UF

 Қазақстан Республикасында  аудитті нормативтік-құқықтық реттеу.

 

 

1.     Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті реттеу деңгейлері.

2.     Аудиттің  негізгі элементтері.

3.     Аудит субьектілері және олардың құқығы, міндеті, жауапкершілігі.

 

2.1 Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті реттеу деңгейлері.

 

1. Аудиторлық қызметтің құқықтық негіздері аудиторлық субъектілердің қызметін реттеуші нормативтік және заңдылық құжаттар жиынтығы.

1.     Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңы- 18.10.1993 жыл; 11.06.2003 жыл

2.     Қазақстан Республикасының конституциясы

3.     Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы заңы

4.     01.01.1997 жылы қабылданған бас шоттар жоспары

5.     Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп стандарттары және оның әдістемелік нұсқаулары

6.     Қазақстан Республикасындағы аудиторлық стандарттар және басқа да реттеуші құжаттар

Егер халықаралық келісім шарт пен келісімдерде аудиторлық қызмет туралы заңда көрсетілген, бекітілген жағдайда, онда халықаралық келісім шарттардың ережелері қолданылады.

 Екінші деңгейлі құжаты бұл – халықаралық аудит стандарттары. 2000 жылы наурызда аудит палатасын 5 Республикалық конференцияда харықаралық аудит стандартына өту туралы шешім қабылдады. Халықаралық аудит стандартын буғалтерлік федерациялар бекітеді. Оның штат патері  –  АҚШ  –  Нью-Йорк қаласы. Қазіргі кезде оған 92-мемлекеттің 129 ұлттық бухгалтерлік ұйымы мүше. Осы 2000 жылы қазақстан бухгалтерлік федерациялар ұйымына мүше болып кірді. 01.01.2002 жылғы мәліметтер бойынша 46 халықаралық аудит стандарттары бар.

Үшінші деңгей аудиторлық фирмалар өңдейтін аудиторлық қызметтің фирма ішілік стандарттары

 

 

2.2  Аудиттің  негізгі элементтері.

 

Аудит теориясын оның мазмұны, мақсаты және ғылыми әдiстемелердi құрайды десек, оған қоса оның ғылыми теориялық мәселесiн , мазмұнын және пәнiн зерттейтiн, анықтайтын тағы да ерекше түсiнiктемелер бар.

     Концепция деген сөз латын тiлiнен аударылғанда-табиғат қозғалысын түсiну адамның өмiрге көзқарасының жүйелiлiгi деп түсiнуге болады. Яғни, ғылыми тұрғыдан өмiрге, табиғатқа экономикаға, саясатқа көзқарасын , өз ойын бiр жүйеге келтiру. Аудит тұжырымдамасы оның ғылыми даму бағытын анықтайды.

      Тексеру барысында жиналған мәлiметтер санымен сапасымен есептелiнетiн көрсеткiштер аудит тексеруiне негiз болмайды, тек қосалқы дәлел болатын мәлiметтер. Ал аудитордың мақсаты тексеру барысында нақты шешiмқабылдау үшiн жан-жақты мәлiметтер жинап күдiксiз, сенiмдi дәлелдiлiктi қамтамасыз ету.

Қаржы есебi және қаржылық көрсеткiштерiн тексеру   елiмiздегi аудит заңының талабына сәйкес аудитор шаруашылық субьектiлерiнiң қаржы есебiнiң дәлдiгiн, обьективтiк шындығын анықтайды. Бұл постулаттың дұрыстығы кәсiпорын әкiмшiлiгiне бiр жағынан тексеру барысында тиянақты талап қойып қиындықты анықтау болса, екiншi жағынан кәсiпорын басшылары өз тарапынан сол шындықты анықтауға құмар. Себебi олар өз тарапынан тексеру жасай алмайды. Ал аудитор тесерудi шындықпен анықтамаса өзiнiң  қорытындысын бере алмайды.

 

 

2.3 Аудит субьектілері және олардың құқығы, міндеті, жауапкершілігі

 

Кәсiпкерлердiң өзара кездейсоқ келiспеушiлiгiнде постулат әлеуметтiк қайшылық жағдайында орын алады: әрқашанда тапсырушы мен аудитор арасында кәсiпкершiлiк тұрғысынан жұмыс бабында өзара iзгi мақсаттары қарама-қарсылық кездесiп отырады.

Қазiргi кезде шаруашылық субьектiлерiнiң басшылары, тапсырушылар мен мемлекет  заңын бұзушылық,нормативтiк құжат талаптарын орындамау, аудиторларға  өтiрiк мәлiмет берiп алдау жолына, өзiнiң акционерлерiн алдау,әскерлiк табыстың көрсеткiштерiн дұрыс көрсетпеу сияқты қылмыстарға баруда. Соның салдарынан аудитор мен тапсырушының арасында келiспеушiлiк, нормативтiк құжаттарды әр түрлi мағынада қолдану немесе оны орындамау процесi кездеседi.

Аудитор өз тарапынан тапсырушыны шексiз адал деп немесе қылмыскер деп қарастыруы дұрыс болмайды. Ол обьективтi түрде өзiне мәлiм мәлiметтер арқылы  толық талдау жасап қарастыру арқылы өзiнiң шешiмiн, ой,қорытындысын жасауы қажет.

Верификация деген латын тiлiнен  нақты аударатын болсақ, ол-орындау, анықтау, шындыққа көз жеткiзу  дәлдiгiн тексеру. Яғни, верификация жасамаған жағдайда аудиттiң қажетi де жоқ.

      Аудит туралы жазылған басылымдарда, ғылыми зерттеулерде  верификация ерекше орын алады. Аудиторлық верификацияны жұмыс барысында, мәлiмет жинауда, оны бiр жүйеге келтiруде тиянақты, қорытындылап баға беруде  қолданылатын ерекше әдiс деп түсiнуге болады. Себебi аудитор жинаған материалында не тексеретiн бухгалтерлiк есеп көрсеткiштерiнде қате  жоқ деп не шешiм қабылдауында кiм жоқ деп қарастыруына болмайды. Себебi, аудит барысында жаппай тексеру жүргiзiлмейдi, тек қана әртүрлi қорытынды көрсеткiштердiң жиынтығын топтап талдау жасау арқылы қорытынды жасайды. Верификация постулаты өз тарапынан әр түрлi аудиттiң тек арасын бөлiп жүргiзуге негiз болады.

Мысалы сыртқы аудит, iшкi аудит немесе мемлекеттiк аудит жүргiзудегi аудиторлық әдiсi ретiнде.

Ақпарат дұрыс жасалынбағанда аудит жұмысында осы постулат оның атқаратын рөлiн, алатын орнын анықтайды. Шаруашылық субьектiлерiнiң ақпаратында қате болмаса не нақты көрсеткiштерi әдейi дұрыс көрсетiлген болса онда аудиторлық тексеру дұрыс жасалынған ақпаратқа талдау жасап түсiнiктеме беру, анықтама жасау деңгейiнде қалған болар едi. Ал  ақпарат қате болған жағдайда оны   тексерiп, қатенi анықтау аудитордың мiндетi болады. Кәсiпорын ақпаратында қате болу себебi оны жасаған маман-қызметкер өз тарапынан не басшылар талабына сәйкес әдейi өзiне бұзық ойын тиiмдi түрде жасайды. Орыстың ұлы жазушысы Н. Г Чернышевский айтқандай, адамды-есептен пайда табу билейдiң - дегенi шындық екенiне күмәндануға болмайды. Сондықтан аудитор осы ойды әрқашан есте сақтап  кәсiпорын ақпаратында анықталған қателер қандай себептермен жiберiлгенiн анықтап, кiмнiң мақсатына сәйкес, табыстылықты жасыру ма не  жұмыс бабында жiберiлген техникалық қате ма түгел тексеруге тиiстi. Қорыта келгенде ақпараттың дұрыс жасалмауы оның өзiне тән қасиет.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-10-07 19:59:53     Қаралды-5003

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ

...

Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ НУГАСЫ

...

Туралған курага мен жүзімнен қайнатып жасалған төрт қырлы ұзыншалау кәмпит жүзім нугасы деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ШАРЫНДА ҚАНША МҰХИТ БАР?

...

Барлық теңіздер мен мұхиттар бірігіп Жер бетінің 2/3-тен астамын алып жатыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НАУРЫЗ – КӨНЕ МЕЙРАМ

...

Бұл айда көшпелі елдің уміті мен күдігі кезек алмасып, итжығыс халде жүреді. Өйткені қыстан қиналып шыққан малдың бір борандық халі бар, оның өзін көтере алмауы кәдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Намыс жеңістен де маңызды

...

Бұл оқиға 2012 жылы желтоқсанда болды. Испанияның Наварра провинциясында күшті атлеттер мен тұлғалы жүлделі қордың қатысуымен ірі халықаралық жарыстар болған. Бірақ, бұл сайыстар тарихқа тіпті үздік спорттық жетістіктермен келмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »