UF

ҚЫТАЙДЫҢ АЗАТ ЕТІЛГЕН АУДАНДАРЫ (1937-1945) - жапон басқыншыларына қарсы соғыс кезінде халықтың қарулы күштерінің жаудан босатқан Қытай территориясының бір бөлігі. Соғыс барысында 8-ші және жаңа 4-армияның (Қызыл армия бөлімшелерінен құрылған), сондай-ақ Оңтүстік Қытай колоннасының әскерлері жапондар басып алған жерлерде азат етілген 18 аудан құрды. Азат етілген 19-шекаралық Шэньси-Гань-су-Нинся ауданында ҚКП-нің ОК орналасты. Сөйтіп, Солтүстік Қытайда - 7, Орталық Қытайда - 10, Оңтүстік Қытайда - 2 аудан құрылды. 1945 жылы сәуірде азат етілген барлық аудандардың жер көлемі 1 млн. км болды. 1945 жылы тамызда Совет Армиясы милитаристік Жапонияға қарсы соғыс ашқанда Қытайдың халық әскерлері де азат етілген аудандардың барлығында дерлік жапон басқыншыларына қүйрете соққы берді. 1945 жылы қазанда азат етілген аудандардың территориясы Қытайдың бүкіл жер көлемінің ІІІ бөлігі болып, халқы 150 млн. адамға жетті. Қытайды демократиялық мемлекетке айналдыру жолындағы күрес бел алды. Бірақ американ империалистерінің қолдауына сүйенген Чан Кай-ши тобы 1946 жылы шілдеде бүкіл елде азамат соғысын туғызды. Гоминьдан армиясы азат етілген аудандарға үсті-үстіне шабуыл жасады. 1949 жылы шілдеде азат етілген аудандар бүкіл Қытай территориясының 30%-тен астамын қамтып, халқының саны 279 млн. адамға дейін көбейді. Қытайдың Пекин, Тяньцзинь, Нанкин, Шанхай сияқты ірі қалалары түгелдей азат етілді. 1946 жылы ҚКП азат етілген аудандар территориясында қайтадан аграрлық реформа жүргізуге кірісті. Азат етілген аудандардың бәрінде ҚКП басқарған Бір тұтас халықтық-демократиялық майданның өкімет органдары жасақталып, жаңа халықтық-демократиялық мемлекеттің аппараты құрылды. 1949 жылы қыркүйекте ҚКП Пекин қаласында Қытайдың Халықтық Саяси Консультативтік Советін шақырып, Қытай Халық Республикасының Орталық халық үкіметін құрды. 1950 жылы Қытаңды азат ету негізінен аяқталды.

Әдеб.: Цзянь Боцзань, Чжунго шиган (Очерки по истории Китая). -Т.1-2, Шанхай, 1946; Фань Вәнь-лань. Новая история Китая. пер. с кит. т. 1, М. 1955

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-18 16:59:37     Қаралды-1409

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »