UF

Тақырыбы. Педагогика басты ерекшелігі және оның мiндеттерi

 

Педагогиканың мiндеттерi

 

Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.

Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.

1.     Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi -  үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.

2.     Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан­дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.

3.     Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.

4.     Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.

5.  Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.

6.  Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.

 

1. Педагогика негiзгi мiндеттерi

 

1. "Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.

Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.

Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр тұрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.

Ал педагогика пәнiне берiлген анықтамалар да әр түрлi. Педагогика пәнi - адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәнi - тәрбиелiк iс-әрекет, педагогика пәнi арнайы ұйымдастырылған әлеуметтiк сала.

Ең негiзгiсi педагогика тәрбие туралы ғылым.

Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады.

Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.

Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.

Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.

Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстің белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.

Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру процесi.

Бiлiм беру - бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.

Оқыту - бұл оқушы мен мұғалiмнің мақсатты тұрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестің барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жұзеге асырылады.

Бiлiм беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.

Педагогиканың анықтамасының құрамына: "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту" ұғымдарымен қатар "өздiгiнен бiлiм алу" ұғымын да аламыз.

Өздiгiнен бiлiм алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеген байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.

Сонымен бiрге адамның "жетiлуi", "дамуы", "өзiн-өзi тәрбиелеу" ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнің зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл iшкi және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процессi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.

Жеке адамның қалыптасуына өзiн-өзi тәрбиелеудің маңызы зор. Өзiн-өзi тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнің бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Педагогикада бұл негiзгi ұғымдардан басқа көптеген түсiнiктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, бiлiм, iсркелiк, дағды, әдiс, тәсiл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т.б.

Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат кезделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары - мұғалiм, педагог, тәрбиешiлерiнің басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалан отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.

"Тәрбие" терминi тар мағынада жеке тәрбиелiк мiндеттi шешуге, жеке адамның белгiлi бiр қасиетiн қалыптастыруға, мәселен адам тiршiлiгiн немесе эстетикалық талғамым тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.

1.     Кең мағынада деген ұғымда бүкiл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтiк ортаның - қоршаудың сонымен бiрге тәрбиешiлердің арнайы бағытталған iс-әрекеттерiнің ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.

2.     Тәрбие қоғамдық құбылыс. Тәрбие - адамды қоғам өмiрiне сай қоғамдық еңбекке дайындауды әлеуметтiк қажеттiлiктен туған объективтi процесс. Сондықтан да тәрбие ежелгi заманна бастап қоғамдық еңбек сипатында болып келедi. Іоғамның дамуы, қоғамдық қатынастардың өзгеруi тәрбиеге өз әсерiн тигiзiп отырады.

 

2. Педагогиканың шығуы және дамуы

 

Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өттi.

Алғашқы педагогикалық ой-пiкiрлер ертедегi шығыс елдерiнің (Египет, Вавилония, Үндi, Қытай) философиялық жүйесiнде дамыды. Кейiн бiртiндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

Ежелгi дұние философиясы ертедегi шығыс елдерiнің қорытын жиыстырған бiлiм мұрасын iлгерi дамытқан едi. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесiнің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелiгi сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит). Феодалдық қоғам түсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мұлдем өзгердi. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерiнің қатар дамуы көзқарастарының орнына "о дүниелiк өмiрге" дайындауды ұсынған пiкiрлер қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебi).

ХV-ХVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын санады. Адамның жеке басының тәрбиесi, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, сондықтан бұл кездегi мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталады. (Ф. Ром, Т. Мор). Гуманистер жаңа дәуiр үшін жаңа адам қажет дедi.

Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiнде дiн шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлiнiп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогик Я.А. Коменский, швейцарияның педагогы Демократы И. Песталоцци т.б. олар ХVI ғасырдағы прогрестiк познцияларды ұстады.

Я.А. Коменский (1592-1670)

Д. Локк (1632-1704)

Д. Дидро (1713-1784)

Ж. Руссо (1712-1778)

И. Песталоцци (1746-1827)

Россияда революцияшыл-демократиялық ойдың негiзiн салушылар А.Н. Радищев, В.Г. Белинский, А.Н. Герцен, XIX ғасырдың 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың 60 жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов, XIX ғасырдың екiншi жартысында демократиялық тәрбиенің идеяларын ұсынушылар Н.И.Пирогов, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. болды.

XIX ғасырдың 40 жылдарында марксизмнің шығуы педагогикалық ой-пiкiрдің дамуына үздiк әкелдi. Ғылым коммунизмнің негiзiн салушы К. Макрс пен Ф. Энгельс болды.

В.И. Ленин тәрбие және бiлiм жөнiндегi маркетiк iлiмдi жаңа жағдайда iлгерi дамытты.

Н.К. Крупская (1869-1939) советтiк педагогика ғылымын дамытуда зор ұлес қосқан марксист-педагог.

Н.К. Крупская айырқыша кө»iл бөлген мәселелерiнің бiрi оқыту теориясы. Сонымен бiрге оқушылардың өзiн-өзi басқарудағы мақсаты мен мiндеттерiн белгiледi.

Көрнектi педагог А.С. Макаренко (1888-1939) советтiк педагогика ғылымына үлкен ұлес қосты. Жоспарды қайта тәрбиелеудегi өзiнің бай тәжiрнбесiне сүйенiп, оқу-тәрбие жұмысын жүргiзудің жүйелi теориясы мен методикасын құрды.

Көрнекi педагог В.А. Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының дамуына зор ұлес қосты. В.А. Сухомлинский өзiнің педагогикалық жүйесiнде әрбiр оқушының жеке басының жан-жақты дамуының, дара ерекшелiктерiнің, қабiлетiнің, бейiмдiлiгiнің, қызығушылыгының тағы басқа қабiлеттерiнің жетiлуiне бағытталған оқы тәрбие процесiн ұйымдастырады. Сонымен педагогика тарихында жинақталған мол қазынасын құрудың негiзiнде қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен туындайтын принциптерiмен ұштастыру бұгiнгi кұнде педагогика ғылымының күрделi мiндеттерi болып саналады.

 

3. Педагогиканың әдiснамалық негiзi және ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерi

 

Педагогика нағыз ғылыми көзқарас болып есептелiнетiн және объективтi дүние танудың, бiлудің және ғылыми бiлiмнің дамуының бiрден бiр әдiсi болып саналатын философия негiзiнде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы ойлануы дамуының заңдылықтарын зерттейдi. Диалектикалық материализм қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогикалық оқиғаларды жалпылама "көшiре" салмай, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегi себептi, нәтижелi байланыстарды анықтайды. Тәрбиесiнің болашағын көрсетедi, қоғам өмiрiнiде басқа да оқиғалармен органикалық байланыста қарастырады.

Олар мыналар:

1.  Ғылым, техника, мәдениет ағаргу iсiнің мазмұны, бағыты.

2.  Халықтың саяси саналылығы мен мәдени дәрежесi, мектеп.

3.  Педагогика тәрбие мен педагогикалық идеяларды олардың даму жағдайында қарастырады.

Педагогика ғылымы қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайға сай адамның даму заңдылығын зерттейдi.

Сонымен, педагогика ғылымы жан-жақты тәрбие, бiлiм беру, оқыту процестерiнің заңдылықтарын зерттейтiн ғылым.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстер арқылы тәрбие процесiнің мақсаты, ерекшелiктерi негiзi сатылары, басқа құбылыстармен өзара байланысы қарастырылады, олардың заңдылықтары анықталады.

Педагогиканың методологиялық негiзi диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдiс педагогикалық құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмiрдің басқа құбылыстармен байланыста және өзара әрекетестiкте алып қарастыруды талап етедi.

Педагогика үнемi дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесi тәрбие мен бiлiм берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негiзгi проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынаң терең талдау үшін педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдiстерiнің жүйесi қолданылады,

1.  Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдiс. Байқау, ең алдымен, тәжiрибе деректерiн жинау мақсатын көздейдi, байқалатын объектiлердi бөлiп алып, әдетте фактiлер мен белгiлердi тiркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргiзiледi.

2.  Әңгiмелесу әдiсi. Педагогикалық зерттеу әдiсi ретiнде өз алдына  тәрбие қолданылады және байқау әдiсi мен толықтырылып отырады. Әңгiме әдiсi бұрын белгiленген жоспар бойынша анықталуға тиiстi зерттеу мақсаттарына сай жүргiзiледi. Әңгiмелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, пропорционалды, қорытындысы жасалады.

3.  Интервью алу әдiсi. Бұл әдiс педагогикалық әңгiмелесу әдiсiнің бiр тұрi. Айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгiленген сұрақтар бойынша әңгiмелесушiсiнің жауаптары жазып алынады.

4.  Сұрақ-сауал әдiсiн қолдануда зерттелiп отырған проблемаға байланысты көпшiлiк пiкiрiн бiлу және осы ұжымдағы әр түрлi әрекеттердің көңiл-күйлердің т.б. мәселелердің объективтi деректерi, субъективтi салыстыру анықталады.

5.  Мектеп құжаттарын зерттеу әдiсi. Бұл әдiс оқушының жеке iс  қағаздарын, медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы күнделiктерiн, жиналыстар мен мәжiлiстердің хаттамаларын оқып үйрену, талдау жинақтау мақсатында қолданылады.

6.  Педагогикалық экспермент әдiсi. Зерттеу әдiсiнің педагогикалық тиiмдiлiгiн анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдiстерi мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырлатын әдiс. Педагогикалық эксперименттің мынадай түрлерi бар: табиғи эксперимент, лабораториялық эксперпмент, iздеу мақсатын көздейтiн эксперимент.

7.  Педагогикалық процестердi модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдiстердi пайдаланумен байланыста, олар негiзiнен алғанда қарапайым деңгсйде, яғни, озат тәжiрибенi қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп, жүйеге келтiруге педагогикалық зерттеу дәрежесiн көтеруге көмектеседi.

8.  Зерттеулердің нәтижесiн тәжiрибеге еңгiзу жолдары педагогикалық зерттеулердің ең басты қорытындысы болып есептеледi. Зерттеулердің нәтижесiн тәжiрибеге еңгiзу-бұл тұтас комплекетi шаралар жиынтығы. Үздiксiз, бiрiздi мақсатты түрде жүргiзiлетiн зерттей жұмысының нәтижесiнде айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы әдiстемелiк құралдар, оқулықтар жасау арқылы, арнайы әдiстемелiк нұсқаулар және ұсыныстар арқылы мектептiн озат тәжiрибесiмен дәлелденiп, тиiмдiлiгi жан-жақты айқындалған зерттеулердің кепiлi болуы керек.

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдiстерiн бiлу әрбiр шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмге қажет. Педагогикалык жаңалықтарды, озат тәжiрибенi, ғылыми теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттiк жұмыстар арқылы байқаудан өткiзiп, тексерiп, оның нәтижелерiн шығару тиiмдiлiгiн керсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру-қазiргi мектептің, педагогика ғылымының, әрiбiр мұғалiмнің борышы.

 

4. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы

 

Қоғамның қазiргi даму кезеңiнде ғылыми зерттеулердің көлемi ғылым бiлiм салаларын қарқынмен өсуiне ғылымдардың өз алдына жеке даралану және мамандықтарға байланысты жүктелу тенденциясы айқын көрiнiп отыр. Жалпы ғылымдағы бұл жағдай соңгы кезде педагогика ғылымдыққа да ерекше бiлiнiп келедi.

Педагогика ғылымы көптеген жеке салаларға бөлiнедi. Мәселен, мектепке дейiнг педагогика, ересектер педагогикасы, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру педагогикасыөзiнің арнайы зерттейтiн, қарастыратын, шешетiн әр түрлi педагогикалық проблемалары күн тәртiбiлiнде айқын қойыла бостандықтан дербес педагогика ғылымының саласы болып бөлiнедi.

Педагогика ғылымының салалары және басқа ғылымдармен байланысы №1 кестеде көрсетiлген.

Педагогика өзiнің нақты проблемаларын шешу үшін бiрнеше қоғамдық-әлеуметтiк ғылымдар және арнайы ғылымдар салаларымен байланысты.

Қоғамның аса маңызды функцияларының бiрiне саналатын тәрбие туралы ғылым-педагогика ең алдымен педагогиканың методологиялық өкiлi болып саналатын философия ғылымымен байланысты.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi.

Педагогика ғылымы педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарай олардың қоғамдық мәнiн ашу, осы заманғы педагогикалық теорияларды дамыту үшін озат прогрестiк педагогикалық идеяларды зерттеу және халықтар арасында ұлтаралық қатынас мәдениетiн орнату мақсатында педагогика тарих саласымен байланыста болады.

Оқыту мен тәрбиелеудің объектiсi - адам болып есептеледi. Сондықтан да қалай оқыту керектiгi және оқушыларды қалай тәрбиелеуге болатындығы туралы мәселелердi шешкенде педагогика адамның дене күшi және психологиялық дамуының табиғаты мен заңдылықтарын зерттейтiн ғылымдармен - физиология, психология қалтықсыз бiрiгiп отырадыСебебi қоғамдық сана сферасына жататын құбылыстар жиынтығыяғни сезiм, кө»iл-кұй, талғам, пiкiр, баға беру, наным, әдет-ғұрыптарсалттар, мiнез-құлық сипаттары және түрлi әлеуметтiк жағдайларда тұрған адамдар тобының психологиялық қалыптасу ерекшелiктерi болып табылады.

Соңғы уақытта педагогика халықтық педагогикамен де байланысы зор болып отыр. Мысалы, халық ауыз әдебиетi мұраларын және салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, этнографиямен және халықтардың ғасырлар бойы жинақталған педагогикалық ойлары мен көзқарастары, тәжiрибесi көрсетiлген этнопедагогика ғылымымен тығыз байланысты.

№1 кесте.

Педагогика ғылымының салалары және оның 
басқа ғылымдармен байланысы

Педагогика ғылымы

Философия ғылымы-педагогиканың методологиялық негiзi

Педагогика ғылымының салалары

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Педагогика тарихы

 

Психология және оның салалары

Арнайы педагогика

 

Социология

Мектепке дейiнгi 
педагогика

 

Экономика оның iшiнде халыққа бiлiм беру экономикасы

Мектеп педагогикасы

 

Биология, анатомия, физиология, гигиена

Жоғары мектеп педагогикасы

 

Этика, эстетика

Ересектер педагогикасы

 

Халық педагогикасы, этнография, фольклор

Кәсiптiк-техникалық бiлiм беру педагогикасы

 

 

Әскери педагопiка

 

 

Үздiксiз бiлiм беру педагогикасы

 

 

Дефектология

 

 

 

Тақырыбы. Бiртұтас педагогикалық процесс – мұғалiм қызметiнiң объектiсi ретiнде

 

Педагогикалық процестiң мәнi, негiзi заңдылық

 

Қазiргi педагогикалық процестiң мәнi туралы түсiнiк бiрден қалыптасқан жоқ, ол бiртiндеп зерттеушiлердiң бiрнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесiнде бiрқатар жинақталған материалдар негiзiнде жасалды. М.А. Данилов өзiнiң «Педагогикалық процесс педагогикалық теорияның объектiсi» деген еңбегiнде, ең бастысы, әр түрлi педагогикалық құбылыстары зерттеу негiзiнде педагогика теориясының одан әрi жетiлдiруiн айқындайды.

Педагогикалық сөздiктiң жарыққа шығуымен «Педагогикалық энциклопедияның» (М.: 1964-1968 жж.) шығу жылдары аралығында ғылыми педагогикалық процестiң мәнiң анықтауды басқамен түсiндiруге болатын материалдар жинақталып қалды. Ең алдымен, бұл ұғым ендi ең негiзгi педагогикалық категориялардың бiрi ретiнде қарастырыла бастайды. Энциклопедиядағы мақаланың авторы В.Е. Гмурман «Педагогикалық процесс» туралы ұғымға мынадай анықтама бередi. Бұл терминмен (педагогиканың талабына сай) ұйымдастырылған тұтас оқыту тәрбие процесiн, ұстаздар мен тәрбиеленушiлердiң, оқытушылар мен оқушылардың iс-әрекеттерi көрсетiледi.

Педагогикалық процестiң мәнiн марксистiк тұрғыда түсiнудiң дамуын Н.К. Крупская бастаған болатын, ол К. Маркстың қадам жағдайлардың жемiсiң яғни «жағдайларды тек қана адамдар өзгертедi» деген тезисiн негiзге ала отырып ең бiрiншiсi болып бала тек педагогикалық әрекеттiң объектiсi ғана емес, сонымен бiрге оның субъектiсi болатындығы туралы ойын айтқан болатын. А.С. Макаренко ұсынылып отырған ойды одан әрi дамыта отырып мұғалiмдер мен тәрбиеленушiлер ең алдымен бiр коллективтiк мүшелерi деген қорытындыға келдi.

Оқушылардың қоғамдық өмiрге қатынасу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикаляқ процестiң оқудан тiс өрiсiнде iс-әрекеттермен сан алуан түрлерiн меңгеру сол мектептiң барлық оқушылардың өзара әрекетiн және ұстаздар тарапынан басшылықты талап етедi, осыдан барып мектеп үшiн макро жүйе «мектеп ұстаздары – оқушылар коллективi» пайда болады, қоғам бұл жүйеге қатысты мета жүйе ретiнде көредi.

Яғни ңұстаздар мен оқушыларң (жағдайының өзгеруi) жүйесiнiң қызметi педагогикалық процесс болады. Педагогикалық процесс дегенiмiз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмiрге дайындаудағы бiрлескен iс-әрекеттер, бұл ұстаздардың белсеңдi араласуымен және басшылығымен жүзеге асады. Педагогикалық процесстiң бөлiктерi өзара әрекеттер барысында өзiн көрсетедi. Бөлiктердiң ерекшелiктерiн педагогикалық процесстiң заңдылықтарын тану барысында түсiнiктi бола түседi. Басқаша айтқанда, педагогикалық процесс туралы ұғымды жүйелi қалыптастыру оның заңдылықтарын бiлумен тығыз байланысты. Педагогикалық процестiң негiзгi заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

-     педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық  қажеттiлiгiмен келiстiлiгi;

-     педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;

-     ұстаздар мен оқушылар, тәрбиешiлер мен тәрбиенушiлердiң өзара әрекеттерiмен байланысты педагогикалық процесстiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады;

-     оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттердi мұқият ойластыру мен ұйымдастыру нәтижесi;

-     оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара әрекеттерi педагогикалық процесстiң тиiмдiлiгiн арттырады;

-     оның мазмұны мен ұйымдастырудың жас ерекшелiктерi коллективтiң және кейбiр жеке оқушылардың даму деңгейiне сәйкестiлiгi;

-     оқушылардың педагогикалық процесстегi өзара әрекеттерiн ұйымдастыру қажеттiлiгi;

-     педагогикалық процесстiң бөлiктерiнiң өзара әсер етушiлiгiмен қатар бағыныштылығы;

-     педагогикалық процестiң уақыт бiрлiгiнiң ұзақтылығы;

-     педагогикалық процестiң iшiндегi және арасындағы өзара жиылысқан қосымша жүйелерiнiң ықпалы әртүрлi реттегi жүйелер) көптеген факторларды тудырады, соның әсерiнен негiзгi нәтиже қалыптасады.

Педагогикалық процесс - бұл «мұғалiм-оқушылар» жүйесiнiң үздiксiз қызметi, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрiнедi. Бұндай мүмкiншiлiк қарым-қатынастарды түсiну мен оны дұрыс шешетiн қажеттi жағдай жасауға бағытталған, ол осы нақтылы процесстiң қозғаушы күшi болады. Педагогикалық процестiң қозғаушы күштерiн бiлу мұғалiмге оның белгiлi бағытта дамуына қоғамның әлеуметтiк заңдылығына байланысты жеке түлғаға қажеттi қасиеттердi қалыптастыруға әсер етедi.

Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркiнен тыс суретiн объективтiк заңдардың қатарына жатады. Бiрақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана бiлгендiктен олардың iс-әрекетке айналады.

Адам табиғаттың қүрамды бiр бөлiгi ретiнде оны танып бiлу, оған тәрбие арқылы әсер ету күрделi педагогикалық процесс. Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым. педагогиканың заңдылықтары деп мыналарды айтуға болады; тәрбие процесiнiң бiрлiгi мен дамуының өзара байланыстылығы, оқытудың тәрбиеленушiлiк сипаты, әрекет негiзi - өскелең ұрпақтың жеке басын қалыптастыру. Осы жағдайлардың жиынтығы қосылып (қабысып келiп) педагогикалық құбылыстың негiзiн құрайды. Кез келген педагогикалық мәселеде (оқыту процесiнде, еңбек тәрбиесiнде, қоғамдық тәрбиеде) белгiлi бiр заңдылық бар, оларды бiлмей, есепке алмай тұрып педагогикалық iс-әрекетте айтарлықтай, жетекшi табыстарға жетуге болмайды.

Оқыту және тәрбие процесiнiң диалектикасы оның өзара байланысында, үздiксiз дамуында жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестiң заңдылықтарын кезiнде К.И. Ушинскийде өзiнiң «Педагогикалық антропология» деген еңбегiнде ескертiп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткiзбейдi. Оның ғылыми негiздерiн зерттеу керек, содан шығатын ережелерiн бiлу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың, заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеудi, сол заңдарды ой елегiнен өткiзе отырып жағдайларға байланысты, өзiң қолдануға болады-ау деген жағдайға сай пайдалануға болады деген.

Педагогикалық процестiң заңдылықтары көрнектi педагогтардың Ю.К. Бабанскийдiң, И.Я. Лернердiң, И.Ф. Харла­мов­тың еңбектерiнде кең көлемде баяндалған. Сонда тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл ұғым тұрақты, қайталай беретiн және тәрбие процесiнiң негiзгi байланыстарды белгiлейтiн оны жүзеге асырудың нәтижесiнде жеке басты дамытудың, қалыптастырудың тиiмдiлiгiн арттырып, нәтижесiнде жетiстiкке жетуге мүмкiншiлiк бередi дегендi бiлдiредi.

Философияда - құбылыстар мен процесстердiң арасындағы дамуды сипаттайтын мәңгi байланысты заңдылық деп айтады. Педагогикалық заңдылық деп педагогика процесстiң тұтастығын айтады. Мұндай заңдылықтың бiрнешеуiн атауға болады.

Оқыту мен тәрбие қоғамның тәрбие мұқтаждығына және жағдайына байланысты жүзеге асады (қоғамның экономикалық-әлеуметтiк жағдайына). Бұл заңдылықты iс-жүзiне асыру үшiн қоғамның экономикалық мүмкiншiлiгi ғылыми техникалық прогресске сәйкес болып отырса, соғұрлым мектептiң оқу-материалдық бағасы жақсарады, педагогикалық процесс тиiмдi ұйымдастырылып жеке адамның дамуына игi әсер етедi.

Тәрбиенiң, оқытудың бiлiм берудiң және дамудың өзара байланыс заңдылығы... Оқыту жеке адамның жанжақты болуына көмектессе, оқытып бiлiм беру, тәрбие және даму функцияларының бiрлiкте iске асуына мүмкiншiлiк туғызады.

Вытотскийдiң айтуынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды... Одан әрi ол «актуальды даму зонасына» көшуге тиiс, бұл зонада оқушылар тиiстi тапсырмаларды өз бетiмен орындайды.

Оқытусыз тәрбиенi iске асыруға болмайды, өйткенi бiлiмдi меңгеру негiзiнде ғана өмiрге игi әсер етедi. Оқушы оқуды өзiмнiң мiндетiм деп санамаса, өз жауапкершiлiгiн сезiнбесе, онда оқыту процесiн де жақсы ұйымдастыру қиын.

 

Педагогикалық процесс мұғалiм iс-әрекетiнiң объектiсi

 

Педагогикалық iс-әрекетте еңбек субъектiсi мұғалiм болады. Мұғалiмнiң еңбек құралдарының өзiндiк сипаттары - ол оның бiлiмi, бiлiгi, тұлғалық қасиеттерi.

Осыған байланысты, бiлiм «сананың бiртұтастық объектiсi» болып есептелуi керек, (Н.И. Непомнящая), мұғалiмнiң iс-әрекетi, оның бiлiмi және тәжiрбиесi кәсiби шеберлiктiң деңгейiне тiкелей қатысты екендiгi анық.

Қажеттi тәжiрбиенi жинақтауға әкелетiн iс-әрекет мұғалiм тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-методикалық» құралдарының өзiнде орныққан. Бiрақ бұл iс-әрекет тиiмдi болуы мүмкiн емес, егер еңбек объектiсi толық айқын болмаса, еңбек субъектiсiнiң зейiнi терiс түсiнiп объектiге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектiсiнiң әрекетi объективтi өмiр сүретiн кәсiби iс-әрекеттiң объектiсiне сәйкес болмайды .

«Диалектикалық-материалистiк философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы iс-әрекеттi» рөлi туралы жан-жақты зерттелген. Адам iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде психологиялық зерттеулерде көрсетiлген. Бiрақ, негiзiнен, тек XX ғасырдың 60-шы жылдарыңца ғана мұғалiм iс-әрекетi оқушылармен өзара әрекет ретiнде қарастырылып еңбектер жарық көрдi. Көрнектi ұстаздардың еңбектерi (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалiмнiң арқасында iс-әрекеттiң нақтылы субъектiсi ретiнде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиiмдiлiгi арта түсетiндiгiне куә етедi.

Мiне, сондықтан да мектептегi педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процесте мұғалiм және оқушы iс-әрекетiнiң субъектiсi ретiнде көрiнедi, мұғалiм iс-әрекеттiң объектiсi ретiнде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалiм даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттiлiгi бiрқатар зерттеулерде дәлелденген:

-     бiртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, бiртұтас педагогикалық процестiң ерекшелiктерiн есепке алмай шешу мүмкiн емес (В.С. Ильин);

-     мұғалiм iс-әрекетiн оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкiн емес (Ю.К. Бабанский);

-     егер оқушының iс-әрекетi назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбектi ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкiн емес (И.П. Радченко);

-     мектеп әкiмшiлiгi iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгi тек қана бiртұтас педагогикалық процестi ұйымдастыру негiзiнде мүмкiн болады (М.И. Кондаков);

-     бiртұтас педагогикалық процестiң теориясын жасамайынша, басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн педагогикалық талдауды жетiлдiру одан әрi дамыту өте күрделi болады (Ю.А. Конаржевский);

Қазiргi кезендегi бiртұтас педагогикалық процестiң мәнi туралы түсiнiк ғалымдардың бiрнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткенi педагогикалық құбылыстар компонентерiнiң, қасиеттерi, заңдылықтар туралы дербес бiлiмдерi бiрте-бiрте жинақталады. Бiрақ, бөлiк туралы бiлiм әлi бiртұтас туралы бiлiм емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздiк (термин) ғылыми айналымға ХIХ ғасырдың екiншi жартысында (И.Ф. Каптерев) енгiзiлгенiмен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, iс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелiлiк тәсiл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкiн болды.

Педагогикалық процестiң мәнi туралы әртүрлi көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б.Т. Лихачев, Ю.К. Бабанский, В.М. Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртiптегi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.

Педагогикалық процестiң белгiлерi, сапалары мен қасиеттерi. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылыктарды шешумен бұл iс-әрекеттегi ересектердiң мәдениеттердiң заттық өзгерiлген формасын субъектiнiң әрекеттiк қабiлеттерiне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштерi мен қабiлеттерiнiң заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бiрлiгi (Ж.М. Абдильдин). Демек, егер педагогикалық процестiң түпкi мақсаты адамның тұлға ретiнде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестiң элементар бiрлiгi, оның «кереге көзi» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәтi» (педагоглкалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағам сәтi ретiндегi педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына катынасушылар, негiзгi қарама-қайшылықтардың ерекшелiктерiне толық сәйкес келедi.

Бұл процестiң ең кiшi бiрлiгi, одан әрi оны тану сапалық қасиеттерiн жоғалтпай мүмкiн болмайды.

Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болады, нақтылықтан көңiл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшелiктерi, әлеуметтiк жағдайы, психофизиологиялық ерекшелiктерi, iс-әрекеттiң мазмұны мәнi тәсiлi) барлық жағдайда айқын бола түседi, ңқалыптасудың қас қағым сәтiң арқылы педагогикалық процесс iшiндегi тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкiндiк туады.

Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негiзгi қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бiрақ бұл үшiн, бөлiну болған жөн-ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечива­нияның қызметiн алады, яғни, әлеуметтiк тәжiрибеде алынған (опредмеченных) iс-әрекет тәсiлдерiн айқындаушы. Сонымен бiрге қозғалыс формаларындагы адамзаттың әрекет күштерi мен қабiлеттерiнiң заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның iс-әрекет субъектiсiне алмасуы, оқушының даму процесiнде қалай болатындығы көрiнедi.

Белгiлi бiр уақытқа дейiн оқушы өз бетiмен әлеуметтiк тәжiрбиенi iс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) болмайды, яғни мазмұннан iс-әрекет тәсiлдерiн ала алмайды «бұны қалай iстеуге болады»). Сондықтан ол баска «ұстаз-оқушы» жүйесiнiң бөлiгi болады. Оқушы өз бетiмен өзiн-өзi бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзiн бағалау басында оның әрекет нәтижесiн басқалардың бағалауы керек. Сондыктан, оған басқа адамдармен қарым-қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа «оқушы-оқушылар» жүйесi пайда болады. Ол бұл алғашқы коллектив сатысы, онда оқушы бiлiмдердi және жаңа әлеуметтiк рөлдердi меңгерiп дайыңдалады, бұл алға қойған өмiрiне белсене қатысуын қамтамасыз етедi (И. Кон).

Барлық мәдени байлықтарды және iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру пәндiк оқыту арқылы жүргiзген тиiмдi. Бұнымен тағы бiр жүйенiң пайда болуы байланысты, оған мұғалiм ңсынып ұстаздарың элементi ретiнде кiредi. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы коллективi мен өзара әрекеттерi барысында жоғары деңгейдегi жүйе «сынып ұстаздары», «сынып оқушылары» пайда болады.

Қоғамдық өмiрге оқушылардың қатысу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикалық процестiң оқудан тыс кеңiстiгiнде көптеген iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру барлық оқушылардын өзара әрекеттерiн және ұстаздар тарапынан - басшылық болуын қажет етедi. Сондықтан да мектеп үшiн макро жүйе ңмектеп ұстаздары - мектеп оқушылар коллективiң қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге катысты жүйе ретiнде болады, сонымен, «мектеп-окушылар» жүйесiнiң өмiр сүруi қызметi (жағдайының өзгеруi) мектептiң педагогикалық процессi болады.

Педагогикалық процестi қысқаша абстрактылықтан («қалыптасу қас қағым сәтi») бiрiншi деңгейдегi жүйеге «адам» көтерiлу арқылы сипаттау және одан әрi одан да жоғары деңгейдегi жүйелерге көтерiлу жалпы бiлiм беретiн мектептiң олардың типтерiнен тәуелсiз педагогикалық процестiң жүйе ретiндегi бiрқатар белгiлерiн көрсетедi:

-     бұл әлеуметтiк жүйе адамдардың өзара әрекеттерi есебiнен өмiр сүредi;

-     мектеп педагогикалық процесi көп деңгейлi және поли құрылымдық құбылыс, себебi ол өзiнен кейiнгi деңгейдегi жүйелердi жинайды;

-     жүйе тек iс-әрекетпен алмасуда ғана өмiр сүредi: егер ұстаздар әртүрлi iс-әрекеттер, тәсiлдерiне (адам тегi күшiн) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестiң белсендi қатысушылары болады, тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру творчестволық белсендiлiкке дайын болады;

-     педагогикалық процесте мұғалiмнiң басқару объектiсi оқушылардың iс-әрекетi болады;

-     iс-әрекеттiң барлық элементтерi (мақсат, мiндеттер мазмұны және т.б.) жүйелi компоненттерi бөлiктерi сыңары болады, себебi iс-әрекеттiң элементтерiн, бөлiктерiн баланың меңгеруi үшiн әрине, үлкендердiң, ата-аналардың, ұстаздардың iс-әрекетi осыған бағытталуы керек;

-     педагогикалық процестегi мұғалiмнiң басқару заты iс-әрекет субъектiлерi арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектiлердiң өзара әрекетi мен дамуына тиiмдi жағдайлары қамтамасыз етiледi, (бiртұтас педагогикалық процестiң графикалық моделiн қарасаңыз).

Көрсетiлген белгiлер негiзiнде анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс оқушылардың бiрлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын iс-әрекетi, ол әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруге және әрбiр оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзiн еңбекте және қоғамдық өмiрде жүзеге асыруға дайын. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтарының бiрлiктiгiнiң қажеттiгi туады, ал ол оқушылар үшiн тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестiң өзiнiң бiртұтастығын көрсетедi. Сонымен бiрге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны бiртұтас педагогикалық процестiң бiрқатар қасиеттерiнде көрсетедi:

-     педагогикалық процесс әлеуметтi оның өмiр сүруi, қызмет iстеуi оған қатысушылардың арасындағы iс-әрекеттерiмен алмасуымен анықталады;

-     ынтымақтастық оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалiмдермен, бiр-бiрiмен де) үшiн әртүрлi iс-әрекеттердiң тәсiлдерiн тезiрек меңгерудiң, яғни педагогикалық процестегi iс-әрекет субъектiсiнiң қалыптасуының жағдайы болады;

-     «ұстаздар-оқушылар» жүйесiнiң бiртұтастығы педагогикалық процесс iшiндегi әртүрлi деңгейдегi жүйелердiң өзара әрекеттерi барысындағы мақсат пен нәтижелердiң бiрлiгiмен анықталады;

-     педагогикалық процестiң негiзi интегративтiк қасиетiн әртүрлi тектегiлердiң бiрлiгi деп есептеу керек, ондағы үздiксiз өзара қиылыстағы жүйелердiң оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсерi iс-әрекет субъектiлерiнiң (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсендiлiгiмен анықталады.

«Педагогикалық процесс» объектiсiнiң сапасы оның қасиетi ретiнде көрiнедi, оларсыз педагогикалық процесс өзiндiк ерекшелiктерiнен айырылады:

-     белсендiлiк пен қатынастың бiрлiгi, процеске қатысушылардың барлық субъектiлерiнiң ұйымдастырылған бiрлескен дербес iс-әрекеттерi;

-     әртүрлi сатыдағы жүйелердiң қызметiнiң арнайы мамандануы;

-     субъектiлердiң өзара әрекеттерi нәтижссiнде пайда болатын әртүрлi қарым-қатынастарының жиынтығы.

Педагогикалық процестiң сапалары мен қасиеттерiн қызмет ету жағдайларын объективтi талап етедi. Сонымен педагогикалық процесс, өзiн бiртұтастық ретiнде субъектiлердiң өзара әрекеттегi арнайы ұйымдастырылған iс-әрекеттерiн бөле көрсете алады. Егер әрбiр субъектiнiң жетiстiктерi болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесiнiң тұрақтылығымен өзiн-өзi дамыту мәселесi шешiледi.

Зергтеу нәтижесiнде мыналар анықталады:

-     қарама-кайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процестi жүйе ретiнде олар зерттелетiн объектiнiң мәнiн, ашуы тиiс:

-     қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар iс-әрекетiн - педагогикалық процестi басты құрамын көрсеткiш ретiнде сипаттау керек;

-     қарама-қайшылықтар жүйесiн ғана емес, сонымен бiрге оларды шешу әдiстемесiн негiздеу керек.

Педагогикалық процесстiң мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бiрiншi және негiзгi карама-қайшылықтар тобы - бұл даму үстiндегi тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестiң қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткiлiктi дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесi қарама-қайшылықтарды жатқызады:

-     жаңа қажеттiлiк, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкiншiлiгiнiң жеткен даму деңгейi арасындағы;

-     жаңа ғылымдардың мiндеттерiнен бұрын қалыптасқан ойлау тәсiлдерi мен iс-әрекет тәсiлдерi арасындағы;

-     тұлға дамуындағы жеткен деңгейiмен оның өмiр сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесiнде алатын, оның орны, атқаратын қызметi арасындағы;

-     жақсы жетiстiктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы;

-     дербестiкке, тәуелсiздiкке ұмтылушылық пен жеке тәжiрибенiң жетiспеуi арасындағы;

-     мақсаттылық, стереотиптiк (елiктеушiлiк), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергiштiкке ұмтылушылық арасындағы;

-     тұлғаның ерiктi әрекет пен қоғамдық қажеттi iс-әрекет арасындағы.

Өз күшiне деген сенiмдiлiктi оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бiрлескен iс-әрекет барысында жеткен жетiстiктерi арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтiн дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицкийдiң зерттеулерiнде көрсетiлгендей оқушы коллективiнiң төрбиелiк ролi қоғамдық пiкiр арқылы жүзеге асады, онда қүндылық бағыттың жүйесi белiленедi. Бiрак, керектi тәрбиелiк деңгейдегi қоғамдық пiкiр ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етедi. Оны қалыптастыру барысында мұғалiм балалар коллективiнiң қалай даму үстiнде екендiгiн, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендiгiн ескерiлмейiнше болмайды.

Олардың қатарына келесi қайшылықтарды жатқызуға болады:

-     коллектив мүддесiмен индивидтiң жеке мүдделерi арасында;

-     индивидтердiң бiрлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзiнiң тәуелсiздiгiне өз еркiмен безбеу арасындағы;

-     тұтас ерiктiлiгi мен коллективтiң тәртiбiне бағыну қажеттiлiгi арасындағы;

-     коллективтiң талаптары мен тұлғаның тiлектерi арасындағы;

-     коллективтегi пайдалы әдеттерiнiң қажеттiлiгi мен формализм қауiптiлiгi арасындағы;

-     бастапқы коллектив ұйымының қажеттiлiгiмен топтық бөлiнiп шығуы қауiптiлiгi арасындағы.

Көрсетiлген коллективтiң даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негiзiнде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екi топ қайшылықтарын шешу мұғалiмдердiң оқушылармен бiрлескен iс-әрекеттерiн ұйымдастыру барысында мүмкiн болады. Бiрақ бұнда да мұғалiм пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көредi. Бұл қиындықтар оқушылар iс-әрекетiн ұйымдастырудың мәнi:

-     педагогикалық басшылықтың мiндеттiлiгi мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлiгi арасындағы;

-     мектептегi iс-әрекеттiң коллективтiк сипаттылығы мен әрбiр оқушының адамға тән барлық өзiндiк қасиетi бар тұлға ретiндегi даму қажеттiлiгi арасындағы;

-     коллективтiң қоғамдық мәнi мақсатына байланысы жүйесiн ұйымдастыру қажеттiлiгi мен бiр жастағы

 

Тақырыбы. Сыныптағы тәрбие жұмысы.  Сынып жетекшiсiнiң негiзгi қызметiнiң мәнiн ашу

 

1.  Тәрбие бақарудағы сынып жетекшiсiнiң рөлi.

 

Елiмiзде болып жатқан өзгерiстер мектептiң өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиiмдi әдiстерiн iздестiрудi, басқару ролiнiң өсе түсуiн талап етедi. Мектептiң басқару жүйесiне мұғалiмдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кiредi. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бiрлесе отырып бiлiм берудегi ұстаздын, оқушының, ата-ананың мiндетiн анықтайды. Оны реттеушi сынып жетекшiсi болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертiп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етедi. Сынып жетекшiсiнiң басқарушылық қабiлетiнiң жоғары болуы уақыт талабы.

Сынып жетекшiсi  тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында тәрбие заңдылықтарын басшылыққа алып отыру тиiс. Олар:

1.     Басты мәселе жеке тұлға қалыптастыру

2.     Жалпы бiлiммен кәсiптiк бiлiмнiң үздiксiздiгi

3.     Тәрбиенiң табиғатпен байланысы

Сынып жетекшiсi-ол кiм?

Қазақстан Республикасында сынып жетекшiсi - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестiрiп, келiстiрiп, өткiзетiн педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшiлiк қызметiн сынып мұғалiмi атқарады.

Бүгiнгi күнi сынып жетекшiсi - кәсiби - педагог, ол өсiп келе жатқан бала үшiн:

·        Жалпы адамзаттық мәдениеттi меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

·        Сынып ұжымының алуан түрлi бiрлескен iс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

·        Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесiне қажеттi өзгерiстер енгiзушi; мектеп психологымен бiрiгiп оқушының қоғамдық өмiрiне кейбiр түзетулер жасаушы;

·        Оқушының күнделiктi өмiр мен әрекетiн ұйымдастыруда, кәсiби бағдар беруде, қоғам өмiрiнiң әлеуметтiк - экономикалық, саяси ерекшелiктерiн түсiнуде - көмекшi, кеңесшi;

·        Сыныпта қолайлы,  жайлы моральдiк - психологиялық ахуал қалыптастыру үшiн, сынып ерекшелiктерiн ескере отырып, қажеттi тәрбиелiк ықпалдар жасаушы;

·        Оқушының дамуы мен жетiлуiне ықпал жасайтын барлық тәрбиелiк күштердiң (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестiрушi.

Мектепте оқу жылының басында негiзiгi пәндер бойынша әр баланың бiлiм деңгейi анықталады. Әр айда баланың бiлiм деңгейiнiң өзгерiсi бақыланып, сарапталады. Ол үшiн, пән мұғалiмдерi сынып жетекшiсiне ай сайын жекелеме жұмыстың нәтижесi, баланың үлгерiмi жайлы есеп бередi. Яғни, сынып жетекшiсi ата-ана, оқушы, пән мұғалiмдерiн байланыстырушы ғана емес, қарым-қатнастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесшi.

Оқушы

Сынып жетекшiсi

        Ата-ана                                                                         Пән мұғалiмi

         Сынып жетекшiсi әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, потенциалды қабiлетiн ашып, интеллектiсiнiң дұрыс дамып жетiлуiне жағдай жасайды. Ол сыныптың оқу-тәрбие жұмысын iске асыратын, оқушының ұжымдағы өмiрiне басшылық жасап, ата-ана мен мектептiң ынтымақтастығын қамтамасыз ететiн басты тұлға.

         Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мақсаты қоғамның талаптарымен тiкелей байланысты,ол:

         Әр оқушыны дамыту, оның ерекшелiктерiн сақтау, оның потенциалды қабiлеттерiн ашу, интеллектiсiнiң дұрыс дамып, жетiлуiне жағдай жасау.

         Сынып жетекшiсiнiң мiндеттерiн айқындағанда, мына идеяларды негiзге алдық:

·        Оқушы өз дамуының субúектiсi. Ол өзiн өзi тәрбиелейдi.

·        Ең «қиын» деген оқушының өзi де жақсы болып, түзелiп кетедi, бiрақ оған айналасындағы адамдардың сенiмi, сыйластығы, сүйiспеншiлiгi, көмегi қажет:

·        Тәрбилейтiн-тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателiктерiн бетiне басу емес, тәрбиелейтiн-бiрiгiп атқаратын әрекет, ытымақтастық қатынастар, бiр-бiрiне деген жылы сезiмдер.

·        Тәрбиешi-өз шәкiртiнiң көмекшiсi, қорғаушысы.

         Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерi:

         Тәрбиешi-педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бiрiншi мәселе-тәрбиелiк және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы мiндет. Себебi, ұйымдастыру қызметi болмаған жерде тәрбие де болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыру және дамыту-сынып жетекшiсiнiң назарындағы екiншi объектiсi мен мiндетi.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабiлеттерiнiң, қызығушылығының, бейiмдiлiгiнiң және iшкi табиғи күштерiнiң ашылып, арта түсуiне жағдай жасау - сынып жетекшiсiнiң тәрбиелiк ықпалдарының үшiншi мiндетi.

Кейбiр зерттеушiлердiң пайымдауы бойынша, сынып жетекшiлерi оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым -қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлi мiндеттер атқарады екен:

Бiрiншi топ мiндеттерi. Оларды әлеуметтiк мiндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтiк байланыстар жүйесiне енгiзу, отбасымен және басқа да тәрбие институтарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерiн қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшiн байланыс орнату.

Екiншi топ мiндеттерi-диагностикалық-әдептiк - этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшiн, сынып жетекшiсi өз оқушыларын, олардың ерекшелiктерiн, дара қасиетттерiн бiлуi керек.

Үшiншi топ мiндеттерi адамгершiлiк мiндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгiлерiн ажырата алуына бағытталған, белгiлi жағдаяттар оқушының адамгершiлiк шешiмдер қабылдай алуына мүмкiндiк бередi.

Төртiншi топ мiдеттерi жеке-дара практикалық сипаттағы мiндеттер деуге болады. Оларға: оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиiмдi педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудiжәне педагогикалық рефлексияны жатқызуға болады.

 

2.  Сынып  жетекшiсi және оның қызмет мазмұны.

Осы бастапқы мiндеттердi ескере отырып, сынып жетекшiсiнiң негiзгi қызметтерi айқындалады:

Сынып жетекшiсiнiң ең басты мiндетi қызметтерi қандай?

1.     - диагностикалық

2.     - коммуникативтiк

3.     - тәрбиелiк

4.     - жобалаушылық

5.     - ұйымдастырушылық-әрекеттiк

6.     - дамытушылық

7.     - әдiстемелiк

8.     - ынталандырушылық

9.     - бағалаушылық

10.   - қорғаушылық-қамқоршылық

11.   - түзетушiлiк

Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттi қызметтерi оның жұмысының бағыттарын анықтауға көмектеседi.

Сынып жекетшiсiнiң жұмыс бағыттары:

1.     Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркiн дамып, қабiлеттерiнiң ашылуына оптималды жағдай жасау.

2.     Оқушының ынтасын, қабiлетiн, зерттеу, (кәсiби) бағдар беру.

3.     Оқушыларды қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтiн әрекеттiң барлық түрлерiн (жеке дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.

4.     Оқушылырдың еркiндiктерi мен құқықтарын сақтауға мүмкiндiк жасау.

5.     Әр оқушыны әлеуметтендiруге мүмкiндiк беретiн сынып ұжымын тәрбиелiк орта ретiнде. қалыптастыру.

6.     Барлық тәрбиелiк күштердiң өзара ынтымақтастығы мен байланыстарын ұйымдастыру.

7.     Сыныпта оқу - тәрбие процесiн ұйымдастыру.

8.     Сынып оқушыларын сыныптың және жалпы мектеп ұжымының тәрбиелiк iс шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату.

9.     Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.

10. Оқушылардың дамуындағы  және мiнез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педогогикалық тұрғыдан түзету, күрделi жағдайларда басшыларды құлақтандыру.

11. Өмiрде кездесетiн проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету.

12. Оқушылардың әлеуметтiк және заңды құқықтарын қорғау.

13. Тәрбие жұмысының нәтижелiгiн көрсететiн iс-қағаздар жүргiзу (оқушылардың жеке құжаттары, сынып журналы, оқушылардың күнделiгi).

14. Мектептiң тәрбие жұмысына ұстаздарды, ата-аналарды, ғылым, өнер саласындағы мамандарды тарту.

15. Үнемi тәрбие теориясына, практикасына, педогогика және психология  мәселелерiне байланысты өзiнiң мамандығын жетiлдiру.

16. Өз iскерлiгi мен жауапкершiлiгiн дәлелдей отырып, балалар мен жылы қарым-қатынас орната алуы керек;

17. Тәрбиелiк мақсаттарды көре бiлуi және оны қоя бiлуi;

Сынып жетекшiсiнiң iс-әрекетiне нұсқау

1.     Сынып жетекшiсi сыныпта оқу-тәрбие үрдiсiн басқарады.

2.     Өз сынып оқушыларының тұлғалық, психологиялық ерекшелiгiн зерттеп, психо-педагогикалық жас ерекшелiгiн бiлуi керек.

3.     Әр оқушының потенциялдық қабiлетiн ашып, интелектiсiнiң дұрыс дамып-жетiлуiне жағдай жасау.

4.     Сыныптың белсендi мүшелерiн өз бетiмен жұмыс жасауға қалыптастырады.

5.     Сыныптың оқушыларының тәртiбiн, мiнез құлқын, оқу үлгерiмiн, сабаққа қатысуын қатаң бақылайды.

6.     Сырқаттанған, көп сабақты босатқан оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастырады.

7.     Мектептiң құжаттарын уақытында дұрыс дайындап, керектi мәлiметтердi оқу iсiнiң меңгерушiсiне өткiзедi.

8.     Ата-аналармен ынтымақтастықта байланыс жасап, баласының бiлiм деңгейi, емтиханын, т.б. мәлiметтердi уақытында хабарлайды.

9.     Демалыс кезiнде оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырады.

10. Сыныптың кезекшiлiгiн, мектептiң ауласының, сынып бөлмесiнiң тазалық жұмыстарының атқарылуын басқарады.

11. Пән мұғалiмдерiмен тығыз байланыс орнатып, сыныптың психологиялық жағдайына талдау жасайды.

12. Өз сыныбына психо-педогогикалық консилиум өткiзедi.

13. Сыныптың оқушылары мен мектептiң iс-әрекетiне қатысады.

14. Заңды түрде сыныптың жетекшiсi баланың өмiрi мен денсаулығына, бiлiмiне жауап бередi.

Сынып жетекшiсiнiң циклограммасы

1. Күнде:

·        сабаққа келмеген және кешiккен оқушылардың себебiн анықтап, олармен жұмыс жасайды;

·        оқушылар тамақтануын ұйымдастырады;

·        сынып бөлмесiндегi, мектептегi кезекшiлiктi ұйымдастырды;

·        оқушымен жекелеме жұмыс жасайды;

·        оқушының сыртқы бейнесiн қадағалайды.

2. Аптасына:

- оқушының күнделiгiн тексередi;

·        тәлiм тәрбие сабағын өткiзедi;

·        ата-аналармен жұмыс жасайды;

·        пән мұғалiмдерiмен жұмыс жасайды;

·        мектеп дәрiгерiмен кеңеседi;

·        сыныбының сабағына қатысады;

·        анықталған оқушылардың бiлiм деңгейiн талдап, ата-аналарына хабарлайды.

3. Айына:

·        оқу жарнасының жиналуын қадағалайды;

·        пән мұғалiмдерiнiң жиынын өткiзедi;

·        жекелеме картасына талдау жасайды;

·        оқушыларға күнделiк жүргiзедi;

·        педагогикалық-психологиялық картасын толтырады;

·        мектептiң кезекшiлiгiн ұйымдастырады.

1.     Тоқсанда:

·        сынып құжатарын толтырады;

·        әкiмшiлiк мәлiметтер тапсырады;

·        ата-аналар жиналысын өткiзедi;

2.     Жылына бiр рет:

·        ашық тәлiм-тәрбие сабағын өткiзедi;

·        оқушының жеке iс-қағаздарын толтырады;

·        сыныптың тәлiм-тәрбие жоспарын жасайды, осы жоспар бойынша жұмыстарға талдау жасайды.

 Сынып жетекшiсiне қандай қасиеттер мен қабiлеттер тән болуы керек?

 

3. Мұғалiмнiң, сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы

Сынып жетекшiсiнiң профессиограммасы қандай?

Профессиограмма-кәсiби маңызды сапалар жиынтығын, қабiлеттерiн, бiлiмiн, дағды, икемдерiн құрайтын мамандық сипаттамасы.

Сынып жекетшiсiнiң түлғасы даму барысында өзiнiң жан-жақтылығымен, үйлесiмдiлiгiмен және бiртұтастығымен ерекшеленедi.

Дамыған “Мен-тұжырымдамасы”, “Мені”, (“Я концепция”) болса ғана кәсiби мұраты қалыптасады.

“Мен-тұжырымдамасы”, яғни “Мені” үш фактормен анықталады:

·        басқа адамдарға ұнайтындығына толық сенiмдiлiгiнен

·        белгiлi бiр әрекет қабiлеттiлiгiне сенiмдiлiгiнен

·        өзiнiң қажеттiлiгiн сезiнуiнен.

Тәрбиешiге мына қасиеттер өте қажеттi:

·        Жоғары деңгейлi мәдениеттiлiк, олармен қатынаса алу, сенiм,  

       түсiнушiлiк, төзiмдiлiк, қайырымдылық, тiлестектiң, қарым -қатнастағы адалдық, шыншылдық;

-Мiнезiнiң табандылығы және батылдығы, өзiне сенушiлiгi, жiгерлiлiгi, қайсарлық;

-Эмоциалық өмiрiнiң алуан түрлi болуы (жақсы эмоциялар, сезiмдер, адамдық  оптимистiк көңiл-күйге бағыттап, оның жiгерлi белсендiлiгiн дамытады);

-Барлық психикалық қасиеттерiнiң жоғары деңгейде дамуы: қабылдауы, қиялы, есi, т.б.

Сынып жетешiсiнiң бiлiмдерi үш компоненттен тұратын белгiлi жүйенi құрауға тиiс:

·        Тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшелiктерi туралы бiлiмi;

·        Психологиялық - педагогикалық бiлiмдерi;

·        Жалпы бiлiмдер (адамның тұрмыс-тiршiлiгiнiң әр саласына қатысты бiлiмдер).

Сынып жетекшiсiнiң икемдерi мен дағдылары:

              - Диагностикалық

·        Жобалаушылық

·        Практикалық

·        Бағалаушылық

·        Рефлексивтiк.

Сынып жетекшiсiнiң педагогикалық қабiлетiне-дидактикалық, перцептивтiк (кәсiби қырағылығы, жанашырлығы, басқаның қайғысына ортақтаса алуы), басқаның орнына өзiн қоя бiлуi, педагогикалы сезiмталдығы (интуициясы), суггестивтiк (сендiре бiлу қабiлетi), коммуникативтiк, эмоциялық тұрақтылық, өзiн билеушiлiк, жобалаушылық, креативтiк (шығармашылық қабiлетi), ғылыми-танымдық қабiлетi кiредi.

 

Тақырыбы. Жанұя тәрбиесiнiң негiздерi

 

         1. Жанұя тәрбиесінің ерекшелігі, мақсаты мен мазмұны. Көрнекті педагогтардың ой пікірлері.

 

  Жанұя адамның туған ошағы, кім-кімге болсада қымбат ұғым. Жанұя ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп өмір сүретін мекені. Онда адам алғашқы тәрбиен қабылдап, алғаш рет өмір туралы,ұжым туралы ұғымы қалыптасқан. Сондықтан жанұя адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

  Жанұяда ұзақ қалыптасқан жағымды өнегелердің, мұралардың жиынтығы баланың моральдық негіздерді игеруіне көмектеседі. Адам жанұясында азамат ретінде қалыптасады.

 Жанұя оқу мен тәрбие жұмысында мектептің одақтасы. Сондықтан олар өзара тығыз  байланысты.өйткені баланың тәртібі мен оқуы осылардың өзара ынтымағына байланысты.

 Жанұяда баланы дұрыс тәрбиелеу әр ата-ананың қоғам алдындағы борышы.

 Жанұяның бас міндеттерінің бірі – баланың тіршілік әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Оған – күн режимі, баланың міндеттері, оған қойылатын талаптар, үй еңбегіне қатынасы, оқуы, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

  Негізгі мәселелердің бірі – ұтымды режим жасау. Ол өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттықлық пен кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

 Режим И.П.Павловтың іліміне негізделіп жасалып келеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуін қажет екенін көрсетеді.

 Күн режимі баланы жинақтылыққа, елгезектікке, уақытпен санаса білуге, әділдікке үйретеді, баланың денсаулығын шындап, еңбекке қабілетін жақсартады. Күн режимі баланың мектепте болатын мерзімін түрлі ұйымдардың, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды есепке ала отырып жасалады. Жанұядағы күн режимінің құрамына – еңбек, ойын, сабаққа әзірлік, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыру керек. Күн режимін алдымен бақылау арқылы баланы машықтандырады. Уақытында тамақтану, ойнау, ұйқтау т.б. бала бойында шартты рефлекстер жүйесін туғызып ол біртіндеп әдет пен дағдыға айналады. Мезгілінде ұйқтап үйренген баланың ми қабында тежеу процесі бір мезгілде пайда болып, ұйқыға тез кіріседі.

 Жанұяда бірыңғай ер не қыз бала болса үйде атқарылатын шаруаларға бәрінде қамтып отыру үшін апталық графика жасауға болады. Бұл баланы тәртіп пен заңдылықты қабылдауға, оны орындаудың қоғам үшін пайдасы мол екенін ерте түсінуге үйретеді.

  Жанұяда еңбекке өзін-өзі күтуге, тазалыққа үйрету келешек жанұялық тіршілікте, өз бетімен өмір сүре білуге үйретеді.

 Балаларының бос уақытында – түрлі саяхат, туристік жорықтарға, киноға, театрға, көрмелерге, музейлерге барудың  маңызы зор. Қәзір жанұялық ансамблдер құрылып, онда бала жас кезінен өнерге тартылады.

  Жанұялық өмірдің тәрбиедегі үлгі, өнегесінің баланың өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына көп әсері бар.

  Ана мен әкенің дүниеге, болмысқа қатынасы, өзара қарым – қатынасы, мүдделері, қоғамға әділдігі мен шыншылдығы, жеке басының қамы, өзімшілдігі т.б. бала тәрбиесіне етер әсері ұшан теңіз.

 Жанұя тәрбиесінде ықпал жасайтын жағдайларды сипаттайтын басқа да белгілерді атауға болады.Оларға:

1.     Жанұяның этникалық құрамы және құрлымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы жанұя, бір немесе көп ұлттан құралған жанұя.

2.     Жанұяның әлеуметтік, тіршілік ортасы: білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, күнкөріс көзі, материалдық әлауқаты, ауылдық, қалалық жанұя.

3.     Жанұяның мәдени құрамы: күнбе-күнгі мәдени тіршілігі, күн режимі, бос уақытын өткізу түрлері, кітапхана, теледидар, музикалық аспаптарды меңгере білуі, спорттық қатынасы, жанұялық мейрамдар дәстүрлері.

4.     Жанұяның ішкі өзара қарым-қатынастар: өзара микроклиматы, көзқарастық бірлігі мен айырмашылығы, өз міндеттеріне көзқарасы.

5.     Қоғамдық өмірге көзқарасы: еңбекке, қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институтарына көзқарасы, қатынасы.

6.     Жанұяның тәрбиелік мүмкіншілігі: жанұядағы тәрбиеде қолданылатын әдістер, педагогикалық мәдени тәрбиесі.

 Бұлар  тәрбиелік ықпалы күшті, оларды тәрбие барысында үнемі ескеріп отырудың маңызы зор.

 Қазақстан Республикасының жанұясына тән өзіндік ерекшелігі бар. Олар: халықтың үздіксіз өсуі, халықтың басынан өткен сан түрлі ауыртпалығын ескере отырып, халқымыздың ойсырап қалған ол қылығын толтыруға, табиғи өсуіне мүмкіндік беру, оның сан жағынан да, сапа жағынан дажетілуіне ерік беру, қолдау, шаруашылық қызметі, тәрбиелік қызметі, туған-туысқандық қатынастары, жанұяның өте маңызды қызметі ұлттық психологиялық қалыптастыру әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді орынды пайдалану, қазақ халқы дегенге лайық дара адам етіп тәрбиелеу, интернационализм деген ұғым жәй сөз емес, шын мәнінде іс жұзінде көрсету, басқаның мүддесіне қол сұқпау, сыйлау, қадірлеу, бос еліктемей жаңаны жанымен түсіну арқылы іске қосу т.б.

  Совет дәуірінде педагогикалық ақыл ойдың локомотивтік қызметін атқарған А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинскийлердің еңбегінде жанұя тәрбиесінде айтарлықтай тер төгіп еңбек еткен белгілі. Аса көрнекті педагогтардың айтып жазып кеткені әр кезде елдің есінде сақталып ұрпақ тәрбиесіне әліде қызмет етері анық. Десек те, қоғам өмірі бір орынында тұрмайды, өмір өзгеруімен адам санасы да өсіп өзгереді. «Заманына қарай амалы» деп халқымыз тегін атпаған деп білеміз.Сондықтан оларды орынды пайдалану керек.

 А.С.Макаренко кезінде мынандай кеңес берген, ал бұл кеңесті бүгінде теріс айту қиын. «Балаңыздың тәрбиесі жөнінде біреуден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды жақсы танымағаныңыз. Алдымен жақсы танысаңыз, содан кейін кеңес алыңыз».-дейді.

 Қазақ «Не ексең , соны орасың» дейді. Кезінде ұлы Абай былай жазып кеткен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде қайсысы жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Қорықпақ пен сүймек – от пен су сияқты. Ол екі зат әсте бір жерге жуылмайды. Адам сүйген адамын ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды».

 Әрине жанұядағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – сол тәрбиенің жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарасының өмірмен, сол сәттегі адамның көңіл күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдаймен ұштасып қауқарсызданунан болып отырады.

1.     Жанұядағы өктемдік баланың өзін-өзі басқарудан, билеуден айырады. Ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігері төмендейді, сезімі мұқалады.

2.     Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік ата-ананың баласына деген сүйіспеншілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.

3.     Жанұяда бірыңғай талаптың болмауын, ересектер арасындағы алаусыздықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

4.     Ата-ана баланы ұжымнан аулақтап өсіруге тырысады, оған бөгет жасайды. Ол баланың қалыптасуына кері әсер етіп, бөгет жасайды.

5.     Ата-ана баласының іс-әрекетіне неқұрайлым қарап, жауапсыздық танытса, бала оны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алады.

  А.С.Макаренко тәрбиеде ата-ана беделінің бірнеше түрлерінде атап көрсетеді: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Менмендік беделі», «Арақашықтық беделі», «Тақуалық беделі» т.б.

    Бала санасына жетіп, бойына мінез болып қалыптасқан кейбір мәселелер:

1.     Бала өзін-өзі тоқтатып ұстамдылық көрсетпесе, өзін-өзі тежей білмесе, онда намыс пен жігердің болуы мүмкін емес. Ал намыссыз, жігерсіз адам «құр қуыс кеуде», ол берген уәдесін орындай алмайды.

2.     Бала неғұлым батыл болса, сол ғұрлым шыншыл, әділ болады. Бала өз қаталігін түсініп, сол үшін өзі жауап беретін болсын, сіз түсінік бере көріңіз.

3.     Баланы жастайынан шынайы сезімге дағдыландыру қажет. Жалған сезім абырой әпермейді. Екі жүзділік, көзінше мақтанып, артынан күліп, даттау, мінезсіздік, азғындық.

4.     Өзімшіл болмай көпшіл болсам, адам сезіміне дақ түсірмей, өзін өзгеннің орына қоя білу...

5.     Өз ісіне жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, ойлылық, күтімділік қасиеттері...

 Ата-ана абырой дегеніміз – бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиетті күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білуі жанұя тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.

 

2. Ата-аналармен жеке  жұмыс жүгізу және оларға педагогикалық көмек көрсету.

   

 Мектептің сенімді одақтасының бірі – жанұя. Жанұя мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жақсаруына, мазмұнның байый түсуіне әр уақытта ынталы.

  Мектеп мемлекеттік мекеме, оның бойына жас ұрпақты әр кезде өзгеріп отыратын жағдайлармен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан әр құбылысқа баға бере қарайтын, мамандық иелері, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асыратын мамандар жұмыс істейді. Олай болса мектеп өзіне бөліп берілген шағын ауданда, ауылды жерде т.б. мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, негізгі заңда жазылған білім беру саласындағы қағидаларға, ата-аналармен әрбір отбасымен бірлесе отырып, ынтымақтастыққа іс жүзінде асыратын болады.

 Сондықтан бұл ындымақтастықтың бірнеше түрі болады. Солардың бастыларының бірі – ата-аналардың жалпы жиналысы. Бұл жиналысқа мектеп директоры басшылық жасайды. Ата-аналар жиналысында мектепке байланысты күнбе-күнгі өмір мәселелері, демалыс, оқушылардың бос уақытын қалай өткізу керек, кәсіптік бағдар беру, жанұя тәрбиеснің кейбір мәселелері талқыланады, тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылып бегіленеді.

 Мектептің ата-аналармен байланыс жасауының бір түрі – педагогтардың оқушылардың жанұясына баруы. Ондағы негізгі мақсаты – оқушылардың тұрмысымен танысу,олардың жұмыс орнын көру, оқушылардан басқа үйінде қандай кітаптары бар, ата-аналарының білімі, жұмыстан кейін қызығып айналысатын жұмысы, жалпы жанұяның хал-ауқаты, бала тәрбиесіне көзқарасы, олармен тәрбие туралы пікір алмасуы, әңгімеге тартып, тәрбие туралы кеңес беру.

  Мектеп пен жнаұя ынтымақтастығының  тағы бір түрі – педагогикалық насихат, ата-анаға білім беру.

  Көрнекті педагог Н.К. Крупская ата-аналарға педагогикалық минимум бойынша білім беру қажеттігін қайталап айтқан. Бұл талап енді басқа қырынан демократиялық тұрғыдан, өмірмен экономикалық өзгерістерге байланысты жаңаша қарастырылуы керек.

 Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясын, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.

 Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғарғы түрі халық университеті. Университет арқылы ата-ана психология-педагогоикалық білім алап, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірбие саласында білім жинақтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін аттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірбиелік сабақтар, консультациялар, экскурсиялар пайдаланады. Ата-аналар рефараттар жазып коллоквиумдар өткізіледі. Бүгінгі таңда нарықтық эканомикаға өтуімен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер нағыз қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет тарапынан істелінетін шаралардың бірі болады, сүйтіп оны шешудің экономикалық кілтінің табылары анық.

 Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.

 Университетте өтілетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі.

 Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрағасы сайланады. Олардың ішінен біреуі жалпы мектептік ата-аналар комитеті сайланады. Әр сыныптан сайланған ата-аналардан мектеп ата-аналар комитеті құрылады. Егер мектепке әр түрлі микроауданнан қатынасып оқитын болса, онда ата-аналар комитетін сыныптың санына қарай көбейте берудің пайдасы шамалы, оларды мектепте болып тұратын тығыз шараларды тұтас қатынасып шешуге мүмкіндік бермейді, қажетті кезде жинап алуға қиын түседі. Сондықтан олар шағын топтан құрылу қажет. Совет құрамында оқушылар комитеті, атамекен өкілдері, әйелдер советі, мектеп және мектептен тыс мекемелер қызметтері кіреді.

 Сонымен бірге ата-аналар конференциясы, лекторийлері т.б. жұмыс істейді.

 Жанұя мен мектепке көмектесу советтері, мектептің шағын аудандарындағы советтер т.б. жұмыс істеу керек.         

 

 

 Пайдаланған әдебиеттер

 

1.     Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы. 8 том, (орыс тiлiнде) 1950.

2.     Бержанов І., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы "Мектеп" 1984.

3.     Ильина Т.А. Педагогика оқу құралы. Алматы 1977.

4.     Іоянбаев Ж.Б., Іоянбаев Р.М. Педагогика. Астана 1998.

5.     Іоянбаев Ж.Б. Педагогиканы оқудың кейбiр мәселелерi. Алматы 1978 ж.

6.     Харламов И.Ф. Педагогика. М., 1990 г.

7.     Философия, Редакциясын басқарған Д.Кiшiкбеков Авторлар коллективi. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы, Алматы 1991 ж.

8.     С.Көбейұлының мұралары. Алматы ІУ 1991 ж.

9.     Айтмамбетова Б.Р. Педагогика пәнi және оның мiндеттерi. 2- лекция Алматы 1991 ж.

10. Сағындықұлы Е. Дәрiстер курсы. Алматы РБ кабинетi 1999 ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-09 18:04:44     Қаралды-57773

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »