UF

ҚЫТАЙДЫҢ ҰЛЫ ҚОРҒАНЫ - Солтүстік Қытайдағы қамал-қабырға, Ежелгі Қытай сәулет өнерінің алып ескерткіші. Іргесі (кейбір бөліктері) б. з. б. 4-3 ғасырда қаланған. Қытайдың бірігуінен (б.з.б. 221 ж.) кейін император Цинь Ши-хуанди империяны солтүстік-батыс жақтағы көшпелі халықтардың шабуылынан қорғау мақсатымен тұтас қамал-қабырға тұрғызу туралыжарлық берді. Қытайдың ұлы қорғаны бұдан кейін де сан қайтара жөнделіп, жетілдірілін отырды. Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан Қытайдың ұлы қорғаны Шаньхайгуань қаласынан басталып Ляодун шығанағының жағалауымен Цзяюйгуань пунктіне (Ганьсу провинциясы) дейін барады. Қытайдың ұлы қорғанының ұзындығы туралы екі түрлі дерек бар (бірінде 4 мың иледен, екіншісінде - 5 мың иледен астам делінеді). Қамал-қабырғаның биікт. 6,6 м кейібір жерлерінде 10 м-ге дейін), ірге ені 6,5 м шамасында, жоғарғы жағының ені 5,5 м шамасында, өн бойында қорғаныс казематтары мен қарауыл мұнаралары, таулы бөліктеріндегі үлкен жолдардың аузында қамалдар орналасқан. Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері қазірге дейін сақталған.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-18 17:02:16     Қаралды-2274

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »