UF

ЖЕР ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ГЕОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫЛАЙ МӘЛІМЕТТЕР

 

Геология жер туралы комплексті ғылым болып, ол жердің құрылысы, құрамы, даму тарихы мен оның ауа, су қабатында болатын процестермен таныстырады.

Геологияның негізгі мақсаты, ол жердің сыртқы қабығын литосфераны немесе жер қыртысын үйрену болып табылады.

Мұнда литосфераның құрамы, структурасы, даму тарихы, ондағы болатын процестермен қатар пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарының пайда болуы және олардың тарқалу заңдарын үйретеді.

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары тұрақты және өзгерместен    қалмай олар өздерінің дамуында үздіксіз өзгеруде болады. Оған дәлел Жердің ұзақ уақыт дамуы мен ондағы өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің өмір сүруі.

Геологиялық білім халық шаруашлығының әртүрлі тармақтарында кеңінен пайдаланылады. Геологияның жәрдемінде алуан түрлі рудалар, мұнай, құрылыс материалдары және де басқа пайдалы қазбалар табылып жатыр және табылмақ та.

Тек геология ғылымына  сүйене отырып қысқа уақыт ішінде аз қаржы мен еңбек жұмсап тұрақты және берік әртүрлі инженерлік үйлер, гидротехника курылысы және көпірлер, жолдар, бөгеттер, тоннельдер және т.б.ғимараттар құру мүмкін.

Геология ғылымының дамуы өнеркәсіп, өнімділік күштері мен ғылымының терең дамуының арқасында болды.

Геологияның дамуымен бірге оның бөлімдері, өз алдына бөлек геология пәндеріне бөлініп шықты.Олар төмендегілер: кристаллография, минералогия, петрография, динамикалық және тарихи геология, гидрогеология, инженерлік геология, грунттану т.б.

Бұл жұмыста құрылыс пен құрылыс материалдарын шешу үшін үлкен маңызы бар геологияның бөлімдері қарастырылған.

Пайдалы қазбаларды қазып алу және оларды пайдалану арқасында дамыған геологиялық пән бұл  м и н е р а л о г и я. Ол тау жынысын құрайтын минералдардың құрамын, физикалық қасиеттері мен олардың пайда болу процестерін үйрететін ғылым.

К р и с т а л л о г р а ф и я  – бұл кристалдар туралы, олардың сыртқы формасы, ішкі структурасы туралы ілім. Кристаллография табиғи минералдармен бірге жасанды минералдармен таныстырады, құрылыс материалдары технологиясында заттардың кристалдық жағдайы күйі, үлкен маңызға ие.

П е т р о г р а ф и я  – бір немесе бірнеше минералдардан құралған жер қыртысының тау жыныстары туралы ілім. Петрография тау жыныстарының құрамы , тегі пайда болуы қасиеті, олардың жер қыртысындағы тарқалуын үйретеді.

Д и н а м и к а л ы қ  г е о л о г и я  – бұл жер қыртысы және оның үстіңгі қабатында болып өткен түрлену процестері туралы ілім (жер қыртысының қозғалысы,вулканизм, жер сілкіну, тау жынысының мүжілуі, мүжілу продуктыларының басқа жерге тасымалдануы мен шөгінділері).

Т а р и х и  г е о л о г и я  – бұл жердің үстіңгі қабатын құрайтын, уақыт бойынша тау жыныстарының пайда болуы және онда жасаған өсімдіктер мен жан-жануарлардың даму тарихын үйретеді.

Г и д р о г е о л о г и я  – бұл жер асты суының қасиеттері, қозғалуы, орналасуы, пайда болуы, халық шаруашылығында пайдалануымен бірге оның инженерлік ғимараттардың беріктік пен орнықтылығына тигізетін әсері туралы ғылым.

И н ж е н е р л і к  г е о л о г и я  – адамдардың инженерлік жұмыстарына байланысты жер қыртысының үстіңгі қабатының динамикасын үйретеді. Мұндағы мақсат геологиялық процестер мен құбылыстар (көшкіндер, карстар т.б.) бірге инженерлік ғимараттарды құру шарттары және табиғи грунт массаларының беріктік пен орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын анықтау.

Г р у н т т а н у  – бұл инженерлік геологияның бір бөлігі, ол әртүрлі тау жыныстары мен топырақтардың құрамы, құрылымы, қасиеттерін үйрететін пән.

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Қ. Ибрагимов, Ж.А. Үсенқұлов, Б.С. Байболов, Э.И. Қарабаев «Инженерлік геологиядан негізгі мәліметтер. Іргетастар мен негіздердің есебі» Шымкент, 2009ж. 134б.
  2. Ананьев В.П., Переделский Л.В. «Инженерная геология и гидрогеология» М.: Высшая школа, 1980. 271с.
  3. Пешковский А.М., Пирескокова Т.М. «Инженерная геология». М.: Высшая школа. 1982. 341с.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-14 16:10:54     Қаралды-3417

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »