UF

БИОХИМИЯ, биологиялық химия - тірі организмнің химиялық құрамын, ондағы қосылыстардың түзілу жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекуларлық құрылысын, клеткада атқаратын биологиялық және физиологиялық қызметін т. б. зерттейтін ғылым. Организмдегі биохимиялық процестер үш түрлі бағытта зерттеледі. Статикалық биохимия организмнің химиялық құрамын анықтайды. Динамикалық биохимия организмдегі қосылыстардың бір түрден екінші түрге айналуы мен өзгеруін, функционалдық биохимия тіршілік әрекетінің қандай химиялық структураларға, процестерге негізделетінін зерттейді. Организмдегі қоректік заттарды сіңіруінен (ассимиляция) бастап,олардың толық ыдырауына (диссимиляция) дейінгі реакциялардың барлығы бүкіл тірі организмдердің басты және тұрақты белгісі - зат алмасуға негізделген. Сондықтан организмдегі зат алмасу, яғни метаболизм процесін терең зерттеу -биохимияның басты міндеті. Биохимиялық зерттеу өмірдің көп саласын, әсіресе биология, химия, медицина, мәселелерін кеңінен қамтиды. Биохимия жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. 19-20 ғасырларда биохимия бірнеше салаға бөлінді. Өсімдік пен микроорганизмдер биохимиясы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олар ботаника немесе өсімдік физиологиясы кафедраларында зерттеледі. Петербург университетінің профессор А. С. Фаминцын және оның шәкірттері проф. Д. И. Ивановский, И. П. Бородин өсімдіктер биохимиясының дамуына үлкен үлес қосты. С. П. Костычев углевод метаболизмін, әсіресе ашу, тотығу процестерін зерттеуде тамаша еңбектер жазды. К. А. Тимирязевтің фотосинтез жөніндегі еңбегі биохимияға орасан зор үлес қосты.

Халқымызды сапалы тамақпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімін арттыру, ол өнімді сақтай білу және дұрыс пайдалану талабына сәйкес, биохимияның жаңа саласы -техникалық және өнеркәсіптікбиохимия қалыптасты. Бұл саладағы жұмыстар, негізінен, акад. Бах атындағы Биохимиялық институтында жүргізіліп келеді. Нан, шай, темекі, шарап өнеркәсіптерін дамытуда да биохимиялық зерттеулердің маңызы зор. Бұл салада А. Н. Бах, А. И. Опарин, А. Л. Курсанов, Н. М. Сиссакян, В. Л. Кретович т. б. совет ғалымдары көптеген жаңалықтар ашты. Жануар мен адам биохимиясының медицина үшін маңызы зор. 1857 жылы француз ғалымы К. Бернар сүт қоректілердің бауырында гликоген болатынын және оның түзілуі мен ыдырау жолдарын анықтаған. Орыс ғалымы проф. А. Я. Данилевский мен оның шәкірттері белок химиясын, фермент препараттарын таза күйінде алу және олардың түрлі биохимиялық реакцияларға қатысуын зерттейді. И. П. Павлов ас қорыту проңесін және оған қатысатын ферменттерді зерттеді. Биохимияның адамға ең бір пайдалы саласы -витаминологияның негізін салушы орыс ғалымы Н. И. Лунин (1880 ж.) сүт құрамында қосымша нәрлік заттар бар екенін тапқан. Осы тәрізді заттар күріш кебегінен де табылған. Бұл затты кристалл күйінде поляк ғалымы К. Функ (1912) бөліп шығарып, оны витамин деп атаған. Қазір көптеген витаминдер анықталған (Витаминдер).

Биохимияның бір саласы -энзимология (фермент туралы ілім) фермент - белоктың құрылысын т. б. қасиеттерін зерттеумен шүғылданады. Әволюциялық және салыстырмалы биохимия организмдердің биохимиялық эволюциясы заңдылықтарын зерттейді. Биохимияның соңғы жылдары пайда болған саласы -молекулалық биология -клетканың ішкі бөлшектері - ядро, митохондрия, рибосом, пластидтердің құрылысын бұзбай, жеке бөліп зерттеумен шұғылданады. Олардың құрамындағы биополимерлер - нуклеин қышқылдары мен белоктар молекулалары структурасын, биосинтезін және қызметін зерттейді. Осының нәтижесінде клетканың жеке бөлшектерінің химиялық құрамы мен атқаратын қызметін жаңа әдістер (оптикалық, спектрометрлік, ядромагниттік, изотоптық, полярографиялық т. б-ды) қолдану арқылы терең зерттеуге жол ашылды. Қазақстанда биохимиялық зерттеулер Қаз. ССР ҒА-ның қарамағындағы көптеген ғылыми-зерттеу институттарында, Казақ мемлекеттік университетінің биологиялық кафедраларында, медицина және ауыл шаруашылық институттарда, тамақ өнеркәсіп институттарында, бірқатар лабораторияларда жүргізіледі. Республикамызда биохимияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарымыз да аз емес. Мыс., Б. И. Ильин-Какуев 1930 жылдан бері клиникалық биохимия саласына витаминдерді зерттеу мәселесінде елеулі еңбек сіңірді. П. А. Верболович, А. П. Полосухин, В. И. Якубовская сияқты ғалымдарымыз май, хромопротеид және холестерин метаболизмі жөнінде аса маңызды еңбектер жазды. Қант, сүт белоктары қасиеттерін, гетерозис құбылыстарын зерттеуде Б. М. Красов, Ғ. Т. Тәшенов, З. Сейітов елеулі еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, өсімдіктер мен микробтар биохимиясын, әсіресе белоктар, ферменттер, алколоидтар биохимиясын және техникалықбиохимия мәселелерін зерттеуде Т. Б. Дарқанбаев, Л. Қ. Қылышов, А. В. Мартаков т. б. жемісті еңбек етуде.

Әдеб.: Кретович В. Л. Основы биохимии растений. 4 изд., М., 1964; Янгельгардт В. А. Некоторые проблемы современной биохимии.-М., 1959.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-04 14:29:44     Қаралды-3983

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »