UF

Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы және балалар жарақаттануынан алдын-ала сақтану. Жараланғанда алғашқы көмек көрсету.

Жоспар:

1.Тірек-қимыл аппаратының маңызы.

2. Жараланғанда алғашқы көмек көрсету, сақтану шаралары.

Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын ала сақтану. Оқушының партада тік отыруы организмдегі физиологиялық процестердің неғұрлым дұрыс өсуін қамтамасыз етеді, ал дұрыс отырмау еттің тез шаршауын туғызады. Қолайсыз сезімдерден құтылу үшін оқушы иіледі немесе бір жағына қисаяды. Отыруды ұдайы бұзу үшін тұрақты форманың өзгеруіне жеткізеді, онда сүйек-ет скелеті пропорцияларының қатынасы өзгереді және ішкі мүшелерінің қызметі бұзылады.

Омыртқа жотасының қисаюы. Балалардың тірек-қимыл аппаратының дамуында ең жиі ауытқитын омыртқа жотасының көкірек бөлігіндегі қисаюы болып табылады.

Омыртқа жотасының қисаю себептерінің бірі – ұзақ уақыт дұрыс отырмаудың, бір қолмен ауырлық көтерудің киімді дұрыс таңдамаумен үйлесімді кимеудің т.б. салдарынан  омыртқаның дөңес бұлшық етінің әлсіз болуы. Кейінгі жағдайда бала, белі бос шалбарды ұстауға мәжбүр болады, ал ол иықтың ассиметриясына және омыртқа жотасының қисаюына әкеледі, тар белдіктер жамбас мүшесі мен аяқтың қан айналысын бұзады. Бұл бұлшық ет қызметін шектейді және оларды әлсіретеді.

Омыртқа жотасы қисаюының пайда болуы себептері жалпы алғанда көп. Туа пайда болған омыртқа қисаюы 6 пайыздай жағдайда кездеседі; оның себептері омыртқа жотасының жеткілікті дамымауы, олардың сына тәріздес болуы және скелеттің басқа да кемістіктері деп саналады.

Жалпақ табандылық. Табан күмбезінің (ойығының) тұрақты төмен түсуімен сипатталатын табан деформациясын жалпақ табан деп атайды.

Ұзына бойы (ішкі күмбез төмен түскен) және көлденең жалпақ табандылық (табан сүйегі бастарының арасындағы күмбез төмен түскен) деп ажыратылады.

Жалпақ табандылық туа және жүре пайда болады. Туа пайда болған жалпақ табанды адамдар 5 пайыздан көп емес, негізінде ол жүре пайда болады.

Жалпақ табан өзгеше із қалдырады. Жалпақ немесе жалпиған табаны бар балалар серуендеу мен экскурсия кезінде тез шаршайды, дені сау балалардан қалып қояды, аяғы ауыратынын айтып, отыра береді т.с.с.Табанның қалыпты күмбезін сақтау үшін, күнде гимнастикалық жаттығулар жасау ұсынылады. Жалпиған және жалпақ табаны бар балаларға түзеу гимнастикасы және күнделікті аяқ киіміне ұлтарақ-супинатор қажет. Бұл шаралар бастала бастаған жалпақ табандылықты болдырмайды.

 Балалар аяқ киімінің ұлтарақ-супинаторларын жыл сайын өзгерту керек, өйткені табанның ұзаруымен аяқ киімнің мөлшері өзгереді.Биік өкшелі аяқ киім – көлденең жалпақ табандылық дамуының себебі, өйткені табанның алдыңғы бөлігіне үнемі ауырлық түсу оның ет-сіңір аппаратын әлсіретеді.

Түзеу гимнастикасы.Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын ала болдырмау үшін жасалатын гимнастикалық жаттығуларды түзеу гимнастикасы деп атайды. Бұл еңкіштікті, жалпақ табандылықты, сколиозды т.б.жөндеуге көмектесетін, арнайы жасалған гимнастикалық комплекстер. Мұнда әр түрлі бұлшық ет топтары мен барлық организмді максимал шынықтыру көзделеді.

Түзеу гимнастикасы тобына балаларды емдеу физкультурасы жөніндегі дәрігер жазады, ал күнделікті сабақты мектептегі дене тәрбиесінің мұғалімі мен арнаулы мекеменің емдеу гимнастикасының нұсқаушылары жүргізеді.

Жараланғанда алғашқы көмек көрсету. Жараланудан алдын ала сақтану.

Жараланғанда дереу көмек көрсету керек; таңғыш қою, емдейтін мекемеге жеткізу. Жараланғанда (көп қан ақпаған жағдайда) жараның айналасындағы теріге 5 пайыздық иод тұнбасын жағады, дәріленген, тазаланған таңғыш салады да, дәріленген, тазаланған бинтпен байлайды. Содан соң зақымданған адамды емдеу мекемесіне әкеледі.

Терісі сыдырылған жері болса оған құрғақ дәріленген, тазаланған немесе марганец қышқыл калийдің 2-3 пайыз ертіндісіне малынған таңғыш қояды. Егер жалаңаштанған жерге кір түссе, онда жараны алдын ала тазаламай-ақ дәріленген, тазаланған таңғыш қояды және зақымданған адамды емдеу мекемесіне жеткізеді, онда оған сіріспеге қарсы сыворотка егеді, біліктілкпен жасалған көмек көрсетеді.

Сүйектің барлық жарақаттануы, жұмсақ тканнің бөлінуі, сол сияқты қатты соғылу мен буынның шығуы жөнделінеді, ол үшін арнаулы (шиндер) немесе суырып салынатын (жұқа тақтай, тақтай фанер) материал пайдалынылады. Шыққан буынды орнына салуды тек дәрігер атқаруы тиіс.

Жарақаттануды болдырмау балалардың өте сақ болуын және көшеде, үй төбесінде, жардың, шұқырдың, карьердің т.б. шетінде ойнаудың қауіптілігін түсінуді қарастырады. Бұған балалардың жолда жүру және жол арқылы өту ережелерін жақсы білуін қамтамасыз ету керек.Көрнекі және көрсету құралдарын: плакаттарды, суреттерді, ойындарды, кинофильмдерді пайдаланып, сабақтың тура келетін сәттерінің бәрін, оқушылардың жолда жүру ережелерін білуі үшін жұмсауы қажет.

Әр түрлі жарақаттан сақтандыруда балаларды мектептен шыққаннан кейін көшеге жүруге үйретудің, оларды бақылаусыз қалдырмаудың, демалысы мен үйдегі бос уақытын дұрыс ұйымдастырудың айрықша маңызы бар.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 17:15:11     Қаралды-13918

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »