады.

          Антарктикалық патшалық алабында 40с.е. –тен оңтүстәкке қарай түрге кедей бірақ өте ерекше эндемиктік флора бар. Ол ежелгі Антактида материгінде мұз басқанға дейін пайда болған. Климаттың салқындауына байланысты бұл флора солтүстікке қарай ауысқан.

          Оңтүстік Америка матригінің флорасы адамзатқа батыс жарты шарда ғана емес, сонымен бірге одан сырт жерлерде өсетін  көптеген аса құнды өсімдіктер береді.

 Картопты өсірудің ежелгі орталықтары Перу Андысы мен Боливия Андысында 20с.е., сонымен бірге Чилиде 40с.е. соның ішінде Чилоэ аралында да бар. Анды-томаттың асбұршақтың отаны. Қазіргі кезде мәдени жүгерірінің отаны анықталмаған және жабайы ата тегі белгісіз, бірақ оның Неотппропикалық патшалықтан шыққаны сөзсіз. Оңтүстік Америка сонымен бірге ең құнды акучукиылардың –гевеяның, шоколад пен хина ағашының, маниоктың және көптеген тпропиктік өсімдіктердің отаны болып табылады. Оңтүстік Американың әлі де адам біршама аз өзгерткен аса бай қсімдігі бар орасан зор табиңат байлыұтарының – тамақтық жемдік,техникалық, дәрі –дәрмектік өсімдіктердің сарқөылмас көзі.

          Оңтүстік Америкада топырақ пен өсімдік жамылғысының Африкамен бірдей дерлік типтері кездеседі, бәрақ кейбір ерешеліктері кездеседі. Егер Африканың негізгі өсімдік типі саванна болса, Оңтүстік Американың өсімдік жамылғысына түрге байлылығы жөнінен де Жер бетінде теңдесі жоқ ылғалды тпропиктік ормандар тән.

          Оңтүстік Американың А.Гумбольдт гилеялар деп атаған, ал Бразилияда сельвас деп аталатын күлгін тертқан латерит топырағында өсетін ылғалды тропиктік ормандары Амазонка ойпатының едәуір бөлігін, Ориноко ойпатының іргелес аудандарын және Бразилия мен Гвиана таулы өыраттарының беткейлерін алып жатыр. Гилеялар жер шарының түр құрамы жөнінен өсімдік жамылңысының жиілігі жөнінен өте бай болып келеді.

          Климат өзгерген сайын, яғни құрғақ маусымның келуіне сай тпропиктік ормандар саванналармен құрғақ тпропиктік ормандарға ауысады. Бразилия таулы қыратында саванналармен ылғалды тропиктік ормандардың аралығында пальмадан ғана өсетін ормандар өңірі жатыр. Қызыл латерит топырақта өсетін Брзилияға тән саванналар кампос деген атпен белгілі. Олар шөптесінді, бұршақты және күрделі гүлді туыстарының биік астық тұқымдастарынан тұрады. Ағаш өсімдігі мүлде жоқ.

          . Бразилия таулы қыратының құрғақ солтүстік шығысында едәуір жерді каатинга деп аталатын қуаңшылыққа төзімді ағаштар мен бұталардан тұратын сирек ормандар алып жатады. Каатинганың ең тамаша ағашы - өсімдік балауызын беретін балауыз пальмасы-карнауба. Балауызды ағаштан қырып немеме жапырақтарды қайнатып  алады. Балауыз шам жасауға немесе еденді жылтыратуға пайдаланады. Каатинганың астында қошқыл қызыл топырақ түзіледі.

          Гран-Чако жазығында, әсіресе қуаң аудандарда, қошқыл қоңыр топырақта тікенекті бқта тоғайлары мен сирек ормандар бар. Олардың құрамында әртұрлі тұқымдастарға жататын ақаштардан тұрады. Олардан негізінен тері илеуге қажетті заттар алады. Ормандардың төменгі қабаттарын көбіне ит тұмсығы өтпейтін қалың тоғай құрайтын тікенекті бұталар алып жатыр.

          СЖШ-дың саванналары оңтұстік саванналарынан сырт көрінісімен флорасының түр құрамы жөнінен өзгешелік жасайды. Астық тұқымдастар мен қос жарнақтылар арасында пальмалар сорайып шығып түрады.

          Үнемі жаңбырсыз болатын Тынық мұхит жағалауының 5 пен 27о.е. аралығында және Атакама ойысында Оңтүстік Америкаға тән сипатты шөл топырағы мени өсімдігі кездеседі. Ешқандай қнім бермейтін тастақты құм массивтері алып жатыр.

          Субтпропиктік өсімдіктер Оңтүстік Америкада аз тараған, Бразилия тау қыратының бүкіл жыл бойы жауын-шашын жауатын қиыр оңтүстік шығысын субтропиктік ормандар алып жатыр. Мұнда әртүрлі бұталар, соның ішінде паргвай шайы өседі.

          Оңтүстік Америкадағы субтпропиктік ормандардың екінші түрі – субтропиктік дала немесе пампа, ол Ла – Плата ойпатының шығыстағы ең ылғалды бөліктерінде 30о.е. тараған. Пампа – жанар таулық жыныстардан құнарлы қызғылт қара топырақта өсетін астық тұқымдас шөп өсімдігі болып табылады. Пампа Бразилия тауқыратының ормандарымен орманды далаға ұқсас қтпелі өсімдік типімен байланысады. Онда шөп қсімдігі барынша күшті оталған., қазңргң кезде түгелдейге дерлік бидай және басқа мәдени өсімдіктердің егістерімен орын ауыстырып отырады. Пампадан батысқа қарай жауын-шашымнның азаюына байланысты орай сұрқошқыл қоңыр топырақта екуіп қалған көлдердің орнында соры бар сұр топырақта құрғақ субтропиктік далалар мен шөлейт өсімдігі көрінеді.

          Қиыр оңтүстік шығысқа қарай қоңыржай белдеудің құрғақ далалары мен шөлейттерінің қсімлдігі кездеседі. Сұр қоңыр топырақ басым, тұзды топырақ кең тараған. Өсімдік жамылғысында ьиік астық тұқымдастар және кқбінесе төсеніш формасындағы әр түрлі ксерофиттік бұталар аласа кактустар көбірек өседі.

          Оңтүстікке қарай климат салқындаған сайын ормандағы ағаш түрі азая береді. Қылқан жапырақтылар басым болады. Дегенмен мәңгі жасыл шамшаттар мен магнолиялар сақталып қалады. Бұл жердің топырағы – күлгін. 

          2. Өсімдік жамылғысы сияқты жануарлар дүниесі де өте бай болып келеді. Материктің фаунасы бор дәуірінің аяғынан бастап,оқшау климаттың аз өзгерісі жағдайында ұалыптасқан. Фаунаның ескілігі және оның құрамындағы эндемик формалардың көп болуы осыған байланысты. Оңтүстік Америка жануарлар дүниесінің көптеген ежелгі өкілдері немесе оларға жақын түрлер басқа материктерде де кездеседі, бұл материк арасында ежелден құрлық байланысы болғандығын көрсетеді. Оған Оңтүстік Америка мен Австралияда сақталып қалған қалталылар мысал бола алады. Оңтүстік Америка фаунасының ерекшелігі – оның құрамында мүктілердің бір отрядқа біріктірілетін үш эндемиктік тұқымдастарынығ болуы.

          Эндемик түрлер, туыстар және тіпті тұқымдастар Оңтүстік Америка жыртқыштарының, тұяқтыларының және кемірушілердің арасында көп сездеседі. Оңтүстік Америка жануарлардың Неотпропиктік аймағында жатады және оның екі – Бразилия мен Чили – Патогония кіші аймақтары болады.

          Ылғалды тпропиктік ормандар фаунасы барынша ерекше бай. Онда жануарлар қалың шілікте жасырынып жүреді немесе уақытының көпшілігін биік ағаштарда өткізеді.

          Оңтүстік Американың тпропиктік ормандарында америкалық барлық маймылдар түрлері өмір сүреді. Олардың екі түрі ерекше дамыған: ойнақшыл тәріздес  және цебидтерге бөлінеді. Ойнақшылдардың денесі шағын, олардың расындағы ең кішкенелерінің ұзындығы 15-16см-ге жетеді. Цебидтердің көпшілігінің құйрығы мықты келеді. Онымен ағаш бұтақтарына жабысады.

          Тропиктік ормандарда мүктілер отрядынан жалқау маймылдар меекндейді. Олар аз қозғалады уақытының көп мөлшерін ағашта ілініп өткізеді. Жалқау маймылдар ағашта еркін өрмелейді, ал жерге сирек түседі

          Ағашта тіршілік етуге кейбір құмырсқа жегіштер де бейімделген. Мысалыға, тамандуа ағашқа еркін өрмелейді.  Тропиктік ормандардың жырқыштарына мысық тұқымдастардан оцелоттар, ягуарлар.  Ит тұқымдастардан Бразилия, Гвиана; Суринама және Гайана тпропиктәк ормандарында тіршілік ететін, аз зерттелген, орман немесе бұта иті мекендейді.

          Оңтүстік Американың азын аулақ тұяқтыларынан ормандарда бірнеше туыстар кездеседі. Олардың ішінен тапир,кішкене шошқа – пекари және Оңтүстік Америкалық жіңішке мүйізді бұғылар.бар.

          Кемірушілерден Амазонка ойпатының және Оңтүстік Американың  басқа ормандарына тән – ағашқа жақсы өрмелейтін тұтқыр құйрықты ағаш жайрасы – коэнду. Бразилия өсетін агути тропиктік дақылдарға зиян келтіреді. Материктің барлық жерінде дерлік, кемірушілердің ең ірісі кішкене су шошқасы – Капибарда тараған, оның денесінің ұзындығы 120см-ге жетеді.

          Оңтүстік Америка және орталық Америкада қалталы егеу құйрық немесе опоссумның бірнеше түрі мекендейді.

          Амазонка ормандарында жарқанатылар толып жүреді. Ормандар бауырымен жорғалаушыларға және қосмекенділерге өте бай. Бауырымен жорғалаушылардың ең ірісі су аждаһасы – анаконда, және құрлық аждаһасы  - боа-констриктор ерекше көзге түседі. Улы жыландар кесірткелер өте көп, крокодилдер, көлбақа кездеседі.

          Ормандарда әр түрлі құстар, ашық түсті тотылар мекен етеді.  Тотылардың ішінде ең ірісі – ара өте көп кездеседі.  Одан басқа  торғай тәріздес тотылар қауырсынды ашық тотылар кең тараған.  

 

Тақырыбы: Австралия материгіне жалпы шолу

 

1.    Материкпен мұхиттық аралдардың географиялық орнына сипаттама.

2.    Жер бедері және пайдалы қазбалары.

3.    Климаты, топырағы және өсімдігі.

4.    Жануарлар дүниесі

5.    Халқы және Физикалық географиялық аудандастырылуы.

 

Австралия жер бетіндегі ең кіші материк болып табылады. Ол іргелес жатқан аралдарымен қоса оңтүстік жарты шарда орналасқан. Материктің атын латын тілінент аударғанда *оңтүстік дегенді білдіреді.*. Материктің шеткі нүктелері: солтүстігінде Иорк мүйісі (10°4151´о.е.), оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс (39°11´о.е) , батысында  Принц Уэльский (113 05ш.б), шығысында  Байрон мүйісі  (153°34´ш.б). Австралия материгі солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200км, батыстан шығысқа қарай 4100 км шамасында созылып жатыр, жалпы жер көлемі – 7631.5 мың шаршы шақырым.

Австралия материгі тынық және Үнді мұхитының суларымен шайылып жатыр.Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Австралиядан солтүстікте және шығыста , Тынық мұхитының оңтүстік батыс бөлігінде материктік және маржандық  жанар тау текті аралдар созылып жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын мұхиттық аралдар деп атайды. Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1.3 млн. шаршы шақырым. Мұхиттық аралдарды бірнеше бөліктерге бөледі: Батыстағы ең ірі аралдар тізбегін Меланезия деп атайды. Меланезиядан солтүстікке қарай жатқан аралдар тізбегін Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік шығыс бөлігінде жатқан аралдарды Полинезия деп атайды.

Жер бедері. Австралия Гондвана материгінің құрамынан дербес материк ретінде юра кезеңіңде

бөлініп шықты. Оның ең үлкен бөлігінде Австралияплатформасы жатыр. Платформалық құрылымның басым болуы Австралияда көбінесе жазық жер бедерімен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейінгі таралуын айтуға болады. Платформа материктің батысында, орталық бөлігімен солтүстігінде жер бетіне шығып жатыр. Материктің батыс шетімен оны орталық бөлігінде жаңа тектоникалық активті аймақтарда жақпарлы эпиплатформалы таулар кездеседі.

Материктің шығыс және оңтүстік шығыс шеті мен Тасмания, сондай-ақМуррей жазығынан батыс пен солтүстік батысқа қараған аудандарында байкалдық, ерте палеозойлық және жоғарғы палеозойлық жас платформаның орташа және аласа қатпарлы және жақпарлы таулар бар.

Пайдалы қазбалары. Австралия платформасында алтынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Протерозой шөгінділерінде темір рудасы, мұнай және газ кездеседі.

Климаты. Австралияның климаттық және көршілес жатқан аралдардың климаттық жағдайлары олардың экватор мен тпропикке жақын біршама жылы су бассейінің қоршауында жатқандығы.а байланысты болады.Өзінің географиялық жағдайымен орографиялық ерекшелігіне байланысты Австралия Африка материгіне ұқсас болып келеді. Қыс айларының орташа температурасы +24+280, шілде айының орташа температурасы+16+180көрсетеді. Жауын-шашынның бүкіл материк бойынша түсуі әркелкі, бірақ материктің орталық бөлігінде жауын-шашын аз түсіп тек материктің солтүстік және солтүстік шығыс бөлігінде жауын-шашын біршама көбірек түседі.

Ішкі сулары. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея және Жаңа Зеландия өзендерінің аіыс көлемі 1600м3 тең, Австралияның жеке ағыны 350км3. Материктің үлкен бөләгәнде жауын-шашын аз түсуімен сипатталады және оның алабында биік таулар мен мұздықтардың жоқтығына байланысты. Ішкі ағын аймағына Австралияның 60%жатады. Шамамен территорияның 10%-ті Тынық мұхитқа , ал қалғаны Үнді мұхитына құяды. Материктің басты су айрығы – Үлкен суайрық жотасы жатады.  Оның баурайынан суы мол, ірі өзендер ағып шығады.

Австралияның ірі өзен жүйесі – Муррей және Дарлинг су жүйесі. Бұл өзендер Үлкен суайрық жотасынан ағып шығып оңтүстік ойпатта қосылады. Муррейдің ұзындығы 2570км, ал Дарлингтің ұзындығы 2800 км. Өзендер бассейінінің ауданы 1072мың шаршы шақырым. Шаруашылықта маңызы зор.

Материктің ең ірі көлі – Эйр. Орталық жазықтықта орналасқан. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 16 метр төмен. Көл қазаншұңқыры кен-байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының  - риктердің бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Эйр көлінің аумағы 15 мың шаршы шақырымға жетеді.

Топырағы және өсімдігі: Австралия флорасының құрлықтың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық, бұл материк Тасмания бірге Австралияның айрықша флора патшалығына кіреді. Мұхиттық аралдар Неотпромикалық флоралық патшалығының әртүрлі аймақтарына жатады. Жаңа Зеландия аралдары Голарктикалық патшалыққа енеді. Австралия мен оған жақын жатқан аралдардың топырағында топырақтың 19 түрі кездеседі. Даму тарихына және климаттың ерекшелігіне қарай өсімдіктің эндемик түрлеріне өте бай келеді.

Жануарлар дүниесі. Австралия фаунасының байлығымен сипатталады, әсіресе аралдар фаунасы кедей болып табылады. Себебі материкпен аралдар бұрыннан жер шарының басқа бөліктерінен бөлек тұрды және өзінше бөлек дамыды. Екінші жағынан Австралия фаунасының Оңтүстік Америка және Антарктида жануарлар дүниесімен кейбір туыстығы бар екенін байқауға болады. Австралия фаунасына нағыз тән белгі төменгі сатыдағы сұт қоректілердің және орнитофауна, бауырымен жорғалаушылар, насекомдарда ерекшеліктер өте көп.

Халқы. Австралия жердің неғұрлым аз қоныстанған материгі. Оның территориясында 11 миллионнан астам адам, ал Мұхиттық аралдарда 7 миллион адамға жуық мекендейді. Халықтың шығу тегі жағынан тең емес екі топқа бөлуге болады: байырғылар мен келімсектер. Байырғы тұрғындар материкте көп емес. Америка сияқты, Австралияға адамдар тек сырттан келіп қоныстанған. Себебі оның ежелгі және қазіргі фаунасының құрамында барлық приматтар ғана емес, сондай-ақ бүкіл жоғарғы дамыған сүтқоректілер кездеседі.

 Материк шегі төмендегідей физикалық географиялық аудандарға бөлінеді. Солтүстік Австралия, Шығыс Австралия, Оңтүстік Австралия, Орталық жазық, Оңтүстік Батыс және тпропиктік таулы үстірттер және Батыс Австралия таулары. Аралдар бірнеше топқа бөлінеді: Тасмания аралы, Жаңа Гвинея мен жанасып жатқан аралдар, Жаңа Каледония, Жаңа Гебридтер, Фиджи аралдары, Жаңа Зеландия және Микронезия, Орталық және Оңтүстік Полинезия, Солтүстік Полинезия.

 

Тақырыбы: Антарктида материгіне жалпы шолу

 

1.    Материктің географиялық орнына жалпы шолу.

2.    Геологиясы және пайдалы қазбалары.

3.    Климаты.

4.    Өсімдігі және жануарлар дүниесі.

 

Антарктида – Жердің оңтүстік полярлық аймағында жатқан материгі.

Антарктида оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен мыңдаған шақырым алыста орналасқан. Оның бірден –бір түбегі Антарктикалық түбек оның солтүстік шеткі нүктесі ретінде Оңтүстік Америкаға дейінгі арақашықтығы 1000 шақырымнан асып кетеді.

          Антарктиданың негізгі ерешелігі, неогеннен бері көлемі біресе кішірейіп біресе ұлғайып тұратын мұздың қалың жамылғысы болып табылады. Материктің мұз сауытын Мұзды Антарктида, ал оының астында жатқан құрлықты Тасты Антарктидадеп атайды.

          Бұл материк мұз сауытын жамылған. Тек материктің шеткі жақтарынан мұз жамылғысының астынан мұздан босаған жекеленген тау шыңдары шығып тұрады. Мұздан бос жатқан аудан небәрі 2500 км2, яғни материктің бүкіл бетінің шамамен 0.2% -ін құрайды.

          Антарктиданың мұз жамылғысының орташа қалыңдығы 1720 м, кейбір аудандарында ол 4000 м-ге жетеді. Мұздың осы қалыңдығы әсерінен материктің орташа қалыңдығы 2040 м-ге дейін жетеді. Бұл сан қалған материктен 3 есе дерлік асып түседі.

          Материктің мұздың жалпы көлемі 24 млн. км2, яғни жердегі қазіргі мұз басудың 90%, кейбір мәліметтер бойынша недәуір көбірек. Мұз басудың шеткі алқаптарында антарктикалық оазистер деп аталатын мұздан бос аудандар бар. Кейде ауданы 100-деген шаршы бұл оазистер барлық жағынан мұзбен қоршалып жатыр. Олардың бетінде жаз уақытында қар жоқ және тіпті еріген қар суының көлдері кездеседі.

2.  Антарктида материгінің геологиялық құрылымы бойынша 3 түрге бөледі: Батыс, Шығыс, Орталық.

          Материктің батыс шетін Антартида Андысы  - құрылымдық –геоморфологиялық қатынасы жағынан  Оңтүстік Америка Андысының жалғасы болып саналатын тау жүйесі созылып жатыр. Ол Антарктида түбегі мен Мэри Бэрд жеріне жанасып жатқан аралдар арқылы созылып жатады. Таулар күшті метаморфталған мезозой жасындағы шөгіндіре мен вулкан жыныстарынан қалыптасқан. Олардың құрлысында неоген соныңда жарықтар сызығының бойымен ақтарылған лава үлкен роль атқарады.

          Шығыстан оған ерте мезозойлық шеткі майысу жанасып жатыр. Материктің шығысының үлкен бөлігі платформалық құрылымда келеді. Бұл материк – Гондвана құрамына енетін Антарктикалық платформа болып табылады. Ол негізінен докембрийлік кристалды фундаментінің шегінде, палеозой және мезозой континентті шөгінділері жауып жатыр.

          Материктің орталық бөлігі платформаның шегінде орналасқан, яғни ол осыған сәйкесжазықты болып келеді.

          Антарктида платформасының ежелгі кристалл жыныстарында кейбір металл рудаларының кен орындары: мыс, молиден, қорғасын және тас көмір кендерң кездеседі.

          3. Жер бетіндегі үнемі төмен температура болатын жер – Антарктида материгі. Антарктиданың өзінің климатын қалыптастыруда ғана емес , сонымен қатар оңтүстік жарты шардың үлкен бөлігін қалыптастыруда аса ірі көзі болып табылады. Антарктиданың мұз бетінің күн сәулесін шағылыстыруда зор мүмкіншілігі бар. Ұзақ поляр күні бойындатматериктің үстіндегі жиынтық радиация экваторға жақын, алайда оның 90%-і қайтадан  атмосфера шағылысады. Қыста бірнеше ай бойыполяр күні үстемдік етеді.

          Дүние жүзіндегі ең төмен температура Восток станциясында –83.30С температураны тіркеді. Шілденің орташа температурасы-50-600С, ал қантардікі –200С төмен. Материкте жаз уақытында 00С-тан температура 3-40С жоғарлайды. Жауын-шашын негізінде қар түрінде жауады. Антарктиданың кейбір жағалауларында үнемі қарлы боран соғып тұрады. Жылына 340 күн соғып түратын делдер болады.

          Ағын сулар Антарктида да жоқ. Кейбір жерлерде теңізге құятын мұз асты тасқындары болады. Материктің шет жерлерінен ағын сулы суаттарды кездестіруге болады. Оазистерде ащы және тұщы, көбінесе ағынсыз, ал кейде теңізге құйып жатқан көлдер бар.

          4. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. . Антарктиданың үлкен бөлігінде өсімдік жамылғысы жоқ, тұрғылықты жануарларыда жоқтың қасы. .Антарктиданың өсімдіктері материктің тек шет жағында және субарктикалық аралдарында кездеседі, ал бай және өзіндік жануарлар дүниесі ең алдымен су бассейндерінде кездеседі. . Антарктида мен о,ан жанасып жатқан басқа материктік бөліктер айрықша флора патшалығына енеді.

          Жер бетіндегі өсімдіктерден материктің өзінде мүк, қына, аласа балдыр, саңырауқұлақтар мен бактериалар кездеседі. Қынаның 300 –ге жуық түрі бар, ал мүктің 75-ке жуық түрі бар.

          Гүлді өсімдіктер материкте жоқ, тек Антарктида түбегінде кездеседі.

          Материк жануарлар дүниесіне кедей. Ол жерге құрттар, төменгі сатыдағы шаян тәрізділер мен қанатсыз насекомдар кездеседі. . Антарктиданың жер бетінің жануарлар дүниесі кедей болғанымен теңіздегі жануарлар дүниесі өте бай болып келеді. Омыртқасыз сүтқоретктілер мен құстар, балықтар және олардың негізгі азығы болып саналатын ірі шаян тәрізділер өте көп кездеседі.

          Тюленьдер, пингвиндердің түрлері өте көп. . Антарктиданың тісті киттерін, кашалоттарын, касаткаларын атап кету қажет. Мұның соңғысы арқасында үлкен өткір жүзу қанатымен – шалғымен жабдықталған, тіпті китке де елеулі жарақат салатын аса қауіпті болып саналады.

 

Тақырыбы: Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка.

 

4.    Африканың аймақтары

5.    Солтүстік Африка, Орталық Африка

6.    Шығыс және Оңтүстік Африка

 

Геологиялық құрылымы мен рельефінің біркелігі жағдайында Африкалық үлкен кеңістерінде бір сыдырғы ландшафт сақталады, олар климаттың өзгеруіне қарай бірте – бірте өзгереді. Африка материгінде ендік зоналық басым. Солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналардың ауысуы солтүстік жарты шарда айқын байқалады.

Экватордың екі жағында белдеудің ландшафтары басым. Шығыста биіктік белдеулер өте күрделі көрінісімен ерекшеленеді. Оңтүстікте ендік зоналық үнді мұхиттының ықпалымен күрделенеді, бұлар шығыстан батысқа қарай ландшафтың өзгеруіне әкеліп соғады.

     Көрсетілген айырмашылықтар негізінде: Африканы ірі төрт бөлікке бөледі. Солтүстік, Шығыс, Орталық және Оңтүстік. Солтүстік Африка түгелдей  дерлік Сахара плитасының шегінде жатыр. Ол екі облысқа бөлінеді: Сахараның шөлді-тропиктік және суданың совомалық облысы.

     Солтүстік Африкада ерекше орынды. Солтүстік – батыс бөлігі Атлас облысы алады, ол субтропиктік белдеудің оңтүстік шетінде жатыр және Алып қатарлы белдеуінің тау жүйесіне кіреді.

     Атлас облысының табиғат ерекшеліктерінде Жерорта теңізі субтропиктерінен Сахаралық тропиктік шөлдері ландшафтарына өте сипаты байқалады.

     Облыс солтүстігі мен шығысында жерорта теңізімен, ол батысында Атлас мұхиттымен шектелген.

     Атлас тауында Оңтүстік Испания мен Сицилие тауларымен тікелей жалғасы болып табылатын 2000-2500 м. және қатпарлық жоталар бар. Батыстағы Риф Атлас не Эр-риф, шығыстағы Телль - Атлас. Облыстың оңтүстігінде Атлант мұхитынан Солтүстік шығысқа қарай Биік атылас жотасы созылып жатыр. Тубкаль массив – 4165м-ге жетеді. Солтүстік – шығыстағы Атлас Сахараға дейін созылады. Бұл аймақтың климаты құрғақ, ыстық, қысы жұмсақ, ылғалды климат тән. Батыста жауын шашын мөлшері 800 мм. ден астам. Сахель жазығында, Табыс шығанағында 200-300м. дейін төмендейді. Қыс айларының орташа температурасы +120-150с – ге жетеді. Жазда батыстан шығысқа қарай +240с, С-ге дейін жетеді.

 

Сахара.

 

     Тропиктік  шөлдер Африканың солтүстік бөлігін алып жатыр. Шөл және шөлейт ландшафттар Атлант мұхиттынан Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегі мен жерорта теңізі жоғалауынан селегал өзенінің төменгі ағысынан бастап. Год көлі арқылы Нілдегі хортумға дейінгі жерді алып жатыр. Ол эмли км алып жатыр. Нілден батысқа қарай Ливие шөлі үстірті өтеді. Солтүстікте бірте-бірте аласорады, олардың кейбірі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Мысалы қатар ойысы – 133 м –жердегі ең терең құрғақ ойыстардың бірі. Сахараның орталық бөлігін де кристалдың және вулкандық жыныстардан түзілген биік тау қыраттар мен үсттірттер түзілген. Олар: Тибети, Ахаггар, Ифорас. Тибести қаратының ең биік шыңы-сөнген эми-Куси вулканы (3415 м). кратерінің диаметрі 12 км. Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м. биіктіктер жатыр. Солтүстік шығыста Ахаггар тау қыратында Тассилин – Адджар үстіртіне, солтүстігінде Тадемоит үстірті, Аптиатласт. Джебель – Боми таулы үстірті. Сахарадағы дюиалардың биіктігі 300м. жетеді. Сахараның көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған қиыршық тас үйіліп жатыр. Бұларды «хомада» деп атайды. Хомаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан беткейі оқшау үсттірттер – «гара» көтеріліп тұрады. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын-шашынның жылдық жиындығы барлық жерде дерілік 50 мм-ден аз. Сахарада ауа әрдайым құрғақ және таң тұнып тұрады. Оның салыстырмалы ылғалдылығы өте аз, кейде 25% - тен төмен. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалықтығы 6 м. дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды онан сайын күшейте түседі. Тұрақты жазғы желдер – пассаттар солтүсттік – шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмасфералық депрессиялар өте күшті құм және шаң борандар туғызады – Бұл Сахарадағы басты аппатың бірі.

     Жазда күннің ыстықтығы +500с-ге жетеді. Ол шаң мен құм ала келетін тұрақты ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер атнысын қуыра түседі.

     Қыс айларында ауа анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20 – 250 с. шомасында тұрса, түнде қатты шылу қайтару салдарынан ауа 00-ге дейін салқындайды, кейде үсік соғады. Сахараның Атлант мұхитының суық Конар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс шеті шөлдің басқа бір жоғалық типі болып табылады. Қазіргі кезде шөлдің оңтүстікке, саволмаға қарай ілгеріліп бара жатқаны байқалады. Бұл процесс өте жылдам жүруде. Шөлдің шекарасындағы  топрақты малдық топтап тастауды, ағаш пен бұта шабу және өртеу топрақ жамылғысының бұзылуына, құмның көшуіне және су алқаптарының құрғап кетуіне әкеп соғуда. Кейбір деректерге қарағанды, Сахара оңтүстікке қарай шамамен алғанда жылына 1 км жылжиды.

 

Тақырыбы: Солтүстік Америка. Солтүстік Американың тектоникалық құрлысы және жер бедері.

 

1.С.А. полер ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты түгел алып жатыр.

          Материктің солтүстігіндегі ең шеткі нүктесі – Бутия түбегінің Мерчисон мүйісі (солт. Ендіктің 71050)

Батыстағы ең шеткі нүктесі Аляскадағы Принц Уэльский мүйісі (бат. байлықтың 1680 ) шығыстағы ең шеткі Лабрадар  түбегіндегі Сант – Чарльз мүйісі (батыс байлықтың 55040 1 ы) Сол. А. оңт. Қарай солт. Ендіктің 70121-на дейін

 Моркто мүйісі созылады, осы жерде ол енсіз мойнақ арқылы Оңт. Америкамен жалғасады. С.А. ең солт. Аралдың шеткі Гренлндиядағы Моррис – Джасен мүйесі (солт. Ендіктің 830391- ы) Бұл – солт. Жарты шардың полюске ең таяу жатқан құрлық бөлігі.

          Материктің жалпы көлемі аралдарды қоса есептегенде 24250 мың км2, аралдардың көлемі-3890 мың км2.

          Протерозой дәуірінің аяң кезіне қарай қазіргі С.А. материгінің орнында жан-жағынан геосикланальдың (ұзақ уақыт бойы төмен түсумен болған кең алқап) белдеулермен көмкерілген аса үлкен платорорма болған.

          С.А. платформасының жоғары көл аймағы мен Гриляндияның солт. Бөлігі аралығындағы солт. Шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны п.б. Полеозой дәуірінің бас кезінен бастап платформа Канада қадқанынан Оңт. Қарай және Атлантика геос-дық белдеуінің бір бөлігі болған Аппалаг геосииклиналынан батысқа қарай барынша төмен түсіп, оны теңіз суы басқан.

          Кордильер тауларындағы алғашқы фогендік (тау түзілу) процестердің білінуі жоғарғы полезой дәуіріндегі девои кезінің аяғынан бастап п.б.

          С.А. өзінің қазіргі табиғат жағдайларының қалыптасуында маңызды болған үлкен өзгерістерге мезозой дәуірі кезінде душар болған. С.А. платформалық бөлігі кайназой дәуірінің бос кезінде құрлық түрінде болды ол солтүстікте комоске дейін созылып, солтүстік батыс пен солтүстік Шығыста Евразия мен жалғасып жатқан құрлық болған.

          Олиюцен дәуірінен басталып, осы уақытқа дейін созылып келе жатқан жаңа кейінгі альпі дәуірі (В.Е.Хами бойынша)-Коррильердегі орогендік кезең б/п табылады, ол тау жүйесінің түрлі бөліктерінде әр түрлі болады. Сонымен қатар тектоникалық әрекет жанар таулардың өте күшті атқылауынан лаваның асып ағуы түрінде жүріп жатыр. Ол эоцен дәуірінде басталып, миоцен дәуірінде ең жоғары сотыға жетті, сөйтіп АҚШ-ғы сеңгір тауларды, Үлкен Бассейінді, Мексика таулы қыратын, Колумбие үстіртіп, Каскад тауларын қамтыды. Жанар тау әрекеті плиоцен дәуірінде де тоқтаған жоқ, бұл кезде ол Алеут жотасын және Мексиканың жанар тау сырасын қамтыды.

          Қазіргі кезде бұл әрекет едәуір бәсеңдеді.

          Евразиядағы сияқты С.А. – да бірнеше рет мұз басу мен шегінуі б/п өтті. Оның соңғысы, Вискоисин мұз болуы шамамен алғанда осыдан 10-15 мың жыл бұрын аяқталған. Мұз басу Евразиядағы сияқты мұнда да жер бедерінің қалыптасуына өте күшті ықпал жасады.

          Виксонсин мұздығы екі үлкен алапқа – Лобрдар және Киватин алаптарына бөлінгеннен кейін және мұз қабатары біржола жойылғанан кейін материктің сол. Бөліктерінде өсімдіктер мен жануарлар п. да бола бастады, климат едәуір жылы әрі құрғақ бола түсті, сөйтіп бірте-бірте осы күнгі ландшафтар қалыптасты.

          В.Е. Хонның пікірі бойынша, С.А. өзге материки салыстырғанда құрылымының мейлінше симметриалы болуымен және құрылымы мен жер бедерінің мейлінше толық сәйкес келетіндігімен ерекшеленеді. Материктің орталық, гипсометриялық төмендеуден бөлігі, сонымен қатар. Греиландияның едәуір бөлігі мен канаданың Арктика архипелогының аралдарын қоса қамтитын ежелгі платформадан түзілген.

            Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада Кристалды қалқаны.Оның етегіндегі жер бедерінде Ловрентий қираты жота. Бұл қыраттың ең биік 500 – 700 м. ол төмен жерлерінің би-гі 100-200м.

          Платформаның батыс бөлігінде, Кордимер тауларымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткі бөлігі болғандықтан және Кордильер тауларының  жоғары көтерілуінің әсері тигендіктен қазіргі жер бедер          Платформаның батыс бөлігінде, Кордимер тауларымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткі бөлігі болғандықтан және Кордильер тауларының  жоғары көтерілуінің әсері тигендіктен қазіргі жер бедер  тән.

 

Тақырыбы: Солтүстік Американың жануарлары, өсімдігі, топрағы, халқы.

 

Қажетті әдебиеттер:

 

4.    Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы А. 1982.

5.    Вопросы географии. Сб. 120 Ландшафтно – геохимическое ройонирование и охр. Среды. М. Мыс. – 1983-206с.

6.    Физическое география материков и океанов. Под ред. А.Н. Ребчикова М. Выс. Нек. 1998.

 

1.С. Африканың басын көпшілігі болып табыладын солтүстік бөлігі галактикалық әлем шеңберіне, ал оңтүстік бөлігі мексиканы және АҚШ-ң қиыр оңтүстігін қоса қамтып, Неотропикалық әлем шеңберіне жатады. Материктерінің солтүстік бөлігінің өсімдігі   Евразиямен байланысты, Оңт. Бөлігі Оңт. Америкаға ұқсас келеді.

С.А.-ң өсімдіктер дүниесінің ішкі өзгешіліктері климатының өзгерісіне байланыстары кайназой дәуірі бойынша да қалыптаса бастады. Солтүстікте ауа райы салқындап, батыста жауын-шашын мөлшері кеми түсті. С.А-ң шығыс және батыс бөліктеріндегі өсімдіктер дүниесінің негізінен арман өсімдіктері басым б/п.

          Мұз көшкіні материктің едәуір бөлігіндегі  өсімдіктер жабынынын жойып жібереді. Бірақ оң-те ауа райы өзгерісі онша қатты болмады деп орман өсімдіктері сақталып қалады.

          Мұз көшкінінен кейінгі климаттың өзгерістері мен қазіргі жағдайлардың қалыптасуы осы заманғы топрақ - өсімдік жамылғысының түзілуіне алып келеді. Тундра, орманды тундра және тайга орманы материктің солт. Жартысында ендіктерге таяу алқаптар бойымен созыла орналасқан.

          Ішкі жазық алабындағы топрақ пен өсімдік дүниесі шығ. Батысқа барған сайын өзгере береді. Далалы жерлердің шығысы және кей – кейде сол. Сұр топрақты орман аралас далаларымен шектеседі. Орман аралас далалар бірте 2 өсімдік құрамы өте бой шалғынды далаларға немесе прерияларға ұласады. Прерияларда дәнді өсімдіктер өседі.

          Прериялар батысқа барған сайын кәдімгі құрғақ далаларға айнала бастайды. Ал, жерлерге сортақ тартқан учаскелері бар қара топрақты және қоңыр топрақты алқаптар тән келеді. Өсімдік жамылғысы әрі сиреп, әлі аласара түседі, әдетте жорта метр биіктіктен аспайды. Кең тараған дәнді өсімдіктер арасынан грам шөбін, бизон шөбін ерекше айтуға болады. Аймақтың оңтүстік – батысында тікенді бұталарды қалың жынысы кездеседі.

4.    С.А.-ң үлкен бөлігінің зоогеографиялық жағдайы Евразияға жақын және Голактикалық зоогеографиялық аймақтың шеңберіне енеді.

Тундрадағы жануарлар әлемінің Евразиядағы тундраның жануарлар әлемімен салыстырғанда да өзіндік ерекшіліктері бар. Құрлықта өмір сүретін ірі сүт қоректілердің ішінде ерекше өзге түсетін – мускус өгізі немесе қойөгіз Ол өте күшті, дүнелі әрі өте күшті, денелі әрі өте төзімді келеді. Қазір (денелі әрі өте олар американың тек қана арктикалық аралдар мен Греиландияда кездеседі деуге болады. Солтүстікте өсетін американдық карбу буғысы едәуір мол таралған. Ол Евразиядағы жобайы солтүстік бұғыларымен біртектес. Қазір бұл бұғының тундарда және орманда өсетін екі түрі бар. Материктің солтүстік жағалауы мен сірескен  мұзды аймақтарда ақ аю кездеседі.

          Кәсіпшілік үшін поляр түлкісінің зор маңызы бар. Кемірушілер отрядынан ақ қояндар, сұр тышқандар жиі кездеседі. Тундраны қыстап қалатын құстардың ішінен әсіресе ақ құр мен тундра құрып ерекше атауға болады. Жылы жаққа қайта ұшып кететін  құстардың арасында Аляска жол құст, ақ үкі, көл жоғалауында батпақты жерлерде жұмыртқалайтын басқа да толып жатқан су құстары кездеседі. Ішкі су көздерінде балықтық көптеген түрі бар.

          Жыртқыш аңдардың да түрлері  көп. Олардың көпшілігі терісі бағалы кәсіпшілік аңдар болып табылады. Мыс: Солтүстік скунсы, калинат, с. американе             сусары, американ бұлғыны, америка қаракүзекі және ақ тышқан. Ірі жыртқыш аңдардың ішінен әсіресе аюды. Қасқырды, сілеусінді, қанды (гну) айтуға болады.

3.Солтүстік Америка халқы (Вест-Индиялы қоса алғанда өзінің шығу тегі жағынан, антропологиялық ерекшеліктері мен саны жағынан бір-біріне ұқсамайтын бірнеше топты біріктіреді негізінен алғанда бойырғы халқы үндістан мен эскимостар, европалық болқыншылардың ұрпағы, Европа елдерінен келгендер, Азиядан келгендер мен негірлер.

          Қазіргі неғұрлым кең тараған пікір бойынша, А-ны осы заманғы тұрпаттағы арамдар шамамен 30-20 мың жыл бұрын, соңғы мұз көшкінінің екінші жартысында, жоғары полеолит дәуірінде мекен еткен.

          С.А-ң байырғы халқының ерекше бір тобы – эксимостар мен олеуттер. Эксимостар қазіргі Американың үш аймағына шоғырланған. Алескада, Маккензи өзенінің бассейінде, Канаданың арктикалық жоғалауы мен Греиландияда тұрады. Эскимостарға жақын алеуттер Алеут аралдарын және Аляска түбегін мекендейді.

 

 

Азия.

 

Жоспары:

 

1.    Жалпы мәліметі

2.    Геологиялық құрлысы мен пайдалы қазбалары.

3.    Климаты

4.    Топрағы, өсімдігі, жануары.

5.    Табиғи аудандары

6.    Географиялық зерттеулер

 

1. Азияның құрлықтағы бөлігі түгелдей солт. Жарты шарда  орналасқан малай архетелоги ғана экватордан асып, Оңтүстікшарға біраз өтеді. Азияның құрлықтағы шеткі мүйістері, солтүстікте Чемоскии мүйісі, 770431 солтүстік ендікте, батыста Бобо мүйісі, 260101 шығыс бойлықта, шығыс Дежнев мүйісі, 1690401 батыс байлықта. Азияның солтүстік оңтүстікке және батыстан шығысқа созылып, көп жерді алып жатуы, оның табиғат жағдайларының сан алуан болуна және солтүстікте жарты шардағы барлық геграфиялық белдеулердің орын тебуіне себеп болады. Ол біртүтас Евразия құрлығының құрамды бөлігі. Европа мен Азияның арасында бір тұтас табиғи шекара жоқ. Шартты шекара Орал тауының Шығыс етегі, жем өзені, Каспий теңізі, солт. Жағо. Кума-Маныч ойысы (Керчь буғазы арқылы өтеді) Оңтүстік батыста ені тар Суэц мойнағы Азияны Африкамен  жантырады, Берниг бұғазы оны Америкадан бөледі. Ал солт. Мұзды мұхиты, Тынық және Үнді мұхиттары қор жатыр. Кіші А. жағалауын Атлант мұхитының Жер мәрмәр, Қара, Азов теңіздері жиектейді. Европаға қарағанды А. жағалауында шығанақтар және қойнаулар өз Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2,5 мың км. қашықтықта Ең ірі түбектері – Арабия, Үндістан, Үнді қытай, Азияның оңтүстігінде.Олар ірі-ірі шығанақтармен, теңіздермен бөлінеді Шығ. Жағалауға Көрей, камчатка және Чукот түбектері оңтүстіктегі түбектерден кіші және бір – бірінен алыс, оқшау жатыр. Тынық мұхиттың құрлыққа таяу бөлігінде доғаша иіліп орналасқан бірнеше аралдар тізбегі бар.

Климаты. Азияда  күннің жылдық жиындық радиоциесы 60 ккол/см2- ден 140-160 кком/см2 ге дейін ендік бағытта өзгереді мұнда солт. Жарты шардағы Арктакадан бастап экваторға дейінгі барлық климат белдеулері бар. Көп жерінде, әсіресе ішкі аймақтарында кантингенттік климат басым. Мұхиттардан келетін ылғалды теңіз ауасы құрлықтың орталық бөлігіне жеткенше құрғақ, әр түрлі дәрежеде кантингенттік ауаға айналады. Азияға батыстан. Атымұхитынан келетін ауа өзінің ұзақ жасында өзгеріп, кант. Ауаға айналады. Солт. Жарты шарда әдетте батыстан шығысқа қарай бағытталған ауа ағыстарының басым болуына және Азияны шығыстан таулардың қоршап жатуына байланысты тынық мұхиттың теңіз ауасы жағадағы енсіз өңірге ғана әсер етеді. Азияның солтүстігі кедергі болатын биік таулардың жоқтығынан арктикалық ауа ендік бағыттағы тау белдеуіне дейін жетеді. Оңтүстігінде тропиктік, жазда экваторлық ауа массалары тарайды. Бірақ олар ендік бағытта жатқан тау  жоталарынан солтүсттікке қарай аса алмайды. Ауаның кирку. Атмосфера қысымы орталықтарының маусымдық өзгерістеріне (таралуына) тығыз байланысты. Қыста құрлық өте қатты суынады да, Солт. Және Орт. Азиядағы атмосфераның қысымы жоғары азиялық антициклон арнайды. Сондықтан Солт. Азияның көп жерінде қыс ашық, аязда келеді. Контингенттік суық ауа антициклонның орталық бөлігінен жан-жаққа жайлады әсіресе Азияның шығ. Дағында суынған құрлық пен жылы мұхит үстіндегі ауа массаларының атмосфераның қысымның арасында  көп болды сондықтан құлықтан мұхитқа қарай тұрақты ауа ағысы контингенттік қысқы муссон соғып тұрады. Ол Азияның шығ. Жағалауын түгел суытады. Құрлықтың Оңт. Тропиктік бөлігінде атмосфера қысым үнді мұхитына қарай азия береді. Оңт. Азияда ауа ағыстары қысымы жоғары тропиктік өңірден қысымы төмен экваторлық аймаққа қарай пассат түрінде соғады. Құрлықтан мұхитқа қарай соғандықтан, оны солт. Шығ. Контингенттік қысқы муссои деп те атайды. Сол. Шығ. Муссои мен контингенттік  тропикттік ауа тарайтын тропиктік Азияда қыс құрғақ болады. Қыста контингенттің суынып, атмосфераның жалпы циркуляциясы жүйесінің оңтүстікке ойысуына байланысты, полярлық ауаның тропиктік ауамен түйісетін өңірі оңтүстікке қарай ығысады. Полярлық шеп қыста Андықғы Азия қабыттарының оңт. Тізбегі маңында айқын байқалады. Осы өңірде циклондық әрекет күшейіп, жауын-шашын түседі. Қыста Атлантикадан кірген циклондарполярлық шепті.

Жер бедері: Азия жерінің ¾ бөлігі – таулар мен таулы үстірттер; бұлар негізгі екі белдеуден құралған. Ендік бағыттағы белдеу батыстан шығысқа қарай, Кіші Азия түбегінен. Тұнық мұхит жағалауына дейін созылып жатқан екі қатар тау тізбегінен тұрады: а) Солт. Тізбек, оған П-онт, Эльбурс, Түркімен – Қорасан, Гиндукуш, Қарақорым, Қытай таулары кіреді. Б) Онт. Тізбек, оған Тавр, Загрос, Мектан, Сүлеймен. Бұл тау тізбектердің аралығында бірнеше таулы қыраттар мен таулы үстірттер бар. Ендік бағыттағы белдеуге кіретін тау қыраттары мен жоталар батыстан шығысқа қарай биіктей береді де, тек шығыста, теңіз жағалауына жақындағанда қайтадан аласарады. Кіші Азия таулары қыратының орта биікт. 600-800 м, оны қоршап жатқан Понт, таулары 1500-2000 м Иран таулы қыраты 800-1000м, шеткі жоталары.

          Платформаның оңт. Және шығ. Шеттерінде Юра мен бор дәуірлерінің шөгінділері көп. Девон мен төменгі карбонда құрлықтың бұл бөлігі едәуір көтерілген. Жоғарғы палезой мен мезойда Қытай платформасының жарылып бөлектенуінен Солт. Және Оңт. Қытай, тарим, Ордос массивтері пайда болады. Олардың аралығындағы ойпаңдарда көлбеу жатқан полезойдың теңіз шөгінділері мен мезозой, полеоген, неогеннің контингенттік жыныстары бар. Үнді мен Араб платформалары – Үнді мұхитына батқан ежелгі Гондвона құрлығының қалдықтары. Ұнді платформасы өзімен аттас түбек пен Цейлон оралып алып жатыр. Оның докембрийде құралған кристалдық жыныстарының әр жерін жоғарғы карбон, Юра дәуірінің құрлықтық шөгінділері мен бор дәуірінің троптары бүркін жатыр. Араб платформасының түбірлік тау жыныстарының бетін солтүстік пен шығыста полезой мен мезозой құм тастары, сондай – ақ Юра, бор және полеоген дәуірінің теңіз шөгінділері жауап кеткен. Азия құрлығында геол жасы әр түрлі қатпарлы структуралар бар. Байкөл қатпарлары сібір платформасының бат. және оңт. Шеттерін, Қытайдың солт. Шегін, Үнді, Араб платформасының батысын көмкереді. Қатпалар (қалыңдығы 8-10 км-ден астам) метомрфтанға құм тас пен тақта тастан, әк тастар мен магмалық жыныстардан құралады. Каледож қатпарлары Тувада, Саян-Алтай тау жүйесінде, Сарыарқаның солтүстігі мен батысында, Тян-Шаньда Оңт. Қытайда көп. Бұл қатпалар рифей (синий), кембрий, ордовик және силурдың геоснклиналдық теңіз шөйінділері мен магма текті жыныстардан тұрады. Қатпарлы таулар арасындағы дервон дәуірінде жарала бастаған Кузнеун, Тува, Минуса, Теңіз – Қорғалжып Шу сияқтыойыстар девон, карбон, пермь дәуірлерінің тас көмір мен тұзға бай шөгінділеріне толы. Иіні батысқа қараған доға тәрізді изщим қатпарлары таймардан басталып Орал, Оңт. Тянь-Шань Сарыарқа Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Манғол-Охота белдеуінен өтеді, де Охота теңізіне тіреледі. Бұл доғаның ішінде мезой-кайнозой шөгінділермен бүркелген Бат. сібір, Торғай ойпаңдары, бұлардың оңт. Батысында Тұран ойпаты бар. Мезозой (кеммерий) қатпалары солтүстікте жағ. Яна-Чукот, Сихотэ-Алиньен басталып, оңтүстікке Гималай-Тибет. Таулары мен Үнді қытай түбекгі арқылы Индонция аралдарына жетеді. Алькі қатпарлары Тынық мұхиттық және Альпі-Гималайлық деп айтылатын екі белдеу деп тұрады. Тынық мұхиттық доға Коряк – Камчатка түбегінен басталады да, Курилсь, Сахалин, Жопон, Тайвань, Филиппин аралдарынан өтіп Индонезияға келіп тіреледі. Тоға бойында вулкандар мен вулкан текті жыныстар көп. Бұл қатпалары тоға Азия құрлығының шығ. Шегі болып табылады. Ол арқылы құрлықтық жер қыртысы мұхит түбегінің жер қыртысына ауысады. Құрлықтық шығысында жатқан осы белдеуде койнозойдан бері атқылап тұратынокулкандар мен жер сілкіну ошақтары бар. Альпілік Гималайлық белдеулерге Кавказ, копет-Дог, Балкон, Хорсон, Болкон, Хорсон, Памир, Қарақорым, Гималай, Анатолий, Иран, Ауған сияқты полезой мен мезозойдың теңіз шойынділерінен құралған тау жоталары мен Қара теңіз, Оңт. Каспий, Месопотамя, Ауған ойпаңдары кіреді. Бұл белдеуде вулкандық әрекет әлі аяқталмаған, жер сілкіну ошақтарының тереңдігі 300 км. – ге жетеді. Пайдалы қазбалары Рудалы кендер көбнесе қатпарлы аудандарға тән магма текті жыныстармен аралас. Шөгінді кендер ойнақ аймақтарда кездеседі. Тас көмірдің мол қоры бар жері: Минуса, Қарағанды, Тунгус, Кон, Иркут, Лена бассейіндері, Орта Азия, Сахалин, Қытай, Манғолия, Корея, Жопония. Ал мұнай мен газ Ембіде Маңғыстауда, Орта Азияда. Батыс Сібірде, Ирак пен Иранда, Парсы шығанақ жалғауында. Барма мен Индонезияда, Жапония мен Сахалинде мол. Темір кендері мен түсті металдар Азияның таулы қыратты барлық аймақтарында кездеседі, Кенді Алтай түсті металдарға бай.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-13 18:18:59     Қаралды-23153

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »