UF

Тақырып. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

 

КІРІСПЕ

Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді арттық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецептерінің    25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.

Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отыры Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді.

Кейбір институттардың, акционерлік қоғамдардың және жеке кәсіпкерлердің белсенділігі нәтижесінде соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерден алынған шикізат мөлшері айтарлықтай артты. Дәрілік өсімдіктерден алынатын препараттарды жасау жолындағы жұмыстардың ауқымы кеңеюде. Әрине бұл бағыттағы жұмыстардың табиғат үшін әсіресе кейбір дәрілік өсімдіктер үшін қауыпты жақтары да жоқ емес. Осыған байланысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқауын жасады. Ол нұсқау барлық елдердің азаматтары үшін бұлжытпай орындалатын ереже болуы керек. Соңдықтан сол ДДСҰ-ң нұсқауын халыққа тезірек жеткізіп түсіндіру үшін Қазақстанда академик Н.Д.Беклемишевтің басшылығымен біраз маман ғалымдар Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева Г.Н., Адекенов С.М., Тулемисова Қ.А. Қазақстан республикасының фармакологиялық мемлекеттік комитетінің ұсынысымен және мақұлдауымен 1999 жылы «Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың нұсқау» деген арнайы жинақ кітап шығарды. Бұл жинақта дәрілік өсімдіктерді зерттеуге байланысты халықаралық талаптар келтірілген. Бұл жинақ негізі төрт бөлімнен тұрады:

Дәрілік өсімдіктермен жұмыс жасаудың ДДСҰ-ң ұсынған нұсқауы.

Өсімдіктен алынған дәрілердің қауыпсіздігін және тиімділігін зерттеудің нұсқауы.

Өсімдіктен алынған дәрілерді бағалаудың нұсқауы.

Жақсы өндірістік практика: дәрілік өсімдіктерден өнім өндіруге қосымша нұсқау.

Бұл жинақта – кітапта келтірілген дәрілік өсімдіктерге қатысты халықаралық талаптардың ішіндегі ең маңыздысы ол ДДСҰ-ң негізгі алғашқы талабы. Ол табиғаттағы дәрілік өсімдіктерді қорғап, сақтап, экологиялық тепе-теңдікті қалыптастыруға әрекет жасап жағдай туғызу.

«Дәрілік өсімдіктер» пәнінің мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол биологиялық білім саласындағы пәннің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Студенттер мен магистранттарды теориялық курста, семинар сабақтарында негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдаланумен таныстыру. Бұл пәнді оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар болуларыңыз керек.

Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы;

Арнайы танылған – мойындалған қолдануға ресми рұқсат етілген яғни фармакопеялық тізімдегі өсімдіктер туралы;

Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы;

Дәрілік өсімдіктердің жалпы және Қазақстанда таралуы туралы;

Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы.

Бұл пәнді оқығаннан кейін сіздер алған білімдеріңізді ғылыми, өндірістік және практикалық мәселелерді шешуге пайдалануды, зертхана және далалық жағдайда жұмыс істеуге, дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасауда, дәрілік өсімдіктерді жинау және кептіру әдістерін білулеріңіз керек.

Ғылыми жұмыстар жүргізгенде басқа пәндерді өткенде игерген әдістерді пайдалануға және ғылыми проблемаларды көтеруге практикалық әдеттенулеріңіз керек.

Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы: халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары мате жапырақтарын пайдаланған. Амазонка индеецтері гуарананы (Gyarana) пайдаланған. Дәрілік шикізат ретінде гуарананың тұқымдары пайдаланылады, оның құрамында белсенді зат гуаранин, кофеин бар. Гуарандар Америкада шығарылатын энергетикалық коктейль «Солтүстік энержи» құрамына кіреді. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат – кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған.

Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары куссо гүлін, Азия тұрғындары камалу деген өсімдікті, ал солтүстік халықтары папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке қарсы әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған.

Көпжылдық байқау және тәжірибе жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.

Біздің дәуірімізге дейінгі Таяу Шығыс халықтары (Шумерлер, Ассириялықтар, Вавилондықтар) дәрілік өсімдіктер туралы молырақ мәліметті грек әдебиеттерінен алған. Гректер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар Египет, Таяу Шығыс халықтарының дәрілік заттары туралы мәліметтерін кеңінен пайдаланған.

Ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (460-377 ж.б.д.д) медициналық шығарма құрастырды, оның еңбектерінде 230 дәрілік өсімдіктердің сипаттамасы берілген.

Өсімдіктерге әсіресе көбірек көңіл бөлген ерте Грек дәуірінде өмір сүрген философ, ботаник Теофраст (372-267 ж.б.д.д) болды. Ол «Өсімдіктерді зерттеу» трактатының авторы.

Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі Гален (131-201 жылдар) болды. Ол өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өңдіруді ұсынып іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі.

Оңтүстік – Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48 дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген кітапта жазылған. Ең белгілі «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол ХVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл «Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдіктер жазылған.

Индия медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Индияда ең белгілі еңбек ол «Аюрведа» («Наука о жизни» - өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Индия дәрігері Сушруттың (IV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Индия медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы еңген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол «Чжуд-Ши» (сущность целебного – «Шипалықтың мәні») ол Индиядағы «Аюрведа» негізінде жазылған. Медицина және фармацияның даму тарихына Араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб дәрігерлерінің еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде атап айтсақ, Абу Манзу Мувафикті келтіруге болады. Ол 997 жылы фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер бар. Бірақ та, бұл кезінде ең белгілі болып дүние жүзіне атағы жайылған тажик халқының ұлы Абу Али Ибн - Сина болды (Авицена) Бухарадан. Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн – Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Ол еңбек Еуропада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацеяны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктерден алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланған.

Ибн Синаның замандасы, өзбек ғалымы энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі «Фармакогнозия в медицине» (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы У.И.Каримов бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек «Сайдана» деген атпен белгілі. «Сайданада» 1116 тарау бар, соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған.

Еуропада Орта ғасырда медициналық білім төмен болды. ХІІ ғасырдан бастап Еуропаға Испания, Сицилия арқылы Араб медицинасы ене бастады. Арабтардың жобасы, нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудары бастады.

Орта ғасырдың соңғы кезендерінде дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына ятрохимия (қазіргі заманғы фармацевтикалық химияның бастамасы) көп ықпал еті. Ятрохимияның негізін салушылардың бірі Теофраст фан Гогенгеим (1493-1541)  болды. Ол Парацельс деген атпен белгілі. Бұл дәуірден Сигнатура деген ілем қалды. Сигнатураның мәні дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта олардың сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне қарай ұсыныс жасау (лат. Signa naturae – знаки природы) осы түсініктерге байланысты шай құрай (Зверобой – Hypericum) мысалы ұрылған жараларға (көптеген қызыл – көңыр нүктелері күлтелерінде бар), сары ауруға қарсы – айқын сары гүлдері бар салаубас (Бессмертник – Helichrysum) ұсынылды. Тікенекті өсімдік түйетікен (Чертополох – Cardus) асқазандағы шаншу ауруына қарсы пайдаланылды. Женьшень, мандрагора деген өсімдіктер формасы адам фигурасына ұқсастығына байланысты барлық ауруға ем ретінде қолданылады.

Бұл бағыт мистикалық түсінік және өтірік көзқарастар екендігіне қарамастан өсімдіктер туралы морфологиялық, систематикалық мәліметтер жиналуына себепші болды.

Парацельстің өсімдіктерге бір әсер ететін бастаманың – күштін бар екендігі туралы түсініктері XVII-XVIII ғасырларда өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеудің қажет екендігіне алып келді. Ол өз кезегінде фармакогнозияның саласында фитохимияның ашылуына алып келді.

Фармацевтер өсімдіктерден әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғаш алкалоидті морфиннен Француз фармацевті Сертюрнер бөліп алды.

Патшалық Россияда фармакогнозияның және фармацияның дамуына І Петр үлкен үлес қосты. Петр патшаның жарлығымен Ресейде дәріханалар және дәріханалық бақшалар ұйымдастырылып салына бастады. Бұл саланың әрі дамуына 1724 жылы ұйымдастырылған Ғылым Академиясының да әсері мол болды. КСРО-да отандық дәрілік өсімдіктер каталогын жасау және дәрілік өсімдіктерді жинау, оларды шикізат ретінде пайдалану фармакогнозияның алдына бір қатар маңызды проблемалар қойды: химиялық, ресурстық, тауартанушылық салаларында. Бұл өз кезегінде фармакогнозия бағдарламасында үлкен теориялық бөлімнің пайда болуына жалғасты. Ал практикалық тұрғыдан морфология-анатомиялық практикумнан басқа, дәрілік өсімдіктерге химиялық талдау жасау туралы лабораториялық сабақтары және тауартанушылық практикумдар ендірілді. Методикалық тұрғыдан әртүрлі жүйелер, классификациялар саласындағы мамандар бір тұжырымға келді. Олар бір классификацияны яғни шикізаттағы әсер ететін биологиялық белсенді заттардың құрамына қатысты химиялық классификацияны мойындап қабылдау туралы шешім қабылдады. Сондықтан студенттер және магистранттар дәрілік өсімдіктердің биологиялық – ботаникалық ерекшеліктерімен қатар химиялық құрамын білуі керек деген мақсатпен сол туралы қысқаша түсінік беруді дұрыс көрдік.

Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.

 

Қорыта айтқанда барлық өсімдіктер судан және құрғақ заттардан тұрады, судың мөлшері жалпы салмағының 70% шамасында болуы мүмкін. Су – орта, ал ол ортада барлық биохимиялық процестер жүреді.

Құрғақ заттарды былайша бөлуге (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) болады.

Әр өсімдік организмінде заттардың пайда болуы және жинақталуы көптеген факторларға бағынышты: қоршаған ортаға, жасына, тіршілік жағдайына, дамуына, қоректенуіне. Динамикалық процесс жоғарыда аталған факторларға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Оған қосымша әрбір өсімдік онтогенез процесінде вегетациялық түрлену, гүлденуі, жемістену және тыныштық фазаларынан өтеді. Онтогенез барысында өсімдіктердегі заттар мөлшері оның әртүрлі мүшелерінде әрқалай болуы мүмкін. Өсімдіктер құрамында 21 химиялық элемент табылған (Муравьева, 1991). Олардың 16 элементі (Н, C, N, O, P, S, Na, K, Ca, Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn) барлық өсімдіктерде кездеседі, ал 5 элементі (B, Al, V, Mo, J) тек кейбір түрлерде ғана кездеседі. Сандық құрамына байланысты оларды макро (K, Ca, Mg, Na, Cl, P, Si) және микро (Cu, Zn, J, Co, Mn, Al, S, Fe) элементтерге бөледі. Қарапайым органикалық емес қосылыстар (Co2, H2O, NO3, SO4­­-2 және PO4-) өсімдіктерге 6 негізгі элементтерді береді ­– С, H, O, N, S, P, ал олардан ұлпалардың көптеген компоненттері құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер және т.б. қарапайым қосылыстар негізінде өсімдіктерде күрделі қосылыстар синтезделеді (алкалоидтар, фенолды қосылыстар, терпеноидтар және т.б.). Барлық өсімдіктер құрамында болатын (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008) заттар:

Таза клетчатка – суда ерімейтін және әдеттегі еріткіштерде ерімейді. Қабықта, тамырда, сүйектерде ағаштанған клетчатка болады. Өсімдік клетчаткасы қабықшасының негізгі құрам бөлігі.

Целлюлоза – Өсімдіктер клеткалары қабырғаларының сүйегі, сүйеніші.

Пектинді заттар – өсімдіктер мүшелерінің клеткааралық заттары. Өсімдікті қайнатқанда пектинді заттар суға ауыспайды, салқын суда ерімейді.

Салқындатқанда мөлшеріне байланысты, сілікпе немесе қою коллоидты ерітінді пайда болады.

Шырыштар (слизи) – табиғаты полисахаридті зат.

Крахмал – полисахарид, дән тәрізді клеткадағы заттар өте жиі тамырларда, тамырсабағында, тамыржемісте кейбір тұқымдарда болады. Салқын суда ерімейді. Т0600С-тан жоғары болғанда жабысқан коллоидты ерітінді түзіледі, глюкоза босап шығады.

Көмірсулар – моно-ди-олиго және полисахаридтер. Өсімдіктердің бәрінде, барлық мүшелерінде болады, Әсіресе жемістерге, суда онай ериді.

Белокті заттар – барлық өсімдіктерде өте мол тұқымдарда болады.

Шыны майлар – қорлық және каптап орап алатын заттар. Жапырақтарда па    йда болып сосын өсімдіктің барлық басқа мүшелеріне ауысады. Қорлық зат ретінде тұқымдарда кейінге қалдырылады.

Пигменттер – барлық өсімдіктерде болатын заттар, жасыл бөліктерінде-хлорофилл, қызыл, қызыл-қоңыр, сары-каратиноидтар, флавоноидтар, антрахинондар, антоциандар. Олардың ең көп мөлшері – гүлдерде, жемістерде жинақталады.

Органикалық қышқылдар. Көмірсулар, органикалық қышқылдар және белоктармен қатар органикалық қышқылдар өсімдіктер мүшелерінде ең көп кездесетін заттар қатарына жатады, олар әсіресе көп мөлшерде шырынды жемістерде, жапырақтарда, азырақ мөлшерде өсімдіктердің басқа мүшелерінде кездеседі.

Смолалар – көмірсутектер, эфир майы, каучук, өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады.

Өсімдіктердегі минералды заттар екі топқа бөлінеді: 1) Макроэлементтер 2) Микроэлементтер, олар туралы жоғарыда айтылды. Дәрілік өсімдіктердегі минералдық элементтердің болуы олардың күліне байланысты болады. Шикізаттың түріне байланысты күлінің мөлшері 3% дан 25% дейін болуы мүмкін (Муравьева, 1991).

Липидтер Жоғарғы май қышқылдарының және глицериннің немесе басқа копатомды (жоғары молекулалық) спирттердің күрделі эфирлері. Өсімдіктерде липидтер барлық ұлпаларда болады, әсіресе көп мөлшерде тұқымдарда және жемістерде.

Балауыз (Воск) – май қышқылдарының және бір атомды жоғарғы молекулалық спирттердің күрделі эфирлері.

Гликозидтер – күрделі заттар, олардың өсімдіктердегі алуан түрлілігі англикондар және көмірсулар фрагменттерінің табиғатымен С-О-С, С-С және С-S байланыстарымен анықталады.

Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына, негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.) сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.

Өсімдіктердегі барлық заттарды әрекеттегі бірлесіп еріп жүретін және балластық деп бөледі.

Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасында бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармкологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.

Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын «бірлесіп еріп жүретін» (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездеуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін. Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында – антропол, кенедән (Клещевина- Ricunus) құрамында – токсильбумин және т.б. кездеседі.

Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек. Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та «балластық заттар» деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану қажет.

Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап) және балласты заттар бар. Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктерге қатарына жатқызылады. Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде, халықтық ­­медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде, әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық талдау жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ бөліп алынғанымен, олардың химиялық структурасына толық талдаулар жасалынбаған.

Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б. заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты. Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотоникалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.

Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни, әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар химиялық топтарға және топтар тармақтарға бөлінеді. Өсімдік химиялық құрамы жағынан өте күрделі жүйе. Енді өсімдік химиясының негізгі зерттеу объектілері болып саналатын кейбір органикалық қосылыстарға қысқаша сипаттама беріп кетейік (Мамонов, Музычкина, Корулькин, 2008).

Алкалоидтар және гликоалкалоидтар. Алкалоидтарға белгілі физиологиялық белсенділігі бар құрамында азоты бар органикалық заттар жатады. Өзінің аты бұл заттар Alkaly (Сілті-щелоч) деген латын сөзінен алады. Бірақта барлық алкалоидтардың бірдей сілтілік сипаты болмайды.

Өсімдіктерден әртүрлі мәліметтер бойынша 4000-нан 10000-ға дейін алкалоидтың фармакологиялық қасиеттері зерттелген. Басқа ББЗ салыстырғанда алкалоидтар өздерінің өте улы әсерімен ерекшеленеді. Сондықтан құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді өте үлкен сақтықпен, өте аз мөлшерде пайдалану керек.

Гликоалкалоидтар – бұл циклопентанон гидрофенантрененнің туындылары, қасиеттері жағынан стероидты. Кеңінен және молынан алкалоидтар қосжарнақтылар өкілдерінде болады. Қосжарнақтылар арасында алкалоидтарға өте бай тұқымдастар көкнәрлер (Papaveraceae Juss), сарғалдақтар (Ranunculaceae Juss), бұршақтар (Fabaceae), бөріқарақаттар (Berberidaceae Juss), алқалар (Solanaceae), кенділер (Apocynaceae Juss) және т.б. (Гренкевич, Сафонич, 1983, Муравьева 1991).

Аминқышқылдары, белокты комплекстер, бетаниндер.

Бұл алғашқы синтез заттары, олар өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады. Амин және карбоксил топтарының бір-біріне қатысты орналасуына байланысты a,b,g және т.б. аминқышқылдарын ажыратады. Олардың ішінде ең кеңінен таралғандары a,b және g. Барлық аминқышқылдары қышқыл және сілті ерітінділерде ериді, нәтижесінде спиртте су – органикалық ерітінділерде тұздар пайда болады.

Бетаниндер – суда және су-спирт ерітінділерінде жақсы ериді, амин қышқылдары сияқты биполярлық кондар түрінде болады. Сілті және қышқыл ерітінділерде ериді.

Белоктар – барлық өсімдіктер құрамында болатын компоненттер белоктар, биополимерлер. Белоктар химиялық элементтер: көміртегі, сутегі, өттегі, азот, күкірт, фосфор және т.б. бірқатар элементтерден құралған күрделі органикалық қосылыс. Белоктар қарапайым (гидролиз болғанда тек аминқышқылдарын береді) және күрделі – бұларда белоктар табиғаты белок емес заттармен байланысқан: нуклеин қышқылдарымен (нуклепротеидтер, полисахаридтермен (гликопротеидтер), липидтермен (макропротеидтер), пигменттермен (хромопротеидтер), металдар иондарымен (металопротеиндер), фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротеидтер) және т.б.

Нуклеин қышқылдары – бүкіл тірі жүйенің тұрақты және қажетті құрам бөлігі нуклеидтердің – өте көп қайталануынан құралған бөлімшелер, өсімдіктер нуклеин қышқылдары медицинада емдеу үшін қолданылмайды.

Ферменттер – биохимиялық реакциялардың катализаторлары, белокты бөліктен (апоферменттер) және белоксыз бөліктен (коферменттер немесе коэнзимнен) тұрады.

Антроценді заттар – Үш конденсацияланған сақинасы бар табиғи заттар тобы, жалпы формуласы С6-С2-С6.

Антрахинондардың әртүрлі туындылары негізінен Rubiaceae Juss., Rhamnaceae Juss., Polygonaceae Juss., Fabaceae Lidl., Liliaceae Juss. тұқымдастары өкілдерінде жиірек кездеседі.

Витаминдер – әртүрлі химиялық құрылымды организмнің дұрыс тіршілік етуіне өте қажетті төменгі молекулалық органикалық қосылыстар тобы.

Осы уақытқа дейінгі белгілі витаминдердің көбісі жануарлар және адамдар организмінде синтезделмейді. Олардың 20 дан астамы өсімдіктерден жасалған тамақпен келеді, дайын витаминдер немесе провитаминдер түрінде көп жағдайда олар коферменттер. Витаминдерге ұқсас қосылыстар да бір – кейбір флавоноидтар (рутин және т.б.), каротиноидтар, холин инозит, липоев, никотин оотов және пангамов қышқылдары және т.б.

Өсімдіктерде түріне байланысты витаминдер және витаминдерге ұқсас қосылыстар мөлшері бірдей емес. Өсімдіктердің кейбір түрлерінде витаминдер мол болуы мүмкін. Тағамдық өсімдіктер және олардан алынатын препараттар авитаминоздан сақтандыру үшін пайдаланылады. Мысалы раушан (Rosa – шиповник), қалақай (Urtica – крапива), жеміс ағаштары, цитрустар.

Гликозидтер – құрамында әртүрлі агликондар және көмірсулар фрагменттері бар көптеген биологиялық белсенді қосылыстар тобы.

Барлық гликозидтер суда, спиртте, су-органикалық ерітінділерде жақсы ериді.

Гликозидтердің агликондары болып алкалоидтар, фенолдар, фенол қышқылдары, бензофенолдар, стильбендер, хромондар, кумариндер, ксантондар, флавондар, антроцендер және басқа да заттар бола алады.

Гликозидтердің ең көп таралған типтері: гликоалкалоидтар, антрацендер, кумариндер, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенолдар, фурастанолдар, флавоноидтар.

Гликозидтер физико-химиялық қасиеттеріне байланысты екіге бөлінеді: 1) гидрофильді, 2) гидрофобты.

Терпеноидтар гликозидтерін терпенді сапониндер, ал стероидтар гликозидтерін стероидты сапониндер деп атайды.

Сапониндер – бір молекулада гидрофильді және гидрофобты қалдықтар болуына байланысты зор беттік белсенділігі бар заттар.

Сапониндер екі топқа бөлінеді: бейтарап (стероидты тип) суда оңай ериді және қышқыл (трипенді) суда қиын ериді, сілтілер ерітіндісінде оңай ериді. Сапониндер сулы ерітінділерде көпіршіктенеді, сұйықта ериді, метанолда және этонолда 70%, ал қайнатқанда 90% дейін, салқындатқанда тұнбаға түседі.

Жүрек гликозидтері жүрек бұлшық еттеріне таңдамалы кардиотоникалық әсер ететін табиғи биологиялық белсенді заттар тобы. Бұл қосылыстардың агликоны болып циклопентанпергидрофенан трен болып саналады. Кәдімгі қанттардан басқа – глюкоза, фруктоза, рамноза, жүрек гликозидтерінде ерекше дезоксиқанттар (дигитоксоза және цимороза) болады. Көптеген гликозидтер этил эфирінде, хлороформда, петролеид эфирінде және суда аз ериді, ал метил және этил спиртінде жақсы ериді.

Флороглюцидтер – флороглюцин немесе пироның моно, ди, үш және т.б. туындылары. Аз зерттелген табиғи қосылыстар мол мөлшерде усасыр (Dryopteris – щитовник) туысы өкілдерінде кездеседі.

Иридоидтар – химиялық құрамының табиғатына қарағанда бұл топ гликозидтерге жатады. Иридоидтар негізінен «қышқыл» өсімдік түрлерінде болады. Олар суда және төменгі спирттерде (метил және этил) оңай ериді, органикалық ерітінділерде (бензол, хлороформ) нашар ериді.

Илікзаттар – дегеніміз бұл ерекше «илегіш» қасиеті бар органикалық заттар, жиі табиғаты полифенолды. Практикалық тұрғыдан барлық өсімдіктерде гидролизденетін, конденсацияланған немесе аралас илік заттар болады. Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жинақталады: өте жиі қабығында, тамырларында, тамырсабағында, сирегірек-жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінің қабығында. Өсімдіктер ұлпаларында илік заттар еріген күйінде болады.

Изопреноидтар – изопрепеннің биогендік ауысуының өнімі, табиғи қосылыстар. Изопреноитарға әртүрлі терпендер, олардың туындылары терпеноидтар және стероидтар жатады.

Эфир майлары – алифатикалық, моноциклдік бицклдік терпен қосылыстарының жиынтығы. Өсімдіктер гүлдерінің, жемістерінің және басқа мүшелерінің иістері осы эфир майларының болуына байланысты, сондықтан эфир майлары тек медицинада ғана емес оған қосымша парфюмерияда, кондитер өндірісінде, әртүрлі ішімдіктер өндіруге пайдаланылады.

Каратиноидтар – сары және қызғылт сары табиғи пигменттердің үлкен тобы.

Химиялық табиғаты бойынша олар тетротерпендер. Олар негізінен жемістерде, гүлдерде кейде жер асты мүшелерінде жинақталады. Каротиндер және каратиноидтар «А» витаминінің провитаминдері, А – витаминінің белсенділігіне ие, дәрілік шикізат ретінде қолданылады, поливитаминдер жинағына кіреді.

Стероидтар – молекуласында циклопенганпертидрофенантрен қаңқасы бар қосылыстар класы. Стероидты стериндер; Д-тобының витаминдері, өт қышқылдары стероидты сапониндер, кардиотоникалық стероидтар, стероидты алкалоидтар және стероидты гормондар болып бөлінеді.

Өсімдіктер стериндері немесе фитостериндер құрамында 28-30 көмірсулар атомы болады. Олардың кейбіреулері медицинада қолданылады. Таза күйінде бөлінген стериндер стероидтық дәрілік заттар – стероидтық гормондар Д витаминін және т.б. заттарды алуға пайдаланылады.

Стероидты сапониндер құрамында 27 көміртегі атомы болады. Құрамында стероидты сапониндер бар өсімдіктер антисклеротикалық заттар ретінде пайдаланылады, өйткені олардан стероидты гормондар алу үшін таза жартылай синтетикалық заттар бөліп алады.

Кардиотоникалық стероидтар немесе кардиотоникалық немесе жүрек гликозидтері. Олар медицинада миокардтың қысқаруын ынталандыру үшін қолданылады. Барлық стероидтар биологиялық белсенді.

Карбон қышқылдары – бұл қосылыстарға тән ерекшелік ол оларда карбоксил топтың (СООН) болуы. Сондай топтардың санына байланысты бір, екі, және көпөсті қышқылдар деп бөлінеді.

Липидтер – жоғарыда бұлардың қысқаша сипаттамасы берілген.

Көмірсулар – көмірсулардың сипаттамасы жоғарыда берілген.

Инулин – суда еритін жоғары молекулалы фруктоза, негізінен жер асты мүшелерінде жинақталады (Бақбақ – Taraxacum – одуванчик, цикорий – Cichorium, андыз – Inula – Девясил және т.б.).

Сілемейлі Шырыш (Слизи) – химиялық табиғаты жағынан камедилерге ұқсас, бірақ айырмашылығы құрамында пектозандар көп және суда жақсы ериді.

Камедь (Шырыш) гетересахаридтерден тұрады. Суда еруіне байланысты жақсы еритін және нашар еритін болып бөлінеді, бірақ та суда ісінеді. Олар шырыш жолдарында, бездерде және тағы басқа да өсімдіктердің секрет жүйелерінде түзіледі. Кейбір камедилер тамақ өндірісінде және медицинада пайдаланылады.

Полисахаридтер – зат алмасуда үлкен роль атқарады, ісікке, қабынуға қарсы елсенділігі бар. Сахароза, крахмал, пектиндер тамақ өндірісінде целлюлоза-қағаз, текстиль, химия өндірісінде пайдаланады.

Фенолды қосылыстар – өсімдіктер ұлпаларында кездесетін хош иісті заттардың үлкен тобы. Өсімдіктерде фенолды қосылыстар мономер, димер, олигомер және полимер түрлерінде кездеседі. Мұндағы олигомерлер зат алмасу процесінде белсенді қатысады. Ал полимер әдетте клетка қабырғаларында қалады – лигнин немесе вакуольдерде жинақталады, ал таниндер бос күйінде гликозидтер түрінде болады.

Әрине, жоғарыда келтірілген классификация және биологиялық белсенді заттарға берілген сипаттамалар толық емес, тек біз дәрілік өсімдіктерге қатысты кебір жиі кездесетін заттарды ғана келтірдік.

Хромосом саны түрдің ең басты, тұрақты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан әдебиеттерде бар мәліметтерді пайдаланып дәрілік өсімдіктердің хромосомдар санын көрсетуді дұрыс көрдік.

 

1. ДӘРІЛІК  ӨСІМДІКТЕРДІ  ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

 

Қазіргі көптеген замандастарымыздың санасында дәрілік өсімдіктер бұрынғы заманның қалдығы деген түсінік бар. Біздің электроника мен автоматика, ЭЕМ мен компьютерлер ғасыры кептірілген шөптердің шоқтарымен нашар үйлесетін секілді. Синтетикалық химияның жетістіктері, ондаған, жүздеген мың жаңа, ешқашан табиғатта болмаған органикалық қосылыстарды алу мүмкіндігі химиялық синтездің құдіретіне сендіреді. Әр түрлі аурулардан құтқаратын жаңа дәрілердің жедел алынуына сенімділік пайда болады. Мұндай көзқарас қазір де бар, бірақ ол әсіресе 15-20 жылдар бұрын кең таралған еді.

Өсімдіктерден алынатын ең маңызды дәрілер арнайы баспаларда атап көрсетіліп, толық сипатталған. Бұл мәліметтер біздің елде дәрігерлік тәжірибеде қолдану және өнеркәсіптік өндіруге рұқсат берілген дәрілердің аттарының мемлекеттік тізіміне (Государственный реестр наименований лекарственных средств) 2003 ендірілген. Біздің елімізде медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілердің 31% жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден, 3% саңырауқұлақтар және бактериялардың дәрі препараттары (антибиотиктер), 12% жануар текті препараттар (эндокринді препараттар, вакцина және сарысу), 9% марганец қышқылды калий немесе мырыш майы сияқты органикалық емес қосылыстар және шамамен 45% синтетикалық жолмен алынған органикалық препараттар құрайды. Алайда, тікелей немесе әр түрлі препараттар түрінде дәріханаларда сатылатын дәрілік өсімдіктердің барлығы Мемлекеттік фармакопеяда сипатталмаған. Фармакопеяға ең маңызды, әрі жиі қолданылатын өсімдіктер мен оларлан алынатын препараттар енгізілген. Сонымен қатар, жеткілікті дәрежеде зерттелмегендіктен назар аударылмайтын, тиімділігі төмен немесе тіпті ұмытылған дәрілік өсімдіктер саны айтарлықтай көп. Фармакопеяда болған ұмытылған өсімдіктер біртіндеп қолданыстан шықса да, халық арасында бағаналанады. Бірақ қазір ұмытылған дәрілік өсімдіктер жаңа ғылыми тексеруден өткізілген соң жиі фармакопеяға қайта енгізіледі.

Шындығына келгенде, біздің денсаулық сақтауымызда өсімдіктердің рөлі осындай болып отыр. Дәрілік өсімдіктер барлық кезде таңқурай шайы немесе мүк жидегі (клюква) экстрактісі секілді екінші реттік препарат көздері ретінде қызмет етпейді. Адамдардың ауруларының ішінде көбінесе өлімге алып келетін тамыр-жүрек аурулары екендігі белгілі жағдай. Осындай ауыр ауру түрлерін негізінен өсімдіктерден жасалған препараттармен емдейді.

Дәрілік өсімдіктердің бөлігі оларды арнайы өсіріп механикалық тәсілмен жинайтын ауылдардан алынады. Алайда қазіргі дейін дайындалатын шикізаттың барлық массасының 50%-ы жабайы өсетін өсімдіктерден жиналады. Көптеген өсімдіктерді мәдени жағдайға енгізу өте қиын.

Дәрілік өсімдіктерді жинаудың арнайы ережелері бар. Бұл ережелерді қатаң сақтау керек, өйткені оларды сақтамаған жағдайда құнды шикізаттың айтарлықтай бөлігі бұзылады. Дәрілік өсімдіктерден алынатын шикізаттың барлық түріне шикізаттың келбеті, нормасы, оны анықтауыш қасиеттері, сақтау, буып-түюдің және маркерлеудің мемлекеттік стандарттары, техникалық шарттары мен фармакопейлік мақалалары бар. Майдаланған өлшеп қапталған өсімдік текті шикізаттардың бір бөлігі дәріханаларға жеткізіледі. Шикізаттың негізгі бөлігі химикофармацевтика заводтарында препараттар жасау үшін қолданылады. Алынатын фитохимиялық препараттар әдетте әр түрлі дайын дәрілік түрде шығарылады. Дайындалатын дәрілік өсімдіктердің бір бөлігі шетелге экспортталады. Шикізаттың бұл түріне шетел рыноктарында үнемі сұраныс болады. Денсаулық сақтаудағы дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың негізгі жолдары осындай. Бұл жұмыс күшін адамдарды талап ететіні түсінікті жағдай. Дәрілік өсімдіктерді жинайтын адамдардан басқа ауылдардың маманданған жұмысшылары, агрономдар т.б. болады. Көптеген ғылыми зерттеу институттары, фармакогнозия кафедралары және ботаниктер, фармацевтика институттарында әр түрлі бағытта дәрілік өсімдіктерді зерттеумен айналысады. Дәрілік өсімдіктердің таралу орындары мен ресурстарын анықтап, картаға түсіреді; олардың биологиялық ерекшеліктерін, жинап алғаннан кейінгі қалпына келуін зерттейді; емдік қасиетке ие өсімдік құрамындағы заттарды химиялық сараптамадан өткізеді. Дәрілік өсімдіктердің сырт пішіні мен микроскоптық құрылысы егжей-тегжейлі зерттеледі, себебі дәрілік өсімдіктерге ұқсас, бірақ емдік қасиеті жоқ өсімдіктерден ажырата білу керек. Бұл жұмыс өсімдік бүтін болған кезде онша қиыншылақтар тудырмайды, алайда ол кептірілген және майдаланған ұнтақ түрінде болса, тек микроскоп арқылы ғана анықтауға тура келеді.

Дәрілік өсімдіктерден алынатын шипалық қасиеті бар шикізатын толық зерттеу фармакогнозия ғылымы зерттейтін басты мәселелер болып табылады. Фармакогнозия-мамандардан химия мен ботаниканы, сонымен қатар медицинаның бір қатар салаларын білуді талап ететін күрделі ғылым. Фармакология ғылымының өкілдері де дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қалыс қалмайды. Фармакология-өсімдіктерден және химиялық жолмен алынған дәрілік заттардың жануарлар мен адам организміне әсерін зерттейтін ғылым. Фармакологтар квалификациясы бойынша дәрігерлер.

Жаңа дәрілік өсімдікті фармакогнозиялық зерттеу – бұл өсімдікті медицинаға енгізудің алғашқы сатысы. Екінші саты – фармакологиялық зерттеу нәтижесінде өсімдік улы ма, улы болса қандай дәрежеде және қанша мөлшерде улы екенін анықтайды. Осыдан кейін фармакологтар дәрілік препараттың лабораториялық жануарлар организмдерінің қызметіне – жүректің жұмысына, жүйке жүйесіне, тыныс алу және асқорытуға физиологиялық әсерін анықтайды.

Фармакологиялық, химиялық және басқа да зерттеулер аяқталып, жаңа емдік препараттың негізгі қасиеттерімен улылық дәрежесі анықталған соң, оны ауруханада клиникалық сынақтан өткізуге беріледі. Клиникада дәрігерлер жаңа препараттың тағдырын шешеді. Алынған барлық нәтижелерді басқа препараттармен салыстырады, осындан кейін бұл препаратты денсаулық сақтау министрлігі бекітіп, химико-фармацевтикалық зводтарға препаратты дайындау туралы тапсырма беріледі.

Дәрілік өсімдіктің табиғи өсетін жерінен науқасқа дейінгі әдеттегі жолы осындай болады. Осы секілді фармацевтер мен химиктердің зерттеулерінен кейін дәрілік өсімдіктегі емдік қасиеті бар қосылыс анықталғанан кейін бұл қосылысты лабораторияда бөліп алып, құрылысын өзгертіп, жақсартуға болмас па екен? деген сұрақ туындайды. Бұл ойлар бұрыннан-ақ зерттеушілерде болған және дәл осы ойлардың дамуына барлық синтетикалық дәрілер химиясы тәуелді.

Мүлде жаңа, табиғатта бұрын соңды болмаған қосылыстарды жасап, олардың жануарлар организіміне әсерін зерттеп, сол препараттармен адамдарды емдей бастауға болады. Қазіргі күні осының барлығы әлемнің көптеген зертханаларында жүзеге асуда. Мұнда заттың құрылысы мен оның биологиялық белсенділігі арасындағы белгілі байланыс анықталады. Осы білімді пайдаланып органикалық молекулалардың бағытталған синтезі арқылы бізге қажетті белгілерге ие биологиялық белсенді заттарды алуға болады.

Қазіргі кезде емдік препараттар ретінде өсімдіктерден жеке биологиялық белсенді заттарды бөліп алу мен пайдалану сонымен бірге жаңа дәрілік заттарды талдау жаңа емдік препараттарды жасаудағы ғылыми жұмыстың басты бағыттары болып есептеледі.

Алайда, химиктер, фармакологтар мен клиницистер қызық бір жағдайға тап болды: дәрілік препараттың тиімділігі барлық кезде оны тазартқанда артпайтыны анықталды. Мысалы, таза аскорбин қышқылы итмұрын жидектерінен жасалған сығындыны толық алмастыра алмайды. Итмұрын жидектерінде С витаминінен басқа каротин, В2, К, Р витаминдері, қанттар, илік заттар мен органикалық қышқылдар болады. Витаминдердің табиғи комплексі басқа заттармен бірге таза аскорбин қышқылына қарағанда басқаша әсер етеді.

Көптеген жағдайда фармацептикалық өндіріс дәрілік өсімдіктерден алынатын заттарды қазіргі күні талданған заттармен алмастыра алмайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттардың химиктер зертханада талдаған заттардан бір қатар айырмашылықтары бар. Ең бірінші артықшылығы – бұл заттар тірі клеткада түзіледі. Өсімдіктер мен жануарлар клеткалары арасында айтарлықтар айырмашылықтар болғанымен, бір қатар ұқсастықтары (өсімдіктердің де, жануарлардың да денелерін құрайтын негізгі құрылымдық бірліктер) да бар. Бұлардың тек клеткаларының құрылысы ғана емес, сонымен қатар клеткаларда жүретін көптеген маңызды биохимиялық процестерде ұқсас келеді. Тірі клеткада болатын әр түрлі текті биологиялық белсенді заттар олар улы болса да химиктің қолбасында алынған кейбір заттар секілді жануарлар мен адамдардың тірі клеткаларында барлық химиялық реакцияларды бірден өзгертіп жібермейді.

Өсімдіктерде түзілетін және емдік препараттар ретінде қолданылатын бұл заттардың ерекшеліктері өсімдіктерден алынатын дәрілік препараттардың екінші артықшылығы болып табылады. Жануарлардың дамуы мен эволюциясы өсімдіктердің эволюциясымен тығыз байланысты. Жануарлар өсімдіктер сияқты өз денелерін бейорганикалық заттардан түзе алмағандықтан, органикалық заттармен (өсімдіктер, басқа жануарлар) қоректенеді. Сәйкесінше, жануарлар миллиондаған жылдар бойы өсімдіктермен қоректенуге және олардан өз денелерін түзуге бейімделді. Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы дәл осы тікелей қоректік байланыс өсімдіктердің химиялық құрамы және жануарлар мен адамдардың барлық мүшелерінің қалыпты жұмысы арасындағы тығыз байланыстың себебі болып табылады.

Болашақтың фармацевтикалық химиясының жағдайы қандай болатының болжау өте қиын, алайда, қазіргі күні ол тірі табиғатпен салыстырғанда тиімсіз жұмыс жасауда. Егер тірі клеткада ең қиын процестер айтарлықтай жоғары емес температурада, сирек 25-30 С-та қалыпты қысымда, көп энергия жұмсамай жүрсе, зертханадағы синтетикалық процестер өте күрделі аппараттарда жоғары температура мен қысымда, көп энергия жұмсап жүзеге асады. Көп жағдайда синтездеу үшін материал ретінде сүрек, тас көмір мен мұнай алынады. Ал өсімдіктер болса органикалық заттарды су, СО мен топырақтағы минералды заттар сияқты қарапайым заттардан түзеді.

Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.

Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол шипалы қойма іспеттес. Мысалы Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000-дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Қазақстанда бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар. Бұларға дала жусаны, сүйекті аққурай, және т.б. жатады.

Басқада дәрілік шөптер: мысалы итошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дәрмене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ-бақ, шай шөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киікот, тасшөп, т.б. жатады.

Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездері де адамға өте пайдалы болған және солай болып қалады. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талаптар біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, оларды үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде ғалымдар дәрілік шөпке барынша ден қойып, әр шөптің ағзаға қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келе дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.

Бұл жерлерде және басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің ТМД елдері жағдайына бейімдеп өсіріп, жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: Solanum laciniatum Forst., Cassia abovata Del., Althaea officinalis L., Calendula officinalis L., Rutae graveolentis L., Tanacetum vulgare L., Hyssopus ambiguous (Trautv.) Ilgin, Valeriana officinalis L., Salvia sclarea., Foeniculum vulgare Mill., Aerva lanata (L.) Guss. және т.б. жатады.

Адам денсаулығын қорғау, ауруларға медициналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктер саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдіктерге көп көңіл аударылуда.

Мәденилендірілген дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фармацевтика өндірісін ең перспективті бағыт ретінде дамыту қажет болып табылады, ол бай шикізат базасына негізделеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мөлшері аз және олар қорғауды қажет етеді.

Барлық елдерге дәрілік заттарды қолданудың көп жылдық тәжірибесі халықтық медицина негізінде жатыр. Бірақта өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмприкалық болып қала береді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының болжауынша жақын онжылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 60%-ын құрайтын болады.

Дәрілік өсімдіктер бүгінгі күні денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Оларды жинау, өсіру және өңдеумен көптеген мемлекеттік және кооперативтік мекемелер айналысады. Сонымен қатар, ескі және жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Адамдар дәрілік өсімдіктер туралы өте ерте заманнан бері білген. Мүмкін, жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін жануарлар кейбір емдік өсімдіктерді пайдаланған болар. Мысықтар мен иттер ауырған кезде шөптерді жейтіні белгілі, әсіресе астық тұқымдастардың жапырақтарын жейді, бұлардың емдік қасиеттері әлі толық зерттелмеген.

Жануарлардың физиологиялық функциясына әсер ететін жеке өсімдіктерді жейтіні жөнінде аз тексерілген мәліметтер ғана бізге мәлім. Мысалы Raponticum carthamoides (Will.) Iljin мақсыр рапонтикум тамырлары арқылы маралдар мен сібір бұғылары өздерінің күштерін қалпына келтіріп отырған. Бурят аңшыларының айтуы бойынша, жараланған бұғылар қызыл гвоздиканы Diantus жейді екен, бұл өсімдік жергілікті тұрғындарға қан түзуші өсімдік ретінде белгілі. Араб аңызы бойынша кофе ағашының жемісінің емдік қасиетін шопан байқаған, ол ешкілердің ағаштың бұтақтарын жейтінін байқаған. Егерде біз жануарларды бақылайтын болсақ, бізге әлі беймәлім жаңа дәрілік өсімдіктерді анықтар едік. Егер бұл мәліметтерді ғылыми тексеруден кейін дәлелденіп жатса, жануарлардың мінез құлқын түсінуге болар еді.

Ертеде емдік өсімдіктерді қолданғаны жөнінде этнография және археологиялық мәліметтерден көруге болады. Осылай меңгеруді, мысалы орталық және оңтүстік Африканың жеке тайпалары, Амазонка үндістері, этнографтар анықтағаны бойынша, олардың қауымдары қарапайым болғанмен, дәрілік өсімдіктер жөнінде білмейтін қауым болмаған шығар делінген. Әдеттегідей, өсімдіктің емдік қасиеттері жөнінде қауымның барлығына белгілі бола бермеген, керісінше жеке бір отбасына белгілі болған, бұл білім құпия ретінде әкеден балаға беріліп отырған (немесе шешеден қызына). Археологтар ертеде дәрілік өсімдіктерді қолданғаны жөнінде материал берген. Мысалы, қыш құмыралардың кейбір қалдықтарынан археологтар алғаш рет біздің ата-бабаларымыздың емшілікпен айналысқаны жөнінде материалдар тапқан. Ол от жағуға және дәрілік шөптерді қайнатуға арналған ыдыстар еді.

Сондай мәліметтерді ең алғашқы жазбалардан табуға болады. Олардың ішінде ең ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер болды. Сондай-ақ, бұл түрлі дәрілік өсімдіктерге сипаттама жазылуымен қатар, қандай ауруларға және қандай түрде қолдану керектігі жазылған. Осыған қарап ассириялықтар дәрілік өсімдіктердің емдік құрамын кеңінен қолданғанын байқауға болады. Сонымен қатар Ассирияның астанасы Ниневида бұл өсімдіктерге арналған бақтың да болғаны белгілі.

Дәрілік өсімдіктерді Мысырда да қолданған. Шөптердің емдік құрамы жөніндегі мәліметтерді, олар өз кезеңінде Вавилондықтар мен, Ассириялықтардың мәліметтері бойынша қолданған және көптеген өсімдіктердің атаулары Вавилон тілінде берілген. Мысырлықтарда дәрілік өсімдіктердің 80-нен аса түрлері белгілі болған. Б.з.д. 4000 жыл бұрын мысырлықтар фармакопея жазған. Бұл тізімнің сипаттамасын Мысырда дәрілік өсімдіктер ретінде қолданған. Мұндай фармакопея туралы мәліметтерді ғалымдар папируста жазылған жазбалардан тапқан.

Дәрілік өсімдіктерді мысырлықтардың храмдар мен пирамидалардың қабырғаларында салған суреттерінен көруге болады. Ал кейбір түрлерін осы суреттер арқылы оңай тануға болады. Мысырлықтар қолданған көптеген өсімдіктер, осы күнге дейін әлі қолдануда, мысалы кене дәнінен кастор майын шығарып алуға болады. Мысырлықтар көрші елдерге арнайы экспедиция ұйымдастырып отырған, ол жерден емдік және хош иісті өсімдіктерді алып келіп отырған. Мысалы, б.з.д. 1500ж. бес кеменің осындай экспедицияға Пункт мемлекетіне (қазіргі Сомали) осы мақсатпен шыққандағы жөнінде мәліметтер бар. Дәрілік өсімдіктер туралы аңызды ежелгі гректерде де кездестіруге болады. Гректер дәрілік өсімдіктерді Кавказбен байланыстырған, ол жерде Артемидия құдайының сиқырлы, улы және дәрілік өсімдіктер бағы болған деседі. Сол жерден өсімдіктер Грецияға шығарылып отырған. Бұл аңыз кейбір өсімдіктерді Кавказдан (Колхидадан) Грецияға әкелуінен пайда болған. Ежелгі гректер басқа халықтар секілді кейбір емдік өсімдіктерді магиялық көріністе болады деп түсінген. Гректің фармакон сөзінен қазіргі таңдағы фармация, фармакогнозия, фармацевт, фармакопея және т.б. сөздер пайда болған. Ежелгі грек сөзінде тек дәрілік сөзі болған емес, сондай-ақ у және колдовство деген сөздерді қолданған. Ежелгі гректердің діндері көп құдайлық негізінде қаланған. Олардың сенімі бойынша арнайы дәрілік өсімдіктерді тексеретін құдайы болған. Бұл құдай аты Асклепий болған, ал латынша бұл есім-Эскулап деп аталған. Емші құдайы Апаллон болып саналған, - ол грек Пантеонасының негізгі құдайларының бірі болатын. Греция мәдениетінің гүлденуі б.з.д. VII-VI ғ. Бұл Карл Марксты қатты таңқалдырған гректердің таңғажайыбы еді. Ол әлемдік тарихта ерекше құбылыс болып табылады. Кішкентай халық, теңізші халық, жер жыртушы және шопандар бірнеше жүз жылдар бойы кездеспейтін өнер туындысын жасап шығарды, философияның толық бір жүйесін жасап шығарды, тура ғылымның негізін қалады, ежелгі әлемнің жануарлары мен өсімдіктерін жүйеге келтірді. Ежелгі гректер адамзаттың дамуына үлкен үлес қосты. Ежелгі Рим, қазіргі Европа, арабтардың мәдениеті және тіпті ежелгі үндінің мәдениеті аздап кішкентай эллин халқының пайдасын көрген, гректер өздерін осылай атаған.

Гректер дәрілік өсімдіктерді зерттегенде көрші елдерге және өздерінен бұрын зерттегендердің мәліметтеріне сүйенген. Грек емшілері Мысыр және Үнді медицинасымен танысып, өздеріне пайдалы дәрілік өсімдіктер алған. Сол уақытта ежелгі Гректің жақсы емшісі медицинамен фармацияда маңызды мәліметтер қалдырған Гиппократ болды (460-377 жж. б.з.д.). Ол ең алғаш болып медициналық ақпараттарды толықтырып жинап, оны жүйеге келтірді және философиялық сипаттама берді. Соның атымен шыққан кітаптар біздің заманға дейін жетті және 60-қа жуық еңбектері бар. Грецияда дәрілік өсімдіктерді жинаушыларды ризотомдар, тамыр кесушілер («риза»-тамыр, «томе»-кесу) деп атады, олардың көбі бізге дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын қалдырып кетті. Оларды «ризотомиктер» деп атаған. Жанама ботаника ұлы грек философы Аристотельдің оқушысы Теофрастың еңбегінде кеңінен кездеседі, оны «ботаниканың әкесі» дейді. «Өсімдіктерді зерттеу» туралы еңбегі қазіргі таңда әлі аударылып жатыр. Ежелгі гректер биологияны жақсы меңгерді деп асыра айтуға болмайды, бірақ олар өсімдіктердің емдік қасиеттерін жақсы білген, олар өсімдікті нақты сипаттап, суреттей білген.

Рим медиктері арасында атағы шыққан Гален болды, ұлты грек, Кіші Азияда дүниеге келген. Гален практикалық емші және теоретик болған. Гален сол уақыттарда емші-дәріханашы болып танылған, ол тек емдеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі Римдегі алғашқы өзінің дәріханасында дәрілер жасап шығарған. Ол Жерорта теңізіндегі медицинада емшілік практикасына күрделі дәрілік препараттарды өсімдіктер мен жануарлардан жасап шығарды, оларды арнайы өндеп, соның арқасында оларды Гален препараты деп атады. Галеннің еңбектері жүздеген жылдар бойы европа медицинасы үшін көмек болып табылған. Батыс европалық мемлекеттер мұра ретінде кең антикалық медициналық әдебиеттерді алды, олардың көп бөлігі дәрілік өсімдіктерді сипаттайды және оларды қолдану жөнінде айтылған. Емшілер мен ортағасырлық фармацевтерге белгілі болған дәрілік өсімдіктердің жалпы тізімі айтарлықтай үлкен болған. Онда шамамен мыңдаған өсімдіктер бар, оның көбі Жерортатеңіздік және Батыс Азияның аймақтарында Солтүстік Африканың флорасына кіреді. Антикалық Фармацияға гректер ғана емес тіпті римдіктер де, сондай ақ мысырлықтар да, кеңінен вавилондық, шумерлық мұраларды қолдана отырып медициналық тәжірибелер жинақтай бастады. Орта ғасырлық емшілерлермен таралған дәрілік өсімдіктердің тізіміне сұрапталып алынған өсімдіктер кірген, олар маңызды терапевтикалық қасиетке ие болған. Грециялық ғылыми дәстүр Европада ғана емес, сондай-ақ шығыста Сирияда, Персияда қабылданды. Персияда жоғарғы медициналық мектеп болған. Грециялық кітаптар араб тіліне аударылып, өңделіп талқыланған. Араб мәдениеті таралған аймақтардың антикалық фармакопеясы дәрілік өсімдіктермен толықтырылды. Оның ішінде маңыздысы үнді өсімдіктері еді.

Араб медицинасының мектебінен бірінші Абу Али Ибн Синаны айтуға болады, оның ұлты тәжік, ол Европада латынша Авицена дегенді білдіреді. Оның еңбектері «Канон врачебной науки» жүздеген жылдар бойы тек арабтарға ғана емес, сонымен қатар европаның емшілерінде де белгілі болған. Ибн Сина өз еңбегінде шамамен 900 дәрілік заттар және оларды қалай пайдалану керектігін жазған. Бұл кітап орыс тіліне аударылған.

Ибн Байтер испан арабы, дәрілік өсімдіктердің шамамен 1400 түрін сипаттап көрсеткен, ол солай Абу Али Ибн Синаның тізімін толықтырды.

Араб емшілерінің тек лауазымды адамдарға арналған еңбектері бар, сондай-ақ бұл дәрілік өсімдіктер туралы еңбектердің қысқартылған түрін «карабадин» деп атаған. Мұндай «карабадиндер» Европада аударылып, көрші мемлекеттерінде аударылып, бұл жерлерде оны өңдеп жергілікті тәжірибе арқылы толықтырылып отырған. Араб әлеуметі европа мәдениетіне үлкен септігін тигізді, яғни медицина мен математика жағынан әсері үлкен болды. Араб медицинасында күрделі рецепттерді қолданады, оның құрамына шөптердің көптеген түрлері түрлі пропорцияда қолданылды. Мұндай рецепттер Батыс Европа медицинасында қолданылды. Осындай рецепттердің күрделілене түсуі, дәріханалық мамандарының пайда болуына әкелді, егер бір өсімдіктен қайнатпа дайындау керек болса, онда оған емшінің көмегі керек емес еді, ал егер күрделі рецепт бойынша ондаған өсімдіктерді қайнату керек болса, онда әрине арнайы дайындық керек. Европалық дәріхана араб үлгісі бойынша жасалған, және бірінші кезеңдерде тек әкелінген араб тұнбаларынан жасалған. Біздің заманымызға дейін керекті мөлшерде еңбектер жеткен, XVғ. дейінгі қол жазбалар және келесі жүздеген жылдары арнайы баспаларда басылып шығып отырған, мұндай еңбектерді әдетте «гербарий» (немесе травник) деп атаған және көп жағдайда өсімдік суреті салынған. Олар латын тілінде ғана емес сондай ақ Европа халықтарының тілінде де белгілі болған, мысалы көне неміс, көне француз, польша және т.б. тілдерде белгілі болған. Дәрілік өсімдіктерді көбіне монастырларда өсірген.

Орта ғасырлық европаның травниктері осы күнге дейін әлі зерттеліп жатыр; оның құрамында дәрілік өсімдіктердің қолданылуы жайында көптеген мәліметтер бар. Бірақ оның ішінде нақты ақпараттар жоқ. Бұл мәліметтердің бәрі Диоскарид, Гален, Ибн Сина, Ибн Байтара және басқа да грек, латын, араб авторларының еңбектерінен алынған. Солтүстік Европа мемлекеттеріне мұндай халықтардың еңбектері қиындықпен енді, бірақ Солтүстік Европадағы белгілі дәрілік өсімдіктер гректерге белгісіз болды, Германия мен Францияда кеңінен қолданған және негізгі еңбектер тізіміне енген. Осылайша Европа медицинасының практикасына Батыс және Оңтүстік Европа, Солтүстік Африка, Батыс Азия және Үндінің барлық дәрілік өсімдіктері енгізілген.

Европа медицинасы грек – рим әлеуметінің ұрпағы болған, ежелгі мәдениеттің дәстүрімен тығыз байланыста болған – Мысыр, Вавилон, Ассирия. Ол дәл сондай әсерді қабылдаған араб медицинасы секілді болып келеді.

Европалық және Шығыс мемлекеттерінің көне медициналық кітаптарында сол мемлекеттердің халық медицинасы жөнінде жазылмаған. Әдетте көптеген «гербарийлер», «травниктер», «карабадиндер» және т.б. бір бастаманың қосымшалары ретінде келеді – ұлы грек және араб емшілері – Гиппократ, Диоскорид, Авицена және т.б., олар кезегінде білімді мысыр абыздарының кітаптарынан алып отырған.

Бұрыннан келе жатқан грек-мысырлық дәстүрлі эмпирикалық медицина жүйесінен басқа, басқа да бірнеше жүйелер бар, олар төлтума болып келеді. Бұған үнді медицинасын жатқызуға болады. Үндінің дәрілік өсімдіктері туралы алғашқы қол жазбаларын – «Аюр Веда» деп атаған.

Үнді медицинасына ежелгі гректер де қызығушылығын танытқан, олар Александр Македонскийдің кезіңде Үнді жерінен үнді дәрілік өсімдіктерін жинаған. Олардың көбі Рим империясына да әкелінген. Үндідегі өндіріс мәдениетінің маңызды көзі, ол күріш болған, күрішті Европаға асқазан ауруларына емдік заттар секілді тасымалдайтын, ол қазіргі таңда да өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Кейбір үнді өсімдіктері бұрыннан европаның медицина практикасына енгізілген, мысалы чилибуханы (Strychnos Nux- vonica), Loganiaceae тұқымдасынан Европаға арабтар әкелген. Басқа үндінің дәрілік өсімдіктері қазіргі таңда ғылыми медицинада да жақсы бағаланып келеді. Мысалы, атақты раувольфия – (Rauvolfia serpentina) Apocynaceae  тұқымдасынан.

Үнді медицинасы тибет медицинасының жүйесімен байланысты болып келеді. Тибет монастырлеріне енген үнді медицинасы өзінің теориясымен дәстүрін сақтағанымен дәрілік ассортименттің қатынасында айтарлықтай өзгертіліп және өнделген; бұған жергілікті өсімдіктерді қосқан және Қытай өсімдіктерін қолданысқа енгізген. Тибет медицинасының таралу аймағы кең, мысалы, Солтүстік-Шығыс Азия территорияларына (Қытай, Жапон, Моңғол, Бурятия) кең тараған және сонымен қатар Қалмықтарға да тараған. Олардың дәрілік өсімдіктерінің жиынтығы үлкен қызығушылық туғызуда.

Қытай медицинасы – екінші төлтума эмпириялық медицина жүйесі болып табылады. Б.з.д. 3 мың жыл бұрын өмір сүрген Шен Нуняға байланысты болып келеді. Ол 230 дәрілік және улы өсімдіктер түрлерін қолданған, сонымен қатар жануарлардың дәрілік заттарының және дәрілік минералды заттарының шығу тегін білген.

Б.з.д. 2600 жылдары қытайдың алғашқы дәрілік шөптері туралы кітабы (Бень Цао) шыққан. Кітапта дәрілік өсімдіктердің 900 шамасында түрлерінің қалай пайдалануы жөнінде толық сипаттама берілген. Мұндай кітаптар көптеген ғасырлар бойы Қытай тарихында қайтадан басылып шығып отырған; XVIғ. Ли Ши-Чжен жазған соңғы мәліметтерінде дәрілік өсімдіктердің саны 1892 жеткен. Қытайдың дәрілік өсімдіктерінің ішіндегі аты аңызға айналған, әлемге танылған және әлемнің барлық фармакопеясының құрамына кірген өсімдік – женьшень.

Қытай медицинасы төлтумасы. Оның құрамында басқа мемлекеттерге танылмаған тәсілдері мен құралдары бар. Әлемнің көптеген мемлекеттері ежелгі қытай эмпирикалық медицинасының әдіс тәсілдерін ғылыми тұрғыдан тексеруде және оның жартысы қазіргі медицинаға ендірілуде. Әсіресе ежелгі қытай медицинасының дәрілік өсімдіктері үлкен қызығушылық тудырады, себебі Қытай флорасы мен Үнді флорасында Батыс Азия мен Европада кездеспейтін түрлер көптеп кездеседі.

Европадағы дәрілік өсімдіктер тізімі XVғ. толықтырылды, ол европалықтардың Азия мен Американың географиялық ашылуымен тығыз байланысты. Ол кезде түрлі дәмді-татымдылыққа қызығушылық болды, әсіресе бұрыштырға қызығушылық артты. Татымды-дәмділер және емдік қасиеттеріне ие, оған қосымша оның ұнтақ түрінде адам психологиясында әсері де бар екен. Егер Азиядағы дәрілік өсімдіктер европалықтарға гректер немесе арабтар арқылы танылса, онда европалықтарға америкалық дәрілік өсімдіктер жаңалық болды. Мұндай жаңалықтардың бірі хина ағыны болатын, ол қазіргі таңға шейін өзінің маңызын жоғалтпаған малярияға қарсы препарат болды.

Нәтижесінде европалықтарда Азия, Америка, Африка және Океаниядағы мемлекеттермен байланысының арқасында ХІХғ. Европа фармакопеясының экзотикалық ассортименті көбейе түсті. Алайда, Жер бетіндегі флораның дәрілік ресурстарының барлығын зерттеп және олардың бәрін медициналық тізімге қосты деп ойлауға болмайды. Эмпирикалық дәрілік өсімдіктер антикалық кезеңнен қалған, сондықтан ол өсімдіктердің географиялық аймағы аз болды. Дәрілік өсімдіктердің жинақталуы көбіне кездейсоқтық болатын, сол ұлттың медициналық жүйесіндегі өсімдіктердің танымалдылығына байланысты болды. Егер европалықтарға көп жағдайда жаулап алушылар ретінде қарасақ, онда жауланған мемлекеттер өздерінің емдік өсімдіктерін сол мемлекеттерге бола тәжірибелерімен бөлісе бермеген. Ал европалықтардың флорасы бұл кезеңдерде нашар зерттелді, себебі белгілі мамандар өздерінің халықтарының тәжірибелеріне қарағанда Диоскорид, Гален және басқа антикалық авторлардың қолжазбаларына сенген.

Тек ХІХғ. дәрілік өсімдіктерді жаппай зерттеумен қатар олардың жаңа түрлерін тауып пайдалана бастады. XVIIIғ. дәрілік өсімдіктерді дәріханашы жинаған немесе дәріханаға жақын маңда өсірген. Фармакогнозияда дәрілік өсімдіктердің мемдік қасиеттерін табиғи, тірі күйінде және кепкеп күйінде қолдануға бейімделген. Егер мұны химиялық талдау деуге келетін болса, онда олар өсімдікті дәміне, түсіне және тұнбаның иісіне қарай бағалаған. Осылай көптеген жылдар бойы жалғасып келген. Тек XVIIIғ. сонында швед дәріханашысы К. Шееле қазіргі заманға ұқсас өсімдіктердің химиялық талдау әдісін ойлап тапты. ХІХғ. дәрілік өсімдіктерге химиялық талдау жасау жаппай жолға қойыла бастады.

Дәрілік өсімдіктер дәріханаларға тұтас шикізат түрінде емес, дайын ұнтақ немесе кейде қатты ұнтақталған күйде түсе бастады. Мұндай шикізатты «көзбен» көріп тіпті тәжірибелі адамға тануға қиын болатын. Осылайша фармакогнозияға микроскоп кірді. Өсімдіктің құрылысын микроскоп арқылы зерттеу қарқынды дами бастады, мұны ботаникада «өсімдік анатомиясы» деп атайды. Өсімдік анатомиясы сол кездегі белгілі фармакогностикалық мәліметтерді жинауымен болған. Өткен ғасырдың соңында және қазіргі ғасырдың басында атақты швейцар маманы А. Чирх пен орыс маманы В. Тихомиров дәрілік өсімдіктерге белсенді микроскопиялық талдау жасаған. Осылайша қазіргі фармакогнозия дами бастады, дәрілік өсімдіктер ілімі адамзаттың ең көне қолданбалы ғылымының бірі болды.

Ал енді дәрілік өсімдіктер Ресейде қалай қолданғаны жөнінде қысқаша тоқталып өтейік. Славян халқында қолжазбалар Хғ. дами бастаған және олар қалдырған өсиеттер және аңыздар бойынша тарихын кейін пайда болған авторлардан білуге болады, және грек, араб жазушыларының және археологтар қазба жұмыстарынан да білуге болады. Шығыс славяндары шөптерді ауруларды емдеу үшін қолданғандығын көрсетеді. Мұнымен көріпкелушілер мен емшілер айналысқан (соңғысы көру мен білу сөзінен шыққан, халықтың «көріпкелділерге» сенгендігін көруге болады). Орыс жерінде Киевке Владимир Мономахов шақыртқан алғаш дәрігер грек Иоанн Смер болды. Дәрілер – бұл сол кепкен шөптер – Констинопольден – Царь-град пен генуэз колониясынан Қырымға әкелінген. Алайда көптеген монастырлардағы орыс ғалым монахтары жергілікті дәрілік шөптерді жинай бастаған – олар грек травниктерінің сипаттамасы бойынша жинаған немесе сол өсімдіктерге ұқсас түрлерін жинап – ауруларды емдеген. Өкінішке орай, сол кездегі травниктердің қолжазбалары сақталмаған. Кейбір ежелгі орыс медицинасының қолжазбаларын ежелгі орыс әдебиеттерінен табуға болады, әсіресе, «Петр және Феврония повестінен», оны кейбір авторлар XIIIғ. жатқызады. Бұл повесте Петр, жыланмен айқасында, үсті басын жара қаптап кеткен, ол ұзақ уақыт бойы емін таба алмаған, бірақ Рязан бикеші Феврония көмектесіп емдеген. Повесте Февронияның қарапайым халықтан шыққандығы жөнінде жазылған және борттық жұмыспен айналысатын адамның қызы және қарындасы болған, олар жабайы аралардың балын жинаумен айналысқан, осыған қарап Февронияның таза халықтық медицинаны қолданғанын байқауға болады. Мемлекеттік орталықтана бастауына қарай медициналық қызмет те жинақтала бастады, қала тұрғындарын дәрілермен қамтамасыз етті. Қалаларда дәріхана ұқсас – «зелейные лавки» пайда болды, онда «зелейниктер» түрлі шөптерді сатумен айналысты және олардан дәрілер жасады. Орыс дәрігері Строгандық тұз дайындайтын жерде қызмет етіп жүріп грек емдік кітабын аударған, оны Орыстар «Строгандық емдік дәрілері» деген. Бұл кітап бізге дейін сақталынбады, бірақ кейінгі қол жазбаларда ескеріліп кеткен. Орыс фармациясы Хғ. Киев топырағына сіңген гректердің дәстүрлерінен шабыт алған, ол дәстүр орыс қауымында монғолдарға дейін сақталған. Орыс қауымдарының Византиямен байланысы үзілген соң, үш ғасыр бойы басқа жердің емшілерінің болмауы, орыс медицинасына қайта оралуына әкелді. XVғ. Ресей көрші батыс әлемімен қайтадан мәдени байланысқа шықты. Қайтадан латын және грек кітаптары аударыла бастады. XVғ. ортасында Галеннің Гипократты қатты сынға алған кітабы жарыққа шықты. Бұл еңбектің авторлық құқығы бекітілмеген, ғалымдардың айтуы бойынша бұл кітап XVғ. аударылған және сол кезде көшіріліп алынған кітап деседі. Сондай-ақ «Псевдоаристотельдік» кітап аударылған, Аристотельдің еңбектеріне ортағасырлық европалықтардың сындары жазылған. Орыстар оны «Аристотельдің қақпасы» деп те атаған; онда дәрілік өсімдіктер кірген және емдеу жолдары жазылған. Ал батыс европалықтардың «Аристотель қақпасына» антикалық тәжірибелерді ғана кіргізіп қоймай, соңымен қатар араб медицинасының жетістіктерін кіргізген. Ресейде православтық шіркеу «Аристотель қақпасын» еретикалық деп шешкен және 1551ж. оны қолдануға болмайды деген шектеу қойған, бірақ сонда да бұл кітап ұзақ уақыт бойы қайта көшіріліп және сол кездегі орыс дәрігерлеріне қатты әсерін тигізген.

XVІғ. Ресеймен Батыс Европаның байланысы жандана түсті. Мәскеуде Иван ІV жаңа «неміс» дәріханасын ашты, бұл дәріхана орыс тілінде сөйлей алмайтындар үшін «мылқау» дәріханасы еді. Кейін қолжазбаларды аудара түсті. Осы травниктер әлі күнге дейін белсенді талқыланатын еңбек ретінде танылған. Осы қолжазбалардың тізімі Санкт-Петербург, Мәскеу және басқа да ірі қалалардың библиотекасында жүздеп саналады. Бұл аудармалар екі европалық травниктерінен таралған деседі: польша тілінен латын тіліне аударылған (қазіргі таңда бұл еңбек жоғарып кеткен) және неміс тілінен аударылған, саксон травнигі 1492ж. Любек баспасынан шыққан. Ресейде дәрілік шөптерді кеңінен қолдану XVІІғ. ортасында патша Алексей Михайловичтің бұйрығынан басталды. Ол «Дәріханалық бұйрық» еді, сол кезден бастап патша сарайын және тіпті әскерді де дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз еткен. Ал 1654ж. Мәскеуде ресейдегі ең алғашқы медициналық мектеп ашылды, онда дәріханашыларды дайындады. Мемлекеттік дәрілік өсімдіктерді дайындау басталды; Сібір жерін жағадан ашып меңгіріп жатқан қазақтар мен қызмет етуші адамдарға сол жерде емдік қасиеті жақсы өсімдіктер табылса хабарлап отыруы керек еді. Арнайы «дәріханалық бау бақшалар» ашылды – бақтарда дәрілік өсімдіктерді өсірумен айналысқан. Мәскеуде олар бірнешеу болған. Петр І мемлекетті дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз еткен. Оның бұйрығымен «дәріханалық бау бақшалар» ірі қалалардағы әскери ауруханалардың жанында отырғызылған. Санкт-Петербургтың дәріханалық аралында үлкен үлгідегі дәріханалық бай пайда болды. Осы дәріханалық бақ Ресейдегі ғылыми ботаниканың орталығына айналды және әлемдегі ірі ботаникалық мекемеге айналды – КСРО ҒА Ботаникалық институты. Петр І бұйрығымен ірі дәрілік өсімдіктер плантациясы құрылды; Лубнадағы плантация осы күнге дейін сақталған. Жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерді де кең масштабта қолданды. Крестьяндарға «ягодная повинность» деп аталатын жұмыс берілді, олар дәрілік өсімдіктерді жинаулары керек еді. Бұның бәрі кең масштабта таралған, 1754ж. медициналық канцелярия (Петр І кезінде «Дәріханалық бұйрық» деп аталған) шет елдерден дәрілік өсімдіктерді әкелудің қажеті жоқ деп шешті. Петр І құрған ғылым Академиясы өзінің қабырғасында белгілі ғалымдарды жинады, олардың қатарына бірнеше ірі жаратылыстанушы ғалымдар жиналды. Бірінші орыс фармакопеясына (латын тілінде 1798ж. шыққан) ғылыми Академияның экспедициясы кезінде табылған жаңа дәрілік өсімдіктер де кірді. XVІІІғ. соңында – ХІХғ. басында Ресейлік дәрілік өсімдіктерге қызығушылық артты. Н.М. Амбодик-Максимович өзінің көп томдық «Врачебное веществославие» деген еңбегін басып шығарды, онда көптеген дәрілік өсімдіктердің сипаты мен суреттері берілген. Атақты орыс аграномы А.Т.Болотов өзінің баспасынан шығып жүрген «Экономикалық дүкен» деген журналында дәрілік өсімдіктерді қолдану жөнінде 500 мақаланы жазған. Медико-хирургия академиясының профессоры А.П.Нелюбин екі томдық «Фармакографиясын» басып шығарды. Өкінішке орай ХІХ ғасырда Ресейлік флорадағы дәрілік өсімдіктерге қызығушылықтың төмендегенін байқауға болады. Бұл мемлекеттің орталықтарының дәріханаларын ғана дәрілік өсімдіктермен қамтамасыз етуімен байланысты және жұмыстың жеке меншікке өтуіне байланысты болды. Дәрілік өсімдіктер орталық облыстарда және мемлекеттің оңтүстігінде мәденилене түсті; жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерден де дәрі жасала берді. Бірақ дәрілік препараттардың көбі дәріханаларға шетелдерден әкелінді. Орыс фармацевтикалық нарығын ірі неміс фирмалары жаулап алды, олар Ресейге дайын дәрілік препараттарды әкелген және сол жерден дәрілік өсімдіктердің шикізатын өңдеу үшін алған. Осы кезде орыс дәрілік флорасы кеңінен зерттеле бастады. Халық медицинасына көңіл аударылып қызығушылық артты. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін земский дәрігерлерінің көмегі тиді. Бұл мәліметтердің барлығы практикалық қолданысқа енбеді және ғылыми журналдардың беттерінде қала берді. Бірінші ұлы отан соғысы кезінде 1914-1918жж. орыс дәріханашылары өздерінің үйреншікті істерінен айырылып қалды. Жергілікті тұрғындарды және әскерлерді фармацевтикамен қамтамасыз ету қиындай түсті. Қатты қажеттілік туындаған соң мемлекет дәрілік өсімдіктерді іздестірудің жаңа жолдарын табу үшін, плантацияны кеңейту үшін, дәріні дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл жұмыс өзінің жемістерін әкелді: опиялық мак плантациясы құрылды, көптеген губернияда дайындайтын мекемелер ашылды, дәрілік өсімдіктерді жинаудың жолдары жарыққа шықты, құнды өсімдіктердің ресурстары табылды және т.б.

Азаматтық соғыс бұл жұмыстарды тоқтатты, 1921ж. Кеңес Халық Комиссарияты арнайы дәрілік өсімдіктерді жинау және мәденилендіру жөнінде қаулы жариялады. Ол КСРО-да дәрілік өсімдіктерді қолдану жөнінде тарихи ізін қалдырды.

Советтік фармакогнозияның қалыптасып, дамуы ол бүкіл КСРО-дағы фармакологтар қауымы еңбектерінің нәтижесі. Әсіресе бұл салаға еңбек сіңіргендер профессорлар Гаммерман А.Ф., Щербачев Д.М., Томингас А.Я. және т.б.

Әсіресе Гаммерман Адел Федоровнаның (1888-1978) еңбегі ерекше. Ол 30 жылдан астам уақыт Ленинград химия-фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол кісі дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық курсын жасап шығарады. Сонымен қатар ол оқу бағдарламасына тауартанушылық және фитохимиялық талдау жасауды еңдірді. Сол А.Ф. Гаммерманның мектебінен профессорлар К.Ф.Блинова, Г.П.Яковлева, Л.И.Эристива, Д.А.Муравьева және т.б. шықты.

Фармакогнозияның дамуына проф. Щербачев Д.М. үлкен үлес қосты. Д.М.Щербачев (1864-1957) Р.А.Тихомировтың оқушысы. Щербачев КСРО-дағы ең бірінші фармакогнозия (1930) оқулығының авторы. Ол көп жылдар бойы Москва фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық әдістерін жасауға көп үлес қосты.

Эстонияда ТарГУ университетінде А.Я.Томингас дәрілік өсімдіктер химиясын және олардың филогенетикалық байланыстарын зерттеумен айналысты.

Украинада фармакогнозияны дамытуға Харьков фармацевтикалық институтының профессоры Ю.Г.Борисюк еңбек сіңірді. Кавказда фармакогнозияның дамуы Тбилиси медицина институтының профессорлары Э.Я.Аболяға және В.Е.Шотадзеге байланысты. Фармакогнозияның дамуы Әзірбайжанда процессор И.А.Дамиров, Өзбекстанда профессор Хазанович Р.Л. және профессор Х.Х.Халматов, Томскіде профессор Л.Н.Березнеговский еңбектеріне тікелей байланысты.

Қазіргі кезде Қазақстанда фитохимиялық зерттеу жұмыстары Қарағандыдағы фитохимия (проф. Адекенов С.М.), Шымкент химфарм заводында, ҚазМУ-нің химия факультетінде «табиғи қосылыстар химиясы» кафедрасында кеңінен жүргізілуде.

 

2. ДӘРІЛІК  ӨСІМДІКТЕРДІ  ІЗДЕУ,  ЖИНАУ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  РЕСУРСТАРЫН  ҚОРҒАУ

 

2.1. Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау және кептіру әдістері

 

Көптеген жаңа ғылыми жұмыстар әлі белгісіз дәрілік өсімдіктерді зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың 3 жолы бар.

1-ші жолы – биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір – біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады.

Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат – оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі. Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді.

Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.

Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы – елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.

Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы – халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесі медицина – қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында осы екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер – Египет – Грек, Үнді және Қытайлық – халықтық медицинадан бастау алады.

Осы заманғы медицина халықтық медицинаға қарсы қойылды. Біріншісі, жазбаша мәліметтерге, дәрілерге арқа сүйенсе, ал екіншісі тірі табиғат пен араласудан алынған бақылауларға сүйенді. Ғылыми зерттеулерді халық пайдаланды және халық тәжірибесі ғылыми медицина зерттеулеріне негіз болды, жалпы алғанда бұл екі медицина бір-біріне сеніміз көзқараспен қарайды. Бұрынғы заманғы медицина эмпирикалық медицинадан биік тұрады. Халықтық медицина локальді, негізінен жергілікті аймақта өсетін, өсімдіктермен байланысты. Әрине, адамдар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, бұрынғы ормандарын, шалғандарын және жайылым жерлерін басқаларға қалдырып, адамдар территорияларын үлкейтіп, шөлді жерлерді игерді. Бірақ адамзат тарихында бір тайпа екінші тайпаны ауыстырап отырған, олар бұрыннан жерді, өсімдіктерді қалай игеру керек екендігін үйреніп алды. Мындаған жылдар бойы адамдар өзі орналасқан аймақтағы өсімдіктерді зерттеп таныды.

Осыдан жүздеген немесе, ондаған жылдар бұрын ауылдық жерлерде тұратын халыққа замануи медицина жетімсіз болса, ал қазір медициналық көмек ала алмайтын ауылдық жерлер жоқ деуге болады. Осыған байланысты халықтық медицина қажеттілігі төмендеді. Себебі жергілікті аймақта ол қанша маңызды болса да, қазіргі заманғы ғылыми ұжымдық медицинамен қатар жүре алмайды.

Халықтық медицина жайындағы мәліметтер жинау және осыған сүйене отырып жаңа дәрілік өсімдіктерді табу немесе ескі дәрілік өсімдіктерді жаңа заман медицинасында жаңа қасиеттерін тауып қолдану күрделі жұмысты талап етеді. Дала және орман аймақтарында өсімдіктердің әртүрлі түрлері өседі, сондықтанда халық медицинасы әлі толық зерттелмеді.

Халық медицинасы туралы мәлімет жинауда, басты мәселе қариялармен сөз табысу болып саналады, себебі көптеген мәліметтер қариялар жадында сақталған.

Халық медицинасын зерттеудің негізгі формасы «рецепт» жазу. Ақпарат жазу әңгімелесу үстінде болуы тиіс, ал егер ондай мүмкіндік болмаса, сұрастырып болған соң кешіктірмей жазу крек. Жазу уақытын, елді мекеннің нақты аты және айтып отырған адам жайында толық көрсетілуі керек. Ескере кететін жайт, егер қандай да бір себептермен өсімдіктің ғылыми атауы анықталмаса, жазба құндылығы болмайды. Өсімдіктің емдік қасиеті бар бөлігін көрсету өте маңызды. Сондықтан әрқашан, айтылып отырған өсімдіктің кепкен түрін немесе ең жақсы далада өсіп тұрған күйінде көрсетуді сұрау керек.

Дәрі жасау әдісін жазып алу оңай жұмыс, бұл кезде әдістер бір тектес, бірақ, кейде ырымдаушылыққа, пайымдаушылыққа байланысты күрделіленіп кетеді. Міндетті түрде барлық сатыларын қалдырмай, мағынасыз көрінсе де, жазып алуымыз тиіс. Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа. Ғылыми медицинада белгілі аурулар түрлерін, халық медицинасы біле бермейді. Мәлімет жинаушы адамның жақсы бір ережесі бар: бір адамға берілген бір ауруды емдейтін өсімдік, ол әлі мәлімет емес. Егер бұл өсімдік бір ауруды емдейді деп бірнеше адам және маңыздысы бір – бірін танымайтын, әр жерден болса, бұл өсімдікке көңіл бөлуге болады.

Халық медицинасы – көпғасырлық ұжымдық тәрбиенің жемісі. Бірақ бұл тәжірибе білімнің әрқашан бірдей болмайтынына көңіл бөлу керек. Табиғатты бақылауға және емдеу өнімдерімен шұғылдануға ниеті бар адамдар әрқашан болған және болады да.

Халықтық тәжірибе тірі және өзгермелі. Ол көне мәліметтерден ғана емес, соңғы бақылаулардан да тұрады. Қазірде де өсімдіктердің емдік қасиетін анықтап жатқан адамдар кездеседі. Халықтық тәжірибе медицинаны әрқашан толықтырып отырады. Бұл соңғы онжылдықтарда анық көрінді, қазір оны қателесу деп санамайды, керісінше терең зерттелуде деп қабылдайды. Бірақ зерттеуде асықпасақ, халық медицинасы жойылу алдында, онымен бірге еш жерде жазылмаған көп жылдық тәжірибелер жоғалады.

Бұл жолмен алынған мәліметтер көпшілікке қызықты. Енді ғана халықтан алынған мәліметтер, ғылыми медициналық тексерістен өтуі керек, содан кейін ғана дәрігерлермен науқасты емдеу үшін қолданылады. Халықтан жиналған мәліметтерді өзіне немесе туыстарына қолдану өте қауіпті.

Әдетте, дәрілік өсімдіктерді суреттеріне қарап зерттейді, әсіресе олар түрлі – түсті гүлдері болса, гербариіне қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттеген дұрыс. Өкінішке орай, дәрілік өсімдіктердің біздің мемлекеттің жеке облыстарында таралуы туралы мәліметтер көп емес. Кеңес үкіметінің флорасы жалпы алғанда толық зерттелінген. «Флора СССР» көп томдық басылымында 17 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері тіркелген. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктер туралы өте жақсы әрі толық таралған анықтауыштар көп. Олардың негізгілері әдебиеттерде келтірілген. Осы әдебиеттердің барлығында әр дәрілік өсімдіктердің КСРО-ның қай географиялық аймағында өсетіндігі көрсетілген. Жабайы өсімдіктердің зерттеу диапазоны өте кең. Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі аймақтарда өнуіне көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, олардың биологиясына: гүлдеу уақытына, жеміс беруіне, көбеюіне, басқа өсімдіктермен байланысына, жылу сүйгіштігіне, ылғалға, топырақтың құрамына, өсу жағдайына да көңіл бөледі де, егер оларды шабатын, қазатын болса. Бұның бәрі жинау ережесін жасаған кезде яғни жоспарлағанда өте маңызды болып табылады. Себебі, белгілі бір ережеге сүйенбей жасалса, белгілі бір аймақта бағалы дәрілік өсімдіктердің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді іздеуді жеңілдету үшін оларды өсімдіктің белгілі бір типіне жатқызу керек. Толокнянканы далалық аймақтардан іздеуге болмайды, себебі олар ол жақта өспейді және де шыршалықтарда да өспейді. Оларды ормандарда кездестіруге болады. Бірақ дәрілік өсімдіктерді табумен бәрі де аяқталмайды, оны қалай жинауды білу керек. Себебі дәрілік заттар көп болу үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Сонымен қатар жиналған затты сақтау мен кептіруді білу керек. Бұл процестің барлығы өсімдіктен дәрі жасамай тұрып, жүзеге асу керек. Жылдың әр мезгілінде өсімдікте дәрі ретінде құндылығын анықтайтын биологиялық белсенді заттардың мөлшері әртүрлі болады. Ереже бойынша өсімдіктердің жер үсті жасыл бөліктері – жапырақтарында, сабақтарында, әсер ететін заттар гүлдеу және жеміс берудің бастапқы кезінде көп мөлшерде болады. Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде емдік заттардың барынша көп мөлшері болады, ал тамырында – күздің аяғында өсімдіктің жер үсті мүшелері солып қалғанда.

Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлімен қосып төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Себебі оларда шипалық қасиеті бар заттар өте аз. Және мұндай шикізаттардан дәрі дайындауға болмайды. Егер жинайтын өсімдікте сабағы көп болса, оны кептіріп болған соң жапырағы жоқ сабақтарды тастайды. Мұндай әдісті көбінесе жұпаргүлге, түйежоңышқаға және т.б. қолданады (бұл өсімдіктедің барлығында сабақтары көп және оларда әсер етуші заттары жоқтың қасы) кейбір дәрі-дәрмектер тек «гүлдерден» ғана жасалады, біз бұл сөзді тырнақшаға аламыз. Себебі, бұндай атпен фармакогнозияда тек жеке гүлдерді ғана емес бүкіл гүлденуді атайды. Әсіресе күрделі гүлділерде, сонымен қатар гүлдің жеке бөліктері де қарастырылады. Гүлді гүлдеудің бастапқы кезеңінде жинау керек, гүл солу белгілерін қорсетпей тұрғанда. Бұл кезенде гүлдерде әсер етуші заттар көп болады, сақтау кезінде аз түседі, кебуді жақсы өткізеді және өздерінің нақышын жақсы сақтайды. Гүлдерді қолмен жинайды. Шикізат ретінде гүлдерін қолданатын өсімдіктер үшін ерекше жинау үлгісі бар. Гүлшоқтары ірі кейбір өсімдіктерді жинаудың оңай механизмі бар, арнайы қалақша және тырнауыштары бар қорапша жасайды (төменгі жағында ұстауышы бар). Тырнауышты гүлшоқтарына жақындатып әкеліп, тез жыдамдықпен жұлып алады, кейіннен ол қалақшаға түседі. Осылай мысалы, дәріханалық түймедақтың (аптечная ромашка) гүл шоқтарын жинайды.

Жемістері де жапырақтары мен гүлдері сияқты құрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық піскен кезеңінде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен және тмин өсімдіктерінің жемістері зонтиктерінде орналасқандары күйінде жұлып алынады. Кейін кептіріп болған соң аяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шіріген жемісті алмайды. Көптеген нәрлі жемістерді (черника, таңқурай, бүлдірген) жинау өте қиын, ішінен матамен қабатталған корзинаға саламыз, жемістер бір-бірін езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұд кезде жемісті дәрі үшін жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Осы кезде бұларда шипалық қасиеті бар заттар көп болады және олар үлкен, әрі ауыр болады. Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі, жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазу үшін арнайы күрек болу керек. Дәрілік қсімдіктердің кез – келгенін кетпенмен де (тяпкамен) қарапайым күрекпенде қазуға болады. Тамырды қазу үшін күректі сабағынан 10 – 12 см алыс тереңдікке кірзізу керек. Сосын топырақтың қазылған жерін кеңейту үшін қозғау қимылдарын жасайды, сосын бір қозғалыспен қазылған тамыр мен тамырсабағын жердің бетіне алып шығарады. Тамырды сілкілеп топырағынан босатады сосын суға немесе кәрзинкаға тамырмен толтырып, суға салып қояды. Себебі су топырақтан тамырға жабысқан ұсақ тастарды жуады. Жуылған тамырларды таза шөпке, қаптарға немесе пергамент қағазға қойып кептіреді. Сосын тамыр мен тамырсабақты сабақтың қалдықтарынан тазалайды. Сонымен қатар тамырды зақымдалған немесе шіріген бөліктерінен тазалап, соңғы кептіру аймағына алып кетеді.

Дәрілік өсімдіктердің тамырларын ыстық сумен жууға болмайды, себебі осы кезде әсер етуші заттары жуылып кетуі мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінінің де маңызы зор. Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек, оларды аптекаға немесе зертханаға, заводтарға беруге үйге сақтауға қатыссыз барлығын кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін. Ал екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем құртуы мүмкін. Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады. Әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезінің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып қоюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес. Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, мектептің бос бөлмелері, сарай және т.б. кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан қорғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді. Ал құрамында гликозидтері бар тамыр пен тамырсабағын күнде кептіруге болмайды. Себебі құрамындағы гликозидтер ыдырап кетеді. Тамыр пен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек. Кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жай кезде шикізатты 3 – 4 күнде кептіріп алуға болады. Оңтүстікте мұны тездетуге болады, ал солтүстікте оны кептіруге ұзақ уақыт жұмсалады. Жуан тамырларды кейде бірнеше апта кептіреді. Кептіру кезінде шикізатты қалдағалап, жоқ дегенде тәулігіне бір рет аударып тұру керек. Өсімдікті арнайы кептіргіште кептіруге болады, ал қарапайым партияларды духовкада немесе қарапайым орыс пешінде кептіруге болады. Орыс пешінде көбінесе шырынды (сочный) жемістерді: раушан, таңқурай және т.б. кептіреді. Жемісті пеш жағылғаннан кейін 2-3 сағаттан соң ғана кептіруге болады, себебі, оған дейін жеміс күйіп кетуі мүмкін. Пештегі температу 80 – 90оС болу керек. Жапырақты, гүлді пеште сирек кептіреді. Бұндай кептіруді егер ауа-райы өте қолайсыз болған жағдайда ғана жүзеге асырады. «Құрғақ ауалы жағдайға» дейін жақсы кептірілген шикізатта гигроскопиялық ылғалдың мөлшері 8-15% құрайды. Ол шикізаттың сапасына әсер етпейді. Жақсы кептірілген тамырлар шытынап сынады, сабақтары да сынуы керек. Нәрлі кептірілген жемістер қолмен қысқан кезде кесек-кесек болып қолға жабыспау керек. Кептірілген шикізатты дәріханаға береді. Өздеріне деп жиналған заттарды қағазға орап немесе мата қапшықтарда бірнеше жыл сақтауға болады. Өте көп сақталған дәрілік өсімдіктердің жапырақтарын, гүлдерін тіптен жақсы кептірілген болса да қолдануға болмайды, себебі уақыт өткен сайын олар қасиеттерін жоғалтады.

Дәрілік өсімдіктерді дайындаудың екінші бір жағын да ескерген жөн. Дұрыс жоспарланбаған және дайындықты ұқыпты, тиянақты өткізбеу жеке түрлерді ғана емес, кейбір жағдайларда түгелімен басқа түрлерді де өте үлкен апаттық жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Шектен тыс ұрықтарды жинау, өсімдіктердің жер асты мүшелерін, тамырларын және тамырсабағын жинау өсімдік популяциясының толық жойылуына алып келеді.

Бұл қауіп ареалдарды шамалы (көлемі) сирек түрлерге ғана емес, қарапайым түрлерге де әсер етеді. Мұндай қиындықтардан шығу үшін, дәрілік өсімдіктерді дайындау барысында барлық операцияларды қатаң бақылау керек. Дәрілік өсімдіктерді жинауға денсаулық сақтау қажеттілігіне және жеке қолданысқа дайындау арнайы рұқсатпен және бұл жұмыстың техникасына сәйкес білімі болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.

Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдық мөлшері туралы мәлімет (Егеубаева, Аверина 1999) № 1 кестеде келтірілген. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды.

Ескеретін нәрсе, шаң басқан немесе әртүрлі насекомдармен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.

Бүршіктерді ерте көктемде жинаған дұрыс, яғни наурыз (март) – суәр (апрель) айларында әрі таралмаған ісінген кезінде. Медициналық мақсатпен өсімдік қабықтарын тек жас бұтақтардан алған дұрыс. Шөптесін өсімдіктерді гүлдеген кезінде жинайды, оларды төменгі жапырақ деңгейінде кесіп алады. Жапырақтарды гүлдеу алдында немесе гүлдеу басталғанда немесе толық гүлдегенде жинайды. Өсімдік өліп қалмау үшін жапырақтардың көбісін жинамай қалдырады. Гүлдерді гүлдеу енді басталғанда жинаған дұрыс.

 

1-кесте

Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері (квота-нормасы)

 

Өсімдіктер түрі

Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі)

Барлығы тонна

1

Аңдыз тамыр, айр- Acorus calamus – Аир

Тамырсабақ

3,5

2

Ақезу бәрпі – Aconitum leucostomum – борец белоустый

Шөп

100,0

3

Дәрілік жалбызтікен – Althaea officinalis – алтей лекарственный

Тамырсабақ

2,0

4

Етжапырақ бадан – Bergenia crassifolia – бадан толстолистый

Тамырсабақ

5,0

5

Қара мендуана – Hyoscyamus niger – белена черная

Жапырақтар

35,0

6

Қайың – Betula – береза

Бүршіктер, жас жапырақтар

2,5

7

Доланалар (Алматы, Жоңғар және т.б.) – Crataegus – Боярышник

Жемістер

20,5

8

Самарқан салаубасы – Helichrysum maracandicum – бессмертник самаркандский

Гүлдер

5,0

9

Түркістан валерианасы – Valeriana turkestanica – валериана лекарственная

Тамырлар

1,5

10

Жантақ – Alhagi – верблюжья колючка

Шөп

9,0

11

Кәдімгі адыраспан – Peganum harmala – Гармала обыкновенная

шөп

9,0

12

Шаян мойын таран – Polygonum bistoria – горец змеиный

Тамырсабақ

1,0

13

Бұрыш таран – Polygonum hidropiper – горец перечный

Шөп

3,0

14

Қызыл таспа – Polygonum aviculare – горец птичий

Шөп

4,0

15

Айланшөп таран – Polygonum percicaria – горец почечуйный

Шөп

2,0

16

Биік аңдыз – Inula helenium – девясил высокий

Тамырсабақ

9,0

17

Дәрі түйежоңышқа – Melilotus officinalis – донник лекарственный

Шөп

1,0

18

Кәдімгі емен – Quercus robur – дуб обыкновенный

Қабық

1,0

19

Кәдімгі жұпаргүл, киікшөп – Origanum vulgare – душица обыкновенная

Шөп

12,0

20

Тор жеміс тегеурінгүл – Delphinium dictyocarpum – живость сетчатоплодная

Шөп

2,0

21

Шілтержапырақ шәйқурай – Hepericum perfotum – зверобой продырявленный

Шөп

12,0

22

Бунге киікоты – Ziziphora bungeana – зизифора Бунге

Шөп

3

23

Кәдімгі аюқұлақ – Verbascum thapsus – коровк обыкновенный

Гүлдер

1,0

24

Қосүйлі қалақай – Urtica dioica – крапива двудомная

Жапырақтар

12,5

25

Дәрі шелна – Sanguisorba officinalis – кровохлебка аптечная

Тамырсабақ

1,0

26

Мықсыр рапонтикум – Rhaponticum cartamoides – рапонтикум сафлоровидный

Тамырсабақ

0,2

27

Жөке ағаш – Tilia – липа

Гүлдер

3,5

28

Шоңайна – Arctium – лопух

Тамырлар

4,0

29

Таңқурай – Rubus – малина

Жемістер

2,0

30

Кәдімгі өгейшөп – Tussilago farfara – мать-и-мачеха обыкновенная

Жапырақтар

3,0

31

Азия жалбызы – Mentha asiatica – мята азиатская

Жапырақтар

4,0

32

Итшомырт шырғанақ – Hippophae rhamnoides – облепиха крушиновидная

Жемістер

50,0

33

Кәдімгі бақбақ – Taraxacum officinalis – одуванчик лекарственный

Тамырлар

2,0

34

Кәдімгі жұмыршақ – Capsella bursa-pastoris – пастушья сумка

Шөп

2,1

35

Кәдімгі түймешетен – Tanacetum vulgare – пижма обыкновенная

Гүлдер

17,0

36

Таушымылдық -  Paenia – пион

Шөп және амырлар

3,0

37

Үлкен бақажапырақ – Plantago maior ­­­­­– подорожник большой

Жапырақтар

3,2

38

Ащы жусан – Artemisia absinthium – полынь горькая

Шөп

5,5

39

Түркістан сасықшөбі – Leonurus turcestanicus – пустырник Туркестанский

Шөп

3,0

40

Қызғылт семізоты – Rhodiola rosea – родиола розовая

Гүлдер

1,0

41

Дәрілік ромашка – Matricaria recutita – ромашка лекарственная

Гүлдер

1,0

42

Сібір шетені – Sorbus sibirica – рябина Сибирская

Жемістер

1,0

43

Жалаң мия – Glycyrrhiza glabra – солодка голая

Тамыр

40,0

44

Орал миясы – Glycyrrhiza uralensis  – тимьян маршаллиевский

Шөп

40,0

45

Маршалл жебірі ­– Thymus marschallianus – тимьян маршаллиевский

Шөп

4,1

46

Кәдімгі тмин – Carum carvi – тмин обыкновенный

Жемістер

1,0

47

Кәдімгі мыңдапырақ – Achillea millefolium – тысячелистник обыкновенный

Шөп

19,0

48

Кәдімгі цикорий – Cichorium intybus – цикорий обыкновенный

Тамыр және шөп

2,0

49

Лобель тамырдәрі – Veratrum Lobelianum – черемица лобеля

Тамырсабақ

2,0

50

Үштармақ итшоған – Bidens tripartite – череда трехраздельная

Шөп

4,5

51

Қаражидек – Vaccinium – черника

Жемістер

1,0

52

Үлкен сүйелшөп – Chelidonium majus – чистотел большой

 

 

53

Дала қырықбуыны – Equisetum arvense – хвощ полевой

Шөп

2,2

54

Кәдімгі құлмақ – Humulus lupulus – хмель обыкновенный

Жеміс шоғыры

0,9

55

Раушандар – (Rosa alberti, R.beggeriana, R.majalis) – шиповники

Жемістер

33,0

56

Жылқы қымыздық – Rumex confertus – щавель конский

Тамырлар

2,5

57

Қырықбуын қылша – Ephedra equisetina – хвойник хвощевой

Өркендер

800,0

58

Сиверс алмасы – Malus sieversii – яблоня сиверса

Жемістер

1000,0

 

Медицинада шырынды және құрғақ жемістерді пайдаланады. Одарды тек піскен кезде ғана жинаған дұрыс. Шырынды жемістерді таңертең ерте немесе кешке жинайды. Оларды жинағанда үлкен сақтықпен езіп алмай жинап, ішінде тартып-керіп қойған қалта немесе қабы бар себетке салады. Тез түсіп шашылып қалатын жемістері бар өсімдіктердің жемістерін жинағанда олардың гүлшоқтарын кесіп алып бауға (сноп) байлап көлеңкелі жерге жемістері пісіп жетілгенше іліп қою керек. Сосын сондай кептірілген бауларды өңдеп жемістерін алады.

Тұқымдарды піскеннен кейін жинайды, қыста зең (плесень) пайда болмас үшін шаңнан, әртүрлі қоспалардан тазартады, таза ауада кептіреді. Тамырлар және тамырсабақтарды күзде өсімдіктің жер үсті мүшелері сола бастағанда дайындайды.

Жерден күрекпен қазып алынған тамырларды және тамырсабақтарды сілкіп-сілкіп, тазалап жуып қағазда, матаға немесе таза жерге жайып кептіру керек.

Жалпы өсімдіктерді кептірудің 4 әдісі бар:

1. Табиғи, бұл жағдайда шикізатты қағаздың немесе матаның бетіне жайып қойып жиі-жиі аударып тұрады.

2. Көлеңке кептіру, бұл жағдайда жақсы желденетін жабық ғимараттың ішінде кептіреді. Табиғи нақыштары сақталады.

3. Күн түскен жерде кептіру, бұл жағдайда өсімдіктер қабығы, тамырлары, тамырсабақтары, тұқымдары және жидектері кептіріледі.

4. Жылулықта кептіру (қолдан жылыту арқылы), бұл жағдайда температураны реттеп тұруға болады, шикізат тезірек кебеді.

Дәрілік өсімдіктер түрлеріне байланысты әдебиеттерде олардың қайсысын қай мезгілде жинауға болатындығын көрсететін күнтізбесі болады (Мухитдинов Н.М. Паршина Г.Н. 2001). Сол күнтізбесіне байланысты жинау керек. Мысалы, кәдімгі емен (Quercus robur – Дуб черешчатый), ешкітал (Salix caprea – Ива козья) шипалық қасиеті бар бөліктерін қабығын наурыз (март) айында жинайды. Ал қотыр қайыңның (Betula pendula) және қара теректің (Populus nigra – Тополь черный) бүршіктерін сәуір (апрель) айында жинау керек. Қара аңдыздың (Inula helenium – Девясил высокий) тамырлардың тамырсабатарын; сасықтамырдың (Ferula foetida – Ферулла вонючая) түйнек-пиязшықтарын; кәдімгі бақбақтың (Taraxacum officinale – Одуванчик обыкновенный) тамырларын сәуірде (апрель) жинау керек. Ал дәрілік қырмызыгүлдің (Calendula officinalis – Календула лекарственная), орман құлайырының (Malva silvestris – Просвирник лесной) гүлдерін шілде (июль) айында жинау керек. Ал итшомырттың (Hippophae rhamnoides – Облепиха крушиновая) жемісін қарашада (ноябрь), кәдімгі аршаның (Juniperus communis – Можжевельник обыкновенный) бүрін-жидегін желтоқсанда (декабрь) жинау керек. Яғни, шипалы қасиеті бар ББЗ өсімдіктің қай мүшесінде жинақталады, олар қай кезеңде жақсы күйде болады, соған байланысты жылдың әр кезеңінде дәрілік өсімдіктер жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің қайсы түрлерін қай мезгілде жинауға болатындығы туралы біздің «Лекарственные растения» деген кітабымыздың (Мухитдинов, Паршина 2002) 288-301 беттерінде келтірілген.

Дәрілік өсімдіктер шикізаты құрғақ, қараңғы, таза жайда сақталуы керек. Әрине, дәрілік өсімдіктерді сақтау қағидасы техникалық талаптарға сәйкес болуы керек.

Өсімдік өркендерін, жапырақтарын, гүлдерін, бүршіктерін сақтау 2 жылдан аспауы керек, ал тамырларды, тамырсабақтарды және қабығын сақтау – 3 жылдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімнен ұзағырақ сақтағанда дәрілік шикізат өзінің белсенділігін жоғалтады. Жалпы орташа алғанда шикізат шамамен 2 жыл сақталуы керек. Кейбір жағдайларда ол мерзімді қысқартуға немесе керісінше ұзартуға болады:

Улы және әсері күшті шикізаттар.

Эфир-майлы шикізаттар.

Жемістер және тұқымдар.

Бір-бірінен бөлек жеке жайларда сақталуы керек. Шикізаттар сөрелерде (стеллаж), қатарларда (штабель) сақталады. Сөрелермен еденнің арасы 25 см-ден кем болмауы керек. Қатарлар арасы 80 см-ден аз болмауы керек. Қатарларға шикізат атын, жиналған жылын, айын көрсетіп, этикетка жапсырып қою керек. Жайдың ішін және сөрелерді жыл сайын дәрілеп (дизенфекциялап) тұру керек. Әрине әдебиеттерде келтірілген дәрілік өсімдіктерді жинау күнтізбесін биологиялық тұрғыдан дұрыс түсінген жөн. Дәрілік өсімдіктердің бөліктерін жинау олардың вегетациялық өсіп дамуының ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Қандай вегетациялық күйде жинау ол ББЗ қай кезеңде мол жиналатына байланысты. Өсімдіктерді онтогенездік тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің әрбір түрінің ең тиімді жинау кезеңдері анықталады. Әрине өсімдікті жинаудың нақтылы күнтізбесі мемлекетіміздің географиялық аймақтарына, климат жағдайларына бағынышты. Мысалы зире (carum – тмин) және жемістері оңай шашылатын өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын «шық» (роса) кеппей ерте таңертеңгісін жинайды, ал жер үсті мүшелерін керісінше «шық» кепкеннен кейін жинайды. Осыған байланысты дәрілік өсімдіктің әрбір түріне байланысты олардың шикізатын жинау ережесі бар.

Шөптер.

Табиғат жағдайында шикізат жинаушылар егер де өсімдік сиректеу кездесетін болса, оны пышақпен, ал егер де өсімдік көп – жиі топтала кездесетін болса – орақ, секатор арқылы жинайды. Егер өсімдік көпжылдық болса оны жер асты мүшелерімен қоса қопарып, жұлып алуға болмайды.

Жапырақтар.

Сағақтарымен, сағақсыз шикізаттың сипатына байланысты қолмен қыршып жинайды. Егер де шикізаты сабақсыз өсімдіктердің жапырақтарында (розеточные) болса, онда оларды пышақпен тамырына зақым келтірмей кесіп алады. Ірі шөптесін өсімдіктердің қос жапырақтарының тек ірі жақсырақ дамып жетілгендерін жинайды.

Гүлдер.

Гүлдерді жинау техникасы ол гүлдің мүшелеріне, орналасуына байланысты (жеке ме, жоқ әлде, гүл шоғы түрінде ме). Аюқұлақ (verbascum – коровяк) күлтелерін жай гүлдерден жұлып алуға болады; ақбадамның (sambucus – бузина) гүлдерін қалқан сияқты кесіп алуға болады. Дәрілік түймедағының (matricaria recutita – ромашка лекарственная) себеттерін (корзинка) қыршып жинауға болады. Дәрілік ағаш өсімдіктерінің гүлдерін, мысалы жөке ағашының (tilia – липа) гүлдерін сатыға шығып гүлдері бар өркендерін қайшымен кесіп алу керек.

Жемістер және тұқымдар.

Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістерін және тұқымдарын, жер үсті мүшелерін орақпен кесуге болады. Жидектерді қолмен жинап алды. Шырынды жемістерді (шетен – sorbus – рябина, мойыл – padus – черемуха) соплодин түрінде (гүлшоғы) бақша секаторымен кесіп жинайды.

Тамырлар, тамырсабақтар, түйнектер.

Жер асты мүшелерін жинау үшін күрек, қайла (кирка), кетпен, шот (мотыга) арқылы топырақтан қазып алады. Аспапты таңдау өсімдіктің өскен жерінің топырақ ерекшеліктеріне байланысты. Мемлекеттік немесе жекеменшік шаруашылықтарда өсімдіктердің тамырларын, тамыр сабақтарын жинау механикаландырылған. Мысалы, мия тамырдың (glycyrrhisa uralensis – солодка уральская) тамырын ол өскен жерлерден топыраққа терең енетін соқаларды пайдаланып трактордың көмегімен қазып алады.

Қабық.

Өсімдікті шырыны қозғалысқа келген кезеңде жинайды. Өйткені бұл кезеңде қабықты ксилемадан оңай ажыратып алуға болады.

Жас ағаштар және бұталардың бұтақтарынан, діңдерінен бақша пышағымен жартылай шар немесе шар тәріздес көлденең бірінен-бірі 20-25 см қашықтықта кесіп – тіліктер жасайды. Сосын ең жоғарғы көлденең кесіктен бастап ұзына бойы 2-3 кесіктер жасайды. Соның нәтижесінде пайда болған қабық жолақтарын төменгі кесікке қарай тартады, бірақ оған жеткізбейді. Сол күйінде қабық жолақтары біраз уақытқа қалдырылады. Шамалы солып, кебіңкірегеннен кейін сыпырып алады.

 

Бүршіктер.

Әртүрлі әдістермен жиналады:

- Қарағай (Pinus) бүршіктерін коронканың астынан кесіп жинайды.

- Қайың (Betula) бүршіктерін әдетте сыпырғы дайындағанда бұтақтарды кесу арқылы жинайды.

- Теректің (Populus) бүршіктерін бұтақтардан ақырын жоғарыдан төмен қарап басу арқылы ажыратып алады.

Осылайша шикізат ретінде жиналған өсімдіктің мүшелерін алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Олардың барлығы әртүрлі қоспалардан тазартылады. Содан кейін кептіруге дайындалады.

Қалай кептіру керек екендігі туралы жоғарыда айтылды.

Кептірілгеннен кейін дәрілік шикізаттар стандарттық күйге келтіріледі. Яғни сапасы жағынан ГОСТ, ФС, ВФС стандарттарының талабына сай болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаттарының сапасы мемлекеттік органдар бекіткен стандарттардың талабына міндетті түрде сәйкес болуы керек.

- ГОСТ дегеніміз бұл КСРО кезінде бекітілген мемлекеттік стандарт.

- ФС дегеніміз фармакопеялық статья.

- ВФС дегеніміз временная фармакопейная статья.

Бұл жоғарыда келтірілген талаптар біздің Қазақстанда күшін жойған жоқ. Өйткені дәрілік шикізат дегеніміз ол бүкіл дүниежүзілік маңызы бар нәрсе. Сондықтан оған қойылатын талап өте жоғары болуы керек. Яғни, халықаралық деңгейдегі талапқа сәйкес болуы керек. Дәрілік өсімдік шикізаты туралы фармакопеялық мақала жазылғаннан кейін оның ішіндегі шипалық қасиеті жоғары болып медициналық практикаға ендірілгендері Мемлекеттік Фармакопеяға ендіріледі.

Дәрілік өсімдік шикізатына қатысты жасалған ФС және ВФС белгілі бір талаптарға сәйкес жасалуы керек.

ФС және ВФС-ті дәрілік өсімдіктер шикізатына қатысты былайша хаттау керек. Мақаланың (ФС) басында шикізаттың аты латынша, орысша, қазақша беріледі. Одан кейін сол шикізатты беретін өсімдік және оның қай тұқымдасқа жататыны (орысша, қазақша, латынша) беріледі, шикізаттың жиналған уақыты қандай ауруларға арналғаны көрсетіледі. Одан кейін белгілі бір тәртіппен жазылады:

Шикізатты кесу – шикізатты бөлшектеу мөлшері және оның сипаттамасы;

Микроскопиясы – шикізаттың диагностикалық белгілері келтіріледі;

Сапалық реакциясы – микрохимиялық реакциясы, хроматографиялық сынағы;

Сандық көрсеткіштері – ББЗ-дың пайыздық мөлшері, экстракты заттардың, ылғалдың, күлдің, шикізаттың бөлшектерінің мөлшері және оның ауытқу мүмкіндігінің шегі, органикалық және минералдық қоспалары көрсетіледі;

Бақылау әдістері;

Буып-түю немесе орау;

Таңбалау, тасымалдау, сақтау;

Жарамдылық мерзімі.

Негізгі фармакологиялық әсері (медицинада қолданылатын өсімдік шикізаты үшін). ФС және ВФС бекітілгеннен кейін денсаулық сақтау министрлігінде тіркеледі. Меншіктілігі көрсетіледі, ол меншіктікте министрлік индексі, тіркелген номері және бекітілген жылдың соңғы екі саны көрсетіледі.

Меншіктілікті көрсету мысалы:

ФС 52-208-2012; мұнда 52-министрлік индексі, 208-тіркеуге алынған номері, 2012-документтің бекітілген жылы.

Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару өте жауапты мәселе. Өйткені бұл шикізат дүниежүзілік сұранысты қажет ететін өнім. Сондықтан оған мұқтаждық тұрақты болатын нәрсе. Бұл шикізат табиғаттың бізге тегін берген сыйы. Соған байланысты біздер дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығарғанда еліміздің экономикасына зиян келтірмей, керісінше пайда келтіру туралы ойлауымыз керек. Жас жаңадан аяғынан тұрып келе жатқан біздің елімізде бұл проблема әлі заңды түрде бір жақсы жүйеге келіп үлгермей жатыр. Сондықтан бұрынғы КСРО кезінде бұл мәселе қалай болып еді соған қысқаша тоқталып өтейік.

Дәрілік шикізатты шетке шығару КСРО-да 1922 жылдан басталды. Жекеменшік фирмалардың орнына Советтік әртүрлі ұжымдар келді: Госмедторгпром, Госторг, Юготрава, Центрсоюз және т.б. Көптеген дәрілік өсімдік шикізаттарын шетке шығару бұрынғыдай қалпына келтірілді, олардың ішінде түйемедағы (ромашка – matricaria), жөке ағашы (tilia – липа) гүлдері, мия (glycyrrhiza – солодка) және т.б.

Бұл бағыттағы жұмыстар 1929 жылы түбегейлі жақсарды. Өйткені көптеген ұжымдардың орнына бір ғана ұжым – «Лектехсырье» пайда болды. Осы ұжым ғана шикізаттарды жинап, дайындау және шетке шығарумен айналысатын болды. «Лектехсырье» КСРО-да бірнеше (Ленинградта, Одессада, Новосибирскіде және Владивостокта) үлкен экспорттық базалар ұйымдастырды. Осы базаларға КСРО-ның әртүрлі региондарынан тауарлық массалар келіп, осы базаларда ол шикізаттарға лабораториялық сараптамалар жасалып, шикізаттар қосымша жөнделіп экспорттық кемелге жеткізілді. Бұл базаларда тиісті сорттаушы, буып-түюші, таңбалаушы машиналар болды. 1937 жылы «Лектехсырье» ұжымы «Разноэкспорт» ұйымының бір конторасы болып өзгерді. Ал 1960 жылы Сыртқы Сауда Министрлігінің қарамағында арнайы «Медэкспорт» бірлестігі құрылды. Сол 1930 жылдан бастап барлық дәрілік шикізаттарды, медикаменттерді шетке шығару және шеттен әкелу операцияларын осы «Медэкспорт» бірлестігі жүргізді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дәрілік шикізатты шетке шығарудың сипаты өзгерді. Шетке КСРО-да онда қажеттігі жоқ шикізаттарды шығара бастады. Мемлекет ішінде қажеттігі бар шикізаттарды сыртқа шығаруға бірте-бірте тиым салынды. Мысалы, мияны (солодка) ішкі мұқтаждыққа пайдалана бастады. Оны ішкі өндірісте фармацевтикалық тамақ және басқа өндірістік салаларда кеңінен пайдалана бастады. Сонымен қатар дәрілік эфир-майлы шикізаттар (бәден – anisum – анис; жалбыз – mentha – мята; дәуаскөк – foeniculum – фенхель), құрамында жүрек гликозидтері бар (жалынгүл – coronaria – горицвет; наперстянка – digitalis) және т.б. пайдаланыла бастады. Өндірістің мүмкіншіліктері қазіргі кезде тек шикізат қана емес, сонымен қатар шығу тегі өсімдіктерге байланысты препараттарды шетке шығаруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінде өндірілген фитопрепараттарды көптеген мемлекеттердің дәріханаларында көруге болады. Патшалық Россияда фармакопеяны басып шығарудың кешендеуіне себеп болған ол көптеген дәріханаларындың қожайындарының шет елдің азаматтары, көбінесе немістер болуына байланысты. Бұл дәріханалар ХІХ ғасырдың ортасына дейін шет елдік дәрілік шикізаттарға тәуелді болды. Дәріханалар Россияда көптеген дәрілік өсімдіктердің бар екендігіне қарамастан шикізаттарды шет елдерден әсіресе Германиядан алдырып отырды. Ол шикізаттардың көбісі Россияда өсетін өсімдіктерден алынғанына қарамастан олардан алынған препараттар Россияда қымбат бағаға сатылып отырды. Мысалы сантонин, ол алынатын шикізат тек Қазақстанда өсетін өсімдіктен алынады. 1925 жылы КСРО-да мемлекеттік фармакопеяның (МФ) UII басылымының шығуы бірінші қадам еді, ал 1946 жылы фармакопеяның VII басылымының шығуы Ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерді регламенттеуге дұрыс өзгеріс жасады. МФ VIIІ-ден бастап фармакопеяға ендірілген өсімдік шикізатының бәрінің шығу тегі отандық болды. Тек кейбір экзотикалық дәрілік шикізаттар мысалы: чиебухи, строфанты тұқымдары, қынаның қабығы, инеккуана тамыры ғана шеттен келетін болды.

 

2.2. Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау

 

ХХ ғасырдан бастап дәрілік өсімдіктер мен олардан алынатын препараттарға айтарлықтай назар аударыла бастады. Дәрілік өсімдіктерге назар аударудың басты себебі – олардың жоғары терапевтикалық (емдік) құндылығы, кері әсерінің аз болуы.

Адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдік бұзылып, табиғатқа көптеген зиян келіп жатыр. Оның басты бірінші факторы – жер бетіндегі халық санының күн санап өсуі. Егерде 1800 жылы планетамызда 1 млрд адам тіршілік етсе, 1900 жылы 2 млрд., 1980 жылы 4 млрд-қа жетті. Адам санының тез өсуінің бір себебі – санитарлық жағдай мен медициналық көмектің жақсаруы. Өткен ғасырларда мыңдаған адамдар оба, тырысқақ ауруларынан қайтыс болған. Сонымен қатар, халықтың таралуы да айтарлықтай әсер етеді. Көптеген жылдар бойы халықтың көп бөлігі ауылды жерлерде тұрған.

Табиғатқа әсер ететін екінші фактор – ауыл шаруашылығында химиялық заттардың (тыңайтқыштар, пестицидтер, инсектицидтер) көптеген пайдалануы мен өндірістік индустриализациясы.

Үшінші фактор – өндірістік және транспорттық қалдықтардың атмосфера, топырақ пен суға таралуы. Атмосферадағы екі газдың (СО2 О2) тепе-теңдігі де өте маңызды орын алады. Атмосферадағы СО2 реттеуге мұхитта қатысады. Мұхиттың буферлік маңызының ролі оның бетінде қауіпті мұнай пленкаларының көбеюі нәтижесінде төмендеп отыр. Өттегі тек қана тірі заттарға емес, сонымен қатар машиналар мен самолеттерге де қажет. Ауада СО2 концентрациясының көбеюі парник эффектісіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Осындай глобальды жағдайлардың барлығы шабындықтар, далалар, ормандар мен ондағы дәрілік өсімдіктерге әсері бірден байқалмайды. Ресейдің Европалық бөлігі, Солтүстік Кавказ бен Карпатта орман көптеп кесіліп, ондағы неше жылдар бойы қалыптасқан фитоценоздар бұзылды. Осы экосистемалардың біраз өсімдіктері жойылып кеткен. Ауылшаруашылығында, тың жерлерді жыртып, игеру, шөп шабуды күшейту жайылымды көп пайдалану – осындай іс-шаралардың барлығы дәрілік қасиеттерге ие өсімдіктердің тіршілік ортасын бұзады.

КСРО аумағында дәрілік өсімдіктер мен гүлдері әдемі өсімдіктерді теріп, букет жасау, сату бір жылдары бақылауға алынып, тыйым салынды. Қорғауға алынған мұндай өсімдіктердің тізімдері газеттер мен плакаттарда басылып шығарылды.

Алайда табиғаты бұзылмаған жерлерге туристер, демалушылар келіп кеткен соң осының өзі қиратушы фактор ретінде әсер етеді. Кез келген табиғи экосистемада адамдар санының көбеюі ол экосистема үшін зиянды болып табылады. Адамдардың іздері көбейіп кетсе топырақ тапталып тығыздала бастайды, ал бұл топырақтағы қалыпты биологиялық процестердің бұзылуына әкеліп соғады.

Қорықтарда ерекше қорғауға алынған территорияларға, белсенді туризмге шек қойылған. Мемлекеттік табиғи қорық – қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге арналған нысандары ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсатына – табиғи ландшафтар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылығын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерісті болжау аса қажет.

«Ерекше бағалы орман объектілеріне» шаруашылық саласында ерекше қызығушылық тудыратын орман учаскілері жатады. Мұндай аймақтар адам аяғы баспаған жерлер болып табылады.

Қорықтарда қорғауға бүкіл табиғи комплекстер емес, тек қана бірқатар элементтері алынады. Қорғауға алынған объектілерге қатысты бұл жерде ормандарды кесу, мал жаю, шөп шабуға тыйым салынуы қажет.

Табиғи объектілерді қорғаудың ерекше формасы – ұлттық парктер. Ұлттық парктер – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи – қорық қорының бірегей табиғи кешендер мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық сан алуандығын сақтайтын, оларды табиғи қорғайтын және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Табиғатты қорғау мен демалуды біріктірудің ең кең таралған түрі – ірі қалалардың айналасындағы «жасыл зоналар» болып табылады.

Жақсы дамыған елдерде флора мен фаунаның кедейлену себептері айтылады. Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық одағының XIV Бас Ассамблеясында (Ашхабад, 1978) табиғатты қорғаудың әлемдік стратегиясы талқыланды. 1980 жылы халықаралық нормативтік акті қабылданды. Қызыл кітаптың алғашқы баспасы «Дикорастущие виды флоры СССР, нуждающиеся в охране» жарияланды. 1981 жылы бүкіл одақтық ботаникалық қоғам Қызыл кітаптың екінші баспасын шығарды. Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер бойынша табиғатты қорғаудың халықаралық одағы қауіп төніп тұрған өсімдіктерді категорияларға бөлді: 0 категориясында табиғатта болған, қазір жойылып кеткен, алайда дақылда сақталған түрлер жатады, 1 категориясына – жойылып кетуге қаупі төніп тұрған, ерекше қорғауды қажет ететін түрлер, 2 категориясына тікелей қауіп төнбеген, табиғатта сирек және шектеулі аудандарда кездесетін өсімдік түрлері, 3 категориясына – саны азайтып, таралу аймағы кішірейіп, табиғи немесе адам қатысуы нәтижесінде жойылып кететін өсімдіктер жатады.

Айтылған барлық категорияға жататын өсімдіктер бірдей қорғауды қажет етпейді: кейбір түрлер еліміздің барлық территориясында қорғауды талап етсе, кейбірейлері тек сирек кездесетін жерлерде қорғауды керек етеді. Дәрілік өсімдіктерді жинауға сәйкес ережелер бекітілген, арнайы нормалар бойынша жиналып, әрдайым бақыланып отыруы керек. Дәрілік өсімдіктерді үлкен өндіріс үшін емес, өз пайдасын ажырату үшін жинаушылар көбейіп кетті. Сондықтан сирек өсімдіктер категориясына жататын өсімдіктерді ең аз мөлшерде де жинауға болмайды. Олардың біразы қазіргі медицина көп қолданылады. Мұндай өсімдіктерді сақтап қалудың бір жолы – оларды дақылдар қатарына енгізу.

Өсімдіктерді жинауға шек қою, әрине сұрақтар тудырады: мұның барлығы не үшін жасалып жатыр, егер жер бетінен бұл өсімдіктер жоғалып кетсе не болады.Адамдар басқа өсімдіктер сияқты жоғалған өсімдіктер сорттарын шығарып алады деп ойлайды. Бұл сұрақтардың барлығына нақты жауаптар бар. Олар эстетикалық, этикалық және практикалық себептер. Эстетикалық себеп – адамдар таза ауада, табиғат аясында демалғанда көңіл – күйлері көтеріліп, денсаулықтарын жақсартады. Этикалық себебі, мысалы бұзақылар әйнектерді сындырып, қабырғаларға жазу жазса, қоғамның ашуы келеді. Дәл осы жағдайды табиғи ландшафтарды бұзылуымен салыстыруға болады. Генофондты сақтау – әр организмнің өзіне тән генетикалық ақпараты болады. Егер осындай бір генотип жоғалса, онымен қоса биогеоценоз немесе экосистеманың бір бөлігі де жойылады. Экожүйенің қалыпты жұмысы, әдетте, оның компоненттері түгел қатысқанда қалыпты болады.

 

2.2.1. Қазақстан өсімдіктері ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар және ресурстанулық зерттеу жұмыстарының болашағы

 

Академик Николай Васильевич Павлов – Қазақстандағы ботаниктер мектебінің негізін қалаған және ұйымдастырған. Қазақ ғылым академиясының Ботаника институтының бірінші директоры. Акад. Павлов 1893 жылы 23 мамырда Санкт-Петербургте қызметкердің жанұясында өмірге келген. 1917 жылы Москвада ауылшаруашылық академиясын (қазір Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясы) бітірді.

Студент кезінен бастап Павлов ботаникаға қызығып бірнеше экспедициялардың жұмысына қатысты. 1917 жылдан бастап Павлов КСРО территорияларында ұйымдастырылған әртүрлі 32 экспедициялардың жұмысына қатысты немесе басшылық етті. Ол экспедициялар Кавказда, Камчаткада, Байкалда, Қазақстанда болды. 1923 жылы акад. В.Комаровтың ұсынысымен Н.В. Павлов ботаник ретінде А.К. Козлов басшылық жасаған Монғолия экспедициясының мүшесі ретінде жұмыс жасайды. Монғолияға барған экспедицияның жұмыстарының нәтижесі 1929 жылы «Введение в растительный покров Хангайской Горной Страны» деген және 1928 жылы «По Монголии» деген атпен кітаптар жазылып баспадан шықты. Москва университетінің доценті болып жүргенде «Гүлді өсімдіктер систематикасы» және «Ботаникалық география» деген пәндерден сабақ беріп жүріп, әр түрлі региондарды зерттеуге арналған экспедициялар жұмысына қатысты.

Н.В. Павлов өзінің ғылымдағы өмірінің көп бөлігін Қазақстанға арнады. 1920 жылдары Павлов Торғай, Ақмола, Талдықорған және Алматы облыстарын, Жоңғар Алатауын, Балқаш өңірін зерттеді.

Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бірнеше іргелі жұмыстар жазылып жарияланды.

Н.В. Павлов аса білгіш флорист, өте жақсы ботаник – географ және білімді ресурстанушы еді. Қазақстанға келгеннен кейін Н.В. Павлов жабайы өсетін пайдалы өсімдіктер систематикасын зерттеуді жалғастырды. Соның нәтижесінде үлкен «Растительные ресурсы Южного Казахстана» (1947) деген монография жазып жариялады.

Н.В. Павлов құрамында илік заттары бар өсімдіктерді зерттеуге өте көп көңіл бөлді. Ол Қазақстанда өзінің шәкірттерімен бірге 13 рет экспедицияға шығып. Қазақстанның әртүрлі региондардағы илік затты өсімдіктерінің құрамын, таралуын және қорын зерттеді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1947 жылы ол «Растительное сырье Казахстана» деген монография жазып жариялады. Ол монографияда 1100 пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер берілген. Акад. Н.В. Павловтың жетекшілігімен және редакциялық басшылығымен мәңгілік өте бағалы 9 томдық «Флора Казахстана» (1956-1966 жж.) еңбегі құрастырылып жарыққа шықты. Н.В. Павлов үлкен білімдарлығының, ботаникалық әдебиетті өте жақсы білуінің және көптеген экспедицияларда жинақтаған мәліметтерінің барлығына байланысты іргелі өте көлемді 700 беттік «Ботаническая география СССР» деген кітабын жазып шығарды. Ол кітапта бүкіл одақтың флорасы және өсімдіктер жабыны қамтылған. Кейінірек демалысқа шыққанына қарамастан 1965 жылы Н.В. Павлов. «Ботаническая география зарубежных стран» деген кітабын жазып шығарды. Н.В. Павлов көптеген флористикалық ресурстанулық экспедицияларының нәтижесінде ғылымда көптеген жаңалық ашты. Мысалы ол ғылымда бірінші рет екі жаңа туысты (Сыреищиковия, Угамия) және 150-ге жуық жаңа өсімдік түрлерінің алғаш рет сипаттамасын берді.

Академик Н.В. Павлов 160-тан астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 20-сы монография. Павлов Бүкілодақтық ботаникалық қоғамның Қазақстандық бөлімінің негізін салып, өзі басқарды. Павлов Қазақ ғылым академиясының негізін салушылардың және алғашқы академиктерінің бірі.

Биология ғылымдарының докторы Михайлова Валентина Павловна академик Павловтың өте жақын шәкірттерінің бірі. В.П. Михайлова 1912 жылы Кострома қаласында туылған. 1931 жылы ол Москва университетінің биология факультетіне түседі. МГУ-ді 1935 жылы бітіріп Қазақстанға акад. Павловтың қарамағына жұмысқа келеді. Ботаника институтында өсімдіктер ресурстары лабораториясы ұйымдастырылып, оның жұмысын алға бастырған осы Михайлованың еңбегі. В.П. Михайлова 20 жыл шамасында сол лабораторияның меңгерушісі болып қызмет жасады. В.П. Михайлова Қазақстанның әртүрлі региондарында ботаникалық экспедицияның жұмыстарына белсенді қатысты. Ұлы Отан Соғысы кезінде Михайлова илік затты өсімдіктерді зерттеу үшін Іле-Алатауына, Кетментауға, Қаратауға және Балқаш өңіріне экспедицияға өздігінен шығып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедициялық жоспарлы зерттеу жұмыстарымен шектелмей В.П. Михайлова өзінің қарамағындағы қызметкерлермен басқа да пайдалы өсімдіктерді де зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін екпе жағдайда да зерттеумен айналысты. 1944 жылы В.П. Михайлова «Промышленные дубильные растения Заилийского Алатау» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1950 жылдан бастап В.П. Михайлова Ботаника институтының директорының ғылыми жұмыс жағынан орынбасары болып қызмет атқарады. Ал 1956 жылы Михайлова В.П. институттың құрамында өсімдіктер ресурстары бөлініп ашып өзі сол бөлімнің меңгерушісі болып 1976 жылға дейін жұмыс жасады. «Өсімдік ресурстары» бөлімінің қызметкерлері В.П. Михайлованың жетекшілігімен іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалы жабайы өсетін илік затты, дәрілік және техникалық өсімдіктерді жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде алынған мәліметтер әртүрлі техникалық жинақтарда және монографияларда жарияланды. В.П. Михайлова өзінің илік затты өсімдіктерді зерттеу жұмыстарының нәтижесін «Дубильные растения флоры Казахстана и их освоение» деген монографиясында 1968 жылы жариялады. Осы монография негізінде Михайлова докторлық диссертациясын қорғады. В.П. Михайлова Қазақстанда мияны жан-жақты зерттеудің бастаушысы болды. Михайлова өзінің ғылыми жұмыстарын басқа академиялық және салалық ғылыми институттарының және жоғары оқу орындарының лабораториялық жұмыстарымен байланысты жүргізді. Мысалы тининді өсімдіктерді зерттеуді КазМУ-дің проф. Т.К. Чумбалов басқаратын химия кафедрасымен және ботаника институтының биохимия лабораториясымен (жетекші проф. Л.К.Клышев) тығыз байланыста жүргізеді. Эфир – майлы өсімдіктерді зерттеу жұмыстары химия ғылыми зерттеу институтымен (акад. М.И. Горяев) бірге жүргізді. Барлық шикізаттық өсімдіктерді зерттеу сол шикізатты тұтынушы мекемелермен, мысалы «Союзлакрица», «Союзлекарпром», жеңіл өнеркәсіп министрлігімен және т.б. тығыз байланысты жүргізіледі. В.П. Михайлова бөлімнің жүргізетін ғылыми зерттеу жұмыстарын КСРО-дағы жетекші ғылыми зерттеу орталықтарымен үйлестіріп жүргізуге тырысты. Мысалы КСРО ғылым академиясы Ботаника институтының жетекші ғалымдарымен (А.Федоров, В.А.Соколов) және Өзбекстан ғылым академиясының ботаника институтының ғалымдарымен (К.З. Закиров және т.б.) және Түркменстан ғалымдарымен (Б.К. Кербабаев, К.М. Мурадов) үйлестіріп жасады. В.П. Михайлова өзінің ғылыми және әкімшілік жұмыстарын мамандар дайындаумен бірлестіре жүргізді. 1976 жылы В.П.Михайлованың ұсынысымен өсімдіктер ресурстары бөлімінің меңгерушісі болып М.К. Кукенов сайланды. М.К. Кукенов, В.П.Михайлованың көптеген шәкірттерінің бірі еді. М.К. Кукенов 1940 жылы туған. Ресурстанушылардың ішіндегі Қазақстан ғылым академиясының мүше-корреспонденті блып бірінші сайланған ғалым. М.К. Кукенов биология ғылымдарының докторы, профессор. 1997 жылы қайтыс болғанға дейін сол бөлімінің меңгерушісі болды.

Биология ғылымдарының профессор Кукенов Мәдениет Картайұлы Қазақстандағы «Ботаникалық ресурстану» ғылымының негізін қалаушылардың бірі болды, ол бұл ғылымның ғылыми негізін жасап, пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып қорғауға үлкен үлес қосты. М.К.Кукеновтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен бірнеше іргелі ғылыми жұмыстар орындалып өндіріске енгізілді. М.К.Кукенов шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің ғылыми – теориялық негізін, шаруашылықтағы игерудің негізін, және Республика территориясында ресурстық жұмыстарды жүргізудің көпжылдық бағдарламасын жасады.

М.К.Кукенов 180-нен астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде: 1) Флавоноидсодержащие растения Юго-Востока Казахстана (1984); 2) Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь-Шаня (1989) деген монографиялары және «Ботаническое ресурсоведение Казахстана (1999) деген оқулығы бар.

Қазақстанда әртүрлі табиғи аймақтар және белдеулер бар және олардың флорасы және өсімдіктер ресурстары өте бай екендігін ерекше айтуға болады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі халық шаруашылығының шикізаттық бағытта дамуы Қазақстан биоферасына өзінің үлкен зияның тигізді. Көмір, қара және түсті метал, фосфорит және т.б. нәрселелерді өндірудің қарқынды дамуы Қазақстанның көптеген облыс орталықтарында экологиялық ортаны бұзды. Оларға қосымша тың және тыңайған жерлерді жалпы қайта жырту топырақ қабаттарының бұзылуын апатты жағдайға алып келді. Қазір Қазақстанда бұрынғы кезде кең тараған бетегелі-жусанды табиғи далаларды табу қиын.

Қазақстандағы ядролық сынақ полигондарының көп жылдар бойы қызмет жасауы, Қазақстанның көптеген территориясына, әсіресе Орталық Қазақстаның, Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайына үлкен зиянын тигізді.

Жоғарыда аталған техногендік экологиялық факторлардың зардабы әлі көпжылдар бойы халықтың денсаулығына кері әсер етеді. Бұл айталғындарға Арал, Балхаш және Каспий проблемаларын қосатын болсақ, онда Қазақстанда әртүрлі сынақтар өткізілгенін табиғатты пайдаланудың ең сорақы, қиратқыш әдістері қолданғандығын көреміз.

Солардың салдарынан Қазақстанның көптеген региондары, территориялары экологиялық апатты аймақтарға жатқызылғаны және тез қалпына келтіру бүгінгі заман талабы.

Өсімдіктер және жануарлар әлемі қандай жан түршігерлік өзгерістерге ұшырағаны өзінен-өзі түсінікті. Бұл процестің бір көрінісі ол Қазақстан Қызыл кітабына енген өсімдіктер және жануарлар түрлерінің жылдан-жылға өсуі. Мысалы, 1981 жылы шыққа Қазақстан Қызыл кітабына 190 шамасында өсімдік түрлері кірген болса, жақында шығатын қызыл кітапқа 400-ден астам өсімдіктер түрлері кірген. Бұл әрине тірі табиғат үшін апатты жағдай. Ғалымдардың мәліметтерінде Қазақстан территориясының 60% антропогендік деградацияға ұшырап және шөлге айналып бара жатқандығы айтылады. Қазақстан Республикасы үшін қазіргі кезде ең өзекті мәселе ол өсімдіктер әлемін және олардың ресурстық потенциалын қалпына келтіру және олардың алуантүрлілігін сақтау.

Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып қорғап және сақтаудың негізгі екі жолы бар:

1) Өндірістік популяциялары бар жоғары өнімді учаскелер есепке алынуы керек және тұрақты бақылауда болуы керек.

2) Шикізаттық өсімдіктерді мәденилендіру. Бірақ та пайдалы өсімдіктерді мәденилендіру процесі өте ұзақ және шығыны көп, яғни экономикалық жағынан тиімсіз. Өйткені өсімдіктерге алдымен суарылатын, құнарлы топырақты жер керек.

Ал біздің республикамызда мұндай жерлер өте аз. Ондай жерлердің көп бөлігіне ауылшаруашылық дақылдары, бау-бақшалар егілген. Сондықтан адамдарға өте қажетті тағамдық өсімдіктердің орнына әлі тиімділігі толық дәлелденбеген дәрілік өсімдіктерді егуге халық та, мемлекет те рұқсат бере қоюы өте қиын нәрсе. Сондықтан пайдалы өсімдіктерді қорғап сақтаудың логикаға сиятын халық қолдайтын тәсілі ол сол табиғатта бар пайдалы өсімдіктердің қорын өте ұқыптылықпен ғылыми тұрғыдан дұрыс пайдалана білу керек. Республикамызда бірнеше ірі химиялық өндіріс орындары (Шымкенттегі химфармзавод, Оралдағы мия өңдейтін завод, Алматыдағы фармацевтикалық фабрика және т.б.) бар болғанымен елімізде медициналық және фармацевтикалық өндірістер күшті ғылым потенциалын әлі құра алған жоқ (Кукенов, 1999). Соңғы жылдары бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Мысалы Қарағанды қаласында фитохимия ғылыми – зерттеу институты ашылды, алғашқы отандық препараттар шығарыла бастады. Профессор М.К. Көкеновтың (1999) ойынша, Қазақстанның ботаник-ресурстанушыларының алдында болашақта мынадай міндеттер тұр.

1. Қазақстан және оның жеке региондары флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігін зерттеуді жалғастыра беру.

2. Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктердің ресурстық сипаттамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болуы керек: 1) Экологиялық-фитоценотикалық; 2) фитохимиялық ерекшеліктері; 3) ресурстық көрсеткіштері; 4) экономикалық бағасы; 5) пайдаланудың тиімділігі және т.б.

3. Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамыздығы бар өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.

4. Республикада бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау. Ол бағдарламада Республиканың әр регионы үшін қандай саланы және өндірісті қамту қажет екендігін көрсету.

5. Бірыңғай ғылыми-өндірістік орталық құру. Ол орталық өсімдіктер шикізатын жинаудан бастап соңғы өнім алғанша жүргізілетін жұмыстардың барлығын үйлестіру керек.

6. Шикізатты жинау, кептіру және сапасына қойылатын талаптар туралы жасалған барлық инструкциялардың қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.

7. Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жинау (Этноботаникалық зерттеулер) және бұрын зерттелген өсімдіктерді сын көзбен қарап тексеру.

8. Шаруашылық үшін бағалы қасиеттері және белгілері бар перспективті өсімдіктерді тереңірек зерттеу.

9. Шикізат ресурстары таусылған (немесе ескірген) өсімдіктерді толық айырбастай алатын жаңа шикізат көздерін іздеу.

10. Ресурс сақтайтын зерттеу тәсілдерін, жинау технологиясын, шикізатты толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдері жасау.

11. Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктерді терең жерсіндіру жұмыстарын күшейту.

Профессор М.К. Кукеновтың (1999) көтерген проблемалары 15 жыл өтседе әлі толық шешілген жоқ яғни өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Республикамызда дәрілік өсімдіктер және олардың ресурстарының жағдайы туралы тек соңғы 3 жылда 3 докторлық диссертация қорғалды (Д.К.Айдарбаева 2010, Н.Г. Гемеджиева 2010, А.Б. Мырзағалиева 2010). Д.К.Айдарбаева (2010) Оңтүстік Қазақстан облысында (Сарыағаш, Арыс, Отырар, Шардара аудандарында) өндірістік маңызы бар өсімдіктердің 4 түрін, Жетісу Алатауында (Сарқант, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Панфилов Кербұлақ аудандарында) 19 түрін, Оңтүстік Алтай тауларының (Қатонқарағай, Күршім аудандары) бұрынғы зерттелмеген өндірістік маңызы бар қопа құрайтын 26 – өсімдік түрлерін анықтап олардың карта сызбасын жасаған. Оңтүстік Қазақстан облысында 4 өсімдіктің өндірістік қорлары анықталған (ferula foetida өндірістік қоры 2109,9 тонна, allochrusa gypsophiloides – 98.0, allochrusa paniculatum – 97.7, glycyrrhiza glabra L. – 50-53 тонна) болатындығы анықталған. Жетісу Алатауында 19 пайдалы өсімдіктердің табиғи қорлары анықталған. Олар (жерүсті, жерасты бөліктері) buphleurum aureum (0,3 т) aconitum monticola (0,6/0,3 т), hypericum perforatum (3,5 т), achillea millefolium (6,4 т), thymus marshalianus (0,6 т), delphinium dictyocarpum (6,1 т/10,0 т), ephedra eguisetina (744,7 т), patrinia intermedia (35,0 т), salvia diserta (65,0 т), berberis sphaerocarpa (67,0 т), tussilago fur-fara (0,18 т), origanum vulgare (0,5 т), rosa laxa, rosa pergerium (21,5 т). Оңтүстік Алтай тауларында 26 өсімдіктерінің табиғи шикізат қорлары зерттелген: filipendula ulmaria (21,1 т), ephedra equsetina (154,7 т), crepis sibirica (4,6 т), veratrum lobelinum (189,9 т/221,8 т), veratrum nigrum (8,6 т), sanqusorba officinalis (10,8 т тамыры), buphlurum anreum (11,6 т жерүсті), buphlurum multinerve (5,8 т жерүсті), bergenia crassifolia (32,4 тамыры) және т.б.

Д.К. Айдарбаева (2010) пайдалы (оның ішінде дәрілік өсімдіктер бар) өсімдіктердің қазіргі жай-күйін және пайдалануын есепке ала отырып, бұл өсімдік түрлерінің шикізат даярлау қарқынын сараптап, әр өсімдік түрлеріне жеке-жеке тоқталып, оларды тиімді пайдалану және сақтау жөнінде ұсыныстар берген.

И.Г. Гемеджиева (2010) алғаш рет Солтүстік Тянь-Шань Жоңғар провинцияларында таралған алкалоидты өсімдіктердің тізімін жасап, оларға жан-жақты талдау жүргізген. Нәтижесінде алкалоидты өсімдіктердің таралуы жөнінен Қазақстандағы ең кең таралған орталығы екендігі анықталған және оларды тиімді пайдаланудың ғылыми негізі жасалған.

Зерттеу нәтижесінде «Қазақстан алколоидты өсімдіктерінің тізімі» жасаланып, олардың ценоз түзуші 207 түрі (21,8%) анықталған. Олардың 161 түрі (77%), Солтүстік Тянь-Шань-Жоңғар провинцияларында таралған өсімдіктер екендігі анықталған. И.Г. Гемеджиева (2010) Солтүстік Тянь-Шань Жоңғар провинцияларында таралған алкалоидты өсімдіктердің дәрілік фармакопеялық келешегі бар түрлерін сақтап және оларды тиімді пайдалану туралы ұсыныс берген.

А.Б. Мырзағалиева (2010) Батыс Алтай және Нарын жоталарының табиғи флорасының дәрілік өсімдіктерін зерттеген нәтижесінде зерттеуге алынған 8 жотаның өнімдік қоры келесідей екендігін айқындаған. Иванов жотасында – 21 түр (2737, 4 т), Үлбі жотасында -22 түр (2162,1 т), Оба жотасында -13 түр (1986,3 т), Листвяга жотасында -23 түр (3032,3 т), Холзун жотасында -30 түр (3328,1 т), Көксу жотасында -15 түр (2654,8 т), Тигирецкий жотасында -11 түр (1487,3 т), Нарын жотасында -22 түр (2843,0т) бар екендігін зерттеу нәтижелерінде анықталған.

А.Б. Мырзағалиева (2010) дәрілік өсімдіктер ішінен өндірістік қор түзетін түрлерге veratrum lobelinum (2664,2 т), delphinium elatum (1134,4 т), chamae nerion angustifolium (1141,2 т), aconitum apetalum (911,8 т), aconitum leucostomum (1297,5 т), bergenia crassifolia (765,5 т), saussarea latifolia (558,5т), paeonia anomala (786,1т) жататындығын жете анықтаған.

А.Б. Мырзағалиева (2010) жалпы алғанда, Батыс Алтай және Нарын жоталарында дәрілік өсімдіктердің түрлік құрамын, таралуын және олардың табиғи қорларын анықтаған. Мысалы, Батыс Алтай жоталарында дәрілік өсімдіктердің 459 түрі (184 түрі официальді, ал 275 түрі болашағы зор) ал Нарын жотасының территориясында дәрілік өсімдіктердің 312 түрі, олардың 151 түрі официальді, 161 түрінің келешегі мол екендігін анықтаған.

 

3. ДӘРІЛІК  ӨСІМДІК  ШИКІЗАТЫН  МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ  ТУРАЛЫ

 

Өсімдік шикізатының микроскопиясын зерттеу жарық және люминесцентті микроскоп көмегін жүргізіледі. Микроскоп көзге көрінбейтін объектілердің қатты ұлғайған бейнелерін алуға мүмкіндік береді. Микроскоп көмегімен микробейнелердің мөлшерін, құрылысын, және т.б. сипаттамаларын анықтайды. Микроскоп элементтердің арасы 0,20 мкм-ге дейін болатын құрылымдарды ажыратуға мүмкіндік береді. Микроскоптың шешу қабілеттілігі жарықтың толқындық қасиеттерімен байланысты. Препараттың құрылымын ажырату оның бөлшектерінің жырықты сіңіру, шағылыстыру және сыңдыру қасиеттеріне бір-бірінен ажыратылғанда ғана мүмкін болады. Дәрілік өсімдік шикізатынан микроскопиялық препараттарды даярлау техникасы алуан түрлі және де зерттелініп отырған объектінің морфологиялық тобына, оның күйіне (бүтін, бөлшектелген, кесілген немесе ұнтақ) байланысты болады.

Жапырақ, шөптер, гүлдер.

Бүтін және кесілген шикізат. Бүтін шикізатты зерттеу кезінде жапырақ тақтасының жүйкесі бар бөлшектерін алады. Шөптерден жапырақтарды, кейде сабақ пен гүлдің бөліктерін, гүлдерден-тостағанша мен күлтені жеке қарастырып алады. Кесілген әртүрлі бөліктерді алады. Препараттарды жиі ақшылдандыру қажет болады.

Төмендегідей тәсілдер қолданылады:

1. Шикізаттың бөлшектерін пробиркаға салып, сумен араласқан 5% натрий гидроксидін қосып (1:1), 1-2 минут қайнатады. Кейін Петри табақшаларына көшіріп, сумен мұқият шаяды. Шикізат бөліктерін заттық шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салады.

2. Жапырақтардың бөліктерін 1:1 қатынаста сумен араласқан хлоралгидрат ерітіндісінде 5-10 минут қайнатады да (ақшылданғанға дейін) затты шыныдағы глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісіне салып, скальпель немесе инемен екі бөлікке бөледі. Оның біреуін ақырын аударады. Объектіні жабындық шынымен жауып, ауа көпіршіктері жойылғанға дейін спиртовканың жанында аздап қыздырады да, суығаннан кейін зерттейді. Жапырақтың екі жағын да микроскоп арқылы кіші және үлкен ұлғайтулармен қарастырады. Сабақтың бөлшектерін 5% натрий гидрооксидінде 5-10 минут қайнатып, сумен шаяды. Эпидермисті скальпельмен немесе инемен бөліп алып, бетін қарастырады, қалған ұлпаларынан объектіні заттық шыны бетіндегі хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісіне езу арқылы препарат жасалынады. 10 минут хлоралгидрат ерітіндісіне қайнатылған жапырақтардың көлденең кесіндісін шикізат бөлшектерін өзегінің ортасына қыстыру арқылы әзірлейді.

Ұнтақ. Заттық шыны бетіне 1-2 тамшы хлоралгидрат ерітіндісін тамызып, зерттелінетін ұнтақтың аздаған мөлшерін салады. Ұнтақты хлоралгидрат ерітіндісіне батырылған иненің ұшымен алып, мұқият араластырып болғаннан кейін, бетін жабындық шынымен жабады да, ауа көпіршіктері кеткенге дейін спиртовка жалынына қыздырады. Шынының үстін препараттық иненің сабымен ақырын басып, шетіне шыққан сұйықтықты сүзгіш қағаздың көмегімен сорып алады. Қатты жапырақ пен қатты сабақтан жасалынған ұнтақты 5% натрий гидроксидінде қайнату арқылы мөлдір түске енгізеді.

Тұқымдар, Жемістер.

 Бүтін шикізат. Тұқым қабықшасынан, жемісқап бетінен немесе көлденең кесіндісінен препараттар даярланады.

Тұқым қабықшасынан және жемісқаптың бетінен жасалынған препарттар. 2-3 тұқымды немесе жемісті 5% натрий гидрооксидінде 2-3 минут қайнатып, мұқият сумен шаяды. Объектіні заттық шыныға орналастырып, препараттық инелермен тұқымды қабықшасынан, жемісқапты ұлпаларынан ажыратып, хлоралгидрат немесе глицирин ерітіндісінде қарастырады.

Кесінділер. Кесінділерді әзірлеу үшін құрғақ тұқымдар мен жемістерді тәулікке ылғалды камераға салу арқылы алдын-ала жұмсартады. Ылғалды камера ретінде бірнеше тамшы хлороформ қосылған суы бар эксикатор алынады. Сонымен қатар жұмсартуды объект қаттылығына байланысты су буымен 15-30 минут өңдеу арқылы іске асырады. Ұсақ жемістер мен тұқымдарды 0,5х0,5х1,5 см парафинді блоққа ендіреді. Балқыту төмендегідей жүргізіледі: отқа қыздырылған препараттық иненің ұшымен ойық жасап, дереу арада сол жерге объектіні орналастырады (объектінің беті құрғақ болуы керек). Кесінділер парафинмен бірге жасалынып, парафиннен сұйықтыққа матырылған иненің ұшымен тазартылады. Микропрепараттар глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде жасалынады.

Қабық.

Бүтін және бөлшектенген шикізат. Қабықтың тігінен және көлденеңінен кесінділерін төмендегідей тәсілмен дайындайды: 2-3х0,5-1 см мөлшеріндегі шикізат бөлшектерін суы бар пробиркада 5 минут қайнатып, бөлшектердің нақты тігінен және көлденең кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды. Әртүрлі құрылымдар мен заттарды айқындап қажет болған жағдайда цитохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген (лигнификацияланған) элементтерді флороглюцин ерітіндісінің бірнеше тамшысы мен 25%-дық тұз қышқылының 1 тамшы қоспасымен айқындайды. Бір минуттан кейін сұйықтықты сүзгіш қағазбен сорып алады да, хлоралгидрат ерітіндісі немесе глицеринге салынған кесіндіні жабындық шынымен жауап қыздырусыз қарастырады. Сүректенген арқаулық элементтер алқызыл түске боялады. Сүректенген элементтерді бояу үшін сафранин ерітіндісін де қолдануға болады. Кесінділерді 50% спирттегі 1% сафранин ерітіндісіне 30 минут ұстаған соң (жабық бюкс немесе сағаттық шыныға), алдымен 50% спиртпен, одан кейін қышқылданған спиртпен (100мл спиртке 2 тамшы концентрлі хлорсутекті қышқылды қосады) шайып, заттық шыныдағы глицеринге енгізеді. Сүректенген клетка қабықшалары қызыл түске боялады.

Крахмал. Крахмалды айқындау үшін құрғақ қабықтың кырындысын жасап люголь ерітіндісінде және жоғарыда көрсетілгендей суда қарастырады.

Илік заттар. Илік заттардың барын құрғақ қабықтың ішкі жағына 1 тамшы теміраммонийлі кварцтың немесе хлорид тотықты темірдің ерітіндісін тамызу арқылы айқындайды. Қара-көк немесе қара-жасыл бояу пайда болады.

Антрацен туындылары. Антрацен туындыларын қабықтың ішкі бетіне 1-2 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісін тамызу арқылы (қан қызылға боялады) немесе микросублимация арқылы айқындайды.

Тамырлар, тамырсабақтар,

Бүтін шикізат. Тігінен және көлденең кесінділерді даярлайды. Жерасты мүшелерінің кішігірім бөлшектерін суық суға салып, бір тәулік ұстаған соң, 3 тәулік 95% спирт пен глицерин (1:1) қоспасына енгізеді. Жұмсарған объектілердің нақты тігінен және көлденеңінен кесіндісі кесілуі үшін скальпельмен тегістейді. Жасалған кесінділердің микропрепараттарын хлоралгидрат немесе глицерин ерітіндісінде даярлайды. Нақтамалық белгілерді алдымен кіші, сосын үлкен ұлғайтумен қарастырады. Құрғақ жерасты мүшелердің қырындысымен қажетті микрохимиялық реакцияларды жүргізеді. Сүректенген элементтері крахмал, шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен туындыларының барын «Жемістер мен тұқымдар», «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген әдістемеге сәйкес айқындайды.

Инулин. Инулинді айқындау үшін заттық шыныдағы 0,1 г ұнтақты 1-2 тамшы а-нафтол (резорцин немесе тимол) және 1 тамшы концентрлі күкірт қышқылының қоспасына салады. Қызғылт-күлгін бояу (резорцин мен тимолдан шоқсары-қызыл т.с) пайда болады. Инулиннің бары туралы тұжырымдарды крахмал жоқ болған жағдайда ғана жасауға болады.

Бөлшектенген шикізат. Жерасты мүшелерін бөлшектерін 5% натрий гидрооксиді ерітіндісінде 3-5 минут қайнатады. Суға мұқият шайған соң бөлшектерді глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісінде езе отырып микропрепараттарды дайындайды. Жерасты мүшелерін қырындысы және ұнтағымен жүргізілетін микрохимиялық реакциялар «Қабық» бөлімінде көрсетілгендей іске асады.

Ұнтақ. Жерасты мүшелерінің нақтамалық белгілерін және оның құрамындағы заттарды айқындау үшін бірнеше препараттар (хлоралгидрат ерітіндісінде) әзірленеді. Сүректенген элементтер, крахмал, шырыш, шыны мен эфир майлар, илік заттар мен антрацен туындыларының барын «Жемістер мен тұқымдар», «Қабық» бөлімдерінде көрсетілген әдістемеге сәйкес айқындайды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 12:02:33     Қаралды-54853

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »