UF

АРАБ ЖАЗУЬІ - дүние жүзіне латын жазуыная кейін ең көп тараған жазу. Біздің заманымыздың 4 ғасырдың шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елге жайылған. Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Араб алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басында, ортасында, аяғында немесе жеке келуіне  байланысты (алиф, даль, заль, ра, за, уау-дан басқалары) 4 түрлі жазылады. Араб жазуында дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін әріптер бар. Дауысты дыбыстар сол әріптердің астына, үстіне әр түрлі диакритик белгілер қою арқылы беріледі (диакритик белгілер Құранда, сөздікте, өлеңде, әліппеде міндетті түрде қойылады). Тек қана үш өріп (алиф, уау, йа) дауысты дыбыстардың орнына қолданылады. Әрбір өріп белгілі бір санды да білдіреді. Арабтар ислам дінін қабылдағаннан кейін (б. з. 7 ғ.) Араб жазуының негізгі 2 түрі (куфи, насхи) пайда болды. Куфи (Евфрат бойындағы Куфа қаласының атынан шыққан) - әшекейлі жазу, әуелде Құран үшін міндетті деп саналған. Мемлекеттік мәні бар жазбалар да куфимен жазылған. Насхи (нәсхи) көбінесе әдеби және ғылыми текстерді папирус т. б. жұмсақ материалдарға жазу үшін пайдаланылған. Араб жазуы барлық араб елдерінде, Иран, Ауғанстан, Пакистан, Қытай (Шыңжаң), Малайя, Индонезияда және Африкадағы кейбір мемлекеттерде қолданылады. Латын алфавитіне көшкенге дейін СССР-дегі қазақ, азербайжан, өзбек, түрікмен, тәжік, татар, башқұрт т. б. халықтар да Араб жазуын пайдаланған. Дүние жүзіндегі халықтың 10%-тейі Араб жазуы қолданады.

Әдеб.: Юшманов Н. В. Строй арабского языка. -Л., 1938; Ковалев А. А., Шарбатов Г. Ш. Учебник арабского языка. 2 изд., 1960; Крачковский И. Ю. Над арабскими рукописями. 4 изд., М., 1965; Халидов Б. З., Учебник арабского языка. -Таш., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-01 17:04:34     Қаралды-517

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »