UF

Тақырыбы:  «Әлеуметтік болжау және жобалау» 

 

1. Әлеуметтік процестерді болжаудың методологиялық аспектілері

 

1.                     Болжау апараттары, обьектісі, мазмұны.

2.                     Болжаудың мәні

  1. Болжаудағы қарама-қарсы байланыс. Болжау мен жоспарлау.

 

1. Кез-келген болжамдық зерттеу біртұтас базалық түсініктермен байланысты. Бұл түсініктер болжамның көптеген параметрлерімен сипатталады. Олардың қатарына: 1)болжаудың обьектісі , ол дегеніміз  адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық; 2)болжаудың формаларын көз алдына келтіру, яғни тапсырушының талабына сай, сондай-ақ оны жасаушылардың обьективті мүмкіндігіне сай болжау нәтижелерінің әртүрлі формалары болуы мүмкін (нүктелік, тренд т.б.); 3) болжауды алдын-ала білу кезеңі, яғни болжау жасалып отырған кезең алдын-ала білу кезеңі деп аталады және болжамдау мақсатына сай ағымдағы, қысқа, орта, ұзақ, өте ұзақ мерзімді деп бөлінеді; 4) болжаудың алғашқы негізі, яғни зерттелетін обьект не құбылыс туралы фактілік материалдардың болуы (фактографиялық құжат, эксперт пікірі); 5)Болжаудың әдістері мен құралдары өте алуан түрлі, ең көп таралған түрі экстраполяция, сараптау, нормативтік, ізденістік әдіс, т.б.; 6)Болжаудың сапасы, бұл дегеніміз кең мағынада алғанда болжамның негізділік, сенімділік, дәлдік, ақпараттылық, құндылықтарының бірлігі. Ал, болжаудың бағалау әдісін –болжаудың верификациясы деп атайды, ол болжамның бекітілуін қарастырады.

Сапалы әлеуметтік болжам алу үшін болжаудың ғылыми принциптеріне сүйену қажет, яғни жүйенің дамуын болжамдау саласындағы зерттеу жұмыстарының барлығы осы принциптер негізінде іске асырылуы тиісті, атап айтсақ: жүйелілік, келісушілік (ұйғарушылық), варианттық, үздіксіздік, верификациялану, тиімділік принциптері.

Әлеуметтік болжам жасау үшін зерттеуші төмендегідей қадамдарды жүйелікпен жасап отыруы тиісті:1) проблеманы анықтау; 2) ақпаратттарды зерттеу; 3) әдіс таңдау; 4) болжамдық ақпараттың генерторын құрастыру; 5) нәтижелерді талдау; 6) болжамдық ақпараттың генераторын жүйелі эксплуатациялау, обьектіні мониторингтан өткізу.

2. Болжам деп зерттелетін  обьектінің  болашақтағы мүмкін жағдайлары туралы, оның дамуының альтернативтік жолдары туралы түсінікті айтамыз. Болжамды жасау процесі болжау деп аталады.

3. Жоспарлау дегеніміз мақсаттарды, басымдықтарды ғылыми негіздеу, оларға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын анықтау анықтау процесі. Практикада ол жоспарды жасаумен іске асады. Оның ерекше белгісі көрсеткіштер жинақтау. Жоспарлау болашақтың қауіпті аспектілерінің бәрін  есепке алып, проблемалар туралы шешім қабылдауға негізделген.

Жоспар дегеніміз- әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу бойынша әртүрлі шаралардың кешені мен көрсеткіштер жүйесі бар құжат. Онда мақсаттар, басымдықтар, ресурстар, оларды қамтамасыз ету көздері, орындау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі. Ал, болжамдауда мүмкін не қалауымыздағы аспектілер, күй, шешімдер, болашақтың проблемалары суреттілінеді.

Боламдаудың жоспарлаудан басты ерекшеліктері төмендегідей: 1)болжамдау кездейсоқтық пен анықталмағандықтың жоғары үлесі жағдайында іске асады; 2) болжамдаудың ақпараттық кеңес берушілік сипаты басым; 3) болжамдауда шешім қабылдау міндетті емес, ал жоспарлаудың міндетті (директивалық) сипаты бар; 4) болжамдауда көбіне жалпы есептік не эксперттік норма пайдаланылады. Сөйтіп, болжамдау өзінің құрамы бойынша жоспарлаудан кең, өйткені мұнда субьектінің ғана қызмет көрсеткіштері емес, сонымен бірге көп жағдайда өзгеріп отыратын сыртқы ортаның да көрсеткіштері есепке алынады. Болжам алдын-ала болжаумен жоспардың байланыстырушы звеносы. Болжам мен жоспар бір-бірін өзара толықтырып отырады. Болжам жоспардан бұрын да, кейін де жасалуы мүмкін, кейде жоспардың орнына жүре алады.

 

2. ӘЛЕУМЕТТІК АЛДЫН-АЛА БОЛЖАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ.

 

1. Әлеуметтік алдын-ала болжаудың ролі мен мәні.

2. Алдын-ала болжай білу, алдын-ала білу қажеттілігі

3. Ғылыми анықталмағандықтың топтық түрлері. Әлеуметтік алдын-ала көре білудегі интуицияның ролі

 

1. Қазіргі таңда әлеуметтік алдын-ала болдаудың мәні зор, өйткені ол –нақты әлеуметтік процестердің дамуының перспективасын ерекше нақтылықпен айтуға қол жеткізіп отыр, сонысымен қоғамдағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге көмегін тигізіп отыр. Алдын-ала болжау  биологиялық не әлеуметтік жүйелердің мінез-құлқының арнаулы түсінігі, жалпы теориясы болып табылады және адам практикасы мен жалпы өмірдегі қажетті нәрсе. Адам өзінің алдындағы жоспарлары мен үміттерін құра отырып, өзінің күнделікті өмірінде болашаққа көз жүгіртуге мұқтаж, ол болашақ пен бүгінгіні болжағанда ылғи қорқыныш пен үміт сезімдерін қатар ұстап, соның арасында толқып отырады. Адамға алдын-ала болжау неге керек?  Алдын-ала болжау оның дәл қазіргі уақыттағы жай-күйінің анық еместігіне, тұрақсыздығына, оларды шешу үшін оның өткенге, бүгінге, болашаққа ізденіс әрекетін жасауымен байланысты. Алдын-ала болжау әруақытта өткен мен бүгінгі потенцияға, қабілет, ресурстар мен жағдайларға сүйенеді, оның ғылыми және ғылыми емес, эмпирикалық түрлері бар. Сөйтіп, алдын-ала болжау дегеніміз қазіргі кездегі белгісіз не жоқ , бірақ болашақта болуы және зерттелуі  мүмкін табиғат құблыстарын, қоғамдық өмірді, психологиялық жай-күйді анықтайтын, сипаттайтын теориялық әрекеттің  (қызмет)  түрі.

2. Болашақ туралы байлам айтуға негізделген көптеген терминдер кездеседі, мысалыға пайғамбарлық, сәуегейлік, алдын-ала білу, сезу, көру, айту, алдын-ала болжау. Бұлардың әрқайсысының қандай-да бір ерекшелікті көрсетеін қасиеті, өзіндік мәні бар. Соның ішінде, алдын-ала болжау болашақ туралы пікірлердің ортақ, туыстық түсінігі болып табылады, яғни бұндай пікірлердің басқа түрлерін өзіне енгізеді. Бұнымен бірге бұл сөздің көмегімен бұндай пікірлердің негізділігіне, обьективтілігіне көңіл аударады.  Бұл ұғымның екі мағынасы бар, ол: 1) зерттеудің прогностикалық процесін; 2) болашақ туралы алынған қорытынды білімді көрсету үшін қолданылады.

3. Алдын-ала болжаудың ғылыми, ғылыми емес, эмпирикалық сияқты түрлері бар. Ғылыми емес болжау фантастикалық, іске аспайтын, жасанды құрастырылған өзара байланыстарға негізделеді, оның басты мақсаты адамның көзқарасы мен мінез-құлқын бақылауға ұмтылу болып табылады, оның фактілік негізі жоқ. Түс жору, бал ашу, астрология, әлеуметтік утопияларды осы топқа жатқызуға болады.

Ғылыми  алдын-ала болжау деп ғылыми теорияның негізінде алынған нәтижені атаймыз, ол ең алдымен қоғамдық дамудың заңдылықтарын жүйелі ой елегінен өткізуге құрылған. Тек реалды жағдайды талдаудан шыққан алдын-ала болжау ғана барынша сенімді және болашақтың қажетті және ықтимал тенденцияларына барынша толық  ене алады. Ол тек обьективті заңдарды тануға сүйенеді, оның нәтижелерін тексеруге, жөндеуге, одан әрі дамытуға болады. Бірақ, ол болашақ туралы дәл және толық ғылым болып табылмайды, тек өткен мен бүгінді салыстыра қарау арқылы ғана болашақты айта алады.

Эмпирикалық алдын-ала болжау деп адамның күнделікті тәжірибесіне сүйенген, тұрақтылық пен фактілік өзарабайланысқа негізделген болжауды айтады. Бірақ, ол ғылыми теорияға не тәжірибені бағалауға сүйенбейді. Бұған халық ырымдарын жатқызуға болады. Әдетте бұл болжаулар күмәнды және айқын емес, бірақ бұл жағдай  олардың жүзеге асу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

 

3. Болжау әдістері

 

1.Болжау әдістерінің топтамасы

2.Жалпы ғылыми және жеке әдістер (эксрополяция, сараптық баға беру, дельфи, сараптық жұмыс, болжамдық сценарий, эдип нәтижелілік, морфологиялық синтез,оптималді шешімдерді таңдау, анология, гипотезе, логика, дедукция, индукция, математикалық теориялар)

3.Болжаудың типтік әдістемесі мен болжаудың мүмкіндіктері

 

Әдіс дегеніміз –бірдеңеге апаратын жол деген мағынаны білдіреді.  Ал, болаудың әдістері деп болжанатын обьектінің мәліметтері мен оның сыртқы және ішкі байланыстарын талдау негізінде сол обьектінің болашағы туралы белгілі бір дәрежеде сенімді пікір шығара алатын әдістер мен тәсілдер жиынтығын айтады. Қазіргі таңда ғылымда болжау әдістері өте көп, 150-ден астамы белгілі екен. Бірақ, олардың барлығы қолданыла бермейді, өйткені олардың көпшілігі бір нюансты ашу үшін ғана керек.

Жалпы болжау әдістерін үлкен үш топқа бөлуге болады: 1) формалдану деңгейі бойынша; 2) әрекет ету принципі бойынша; 3) болжамдық информацияны алу тәсілі бойынша.

Формалдану деңгейі бойынша әдістерді 1) интуитивтік; 2) формалды деп бөлуге болады. Интуитивтік әдісті болжау обьектісі күрделі болғанда, яғни оға, көптеген факторлардың ықпалын есепке алу мүмкін емес кезде пайдаланылады. Оған комиссия, миға шабуыл, Дельфи әдістері енеді. Бұл әдістер тобы ұжым болып ойлауға құрылған, яғни нәтижелер дәл, идеялар көбірек болғанға бағытталады. Формалдық әдістер тобына экстраполяция және моделдеу енеді.

Болжамдық ақпатартты алу тәсілдері бойынша әдістер анкеталаудан, интервью алудан, тарихи-логикалық, сценарий жазу, ассоциативті моделдеуден тұрады.

2. жалпы ғылыми әдістер деп барлық ғылым түрлеріне ортақ әдістерді айтады. Олардың қатарына дедукция ( ), индукция ( ), тарихи кешен, анолог табу әдістерін жатқызуға болады.  

Сол сияқты әрбір ғылымның өзіне ғана тән әдістері болады, оларды жеке ғылыми әдістер деп атайды. Ендеше, болжаудағы ең көп таралған әдістерге тоқталайық:

1.Экстраполяция әдісі болжанатын обьектінің динамикасын зерттеуге негізделген және обьектінің өткен мәндерін үзіліссіз талдайды. Экстраполяцияда белгілі бір құбылыстың (процесстің) бір ғана бөлігін зерттеу арқылы шыққан нәтижені зерттелмеген екінші бөлігіне де қолданылуға болады. Әлеуметтік салада бұл әдіс арқылы өткен оқиғалар мен жағдайларды қазіргі таңдағы және болашақтағы қайталану тенденцияларын есепке ала отырып болжайды. Экстраполяция халықтың болашақтағы саны, жасқа сай ерекшеліктерін және жанұялық құрамын болжау арқылы демографияда қолданылады. Осы әдіс арқылы халықтың болашақтағы жасару немесе қартаю ерекшеліктерін есептеу болжамы жасалынады, туылу, өлу, некелесу кезеңдері қазірден ондаған жылдарға дейінгі аралыққа болжам жасалынады.

Компьютерлік бағдарламалар көмегімен көптеген формулаларды қолдану арқылы графиктерге сәйкее экстраполяция құрастыруға болады. Бірақ әлеуметтік болжау барысында экстраполяцияны қолдануымызға бірнеше шектеулер бар. Бұл шектеулер нақты дәл модельдеу мүмкіншілігін бермеуге байланысты, өйткені әлеуметтік процестер бірқалыпты даымайды, кейде қарқынды тез дамымайды, кейде дамымай тоқтап қалса, кейде бірқалыптылықты көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік процестерді экстраполяция арқылы болжау көптеген қателіктерді туындатуы мүмкін.

2.Модельдеу – обьектілерді олардың анологында заттай немесе ойша танып, зерттеу дегенді білдіреді.

Объектінің аналогтына мысалға оның макеті (кішіреййтілген, көлемі өзгертілген немесе үлкейтілген), сызбасы, схемасы жатқызуға болады. Әлеуметтік салада көбіне ой арқылы модельдеу қолданылады. Модельдеумен жұмыс барысында анық әлеуметтік объектіні ойша дубликатын құрастырып, адамзатқа тән қате шешімдерден құтқара аламыз. Ойша модельдеудің негізгі ерекшелігі-ол қандай да болмасын сынаулардан өтіле бергендігінде.

Әлеуметтік жобалауда, яғни ойша жасалған мағлұматтар арқылы болжам жасауда аталған жобаның дәл, кемшіліксіз болуын анықтауды талап етеді.

Модельдің ең үлкен кемшіліктерінің бірі- ол қарапайымдыылығында. Модельдееудің, яғни объектінің сипатындағы белгілі бір қасиеттері есепке алынбайды. Әлеуметтік жобалау мен болжау процестерінде модельдеу әдісін қолдануда көптеген қателіктер жіберілуі мүмкін. Мектеп кезеңінен қалған бір түсінік бар, ол модель тек математика ғылымыда ғана қолданылады деген қате түсінік, өйткені модель жаратылыстануда да қолданылуы мүмкін. Осы жағдайда әлеуметтік жобалауды да ескерген жөн. Модельдеу әдісі арқылы жобалаудың міндеттерін жұмсартуға болады.

Әлеуметтік жобалаудағы математикалық емес модельдердің маңыздылығы өте жоғары. Модель басқарудың ыңғайлы шешімдерін таңдап қана қоймай, қақтығыс жағдайларын модельдеуге, келісімге келу әдістерін дұрыс шешім қабілдау мәселелерін модельдейді.

Соңғы уақыттарда әлеуметтік жүйені талдау және модельдеу жеке әлеуметтік пәнге айналып жатыр (математкиалық бағдарламалармен қамтылған жеке пәнге).

3.Сараптық баға беруде  қоғамның белгілі бір сферасы (рухани, саяси, әлеуметтік) не оны құратын элемент (білім беру, медицина, мәдениет) , не компоненті ( жастарды, пенсионерлерді әлеуметтік қорғау, т.б.) қарастырылады.  Аталған жағдайлар бойынша қанағатсыз жағдайлар нақтыланып, оған жауап беретін мекемелер жұмысына талдау жасалынып, баға беріледі. Әлеуметтік жобалауда сараптық баға беру алдын ала болжанған мәселелерді шешумен айналысып қана қоймай,  парамерті төмен дәрежеде анықталған дүниенің бәрін анықтауды талап етеді.  Сараптық бағалауды арнайы ғылыми – аналитикалық орталықтар іске асырады. Қоғамдағы тұрақсыздық сараптық баға беру қызметіне сұранысты күшейтуде.

Эксперттік бағалау әдістемесі мынандай кезеңдерден тұрады: 1) проблема анықтау; 2) эксперттік бағалаудың критерийлерін жасау; 3) экспертиза нәтижелерін жариялайтын формаларды анықтау, олар конференция, дөңгелек стол, публицистика, т.б. болуы мүмкін.

4.Дельфи әдісін (Грекиядағы арал атымен аталған) РЭНД зерттеу орталығының эксперті Олаф Хельмер ( математик) ойлап тапқан. Бұл әдіс жекелеген эксперттердің пікірлерін үйлескен топтық пікірге жинақтауға мүмкіндік береді.  Бұл әдісті басқа эксперттік әдістерден төмендегідей үш ерекшелігі ажыратады: 1) эксперттің анонимдігі; 2) сұрау салудың алдыңғы тур нәтижелерін пайдалану мүмкіндігі; 3) топтық жауаптардың статистикалық сипаты, яғни нәтижесінде қарастырылатын проблема бойынша коллективтік пікірді көрсететін эксперттердің пікірлерінің диапазоны қалыптасады .

5.    Сценарий әдісі терминін  алғаш рет 1960 жылы футуролог Х.Кан әскери саладағы стратегиялық мәселелерді шешу үшін қолданған. Сценарий әдісі шындыққа жақын болжамдарды есепке ала отырып құрылған болашақтың картинасы.  Сценарий әдетте алдын-ала болжам мен болжам обьектілерінің дамуы бойынша бастапқы материалдар негізінде жасалады.  Бастапқы материалға ғылыми және өндірістік бағалаудың негізгі көрсеткіштерін жатқызамыз.  Сценарий – бұл міндетті жүйелі, детальді шешуді көздейтін картина, онда мүмкін болатын кедергілер, маңызды кемшіліктер анықталып,  тіпті жүргізіліп отырған жұмысты тоқтату мүмкіндігі не одан әрі жүргізу мәселесі де алдын-ала шешіледі.

6.Миға шабуыл әдісі –коллективтік жұмысқа құрылған, қысқа уақыт ішінде обьектінің дамуының мүмкін варианттарын анықтауға бағытталған, коллективтік идеяға (миға шабуыл) негізделген әдіс. Миға шабуыл әдісіне идеяларды коллективтік генерациялау және проблемаларды творчестволық тұрғыдан шешу тән. Миға шабуыл таңдалған тақырып бойынша кез-келген идеяны генерациялаудың еркін, құрылымдық емес процесі. Қатысушылардың саны 6-12 адам болуы керек, мүмкіндігінше әртүрлі мамандық мен кәсіп иелерінің басын біріктірген жөн.

7. Эдип нәтижелік (ертедегі Эдип патшасы атымен аталған) –бұл ақпараттың өзі қатысты обьектінің жағдайына ықпал ету мүмкіндігі. Ол төмендегідей ережелермен сипатталады: 1) индетерминизм (таңдау мүмкіндігін қолдайды), 2) болашақ реалды өмір сүрмейді (потенциалды болуы мүмкін), 3) болашақ өзгермелі. Бұдан шығаратын қорытынды болмыс өзгере отырып, фундаментальді заңдар мен принциптер негізінде белгілі бір тұрақтылықты сақтауы керек.

 

4. Болжаудың мазмұны, түрлері, технологиясы

 

1.Болжаудың түрлері (әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени, ізденістік, нормативтік)

2.Әлеуметтік болжау обьектілері, социологиялық аспектісі

3.Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы

 

1. Болжау – грек тілінен аударғанда «алдын-ала білу» дегенді білдіреді. Өзінің зерттейтін обьектісінің сипатына қарай болжаудың түрлері де көп, енді соларға тоқталайық:

1) Әлеуметтік –экономикалық болжам халықтың өмір сүру деңгейінің динамикасын, табысын, халықтың азық-түлік өнімдері мен өндірістік емес товарларды тұтынуын, әлеуметтік инфраструктура салаларының дамуын, демография, халықты еңбекпен қамту, жалпы әлеуметтік салаға қатыстының барлығын зерттейді.

2) Әлеуметтік –саяси болжам елдің саяси даму бағытын, қоғамды демократияландыру процесін, оған кең халық қабатының қатысу мәселелерін, ірі саяси проблемаларды қоғамның кең қабатының мүдделерін есепке ала отырып шешілу жағдайларын зерттейді.

3) Әлеуметтік-мәдени болжам әлеуметтік мәні бар құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен ережелерін, идея, сенім мен әдет-ғұрыптар жүйесін зерттейді.

4) Экономикалық болжам халық шаруашылығының даму перспективасын, оның салаларын, өндірістің орналасуын, өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, оның жаңа түрлерін игеруді, өндірісті қаржыландыру мәселелерін зерттейді.

5) Ғылыми-техникалық болжамдар ғылыми-техника прогресс жетістіктерін, зерртеудің, техника мен технологияның жаңа түрлерінің дамуы мен қолданылуын, ҒТП салдарын қарастырады.

6) Сыртқы экономикалық болжамдар шетелдермен ынтымақтастық перспективаларын, ұллтық экономиканың әлемдік шаруашылықққа интерациялануын, экспорт пен импортты рационализациялау болашағын зерттейді.

  Бұдан басқа проблемалық-мақсаттық белгілері бойынша болжамды ізденістік және нормативтік болжамдар деп бөледі. Бұлар болжам не үшін жасалады деген сұраққа жауап береді. Ізденістік болжам (зерттеушілік, генетикалық) – бұл құбылыстың болашақтағы мүмкін жағдайын анықтайтын болжам. Ол әрекет етіп тұрған тенденциялар сақталған жағдайда ненің ықтималдығы басым деген сұраққа жауап береді. Бұндай болжамның мысалына ауылшаруашылығы мәдениетінің өнімділігі немесе қоғамдағы неке мен айырылысу саны болжамдары жатады.

Ізденістік болжамда болжамдау бүгінгі күннен басталып, қолдағы бар ақпараттарға сүйенеді және біртіндеп болашаққа енеді. Ізденістік болжамның екі түрі бар: 1) экстраполяциялы (дәстүрлі); 2) альтернативті (жаңашыл). Экстраполяциялық көзқарас экономикалық және әлеуметтік даму бірқалыпты және үздіксіз жүреді, сондықтан болжам өткеннің болашаққа жай ғана проекциясы деген пікірге сүйенеді. Бұл әдіс кең қолданысқа ие. Ал, альтернативтік көзқарас әлеуметтік жағдайдың ішкі және сыртқы ортасы тұрақты өзгерістерге ұшырап отырады деген пікірге сүйенеді, яғни қоғамның дамуы секірмелі жіне үзілісті де болуы мүмкін дейді.  Сондай-ақ, қоғам үшін болашақ дамудың белгілі бір саны өмір сүреді дейді.

Нормативтік болжам (программалық, мақсаттық) - болжамдау обьектісінің болашақтағы мақсат ретінде қабылданып отырған мүмкін болатын жағдайына қол жеткізудің мерзімі мен жолдарын анықтау үшін қажет. Бұндай болжау алдымыздағы мақсатұа қандай жолмен жете аламыз деген сұраққа жауап береді. Мысалыға, халықтың ет өнімдерін пайдалану динамикасының болжамын қазіргі пайдаланылып отырған норманы есепке ала отырып жасайды.  Негізгі қолданылатын әдіс интерполяция болып табылады.

2. Болжамдаушының алдында тұрған біріншікезектегі мәселе – ол болжамдау обьектісінің шекарасын сауатты анықтау болып табылады.   

Болжаудың обьектісі дегеніміз  адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай болжаулар мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық, психологиялық, географиялық, этникалық, заңдық, әскери, мәдени-эстетикалық, медициналық, әлеуметтік білім беру – педагогикалық, архитектура –қала салу, ішкі-сыртқы саяси  деп бөлінеді. Мысалы әлеуметтік жұмыстағы болжау арқылы бір не басқа жағдайдың, жеке тұлғаның, отбасының, коллективтің жағдайының даму спецификасын көруге болады.

3.Әлеуметтік технологияның  екі мәні бар:

1) Практикалық міндеттерді шешуде бір не басқа ғылымның теориялық қорытындыларын пайдалану, 2) Әлеуметтік даму процесіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін бір не басқа әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қолданылатын әдіс, тәсілдер, әсер етудің жиынтығы. Бұл әлеуметтік технологияның нақты сипаты.

Әлеуметтік технологида екі форманы бөліп қарауға болады: 1) процедура мен операциялардан тұратын бағдарлама (қызметтің құралы мен тәсілдері ретінде), 2) бұндай бағдарламаға сәйкес құрылған қызметтердің өрісі.  Сонда, әлеуметтік технология дегеніміз әлеуметтік қызметті рационалды іске асырудың тәсілі. Төмендегідей әлеуметтік технологиялар бар: глобалды, инновациялық, шашыраңқы, аймақтық, универсалды, психологиялық, информациялық, интеллектуалдық, тарихи, демографиялық, келісімдік, жанжалды шешу, саяси-әкімшілік басқару, психофизикалық.

 

5.Әлеуметтік болжау және моделдеу

 

1.Моделдеу-әлеуметтік болжау әдісі ретінде

2.Моделдердің функциялары, түрлері, мәні және оған қойылатын талаптар

3.Әлеуметтік процестерді моделдеу ерекшеліктері

 

1.Өмірдегі обьектілер мен процестердің көпқырлылығы мен күрделілігі  сондай, оларды зерттеудің ең жақсы тәсілі шындықтың бір шетін бейнелейтін бір модель құру болып табылады, өйткені ол шындықтың өзінен соншалықты қарапайым, оны зерттеу шындықтың өзін зерттеуден әлдеқайда қарапайым.

Модель, моделдеу терминінің қазіргі таңда анықтамалары көп. Соның бір-екеуіне тоқталайық:  1) Кеңестік энциклопедиялық сөздікке сүйенсек, модель – бұл басқа бір құрылымның құрылысы мен әрекетін ғылыми, өндірістік не практикалық мақсатпен имитациялайтын (еліктеу), елестететін құрылым;

2) Модель қандай-да бір обьектінің, процестің, құбылыстың өкілі не орынбасары ретінде  қолданылатын кез-келген образ;

3) Модель обьектінің шындықтағы өмір сүру формасының біршама өзгеше бейнесі.

Моделдеу методының төмендегідей мақсаттары бар: 1)нақты бір обьектінің құрылымын, қасиетттерін, құрылысын, даму заңдары мен оның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу формаларын түсіну;

2) Алға қойылған мақсаттар мен белгілерді басқарудың ең жақсы әдістерін анықтау, обьектіні басқару;

3) Обьектіге ықпал ететін тәсілдер мен формаларды іске асырудағы тікелей және жанама салдарларды болжамдау.

Әлеуметтік моделдеу – өмірде болып жатқан процестер мен феномендердің анологы ретінде модел құру, одан әрі оларды жобалау мен болжамдау. Әлеуметтік моделдеудің обьектісі тек қоғам ғана емес, сонымен бірге жеке әлеуметтік тұлға, әлеуметтік топ, ұжым, институттар, әлеуметтік организм және әлемдік қауымдастық болып табылады.

Әлеуметтік обьектіні динамикасында моделдеу үшін процесс ұғымы қолданылады. Процестің бірнеше түрі бар күштеу және ерікті, қайтатын және қайтпайтын, жоспарланатын және жоспарланбайтын, ой-елегінен өткізілген және өткізілмеген, ұйымдасқан және стихиялы. Сондай-ақ,  қозғалыс векторы бойынша сызықтық, сатылық, циклдық, спиралдық деп бөлінеді. Қандай-да бір моделді жасағанда белгілі бір процесс түріне акцент жасалады.

Әлеуметтік моделдеу әлеуметтік сегменттер (бөлім, мүше) мен процестерді, құрылымдарды, жалпы қоғамды зерттеуде көп қолданылатын қажеттті әдіске айналып отыр. Моделдеу қоғамдық өмірді зерттеуді тиімді жүргізуге, оның жабық, жасырын қайшылықтарын анықтауға және соған сай әлеуметтік шындықты болжамдау мен жобалаудың мүмкіндіктерін  береді. Екінші жағынан, әлеуметтік моделдеу әлеуметтік шындықты қоршаған құбылыстар мен процестерді алдын-ала нәтижелі көре білуге, оның қауіпті және апатты тенденцияларға әкелетін жақтарын анықтауға, керек емес дағдарысты салдарлардың алдын-алуға жағдай жасайды. Қоғам негізделген, таразыланған, өзіне тұрақтылық пен тепе-теңдікті қамтамасыз ететін моделдер мен болжамдарға мұқтаж. Үшіншіден, моделдеу әрбір жеке тұлғаға өзінің болашағын барынша адекватты көруге және өз әрекеттерін қоғамдық тенденциялармен коррекциялауға, сол арқылы мақсаттарына жету үшін керек.

2.Моделдеу ұғымының өзі бір мағынада болмағандықтан оны классификациялау қиындау, сондықтан ол әртүрлі негізде классификацияланады:1) моделдеу сипаты (құрамы) бойынша, 2) моделденетін обьектінің сипаты бойынша, 3) моделдеуді қолдану саласы (техникалық, химиялық, психологиялық, жанды нәрсені моделдеу), 4) моделдеу деңгейі бойынша (мысалыға атом, бөлшек, молекулаларға қатысты микродеңгей, т.б.).

Ең көп таралғаны моделдерді сипаты бойынша классификациялау, оған сай моделдеудің төмендегідей бес түрін бөліп қарастыруға болады:

  1. Пәндік моделдеу, бұнда модель обьектінің геометриялық, физикалық, динамикалық не қызметтік сипатын елестетеді. Бұндай моделдерде обьектіде болатын процестер зерттеледі. (егер моделдің де, моделденіп отырған обьектінің де табиғи негізі бір болса, онда  физикалық моделдеу туралы сөз болады, мысалыға көпір, плотина, самолет қанатының моделі);
  2. Анологтық моделдеу, бұнда модель мен обьект бірыңғай байланыспен суреттеледі. Оған мысал ретінде механикалық, динамикалық, акустикалық құбылыстарды зерттегенде қолданылатын электр моделдерін жатқызуға болады;
  3. Белгілік моделдеу, бұнда моделдің ролін схемалар, чертеждер, формулалар атқарады. ЭВМ-нің арқасында бұл моделдерді қолдану аясы кеңейіп отыр, әсіресе логикалық құралдар арқылы моделдер жасау көп кездесуде;
  4. Ойша моделдеу, бұл бойынша модель ойда көрнекті сипатқа ие болады;
  5. Моделдеудің ерекше түрі моделдік эксперимент деп аталады, бұнда обьектінің өзі емес моделі экспериментке енеді.  Бұндай моделдеу эмпирикалық және теориялық таным әдістерінің арасында қатаң шектеу жоқ екендігін көрсетеді.

Моделдеу негізінен эксперименттік зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Өйткені, бұнда басқа эксперименттердегі сияқты обьектінің өзі емес, оның орынбасары -  моделмен эксперимент жүргізіледі. Моделдік эксперименттерге мынандай сипаттар тән: 1) обьектіден моделге өту, 2) моделді тәжірибелік зерттеу, 3) моделден обьектіге өту, яғни зерттеу кезінде алынған нәтижелерді обьектіге аудару.

Әлеуметтік моделдеуді әртүрлі негіз бойынша төмендегідей етіп бөледі: формалдық, мазмұндық, суреттеуші, түсіндіруші, болжалдық, статтық, динамикалық әлеуметтік млделдер деп бөледі. Әлеуметтік моделдеу мынандай сатылардан өтеді:менталды модел жасау, әлеуметтік обьектінің мазмұнды моделін құрастыру, моделді концептуализациялау (негізгі ой ұғымына келтіру), моделді формалдау, яғнм формаға салу.

Айтып өту керек, моделдеу жетілген ғылыми әдіс емес, өйткені іс жүзінде әрбір моделді зерттеу обьектісімен идеалды түрде сәйкестендіру мүмкін емес. Моделдеу арқылы әрбір обьектіні нақты контекстінде, оның барлық өмір сүретін және маңызды көп образды диалектикалық өзара байланысы мен факторларын бейнелеу мен көрсетудің, қамтудың мүмкіндігі жоқ. Соған қарамастан, моделдеуді қолдану зерттеу шығыны және мерзімін азайтуға септігін тигізеді.  

3.Әлеуметтік ғылым саласында моделдеуді қодану жекелеген әлеуметтік жақтар мен құрылымдардың дамуын, сондай-ақ қоғамның дамуын болжамдауда жаңа проблема болып табылады. Түсіну керек, математикалық және техникалық ғылым саласынан моделдеуді әлеуметтік салаға ауыстыру көп жағдайда дұрыс емес және сәйкес келмейді.  Өйткені, әлеуметтік танымның обьектілері ретінде қоғам мен оның компоненттерін моделдеудің өзіндік ерекшеліктері бар, ол басқа физикалық, техникалық және биологиялық обьектілерден сапалық өзгешелікке ие. Әлеуметтік моделдеуде тек математикалық білім ғана емес, тұтас философиялық көзқарас, интуиция, нақты әлеуметтік феномен мен процестердің дамуының ішкі логикасын ашу біліктілігі қажет. Қоғамды моделдеудің қиындығы 1) эмпирикалық (келіп түскен) мәліметтердің қарама – қайшылығы мен көптілігіне, 2) әлеуметтің процестердің жылдамдауымен, 3) әлеуметтік өмірдің көп қырлылығына байланысты. 

Әлеуметтік моделдеудің ақиқаттығы мен дұрыстығының жалғыз ғана белгісі, ол –қоғамдық практика болып табылады.

 

6. Болжаудың нәтижелері мен оларға қойылатын талаптар

 

1.Болжаудың нәтижелеріне қойылатын талаптар

2.Болжаудың нәтижелерін көрсету формалары

3.Әлеуметтік болжаудың сенімділік жағдайлары мен әрекет принциптері

4.Болжау процесінің негізгі кемшіліктері мен оларды анықтайтын факторлар

 

1.Болжамдаудың нәтижелерін кейін практикалық жұмыста пайдалана алу үшін нәтижелерге қойылатын талаптарды анықтап алудың маңызы зор.  Ол үшін: 1) әртүрлі болжамданатын проблемаларды шешудің нәтижелерін ақиқат мүмкіндіктермен келісімін қамтамасыз ету, 2) болжаудың түріне байланысты (қысқа, ұзақ, т.б.) ұйымның, аймақтың, саланың қызмет етуінің басты бағыттарын анықтау, 3) әрекет стратегиясын таңдау, 4) әлеуметтік-экономикалық қызметтің әртүрлі бағыттарындағы басқа болжамдардың нәтижелерін салыстыру, 5) бұл нәтижелердің келісу мүмкіндігін тиімді тәсіл табу мақсатында анықтау, 6) ақиқат экономикалық мүмкіндіктерді есепке алу және осы негізде болжамдау нәтижелерін пайдаланудың варианттарын табу қажет. Бұл принципалды маңызды ережелер болжау нәтижелеріне бұдан да деталды талаптардың болуын жоққа шығармайды, олар тек есепке алу міндетті болып саналатын бірқатар аспектілерді ғана анықтайды. Сөйтіп, болжам нәтижелеріне қойылатын талаптардың қатарына төмендегілер де кіреді:

-болжанатын оқиғаны пайдаланудың сферасын анықтау ( мысалы, инновациялық білім беруге негізделген жаңа оқу орнын ашу); болжанатын оқиғаның басқа процестер мен жүйелермен сандық және сапалық байланыстарын, олардың өзара әркеттесуі мен өзара ықпалдасуын анықтау;

- болжанатын оқиғаның ең ерте және ең кеш ықтималдық мерзімін, сондай-ақ бұл мерзімді «жылдамдата» және «баяулата»  алатын факторлар мен шараларды анықтау;

-зерттелетін сфера мен мүмкін оқиғалардың дамуының негізгі тенденцияларын, болжанатын проблеманың шешіміне ықпал ете алатын, берілген уақыт интервалын өзгерте алатын негізгі тенденцияларды анықтау;

-мақсатты нақты қою ( егер зерттеудің бірінші кезеңінде болжамды жасаушылар алдындда нақты мақсаттар мен міндеттер нақты қойылмаса, онда қажетті нәтижелер де болмайды. Нақты қойылған мақсат зерттеудің бағыттылығы мен тиімділігін анықтайды);

-әлеуметтік болжамдардың сенімділігіне әсер ететін бірқатар принциптерді ( жүйелі көзқарас, варианттық, тиімділік, верификациялау) сақтау қажет.

2.Болжамдау нәтижесін көрсету төмендегідей формаларда көрінеді:

- зерттеліп жатқан сала бойынша отандық және шетелдік жетістіктердің көрсеткіштерін салыстыру;

-халықты қолдау, әлеуметтік қорғаудың тиімділігінің көрсеткіштері;

-күтілетін көрсеткіштер;

-ресурстарды, олардың түрін бөлу варианттары, адрестік көмек көрсеткіштері;

-өкімет, әкімшілік, т.б. ұйымдар қабылдап отырған шаралардың әлеуметтік салдарларын бағалау көрсеткіштері;

-салынып отырған қаржы мен басқа да финанстық шаралардың тиімділігін бағалау көрсеткіштері;

-зерттелген әдісті басқа аймақтар мен практиканың басқа сфераларына қолдану мүмкіншілігін бағалау көрсеткіштері;

-локальды әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған мүмкін финанстық ресурстарды анықтау көрсеткіштері.

3. Болжамның тиімділігі мен сенімділігін көптеген факторлар анықтайды, олардың ішіндегі ең маңыздылары:

-зерттелеген жүйенің негізгі элементтері мен факторларын таңдау, әлеуметтік сферадағы олардың ролі мен маңыздылығын анықтау;

-негізгі тенденцияларды (траектория) талдау негізінде зерттелетін процестердің дамуын анықтау (жұмыссыздық, әлеуметтік қорғау, студенттердің жағдайы);

-бұл тенденциялардың болашақтағы эктраполяциясына назар аудару (бұрынғы заңдылыққа есепке алу арқылы, болашаққа қарау, бір бөліктегі қорытындының екінші бөлікке әсер ету жағдайын қарастыру);

- қазіргі әлеуметтік процестердегі болашақ траекториясының синтезі;

-қоғамдық қызметтің басқа сфераларындағы болжамдармен интеграцияның болуы;

-тұтас, сондай-ақ жеке процестер мен бағыттар бойынша көп деңгейлі кешенді болжам жасау;

-болжамды үздіксіз түзетіп отыру.

Болжамның сенімділігінің негізгі шартына мыналар жатады:

-талдаудың тереңдігі мен обьективтілігі;

-нақты жағдайларды білу;

-материалдарды өңдеуде және өткізуде жылдамдық, шапшаңдық, хабардарлық, істі терең білушілік, өйткені болжамдауда статистикалық материалдардың мәлімет банкінің, ақпараттардың ерекше маңызы бар.

Болжамдауда теориялық-методологиялық тұрғыдан бірқатар маңызды ережелерді есепке алу қажет, атап айтсақ:

-әлеуметтік процестерді обьективтік реалдылық ретінде қабылдау;

-зерттеуге жүйелік, тұтас тәсілді қолдану;

-зерттелетін прцестегі тарихи детерминизмді, яғни себеп-салдарлық шарттарды мойындау.

Енді болжау нәтижелерін зерттеудің техникасын қарастырайық. Маңызды практикалық проблемалардың бірі болжаудың ең құнды нәтижелерін өмірге енгізу болып табылады. Бұл қызметтің негізгі бағыттары:

-тиісті мекеме, ведомстволарды бағдарлама, жоба, концепция жасау үшін қажетті  материалдармен қаруландыру;

-тиісті комиссилар мен комитеттермен болжамдар конкурсын өткізу.

4. Прогностикалық қызметтің деңгейін талдай отырып, болжамның тиімділігіне, оның сапалық сипатына ықпал ететін факторлар көп екендігін есепке алу қажет. Принципті, методологиялық сипаттағы, күрделілігі жоғары факторлар бар Бұл ең алдымен модел, болжам және олардың нәтижесін жасағанда әлеуметтік-экономикалық және рухани-идеологиялық аспектілердің өзара байланыс ерекшеліктерін есепке ала білу біліктігі.

Ұйымдастыру сипатындағы кейбір кемшіліктерді қызметкерлердің екі тобына таңуға болады: 1) модель мен болжамды жасаушылар; 2) зерттеу нәтижелерін іске асыруға әрекет жасаушылар.

Болжам жасаушылардың, эксперттердің жоғары кәсіби деңгейінің болмауы, бір не басқа модель мен болжам тапсырыс берушілердің қызығушылығымен жасалып жатқанына қарамастан, олардың позициясы туралы  хабарсыз болу көптеген жағымсыз сәттерге ұрындырады, олардың негізінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады: 1) болжамдық есептерде суреттеуші-ақпараттық материалдар көлемінің процессуалдық мазмұнға сәйкес келмеуі (90% дейін). Нәтижесінде болжамдаудың шаралары, ақпараттарды өңдеу процедурасы, пайдаланылған деректер туралы өте маңызды ақпараттар ретроспекциямен салыстырғанда өте аз көлемге ие болады; 2) көп жағайда басты назар болжамды жасау процесінің зерттеушілік әдісіне аударылып,  сыртқы қоршау деп аталатын әртүрлі факторлардың өзара байланыстарының болжамдық фонын талдауға аз аударылады; 3) болжамды жасау мақсаты айқын анықталмайды, бұл болжамның ретроспекция да, қорытынды да кезеңінде обьектіні суреттеуде ғылыми-ақпараттық құндылығы жоқ факторлар мен жағдайларды тартуға әкеледі; 4) билік өкілдері тарапынан волюнтаристік ұмтылыстардың көрінуі, яғни ғылыми ұсыныстарды елемеу,  оларды өз ұстанымдарымен ауыстыру немесе өмір сүріп тұрған шетелдік моделдерді елімізге қажетті талдаусыз енгізу.  Мысалыға, шетелдік демократия мен экономиканы сол күйінде өзімізге көшіру, біздің дәстүрлі қалыптасқан экономикалық ерекшеліктерімізге, рухани – адамгершілік атмосферамызға сәйкес келмейді.

Әлеуметтік  процестерді болжамдауда кездесетін негізгі қателіктерге тоқталсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады:

-болжам мен ретроспективті бағыттылықтың арақатынасының болжамнаң пайдасына шешілмеуі;

-сыртқы ортаның болжамдық фонын, ықпал ететін факторлар мен процестерді жеткілікті түрде қарастырмау;

-методикалық және процедуралық аспектілердің толық жасалмағандығы;

-ақпараттар көлемінің шектеулігі;

-болжамдау процесінің тиісті ұйымдастырушылық-құқықтық негізінің болмауы;

-болжамдау методологиясының, теориясының ғылыми тұрғыдан әлсіздігі.

Болжамды ақпараттық қамсыздандырудың кемшілігі ең алдымен тар ведомстволық мәліметтерді есепсіз, салыстырусыз, аралас салалар бойынша тұтас ақпараттарды салыстырып қарамай пайдалануда жатыр.

Болжамдау процесінің тиісті ұйымдастырушылық-құқықтық негізінің болмауы тиісті деңгейде болжам жасауға ғылыми қызметтің әртүрлі саласындағы мамандарды тартға мүмкіндік бермейді, дегенмен қазір «Уақытша творчестволық коллективтер»  құрылып жатыр, оның құрамы әртүрлі қызмет саласындағы, бірақ кәсіби өзара әрекет жасаушылармен толығып отыр.

 

7. Әлеуметтік жобалау, оның табиғаты мен мәні

1.Жобалау, оның мәні

2.Жобалау әрекетінің негізгі элементтері

3. Жобалаудың негізгі нәтижесі-жоба

 

1.Қазіргі таңда әлеуметтік жүйелерді жобалауға қажеттілік өсіп отыр,  яғни нақты бір әлеуметтік обьектіні, процесті, құбылысты, белгілі бағдарлама мен жоспар шегінде анықтау қажеттілікке айналуда. Бұны қазір іске асырылып отырған әлеуметтік жобалаудың  (білім беру, денсаулық, қол жетімді тұрғын үй) өзектілігі мен маңызы дәлелдеп отыр.

«Жобалау» сөзі латынның «projektus» - «алға тасталған « деген сөзінен келіп шыққан. Жобалау обьектінің мүмкін не болжанатын прототипін не пробразын жасау. Жобалау жаңа құбылыстар мен процестердің болжанған не жоспарлық дамуының ғылыми-теориялық не практикалық негізделген анықтамасын беруге бағытталған ерекше қызмет түрі. Жобалау – ерекше әдістер тәсілімен болжанатын обьектінің, құбылыстың пробразын жасау, шындықтың бейнесін алдын-ала берудің бір формасы. Жобалау нақты мағынасында басқарудың болжамдық функциясын білдіреді, оның мақсаты болжанатын обьектіге қалаған сиапт пен белгі беру үшін қайта құру варианттарының бірін іске асыру болып табылады. Әлеуметтік жобалауды іске асырудың белгілі мерзімінің болу да, болмауы да мүмкін. Жобалауды терең түсіну үшін оны «жоспарлау», «алдын-ала көру», «болжамдау», «құрастыру», «моделдеу» ұғымдарымен салыстырып көру керек. Мысалыға, жоспарлау –бір құбылысты өмірге енгізу үшін ғылыми –практикалық негізделген міндеттерді, мерзімді, қарқынды мақсатты  анықтау. Алдын-ала көру дегеніміз –қолдағы тәжірибеде тіркелмеген, бірақ өмір сүрп жатқан оқиғалар туралы білім, алдын-ала анықтау.  Ал, әлеуметтік жобалау дегеніміз –әлеуметтік обьектілерді, әлеуметтік салаларды, процестерді және қатынастарды жобалау. Әлеуметтік обьектілерді жобалаудың жаратылыстанулық жобалардан айырмашылығы бұнда субьективті факторлар міндетті түрде есепке алынуы қажет.  Ол көп жағдайда әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайды. Олар төмендегілер:

-әлеуметтік обьектілердің қайшылығы;

-әлеуметтік обьектілердің дамуының көп векторлығы;

-әлеуметтік обьектіні кез-келген әлеуметтік теорияның соңғы мөлшерімен суреттеудің мүмкін еместігі;

-әлеуметтік обьектінің дамуына қатысты тиісті және маңыздының арақатынасын анықтайтын субьективті құрастыруың өте көп болуы;

-әлеуметтік обьектілердің көп факторлығы, яғни оған обьективті де, субьективті де факторлар әсер етеді.  Аталған факторлар әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайтын себептердің соңғысы емес, олар тек оның басқа обьектілерден айырмашылығының бар екендігін көрсететін жүйе ғана.

Әлеуметтік жобалау болжамның негізділігін бағалайды және әлеуметтік дамудың  ғылыми негізделген жоспарын жасайды. Әлеуметтік жобалауды «әлеуметтік құрастыру» деп те атайды. Әлеуметтік болашақты құрастыруға мынандай жағдайлар мүмкіндік береді:

-барынша мүмкін тенденциялармен қатар мүмкіндігі барынша аз тенденциялар қатар өмір сүреді;

-әдетте әлеуметтік обьектілерді әлеуметтік ресурстардың ішкі қоры бар, ол бұл әлеуметтік міндетті шешуде іске қосылуы мүмкін;

-қоғамдық құрылымдарға маңызды деформациялар (түр өзгеру) тән, оны болашақ дамудың қалайтын вариантын  іске асыруда пайдалануға болады;

-мазмұны бойынша жақын перспективалық мақсаттар бір-бірімен ауыстырылуы мүмкін, ал бір  мақсат түрлі құралдармен іске асырылуы мүмкін.

2. Әлеуметтік жобалаудың басқа да  білім салалары сияқты өзіндік элементтері бар. Ол элементер (маңызды теориялық категориялары) : құрастыру, система, жобалау субьектісі мен обьектісі, әлеуметтік технология, әлеуметтік жобалау әдістері, жобалау жағдайлары,  әлеуметтік  жобалау механизмдері жатады.

Әлеуметтік жобалаудың субьектісіне (жобалауды іске асырушылар) – әртүрлі деңгейдегі басқару қызметін атқарушылар,  яғни жеке тұлғалар, ұйыдар, коллективтер, әлеуметтік инстиуттар жатады, олардың басты мақсаты әлеуметтік шындықты мақсатты, ұйымдасқан түрде қайта құру. Жобалаудың субьектісіне қажетті белгілер: әлеуметтік белсенділік, тікелей жобалау жұмысына қатысу.

Әлеуметтік жобалау обьектісіне (жобалау процесі іске асырылатын жер):

-қоғамдық индвид ретінде адам, оның қажеттіліктері, қызығушылығы, қатынас жүйесіндегі ролдерімен  құндылық бағдары, әлеуметтік статусы;

-қоғамның әлеуметтік құрылымының подсистемасы мен әртүрлі элементтері (еңбек коллективі, аймақтар, топтар, т.б.) ;

-әробразды қоғамдық қатынастар  (саяси, идеологиялық, басқару, эстетикалық, адамгершілік, отбасылық-тұрмыстық, жеке тұлғалар арасындағы).

Жобалау міндетті түрде белгілі кезеңдерден өтеді, жобалау кезеңі дегеніміз – әлеуметтік жобаны жасайтын тәсіл, әдіс, ережелер, процедуралар, операциялар (оның негізгі кезеңдерін проблеманы анықтау, әлеуметтік заказ, әлеуметтік төлқұжат, верификациялау, түзету, жоба дайындау құрайды).

Әлеуметтік жобалау технологиясы дегеніміз – әлеуметтік заказды іске асыруға, белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әдіс-тәсілдер, дағдылар жиынтығы, әлеуметтік қызмет актілерінің уақыт пен кеңістегі бірізділігі. Технологиялар көмегімен абстрактылы нәрселер нақты бұйрық, шешім, норматив, ережелерге айналып, адамның әлеуметтік белсенділігін қажетті әрекетті орындауға тиімді бағыттайды.

Әлеуметтік жобалаудың жағдайлары деп жобалау қызметіне ықпал ететін әлеуметтік процестер мен құбылыстар жүйесін айтамыз. Жобалау қызметінің жағдайының көп компоненттері бар: қатынастар, процестер, орта, әрекет, қызмет, құралдар.

Әлеуметтік жобалау принциптеріне тоқталайық:

  • қоғаммен «өмір сүру» принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың өз қызметінің жаңа құндылық негіздерімен, өзара әрекеттің өз нормаларымен қоғаммен өмір сүру; 
  • өзін-өзі дамыту принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың қайнар көзі  қоғамның өзін-өзін дамытуға деген қажеттілігі ғана болуы мүмкін;
  • әлеуметтік жауапкершілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау өмір сүріп тұрған заңда көрсетілмеген коллективтік нормалар мен ережелер жасау болып табылады, ал жобалаушы субьектінің бұл нормалар мен ережелерден ауытқымауы қоғам мен жеке тұлға бойында құқықтық мәдениеттің қалыптасқандығының дәлелі болып табылады;
  • әлеуметтік міндеттілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау әлеуметтік міндеттіліктің сыни ойлау, ашықтық, плюрализм және шыдамдылық сияқты сапаларын қалыптастыруға негізделеді. Әлеуметтік міндеттіліктің көрсеткіштері қоғамдағы әртүрлі қоғамдар мен қорлардың, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциациялардың қызметі болып табылады;
  • халықтың кең қабатына үздіксіз білім беру принципі, яғни болашақты жоспарлау – бұл адамның жаңа білім мен біліктерге орасан зор қажеттілігін сезінетін ситуация;
  • әлеуметтік жобалау субьектілерінің мүдделері мен мақсаттарын үйлестіру принципі;
  • болашаққа ашықтық принципі, ол әлеуметтік жобалау субьектілерінің бірлестіктерді дамытудың перспективалы стратегиялық мақсаттары жанында шоғырлануын және бұндай мақсаттарды ұсыну қабілетінің болувн қалайды;
  • бірлестіктердің автонмиялық принципі, әлеуметтік жобалауда бұл принцип жобалайтын құрылым ретінде жеке алынған бірлестікті бөліп қарайды. Бірлестік ұйымдардардың әртүрлі көлемі бола беруі мүмкін: елді мекен, ірі қала, кіші қала, аймақ.

3.Әлеуметтік жобалаудың басты мақсаты басқару қызметінің ерекше түрі ретінде – информациялық массивтің көмегімен жоба жасау. Әлеуметтік жоба ақпараттардың дерегі ретінде әлеуметтік жүйе не процестердің болашақ қаланып отырған күйі туралы нақты білім беретін ғылыми негізделегн сипаттама. Әлеуметтік жоба тапсырма беруші модель болып табылдаы. Жобада обьектінің өзіміз қалап отырған күйі бейнеленеді, ол адамдардың белгілі бір әрекеті, финанс, еңбек, материалдық, отын – энергетикалық, т.б. ресурстар арқылы пайда болады.

Әлеуметтік жобаға мынандай белгілер тән:

-жобаланған обьектінің нақты жобасыз пайда бола алмайтын сипатының болуы;

-әлеуметтік тапсырысты іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті параметрлердің болуы;

- белгілі бір уақыт аралығында іске асырыла алатын сипатының болуы.

 

8. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық

 

1.Әлеуметтік жаңашылдықтың табиғаты мен жаңаша ойлаудың жүйелілігі

2.Материалдық-техникалық және әлеуметтік жаңашыл кіріспелер

3.Әлеуметтік ұжымдардағы жаңашылдық жағдайларды жобалау

 

Әлеуметтік жаңашылдық ғылыми білімнің жаңа бір саласы, ол қоғамның барлық әлеуметтік сферасында болып жатқан өзгерістерді түсінуге мүмкіндік береді. Біз қазір өмір сүріп жатқан әлем – ылғи өзгерістерге ұшырап отырған және бізді қоршаған ортадағы белгісіздік жағдайында қайта болып жатқан мәселелерге жауап іздеу уақыты. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңі әлеуметтік инновацияллық қайта құрулармен сипатталады. Халықаралық өндірістік бөлініс, еңбекті глобалды қайта бөлу, бір сәтте іске асырылып отырған коммуникациялар әлеуметтік интеграция процесінде жаңашылдықтың анықтаушы ролін көрсетеді.

Инновациялық потенциалдың, қоғамның өмірге қабілеттілігі мен өмірге төзімділігінң өлшемі – оның адамдардың творчестволық, жасампаздық қызметіне қабілетті әлеуметтік кеңістікті қамтамасыз ете алуында, оның жемісін адекватты бағалауында, бұл қызметтің нәтижелерін қабылдауында болып отыр.

Сөйтіп, әлеуметтік жаңашылдық дегеніміз – басқарудың обьектісінде де, субьектісінде де болып жатқан қазіргі өзгерістерді түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми білімнің жаңа саласы. Қазіргі таңда басқару процесі жаңашылдықты жасаумен, игерумен, таратумен күннен-күнге тығыз байланысты болып отыр.

Инновация сөзінің синонимі «жаңа», « жаңашылдық», «жаңаны енгізу» дегенді білдіреді. Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау оның өзіндік мазмұны өзгерістерді, ал инновациялық қызметтің басты функциясы өзгерістер функциясын білдіретіні туралы қорытындыға әкеледі.

Инновация өндірістік қызмет, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік қатынастар процесін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің нәтижелерін пайдалану процесінде өмірге келді.

Инновацияның кешенді сипаты, олардың көп қырлығы мен салаларының, әдістерінің көптүрлілігі оны жіктеуді талап етеді.

Қызмет түріне  қарай инновацияларды экономикалық, басқару саласындағы, технологиялық, сауда, әлеуметтік, т.б. бөледі. Әлеуметтік инновациялар еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру проблемаларын шешуге бағытталаған.  Әсіресе, білім беру саласында инновацияның маңызы артып отыр, өйткені, ол өмірдің барлық сфераларындағы: экономикалық,  әлеуметтік, саяси, рухани –мәдени салалардағы өзгерістердің субьектісі саналады. Инновацияларды негізілген өзегрістердің тереңдігіне қарай: радикалдық, модифициалдық (түр өзгертетін), комбинаторлық (қиыстыруға негізделген) деп, көлеміне қарай локалды,жергілікті, массалық, глобалды, жаңалығына қарай әлем үшін жаңа, сала үшін жаңа, бір мекеме үшін жаңа деп бөлінеді.

Инновацияның басты белгілері:

-жаңалық және радикалдық (жаңа қасиеттердің пайда болуы және обьектінің жағдайының жақсаруы);

- талап етушілік (қоғамдық  өндірісте, рынокта, әлеуметтік салада);

-іске асырушылық (жаңа білімді пайдалануда шектеушіліктің болмауы, өндірістік – технологиялық, моралдық –адамгершілік, экологиялық тұрғылардан) ;

-тұрақты пайдалы тиімділіктің болуы ( әлеуметтік –экономикалық жүйенің маңызды параметрлерін тұрақты жақсартылуы). 

Инновациялық процесс – жасаудан, меңгеруден және оны игеруден тұрады.

Инновациялық жаңалық (новое) – бір идея, әдіс, құрал,  технология және жүйе болса, жаңашылдық (нововедение) –оны енгізіу мен меңгеру болып табылады, яғни «жаңалықты» енгізу мен инновация синоним болып табылады.

2.Материалдық және әлеуметтік жаңашыл кіріспелер. Жаңашыл кіріспелердің жүйелігі (әлеуметтік –басқару, құқықтық, педагогикалық, әлеуметтік – экономикалық). Жаңаша ойлаудың жүйелілігі: жемісті, нәтижелі, психологиялық, әлеуметтік және кешенді.

3.Кез-келген ұйым әруақытта сыртқы ортаның қысымын басынан кешіреді. Ол тұрақты, сондай-ақ өзгермелі, белгісіз болуы мүмкін. Өзгеріп отыратын сыртқы ортаға бейімделу ұжымның басқару органдарынан өзгеріс арқылы көрінетін иілгіштікті талап етеді. Сонымен бірге, ұжым ішкі шиеленістердің пайда болуына сезімтал болуы керек. Себебі, ұйымда алдыңғы қатарла білім мен дағдыға ие маманның пайда болуы, технологиялық процестердің өзгеруіне не бақылау жүйесін қайта қарауға алып келуі мүмкін. Мысалыға, жаңа құрал сатып алу ұжымдағы технологиялық шынжырды да, әлеуметтік құрылымды да өзгертеді.

Ұжым қазіргі заманның талабына сай өмір сүру үшін ылғи болып отыратын өзгерістерді қабылдауға қабілетті болуы керек, өзгеге алатын, иілгіш, динамикалық ұжым ғана күрделі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қоршауда өмір сүруін жалғастыра алады.

Белгілі мақсаттарға бағытталған өзгерістерді іске асыру ұжымда бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі мінез-құлық формаларымен қайшы келмеуі тиіс. Керісінше дұрыс жоспарланып жүргізілген инновация – ол дәстүрлерді жаңа мазмұнмен байытып, ұжымды қызметкерлер, клиенттер, тұтынушылар, қоғам үшін тартымды етуі керек.

Ұжымдағы ең тиімді инновация белгілі бір жағдаймен себептелген, негізделген, қажетті инновациялар болады.  Ал, жоғары басшылықтың эмоцианалды көңілімен, өз билігін нығайтуға бағытталған және басқа да жеке және тар топтық мүдделерді қанағаттандыру үшін, ұжымның мақсаты мен сыртқы ортаның жай-күйін есепке алмай жүргізілген инновациялардың болашағы жоқ.

Көп жағдайда ұжымда мақсатты бағытталған өзгерістерді жүргізу сыртқы ортаның не ұжымның өз ішіндегі өзгерістермен тікелей және жанама байланысты. Ұжымдағы инновацияны іске асыру ұжымның барлық компоненттерін өзгеріп отырған жағдайға сәйкестікке алып келу болып табылады.  Өзгеріс деп заттар мен құбылыстардың өзара әрекеті мен құбылыс процесін, бір күйден екінші күйге өтуін, оларда жаңа қасиеттердің, қызметтің, қатынастардың пайда болуын айтамыз.

Ұжымдардағы өзгеріс екі негізгі типке бөлінеді: 1) алдын-ала мақсат қойылмаған, жоспарланбаған, спонтанды өзгерістер. Бұл өзгерістердің себебі ұжым мүшелерінің басқа әлеуметтік бірлестік мүшелерімен қатынас жасауы арқасында жаңа техникалық жаңалықтарды не соларға еліктеу арқылы жаңа мінез әдістерін үйренуі. Әдетте бұндай өзгерістер байқаусыз өтіп, ұжымның маңызды компоненттеріне тиіспейді; 2) жасанды өзгерістер, бұл сапалы, мақсатты түрде жүргізілген өзгерістер, бұнда сыртқы ортаға бейімделу мақсатында  ұжымның статусы, құрылымдық компоненті өзгереді, басқарудың биліктік негізі нығаяды. Жсанды өзгерістердің өзі инновациялық және диффузиялық деп бөлінеді. Инновациялық деп ұжымды алдын-ала жоспарланған және мақсатты өзгертуді айтамыз, бұндай өзгеруде әрекеттің жаңа дағдысы мен тәсілдері болады.  Диффузиялық деп алдын-ала жоапарланған және мақсатты өзгеруді айтамыз, бірақ бұнда өзгерудің негізгі элементтері ұжымға сырттан әкелінеді.

Жасанды өзгерістердің мақсаты:

-басқарудың тиімді құрылымын жасау, инновацияны енгізгеннен соң басшылықтың бағыныштыларға әсер етуінде оң жылжулар байқалады;

-ұжымның мақсат жүйесңін жетілдіру (жаңа өнім жасау, табысқа жетудің өлшемдерін өзгерту, жақсы маман даярлау, т.б.), ол ұжым құрылымында едәуір өзгерістерге, персоналмен жұмыстағы өзгерістерге міндетті түрде алып келеді;

- барынша жетілген технологиялық жағдай мен әрекет жасау, ол ақырында сыртқы ортаға бейімделуді қамтамасыз етуге әкеледі;

-ұжым мүшелерін көмектесуге барынша ынталандырудың тиімді жүйелерін жасау, қызметкерлерді ұжымның мақсатына бағдарлау, олардың өз қызметіне қанағаттанушылығын тудыру.

Ешқандай ұжым өзгерістерді тыныш және ауырсынбай қабылдай алмайды. Қызметкерлер онсыз ұйым табысты жұмыс істеп отыр, жаңа қызмет формаларының не қажеті бар дегенді алға тартады, егер одан қауіпті көріп тұрса. Қызметкерлердің көпшілігі ұжымның даму перспективаларын көре алмайды, сондықтан инновацияларға әртүрлі қарайды. Инновацияны орта звено ауыр қабылдаса, қатардағы орындаушылар аз қарсылық көрсетіп, басшыларға сенеді. Инновацияға қарсыласудың себептері:1) инновацияны іске асыратын ресурсиар мен коммуникацияның болмауы. Бұндай жағдай көбіне ұжым басшылығы өз мүмкіндіктерін асыра бағалағанда кездеседі. Төмен деңгейдегі басшылар іс жүзіндегі картинаны жақсы біле отырып, өзгерістерге қарсылық көрсетеді; 2) ұжымның ішкі бытыраңқылығы, оның себептері көп, жеке топтар мен ұжым, жеке топтар арасындағы жанжал, басшылықтың дұрыс емес позициясы, бұның бәрі қарсылық тудырады; 3) анық емес болашақтың алдындағы қауіп,яғни ұжым оның теріс салдары мен іске аспай қалуынан қорөады; 4) айқын жоспардың болмауы, мақсаттың нақты еместігі, қызметті кезеңдермен жүйелі жүргізбеу, болашақ әрекеттердің айқын еместігі қызметкерлерде жоспардың тиімді емес екені туралы пікір қалыптастырады; 5) танылған лидердің болмауы; 6) тоқыту немесе кеңес беру жүйесінің болмауы да қарсылық тудырады. Ең бастысы, жаңалыққа деген ұжымның инерттілігін тоқтату үшін ұжымда дұрыс атмосфера қалыптастыруға күш салу керек.

9. Әлеуметтік жобалаудың  формалары

 

1.Әлеуметтік проекция

2.Әлеуметтік жоспарлау, оның әдістері

3.Әлеуметтік құрастыру мен әлеуметтік инженерия

 

1. Әлеуметтік жоба нәтижесінің салдары кейде сәтсіздікке алып келеді, мұның себебі жоба жасаушы адам ешқандай алдын ала зерттеу жүргізбей тек өзінің интуициясына, өз болжамдарына үміт артады. Көп жағдайда диагностикалық және болжамдық зерттеулер әлеуметтік жобалау шеңберінде стратегияны іс-әрекет барысында анықтауға тіпті өзгертуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жобаның сәтсіздікке ұшырауына жол бермес үшін, біз ең алдымен бір нәрсені толық түсінуіміз қажет.

Біріншіден, қолымызда бар проектерді жинап диагностикалық зерттеу жүргізуіміз керек, жоба жасау барысында бізге сүйеу бола алатын немесе қарсы келетін жағдайларды да ескеруіміз керек.

Екіншіден, біз жобаның қандай уақыт шеңберінде жүргізілетінін түсінуіміз керек. Демек, біздің мақсатымыз болашақта болатын қоғамды болжау, болашақта болатын жағдайларды ескеру, жасаған жобамыз келешекте орын алатын әлеуметтік шындыққа жанасама, әлде жоқпа соны түсіну. Сондықтан бізге ең алғашқы сәтте диагноз қойып алдын ала болжау жасауымыз керек.

1.Әлеуметтік жобалаудың негізінде әлеуметтік проекция құрастыру жатады. «Projectio» термині латын тілінен аударғанда «алға лақтыру, лақтырып тастау» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин негізінен психологияда қоршаған ортадағы болып жатқан түрлі жаңа нәрселерді адам мінезінің қабылдауында, ішкі сезімдерді және импульстарды (белгілі бір субъективті заттарды объективті түрде) қабылдауды білдіреді. Адам болашақты ылғи көз алдына әкеледі, ол болашақтан үміт күтеді, ол болашаққа үңіле қарайды, оған белгілі бір әлеуметтік үміттер тән. Адам әлі болмаған уақытта қалай өмір сүретіндігін елестетеді. Міне, бұндай тасымалдау проекция болып табылады.

  Процестерді проекциялау дегеніміз -әлеуметтік жүйелердің ұйымы мен реалды құрылымымен байланысты қызметтің «прогресі» мен даму көрсеткіштері, ол бұл көрсеткіштердің реалды әлеуметтік жүйелерден тәуелділігін бейнелейді.

Әлеуметтік проекция дегеніміз – субьективті және субьективті әлеуметтік түйсікті әлі болмаған болашақтың контекстінде субьект болмысының ұйымдасуының кейбір формалары деңгейіне тасымалдау.   

Әлеуметтік проекцияның субьективті –жеке (психологиялық) және әлеуметтік түрлері болады. 

Субьективті –жеке (психологиялық) проекция адам психикасының қалыптасуында үлкен роль атқарады, әсіресе, өзіндік «Мен» мен сыртқы орта арасында әлі анық дифференциация қалыптаспаған бастапқы балалық шақ кезінде. Проекция механизмдері жобалық тестерде диагностикалық мақсаттарда, жабық мотивация мен талапты қозғау үшін қолданылады. Проекцияның бұл түрінде  адамның тілектері, ойлары, фантазиялары көрінеді және ол адамның жеке басына болашақтан бір нәрсені психологиялық күтуімен себептелінеді.

Әлеуметтік проекция - субьектінің әлеуметтік сапалары мен әлеуметтік артық көрушілігімен және әлеуметтік құндылық, көзқарас, әлеуметтік артық көрушілік пен күтуімен  себептелінеді. Болжамнан, жобалаудан проекцияның  айырмашылығы оның болашаққа селективті көзқарасында жатыр, ол әлеуметтік дамудың көптеген жолдарының арасынан әлеуметтік құндылықтарға сай келетін  жолды таңдауды дұрыс көреді. Шынында да адам өзінің әлеуметтік артық көретін нәрсесіне таңдау жасайды. Әлеуметтік проекция әлеуметтік сапаға және субъектінің әлеуметтік таңдауына негізделеді.

Әлеуметтік проекцияға оны  іске асырудың  белгілі бір шарттары міндет емес, ол жоспарлаудағы сияқты кезеңдермен сипатталынбайды, ол бір не басқа әлеуметтік әрекетті есепке алуға негізделген болжам да емес. Әлеуметтік проекция – бұл әлеуметтік күту мен әлеуметтік артық көрушілікке негізделген  болашаққа көзқарас.

2.Қоғамның дамуы стихиялы, белгісіз күйде болмауы тиіс. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғам ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, жоспарлы өзгерген жағдайда ғана мақсатты бағытта өзгере алады. Қоғамдық өмірді ғылыми тұрғыдан тиімді басқару әлеуметтік жоспарлауды танымдық және қоғамдық – қайта құру қызметінің бірлігі ретінде, сол сияқты оның ерекшелігін қоғамның барлық сфераларынан - экономика, саясат, рухани өмір, әлеуметтік өмірден көруді талап етеді.

Әлеуметтік жоспарлау дегеніміз - әлеуметтік дамудың мақсатын, міндетін, көрсеткіштерін, тапсырмаларын (мерзім, қарқын, пропорциясын) және барлық тұрғындардың мүддесі үшін бұл жоспарларды өмірге енгізудің негізгі құралдарын ғылыми негіздеу.

 Әлеуметтік жоспарлаудың деңгейлерін ажырату әлеуметтік ұйымның қай деңгейінде бір не басқа өзгерістердің іске асырылып жатқанын білу үшін керек.

-жоспарлаудың бірінші деңгейі  - еңбек ұжымдарының әлеуметтік дамуын жоспарлау. Өндірістік ұжымдардың әртүрлілігі олардың дамуын жоспарлауда түрлі әдістерді қолдануды тудырады.  Тәжірибе көрсеткендей, еңбек ұжымы деңгейінде төмендегідей принциптерге сүйенген жоспарлар ұтымды  болған:

Принцип 1. Өндірістің табысты дамуы үшін қызметкер қандай деңгейде және не істей алады және ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың ықпалымен өзін  қалай өзгерте алады;

Принцип 2. Әлеуметтік даму  жоспарының ұтымдылығы ұжымның материалдық және рухани игіліктерді бөлуде адам үшін жасаған жағдайларына, нақты басымдықтарына байланысты болады. Мәселенің мәнісі – қызметкерлердің өмір деңгейі мен мүмкіндіктерін көтеру бойынша нақты өндіріс пен аймақтың мемлекет іске кірісіп  отырған күш жұмсаулардың  бірлігін қамтамасыз етуде жатыр. Бұл принципті іске асырудың маңызды аспектісі материалдық және моралдық ынталандыруды жетілдіру болып табылады.

Принцип 3. Адамның өндіріс ұйымымен, қаламен және ауданмен өзара әрекет процесі спонтанды, кездейсоқ, стихиялы түрде өтпеуі керек, керісінше еңбек ұжымының басқаруға  қатысуымен, олардың саналы әрекетін көрсетумен жүруі керек. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік жоспарлау республика, облыс, экономикалық аудан және басқа әкімшілік бірліктердің деңгейіндегі әлеуметтік процестерді мақсатты реттеудің ерекше формасы болып табылады. Барлық қоғамдық организмнің тиімді қызмет етуі үшін территориялық  кесікте әлеуметтік дамудың деңгейін теңестіру, әсіресе миграциялық ағындарды реттеудің, еңбек ресурстарын рационалды  пайдаланудың, ұлттық қатынастарды дамытудың, мәдени құндылықтарды пайдаланудың маңызы зор. Тәжірибе көрсеткендей, аймақтық әлеуметтік жоспарлау үшін басты мақсат еңбек және күнделікті өмір үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Экономикалық аймақтар деңгейінде жоспарлау әлеуметтік процестердің  әрбірі: ұлттың дамуы, халықтың өмір сүру дәрежесінің көтерілуі, халықтың көшіп-қону, білім беру жүйесін жетілдіру сол аймақтың ерекшелігі мен мәнін сипаттаумен байланысты болатындығын есте ұстаған жөн.   

Әлеуметтік жоспарлаудың төмендегідей екі формасы бар:

-адрестік немесе нақты жоспарлау;

-жанама экономикалық, әлеуметтік тетіктер көмегімен жоспарлау.

Нақты жоспарлау  деп әртүрлі мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың назарына жеткізілетін тапсырмалар жүйесін негіздеуді  және жасауды айтамыз. Бұл деңгейде қоғамдық дамудың белгілі деңгейіне қол жеткізудің тапсырмалары анықталады. Өзінің мәні бойынша әлеуметтік жоспарлау алға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті  мерзімді анықтаумен байланысты. Мақсат қаншалықты күрделі болған сайын, оны жан-жақты ғылыми негіздеу үшін ғана емес, оны іске асыру үшін де соншалықты уақыт  көп керек. Жоспарлау кезеңінің уақыт шегі негізсіз болмауы керек және сапалық, сандық көрсеткіштердің бірлігі негізінде құрылуы қажет. Айта өту керек, адрестік жоспарлау көп жағдайда өзіне сенімді жоғалтты, ол басқарудың командалық әдісіне кең жол ашып, әлеуметтік дамудың және өзгерудің ориентирлерін анықтауда ғылыми негіздерді ескермеді.

Жанама экономикалық, әлеуметтік тетіктер көмегімен әлеуметтік процестерді жоспарлауда нақты жағдайлар, мүмкіндіктер мен қажеттіліктер жіті зерттеледі. Келесі кезеңде қандай элементтер, құрамдас бөліктер мемлекеттік және қоғамдық реттеуге ккелмейді сол анықталады. Оларға қатысты теріс салдарлар мен жағымсыз  нәтижелерді әлсірету немесе нейтралдау мақсатында оларды сандық өлшеу және болжамдау міндеті қойылады. Жоспарлау процесінің өзінде сондай-ақ ықпал етуге болатын, дұрысын айтқанда әлеуметтік жоспарлау мен реттеудің  обьектісі болып табылатын құбылмалы жағдайлар анықталады.

Әлеуметтік жоспарлауда нақты  әлеуметтік топтардың мүддесі есепке алынуы керек. Экономикалық міндеттерді шешкенде барлық халық пен жекелеген топтардың мүддесі негізінен сәйкес келеді, бірақ қоғамдық өмірдің басқа сферасы туралы бұлай деуге болмайды. Атап айтсақ, өндіріс сферасында алға қойылған мақсатты іске асыруда шығынды барынша азайту мақсат болып табылады, ал әлеуметтік процестерді жоспарлағанда шығындарды азайту кейбір әлеуметтік топтардың мүдделеріне саналы түрде қысым жасау болып табылады.  Әлеуметтік нәтиженің максимумы әрқашан шығынды азайтуға қол жеткізе бермейді. Ал, бұл әлеуметтік жоспарлаудыңмаңызды мақсаттарының бірі.

Атап өту керек, бұл жоспарлаудың екі формасы таза түрінде кездесе бермейді. Дегенмен, жанама экономикалық, әлеуметтік тетіктер көмегімен жоспарлау елде экономикалық реформаларды іске асыруға байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Әлеуметтік жоспарлаудың өзіндік әдістері бар, олар әртүрлі деңгейде жоспарлауды іске асырады, солардың ішінде жалпы қолданысқа ие бірнешеуін атап өтейік, олар төмендегілер:

-әлеуметтік жоспарлаудың аналитикалық әдісі, ол талдау мен қорытудан тұрады. Оның мәнісі мынада: жоспарлау барысында әлеуметтік прогресс құрамдас бөліктерге бөлінеді және осы негізде белгіленген бағдарламаны іске асыру бағыттары анықталады;

-варианттар әдісінің маңызы артып отыр, оның мәні толық және сенімді ақпараттардың болған жағдайында әлеуметтік міндетті шешудің да бірнеше мүмкін жолдарын анықтауда жатыр. Бұл әдісті қолдану бір не басқа  әлеуметтік міндетті шешудің ең тиімді вариантын іздеумен, басымдықтарды дұрыс таңдаумен байланысты;

- әлеуметтік жоспалаудың кешенді әдісі, бұнда барлық басты факторлар (материалдық, финанстық, еңбек ресурсы, орындаушылар мен мерзім)  есепке алына отырып бағдарлама жасалады.  Оны қолдану келесі талаптарды сақтауды талап етеді:

  • әлеуметтік процестің дамуының прпорциясы мен қарқынын анықтау;
  • оның статистикалық және динамикалық моделін анықтау;
  • жоспардың негізгі көрсеткіштерін жасау;

-әлеуметтік жоспарлаудың проблемалық-мақсатты әдісі, ол әдетте қоғамдық дамудың  аса маңызды шұғыл міндеттерін шешумен (олардың ведомстволық шығу тегінен тәуелсіз) байланысты.

- әлеуметтік эксперимент кең мойындауға ие болып отыр, оның барысында обьективті заңдардың әрекет механизмі, олардың бір немесе бірнеше институттардың базасында көріну ерекшеліктері нақтыланады. Алынған нәтижелер жоспарланып отырған процестің даму барысын жөндеуге, болжанып отырған обьектіні практикада тексеруге мүмкіндік береді.

3. Әлеуметтік концепция ретінде ең алғаш батыс социологтарының еңбектерінен бастау алған әлеуметтік инженерия жеке әлеуметтік процестер шегінде «әлеуметтік құрастыру»  дегенді білдіреді. Әлеуметтік құрастыру мен әлеуметтік инженерияның пайда болуы социологияны нақты практикалық міндеттерді шешуге, әсіресе әлеуметтік процестерді басқару теориясы мен практикасы саласында пайдаланудың жалпы  тенденциясымен байланысты. Әлеуметтік инженерия мен әлеуметтік құрастыру әлеуметтік құбылысқа рационалды әсер етудің құралдары мен кезеңін, ережелерін жобалайды, әлеуметтік зерттеулерді қоғамдық практикаға ендірудің әдістерін жасайды. Қазіргі социологияның әдістерінің даму деңгейінде, әлеуметтік инженерия бүгінгі таңда социологтың социология ғылымының ережелерінің іргетасында қалыптасқан және басқару саласында іске асырылып отырған практикалық қызметінің ерекше бағыты ретінде қарастырылады. Бұндай түсіну шегінде әлеуметтік инженерияның басты қызметі әртүрлі тип пен деңгейдегі әлеуметтік жүйелердің, олардың элементтері мен под системасының саналы өзгеру жобаларын негіздеу, жоспарлау және іске асыру қызметімен байланысты. Әлеуметтік инженерияның басты проблемасы жете түсінілген және жоспарланған өзгерістерді әлеуметтік жүйеге енгізудің  негізділігін және заңдылығын, мүмкіндігінің өзін негіздеу болып табылады.  Методология деңгейінде әлеуметтік инженерия енгізіліп және құрастырылып жатқан өзгерістердің көлемі мен қисындылығын, формаларын, әдістерін анықтаумен байланысты. Былайша айтқанда, әлеуметтік инженерия - ол адам мінез-құлқын анықтайтын және оған бақылау жасауды қаматамасыз ететін ұйымдық құрылымдарды мақсатты өзгертуге бағытталған қолданбалы әлеуметтік ғылымдардың кешені немесе инженерлік тәсіл мен ғылымды көп қажет ететін технологияларды пайдалануға негізделген әлеуметтік шындықты өзгертуге не зерттеуге кешенді көзқарас.

Әлеуметтік инженер және әлеуметтік құрастырушы болжамдық жобалау позияциясынан шыға отырып, практикаға әлеуметтік инновацияларды ендірудің тәсілдер жүйесін жасайды. Бұл белгілі бір мағынада жаңа шындықты құрастырады. Әлеуметтік инженерия мен әлеуметтік құрастырудың бұл ерекшелігі әлеуметтік жобаларды іске асыру техникасы мен методикасымен байланысты. Әлеуметтік инженерия анықтамасы бойынша әлеуметтік жүйелерге өзгеріс енгізуге бағытталса, тәсілдерді қалыптастыруда  ерекше ролді әлеуметтік қайта құрулардың субьектісі (әлеуметтік инженер) атқарады.

 

10. Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері, әдістері, технологиялары

 

1. Әлеуметтік жоспарлаудың әдістері (мәселелік, құрылымдық, құрылымдық-технологиялық, жүйелік талдау, жүйелік-мәселелік, бағдарламалық-жүйелілік, т.б.)

2. Әлеуметтік жобалаудың құралдары

3. Жобалық технологиялық стратегиялар (жазықты, бұтақты,циклдық, бейімдік)

 

1. Әлеуметтік жобалаудың  жиі қолданылатын әдістері төмендегілер болып табылады:

1) проблемалық –құрылымдық әдіс, ол проблемалау, құрылымдау және дивергенциялау принциптеріне негізделеді, яғни мүмкін прблемалық жағдайдың шекарасын кеңеютуге бағытталған;

2) құрылымдық талдау әдісі, ол жоба мәліметтерін құрылымдау, талдау принциптері негізінде өзгертуге ұмтылады;

3) бағдарламалық –құрылымдық әдіс, ол жоба мәліметтерін бағдарламалау, құрылымдау, конвергенциялау принциптеріне сүйене отырып, жоба проблемасының шекарасын тарылтады;

4) құрылымдық әдіс, ол жоба мәліметтерінің өзарабайланыстылығы мен структурный метод: оперирует упорядоченностью и взаимосвязью проектных данных;

5) құрылымдық –технологиялық әдіс, нақты әлеуметтік жоба үшін қажетті мәліметтерді ұйымдастыру және құрылымдау үшін қолданылады;

6) проблемалы – жүйелік әдіс, ол проблемалау, жүйелеу және дивергенциялау принциптеріне сүйенеді;

7) жүйелі талдау әдісі, ол жүйелеу, талдау және трансформациялау принциптеріне негізделеді;

8) бағдарламалық –жүйелік әдіс, бағдарламалау, жүйелеу және конвергенциялау принциптеріне негізделеді

9) жүйелік әдіс, обьектінің тұтастық және ұйымшылдық принциптеріне негізделеді;  

10) жүйелік –технологиялық әдіс, ол жоба мәліметтерін технологиялау, жүйелеу және ұйымдастыру принциптеріне негізделеді. .

Әлеуметтік жобалаудың әдістерін  жасау жобалық міндеттердің мазмұнын анықтаудан басталады және ол жобалау процесін, стратегиясын жүйелеуге мүмкіндік беріп, жобалау процесінің басқарылуын жеңілдетеді.

2. Әлеуметтік жобалауды іске асырудың құралдарына олардың көмегімен обьектінің жай -күйі, даму тенденциялары, проблемалы ситуацияның пайда болуы мен дамуы, субьектінің қажеттіліктері туралы ақпарат жасайтын, талдайтын, оларды алатын құралдарды (техникалық, математикалақ, логикалық) жатқызады. Бұл құралдардың көмегімен тікелей жобалау жүргізіледі, белгілік хабарлар, ауызша суреттеу, таблицалар, чертеждер, бланкілер, схемалар, өзара әрекет жүйелері, макет, кодтар, символдар мен алгоритмдер, матрицалар,  басқа да алып жүрушілер жасалады  және жобалау қызметі процесі іске асырылады. Қазіргі таңда жобалаудың техникалық құралдары, соның ішінде автоматтық жобалау жүйелері кең таралып отыр.

3.Әлеуметтік жобалау процесінде қолданылатын технологиялық стратегиялар нақты жобалық жағдайға байланысты құбылып отырады. Мысалыға, жобалық ықпал етудің жиегіндегі кейбір белгісіздіктер жағдайында жобалық шешімді жасаудың  нақты және бір мағыналы белгілі алаңының болмауымен сипаттталатын  кездейсоқ іздеу стратегиясы таңдалуы мүмкін. Жобалық  технологиялық стратегиялардың төмендегідей де түрлері бар:

-сызықтық стратегия, ол өзара байланысты жүйелі әрекеттер ретінде қолданылады, яғни  әрбір әрекет алдыңғы әрекет нәтижесіне тәуелді болғанымен, келесі әрекеттердің нәтижесіне тәуелді болмайды;

- тармақталған стратегия, ол бір-бірінен тәуелсіз даму мүмкіндігі бар жобалардың варианттарын кезеңмен салыстыра алатын көп вариантты және альтернативті қызметті іске асыруға мүмкіндік береді және бірнеше жобалаушылардың жобалық моделдерін өзара толықтыру мүмкіндігіне жол ашады;

-циклдық стратегия, ол тікелей жобалау қызметі процесі барысында құрастырудың алдыңғы кезеңдерінің біріне қайта оралу мүмкіндігіне жол ашады;

-адаптивтік стратегия, ол келесі әрекетті таңдау алдыңғы әрекет нәтижесіне тәуелді болып тұрғанда,  тек бастапқы жобалық әрекетті қарастырады;

- жетілдіру стратегиясы дәстүрлі жобалау жағдайында адаптивтік іздеудің бір варианты болып табылады;

-қорыту стратегиясы әлеуметтік жоба жасу мақсатында қолданылып, мүлдем әртүрлі әлеуметтік жобалардың талаптарын қанағаттандыратын кейбір универсалды қасиетке ие.

Жобалық стратегиялар жобалық қызметтің әртүрлі кезеңдерінде қол жетілетін мақсаттарына байланысты болады және бұл мақсаттар кезеңдік мақсаттар деп аталып, жобалаудың кезеңдерінің соған сай атауларын анықтайды. Жобалық стратегияны таңдау жобалық қызметтің әдістері мен құралдарын таңдаумен, сондай-ақ ұйымдастырушылық бағдарламаны құраумен  қатар жүруі тиіс. Әлеуметтік жобалаудың ең көп қолданылатын әдістері: әлеуметтік норматив, әлеуметтік баланс, әлеуметтік тиімділік,әлеуметтік регрессия, әлеуметтік салдар, әлеуметтік типология мен классификация, әлеуметтік картография. Ұйымдастырушылық бағдарлама жобалаудың барлық стратегиялық кезеңдерінде  әлеуметтік жобалаушылардың үйлескен және мақсатты бағытталған қызметін қамтамасыз етеді. 

 

11. Әлеуметтік жобалар, олардың сипаттамасы

 

1. Әлеуметтік жобалар: мәні, түрлері, классификациясы, формалары

2. Жобаны орындау технологиясы

3. Жобалық құжаттандыру және әлеуметтік төлқұжат

 

1.Жобаны жасау бойынша жүргізілетін іс-әрекет жобалау деп аталады. Әлеуметтік жобалау қоршаған ортаны нақты мақсат, міндет қою, оған жетуге әрекеттер жасау арқылы жақсарту және оларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды суреттеу. Әлеуметтік жобалау дегенде төмендегі қызметтер түсініледі : 1) әлеуметтік маңызды, әлеуметтік тиімділігі бар қызмет; 2)  бұл қызметтің нәтижесінде (міндетті түрде заттық емес) практикалық маңызы бар шынайы «өнім» жасалуы тиісті. Ал, жоба деп обьектіні жақсартуға тиіс және оны іске асырудың нақты қадамдары мен әдістерінен тұратын нақты жағдайды суреттеуді айтады. Жоба – қызметті басқарудың нақты, орындауға болатын тәсілі. Ал, әлеуметтік жоба – жақын әлеуметтік қоршауда болатын өзгерістердің моделі, ол мынандай түрлерде болуы мүмкін:

- аталған өзгерістерді іске асыру бойынша қызметтерді сөзбен суреттеу;

-графикалық бейнелеу (чертеж, схема, т.бт.);

-жоспарланған әрекеттерді іске асыруға қажетті сандық көрсеткіштер мен есептер.

Жобаның белгілері:

-жағдайды өзгерту, проблеманы шешу, жаңа бір нәрсенің пайда болуы;

-баталу мен аяқталудың белгіленген мерзімінің болуы;

-анықталған ресурстардың болуы;

-өлшенетін өнім мен нәтиженің болуы.

  Жобаны басқару -  жобамен жұмыс жасауды басынан аяғына дейін басқару процесі. Басқару негізінен үш қызмет түрінен тұрады:

 1)Жоспарлау, ол мынандай сатылардан тұрады:

-жобадан күтілетін нәрсені анықтау, яғни жобаны іске асырған соң нені көргіміз келеді;

-жұмысты орындау кестесі мен орындаудың стратегиясын жасау. Барлық ойланған шаралар, соның ішінде, ресурстар мен спонсор іздеу, әртүрлі кездесулер, акциялар өткізу, сауалнамалар жүргізу, жобаны іске асыру барысында кездесетін қауіптер – барлығы мерзімі мен жауаптыларымен қоса жазылып, нақтылануы тиіс;

-қажетті ресурстар санының есебі, яғни жобаны іске асыруға және жасауға қажетті нәрселер (қаржы, адам, транспорт, кацелярия заттары, т.бт.).

2) Ұйымдастыру, оның мәні жобалық команда ішінде ролдер мен міндеттерді алдын-ала бөлу, яғни әркім өз қабілетіне қарай жұмыс жасау керек, жалғыз адам барлық жұмысты сапалы жасай алмайды.

3) Басқару, ол мынандай сатылардан тұрады:

-атқарылатын жұмыстарға басшылық жасау және нәтижені бақылау, яғни жауаптыларды тағайындау, атқарылған жұмыс есебін талап ету;

- жұмыс жасау барысында пайда болған проблемаларды шешу. Егер жобаны іске асыру барысында алдын-ала күтілмеген  проблемалар шығып жатса, оларды тез шешу қажеттілігі туады, өйткені олар дер кезінде шешілмесе жобаны іске асыру барысына теріс әсер етіп, алға қойылған мақсатқа қол жеткізілмеуі мүмкін;

- жобаны шешуге қатысты проблемаларға байланысты мүдделі адамдармен ақпараттармен алмасып отыру.

Қоғамдық өмірдің жан-жақтылығы, әлеуметтік сфераның көп жоспарлылығы әлеуметтік жобаларды әртүрлі негізде жіктеуге әкеліп соқтырады. Әлеуметтік жобаны жалпы түрі бойынша «қалыпты» және «реалды» деп бөледі. Қалыпты жоба деп негізгі белгілері (жоба өлшемі, қамсыздандыру ресурстары, т.б.) бір-бірін тең праволы теңгеретін жобаны айтамыз, ал реалды жобада тек бір белгі басым болады.

Жобалады мазмұнына қарай қолданбалы, ақпараттық, ролдік-ойындық, зерттеушілік, ізденушілік деп бөледі. Қолданбалы жоба - нәтижесі тікелей практикада қолданылуы мүмкін жоба, ақпараттық жоба – қандай да бір обьект, құбылыс, оқиға туралы ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған, кең аудитория үшін ақпарат жинақтап, талдаумен және ұсынумен айналысатын жоба, ролдік не ойындық жоба қатысушылардың жобаның мазмұнына сай белгілі бір әлеуметтік ролді өздеріне қабылдап, ойын жағдайында мінез-құлықты айқындайтын жоба, зерттеушілік –нәтижесі бұрын белгілі емес шешімді творчестволық зерттеушілік  тұрғыдан шешумен байланысты жоба, ізденушілік жоба – ізденушілік, шығармашылық  тәсілдер жиынтығынан тұратын жоба.

Қызмет түріне қарай жобаларды білім беру, ғылыми –техникалық, технологиялық, космостық, экономикалық, құрылыстық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени деп бөледі.

Өзгеріс сипаты бойынша жобаларды 1) инновациялық, яғни принципалді түрде жаңа өңдеулерді енгізетін; 2) қолдаушы, қайта құрушы, реанимациялық, яғни қала салатын, экологиялық міндеттерді шешетін, әдет-ғұрыптарды сақтауға ұмтылатын, т.б.  жобалар деп бөледі.

Әлеуметтік жобалау шегінде синтез – анализдің төмендегідей үш типі жатыр: 1) Кабинеттік – тек білім не ғылым негізінде жобалау;  2) ойындық- білім және іскерлік ойындар негізінде жобалау; 3) тәжірибелік – білім, іскерлік ойын, тәжірибе негізінде жасалған жобалар.

2. Әлеуметтік жобалау жобаны орындау технологиясымен тығыз байланысты. Жалпы, технология арқылы абстрактілі нәрселер бұйрық, шешім, нұсқауға айналады, ал адамдардың әлеуметтік белсенділігі қажетті әрекеттерді тиімді орындауға бағытталады.   Әлеуметтік  жобалау технологиясы  жобалау методологиясы мен әлеуметтік ғылымдар  методологиясы негізінде құрылады. Жобаны орындау технологиясын үш бөлімге бөлуге болады:

-зерттеушілік божамды анықтау (жүйенің дамуын обьективті заңдар негізінде сипаттайды және адамдардың мақсатты килігуін болдырмауды қалайды);

-нормативтік болжамды анықтау (алға қойылған мақсат, міндет, норма, идеал негізінде болжамдауды іске асыру);

-болжамды мақсат пен міндет, ресурстар мен мерзімге сай верификациялау (түзетудің көпсанды варианттарының негізінде жүйе мен прцестің болашақ жай-күйінің моделденуі).

3. Жобалау процесін басқару тек ұйымдастыру ресурстары арқылы ғана емесғ сонымен бірге әлеуметтік жобаны жасау процесін технологизациялау көмегімен де іске асады. Бұл мақсатта әртүрлі жобалық құжат пайдаланылады. Оның негізгісі әлеуметтік төлқұжат болып табылады. Әлеуметтік төлқұжатты құрау обьектіні құжаттандыру процесінде іске асады. Обьектіні құжаттандыру – жүйе, процес немес құбылыс туралы дәл мәліметтер алу, оның жай-күйін, қызмет ету жағдайын және дамуын суреттеу.

Әлеуметтік төлқұжат – жүйенің қызмет етуі мен дамуына ықпал ететін және оның сапалық параметрлері бейнеленетін, құрылымына талдау жасалатын жинақ құжат.

Әлеуметтік құрылымның төлқұжатын жасау мынандай кезеңдерден тұрады:

-жүйенің қалыпты қызмет етуі мен дамуына ықпал ететін сипаттамалар мен параметрлерді анықтау, оларды жіктеу және бөлу;

-төлқұжат формасын жасау (жүйе әсерімен өзгеретін көрсеткіштерді енгізу);

-төлқұжат формасын толтыру, қажет мәліметтерді алу: құжатпен жұмыс жасау, анкета, интервью жүргізу.

 

12. Әлеуметтік жобалаудың бағыттары

 

1. Аймақтық жобалаулар, мақсаты мен стратегиясы

2. Аймақтық жобалаудың технологиясы

3. Адамның өмір салтын әлеуметтік жобалауды жетілдірудің технологиялары

 

1.  Әлеуметтік жобалау жүйесіндегі аймақ. Аймақ – әлеуметтік жүйе ретінде. Аймақтың әлеуметтік жүйе ретіндегі негізгі сипаттамасы. Аймақтың шекарасын анықтау. Аймақтың функциональды және иерархиялық құрылымы. Аймақтың әлеуметтік функциялары. Аймақтық жобалаудың мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік тапсырыс және оны анықтау тәсілдері. Кешенді және арнаулы жобалар. Аймақтық жобалауларға нормативті жіне жүйелік көзқарас.  Аймақтық жобалауды ақпараттық және ресурстық қамсыздандыру. Аймақтық жобалау пәні. Аймақтық басқарудың ұйымдық құрылымы. Территориялық өзін-өзі басқару жүйелері. Халықтың әлеуметтік  ұдайы өндірісі. Еңбек ресурстарын ұдайы өндіру және пайдалану. Тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайларды жақсарту. Коммуналдық қызмет көрсеті жағдайлары. Әлеуметтік қызмет көрсету. Транспорттық қызмет көрсету. Маятниктік миграцияны реттеу. Қоғамдық тәртіпті қорғау.

2. Аймақтық жобалау технологиясы. Әлеуметтік жобалаудың стадиялары. Әлеуметтік жобаларды іске асырудың механизмдері. Халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін өлшеу және бағалау. Халықтың қанағаттану деңгейлері. Ресурстық потенциалды бағалау, оның динамикасы болжамы. Модель құру және жоспар жасау. Омтималды стратегияны есептеу. Аймақтық жобалардың тиімділігі. Дәстүрлі емес аймақтық жобалаудың тәжірибемі. Аймақтық өзін –өзі басқару және әлеуметтік жобалардың тиімділігі.  

3. Өмір сүру салты – әлеуметтік жобалаудың обьектісі ретінде.  Өмір сүру салты әлеуметтік жүйе ретінде. Өмір сүру салтын қалыптастыру факторлары. Өмір сүру салтын жетілдіру проблемалары. Өмір сүру салтын жобалаудың ерекшеліктері мен негізгі өзгерістері. Жеке тұлғаның ресурстары және оның құрылымы. Әлеуемттік жобалау пәні.  Өмір сүру мен мен еңбек ету жағдайлары. Еңбек мотивациясы. Әлеуметтік белсенділік. Рухани қажеттіліктер. Адам экологиясы жобалау пәні ретінде. Табиғи ортаны жобалау. Техносфераны жобалау. Әлеуметтік ортаны жобалау. Тұрғын үй әлеуметтік жобалау обьектісі ретінде. Әлеуметтік жобалаудың коммуникативтік аспектісі. Жаңа білім беру және тәрбие жүйесін жобалау.

 

13. Басқару жүйесіндегі әлеуметтік жобалау

 

1. Әлеуметтік - экономикалық қатынастар саласындағы басқару

2. Рухани өмір саласындағы әлеуметтік басқару

3. Жоспарлау іс-әрекетінің стратегиясы

 

1. Басқару әртүрлі табиғаттың (биологиялық, әлеуметтік, техникалық)  ұйымдасқан жүйелерінің элементі болып табылады. Бұл жүйелерге сәйкес басқарудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады: тірі табиғатта, өлі табиғатта, қоғамда (әлеуметтік басқару).

Басқарудың ең күрделі түрі әлеуметтік басқару деп есептелінеді. Әлеуметтік басқару дегеніміз адам қызметі саласындағы басқару, қоғамдағы қоғамдық қатынастар мен процестерді басқару, адамдардың мінез – құлықтарын және олардың ұжымдарын басқару, адамдар еңбек ететін ұжымдарды басқару. Әлеуметтік басқару үш топқа бөлінеді: экономикалық, әлеуметтік-саяси, қоғамның рухани өмірі.

Әлеуметтік – экономикалық қатынастар саласындағы басқару бүкіл халық шаруашылығын оның барлық стадиясы мен деңгейлерінде саналы ұйымдастыру бойынша жүргізілетін жүйелі, нақты  практикалық қызмет. Бұл –  обьективтік экономикалық заңдардың барлық жүйесінің талаптарын ұйымдастырушылық және орындаушылық өндірістік қызмет арқылы іске асырудың механизмі, сондай-ақ, ол барлық өндіріске қатысушылардың: қоғамдық, ұжымдық, жеке тұлғалардың бүкіл мүдделер жүйесін іске асыратын механизм.

Әлеуметтік – экономикалық қатынастар саласындағы басқару қоғамдық еңбек қызметін ұйымдастырады, яғни бүкіл халық шаруашылығы көлемінде қызметкерлерді өндіріс құрал- жабдықтарымен біріктіреді. Осыған байланысты бұл саладағы басқаруды материалдық және адам ресурстарын басқару деп бөледі.

Экономикалық қатынастар негізіне өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну жатса, бұған сәйкес басқару  өндіріс, материалдық –техникалық қамсыздандыру мен өткізу, қаржы, айналым саласындағы басқарудан тұрады.  Қоғамдық өндірісті басқаруда обьект ретінде  материалдық өндірістің салалары: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.б. бөлініп шығады. Экономикада белгілі бір салалық құрылым ғана емес, аймақтық құрылымдар да қалыптасады. Сондықтан басқаруда басқару обьектілеріне әртүрлі әкімшілік- территориялық бірліктер: қала, аудан, облыстар жатады. Басқару обьектілерінің ішінде шарушылықтың негізгі өндірістік звенолары: фирма, мекеме, өндірістік бірлестіктер ерекше орынды алады. Сөйтіп, әлеуметтік - экономикалық қатынастардағы басқару обьектілері экономиканың барлық звеноларын, өндірістің барлық стадиялары мен  компоненттерін, еңбек қызметіне қатысушылардың барлығын қамтиды.

Басқару субьектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар, тікелей қызметкерлер жатады.

Әлеуметтік - экономикалық қатынастардағы басқару жүйесі келесі негізгі компоненттерден тұрады: басқару механизмі (жалпы принциптер, функциялар, мақсаттар мен әдістер) , басқару құрылымы ( басқарудың жалпы құрылымы, басқару органдарының нақты жүйесі, басқару кадрлары, басқарудың техникалық құралдары), басқару процесі ( шешімдерді қабылдау және іске асыру, басқарудың технологиясы мен процедурасы, басқару қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру).

  3.Рухани өмір саласы рухани қызметтің ерекше формасы, ол еңбектің  қоғамдық бөлінуі  мен қоғамның қабаттарға жіктелу процесінде жеке салаға айналған, яғни рухани өмір саласы адам қызметінің материалдық және рухани қызметке қақ бөлінуі нәтижесінде пайда болып, материалдық өндіріспен қатар қоғамдық өндірістің ерекше сферасы ретінде өз статусын алады.

  Қазіргі таңда рухани өмір саласы рухани қызметтің күрделі жүйесін құрайды, оған рухани творчество сферасымен ( ғылыми, көркемдік, идеологиялық, т.б.)  қатар, бұл творчествоның өнімдерін бүкіл қоғам деңгейінде игеру мен бөлу сферасы да енеді. Соңғы сфера халыққа білім беруді, оның адамгершіліктік және эстетикалық тәрбиесін, оларды рухани мәдениетке тартудың әртүрлі формаларын қамтиды.

  Рухани өмір саласын басқару көбінесе рухани өнім шығарушылардың қатынастарын қарастырады, өйткені оны дайындау технологиясының да басқарушылық бөлігі бар (мысылы, дирижер оркестрді басқарады, режиссер спектакль қоюды, хор басшысы хорды, т.б. басқарады). Рухани өмірді басқарудың күрделі түрінде басқару белгілі бір білім көмегімен, атап айтсақ, идеологиялық, қоғамдық және жеке тұлғалардың санасын манипуляциялау формасында, соның ішінде массалық ақпарат құралдары арқылы, қоғамдық мінез –құлыққа білім беру жүйесі арқылы әртүрлі бағдарламаларды енгізу арқылы және әсер етудің басқа формалары арқылы іске асырылады. Ықпал ету обьектісі бұндай жүйелерде рухани өнім болып табылады, ол басқа рухани өнімнің көмегімен жасалады.

  Рухани өмір саласындағы басқару обьектісі бұл өндірістің қызметкерлері түсетін қатынастар болып табылады, ал басқару  субьектісі рухани өмір саласындағы тікелей әкімшілік мекемелер  (білім беру министрлігі, мәдениет министрлігі, т.б.) мен нақты қоғамда рухани өмірді реттеудің шешуші факторы болып табылатын рухани өнімді тұтынушылардан тұрады. Рухани өмір саласын мемлекеттік басқару жүйесі өз саласы бойынша ұйымдастырылған әкімшілік мекемелерден « тиісті министрліктер мен ведомстволар, жазушы, композиторлар одағы, т.б.)  тұрады.

  Рухани өмірді басқарудың әдістері көп, оларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: 1) ұйымдастырушылық – құқықтық, экономикалық, әлеуметтік – психологиялық, бұлар рухани сала қызметкерлерінің қатынастарын ретттейді; 2) рухани өмір саласы қызметін жалпы ұйымдастыру әдістері, ол еркін ой білдіруді, процесті және қызмет нәтижелерін  коллегиялы бағалауды, творчестволық процеске оған қатысы жоқ адамдардың килігуін, т.б. болмауын реттейді.

  3.Стратегиялық жоспарлау – бұл басқарудың бір функциясы, ол ұжымның мақсатын таңдау мен оларға қол жеткізу процесін білдіреді. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешімнің негізін қамтамасыз етеді. Ұжымның функциясы, мотивациясы және бақылауы стратегиялық жоспарды жасауға бағытталған. Стратегиялық жоспардың артықшылықтарын пайдаланбай, ұжым және жекелеген тұлғалар корпоративті мекеменің мақсаты пен бағыттарын айқын бағалау қабілетінен айырылады. Стратегиялық жоспарлау процесі ұжым мүшелеріне басқару  үшін негізді қамтамасыз етеді.  

  Стратегиялық жоспарлау ұжымға  даму бағыты мен қарқынын, қоршаған ортадағы глобалды тенденцияларды анықтауға, ұжымның кез-келген бәсекеге қабілетті болуына көмектеседі. 

Стратегиялық жоспарлау бірнеше кезеңдерден тұрады:

-ұжымның миссиясы мен мақсатын анықтау;

-қоршаған ортаны талдау, ақпараттар жинау, ұжымның әлсіз жіне күшті жақтарын талдау, оның мүмкіндігін есептеу;

- стратегияны таңдау;

-стратегияны іске асыру;

-орындауды талдау және бағалау.

Қысқа жоспарлау стратегиясы

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Гершунский Б.С. Педагогическая пргностика:методология, теория, практика.-Киев, 1986.

2. Тощенко Ж.С.Социология.-М.,1999.

3. Дридзе Д.М., Орлова Е.А. Основы социокультурного проектирования.-М.,1995.

4. Математическое моделирования социальных процессов//Отв. Ред.Кулагин А.С.-М.,1995.

5. Ромошенко И.В. Социальное и экономическое прогнозирование.-Спб., 2000.

6. Дутченко В.С. Инновационные технологий. Учебно методическое пособие.-М.,1996.

7. Социальная инженерия.сборник трудов//Под ред.Ю.М.Резника и В.В.Щербина-М.,1996.

8. Марков А.П., Бирженюк П.И. Основы социокультурного проектирования. Уч. Пособие.-Сибирь, 1997.

9. Курбатов В.И., Курбатова О.В. Социальное проектирование. – Ростов на Дону, 2001.

10. Добров Г.М. Рабочая книга по прогнозированию.-М.,1998.

11. Основы социального прогнозирование. Учебно-методическое пособие//Под ред. Г.Е.Шепитько.-М.,2001.

12. Луков В.А. Социальное проектирование.-М.,1997.

13. Прогнозирование социальное проектирование:теоретико-методологические проблемы//Отв.ред. Т.М.Дридззе.-М.,1994.

14. Бестужев –Лада И.В., Намесникова Г.А. Технологий прогнозных разработок социальных проектов.-М.,1992.

15. Крищенко В.И., Демидова Л.Г., Петров А.Н. Теоретические основы погнозирования и планирования. Учебное пособие.-Сибирь, 1995.

16. Крючков Ю.А. Теория и методы социального проектирования.-М., 1992.

17. Социальное прогнозирование и моделирование//Под ред. В.М.Сафроновой.-М.,1995.

18. Основы социальной работы: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / Под ред. Н.Ф. Басова. – М., 2004.

19. Сафронова В.М. Прогнозирование и моделирование в социальной работе: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2002.

20. Ядов В.А. Социологическое исследование: Методология, программа, методы. – М., 1995.

21. Маренков Н.Л. Инноватика: Учебн. Пособие: -М., 2005.

22. Плотинский Ю.М. Модель социальных процессов. - М., 2001..

23. Социальная инноватика в управлении: муниципал. финанс. - производ. группы: учебн. пособие для вузов / В.Н. Иванов, С.Б. Мельников (и др.); под общ. Ред. В.Н. Иванова, С.Б. Мельникова: Академия наук социал. технологий и местн. самоуправл. - 4 изд., перераб. и доп. - М., 2006.

 

24. Сафронова В.М. Прогнозирование и моделирование в социальной работе: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М., 2002.

25. Добров Г.М. Рабочая книга по прогнозированию.-М.,1998.

26. Прогнозирование социальное проектирование:теоретико-методологические проблемы//Отв.ред. Т.М.Дридззе.-М.,1994.

27. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. – 2-е изд., – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995.

28. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. – М.: Дело,1996.

29. Стратегическое планирование / Под ред. Уткина Э.А. – М.: ЭКМОС, 1998.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-21 21:27:54     Қаралды-29762

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »