UF

БОС УАҚЫТТЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

 

         

Мазмұны

 

1. Тынығутану әлеуметтік  процесс

2. Бос уақытты  ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі

3. Шұғылданымпаздылық деңгейлері

4. Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогогикалық процестің   мәні   мен  құрылымы

5. Шұғылданымпаздылық қызметті ұйымдастыру  әдістемесі

6. Шұғылданымпаздылық қызмет әдістемесінің  заңдылықтары

7. Шұғылданымпаздылық қызмет  түрлері, әдістері мен құралдарының жалпы сипаттамасы

Әдібиеттер 

 

1. Тынығутану әлеуметтік  процесс

 

Ұлттық ойындардың  әлеуметтік тәрбиелік мәні- қазіргі жағдайда ұлттық сананы жетілдіру халық мәдениетінің орны ерекше. Жан-жақты дамыған алуан саналы халық мәдениеті, өте икемді феномен бола  отырып, қазіргіні өткенмен байланыстыру міндетін атқарып келеді.

Сондықтан ,кейінгі кезде зерттеушілер назары ұлттық  ойындарды демалыс іс- әрекеттеріне пайдалану және оларды сақтау, дамыту мәселелеріне ауып отыр. Ұлттық ойындар халық мәдениетінің негізгі бөлімдерінің бірі болғандықтан халықтың күнделікті әлеуметтік мәдени  демалыс тіршілігінде алатын орны тәрбиелік маңызы ықпалы,мәні ерекше зерттеуді қажет етеді.

Көптеген белгілі философтар мен психологтар ,педагогтар мен этногрофтар, В.Вундут  ұсынған «ойынды еңбек теориясының» жақтаушысы болып табылады.  Бұл теорияның дамуына Г.В.Плеханов,Н.К.Крупская, МакаренкоА.С., Д.Б.Элконин, Б.Төтенаев т.б еңбек етті.

В.Вунттың айтуынша,ойын-бұл еңбектен жаратылған сәби. Еңбекте, адам өз органынан іс -әрекет арқылы ләззат алатын бастау екенін бағалауға үйренеді.Ақырында, еңбек белсенділігі элеументтері ойын түрінде, дене және эстетикалық ләззат алу сонымен қатар оқып үйрену мақсатында жаңадан өндіріледі, қайталанады.

Әрине еңбек пен ойындар арасындағы байланыс  даусыз . Алайда, қазіргі зереулер бойынша ойындарда тек еңбек тәсілдері  қайталанып қоймайды, сонымен қатар ойындарда аңшылық, соғыс, сүйіспеншілік қатыныстар жанұя өмірі салтанатты шерулер элементтері баршылық, адамдар табиғат құбылыстар, жабайы аңдар ,үй жануарлары іс әрекеттеріне еліктеп, оларды «ойнаған».

Бізге белгілі алғашқы қауымдық мәдениеті синкретизмде\  бір құбылыстардың о баста тұтастығы\ , арнайы маманданылған еңбек түрлері де,ойын түлері де болмаған. Егер де ойындар еңбек іс әрекеті негізінде жасалатын болса, онда ойындар элементтнрі байлығы енбек дамуына тәуелді болады ғой. Өкінішке орай, бұлай болмай шықты. Ежелгі қазақ мәдениеті ойындар түрлеріне бай да,ал қазіргі дамыған индустриялдық сивилизацияда ойындар элементтері әлсіз дамып,ал қалыптасқан ұлттық ойындар демалыс-әлеуметтік шұғылданымпаздылық қызметінде нашар пайдаланып келеді.

Сонымен, ойын мен әлеуметтік еңбек ету бастапқы дамуда бір-бірімен айырмашылығы болмаса да, тарихи даму процессінде, әр салада жеке мамандануына байланысты, ойын да еңбек те өз заңдылықтарымен даму дәлересіне  жетті. Ойын мәдениеті еңбектен бөлініп жеке сала ретінде қалыптасып,халық мәдениетінен ол өзіне лайфқ ,ерекше орын алды.

Қоғамның дамуында ойындар іс әрекеттері арқылы ұрпақтан ұрпаққа еңбек, жанұя-тұрмыстық, соғыс- спорттық, демалыс сауық дағдылар мен шеберліктер жетістіктері, әлеуметтік өмірлік іс-әрекеттерін жалғастыру үшін беріліп отырды.

Ойынсыз адам өмірін елестету өте қиын. Ойындар іс әрекетінде, адам қоғамдық  өмірден қанағаттанбаған талап тілектерін қанағаттандырып, ләззат алып,дем алады. Ойындар адамның танымдық қарым-қатынас жасауына,пікірлекуіне шаршаған организмді бастапқы қалпына келтіруіне,эстетикалық талаптарын қанағаттандыруына жағдай жасады.

Адам ойынға қуаныш,ішкі мүмкіндіктерін ашу мен демалыс көзі ретінде қарайды.

Ойындардың әлеуметтік- тәрбиелік мәні- ойындар іс әрекетіне қатысушылырдың өзіндік көркем- өнерпаздық,зеректік,ойлау ,шешендік,дене қабілеттіліктерін жүзеге асыруды жеңілдету, қарым қатынасты пікірлесуге жағдай жасау әр адамның өзін танытуға , эстетикалық ләззат алуына,дем алуына көмектесу болып табылады.Оиындвар іс әрекеттері адамдардың бойына ойын  мәдениетін қалыптастырады, өзін-өзі тәрбиелеуді мақсат етуіне көмектеседі,көпшілікке өзін танытуға итермелеиді,бұған жағдай туғызады.

Ұлттық ойындар құндылығы-жеке адамның ішкі мүмкіндіктерін дамтуға алғашқы ықпал жасауында, ойындар іс әрекеттері арқылы әр түрлі мәселелерді шешуге, көркемдік, зеректік, шешендік қабілеттерін, дене,мінез құлыұ, қарым қатынас, пікірлесу мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасап көмектесуінде.

Ұлттық ойындарды пайдалану және  сақтау  әлеуметтік мерекелері  мен сауықтарының әлеуметтік демалыс әдеп ғұрыптарының саласы ретінде қайтадан дамуына байланысты болып отыр. Әлеуметтік демалыс әдет  ғұрыптарына мынадай мәдени демалыс іс әрекеттер түрлері кіреді –халық әндері мен ойындары, мерекелік кәделер мен жөн жоралғылар,дастархан мәзірі мен айтыс ойындары, пікірлесу мен көркем, шешендік сөздер,әзіл-қалжындар мен сауықтар.

Ойын-сауық түрлерін меңгеру үшін, қалың көпшілікті ойынды демалыс іс-әрекеттеріне қамту үшін,олардың арасынан шыққан белсенді ұлттық ойындар түрлерін ұйымдастыру және өткізу әдістемелеріне үйрету қажет.

Соңғы зерттеу нәтижелері, ойындардаәр алуан өнердің өзара тығыз байланысы бар екенін көрсетеді.Ұлттық ойындар түрлерінде жиі кездесетін пікірлесу мен дене қимылынан басқа олардың көпшілігінде музыка ,би, шешендік, әртістік және ән  өнері элементтері молынан кездеседі.

Өнердің былайша қосылуы қарапайым қалыпта емес әлеуметтік халықтық педагогиканың құнды саласы ретінде қаралатын ұлттық ойын мәдениетінде олор синсетикалық сипатымен ерекшеленеді.Сондықтан ойындарды жас өспірімдердің көркем өнерпаздар үйірмелерінде мәдени шараларда пайдалану, бала бойындағы бұрын соңды белгісіз болған табиғи көркем-шығармашылық дарандылығын ашуға оны жан-жақты дамуына көмектеседі.

Бала, алғашқы өнер туралы түсінікті,алғашқы шығармашылық шабытты, толқуды,әсерді ойын процессі кезінде алады, ол ойындар іс әрекеті арқылы көркем дүние сырларын түйсініп, аңғарады, өнерде алғашқы тәжірибесін жинақтайды.

Сондықтан болар әлеуметтік педагогтар ойындар іс-әрекеті сыртқы  қажеттіліктермен бірге, баланың ішкі қажеттіліктеріне \қызығушылығына , сұранысына\ көп байланысты болады деп түсіндіреді.

Жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырушы мекемелерге ойындар арқылы олардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытудың мынадай жолдарын ұсынуға болады;\ойындар апталығын, ертегілі ойын ұлттық ойындар мерекесін, сауық қойылымдарын т.с,с,.\

Ойындар атадан балаға үлкеннен кішіге асыо мұра болып жалғасып отырған, баға жетпес асыл қазынаыз. Сондықтан оны арнайы үйренудің, қазіргі ойынды-демалыс шараларына пайдаланудың заманымызға сай ұлттық демалыс мәдениетін қалыптастыруда пайдасы орасан зор.

 

2. Бос уақытты  ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.

 

Бос уақыт және  шұғылданымпаздылық ұғымы. Бос уақыт бұл жеке адамның жалпы уақытының отбасылық, қоғамдық міндеттері мен үй шаруасын анықтауға, сондай-ақ физиологиялық қажеттіліктерін \ұйықтау, тамақтану және т.б.\ өтеуге кеткен уақытының қалған бөлігі.

Әдебиеттерде  «шұғылданымпаздылық» адамдардың демалыс пен ойын сауыққа, өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.

Шұғылданымпаздылық  ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге бөлуге болады.

Бірінші, шұғылданымпаздылық- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос кеңістік: \Даль бойынша\

Екінші, шұғылданымпаздылық эрекетсіздік, демалыс , жұмысістеуге қарама –қарсы ұғым;

Үшіншіден, шұғылданымпаздылық – сапа, қасиет – қабілеттілік, шеберлік;

Төртінші, шұғылданымпаздылық- адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы жағдайы.

Француз социологы Дюмазадьенің, айтуынша; шұғылданымпаздылық- жеке адам  өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа отырып білімін кеңейтуге және өзінің шығармашылық қабілеттерін еркін дамытуға арналған,  үйірмеліе жұмыс пен қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама қарсы ұғымдағы әрекет болып саналады.

Әдетте социологияда шұғылданымпаздылықты  міндетті жұмыстан  тыс, оқу мен қоғамдық міндеттерден, демалыстың әр түрлі түрлерінен, тұрмыстық тіршіліктен бос уақыт бөлігі деп түсіндіріледі. Бос уақыттың қызметі көп қырлы. Жалпылама алғанда оның біріншіден, рекрациялық қызметін \ дене, психикалық қажыр қайратты, энергияны қалпына келтіру мақсатындағы демалыс \, екіншіден, дамушы\ жеке адамның физикалық, интлектуалдық, көркемдік, адамгершілік қырларының дамуы \, үшіншіден, шұғылданымпаздылық  пен шұғылданымпаздылық қам-қарекеттері түрлерінің айқындалуы \ спирттік ішімдіктер ішу, құмарпаздық ойындар, бұзақылық, жәй ғана ештеңе бітірмеу\ оның шұғылданымпаздылыққа кереғар құбылыс ретіндегі бұзылған функцияны қалпына келтіру қызметін атқарғандықтарын жатқызуға болады.

Жеке адамның шұғылданымпаздылығы оның уақыт өткізуінің әртүрлі әдістері мен түрлеріне байланысты қалыптасады. Бірақ бұл жерде адамбойындағы дағды мен белгілі бір кезеңдерде қалыптасқан айырмашылығы жоқ қызметтері бірде конструктивті күрделі дамуға бейімделген немесе  днконструктивті кері ықпал етуші \ болып келуі мүмкін.

Шұғылданымпаздылықтың түрлері бір-бірінен көлемі жағына\ ұзақтылығы\; мазмұндылығына \ шұғылданымпаздылық қызметтің өзіндік іріктелуі арқылы\;

Белсенділіктілігіне, әрекетшілділігіне немесе немқұрайлылығына, суырып салмалылығына;  жоспарлануы мен жоспарлауына келмейтін стихиялығына;

кеңістікке қатысты шектелушілікке\ отбасылық немесе қала аралауға қатысты\; қарым –қатына жасайтын ортасына;.

Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлнрі кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен айналысу . шұғылданымпаздылық элементтері деп аталады. Элементтің кейбір түрлері бос уақыттың жалпы бөлігіндегі өздерінің «үлес салмағына» орай және мәдени құндылығына қарай ерекшеленеді.Нақты белгілі-бір әлеуметтік топқа тән элементтер жиынтығы, оның шұғылданымпаздылық құрылымын жасай отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның мәдени деңгейіне байланысты болып келеді де қоғамдағы өзгерістерге қатысты өгеріп отырады

 

3. Шұғылданымпаздылық деңгейлері

 

Шұғылданымпаздылықты ұйымдастыру  жүйесі адамдардың бос уақыттағы сұранымы мен қызығушылығына байланысты болып айқындалады.

Әдетте бір сұрамымды қанағаттандыру екінші сұранысты тудырады. Бұл шұғылданымпаздылық пен оның әрекет түрлерінің байи түсуіне ықпалын тигізеді.

Шұғылданымпаздылық құрылымы бір-бірінен психологиялық және мәдени мәніне байланысты айырмашылықтар негізіндегі «қабаттардан»тұрады.

Енжар демалыс \пассивный отдых \-бұл шұғылданымпаздылықтың ең қарапайым түрі. Кім қандай іспен шұғылданады- бұған ешқандай да мәнберілмейді, тек күнделікті жұмыстан сананы басқа жаққа аудару. Демалыстың бұл түріне мақсат қойылмайды, ол ырықсыз түрде болатындықтан жеке адамға ғана тән, ол шын мәніндегі шұғылданымпаздылықтың бастамасы ғана. Енжар демалыс ұзаққа созылмайды. Ол  шұғылданымпаздылық тан сәл де болса жетілдірілген ойын- сауық деп атауға болатын деңгейіне жатады. Оған әр түрлі сейіл құру, қыдырыстар мен киноғабару, спорттық сауықтарды тамашалау  жатады. Ойын сауықтан шұғылданымпаздылықтың келнсі жоғары деңгейіне өту адамдардың мәдени саласындағы белсенді ізденістеріне қажетті рухани қызығушылығының артуына байланысты. Бұл  ізденістер адамның танымдық қалыптастыруға  әрекеттерін қалыптастыруға    жағдай    туғызады  ,яғнй адам бойындағы  танымдық әрекеттерді жүйелі түрде маңызды кітап оқу, лекция тыңдау, музейлер мен көрмелерге  барып тұру арқылы қалыптастыруға болатындығын көреміз. Танымдық әрекет адамдар үшін өзіндік маңызға ие, сонымен қатар Шұғылданымпаздылықтан  шығармашылық  денгейге өтудің үлкен мүмкіндігі болады.  Шығармашылық адам бойында қанағаттану сезімін тудырып , рухани жетілудің құралы болып табылады .

Кез- келген іс-әрекет, егер де ол адам бойындағы рухани күш пен қабілеттілікті өз бойына сіңіре білсе, ол шығармашылықтың іс-әрекеті бола алады. Шығармашылыққа техникалық, өнертапқыштық, ғылыми ізденіс, көркем өнерпаздыққа қатысуы және т.б. жатады.

Адамның белсенді әрекетке деген  сұранымынан басқа оның дүнтені және өзінің ішкі жан дүниесін жанымен сезінуге, пайымдауға поэтикалық және филоософиялық ойлауға деген сұранымы болады.   Шұғылданымпаздылықтың бұл деңгейін меңзей қарау, пайымдау деуімізге болады.

 

4. Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогогикалық процестің   мәні   мен  құрылымы

 

Шұғылданымпаздылық     қызмет  адамдардың өндірістегі қызметіндей емес, «еркін» түрде құрылады.   Шұғылданымпаздылық      әрекет қашан да ерікті түрде іспен айналысу деп түсіндіріледі, онымен айналысу үшін ешқандай да сыртқы әсердің материалдық азаматтық, таңдауға мүмкіндіктің шектеулілігі, яғни сыртқы қажеттіліктің керегі жоқ.

Шұғылданымпаздылық қызметі тек ерікті түрде қызмет түрін таңдауға ғана емес, сондай-ақ осы шұғылданымпаздылық барысында еркін жұмыс істеуге негізделген. Шұғылданымпаздылық әрекет ол педагогикалық процесс болып есептелінеді. Бұл   шұғылданымпаздылық        қызмет процесіндегі екі түрлі әрекеттің диалектикалық үйлесуі.Бір жағынан бұл штаттағы әлеуметтік қызметкері

Немесе басқа ұйымдастырушылық лектор ретінде арнайы дайындалған адамдардың  қызметі  болып  көрінсе, ал  екінші  жағынан  әлеуметтік мекемелерге келушілердің, бұқаралық көпшілік әрекеті болып саналады. Олар бірінсіз бірі ешқандай мазмұнға ие бола алмайды.

Шұғылданымпаздылық қызмет негізін- адамдардың жеке басының қызығушылығы  мен  сұранымын  қанағаттандыруы, жұмыс  күнінен  кейін  жәй ғана тынығудан бастап белсенді түрде шығармашылықпен айналысуы, білімін өздігінше  жетілдіруі  құрайды.

Кез келген күрделі  құбылыс, оны белгілі бір жүйеге келтіру арқылы, яғни оның  ішіндегі бөліктердің тығыз байланыстағы, бір біріне тәуелді, бірінсіз-бірі болмайтын тұтастық деп түсінуге болады. Әдетте жүйенің компоненттерін ажыратып, оның құрылымы мен  қызмет ету тәсілдері  қарастырылады. Шұғылданымпаздылық   қызметіндегі   педагогикалық  процесстің негізгі компоненттері төмендегідей ;  мекемелерд жұмысының мақсаты мен мазмұны; ықпал ету обьектісі- адам немесе қауым;  ықпал ету субьектісі-әсер  ету  инициаторы;  ықпал етуші бастаушы адам  немесе адамдар;  белгілі бір мақсатқа жетуге және оның мазмұнын   жеткізу   үшін қолданылатын педагогикалық факторлар;

Шұғылданымпаздылық қызметінде ықпал ету субьектісімен обьектісінің нақты шекарасы жоқ, олар үнемі бірін-бірі толықтырып  алмастырып отырады.

Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогикалық процесстің құрылымы негізін (кез келген педагогикалық процесс сияқты) педагогикалық факторлардың өзара үйлесе отырып субьектімен обьектінің заңды байланыстарды құрайды.

Шұғылданымпаздылық       қызметіндегі педагогогикалық  процесті саналы түрде  басқару,  шұғылданымпаздылықты   ұйымдастырушының  өзінің іс-әрекетінде жеке  адам қалыптастырудың   ішкі қозғаушы күштерімен обьективті факторларын жан- жақты  қолдана білгенде ғана сәтті шығады. Бұл жердегі мән бірінші кезекте  адамдардың  қызығушылығы мен сұранымына  сүйене отырып жасалуында.

Кез-келген   сұраным белгілі  бір ынта  ықылас артқанда туындайды. Онда болмыстың   екі   қалыптағы жағдайлары; нағыз және  тілектестіктің болуымен айқындалады.

Адам бойындағы кез келген жаңа қабілет, оның өз бойындағы құштарлығымен практикалық және психикалық белсенділігі артқан кездегі нәтижелермен ғана қалыптасуы мүмкін.

Педагогикалық  жұмыстың   теориялық   және практикалық  мәні   іс- әрекет пен психикалық бірлігі   принципіне   және жеке адамның   жетілуіне  әлеуметтік ықпалдың  шарттылығы  принциптері   негізделеді.

Жеке   адамның бос уақыттағы өзін өзі қалыптастыру процессі,  оның басқа дай  адамдармен қарым қатыастары арқылы айқындалады.Адам дамуының қозғаушы күші  ретінде  сұранымды , іс-әрекетті  және  соған  орай  қарым  қатынасты  айтуға болады.

Шұғылданымпаздылық  қызмет  аясындағы  педагогикалық  процесті  басқарудың принциптері  мен  заңдары  қызметті  жоспарлау  жүйесінде  де  кеңінен көрсетіледі.  Жоспар  басқару  циклінің  құрамдас бөлігі  ретінде,  белгілі  бір педагогикадық мақсатқа жету бағдарламасы болып табылады. Осы үшін ықпал етудің  белгілі  бір  жүйелілігі  оның  ұзақтығы,  қолдану  аясы,   құралдарды іріктеу қамтылады.

Шұғылданымпаздылық  қызмет  жағдайында  педагогикалық  процесті  ғылыми басқарудың  және  оның   заңдылықтарының  жоспарлануында  байқалуы   бұл процесті  жетілдірудің маңызды  шарттарының  бірі  болып  саналады. Педагогикалық  процестің   тиімділігі  шұғылданымпаздылық   қызметтің   мақсаты мен   міндеттеріне,   құралдары  мен  әдістеріне  және   әлеуметтік мекемелеріндегі   жұмыс   түрлерінің  бір  бірімен тығыз  байланыста  болады.

Сонымен  шұғылданымпаздылық   қызмет   жағдайындағы  педагогикалық процесті  басқару  бұқаралық,  топтық,  жеке  дара  әсер  етудің  күрделі  жүйесінен тұрады.

Бұл  әсер  етудің  түрі  мен  сипаттамасындағы   және  бағыттарындағы айырмашылықтар  жеке   адамның  әлеуметтік  мәдени   өнерпаздығының әртүрлілігін  қамтамасыз  етеді.

Жеке    ықпал ету  процесін  басқару  шұғылданымпаздылық   қызмет  обьекті мен субьектінің   өзара   ықпал   ету,   өзара   киліге   отырып   ынтымақтасуына байланысты.   Мұның   барлығы  педагогикалық   талаптардың   бірлігі  негізінде іске   асырылуы  тиіс.

 

5. Шұғылданымпаздылық қызметті ұйымдастыру  әдістемесі

 

Бүгінгі күнгі педагогика адамның қалыптасуын бүтіндей бір процесс деп қарайды, ал бұл тәрбие жұмысының өзара байланыстылығын, мақсатты түрде ықпал етуді, белгілі бір жүйелілік арқылы ұйымдастырудың қажеттілігін алдын-ала талап етеді.

Әлеуметтік шұғылданымпаздылық қызметіндегі ұйымдастыру деп әлеуметтік мекемелердегі өзара айқын байланысын басқарудың тиімді жүйесін және клиенттермен өзара қатынастарға қол жеткізетін педагогикалық процестің элементтерін барынша үйлестіріп реттелуін айта аламыз.

Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесі- бұл мақсатты айқындайтын, идеялық-эмоционалды әсер етудің түрін, құралдарын іріктейтін,клиенттердің сұранымы мен талғамын есепке ала отырып, оны қанағаттандыруға қатысты адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуге, белсенділігін арттыруға, айналадағы болып жатқан құбылыстарды қабылдауға барынша жағдай жасауға, адамның жан-жақты дамуына жеке уақытын қызықты өткізуге байланысты, оның қайсыбір әрекеттердің әдісін, әдістемесін, тәсілін қамтитын шығармашылық процесс.

Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің құрамдас  бөліктері;

-   Бірінші  қолданылатын педагогикалық факторлар жйынтығы, клиенттерге ықпал етуді қалыптастыратын бастаулар мен негіздер;

- Екінші, адамдар арасында көп қырлы қатынасты ұйымдастырудың және осы қатынасты басқарудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.  Мұндай әдістер мен тәсілдер әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік және педагогикалық мақсаттарға Жетуіне  бағытталады;

- Үшінші, Шұғылданымпаздылық қызметтің даму жолдарын айқындап және оны басқарудың принциптері мен ережелерінің жиынтығы.

Құрылымның бұл бөліктері бір-бірімен органикалық түрде байланыса отырып  Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің дұрыс қолдану мүмкіндігін жасайды.

әдістемелер жалпы әдістеме,жекелей әдістеме, салалық әдістеме, ересектермен жұмыс істеу әдістемесі, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу әдістемелері болып бөлінеді.

Жалпы әдістеме әлеуметтік жұмыстың әдістемелік құрылымының негізгі заңдылықтарын, Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогикалық процестің негізгі факторларын әлеуметтік қызметті басқарудың жан-жақты әдістерін зерттеп қарастырады.

Жекелей әдістеме әлеуметтік мекемелердің күнделікті жұыстарының егізгі бағыттарын талдап,сипаттайды. Жекелі әдістемеге; ақпараттық-ағарту жұмыстары әдістемесі; шығармашылық өнерпаздыққа жетекшілік әдістемесі; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемелері жатады.

Салалық әдістемеге әлеуметтік мекемелердегі эстетикалық тәрбие төңірегіндегі, ұлттық мәдениетті дамыту, салт дәстүр, рәсімдерді өмірге енгізу бағытындағы жұмыстардың ерекшелігі жатады. Сонымен қатар жұмыс істеу әдістемесі жалпылама немесе жекелей сипатта болуы мүмкін.Әдістемелік тәжірибенің және әдістемелік ұсыныстарды тексерудің негізгі қайнары-әлеуметтік  Шұғылданымпаздылық қызметінің практикасы болып саналады.Оны ойластырудың мәні тәжірибелік және теориялық деңгейде қарастырылуы мүмкін.

Тәжірибелік деңгей- бұл практиканы тікелей ойластыру және түсіндіру.Тәжірибелік денгейдің тиімді жэағы жағдайы шұғыл түрде есепке алуда нақтылығы өзіндік ерекшелігі, нәтижесінің шығармашылық сипатта болуында.Әдістеменің теориялық негізделуі үшін педагогика, психология,социология,мәдениеттану,этнография және т.с.с. социологиялық зерттеудің соны нәтижелерін қолдана отырып нақты материалды ойластыру қажет.Әдістемені жазу төмендегі кезеңдерді қамтиды; іс-шараны сипаттау, тәжірибені ойластыру,ұсыныстар енгізу –эксперименттік тексеру-қорытындыны тұжырымдау.

Енді осы Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің қалыптасу кезеңдеріне тоқталайық.

-   Қандай да болсын қызықты іс-шараны сипаттау. Теориялық сипаттамада Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесінің жалпы заңдылықтары айқын көрінген тұстары жазылады. Әдістемелік сипаттама кең көлемде жазылуымен ерекшеленеді.

- Тәжірибені ойластыру-бұл ең шығармашылық кезең, бұл кезеңде топтастыру-ортақ ерекшеліктерді іздестіру, біртекті іс-шараларды топтастыру, тәрбиелік міндеттерді насихатшы, үгітші, консультанттардың әрекеттері арқылы  іске асыру  шарттары, іс-шараның өту барысындағы қатынасушылардың әрекеттері- қол жеткізген жетістіктер арасында өзара байланыстың себеп салдарын іздестіру.

- алдын ала ұсыныстар енгізу немесе ғылыми жорамалдар, болжамдар жасау. болжамдар да, әдістемелік ұсыныстар да жалпы педагогикалық заңдылықтар мен басқа да тәрбие орындарының тәжірибелеріне сүйенуіне болады.

-  эксперименттік тексеру. Мұндай тексерістен кез-келген теориялық және әдістемелік жаңалықтар өткізіледі.

- Қорытынды тұжырымдау.Қорытынды пікірлер нақты әдістемелік немесе жалпылама-теориялық болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда оларды практикадағы эксперименттік  тексеруден кейін анықтауға болады. 

 

6. Шұғылданымпаздылық қызмет әдістемесінің  заңдылықтары

 

Шұғылданымпаздылық қызмет әдістемесінің  заңдылықтары түсінігі шұғылданымпаздылықтың педагогикалық процестердің әдістемелік құрылымдағы жалпы және озық үлгілерің қамтиды. Шұғылданымпаздылық қызмет әдістемесінің  заңдылықтары әдістемелік принциптермен ережелермен байланыса отырып жекелей әдістердің тиімділігін айқындайды. Принцип- бұл заңдылықтар мен айқындалатын жалпы міндетті талап, бұл қысқаша түрде белгіленген заңдылық. Ереже-көпқырлы, оларды қолдану аясы белгілі мақсат пен жағдайға байланысты шектеулі болып келеді. Әдіс –бұл кішкене ғана міндетті шешуге, кіші гірім мақсатқа жетіп отыру үшін қолданылатын шара.

Шұғылданымпаздылық қызмет әдістемесінің негізгі заңдылықтарына тоқталайық.

Басты заңдылық негізінен әлеуметтік және де педагогикалық міндеттердің байланысы. Бұл заңдылық мазмұнының түріне сәикес жалпы әдістемелік принциптермен байланысты болып келеді. Осы тұста ереже бойынша тұжырымдалуы мүмкін. Іс- шараны ұйымдастыруға кіріспес бұрын мақсаты ойластырылып,алдымен идеясын айқындап, сонан кейін формасын қарастырылады.

әдістеменің екінші заңдылығы Шұғылданымпаздылық  шараларындағы адамдардың белсенді қимыл әрекеті.Бұл заңдылық аудитория белсенділігін арттыру принциптерін эмоционалды жағдайды алмастыруды қажет ететін, барынша күрделі әрекетке тартатын, аудитория назарын өзіне тартып, баурап алар ережелерді туғызады.

Келесі заңдылық тәжірибенің, өзара тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің үйлесімділігі- бұл обьекті мен субьектінің бірлігі және өзара әрекеті принциптерін қарастырады.

Шұғылданымпаздылық қызметінің келесі  заңдылығы адамдар арасындағы байланыс, қарым-қатынас мәдениеті. Бұдан келіп адамдар арасындағы өзара қарым қатынас мәдениеті принципі туындайды. Бұған бірнеше әдістемелік ережелер; адамның қарым қатынасқа деген ұмтылысына, қарым қатынастық жағдай жасауға сүйенеді.

Шұғылданымпаздылық  педагогикасындағы жеке дара ықпал етудің мәні күрделірек болып келеді. Мектеп пен мектептен тыс мекемелердегі Шұғылданымпаздылық қызметті зерттей келіп, оның жеке дара ықпал етудің төмендегідей жолдарын айқындауға болады.

Жас ерекшелігіне байланысты, . Мектеп пен мектептен тыс мекемелердегі мектеп жасына дейінгі, бастауыш, ортанғы және жоғары сынып оқушыларының жастарына қарай педагогикалық ықпалдың өзіндік ерекшелігін айқындау.

Оқу орнының түріне қарай жалпы білім беретін мектеп оқушысы, кәсіптік техникалық училище, техникум, интернат, балалар үйі және т.б. орындарының оқушысы  тәрбиеленушісі болуына сәйкес ондағы тәрбиелік  әрекеттің ұйымдастырылуының әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты болады.

Жыныстық жас ерекшелігіне қатысты жасөспірімдер мен бойжеткендер арасындағы жүргізілетін шұғылданымпаздылық жұмыстың ерекшеліктеріне қатысты болады.

 «қиын»,есі кеш кірген сондай ақ құлықтық нормадан жиі ауытқуыбар балалар мен жасөспірімдер арасындағы жұмыстарға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсатты болуы.

Өмір сүру ортасы мен дамып жетілудің өзіндік ерекшкліктері балалардың оқу және шұғылданымпаздылық әрекеттеріне,қаладағы өзара қарым-қатынасына, құнды бағдарларына әрекеттеріне белгілі бір ықпалын тигізіп отырады.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттағы қызығушылықтарына байланысты. Бұл ретте ғылыми-техникалық, спорттық қызығушылық әрекетіне қарай балаларды топтастыруды айтуға болады.Бұл топтардың әрқайсысы ұйымдастырудың ерекше түрін қажет етеді.

Жеке дара ықпал етудің жолдарын білу және  шұғылданымпаздылық шараларға қатысушылардың нақты құрамының барлық мүмкіндіктерін аша білу басты педагогикалық міндет.

Сонымен шұғылданымпаздылық қызметіндегі жеке дара ықпал ету педагогикалық нәтижеге төмендегідей мүмкіндіктер ықпал ету педагогикалық нәтижеге төмендегідей мүмкіндіктер арқылы жетуге болатындығын айқындайды; шұғылданмпаздылық қатысушылардың  топтарын анықтау; осы топтың мектеп пен мектептен тыс мекемелердің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты, салыстырмалы түрдегі әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін білу ,есепке алу; шұғылданымпаздылық әрекеттегі қарым қатынастың мақсатын білдіретін проблемаларды айқындау;

Әдістеменің заңдылықтарына сондай ақ  шұғылданымпаздылық қызметінің дамушы қалпына келтіруші факторлардың бірігуі жатады.Бұл заңдылық шұғылданымпаздылық қызметтік бос уақытта ұйымдастырылуына қатысты. Бұдан кейін шұғылданымпаздылық қызмет демалыспен босаңсуды қамтамасыз ететін әрекетке деген сұранымды танымдық мақсаттағы сауықты ұйымдастыруды қажет етеді.

 

7. Шұғылданымпаздылық қызмет  түрлері, әдістері мен құралдарының жалпы сипаттамасы

 

Шұғылданымпаздылық қызмет  түрлері мен қолданылатын әдістері және құралдарыныңжиынтығы әдістеменің құрамдас бөліктері.

Адамдардың сана сезімінде идеялық-экономикалық әсер ету аспаптары мен құралдарын жұмыс құралы деп айтуымызға болады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында қолданылатын барлық нәрсе құрал болып есептелінеді. Құралдар қатарына ауыз екі сөз, мерзімді баспа сөз , теледидар, насихат құралдары,дыбыс жазғыш, дыбыс шығарғыш, дыбыс күшейткіш аппаратуралар, көлік, музыкалық аспаптар, костюмдер жатады.Әрбір құралды пайдаланған кезде оның әрқайсысының, мүмкіндіктерін жете білу қажет, оны өз жұмысында тиімді қолданудың әдістемесін білу керек.Негізгі қойылатын талаптар мынадай; әсер ету құралын қанша  жеке дара, оның әсер ету обьектісіне қарай таңдайды.Мысалы; жасөспірім, зейнеткер, дінге сенуші,үй шаруасындағы әиел- осы адамдарға ннемесе топтарға әсер етудің өзіне лайық идеялық-эмоционалдық құралдары болуы тиіс; құралдарды іріктеу іс-шараның мақсатына ғана байланысты; әсер етудің таңдалған құралдарының сапасы мен саны көркемдік қойылым міндеттеріне сай болуы керек. Құралдарды іріктеп алған кезде шұғылданымпаздылық ұйымдастырушы оны пайдалану әдістемесін жете білу керек.

Әдіс ұғымы негізденген, белгілі бір қызметтің орындалуына төселген тәсілі деген ұғымды білдіреді.

Жұмыстың әдісі, педагогика және психология заңдылықтарына сүйене отырып шұғылданымпаздылық қызметті басқару болып табылады.

Әдістердің төмендегідей түрлері бар;

- ақпараттық.

- эвристикалық\ жаңа ұғым, түсінік беру\

- зерттеу әдісі

- бағалы-бағдарлық әдіс

- шығармашылық ұйымдастыру және оған ықпал жасау әдісі

- рекреакциялық-гедонистикалық әдіс

- шұғылданымпаздылық қызметінде адамдардың жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі.

Ағарту әдістеріне;

- баяндау,факт,идея,ауызша түрде баяндау.

- демонстрация.

- жаттығулар. Алған білімді түсіндіруге арналған арнайы бағытталған қабылдау мүмкіншіліктерің арттыру жатады.

Тәрбиелеу әдістері бұл көпқырлы, педагогикалық процестің барлық қырын қамтитын әдіс. Шұғылданымпаздылық қызметіне төмендегідей тәрбиелеу әдістері; дәлелдеу, мадақтау, бетке басып айту әдістері жатады.

Шығармашылық қажырлылыққа жағдай жасау әдісіне;шығармашылық міндетті алға қою, іскерлік ойындар, шығармашылық қабілет пен мүмкіндікті жетілдіруге арналған жаттығулар,шығармашылық бірлестік мүшелерінің даму және қабілет деңгейлеріне сәйкес шығармашылық ынтымвқтастықты ұйымдастыру, ұжым арасында және бюасқа да  жерлерде шығармашылық сайыс, бәсекелер ұйымдастыру жатады.

Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қолданылатын әдістерге мұндай қызметті басқарудың қиындығына байланысты: сауықтық шаралар,өзін өзі қалпына келтіру\ шараларға тарту, ығыстырып,ауыстыру,ойын сауықтардың ұйымдастыру әдістері жатады.

Шұғылданымпаздылық мекемелеріне келушілер мен жұмысты ұйымдастыруда,жұмыстың түрлері бұқаралық, топтық және жеке дара болып бөлінеді.

Шұғылданымпаздылық қызмет тұрі екі жақты тұжырымдалды. Біріншіден, адамдарды бірлескен іс-әрекетке  жұмылдыру әдісі ретінде ұйымдастыру түрі-жеке, топтық, бұқаралық болып келеді, екіншіден, идеялық- эмоционалдық материалдық өзін ұйымдастыру тәсілі ретінде әдістемелік түрлері ауызша, басылымдық, насихаттық, кешендік, театрландырылған болып тұжырымдалады.

 

Әдебиеттер

  1. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы « Рауан»1991ж
  2. Табылдиев  Ә. Халық тағылымы.\Қазақтың халық педагогикасы және тәрбиесі \.-Алматы қазақ университеті,1992 ж
  3. Төтенаев Б. Қазақ ұлттық ойындары.Алматы «Қазақстан» 1978
  4. Елшібеков Ж. Зерек \Танымдық ойындар әлемінде\. Алматы «Өнер». 1991.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-04 10:59:51     Қаралды-26173

ҚАЗАҚТАРДА ЕҢ КӨНЕ ДІННІҢ БІР ТҮРІ

...

Адамзат баласының тарихында алғашқы қауымдық құрылыстан басталатын ең көне діннің бір түрі шаманизм екені белгілі. Шаман діні қазақ арасында небір азулы діннің түрлерімен, небір аққаптал саяси ағымдармен жағаласа жүріп XX ғасырдың басына дейін жетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҒЫС АЛУАСЫ

...

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІКЕН ЖИДЕДЕН (ТОШАЛА) НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

...

Тошала шілде-тамызда піседі. Тошаланы тұқымымен, өркен кесінділермен, өркенді сулатып топыраққа тигізіп, шетін ылғал топырақпен көміп қою жолымен көбейтіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

50 РЕЦЕПТ СҮТ ТАҒАМДАРЫ

...

Cүтті емшектегі баладан, еңкейген кәріге дейін ішеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

...

Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »