UF

ҚЫТАЙДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ (1925-1927), ағылшын американ полициясының 1925 жылғы 30 мамырда Шанхай қасындағы патриоттық демонстрацияға оқ атуынан кейін Қытайдың көлтеген ірі қалаларында саяси ереуілдер мен демонстрациялар құлаш жайды. Бұл Қытайдағы ұлттық революцияның (1925-1927) бастамасы еді. Өзінің сипаты женінен ол антиимпериалистік буржуазия-демократиялық революция болды. Революция күштердің қатарында Қытайдың ұлттық-буржуазиясы, қаланың ұсақ буржуазия элементтері, жұмысшылар мен шаруалар болды. 1925 жылғы 1 шілдеде Гуанчжоу қаласындағы үкімет өзін Қытайдың Ұлттық үкіметі деп жариялады. 1925 жылы және 1926 жылдың басында Ұлттық-революциялық армия (ҰРА) Гуанси, Гуйчжоу провинциялары мен Хунань провинциясының оңтүстігінде революция өкімет орнатты. 1926 жылдың аяғында ҰРА Хунань, Хубэй, Цзянси, Фуцзянь провинцияларын азат етті. 1927 жылы наурызда ҚКП-ның басшылығымен көтеріліс жасаған шанхайлық жұмысшылар Шанхай қаласын босатты. Көп кешікпей Нанкин босатылды. Азат етілген жерлердегі халық бұқарасы революци күреске белсене қосылды.

Революция қозғалыстың өріс алуынан қорыққан Чан Кай-ши (ҰРА-ның бас қолбасшысы) бастаған гоминьданның оңшыл қанаты империалистік мемлекеттердің қолдауына сүйеніп, 1927 жылы 12 сәуірде Шанхай, Нанкин қалаларында контрреволюция төңкеріс жасады. 1927 жылы 18 сәуірде Чан Кайши Нанкин қаласында контрреволюция «Ұлттық үкімет» құрды. Бұдан кейін революцияның орталығы Ухань қаласына ауысты. Хубей, Хунань, Цзянси провинциялары мен Хәнан провинциясының бір бөлігі Ұлттық үкіметтің бақылауында болды. Бірақ Ухань үкіметіне бағынатын жерлерде феодалдық-компрадорлық әлементтердің қарсылығы күшейді. Осындай жағдайда Ван Цзин-вэй бастаған солшыл гоминьданшылар мен оның жақтастары 1927 жылы шілдеде Уханьда контрреволюция төңкеріс жасап, Чан Кайши тобымен ауыз жаласты. ҚКП заңнан тыс деп жариялады, кәсіподақ ұйымдары мен шаруалар одақтары таратылды. Контрреволюция асқынған осындай жағдайда ҚКП революцияны жалғастыру мақсатымен бірнеше көтеріліс ұйымдастырды. Бірақ бұларды реакцияшыл топтар аяусыз басты. Аман қалған революцияшыл топтар селолық аудандарға шегініп, партизан соғысын жүргізе бастады.

Әдеб.: Маркс К. Революция в Китае и в Европе. Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2 изд., т. 7, с. 232-34; Юрьев М.Ф. Революция 1925-1927 гг. в Китае.         -М., 1968.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-18 16:40:40     Қаралды-7462

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »