UF

 

 

МАЗМҰНЫ:

       КІРІСПЕ

  1. Көлік пен туризмнің өзара байланысы.
  2. Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдарды классификациялау.

3. Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру.

4. Әуе көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшелігі.

5. Темір жол көлігімен  саяхаттарды  ұйымдастыру және жоспарлау.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер

 

КІРІСПЕ

Транспорт халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді. Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды.

Туристтерге транспорттық қызмет көрсету туризм өндірісінің құрамдас бөлігінің бірі. 1990 жылға дейін өзіне автокөлік, сулы, теңіздік, теміржолдық және әуе транспортын қосатын және ішінде халықаралық туризмнің қажеттілігін қамтамассыз ететін туризмнің біртұтас транспорттық жүйесі болған. Туристтік қызметтер құрылымында трнаспорттық қызмет көрсету үлесі 40% құрады. Көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне жауап табуымыз керек.    

Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін  айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі. Темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктерін айтып өтуге болады: темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы; шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы; үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі; метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т.б. осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.

Туристік саяхаттарды ұйымдастыруда автокөлік маңызды роль атқарады. Ол негізінен оның мобильділігімен, ақпараттылығымен, арзандылығымен ерекшелінеді. Авто тасымалдаулардың ерекшелігі болып, олардың тек қана туристердің көпшілік тасымалдауы емес, әуе, темір жол, су көліктерін пайдаланылатын жолаушылардың трансфері ретінде қолдануға мүмкіндік табылады.

Туризммен пайдалынатын көлік түрлері географиялық орнына, жердің табиғи жағдайына, сонымен қатар коммуникациялық желілердің дамуының дәрежесіне тәуелді. Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық,  су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық  және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм  халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты  жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.

Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады. Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына  кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

 

Көлік пен туризмнің өзара байланысы.

19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы туризмнің интенсивті дамуы, темір жол желісінің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды. Темір жолдардың маңыздылығы өте келе автокөлік және авиа көлігінің пайдасына кеміді.

Темір жол әуе көлігіне қарағанда «баяу жүретін» болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр.

Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның комфорттылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су транспортымен салыстырғанда, темір жол транспортының жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.

Біздің мелекетіміздің көлік жүйесі басқа мемлекеттердің жүйелерімен кең байланысы, көптеген аралас маршруттарды ұйымдастыруға, Қазақстанның Азия жіне Европаның қалаларын барып көруге мүмкіншіліктер толып жатыр.

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.

Круиздік туризм ежелгі заманна пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

 Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.

Қазақстанда тарнспорттық туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.

Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автожолдар жүйесімен дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің  әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автожолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысқан дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.

Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды- караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.

Туристерді тасымалдау арнайы автобустармен жүргізілу керек. Олар туристердің көпкүндік саяхатына сай комфортты болу керек. Гидтерге арналған арнайы орны,  жүк орналастыру орны болу керек.

Қазақстанда автобустық туризм ресми туристік ұйымдардың деңгейінде дамып жатыр.

Автотуризм деп- жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрлендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрлігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ- 104; каравелла; боинг-707). 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та   боинг-747).  Қазіргі  туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады.

Ең алдымен авиа көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер еңгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы транспорт түрінің басқа транспорт түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия).

Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй қызметін  атқару керек. Көптеген ірі әуежайлар туристерді қарсы алуға және шығарып салуға қолданады. Әуе көлігі маусымдық түсулер кезінде чартерлік тасымалдау қызметін атқарады. Чартерлік тасымалдау кезінде салонның толық толтырылуы. Жеке шетел фирмаларға тарифті төмендетуге жағдай жасайды. Чартерлік тасымалдау үшін ұшақтарды жалға алудың екі түрі бар:

  • белгілі мерзімге ұшақты жалға алу;
  • белгілі күн мен сағатқа ұшақты жалға алу.

 

 

Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдарды классификациялау.

Транспорттық саяхаттар – бұл түрлі транспорттық құралдарды қолданумен құрастырған маршруттар бойынша жолдамасы (ваучер) бар ұйымдастырылған туристтер топтарының саяхаттары. Олар түрлі негізгі белгілері бойынша классификациялайды:

  • маршруттағы жылжу әдісіне
  • қолданатын транспорт түрлеріне
  • маршрут трассасының құрылысына
  • маусымдық және т.б.

Ең көп белгілеріне автобустық, әуелік және теміржолдық саяхаттары жатады. (транспорттық саяхаттардың жалпы көлемінен 80% жуық)

Туристтік транспорттық саяхат әдеттегідей бірнеше транспорт түрімен іске асырылады: теміржол + автобус, әуе + автобус және т.б.

Ең бір мобилді транспорт түрі – автобус және жеңіл автокөлік өз бетінше маршрутта да туристтерде әуежайдан қонақ үйге жеткізу не керісінше, трансферлік транспорт түрінде де қолданады.

Өзінің саяхатын жоспарлауда турист сапар нысанасына жету жылдамдығы, саяхат ыңғайлығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі және оның салмағы, жолда тоқтау мүмкіндігі, тамақтану жағдайы, шу деңгейі, вибрация, ұйықтау және демалыс үшін жағдай, сапар кезінде кең кқрінісі, қолйсыз экономикалық факторлардың болуы және әрине – қауіпсіздік секілді факторларды ескеру қажет.

Приоритеті бойынша бұл талаптар келесі кезеекпен бөлінеді:

  • саяхаттың қауіпсіздігі
  • бағасы және түрлі жеңілдіктердің болуы
  • ыңғайлылық
  • жеткізіп беру жылдамдығы
  • басқа факторлар

 

 

 

 

Неғұрлым оңтайлы факторлар көп болған сайын соғұрлым транспорттық саяхат бағасы жоғары болады, алайда бірден бір транспорттық құрал барлық талаптарды қанағаттандыра бермейді.

Туристті әуе транспортымен тасымалдау яартерлі және рейстік ұшіақтармен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әуе тасымалдаумен 400-ге жуық әуе компаниясымен, сонымен бірге 60-қа жуық Ресейлік әуе компаниясымен жүзеге асырылады.

Ресейлік туристтер ұлттық та шетелдік тетасымалдаушылармен қолданады. Отандық ұшақтармен бірге (АН-36, ТУ-154, Ил-62, ЯК-42 және т.б.) қабат ресейлік әуе компаниялармен «Боинг», аэробустар А-310, және т.б. секілді ұшақтар жұмыс істейді.

Туристтік мақсатта тік ұшақ және басқа да ұшатын аппараттарды: дирижабль, ауа шарлары, парапландар, дельтопландар және т.б. кең қолданады.

Ыңғайлық, тамақтану жағдайы және басқа да факторларға байланысты ұшақтың орындары келесідей кластарға бқлінеді.

  • I класс (F)
  • Бизнес-класс (C)
  • Эконом класс (Y)
  • Басқа да түрлері

Туристтік авиациялық саяхаттар үздіксіз, маусымдық немесе бір реттік негізде іске асырылады.

Ұлттық тасымалдау немесе жеке әуе компаниялар шеңберінде туристтер үшін түрлі жеңілдіктер бекітілген:

  • маусымдық
  • ұжымдық
  • баларымен жолаушылар
  • топтық

Туристтерде үлкен беделге IAPA (халықаралық жолаушылар авиажолының ассициациясы), ETN (Труизмнің еуропалық жүйесі) және т.б. жеңілдік карталар ие.

Осындай карта иелері кейбір әуекомпаниялардың (DELTA, SAS) әуебилеттеріне жеңілдіктермен, дүниенің 4000 ең күшті қонақ үйі бағасына жеңілдік (10-нан 40% дейін), жалға алынған автокөліктің бағасына жеңілдікпен (30 % дейін), тасымалдау құжаттарынның жлғалғанын қалпына келіруге, әуежайда VIP залын ұсыну, сақтандыру және тағы басқалармен қамтылады.

Туристтерді тарту мақсатында кейбір әуекомпаниялар осы компания ұшағында ұшқан сағатына қарап жеңілдіктер береді.

Ішкі су артриясында туристтерді тасымалдау сиымдылығы 250, 300 және 400 жолаушы ыңғайлы арнайы өзендік теплоходтармен жүзеге асырылады. Каюталар бір орынды, екі орынды, 3-4 орынды және жанұялы болып бөлінеді.

Осы класс теплоходтары ыңғайлық пен демалыстың барлық атрибуттарымен – каюталарда жұмсақ жиөаз, кондиционер, тоғазытқыш, мини-бар, солярия, ресторан, барлар, сауна, музыкалық салондар, видео-кинозалдар қызметтерімен жабдықталған.

Теңіздік халықаралық жолдарда 96-дан 788 жолаушыға дейін сиып кететін жоғары комфортты круизді кемелер жұмыс істейді.

Жоғарыда айтылған ыңғайлылық атрибуттарына семинарлар, сипозиумдер үшін жабдықталған бизнес-кластар, бессейндер. Лифт, спорт кешендерді қосуға, автокөлігімен, телефонымен, тұрмыстық қызмет кешенімен және т.б. туристтерді қабылдауға мүмкіндік бар.

Сулы туристтік саяхаттар мен экскурсиялар тағы да мынадай тарнспорттық құралдармен жүзеге асырылады: өзендік «трамвайлар», яхта, су асты қайықтар, желкенділер, катамарандар, қайық, байдаркалар, салдарда және т.б.

Темір жолдық туристтік хабаоламада графикпен де арнайы қозғалыс режимінде де жұмыс істейтін мамандандырылғантуристтік құрамаларда қолданылады. әдетте олар 12 жолаушы вагондарынан, 2-3 вагон ресторан, вагон-клубтардан және т.б құралады.

Темір жолдық туристтік саяхаттарды іске асыру аоездердің өмірімен қамтамассыз ету құралдарымен қамтамассыз етумен байланысты. әдетте темір жолдық туристтік саяхаттар сақиналы маршрут режимінде жоспарланады.

Ресейдің және шетелдің қалаларында экскурсиялық туристтік транспорт ретінде трамвай және ретро-нұсқалары: троллейбус, карета, дилижанс және т.б. қолданылады.

Жоғарыда айтылған тарнспорттық құралдыр (ұшақ, кеме, теміржол вагондары және т.б.) әдетте туристтік компанияның жеке меншігі емес, және фрахт, жал, лизинг және т.б. негізінде қолданылады.

Жаппай туристтік транспорт – автобус көп жағдайда ірі туристтік компания, ұйым, концерн, ассоциацияның өздерінің жеке меншігі болып табылады.

Басқа туристтік фирмалар ұзақ мерзімді немесе бір ретті тапсырыс негізінде автотранспортты кәсіпорынның қызметін қолданады.

Туристтік автобус классификациясы суретте көрсетілген. Жоғары маневрлік пен мобилділікке ие болса, туристтік автобустар қысқа және орта (200 км дейін) маршруттарда бәсекеден тыс болады.

Жоғары комфортабильді туристтік автобустар ұзақ маршруттарда да қолданылады. (мысалы, МӘСКЕУ-МИНСК-ВАРШАВА-БЕРЛИН-ПАРИЖ). Мұнда түңгі уақыттағы транспорттардың демалысы отель мен мотельдерде қарастырылады. Халықаралыө классификацияға сәйкес, автобустар бірнеше белгілері бойынша категорияларға (жұлдыздарға) сертификацияланады. Негізгі транспорттық құралдардың жалпы тартымдылық бағасы 10 баллдық рейтинг бойынша кестеде келтірілген. 

 

 

Автосаяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру.

Автосаяхаттардың ерекшелігі болып, олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашықтыққа жасалуы табылады. Қазіргі уақытта автосаяхаттар жеке, арендаға алынған немесе қоғамдық көлікте пайдаланылып жасалады. Қоғамдық көлік бір елді мекеннен келесі елді мекенге тасымалдау үшін қолданылады. Арендаға алынған немесе жеке көлікті бірнеше күнге маршрут бойынша елді мекендер ішінде тасымалдау және қызмет көрсету үшін ыңғайлы.

Автокөліктің басқа көлік түрлерінен басымдылығы: жоғары маневрілігі, мобильдігі, қолайлығы, тарифтердің төменділігі, қажеттілік бойынша шығуға мүмкіншіліктер, кең шолу, «есіктен-есікке» қызмет көрсету, яғни ол вокзалдар, станциялар, порттар салу үшін капиталдық шығындарды қысқартады.

Ұзақ маршруттарда авто саяхаттар комфорттылық деңгейінің төменділігімен сипатталады.

Автосаяхаттардың басқа да кемшіліктері бар: жылдамдылығының төмен болуы және айналадағы ортаның ластануы. Соңғы уақытта мамандар жетілген автомобильдер түрлерін жасады.

Туристер группаларын тасымалдау үшін автобустар қолданады. Автобус бұл- көп орынды, вагон типті құрлықта жүретін көлік түрі. Микроавтобустардың ұзындығы бес метр, ал қосылған және автопоездар 24 метрге жетеді.

Халықаралық автобус турлары өзінің ұзақтылығымен, экскурсиялық бағдарламалардың мазмүнымен және саяхат кезінде қызмет көрмету жағдайларымен ерекшеленеді. Осы факторларға байланысты олар: экономикалық, стандартты, фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді. Экономикалық турларда саяхатқа жақсы  экскурсиялық бағдарлама, 2-3* жұлдызды отельде орналасу, түнде жүру кіреді.

Туристік мекеме, өзінің тарапынан келесі міндеттерді атқарады: туристерді тасымалдау графиктері мен жазбаша заявкаларды уақытында беру, автоқызметтер үшін төлеу. Туристік группаларды санына және автобус орындарына қарай жинау, автокөлікті тек қана келісілген белгілеуге ғана қолдану, туристер ішінде тәртіпті қамтамассыз ету, транспорттық құралдың  бүлдіруден болған шығындарды өтеу, т.б.

Автобустық маршруттың басшысы жол бойы экскурсиялық ақпаратты, тәртіп туралы ережелерге инструктажды, маршруттың қысқаша сипаттамасын, санитарлы-тұрмыстық тоқтаулардың орнын, уақытын, және созылуын беру керек. Осындай тоқтаулардан кейін, туристердің санын тағы да тексеру керек.

Саяхаттың табысы жүргізуші мен топтың басшысының өзара түсінушілігіне байланысты. Туристік топтың басшысы (инструктор, экскурсовод, методист) оның туристердің тәртіп ережелерін дұрыс орындауына жауапты екенін есте сақтау керек. Осы ережелер туристердің автобустық маршруттағы міндеттер ретінде беріледі. Автобус жүргізушісі мен топ басшысы құжаттардың ақшаның, туристің затарының  сақталуына жауапты емес.

Автосаяхаттың тағы бір түрі- ол автомобильдермен саяхат. Осындай саяхаттар маршрут картасын құрумен басталады, содан кейін жүрудің уақытын есептеу, демалу және елдімекендерде жүру уақыты т.б. есептеледі. Содан кейін мотельдер, қонақ үйлермен, олардың қасындағы стоянкаларды жалға алу шартына сәйкес келісімдер жасалады. Осындай маршруттардың ерекшелігі болып ТЖО мен келісімдер жасау. Осындай келісімдер бірнеше болу керек. Осы қызмет түрлерін серіктестер арқылы алуға болады. Ірі елді мекендерде тоқтаулардың уақыты көп болу керек. Көрікті жерлермен танысу, жолдама бағасына кіреді. 20-25 адамнан құрылған топқа қызмет көрсетудің бірінші күнінде қала бойынша шолу экскурсиясы ұсынылады. Осы экскурсияның мақсаты автосаяхаттаушыларға демалу мен ориентир жасауға көмектесу және келесі күндері олардың қалада өздері жүруге көмектеседі. Осындай саяхат түрі бізде аз таралған, бәрақ олардың болашағы бар, оның себебі жеке көлік саны күннен күнге өсуде. Саяхат барысында туристер жақындайды және оларды авто тематикаға арналған жалпы қызығушылығына үйрену жүргізіледі. Осындай саяхат түрін ұйымдастыру кезінде үнемі маманданған автомобилистпен кеңес жүргізу керек.

 

Әуе көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшелігі.

Қазіргі әлемде, адамдардың әлем бойыша саяхаты масштабты сипатқа ие болып отыр. Және осыған байланысты әуе көліктің маңыздылығы өсуде. Ол көліктердің ішіндегі ең тезі болып саналады. Әуе тасымалдаудың ерекше маңыздылығы көпшілік туризмді реализациялауда көрінеді. Оның кеткен ғасырдың ортасында қарқынды дамуы, жоғары комфорттылық деңгейі бар және әртүрлі саяхат мақсаттарына жауап беретін ұшақтардың пайда болуын қажет етті. Әуе кемелердің ішінде және әуежайларда жолаушыларға әртүрлі және жетілген сервис ұсынылады.

Әуе тасымалдаулардың басқа көлік қызмет көрсетуден бірқатар ерекшеліктері бар. Ол алдыменен метеожағдайларға тәуелділікпен, ұшатын және отыратын жердің ландшафтарына байланысты болады. Сонымен қатар қозғалмалы составты эксплуотациялау жағдайлары, әуежайларды елді мекендерден сыртқа қарай орналастыруды және жолаушыларды ұшуға дайындауға уақытты қажет етеді. Бірақ, соған қарамастан, өзінің басты артықшылығына байланысты- әуе тасымалдаулар жер бойынаша және су көлік түрлеріне бәсекелестікті тудырады.

Бүгінгі таңда, Қазақстандағы әуе саяхаттар- көлік саяхаттарының көпшілік түрі. Тәуелсіздік алғаннан кейін, республика шетел туризмнің географиясын кеңейту мүмкіншілігін алды.

Туристерді тасымалдауды графиктік ұшақтармен немесе арнайы рейстермен жасалады. Әуе мекемелері әртүрлі қызмет түрін ұсынады: Жолаушыларды тасымалдау, жүк тасымалдау, почта және чартерлік тасымалдау(ұшақты арендаға алу), туристік саяхаттарды ұйымдастыру, өндірістік-коммерциялық операциялар, сыртқы экономикалық операциялар, бағалы қағаздармен операциялар, құрылыс пен жобалау, т.б.

Көпшілік туристік сяахат ұйымдастыруда туристерді әуе чартер бойынша тасымалдау кең таралуда. Олар туристер мен әуе компанияларға серийлік маршруттар кезінде қолайлы болып табылады. Чартер ағылшын тілінен аударғанда- кеме иесі мен арендаға алуы арасында бүкіл кемені немесе оның  кейбір бөліктерін белгіленген рейс немесе мерзімге алу келісімі дегенді білдіреді. Чартерлік рейстер әуе компаниялар мен тур фирмалардың келісімінің салдарынан пайда болды, әуе компаниялар өзінің тұрып қалған ұшақтарын пайдалануға, ал турфирмалар билеттерді арзанырақ сатып алу үшін.

Чартерлік рейстің тұрақты рейске қарағанда бірнеше ерекшелігі бар:

  • тұрақты ұшулардың кестелерінде оның жоқ болуы;
  • маршрутты әуе компания емес, заказ беруші тағайындайды;
  • тұрақты рейске қарағанда арзанырақ болып табылады.

Бірақ чартерлік рейске билет сатып алған жолаушының тұрақты рейске қарағанда, бару пунктіне уақытында бармау мүмкіндіктері жоғары. Чартерлік рейстер ішкі және халықаралық байланыстарда, тұрақты жасалған және жаңа енгізілген маршруттар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін

Қазіргі уақытта Бұл көліктің түрі туризмдегі ең пайдаланылатын түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстандағы жағдайы өте жоғарғы деңгейде және де болашақта одан да артатынында күмән жоқ.

 

Темір жол көлігімен  саяхаттарды  ұйымдастыру және жоспарлау.

Әртүрлі мемлекеттердің және әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін темір жол айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамассыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі.

Көлік қызмет көрсету сферасында темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктері бар. Осындай ерекшеліктерге:

  • темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы;
  • шығатын пункттен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы;
  • үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі;
  • метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы.

Осы тасымалдаудың тағы бір артықшылығы болып жергілікті орынды кең түрде көру мүмкіншілігі. Осы жағдай, олардың танымдық мінездемесін жоғарлатады. Сонымен қатар олар, ұзақ қашықтықты саяхаттарда туристерге комфортты жағдайларды ұсынады.

Темір жол саяхаттарын ұйымдастырудағы ең қиыны болып, маршрутты таңдау болып табылады. Ол негізінен көлік құралдарының саяхат мақсатының, жолдаманың бағасының болуына тәуелді. Әрбір туристік маршруттың бағдарламасы саяхат мақсатына сәйкес болуы қажет. Туристік-экскурсиялық поездар маршрутын жасаған кезде, негізінен туристерді қызықтыратын обьектілер таңдалады. Мысалы: Алматы қаласынан басталатын «Орта Азия Республикалары бойынша» маршруты. Ташкент, Самарканд, Ферғана, Ашхабат, Душанбе, Ургенч сияқты қалаларымен өтті. «Балтық Теңізі жағалауына» маршрутқа Мәскеу, Смоленск, Минск, Вильнюс, Каунас, Рига, Талинн, Санкт-Петербург қалаларын көріп өту кірді.

Темір жол туристік-экскурсиялық маршруттар әр станциядан басталу мүмкін. Маршруттағы қалалар топтарға біріктіріледі.

Туристік-экскурсиялық поездарда келесі қызмет түрі көрсетіледі: орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық, мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру қызметтері. Қызмет көрсету сапасы жоғары, қызмет етуші персонал мамандырылған болуын ескеру керек. Жол бойы ақпарат пен ойын-сауық түңгі немесе күндізгі уақытта жасалады.

Барлық көлік маршрут сияқты, туристік-экскурсиялық поездар трассаның құрылуы бойынша: сызықтық, шеңберлі, радиальдік, аралас болып бөлінеді.

Жоғары жылдамдықты темір жол қозғалысы шетелде 3 бағыт бойынша жүргізілді. Мысалға Ұлыбритания мен Германияда поездардың жылдамдығын арттыру үшін жылжымалы составтың кострукциясы жетілдіріліп, рельстік жол күшейді; Франция мен Италияда бар темір жол жүйесімен қиылысатын жылдамдық сызықтары жасалды; Японияда жоғары жылдамдықты магистралдар құрылды.

Туристік поездар жұмысшыларының штабын екі категорияға бөлуге болады:

1. темір жол қызметінің жұмысшылары.

2. туристік мекеменің жұмысшылары.

Қазіргі кезде Қазақстанда әртүрлі темір жол саяхаттарын ұйымдастыруға алғышарттар жасалаған: рекреациялық обьектілер картасы жасалған, Қазақстан Республикасы президентінің қаулысы бойынша 27 ақпан 1999 жылы,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, жолға алғашқы тез жүретін поездар жіберілген,  көрші мемлекеттермен достық қарым қатынас халықаралық туристік поездарды жоспарлауға мүмкіндік береді, ол шетел адамдарының республикаға деген қызығушылығының өсуін көрсете

Темір жол маршруттарындағы топтарға қызмет көрсету қарсы алатын және жіберетін туристік ұйымдар арасында жасалған келісім шарт негізінде жасалады. Жіберетін туристік мекеме группаның келуі туралы телеграмманы жіберу керек. Телеграммада туристердің саны, келу уақыты, мерзімі, поездің және вагонның нөмірі көрсетілуі керек. Жіберуші тур фирма жетекшіні туристер тізімімен қамтамассыз ету керек, маршрутқа тек қайта оралатын билеттері бар, топты жіберу керек.

Туристік поездар жұмысшылардың штабы 2 категорияға бөлінеді:

  1. Темір жол қызметінің жұмысшылары

            күту составы

             мейрамхана вагонының жұмысшылары

  1. туристік мекеменің жұмысшылары. Олар поездің түріне және поезд жұмысшыларының санына байланысты болады.2 иструктор-методистер, Оның біреуі аға-иснтруктор 2 аниматор, 1-уі бастық  дәрігер

Сонымен қатар поездің түріне және көрсетілетін қызметерінің санына байланысты штабтың құрамы өзгеріп тұрады. Маршрутты ұйымдастырушы мекеме маршрут бастығын приказ арқылы белгілейді  және алып тастайды.

Бастыққа қойылған талаптар:

  1. туристік экскурсиялық ұстаздықта жұмыс істеу
  2.  арнайы дайындау курсты өту.

          Маршрутта жұмысшылар мақсаттары.

  1. демалыстың белсенді түрлерін ұйымдастыру
  2. қызмет көрсету және қауіпсіздік жұмысты жоғарғы сапада жүргізу.

Темір жол көлігі туралы заңдар

1. Темір жол көлігі туралы заңдар ҚР-ның Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер де ҚР-сы бекіткен халықарлық шарттарда осы Заңдағыдан ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Әскери және арнайы тасымалдарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орындау ерекшеліктері ҚР-ның заңдарымен реттеледі.

 

Темір жолдар, шетелде жеткілікті пайдаланылатын көлік болып табылады. Негізінен европалық мемлекеттерде. Ол темір жол сызықтарының қалық жүйесінің бар болуымен, жоғарғы сапалық қызмет көрсету, қызмет көрсетудің біркелкі келісілген жүйесін құрумен және льготалық тарифтердің үлкен санын қолданумен байланысты.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

  Қазақстандағы темір жол туризімінің перспективалық болашағы бар. Себебі Қазақстан территориясындағы темір жолдың жартысы Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі елді мекендер мен қалалар бойынша өтеді. Жібек жолы – Қазақстанның ең негізгі туристік ресурстарының бірі және халықаралық туристік нарықта ең әйгілі туристік ресурсы болып саналады. Сондықтан Қазақстандағы темір жол туризімінің өзінің болашағы бар.

Темір жолмен саяхаттың басқа саяхат түрлерімен келесі аспектілермен   ерекшеленеді:

1) комфорттылық деңгейінің жоғарылығымен (әуе мен авто саяхаттармен салыстырғанда осы саяхаттар кезінде турист бір орнында отырады, ал темір жол саяхаттарында турист жатқысы келсе жатады, жүруге мүмкіндігі бар);

2) салыстырмалы қауіпсіздігімен ;

3) Вагонды орналасу құралы ретінде пайдалануға болатындығымен (саяхат кезңнде қонақ үйлерде тоқтамау, купенің ішінде түнеу);

4) Вагонды тамақтану құралы ретінде пайдалануға болатындығы (тұрып жатқан купеде немесе арнайы вагон – ресторанда тамақтануға болатын мүмкіншілігі);

5) салыстырмалы бағаның төмендігі.

         Сонымен қатар бұл туризм түрінің кемшіліктері де бар:

1) Ең басты кемшілігі болып темір жолмен саяхат кезінде маршрутты клиенттің талабы бойынша өзгерте алмайтындығында табылады;

2)  Осы көлік түрінің салыстырмалы мобильсіздігі, яғни бұл көлік түрі тек арнайы рельс төселген жолдармен ғана жүретіндігі;

3) Темір жол туризімін дамыту үшін шетелдік жоғары комфортты вагондар мен поездарды мемлекет территориясында іске қосу үшін рельс жолдарын ауыстыру керктігі.

    Темір жолмен саяхатқа туристердің саяхат кезіндегі тіршілікті қамтамасыз етудің қажетті элементтері кіреді (орналасу, тамақтану, көлік).

  Темір жол туризімінің табысты қызмет етуі үшін Қазақстанның туристік ресурстары туралы жарнаманы қолданып халыққа ақпарат беру керек.

Туристік топтарды тасымалдаудың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты, туристік фирмалардың көлік компанияларымен сенімді қарым-қатынас жасауы керек.

Қазақстан туристік ресурстарын халықаралық туристік нарықта жарнамалау да өте қажет. Туристік фирмалармен қатар туристік ресурстарды жарнамалау ға мемлекет те қатысуы керек. Мемлекет ішкі туризмді және шетел туристердің қызығушылығын туғыздыру үшін жарнамалау керек.

Тасымалдау кезіндегі маңызды сұрақтарға: қауіпсіздік, әртүрлі қызметтердің мамандырылған және жөнге салынған жұмысы, жолаушылардың ережелерді сақтауын, экологиялық таза көлік түрлерінің пайдалану жатады.

Еуропадағы темір жол туризімі онша әйгілі емес, бірақ та туристік бизнесте өзінің орнын алады. Осы туризм түрінің даму мүмкіншілігі, туристердің қызығушылығымен және көбейіп жатқан инвестициялардың нәтижесінде көрінеді. Ресейде темір жол туризімі дамудың ең алғашқы деңгейінде тұр, бірақ әйгілік қарқыны Еуропаға қарағанда жоғары. КСРО тәжірибесі көрсетті, әйгілі өте жоғары темір жол туризімінің табысы бар және ол туризмнен түскен табыстың жоғарғы қабаттарын алу мүмкін.

Қазақстандағы темір жол туризімінің зор мүмкіншілігінің болуына қарамастан, біздің республикада темір жол туризімі дамымай жатыр.  Бірақ соңғы кезге дейін ол табысты жұмыс істеп, Республика бюджетіне зор табыс әкелді. Темір жол көлігінде заңдар турфирма, темір жол мен клиенттер арасындағы өзара қызмет етуге бағытталған. Темір жол туризімі даму үшін инвестициялар керек. Олар жарнама мен арнайы тоқтау алаңдарын ұйымдастыру үшін жұмсалу керек. Соған қарамастан Қазақстанда темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастыру мен дамудың барлық алғышарттары бар. Яғни, осы көлік саяхаттарының дамуы Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына әкеліп соғады.

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. Ердаулетов С.Р. География туризма.- Алматы, 2000.
  2. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.ф. Основы планирования туристской деятельности.- Алматы,
  3. Транспорт Республики Казахстан. Статистический сборник / под 2003.
  4. Осипова О.Я. транспортное обслуживание туристов.- М., 2004.редакцией А. Смаилова/ Агенство Республики Казахстан по статистике.- Алматы,2002.

   5. Қазақстан”, Ұлттық энциклопедия, 1-том, - Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 1998

  1.             6. Аверьянов Е.К. Реклама туристских маршрутов и услуг.- М., ЦРИБ «Турист», 1987
  2. Авчинкин Д.В. Международные перевозки.- Минск, 1999.
  3. Биржаков М.Б., Никифоров В.И. Индустрия туризма: перевозки.- СПб., 2001.
  4. Буравлев Ю.В., Павлова Е.И. Безопасность жизнедеятельности на транспорте.- М., 1999.
  5. Волкова Л.П. Организация перевозок на воздушном транспорте.- М., 1998г.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-02-10 19:50:09     Қаралды-18241

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »