UF

ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ, Оттоман империясы – сұлтандар билеген Түркияның ресми атауы. 15-16 ғасырларда түріктердің Азиядағы, Европа мен Африкадағы басқыншылығы нәтижесінде пайда болды. Монғолдардың 1219-1921 жылдардағы Орта Азияға шабуылы кезінде Эртоғрұл бастаған Қайы тайпасы батысқа қарай жылжып, 13 ғасырдың 30 жылдарында Кіші Азияға жетті. Эртоғрұл салжұқтардан алған өз билігіндегі жерді Византия есебінен кеңейте түсті. 1281 жылы Эртоғрұл өлгеннен кейін оның баласы Осман I билігіндегі әмірлікті өз есімімен атап, Осман әулетінің негізін салды. Осман мемлекеті 14 ғасырдың 20 жылдарында, Османның баласы Орханның тұсында қалыптаса бастады. Ол 1326 жылы КішіАзияның солтүстік-батысындағы аса ірі Бурсу қаласын басып алып, астана етті. Орхан көп ұзамай Никомедияны, Никеяны, Вифинияны, Мизияны, Ионияны жаулап алды. Сөйтіп 14 ғасырға қарай Европаға жақындады. 1356 жылы Орханның баласы Сүлейман бастаған түрік әскерлері Дарданелл бұғазынан әрі асты. 1389 жылы Сербия, 1393 жылы Болгария, көпұзамай Македония, Фессалия, Салоники, Корино, Патрусь, Оңтүстік Албания тізе бүкті. Магомет ІІ-нің әскерлері екі ай қоршап, Константинопольды алды. Арада 25 жыл өткеннен кейін бүкіл Балқан түбегі Дунайға дейін Осман империясына қарады. Молдавия мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. Осман империясы 15-17 ғасырларда да мудың ең жоғарғы сатысына көтерілді. 1514 жылы парсылар, Азербайжан, Курдстан мен Месопотамия бағындырылды. 1516 жылы бүкіл Сирия, Мекке мен Медине, 1517 жылы Каир, бүкіл Египет тізебүкті. 1553 жылы Грузияның батыс бөлігі, 1574 жылы Кипр мен Тунис, іле-шала Алжир мен Триполи сұлтан өкіметін мойындады. Оңтүстік Венгрияны, Критті (1669), Подолия мен Украинаның бір бөлігін (1672) басып алды.

16 ғасырдың алғашқы жартысында – ақ империяда ірі-ірі шаруалар көтерілістері туды. Толып жатқан алым-салықтардан әбден титықтаған түрік шаруалары ауылдардағы мекендерін тастап, қалалар мен тауға қаша бастады. Көшпелі түрік тайпалары сұлтан өкіметінің зорлығына көнгісі келмеді. 16 ғасырдың ақырындағы бұқара көтерілістері, ауыл шаруашылығының құлдырауы салдарынан империяның әскери-лендік жүйесінің іргесі сөгілді. Сөйтіп барған сайын шиеленісе түскен ішкі ала ауыздықтар Осман империясының әскери қуатын әлсіретті. 1664 жылы Сентготхард түбінде австриялықтар мен венгрлерден аурсоққы жеген түріктер бұдан кейінгі соғыстарда сәтсіздікке ұшыраумен болды. 1684 жылы түріктерге қарсы Австрия, Польша, Венеция «Қасиетті лига» құрды, оған 1686 жылы Россия қосылды. Империя Европадағы территорияларының бірінен соң бірінен айрылды. Орыс-турік соғыстары (1768-1774) кезіндегі сәтсіздік Осман империясын біржолата әлсіретті. Сөйтіп 18 ғасырдың ақырында Европадағы түрік иеліктерінің тағдыры ұлы державалардың қолында болды. Көп ұзамай империя жартылай отарға айналды.

19 ғасырдың ақыры мен 20 ғасырдың басында Осман империясы ошағы - Түркия экономикалық жағынан әлсіз, ауыл шаруашылық мешеу, өнеркәсібі мардымсыз ел болды. 19 ғасырда басталған капиталистік даму тым баяу өрістеді. Түрік буржуазиясының негізін құраған «Жас туріктер» ұйымы саяси жағынан біртекті болмады. Османизмді империядағыбарлық халықтарды күшпен түріктендіру деп түсінген жастүріктер Осман империясын күйреуге, түрік халқын ұлттық апатқа жетектеді. «Бітім туралы Декрет» жариялаған Совет үкіметің царизмнің басқыншылық саясатын жойды. Антантаның Түркияны өзара бөлісу туралы құпия шартын өшкере етіп, түрік халқының тағдырын өздері шешуге қолайлы жағдай жасады. Бірақ «Жастүріктердің» басшылары бұл мүмкіндікті пайдаланбай, елдің ұлттық мүддесіне қарсы шығып, Россиямен соғысты. Совет үкіметі 1918 жылғы Брест бітімінен бас тартты. 1918 жылы 30 октябрьде сұлтан үкіметі Мудрос уақытша бітімін жасауға мәжбүр болды. Бұл іс жүзінде Осман империясының ақыры еді. Одақтастар армиясы басыпалған Стамбулда, елдің басқа да аймақтарында өкімет іс жүзінде Антанта державаларының қолында болды. Анатолияның ерікті ай-мақтарында қуатты ұлт-азаттық қозғалысы өрістеп, көп ұзамай сұлтанға тәуелсіз ұлттық өкімет құрылды.

Әдеб.: История стран Зарубежной Азии в Средние века, М., 1970, о. 380-406, 571-603; История Турции, Л., 1973; Алиев Г, З., Турция в период правления младотурок, М., 1972.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-28 10:59:15     Қаралды-7674

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »