UF

Мазмұны

Анықтамалар---------------------------------------------------------------------------

Белгілеулер мен қысқартулар-------------------------------------------------------

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------

1 Өнім номенклатурасы--------------------------------------------------------------

1.1 Шикізатқа сипаттамасы --------------------------------------------------------

1.2 Керамограниттің қасиеттері----------------------------------------------------

1.3 Керамогранитке қосылатын қоспалар----------------------------------------

1.4 Керамограниттің негізгі түрлері-----------------------------------------------

1.5 Шихтаны дайындау және өндіру әдістерін тандау негіздері------------

1.6  Керамограниттің технологиялық схемасы---------------------------------

1.7 Керамограниттің өндірістік технологиясы және сипаттамасы---------

1.8 Өнімнің сапасын бақылау------------------------------------------------------

1.9 Еңбекті қорғау---------------------------------------------------------------------

2 Қоршаған ортаны қорғау----------------------------------------------------------

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------

Қолданылған әдебиеттер тізімі-----------------------------------------------------

 

 

Анықтамалар

 

Аязға төзімділік – деп материалды алма кезек суытып еріту кезінде өзінің беріктігін сақтау қабілеті.

 

Су сіңіргіштік – деп материалдың сулы ортада өз бойына суды сіңіру қабілеті.

 

Жылу оқшаулағыш – дегеніміз материалдың ғимарат ішіндегі жылуды өз бойынан өткізбеу қабілеті.

 

Орташа тығыздық дегеніміз – материалдың табиғижағдайындағы бірлік   көлемінің   салмағы.

 

Нағыз тығыздық – дегеніміз – материалдың абсолютті тығыз жағдайындағы бірлік көлемінің   салмағы.

 

Кеуектілік – материал бойындағы ашық немесе жабық дәндер арасында немесе ішінде қалыптасатын қуыстылық

 

Отқа төзімділік – материалдың жоғары температурада өз құрылымын сақтау қабілеті.

 

Қуыстылық – материал бойындағы толтырғыштар арасында болатын бос кеңістік.

 

Гидрофобтау – материалды судан оқшаулау мақсатында сыртын суға төзімді қабатпен қаптау.

 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

МС (ГОСТ) - мемлекеттік стандартты

БСС - құрғақ бетон араласпасы

БСГ - дайын бетон араласпасы

КО - конустың отыруы

СЖ - қышқылдық

Ж – қаттылық

П - жылжымалығы

П2 - жайғасымдылық маркасы

МПа - мегапаскаль

мм - миллиметр

см - сантиметр

км - килгометр

кг - килограмм

м - минут

с-секунд

л – литр

ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ЖЭС – жылу электр станциялары

ТББ – техникалық бақылау бөлімі

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

Бұл курстық жобада келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген

ГОСТ 310.2-76 Керамогранитке қойылатын талаптар

МЕМСТ 8736 Әрлеу материалдарының түрлері

ГОСТ 8735-88 Едендік әрлеу материалдары

ГОСТ 10180- 90 Ғимараттарды әрлу кезінде қабырғаларға қойылатын

талаптар

ҚНжЕ 2.03.01 Бетон және темірбетон конструкциялары

МЕМСТ – 22688 – Керамогранитті сынау әдістері. 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезеңде Қазақстанда құрылыс индустриясының қарқынды дамуы азаматтық, өндірістік және ауылшаруашы-лық құрылысы үшін жоғары берікті, қолдану мерзімі көлемінде өзінің физика-механикалық және әксплуатациялық қасиеттерін сақтайтын құрылыс мате-риалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру міндетін қоюда. Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының жоғарыда аталған қасиеттерін арттырудың тиімді жолдарының бірі, олардың структурасын модификациялау болып табылады. Модификациялаушы қоспаларды қолдану құрылыс материалдарының қажетті қасиеттерін жетілдіре отырып, олардың төзімділігін арттыруға, шикізаттық материалдарды үнемдеуге, соған сәйкес құрылыс индустриясының әкономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Құрылыс материалдарының жұмыс істеу мерзімі көлемінде, оларға кері әсер ететін факторлардың бірі – ылғалдылық. Әсіресе ұялы құрылымға ие болған бетондар үшін қоршаған ортадағы су мен су буының тигізетін кері әсері елеулі. Ылғал материалдың кеуектері мен капиллярларына ене отырып, материалдың құрамындағы суда еритін заттарды ерітеді, конструкцияның күйреуін қарқындатады, аяздың әсерінен қату нәтижесінде көлемін ұлғайтып, материалда сызаттардың пайда болуына алып келеді. Соның нәтижесінде ұялы бетонның негізгі техникалық және әксплуатациялық қасиеттері нашарлап, төзімділігі төмендейді.

Бірнеше жылдар бойы шет елдерде, ТМД мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақстанда да ұялы бетондардың гидрофобтық қасиеттерін арттыру бағы-тында зерттеулер жүргізілуде.

Республикамызда импорттық материалдардың орнын алмастыра алатын, тиімді құрылыс материалдары өндірісін ұйымдастыру мәселесі өзекті болып қалуда. Құрылыс материалдары нарығындағы жетіспейтін бұйымдарды сырттан алып келу көлемі, отандық өндірістің даму қарқынынан бірнеше есе асып түседі.

Керамогранит – ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды

Керамогранитті өндіру технологиясы керамика саласындағы жоғары жетістік деп атауға болады. Ол техникалық және эстетикалық қасиеттері бойынша табиғи тастан асып түсетін материал. Табиғатта ағымдағы процесс миллиондаған жылға созылса, өндіріс жағдайында бірнеше сағатты алады.

Біріншіден, керамогранит – жоғары берікті материал. Керамогранитті престеу және кезекті құрғақ керамикалық тасты күйдіру жолымен алады. Сондықтан ол көбінесе адамдар көп жүретін ғимараттарға: дүкен, аэропорт т.б. орындарда қолданылады.

Екіншіден, ол декоративті элемент ретінде қолданылады. Керамогранитке жоғары қажалуға төзімділік, аязғатөзімділік, ұзақмерзімге төзімділік қасиеттері тән. Жоғары сапалы керамограниттерді ғимараттың сыртын және ішін әрлеуге қолданады. Сонымен қатар керамогранит ғимараттың қасбетін әрлеуге қолданылады.

 

 

1 Өнім номенклатурасы

 

Керамогранит – ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды. Кіші өлшемнен 5х5см, үлкен 60х60,60х120, 120х180см өлшемге дейін өндіріледі. Оның өлшемдері әртүрлі болғандықтан үлкен және майда детальдар өндіруге болады.

Керамогранит – аязға төзімді материал. Ол аязға төзімді болу үшін оны абсолютті тығыз және ешқандай жарық және кеуек болмау керек. Керамограниттің сусіңіргіштігі қаншалықты төмен болса, ол аязға төзімді болады. Керамограниттің сусіңіргіштігі 1%-дан төмен. Сондықтан ол төмен температурада (-500С) сыртқы түрін өзгертпейді. Осы қасиетіне байланысты оны солтүстік өңірлерге пайдалануға мүмкіндік береді.

      Керамогранит – керамика өндірісіндегі заманауи технологиялардың бірі. Керамогранит – керамика өндірісіндегі жоғары технологиялар аймағына жататын жаңа ұрпақ. Осыдан керамогранит әлсіз агрессивті орта әсеріне тұрақты және кейбір эксплуатациялық және тұтыну қасиеттерімен табиғи тастан асып түседі.

Керамогранитті өндіру технологиясы керамика саласындағы жоғары жетістік деп атауға болады. Ол техникалық және эстетикалық қасиеттері бойынша табиғи тастан асып түсетін материал. Табиғатта ағымдағы процесс миллиондаған жылға созылса, өндіріс жағдайында бірнеше сағатты алады.

Біріншіден, керамогранит – жоғары берікті материал. Керамогранитті престеу және кезекті құрғақ керамикалық тасты күйдіру жолымен алады. Сондықтан ол көбінесе адамдар көп жүретін ғимараттарға: дүкен, аэропорт т.б. орындарда қолданылады.

Екіншіден, ол декоративті элемент ретінде қолданылады. Керамогранитке жоғары қажалуға төзімділік, аязғатөзімділік, ұзақмерзімге төзімділік қасиеттері тән. Жоғары сапалы керамограниттерді ғимараттың сыртын және ішін әрлеуге қолданады. Сонымен қатар керамогранит ғимараттың қасбетін әрлеуге қолданылады.

Керамогранит өндірісін дайындаудың мақсаты өндіріс мекемелерінің едендерін әрлеу үшін жақсы материал өндіру болып табылады. Материал жоғары қысымды ұстауға қабілетті болу керек, термиялық, химиялық әсерлерге тұрақты болу керек. Италияндық инженер технологтар тарапынан ашылған технологиясы бойынша материалдың эксплуатациялық қасиеттері өте жақсы көрсеткішке ие болды. Соның арқасында керамогранит қазіргі таңда әртүрлі тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың беттік қабатын әрлеу үшін ең кең қолданыстағы материал болып саналады.

Керамогранит өндіру үшін жоғары сапалы кварц құмы, дала шпаты, каолин және бояғыш пигменттер қосылған отқа төзімді сазды қолданады. Әрлеу плиткаларға қарағанда керамограниттің араласпасын жоғары қысыммен (400-500 кг с/см2) престейді және 12000С температурада күйдіреді. Нәтижеде кристал құрылымды және қанық шыны фазалы, жоғары берікті, су сіңіргіштігі төмен материал алынады. 

 

 

1.1 Шикізатқа сипаттама

 

Саздар – мөлшері 0,01майда түйіршіктерден тұрады. Саздар жыныстары галлуазит, каолинит, монтмориллонит ж.т.б. минералдар негізінде топталады. Сонымен қатар, структурасы және қасиеттері бойынша отқа төзімділер, қиын балқитын, жеңіл балқитындар тобына жіктеледі. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al2O3×2SiO2 ×2H2O және галлуазит Al2O3×2SiO2 ×4H2O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al2O3×4SiO2 ×2H2O), бейделлит - Al2O3×2SiO2×H2O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады.

 Кварц құмы табиғи күйінде және байытылған құмнан алынады, каолиндерді байытқандағы қалдық құмдарды шихтарға қосады. Кварцты материалдағы зиянды тотықтар 0,2-0,3%-тен аспауы керек.CaO-ның мөлшері1-2%. Каолинді байытылған соң алынған кварцты қолданғанда, онда10% дейін каолин болады, сол себептен шихтаны есептегенде оны ескеру керек, жүдеткіш ретінде күйдірілген бұйымдардың қалдығы/қаңқа/ немесе әдейі күйдірілген дайындама және күйдірілген бұйымдардың ақауларын пайдаланады.

Каолин - (Қытайдағы Гао-линь мекенінің аты) - саздық құрамы каолиниттен тұратын тау жынысы. Пісу температурасы 1350...14500С, балқу температурасы 1730...18200С. Керамикалық материалдар өндірісінде шикізат ретінде қолданылады.

 

Кесте-1. Шикізаттың химиялық құрамы

Σ, %

Тотықтардың үлесі, %

SiO2

Al2O3

Fe2O3

CaO

MgO

R2O

п.п.п

98,64

34,6

15,76

2,91

3,23

1,88

3,65

7,96

100

49,4

22,56

4,16

4,61

2,69

5,21

11,4

Сіңірілген заттар

55,7

25,47

4,69

5,2

3,04

5,88

-

 

 

Дала шпаттары – ең көп тараған минарал. Олар кремний және алюмниий оксидтерінің, сілтілік металдырдың оксидтерімен әрекеттесу нәтижесінде құралған алюмосиликаттары. Бұларда кварц сияқты түрлі түсте кездеседі. Дала шпаттарының басты түрлеріне ортоклаз және плагиоклаздар жатады. Ортоклаз (тура жаралушы) К2О N2O6SiO2. Плагиоклаздар (қырың жаралушылар) альбит-N2OAl2O36SiO2 және анортит СаО Al2O32SiO2 және осылардың араласпалары.

Глазурь (glasor деген неміс сөзі, glos – шыны деген сөзден алынған)─ өртеумен ұстастыратын қалыңдығы 0,15-0,3 мм шыны тәрізді массаның керамика бұйымдарына жағылатын қабаты. Глазурь керамикалық бұйымдарды кірленуден, қышқыл мен сілтінің әсерінен қорғап, олардың су өткізбейтіндігін және де талапқа сай декоративті қасиетін қамтамасыз етеді.

 

 

1.2 Керамограниттің қасиеттері

 

Керамогранитті өндіретін мемлекеттер: Ресей, Қытай, Италия, Польша, Беларуссия. Олардың компаниялары: Fiorano, Kioto, Hitom, Lungo, Kerama Marazzi, Estima, Aijia, Керабуд. Техникалық сипаттамалары кесте-1 келтірілген.

Негізгі қасиеттері:

-табиғи материалдар негізінде өндіріледі;

-біркелкі беттік қабатқа ие;

-табиғи тастың беріктігіне ие;

-төмен кеуектілікке ие;

-майысуға және қажалуға төзімділігі жоғары;

-жоғары температураға төзімді;

-аязға төзімді;

-химиялық элемент әсерлеріне тұрақты.

Керамогранит су сіңіргіштігі керамикалық материалдар арасында ең төмені (0,01-ден 0,05%дейін). Оның туысы мозайка ылғалды сіңірмейді. Салыстыра кетсек керамикалық плитка үшін су сіңіргіштігі 1%, гранит үшін 0,46%, мрамор үшін 0,11%. Жасанды тастан жасалған плитканы кез-келген жерде қолдануға болады: көшеде, үйде, ылғалды ғимараттарда тіпті душ бөлмесінде де қолдануға болады. Бұл деген керамогранитті бассейннің бетін қаптауға болады дегені емес. Себебі, егер бессейнді немесе шатырды керамограниттен жасаса, оның өзіндік құны артып кетеді. Оның орнына мозайка құймаларын пайдаланған тиімді.

Кез-келген керамогранит аязға төзімді (стандарттың зерттеуінің нәтижесі бойынша) және 50рет мұздатып ерітуге тұрақты болып табылады.

Иілуге беріктігі – бұл көрсеткіші бойынша керамогранит табиғи тастан 3 есе, қабырғалық плиткадан 2есе, едендік плиткадан 2есе берік.

Бұйымның бетінің фактурасы және жағдайы оның иілуге беріктігіне тікелей әсер етеді. Егер материалға түсетін жүктеме жоғары болып күтілсе, оны кез – келген дайындалмаған түзу емес жерлерге қолдануға болады дегені емес. Оны тегіс алдын-ала беріктендірілген жерлерде қолданған дұрыс. Болмаса плитканың шеттері бұзылады.

Керамогранитті және керамикалық плитканы соғу беріктігіне сынамайды. Бұл олардың берік әрі өте морт сынғыш қаптағыш материал екендігін көрсетеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек керамогранит шойын ванна құласа да сынбайды делінген.

Қажалуға төзімділік – бұл қаптағыш едендік материалдардың ең маңызды қасиеті. Егер плитка глазурьленген болса, мүмкін ол керамогранит болар немесе плитка болар оған еуропалық норма әсер етеді. Мұндай сынаманың жүргізілу принципі мынадай, глазурдің бетімен роликпен яғни корундпен жүргізеді. Егер 150 айналымнан соң, роликтің бетінде ешқандай із қалмаса, оған РЕІ І класы, 600 айналымнан соң РЕІ ІІ класы, 1500 айналымнан срң РЕІ ІІІ класы беріледі. РЕІ ІV класы 1500 айналымнан жоғары болған плиткаларға, РЕІ V 12000 роликтің айналымы болғанда беріледі. Көрініп тұрғандай ІV және V  кластардың арасында айырмашылық жоғары. Кейбір өндірушілер ролик айналымын нақты санын көрсетеді. IV класына (3000,6000 немесе 9000) бірақ бұл ережеден ауытқу болып табылады.

Бетінің беріктігі – керамограниттікі ІІІ категория бойынша болады: берік (EN  101), беттік қажалуға берікті (ЕN 154) және терең қажалуға тұрақты (ЕN 102).

Керамограниттің негізгі интригасы ол жоғары беттік қажалулыққа беріктігінде. Мұндай факт түрінде жалғыз «беттік беріктік» деген критерий жоқ.  Беттік беріктіктің, РЕІ бойынша ЕN 154 деген тек ғана глазурленген плиткалар үшін және терең қажалулыққа арналған. ЕN 102 глазурленбеген плиткалар үшін арналған. Беттік беріктіктің көрсеткіші дақтар мен кесілімдердің көрсеткішімен көрсетіледі. Тәжірибе үшін глазурь бар жоғы ескерілмейді. EN  101 нормасы бойынша Моос шкаласында материалға 1-ден 10 дейін қаттылық кластары тағайындалады. (1-тальк, 5-апатит, 6-дала шпаты, 7-кварц, 8-топаз, 9-корунд, 10-алмаз).

Плиткамен қаптау кезінде еден мен плитка арасында негізгі адгезия болып құм табылады. Тиісінше егер едендік плитка Моос шкаласы бойынша 7 қаттылықты көрсетсе, матовый тас қаттылығы брйынша 8-9, глазурленген 5-7, жылтыратылған 5-6 көрсеткішіне ие. Керамогранит ешқандай бір бүлінуден , сынудан қорқпайды.

Глазурленген керамограниттерге ереже бойынша РЕІ ІІІ-тен РЕІ V. Көбінесе біз ІV кластағы плиткаларды кездестіреміз, оны қозғалыс көп жерлерде қолданады.

Түсінің тұрақтылығы мен тазалығы – керамогранит күн сәулесіне төзімді және химиялық қышқылдарға тұрақты келеді. Мұны DIN 51094 және EN  106 нормасы бойынша жүргізілген сынамалар бойынша дәлелденген. EN  122 нормасына сәйкес плиткаға әр түрлі агрессивті орталарға байланысты түрлері болады:

АА класы: сыртқы көрінісінде өзгеріс жоқ.

А класы: ескерілмейтін сыртқы көрініс.

В класы: сыртқы көрінісінің орташа көрінісі.

С класы: алғашқы көрінісінің біршама өзгерісі болады.

Д класы: алғашқы көрінісінің толық өзгеруі.

Түрінің өзгешілігіне байланысты керамогранит АА немесе А класына жатуы мүмкін. Мұндай кластағы керамогранитті сақтау бөлмелерінде, гараждарда, аулада қалдыруға болады. Кез-келген түсті құрта алатын қандай да бір бояғыш заттар немесе қосылыстар болады. Бұйымның бетінде қаншалықты фактура мен түс көп болса, соншалықты агрессияға бейім келеді.

Керамогранитті плиткаларды өндірудің ерекше технологиясының арқасында ол жақсы экплуатациялық қасиеттерге ие:

-«нөлдік» сусіңіргіштікке – 0,5%-ға жетпейді;

-жоғары аязғатөзімділікке;

-ерекше механикалық беріктікке;

-қажалуға жоғары беріктік;

-химиялық реагент әсеріне төзімді.

Керамограниттің кемшілігі оның – морттылығы.

 

 

1.3 Керамогранитке қосылатын қоспалар

 

Бұйымдарды жағу температурасын төмендету үшін керамикалық массаға жүзгіш қосады. Соңғы саны шектеулі болу керек, ал керсінше жағдайда черепканың  дефармацияға бейімділігі жоғарылайды.

Жүзгіш ретінде өріс шпатын, нифелин-селит, перлит, воллостонит, әк тас, доломит, ұнтақталған мрамор, тальк, эрклез, жіңішке ұнтақталған шыны бой, шлактар қолданады.

Жүзгіштерді массаға жіңішке ұнтақ түрінде қосады себебі ол басқа компоненттермен жақсы орналасуы.

Бұл курстық жұмыста жүзгіш ретінде воллостонит және торлы шыны бойы қолданылады.

Волосттонит – циликат калций  (CaSiO3) көрсетеді, түсі сұр түстес ақ. Табиғи волостониттің кристалы ине формада болады, ол синтетикалық түйіршік формада. Минералды CaO теориялық құрамы 48,3 %,  SiO2- 51.7 % құрайды. Кейде онда FeO-9 %, AI2O, Na2O, MgO аз мөлшерде кездеседі.

 

Кесте-1. Волластанит қоспасының сазға әсері.

Қасиеттері

Воллостониттің құрамда болуы, %

5

10

12

14

Күйдіру темпретурасы

1300

1300

1250

1250

Шөгу, %

9,8

8,1

6,8

7,6

Массаның су сіңіргіштігі, %

0,24

0,03

0,02

0,06

Созу беріктігі, мПа

45

62

76

76

 

 

 

 

1.4 Керамогранитің негізгі түрлері

 

Кераограниттің бетін өңдеу әдісіне байланысты түрлері:

-жылтыратылған керамогранит – толық жылтырату сатысынан  өткен, жылтырлығы 80%;

-толық жылтыратылмаған – толық жылтырату сатысынан өтпеген, жылтырлығы 20%;

-тегістелген күңгірт керамогранит – өте дөрекі абразивты материалдар мен тегістеу кезеңінен өткен.

-глазурленген керамогранит – жылтыратылмаған, арнайы глазурмен қапталған.

Керамограниттің көптеген түрлері бар. Ең кең тараған түрі – моноколор. Бір түсті керамогранит (қара, сұр, сары, қызыл, көк және жасыл түстеріде кездеседі).

Мрамор түріндегі керамогранит – мрамор негізіндегі. Сары, сұр, ақ және жасырын рельефті, жіпше түріндегі эффектермен кездеседі. Текстуралы. Табиғи тастарды суреттеумен, әртүрлі текстурамен өңдеумен сипатталады. Керамогранитті глазурлеу оның декортивті қасиеттерін жоғарлатады.

Тұз/бұрыш керамограниті – біртүсті керамогранит. Оның аталуы сыртқы көрінісіне байланысты. Бұл керамограниттің түрін ең ұзақтұрақты деп санауға болады және қажалуға ең төзімдісі. Себебі беттік қабатының қажалуынан оның бетіндегі ою-өрнек өшпейді. Ол табиғи тасты алмастыра алады.

Керамогранит пайдалану түріне байланысты едендік қабырғалық, сокольдік түрлері болады. Барлық түрлерінің қолдану аясына байланысты қасиеттері әртүрлі болады. Едендік керамограниттердің өзі қолданылатын ортаның сумен қатынасын ескеріп, қажаулығын ескеріп әртүрлі қасиеттегі керамограниттерді қолданады. Санитарлық узелдерге ванна сияқты сумен қатынаста көп болатын жерлерде су сіңіргіштігі өте төмен глазурьленген керамограниттерді қолданады. Коридорларға адамдар көп жүретін орындарда қажаулығы төмен керамограниттерді қолданады. Керамограниттің көптеген түрлері ------суреттерде көрсетілген.

 

Сурет-1. Адамдар көп жүретін еденге арналған керамогранит

 

 

Сурет-2. Сусіңіргіштігі төмен еденге арналған керамогранит.

 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-3. Еденге арналған әрлеу керамограниті. 

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-4. Қонақ үйлердің, тойханалардың едендерін әрлеуге арналған керамогранит.

 

 
  /uploads/image/08.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-5. Еденді әрлеуге арналған керамогранитті плиталар

 

 

1.5 Шихтаны дайындау және өндіру әдістерін тандау негіздері

 

Құрлыс керамикасына жасалған бұйымдарды дайындау кезінде өндірудің 3 негізгі техналогиялық схемесын қолданады; пішіндеу әдісі, жартылай құрғақ ұнтақтарды пірестеу және кеуеті пішіндерге керамикалық суспенцияны қою әдісі.

Құрылыс керамика бұйымдарын дайындаудың техналогиялық процесінің бастапқы массаны дайындау. Бұл техналогиялық процестің негізгі міндеті саздың табиғы құрылысын бұзу, дезагерлеу, шикізаттан зиянды қосалқы заттарды бөлу, берілген рецепті бойынша  шихта компоненттерін дұрыс мөлшерлеу және массаға тығыздық беру және ұнтақталған компонентерді беру жолымен біркелкілік және жақсы араластыру.

Керамограниттен жасалған бұйымдарды дайындау кезінде жартылай құрғақ ұнтақтардан престеу әдісін қолданады.

Керамограниттен жасалаған бұйымдарды жартылай құрғақ ұнтақтарды престеу әдісінен 6-7 %  ылғалдылықта дайындауда массаны дайындау үшін шликерлі техналогияны қабылдады.

Массаны дайындау шликерінің техналогиялық схмеасы келесі варианттардан тұрады:

-сазды және пластикалық емес материалдардың бірлескен ұнтағы

-сазды және пластикалық емес материалдар кешенді ұнтақтау әдісімен бөлінеді.

Бөлінген ұнтақ схмемасы бойынша шликерін дайындау электр энергиясын қолдануда тиімді.

Прес ұнтақты кешенді әдіспен дайындауда, сазды жыныс сулы ұнтаққа айналады, ол пластикалық емес компонент құрғаққа сосын шликер шарлы диірменде гомогенделеді және сусыздандырылуға түседі.

Керамогранитті плиткаларды өндіруде шикізат компоненттер  ұнтағының біріккен әдісі.

Жартылай құрғақ престеу әдісімен өндірудің техналогиялық процесі келесі операцияларды құрайды: өңдеу, тасымалдау, қайта өңдеу және сазды шикізатты қоспаны сақтау; прес ұнтақты дайындау; прес ұнтақты сақтау; 15-20 МПа қысымда прес ұнтақты жартылай құрғақ престеу; шикізатты кептіру және күйдіру; қабылдау, қаптау; тұтынушыларға дайын өнімді жіберу 18-25 % жоғары ылғалдылықтағы саздан жасалған прес ұнтақты дайындау 1 немесе 2 сатылы кептіргіште жүреді және 3 немесе 5 мм көп емес ірлікте ұнтақтайды. Сазды қайта кептіреді; Сонымен қатар төмен  карьерлі ылғалдылығы 13-17 % (сланцты, аргилпитті, туфоаргелитті және т.б.) кептіру мен қатар 2 мм көп емес ірілікке дейін ұнтақтайды.

 

 

1.6 Керамогранит өндірісінің технологиялық схемасы

            

 

 

1.7 Керамограниттің өндірістік технологиясы және сипаттамасы

 

Керамогранит – қазіргі заманғы жасанды құрылыс материалы. Формасы плитка сияқты болады. Керамогранит өндірісі жоғары технологиялық процесс болып табылады. Ол негізгі төрт сатыдан тұрады. Араласпа дайындау, пресстеу, күйдіру және бетін өңдеу.

Араласпа дайындау. Керамогранит өндіру кезінде каолинді саз дала шпатымен, кварц және минералдармен  араластырылады. Керамогранит плиталарына қажетті түс беру үшін шикізат массасына минералды пигменттер қосады. Сонда түс керамограниттің барлық беті бойынша біркелкі тарайды. Қолданылатын пигменттің түріне байланысты керамогранит өндірісінде әртүрлі түстер гаммасы және суреттер болады.

Пресстеу. Пресстеу процесі керамогранит плиталарын 400-600кг/см2 жоғары қысыммен пресстейді. Мұндай қысымда керамогранит массасында ешқандайда кеуекте қуыста болмайды, бастапқы материалдың бөлшектері жақсылап пресстеледі.

Күйдіру. Жартылай фабрикаттың пресстеу кезінде қол жеткізілген сипаттарын беріктендіріп, күшейтедеі. Керамогранит плиткаларын күйдіру пеште 1300°С температурада жүргізіледі. Мұндай температурада материал ішінде перекристаллизация процесі жүріп, олар «шынылы» монолитті құрайды. Керамогранит бір қалыпты болып, әр түрлі әсерлерге берік болады.

Керамогранит бетін өңдеу. Керамогранит бетін өңдеу тегістегіш және жылтыратқыш линияларда орындалады. Керамограниттің бетін полировкалау арнайы паста көмегімен  орындалады, алмазды шаң негізінде. Жылтырату кезінде керамограниттің бетінде бірде-бір қисық жер қалмайды, жоғары дәрежедегі әйнекейлік алынады 80% дейін. Басқада «әйнекейлеу» дәрежесі қолданылуы мүмкін 20% дейін. Бұл жағдайда керамогранит беті бір шама микро дәрежесінде тегіс болады. Оның беті жып жылтыр болуы үшін керамогранитті жылтыратпайды, оны тегістейді, әйнекеймен қаптайды және шынықтырады.

Бетінің өңделуінің сипатына  байланысты керамогранитті келесідей түрлерге бөледі:

-жылтыратылған керамогранит – жылтыратудың барлық сатысынан өткен, жылтырату – әйнекейлік 80%.

-жеткілікті жылтыратылмаған – жылтыратудың толық сатысынан өтпеген – жылтырату дәрежесі 20%.

-тегістелген (матовый) керамогранит – тек қана тегістеу сатысынан өткен шамалы бұдырлы абразивті материал.

-глазурьленген  керамогранит – жылтыратылмаған, арнайы әйнекеймен қапталған.

Глазурь керамогранитті жақсы ұстасатын етеді, сырғанақ емес сонымен қоса оның бетін майлы дақтар мен кірленуден сақтайды.

Керамогранит өндіру жоғарытехнологиялық процесс болып табылады. Ол төрт сатыдан тұрады: араластыру, престеу, күйдіру және беттік қабатын өңдеу.

Араластыру – кермогранитті өндіру кезінде каолинді саз дала шпатымен, кварц және минералдармен аралстырылады. Керамогранитті плиткаларға әртүрлі түс беру үшін шикі массаға минералды пигменттер қосады. Түс керамргранитке біркелкі құрылым бере отырып барлық қалыңдығына жайылады. Пигменттердің түріне байланысты оларды пайдалануының арқасында керамогранит өндірісінде әртүрлі түстер мен ою-өрнектер беруге болады.

Престеу – керамогранитті плиталарды престеу жоғары қысым көмегімен 400-600кг/см2 орындалады. Мұндай қысым шикізат массасының ішінде кеуек пен қуыс қалдырмайды.

Күйдіру – престеуден кейін шикі плитканың қасиеттерін ұлғайтып, күшейтеді. Керамогранитті плиткаларды пештерде 13000С температурада күйдіреді. Мұндай температурада материалдың ішіндегі компоненттердің қайта кристалдануы жүреді. Керамогранит біркелкі, біртекті және әртүрлі әсерге тұрақты болады.

Беттік қабатты өңдеу – керамогранит тегістеу және жылтырату тізбегімен өндіреді. Керамограниттің бетін жылтырату арнайы пастаның көмегімен жүзеге асырылып өндіреді. Ол алмазды шаңға негізделген. Жылтырату кезінде бетіндегі кішкентай кедір-бүдірлері жойылады және 80% жылтырлықтың жоғары деңгейіне жетеді. Жылтыратудың басқа сатысында жылтырлық 20% дейін жетуі мүмкін. Бұл сатыда беті микродеңгейде тегіс болады. Плитаның беті кедір-бүдір болмау үшін, керамогранитті жылтыратпайды, тегістейді,глазурлейді және шынықтырады.

 

 

1.8 Өнімнің сапасын бақылау

 

Бірінші бақылау түрі - кіріспе бақылау, яғни бұйының шикізатын бақылау. Күйдірілмеген материалдар мен бұйымдарды дайындау барысында балшыққа қоспа ретінде диотомит, трепел, опока, құм сияқты тау жыныстарын пайдаланады. Балшықтың керамикалық бұйымдарды дайындауға жарамдылығы, бірінші кезекте, минералды құрамымен, дисперсиялығымен (бөлшектердің өлшемімен), иілгіштігімен және жылуға шыдамдылығымен анықталады. Балшықтың химиялық құрамы негізінен кремнийдің, алюминийдің, темірдің тотықтарынан құрастырылған мыс:SiO2 – 40 – 50;Al2O3 – 40 – 50;Fe2O3 – 9 – 15;MgO – 1 – 4; CaO – 0.5 – 2.5;Na2O, K2O – 1% дейін болады.

Екінші бақылау түрі – ағымды бақылау түрі, яғни бұйымның технологиялық процесін бақылау. Масса дайындау. Саз массасын пластикалық әдіспен  дайындау жұмысы  мынандай процестерді қамтиды: сазды карьерден шығаруды, оны және кұнарсыздандырғыш қоспаларды майдалауды, оларды алдын-ала араластырып ылғалдауды, шихтаны үлпа етіп майдалауды және саз массасын дайындауды. Осы аталған процестерді тек мұқият орындағанда ғана, жақсы сапалы керамикалық бұйымдар алуға мүмкіндік туады. Қалыптау процесі. Пресс калпынан масса сығылып шығарда оның сыртқы қабаты қалып қабырғасының үйкеліс күші арқылы ететіндіктен, қалыпталынған бұйымдардың бетінде түрлі ол қылықтардың пайда болып қалуы мүмкін. Сондыктан, саздық массаның ылғалдылығын құнарсыздандырғыш қоспалардың мөлшерін дұрыс тағайындау арқылы оның серпімді-созымталдық қасиетін жақсартады. Күйдіру процесі. Күйдіру - керамикалық бұйымдар жасау технологиясының ең маңызды және соңғы сатысы. Керамикалык бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-Н100°С аралығындағы температурада күйдірілуі нәтижесінде калыптасады. Нақтылап айтқанда күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділік көрсеткіштерін жетерліктей жоғарылатып, керекті құрылыстық қасиеттеріне ие болады.

Үшінші бақылау – қорытынды бақылау, яғни дайын бұйымдарды сынау. Қоймаға келген бұйымдардың әр жерінен біреуден алып лабораториялық сынаққа жібереді. Сол жерде материал талапқа сай сай еместігі анықталады.

Техникалық бақылау бөлімі (ОТК) сапалы және шикізат материалдарының дұрыс қабылдауларына жауап береді.

Өндірісті бақылаудың негізгі жұмысы:

  • материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау;
  • технологиялық шарттардың орындалуын бақылау;
  • операциялық бақылау.

 

 

1.9 Еңбекті қорғау

 

Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын  жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын-алу жөніндегі күнделікті  және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың  еңбек қорғау және қауіпсіздік  техникасы мәселесі бойынша  оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б.

Ережелер бойынша жұмысшылар жұмыс істеу ережесін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі  насқауларды, сонымен бірге машиналар мен және механизмдермен  жұмыс істеудің белгіленген  жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті

Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында  немесе лас жұмыстарда істейтін  жұмысшылар мен қызметкерлерге  белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары  беріледі.

Жұмысшылар өздерінің  еңбек міндетін атқаруына  байланысты мертіккенде немесе денсаулығына басқадай залал келгенде  Ережелер бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Қазіргі іс жүзіндегі ережелер бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыруға  басшылық ету және жауапкершілік  әкімшілікке жүктеледі.

 

2. Қоршаған ортаны қорғау

 

Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке құрылыстар табылады Жоғары температураға төзімді бетон шығаратын зауыттар санитарлы – гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда атмосфералық тазалықты қамтамасыз ету үшін атмосфераны атмосфераны ластайтын көздердің әрбірінің орнатылған тектік рұқсат етілген шығару және қоршаған ортаға экономикалық шығынның үлкен маңызы бар. Санитарлы – гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін жағдайлар кірпіш  өндірісі зауыттарының проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.

Техникалық жағдайға сай қақпалардың ашық болу уақыты ұзақ болатын (қырық минуттан жоғары) цехтарда немесе температура 20оС – ден төмен аудандарда ауалық аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе көмекші ғимараттарда табиғи немесе жасанды желднту системаларын қарастыру керек.

Зиян қоспалар бөлінетін цехтарда ауаны ластаудан сақтау үшін:

а) құрылғылар, приборлар және өзге де жылу бөлетін құралдар оқшаулану керек

ә) қолдану кезінде ылғал бөлетін құрал жабдықтар арнайы жабынмен жабылу немесе оқшаулану керек

б) шаң – тозаң болу арқылы өтетін техникалық процестер адамдардың қатысуынсыз өтетіндей болып оқшаулану керек, ал техникалық процестерден бөлінетін тозаң, бу, зиянды газдар атмосфераға бөлінер алдында залалсыздандырылу керек. Вибрациялық  қондырғылар қолданылатын цехтарда вибрация әсерін және шуды төмендететін шаралар жасалу керек.

Қоршаған ортаны қорғау көптеген ғылымдардың күш жігерін талап ететін жүйелі проблемалардың бірі. Қоршаған ортаның ластануы экологиялық мәселелер – қоғамдық еңбек өнімділігін арттырудан басқа әлеуметтік, экономикалық мәселелер кіреді. Олар жұмыс жағдайын жақсарту, адам өмірі мен оның денсаулығын сақтау. Тиімділік түсінігі ол тек қана технико-экономикалық тиімділік емес, ол осы адамның және бүкіл мемлекет бойынша халық шаруашылық масштабындағы экологиялық салдар.

Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда атмосфералық тазалықты қамтамасыз ету үшін атмосфераны атмосфераны ластайтын көздердің әрбірінің орнатылған тектік рұқсат етілген шығару және қоршаған ортаға экономикалық шығынның үлкен маңызы бар.

Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке құрылыстар табылады Жоғары температураға төзімді бетон шығаратын зауыттар санитарлы – гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

Санитарлы – гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін жағдайлар кірпіш  өндірісі зауыттарының проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.

Техникалық жағдайға сай қақпалардың ашық болу уақыты ұзақ болатын (қырық минуттан жоғары) цехтарда немесе температура 20оС – ден төмен аудандарда ауалық аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе көмекші ғимараттарда табиғи немесе жасанды желднту системаларын қарастыру керек.

Бұл ережелерде толық зауытқа қойылатын талаптар ғана емес, сонымен қатар әр цехқа, технологиялық процеске, тасымалдау құрылғыларына, цехтарды табиғи және жасанды жарықтандаыру құралдарына, жылыту және желдету құралдарына қойылатын талаптар көрсетілген.

 

Қорытынды

 

Керамогранит – ғимараттарды әрлеу үшін жиі қолданылатын құрылыс материалы. Көптеген мемлекеттер Ресей, Қытай, Италия, Беларуссия және т.б. мемлекеттерде өндіреді. Көптеген жағымды қасиеттерінің арқасында қабырғаларды, еденді әрлеуде керамогранитті ешбір материал алмастыра алмайды. Керамограниттің өлшемдеріне еш шектеу қойылмайды. Кіші өлшемнен 5х5см, үлкен 60х60,60х120, 120х180см өлшемге дейін өндіріледі. Оның өлшемдері әртүрлі болғандықтан үлкен және майда детальдар өндіруге болады.

Керамогранит өндірісі үшін қажетті шикізаттар саз, пигменттер, бояғыш заттар, қоспалар. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және берік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпатын желдету нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең тарағандарды каолиниттілер (каолинит Al2O3×2SiO2 ×2H2O және галлуазит Al2O3×2SiO2 ×4H2O), монтмориллониттілер (монтмориллонит - Al2O3×4SiO2 ×2H2O), бейделлит - Al2O3×2SiO2×H2O және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі болып табылады.

Керамогранит басқа едендік материалдарға қарағанда берік, су өткізгіштігі төмен, өлшемдері үлкен. Сондықтан бұл материалды адамдар көп жүретін жерлерде, санитарлық тораптарда, емханаларда пайдалану өте тиімді. Оның өндірілетін өлшемінің үлкендігі еденді қаптау құрылысына кететін уақытты азайтуға болады. Бұл материалды пайдалану, барлық жағынан өте тиімді болып табылады. 

Керамогранитті қолдану аясы өте кең. Қазіргі таңда керамогранит өндіретін цехтар саны артуда. Бұл материалдың құрылыс ғимараттарын әрлеуде қолдануға маңызы өте зор.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары:. Тараз.

    Сенім. Б.С.Сәтеков 2007 І том 576 бет

  1. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары:.

    Тараз.Сенім. Б.С.Сәтеков 2007 ІІ том 472 бет

  1. Технология бетона. Ю.М. Баженов – М.: Изд-во АСВ, 2007 – 528 стр.
  2. Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

   дайындалған диссертациясының афторефераты. Рысдаулетов Р.А –

   Шымкент 2009 – 25 бет.

  1. Т.Т.Темірқұлов, Э.Н.Қалшабекова «Құрылыс материалдарын сынау»

          Шымкент 2008ж.170бет.

  1. www.wikipidia.ru; www.patents.kz; www.ukgu.lib.kz
  2.  Т. Т. Темірқұлов «Құрылыс материалдары». -  Алматы, 2001 жыл.- 60-80 беттер.
  3.   А. Г. Комар «Строительные материалы и изделия». – Москва, 1983 жыл. – 207-209 беттер
  4. 8 А. Кулибаев, У. Бишімбаев, Е. Қасымов, Қ. Бисенов «Сәулеттік материалтану». - Алматы, 2006 жыл. – 166 - 213 беттер.
  5.  9 Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары: Сенім. Тараз 2007.1-2 том.
  6.  Волкова Ф.Н. Общая технология керамических изделий. – М.:Стройиздат, 1989
  7. Августиник А.И. Керамика. Л: Стройиздат, 1975,591с.
  8.  Кошляк Л.Л., Калиновский В.В. Производство изделий строительной керамики.-М.: высшая школа, 1985
  9.   Павлов В.Ф. Физико-химическое основы обжига изделий стройтельной керамики. М.: Стройиздат, 1977
  10.  Қаныбеков Ж.К. Керамикалық құрлыс материалдар технологиясы. Оқу құралы, Шымкент, 2004.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-06-20 20:36:54     Қаралды-4136

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »