UF

 

 

Жоспары:

1.Тамыр мен тамыр жүйесі.

2.Тамырдың морфологиялық құрылысы.

3.Тамырдың анотомиялық құрылысы.

             а)Анотомиялық алғашқы құрылысы.

             б)Анотомиялық соңғы құрылысы.

4.Қорытынды.

5.Пайдаланылған әдебиеттер.

 

                        Тамыр және тамырлар жүйесі.

         Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.Тамырға радиальды симметрия тән,ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше.Тамыр төбе меристемасы арқылы оң  геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады.Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда  жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен  жабылған.

Күрделі және қарапайым риния тәрізділер мен псилот тәрізділерде,сол  сияқты мүк тәрізділерде нағыз тамыр жоқ.Риния тәрізділердің  жер астындағы мүшесі қалың ризоидтармен жабылған,ризоидтар деп аталатын құрылысы тамырсабаққа ұқсас денеден тұрады.Мүк тәрізділерде тамырдың  қызметін  экзогенді  жолмен пайда болған ризоидтар атқарады,ал сфагум мүктерінде ризоидтар жоқ.Сол сияқты тамыр кейбір су өсімдіктерінде: дүңгіршіктерде, жоғары сатыдағы тіршілік ететін өсімдіктер:арамсояуда, сұңғылада.

Тамырда  көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер  жетілген.Жанама тамырла сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді.Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі.Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады.

Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады.Олар мыналар:

1.Суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап,оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады.

2.Өсімдіктердің топыраққа бекініп,өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 

3.Дерон,Д.А.Савинин,И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан  тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетіні белгілі.

4.Тамырда қор заттары жиналады.

5.Топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар бактериялармен үйлесіп селбеседі.

6.Вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады.

         Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді.Шығу тегіне қарай тамырлардың 3 типін ажыратамыз.Олар:негізгі тамыр,жанама тамыр және қосалқы тамыр.Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі.Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан сол сияқты өркеннің жер асты метаморфоздары – түйнек,жуашық  және тамырсабақтардан өседі.Негізгі және қосалқы тамырардан бұтақтанудың екінші,үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырла өсіп шығады.

Тамырлар жүйесі деп – бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.Тамырлар жүйесінің 3 типін ажыратамыз: 1-кіндік тамырлар жүйесі,мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп,бірінші реттегі өс – негізгі тамыр бұтақтанып одан екінші,үшінші және одан арғы түзетін жанама тамырлар тарайды.Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады.2-ші кейде 3-ші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықта орналасуы  бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп,ерекшеленіп тұрады.Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлігіне және жабық тұқымдылар бөлімінің қосжарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.

Екінші сызықша қосалқы тамырлар немесе шашақ тамырлар  жүйесі.Мұнда негізгі тамыр жүйесі нашар жетілген,қосалқы тамырлардан көлемі жағынан айырмасы болмайды.Тамырлар жүйесінде қосалқы тамырлар қуатты жетіліп,басымдық білдіреді.Шашақ тамырлар жүйесі дара жарнақтыларға, әсіресе,астықтарға тән,ол сирек жағдайда қос жарнақтыларда кездеседі.

Тамырларды морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде негізінен олардың пішінінің алуантүрлілігі,консистенциясы,бұтақтану ерекшеліктері және кеңістікте орналасуы ескеріледі.Пішіні жағынан әдетте кең тараған тамырлар: цилиндр тәрізді, жалпақ жапырақты кермек, ұршық тәрізді,шомыр тәрізді,түйнек тәрізді тамырлар.

Тамырлардың экологиялық 4 типі ажыратылады.Олар:жерасты тамыр,сутамыр,ауатамыр және гаусториялық тамырлар,Жерасты тамырлары тұтасынан немесе жартылай топырақ арасына таралады.Мұндай тамырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің 70%қамтиды.

Сутамырлары су қабаттарында орналасады.Су түбіне жетпейді.

Ауатамырлары ауада болады,атмосфералық ылғалды сіңіреді.Мұндай тамырлар ылғалды тропикалық орманның эпифидтеріне тән.қа

Гаусториялы тамыр паразитті тіршілік ететін,негізгі өсімдіктердің денесіне еніп,ондағы дайын қоректік заттарды сорып,қабылдау қызметін атқарады.

Тамыр системасы.Ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығын тамыр системасы деп атайды.Тамыр системасының негізгі 3түрі бар: Кіндік тамыр системасы,ол ұрықтың тамыршасынан пайда болады және кіндік тамырдан,сонымен бірге одан кететін жанама тамырлардың әртүрлі қатарларынан тұрады.Қосалқы тамырлардың системасы,ол сабақ пен жапырақтың кез-келген бөлігінен пайда болады,аралас тамырлардың системасы ол бір мезгілде қатар өсетін кіндік тамырдың және қосалқы тамырлардың системалары.

Анатомиялық құрылысы.Тамыр ұшының құрылысы.Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,оның әртүрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды.Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың 4аймағын (бөліну,өсу немесе созылу,сору,өткізу) және тамыр оймақшасын ажыратады.

Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әртүрлі ұлпаларға жіктеледі.Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап,тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді.Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады.Тамырдың бой консусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.1-ші тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Ол клеткалардың  сыртқы қабаттары тез ескіріп топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады.Олардың орнын жаңадан жетілетін жас клеткалар басады.Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады.Құрлық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташа жетіледі.Тұқымды өсімдіктердің көбінде,әсіресе даражарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады.Соңғы деректерге қарағанда,калиптроген гормондарды синтездеп,тамырдың өсуіне әсер етеді.

         Тамыр оймақшасының ішкі жағында клеткалардың бөліну аймағы жатыр.4-ші тамырдың барлық ұлпалары меристемадан тұратын бөліну аймағынан пайда болады.Инициалді клеткалардың саны әртүрлі.Папаротник тәрізділерде апикальды меристема 1инициалды клеткадан тұрса, ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда олардың саны молайып,кейде тоттанып 3қабат түзіп жатады.Бөліну аймағында меристемалық ұлпаның 3 қабаты түзіледі.Сыртқы қабат – дерматоген ,ортаңғысы – периблема,ішкісі – плерома.Дермотогеннен тамырдың алғашқы жабындық  ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы,периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады.Бөліну аймағынан жоғары клеткалардың өсу аймағы орналасады.Бұл аймақтағы клеткалардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі,созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады.Клетка ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.

Бұдан жоғары орналасқан сору аймағын,кейде клеткалардың маманану аймағы деп те аталады.Өйткені,мұнда клеткалар жіктеліп,өзгеріске ұшырап,олардан әр түрлі ұлпалар пайда болады.Сору аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда еріген минералдық заттарды қабылдайды.

Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасының айырмасы – мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан,устьицилер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы бір клеткалы тамыр түгін жасауға қабілетті.Тамыр түктері шағын аймақта,әрбір шаршы милиметрге бірнеше жүзден,ұзындығы әр түрлі.Ұзындығы 1см-ге жететін ұзын түктер қант қызылшасы,асқабақ өскіндерінде кездеседі,астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады.Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы,вакуолі ірі,цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады.Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын  шараналы заттармен жабылады.Тамыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде және т.б.болмайды.Тамыр түктерінің тіршілігі 10-20 күннен аспайды.Олардың орнын тамырдың  жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады.Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалыңдап,сүректеніп,тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.

Келесі аймақ – өткізу аймағы.Мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады.Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады.

Тамырлардың алғашқы анатомиялық құрылысы.Тамырдың анатомиялық алғащқы құрылысы ашық тұқымдылардың,жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы құрылыс.Жоғарыда аталған өсімдік топтарынан тамыр алғашқы құрылысын жас тамыр ұшының сору аймағынан көре -аламыз.Ол үшін тамыр ұшының көленең кесіндісінен препарат дайындап,оны микроскоп арқылы қарау керек.Мұнда оның 3 бөлігі:эпиблема мен оның тамыр түктері,алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді.

Эпиблема – тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.Эпиблема дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады.Эпиблеманың негізгі қызметі өсімдіктің өсіп тұрған топырағынан суды және онда еріген минералды тұздарды сорып,оны қабықтың паренхималық клеткаларына жеткізу.Эпиблеманың бұл қызметі одан өсіп шығатын тамыр түктерімен тікебей байланысты.

Алғашқы қабық тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Алғашқы түзуші ұлпа периблемадан пайда болады.Қабық паренхималық клеткалардың экзодерма,эндодерма қабаттарынан тұрады.

Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты.Экзодерма бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін.Клеткалардың тірі пішіні – көп бұрышты.Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келед,әрі тығыз орналасады.Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі – қорғаныштық.Өйткені эпиблема клеткалары өліп,түлеп түсісімен,оның клетка қабықшалары тозданады,сирек жағдайда сүректенеді.Экзоерманың тозданған клеткаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран клеткалар қалады,солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады.Экзодерма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі.Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма – қосжарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады,

Мезодерма – дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.Мезодерма клеткаларының шеттен орталыққа қарай пішіндері,орналасуы өзгереді.Шет жағында клеткалары майдарақ,жиі,орталыққа қарай іріленіп,борпылдақ тартады,орталыққа жақындай түскенде клеткалары қайтадан майдаланып,жиілей түседі.Мезодерма клеткаларының басым көпшілігінің борпылдақтығы өсімдіктердегі ауа алмасуына көп пайда тигізеді.

Алғашқы қабықтың паренхимасы суды және онда еріген минералдық тұздарды эпиблемадан орталық цилиндрге қарай көлбеу бағытта тасымалдайды.

Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап  орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өтккізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу.Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісінің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.

Эндодерма клеткалары онтогенезінде 3 кезеңнен өтеді.1-ші кезеңінде клеткалардың радиалды және көлденең қабырғалары қалыңдайды.Егер бұл қалыңдаудан көлденең кесінді жүргізсек,олардың пішіні нүкте тәрізді болып көрінеді.Ол Каспари дақтары деп аталады.Басқа бағыттағы кесінділер қалыңдаулардың клетканы шеңбер жасап қоршап жататындығын көрсетеді.Сондықтан ол Каспари белбеуі деп аталады.Көрші клеткалардың белбеулері бір-бірімен жалғасып,орталық цилиндрді қоршап жатады,Химиялық талдаудың нәтижесі Каспари белбеуінде суберинге ұқсас заттың жиналатындығын және сүректену жүретінін көрсетті.

Эндодерма дамуының алғашқы кезеңі плаундардан басқа өсімдіктердің тамырынан табылған.Екінші кезеңде эндодерманың барлық клетка қабырғаларының ішкі бетіне суберин сіңеді.

Дара жарнақтылардың және қос жарнақтылардың көбінде тамырларына екінші рет қалыңдау тән емес,сондықтан мұнда эндодерма дамуының үшінші кезеңі байқалады.Бұл кезеңде клеткалардың барлық қабырғасы қатты қалыңдайды және сүректенеді.Тек сырт жаққа қараған қабырғалары ғана салыстырмалы түрде жұқа қалпында қалады.Эндодерманың жоғарыда сипатталған құрылымының мәне өте үлкен.Өйткені Каспари белбеуі арқылы қоректік заттар қабықтан орталық цилиндрге өтеді,ал цилиндрден қабыққа қарай өте алмайды.Заттардың эндодерма клеткаларының тірі бөлігі ғана арқылы өтуі мүмкін,

Бұл кезеңде де эндодерма қабатының арасында кейбі клеткалардың қабықшасы қалыңдамайды.Олар өткізгіш клеткалар деп аталады.Өткізгіш клеткалардың саны орталық цилиндрдегі ксилема сәулелерінің санына сәйкес келеді және олар осы сәулелерге қарсы орналасады.Эндодермадан заттардың өтуін өткізгіш клеткалар қамтамасыз етеді.

Орталық цилиндр негізінен түтікшелер мен сүзгілі түтіктерден тұратындықтан,оны түтікшелі цилиндр немесе стель деп атайды.Стель плеромадан пайда болады және тамырдың қабық бөлімінен меристемалық клеткалардың перицикл деп аталатын қабаты арқылы бөлінеді.Перициклден іщке қарай прокамбий клеткалары жатады,олардан алғашқы өткізгіш ұлпалар пайда болады.Перицикл клеткаларының бөлуінен жанама тамырлар өсіп шығады,сондықтан бұл перикамбий деп аталады.Перицикл камбийдің және феллогеннің пайда болуына да қатынасады.

Флоэма элементтері бөліні аймағына таяу жерде ксилемадан бұрын пайда бола бастайды.Алғашқы сүзгілі түтіктер серік клеткаларынсыз перицикл маңайында пайда болып, протофлоэманы түзеді.Флоэманың одан кейінгі элементтері тамырдың ортасына таяу қалыптасады және метафлоэманы түзеді.Протофлоэма мен метафлоэма екеуі бірге алғашқы флоэма деп аталады.Флоэманың ксилемадан бұрын пайда болуы протофлоэма арқылы тамырдың төбе меристемасына,оның тіршілік әрекеттері үшін қажетті қоректік заттардың жеткізілуіне байланысты.

Ксилема флоэмадан кейін пайда болады.Оның алғашқы элементтері тамырдың созылу аймағында қалыптасады әрі сақиналы, серіппелі түтіктерден тұрады.

Сонымен,флоэма мен ксилема тамырдың шетінен ортасына қарай,яғни экзархты қалыптасады.Ксилема даму барысында флоэманы басып озып, тамырдың ортысын алып жатады.Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысына ксилема радиус бойлай сәулеленіп,ал флоэма клеткаларының тобы сол сәулелердің арасында орналасады.Ксилема сәулелерінің саны 2-еу және одан көп болуы мүмкін.Бір сәулелі шоқ моноархты,екі сәулелі шоқ диархты,үш сәулелі шоқ триархты,төрт сәулелі шоқ тетрархты,одан ары пентархты,гексархты және т.б.болып жіктеледі.Моноархты шоқтар өте сирек,кейбір папоротник тәрізділерде,гүлді өсімдіктерден су жаңғағында ғана белгілі.

Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.Ашық тұқымдылар мен қосжарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп,соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анотомиялық алғашқы құрылысы сақталады.

Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималық клеткалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді.Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады.Ксилема мен флоэманың арасындағы  камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады.Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан клеткалары тангентальды бөлініп,камбий қабаттарын бір-біріне қосады.Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан тұтас камбий сақинасы түзіледі.Камбий қызметінің нәтижесінде алғашқы флоэма сыртқа қарай ығысады.Камбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына,соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады.Сонымен,флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай ,ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа қарай жүреді,соңғы ксилема радиус бойлап емес,каллотералды орналасып камбий түзуі шеңбер пішініне ие болады.Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементттері түзілмейді,олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады.

Сонымен,анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысуы барысында мынадай кезеңдерді өткереді:

1.Флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы

2.Перициклден феллогеннің пайда болуы

3.Алғашқы қабықтың түлеп түсуі

4.Өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа ауысуы.

 

 

Тамыр

 

 

Тамырлар жүйесі деп

 

 

 

Эпиблема

 

 

 

Экзодерма

 

 

 

Мезодерма

 

 

 

Тамыр системасы -

 

 

 

Эндодерма

 

 

Өткізу аймағы -

 

 

-жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі.

-бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз.

-тамырдың сыртын жауып жататын алғашқы жабындық ұлпа.  ... дерматогеннен пайда болады және тірі,жұқа қабықты паренхималық клеткалардың бір қатарынан тұрады

-қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты. ... бір қабатты,екі қабатты,көп қабатты болып келеді.

-дөңгелек піщінді,ірі және паренхималық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты.

-ұзындыққа өсудің және тарамдалудың негізінде пайда болатын барлық тамырлардың жиынтығы.

-алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты.Ол орталық цилиндрді қоршап  орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады.

-мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-10-28 19:49:17     Қаралды-40069

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »