UF

МИКРООРГАНИЗМДЕР СИСТЕМАТИКАСЫ, НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

 

Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп келе жатақан жер бетіндегі тірі  организмдер өкілі болып саналады. Олар үш миллард жыл бұрын пайда  болған деген түсініктемелер бар Микроорганизмдер эволюциясы мен шығу тегі  өте күрделі. Бірқатар зерттеушілер микроорганизмдер ең алғаш пайда  болған тірі денелер десе, басқаларының пікірінше микроорганизмдерден  де бұрын  клеткалық пішіні жоқ организмдер тіршілік еткен  деген мәліметтер бар.

Жоғарғы сатыдағы организмдер классификациясы  белгілі бір дәрежеде олардың эволюциялық байланысын қамтитын болса, осындай негізінде прокариоттар, яғни микроорганизмдер классификациясын жасау едәуір қиыншылықтар келтіреді.

Систематика дегеніміз көп түрлі организм топтарының өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілімі, ал  классификация- көп түрлі организмдердің топтарға бөлінуін, ал таксология-организмдер топтарының аттары мен олардың өзара шектеуін және  тәуелділік қарым-қатынасын анықтайды.Таксондар белгілі дәрежеде  біртекті қасиеті бар организмдер топтары. Таксикологиялық категория ретінде түрді анықтауға болады. Түр дегеніміз  дәл сол кезеңдегі эвольюцияда белгілі бір морфологиялық және физиологиялық  белгілері бар, басқа түрлерден  сұрыптау нәтижесінде  оқшауланаған белгілі бір ортада тіршілік етуге белгілі, демек жалпы шығу тегі бір өзара туыстық қатысы бар организмдер топтары. Түрлерге- туыстар, туыстарға-  тұқымдастар жатады,  содан соң қатарлар, кластар,  бөлімдер, оргаизмдер  дүниесі болып одан әрі жалғаса береді.

Барлық таксикологиялық категорияларды  белгілер көмегімен сынаптап жазды. Оған морфологиялық, цитологиялық, культуралдық физиологиялық және биохимиялық белгілер жатады.

Клап дегеніміз- бір клеткадан алынған  культура. Бір түрдің  особтарынан тұратын микроорганизмдер жиынтығын таза культура деп атайды.

Осы кездегі ұсынылып жүрген  микроорганизмдер классификациясы жасалды деп айтуға болады. Осы  тұрғыдан қолданылыпы жүргендер: Н.А. Красильниковтың «Бактериялар мен антикоминизеттердің анықтамасы»

         Микроорганизмдер  негізінен олардағы  клетка қабырғасының бар жағына қарай және басақа да  таксикологиялық категорияларға, морфологиялық, физиологиялық және  биохимиялық  белгілердің жиынтығына  байланысты бөлімдерге ажыратылады.

         1-топ.Грациликуттер. Бұл бөлімге  клетка қабырғалары Грам әдісімен түріне болатынын  көкпарлар  таяқшалар немесе  жіпшелер жатады. Олар  қозғалған және қозғалмайтын , клетка ішінде  спора түзбейтін болып келеді. Екіге  бөліну, бүршіктену арқылы  көбейеді. Бұл бөлімге  фотографтар және фотографты еместер, аэробты анаэробты және  факультативті  анаэробты микроорганизмдер жатады

         1 класс. Скотобактерия. 1-топ. Спирохетталар. Оған бір ған спирохетта қатары жатады. Оның спирохета және  лептоспера деген тұқымдастары бар. Клеткалары  иректелеген, шиыршықтанып қозғалады. Жекеленген ядросы жоқ. Спора түзбейді. Көлденеңінен бөліну арқылы көбейеді. Қозғалғыш.  Факултативті  анаэроб немесе  тек анаэроб.

         2 топ. Спирал тәрізді, клеткалары иректелген, граш теріс, Spirall  тұқымдасына  біріккен бактериалар тобы.Клетка қабығы қатты. Сондықтан ол өз тіршілігін өзгертпейді. Клетканың бір немесе екі ұшына бірдей орналасақан бір және бірнеше жіпшелер арқылы қозғалады. Бұлардың аэробты және анаэробты өкілдері бар. Олардың кейбір түрлері  көмірсутегі,  амоний азоты және минерал тұздары бар жасанды  көрнектік орында өссе кейбіреулері бұл үшін  белокты-пептонды орталарды қажет етеді. Кейбір еркін тіршілік  ететіндері теңіз суларында қатынасады. Олардың ішінде  паразиттері де кездеседі.

         3-топ. Аэробты, граш  теріс  таяқшалар және көпқалар. Бұл топқа  жататын бактериялар жеті  тұқымдастан тұрады. Оның үшеуінің практикалық маңызы бар. Psecutomanadceae тұқымдасына Pseudomans туысы,  спорасыз, тік немесе  ептеп иіліп таяқша бактериялар жатады. Жіпшелері клеткалың  екі ұшында немесе бір шетінде  орналасқан. Табиғатта кең таралған, факультатифті организмдер. Олар ауада, топрақта, тұзщы және теңіз суларында су асты балшығында кездеседі. Олардан  микроскоптық  саңырауқұлақтар дрожтылар,  грам өң және  грам теріс бактериялардың тіршілігін жастын антибиотиктер бөлініп алынған.

         Ал Arotobaeteriaceae  тұқымдасы өкілдерінің клеткалары ірі, қозғалғыш спора түзбейді. Геторотрафтар. Атмосфера азотын  сіңіре алады. Топрақта кең тараған. Бұл тұқымдас төрт  туыстан тұрады.  Arotobacter, Azomonas, Beijerinchia, Derxia, Rhizobiaceae тұқымдасының құрамына Pseudomoradaceae  тұқымдасына жататын өнімдеріне тән қасиет бар организмдер жатады.

         4-топ. Грам теріс факультативті анаэроб таяқшалар. Бұған Interobacteriaceae Vibrionaceae  деген екі тұқымдас, бірінші  тұқымдасқа  грам теріс, қозғалатын немесе қозғалмайты, шарсыз аэробты немесе  факултативті анаэробты таяқшалар жатады. Олардың кейбір түрлері  кансулалар түзеді. Энергияны тыныс алу немесе ашу процестерінен қамтиды. Бұл тұқымдастың өкілдері табиғатта  кең тараған. Олардың ішінде көптеген және сапрофит түрлері бар, топрақта, тұзщы және теңіз суларына, шіри бастаған өсімдіктер мен  жануарлар  қалдықтарында кездеседі. Сонымен бірге олар адам, жануарлар, құс, балық ішектерінде мекендейді.

         5-топ. Грам теріс, түзу, кейде  иректелген және  спирал тәрізді таяқшалар. Бұл топ тек қана Bacteroicdaceae,  Pusobacterium  Zeptorichia  туыстары жатады. Олар өздерінің түзетін ақыры өнімдерімен ажыратылады.Шара түзбейді, қозғалмайды немесе қозғалады. Обинатты анаэроб. Осымен қатар бұл топқа  систематикалық жағдайы әлі толық анықталмаған жеті туыс барлығы анықталады. Бұлардың ішінде  Deesulfovibrio  мен таяқша, спрора түзбейді. Грам түгіл- Сульфаттар мен күкірттің басқа да  қосылыстарын күкірт сутегіне дейін  тотықсыздандырады. Атмосфера  азотын сіңіре алады. Анаэробтар, топрақта кездеседі.

         6-топ. Грам теріс, хемометотрафты  бактериалар. Құрамында  екі  ттұқымдас және 15 туысы бар. Бұл прокариоттарға  энергияны азот, күкірт, темір шаралық сияқты элементтердің  тотықсыздығынан органикалық емес қосылыстарын толықтыру басрысында қамтиды. Органикалық емес қосылыстардың химиялық табиғатына байланысты бұл топтың өзі  үш топшаға  бөлінеді.

          Үшінші топтағы  Sideracapsaceae  тұқымдасы жатады. Олардың өкілдері клеткадан тыс  темір тотықтыратын немесе  клетка капсуласының бетіне бөліп жинайтын қабілеттері бар. Бұл тұқымдасқа жататын туыстардың морфологиялық өзара айырмашылықтары бар. Аэробтар клеткалары  эллипс немесе  таяқша тәрізді және  капсуламен қоршалған. Темір қосылыстары  мал суларында көп  болған. Бұл  тұқымдасқа  Siderocaper, Siderococeus    туындылары жатады.

7-топ. Шырын бактериалары. Бұған Myxobacteriales  және Cyxophagales   қатары жатады.  Бірінші қатарға таяқша тәрізді грам теріс бактериалары жатады. Клетка  қабырғалары жұқа, нәзік келеді. Клетканы қоршаған шырын қабығы болады. Қатты субетраттың үстінде бактиериялар шырыштар көмегімен  сырғанай  жылжиды. Қозғалатын арнаулы жіпшелері болмайды. Микеобактаяқшалар ішінде тыныштық қалыптағы клеткасы бар қалың жеміс дене түзіледі. Обмиант  аэробтар. Энергияны тыныс алудан қамтиды. Олар тіршілігі барысында өте  белсенді еріткіш  ферменттер түзеді. Muxococale тұқымдасы, оған бір ғана  Myxococus туысы  жатады. Сонымен бірге  Archangiaceae туысы бар.   Archangiaceae тұқымдасы  Polyangium туысы бар.  Polyangium тұқымдасы да  осы қатарға жатады.

8-топ. Шырын қабақ түзетін бактериялар. Бұл топ жеті  туыстан тұрады. Бактериялардың пішіні жіпше сияқты,  сыртынан қынаптан қоршаған. Жіптелері кейде су ішіндегі заттарға бекиді. Қынап құрамында намсахаридтер аз ғана мөлшерде темір немесе шырын тотықтары болады. Клеткалар қынап ішінде  көлденең бөліну  арқылы көбейеді. Қынаптан шыққан клеткалар ұшында қозғалуға арналған жіпшелері болады. Жеке клеткалардың ке біреулері қоршауға қабілетсіз. Бұлар аэробтар.Клеткалары  таяқша тәрізді, кейде олар шынжырланып орналасқан, сыртында қабығы болады. Суда еркін жүзіп жүреді. Грам теріс аэробтар, тұзщы суларда тіршілік етеді.

9-топ. Бүршіктенуші және сабақ тәріздес бактериялар. 17 туысы бар.

Kyphomirobium  туысы шеттері үшкір, таяқша бактериялар. Клетка пішіні сопақша, жұмыртқа тәріздес немесе бұршақ пішінді. Бүршіктену жолымен көбейеді. Бүршіктері  сабақша шетіне  орналасқан. Пісіп жетілген соң бүршіктер бөлініп кетеді де  жіпшелерінен басқа нәрсеге немесе басқа клеткаға бекиді. Өсуі  үшін көмір қышқыл газы  қажет. Аэробтар. Бүршіктенуші  бактериялардың біразы  қатты қажет етпейді, бірақ ақтат, лакатат сияқты заттармен қоректене алады. Сабақша тәрізді бактерияларға Galioneller  туысы да  жатады. Олардың өкілдері  таяқша тәрізді немесе клеткалары сопақша болып келеді. Клеткалары   сабақша ұшында  орналасқан.  Сабақшалар темірдің сулы тотығымен  бүркелеген. Грам теріс. Екі  валентті  темірді оның үш валентті түріне дейін тотықтырады. Бұл үшін көмірқышқыл газын қолданады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-22 16:23:00     Қаралды-1148

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »